Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №21 жалпы орта мектеп



бет1/4
Дата28.11.2022
өлшемі47.41 Kb.
#465901
  1   2   3   4
зерде Математика


Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
21 жалпы орта мектеп


Оқушының аты-жөні: Асан Айкөркем


Сандар сырына саяхат
Секция: Математика ,қолданбалы математика
Пәні : Математика

Жетекші :
Сатқанбаева Рита Рахымжановна
Математика пәні мұғалімі



2022 жыл


Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Асан Айкөркем «Сандар сырына саяхат» жұмысына
Түйіндеме
Асан Айкөркем аталған жұмысты жазу барысында ізденіспен жұмыс жасағаны көрініп тұрды. «Сандар сырына саяхат » тақырыбын таңдауының өзі оқушының шығармашылықпен жұмыс жасағанын білдіреді.Жұмыс ішінде жазылғандай әрбір санның шығу тарихы,оларға байланысты ырым,тиымдар барлығы анық жазылған.Жоба ішіндегі Пифагор мектебі жөнінде айтылған ойлар –оқушылар үшін өте қызықты болады деп ойлаймын,себебі мектепте оқушылар Пифагор теоремасын оқығанда терема авторымен танысып қана өтеді.Ал Айкөркемнің жобасында келтірілген қызықты мәліметтерден кейін оқушыда Пифагор теоремасына деген қызығушылық пайда болады деп ойлаймын.Сонымен бірге жоба ішінде жазылған сандарға берілген сипаттамалар да оқушы қызығушылығын туғызары анық. Әрбір санның ерекшелігіне тоқтала отырып,сандардың Ұлттық құндылықтарға ,салт дәстүрге байланысты мәліметтер келітуі де оқушы ізденінісінің жемісі екені сөзсіз.Мысалы 3 санына байланысты ,4 санына байланысты жазғандары ,5 санын Ұлы Абай ақынның сөздерімен байланыстырғаны өте сәтті шыққан. Ал 7 санына байланысты келтірген деректері тарихпен байланысты жазылған. Барлық мәліметтерде пәнаралық байланыстың көрінуі оқушы жұмысының құндылығын көрсетті.Жоба ішіндегі штрихкод жайлы мәліметтерді оқушылар ғана емес,үлкен адамдар да қызығып оқитындай етіп берілген.Сонымен бірге жобаны жазу барысында информатика пәнімен байланыстырып,санау жүйелеріне тоқталып өткен.Бұл да оқушының ізденімпаздығын көрсетеді.Жоба барысында жазып өткен Нумерология да казіргі замандағы адамдар қызығып оқитын құнды материал деп ойлаймын.жалпы алғанда оқушы өзінің жас ерекшелігіне қарай жұмыстың мағынасын ашып жаза алған деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет