1. Оқу-танысу практикасының мақсаты мен міндеттері



Дата14.06.2016
өлшемі107 Kb.
#134376


Қазтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университеті


Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы.

«Бекітемін»

Бірінші проректор – оқу және

әдістемелік жұмысы жөніндегі

проректор, ҚЭУ профессоры

Бұғыбаева Р.О. __________

«___»____________2010ж.

050301 "Юриспруденция" мамандығының студенттеріне арналған оқу-танысу практикасын өту бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Қарағанды – 2010ж.
Құрастырушы: аға оқытушы, құқық магистрі Толеубеков А.Т.
Рецензент: з.ғ.к., профессор Весельская Н.Р.

Кафедраның мәжілісінде талқыланған және басылымға ұсынылған.

Хаттама № 7

«18» ақпан 2010ж.

Мазмұны


  1. Оқу-танысу практикасының мақсаты мен міндеттері.....................................................4

  2. Оқу-танысу практикасының бағдарламасы..5

  3. Практикаға жетекшілік...............................12

  4. Студенттің міндеттері.................................13

  5. Есепті рәсімдеу...........................................14

  6. Есепті қорғау және практика қорытындыларын шығару...........................16

№1 қосымша – оқу –танысу практикасының жеке жоспары...................................................18

№2 қосымша - оқу-танысу практикасы туралы есеп...................................................................19

№3 қосымша - оқу-танысу практикасының күнделігі...........................................................20



1. Оқу-танысу практикасының мақсаты мен міндеттері.
Нарықтық экономика және құқықтық мемлекет құру жағдайында ұлттық бағдарламада маңызды орын заңдардың нақты орындалуын бақылайтын сот жүйесін, құқық қорғау органдарын және басқа мемлекеттік органдарды қалыптастыруға, сонымен қатар, оларды жоғары мамандандырылған мамандармен қамтамасыз етуге беріледі. Еліміздің Президенті халқына жолдауында "Қазақстан 2030", "Кәсіп қойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік - кадрларды іріктеу мен жоғарлатудың басты өлшемдері" - деп көрсеткен.

Осыған байланысты жоғары мамандандырылған заңгерлердің даярлау маңызды мәселе болып табылады.

Оқу-танысу практикасы оқу орнында оқыту барысында алған студенттердің білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдыларды үйрену және алдыңғы тәжірибені иеленуге бағытталған.

Студенттердіғң оқу-танысу практикасын өтудің мақсаты болып студенттің болашақ кәсіби қызметінің түрлерімен, міндеттерімен және қызметтерімен танысу, студенттің болашақ мамандығы туралы көрнекі көріністерді және оқу орнында алынған теоретикалық білім негізінде кәсіптік білім мен дағдыларды қалыптастыру табылады.

«Юриспруденция» мамандығы бойынша студенттердің оқу-танысу практикасының міндеттері болып табылады: студенттің оқу-танысу практикасын өтентін органның ұйымдастырушылық құрылымын оқу және талдау; оның қызметтерімен және міндеттерімен танысу; берілген бағдарламада көрсетілген жұмыстарды орындау.
2. Оқу-танысу практикасының бағдарламасы.
Оқу-танысу практикасын 050301 «Юриспруденция» бакалавриат мамандығы бойынша білім алатын 2 курс студенттері, академиялық сабақтарды аяқтағаннан кейін жоспарда көрсетілген мерзімдерде өтеді. Оқу-танысу практикасының ұзақтығы 2 аптадан тұрады.

Студенттерге оқу-танысу практикасын өздерінің тұрақты тұрғылықты жерлері бойынша, шарт негізінде немесе студентті практикаға алу туралы бірінші басқарушымен қол қойылған ұйымның жазбаша келісімімен өтуге рұқсат етіледі.



Студенттерге оқу-танысу практикасының келесідей бағдарламасы ұсынылады.

2.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде.
Студент келесі жұмыстарды атқарып және оны есебінде көрсетуі тиіс:

  • органның құрылымы мен, оның құрылтай құжаттармен, атқаратын қызмет түрлерімен, оны жүзеге асыру негіздерімен танысу;

  • заң бөлімінің (заңгердің) жұмысымен танысу, соңғы күнтізбелік жыл бойы заң кеңесшісінің қатысуымен шешілген дауларға талдау жасау;

  • шаруашылық дауларды шешу тәртібімен танысу;

  • қызметкерлер келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәжірибесімен танысу;

  • еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлерге келтірілген зиянды өтеудің тәртібімен танысу;

  • шаруашылық шарттардың мазмұнымен танысу.

Студент толтыру ережелерімен танысқан құжаттардың үлгілерін есепке тіркеу міндетті.
2.2. Сотта.
Сотта оқу-танысу практиканы өту кезінде студент:

  • сот қызметінің ерекшелігін, оның құрылымын және атқаратын қызметтерін зерттеуге;

  • азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратын судьяның жұмыс тәртібімен танысу, азаматтар шешу үшін сотқа жүгінетін сұрақтарды талдау, мүмкін болса судьялардың азаматтарды қабылдауына қатысуға;

  • істі сот мәжілісіне дайындау тәртібімен танысу;

  • азаматтық, қылмыстық істер бойынша сот процесіне қатысуға;

  • іс бойынша дәлелдемелерді беру тәртібімен танысу;

  • апелляциялық сот қаулыларын қайта қарау тәртібімен танысуға;

  • кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары үшін қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктерімен танысуға;

  • сырттай іс жүргізудің ерекшеліктерімен және тәртібімен танысуға;

  • ерекше және ерекше талап қою өндірісі тәртібімен қаралатын азаматтық істердің ерекшеліктерін зерттеуге;

  • талап арыз қою дағдыларын игеруі қажет (кері қайтару туралы арыздар, сот мәжілісінің хаттамасын жүргізу, сот қаулыларын толтыру), құжаттардың жобасын есепке тіркеуге;

  • сот шешімдерін орындауға бақылау жүргізу тәртібімен танысуға тиіс.

Есепке сот құжаттарының үлгілерін тіркеу міндетті.
2.3. Құқық қорғау органдарында.
Студент ішкі істер органдары мен прокуратурада практика өту кезінде:

  • органның құрылымы мен, оның мақсаттары, міндеттері және қызметтерімен танысуы;

  • қылмыстық істерді қозғау негіздері мен және тәртібімен, қылмыстық іс жүргізу құжаттарын жүргізуге, оларды сақтауға қойылатын талаптармен танысуы;

  • тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысуы;

  • әртүрлі тергеу әрекеттері хаттамаларын дұрыс және толық қарастырып үйренуі;

  • тергеуші этикасымен танысуы;

  • іздеу әрекеттерінің ережелері мен тәжірибесімен танысуы;

  • жауап алу тәртібін меңгеруі;

  • қылмыстық істер бойынша болжамдар жасап үйренуі;

  • қылмыскерді іздеу үшін мәліметтерді пайдалану дағдыларын меңгеруі;

  • сараптық зерттеу үшін жобаларды алу, сараптама тағайындау тәртібін игеруі;

  • алдын ала тергеуді тоқтата түру, қайта қарау және тоқтату ережелерімен танысуы;

  • сот процесіне прокурордың қатысу тәртібімен, оның процессуалдық жағдайы мен құқықтары мен танысуы;

  • орындау өндірісінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру ережелерімен танысуы тиіс;

Студент есепке қылмыстық іс құрайтын құжаттардың үлгілерін тіркеуі қажет.
2.4. Әділет министрлігінің органдарында.
Студент нотариатта, адвокатурада, халыққа қызмет көосету орталығында практика өту кезінде:

  • органдардың құзыреті мен құрылымымен және олардың қызметін реттейтін актілерімен танысуы;

  • нотариалдық әрекеттерді жасау тәртібін үйренуі;

  • нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін нотариус талап ететін құжаттардың тізбегімен және оларға қойылатын талаптарымен танысуы;

  • басқа нотариалдық қайтыс болған адамның өсиеті бар немесе екендігі туралы мәліметтері алу, қайтыс болған немесе хабар – ошарсыз кеткен азаматтың мүлкін қорғаудың қамтамассыз ету тәртібімен танысуы;

  • жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді және оларға құқықтарды тіркеу тәртібін үйрену, сонымен қатар, осы операцияларды жүзеге асыру кезінде талап етілетін құжаттардың негізімен танысуы;

  • мүлікке кепілді тіркеу тәртібімен, мүлікке билік етуге басқа да шектеулерді салу және оларды алып тастау тәртібімен танысуы;

  • жылжымайтын мүлікті есепке алу тәртібімен танысуы;

  • азаматтарды жеке және мүлікті мүдделерін қорғау бойынша процессуалдық әрекеттерге адвокаттың қатысуына ұйымдастыру тәртібімен танысуы;

  • азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру бойынша адвокаттардың құқықтары және міндеттерімен танысуы;

  • адвокаттың құжаттарды жинау, адвокаттық сұрауды жүзеге асыру тәртібімен танысу;

  • сот мәжілістеріне қатысу, қорғауды жүзеге асыру бойынша адвокаттың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібімен танысуы;

  • аппеляциялық, кассациялық және қадағалау инстанцияларына сот шешімдеріне, үкімдеріне шағымдану тәртібімен таныс;

  • қылмыстық және азаматтық істерді құрайтын ережелермен танысу;

  • құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойлатын талаптарды игеруі тиіс: өсиет, иеліктен шығару, жалдау туралы шарттар, жылжымайтын мүлік кепілі, ортақ бірлескен меншіктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік, құжаттардың көшірмесінің дұрыстығы туралы куәлік, қайтыс болған адамның мүлкіне сенімгер басқаруды белгілеу туралы куәлік және т.б.

Есепке құжаттардың жобалары тіркелуі тиіс.
2.5.Салық органдарында, қаржы полициясында.
Студент салық органдары мен қаржы полициясында оқу-танысу практикасын өту кезінде:

  • органдардың құзыреттілігі, міндеттері және құрылымымен, сонымен қатар, оның қызметін реттейтін нормативтік құжаттарымен танысуы;

  • салық төлеушілерді есепке алу, оларға тіркеу нәмірін беру тәртібімен танысуы;

  • нұсқауларды шығару және оларды орындауды бақылау тәртібімен танысуы;

  • қаржы полициясы мен салық органдары қолданатын санкциялар түрлерімен және олардың нысаны мен мазмұнына қойлатын талаптармен танысуы;

  • салық заңдарын бұзушылықтардан мәжбүрлі түрде айып өндіріп алу туралы арызды құрастыру дағдыларын игеруі;

  • сотта салық заңдарын жүзеге асырумен байланысты істерді қарауға қатысуы;

  • салық төлеушінің мүлкіне өндіріп алуды жүргізу тәртібімен танысуы;

Есепке құжаттардың жобалары тіркелуі тиіс.
2.6 Кеден органдарында
Студент кеден органдарында практика өту кезінде:

  • кеден органдарының міндеттерін, құрылымын, құзыретін және оның қызметін реттейтін нормативтік актілермен танысуы;

  • Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан көлік құралдары мен тауарлардың жылжу тәртібі және жағдайларымен танысуы;

  • кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың тізбегімен және оларды толтыру және беру тәртібі және нысандарымен танысуы;

  • кедендік төлемдер мен салықтарды алу тәртібімен танысуы;

  • Қазақстан Республикасы аумағындағы кедендік режиммен танысуы;

  • тауардың шыққан елін және бұл фактіні дәлелдейтін құжаттардың мазмұнын анықтау тәртібін үйренуі;

  • кеден органдарында валюталық бақылауды жүзеге асыру дағдыларын игеруі;

  • жеке тұлғалардың заттарын, ақшаларын, валюталарын кедендік шекарадан өткізу тәртібімен танысуы;

  • кедендік ережелерді бұзудың түрлері және оларды есепке алу тәртібін үйренуі;

  • контрабанда және кеден ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау үшін кедендік органдардың жүзеге асыратын шараларымен танысуы;

Есепке құжаттардың жобалары тіркелуі тиіс.

2.7 Басқа органдарда
Студент басқа органдарда (жер комитеті, биоресурстар комитеті және қоршаған ортаны қорғау комитеті) практика өту кезінде:

  • органдардың құзыреттілігі, міндеттері және құрылымымен, сонымен қатар, оның қызметін реттейтін нормативтік құжататрымен танысуға;

  • олардың негізгі қызметтерін орындау бойынша органдарға берілетін құжаттардың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптармен танысуға

  • сот тәртібімен шешілетін даулардың ерекшелігімен танысу, талап арызды толтыру және қойылған талапты негіздейтін құжаттардың тізбегін анықтау дағдыларын игеруге;

  • студент практика өтіп жатқан орган тарабы болып табылатын дауларды қарау және шешуге байланысты сот мәжілістеріне қатысуға;

  • органдардың заң қызметімен танысуға, заң қызметтері дайындайтын құжаттардың жобаларын дайындауға қатысуға міндетті.

Есепке студент оларды толтыру ережелерімен танысқан құжаттардың жобалары тіркелуі тиіс.
3. Практика жетекшілігі.
Студенттердің практикасына жетекшілікті кафедраның тәжірибелі оқытушылары мен жоғары мамандандырылған практика қызметкерлері жүзеге асырады.

Университет атынан практиканы ұйымдастыру мен өткізуге жалпы жетекшілік пен бақылауды университеттің оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг жүргізу және бақылау Департаменті жүзеге асырады.

Тікелей жетекшілікті сол органдардағы жоғары мамандандырылған мамандар жүзеге асырады.

Практика жетекшілері студенттерге практика тапсырмаларын уақытында орындауға көмек көрсетулері тиіс.


Практика жетекшісі міндетті:


  1. Жүйелі түрде практиканың өтуіне қадағалау жасауға және студентке кеңестер беруге;

  2. Бағдарлама бойынша тапсырма беруге және оның орындалуын қадағалауға;

  3. Студентті практика бағдарламасын орындау үшін қажетті құжаттармен, ведомствалық нормативтік актілермен және басқа да материалдармен қамтамасыз етуге;

  4. Күнделіктің толтырылуын және есептің жазылуын тексеруге;

  5. Практиканттарға мінездеме беруге, практика бойынша есептерін тексеріп, қол қоюға, есепті қорғау бойынша комиссияға қатысуға міндетті.


4. Студенттің міндеттері.


    1. Практика өтетін органға, оны белгіленген мерзімде бастау үшін уақытында келуге міндетті;

    2. Ұйымдағы практика жетекшісімен бірлесіп практиканың жеке күнтізбелік – тақырыптық жоспарын құрастыруға тиіс;

    3. Студент ұйымдағы ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағынуға міндетті. Егер ережелерді бұзған жағдайда ұйым басшысы студентке жазалау шараларын салып, университет ректорына хабарлауы мүмкін;

    4. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін білуге және қатаң түрде сақтауға міндетті;

    5. Бағдарламада көзделген жұмыстарды толық жүзеге асыруға;

    6. Ұйым қызметіне қатысты арнайы материалдармен, қаулылармен, нұсқаулармен танысуға міндетті, егер олармен азаматтық тұлғалардың танысуына мүмкіндік берілсе;

    7. Жоғарғы оқу орны студентінің жоғары мәдени деңгейін сақтауға міндеті;

    8. Ситудент белгіленген тәртіпке сәйкес күн сайын практикадағы күн сайынғы жұмысын толық және нақты көрсететін күнделік жүргізуі тиіс. Практика нәтижесі бойынша есепті кафедраға тапсыруға міндетті.


5. Оқу – танысу практикасының есебін рәсімдеу
5.1 Студент оқу-танысу практикасының нәтижелерін жазбаша есеп нысанында келтіруі тиіс.

5.2 Есеп екі бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша. Есептің негізгі бөлімінің көлемі қолжазба текстпен 15-20 (баспа текстпен 10-15) бет құрайды. Есептің негізгі бөлімі өз кезегінде көлемі жағынан бірдей екі бөлімнен тұрады: теоретикалық және практикалық.

5.3 Бөлімніңң теоретикалық бөлігінде студент практика базасының қызметінің құқықтық негіздерін көрсетеді, практика базасы-органнывң құрылымын, оның қызметі мен міндеттірен сипаттайды.

5.4 Студент бөлімнің практикалық бөлігін практика өту кезеңіндегі атқарылған жұмыстарды көрсететін күнделікке күн сайын жазған жазбалар негізінде құрайды. Берілген бөліктің мазмұны практика бағдарламасын орындағаны, студенттің практика базасының заңгерімен жүзеге асырылған іс жүргізу әрекеттерін жүргізу тәртібімен танысу, іс жүргізу –құқықтық құжаттарды дайындау тәртібімен және нысанымен танысу туралы толық мағлұмат алатындай құрылуы тиіс.

5.5 Есептің қосымша бөлімі студентпен практика кезеңінде оның бағдарламасына сәйкес орындалған іс жүргізу құжаттарынығ жобаларынан тұрады, сондай-ақ толтырылған бланктер, нақты ұйымның есептік және статистикалық мәліметтері, есептің негізгі бөлімінің мазмұнын құрайтын басқа да құжаттар тіркелуі мүмкін.

5.6 Есепті А-4 форматты қағаздың бір жақ бетіне жазған дұрыс. Есептің беттері және оның қосымшалары нөмірленуі тиіс.

5.4 Есептің көрсетілген үлгі (1 қосымша) бойынша рәсімделетін мұқабасы болады.
Есеп келесі тәртіппен рәсімделуі тиіс:


  1. Мұқаба (1 қосымша).

  2. Практиканың жеке күнтізбелік жоспары (2 қосымша).

  3. Күнделік (3 қосымша).

  4. Практика базасы жетекшісінің қолы қойылған және кәсіпорынның мөрімен бекітілген студент мінездемесі.

  5. Студентті практикаға бағыттауының екінші бөлігі (корешок).

  6. Практика туралы есеп.

  7. Практикада жиналған құжаттар түріндегі қосымшалар.




  1. Есепті қорғау және практика қорытындыларын шығару.

Практика аяқталғаннан кейін жетекшілер практика бойынша студент есептерін қорғауды ұйымдастырады.

Практика аяқталғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей студент міндетті түрде оқу-танысу практикасының есебін кафедраға тапсыруы тиіс. Практика бойынша есеп практика кезіндегі студент қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып таылады.

Практика есебін қорғау кафедрамен бекітілген кесте бойынша, оның бітуі мерзімінен кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.

Практика жетекшісі есепті тексереді және сын –пікір береді. Есепке сын-пікір беру кезінде практика жетекшілері келесі мәселелерге көңіл аударуы керек:


  • жиналған материалдардың практика өту бағдарламасына сәйкес болуы, олардың толықтығы және дұрыстығы;

  • студенттердің мінездемелерінде және күнделіктерінде органның бірінші басшыларының қолдарының және мөрлерінің болуы;

  • студент-практиканттардың күнделіктерінде атқарылған жұмыс туралы апталық жазбаларының астында басшының қолдарының болуы;

  • есепте атқарылған жұмыс түрлерінің толық көрсетілуі, олардың практика өту бағдарламасына сәйкес болуы;

  • есепті рәсімдеудің тазалығы.

Дәлелді себептерсіз практикаға келмеген, белгіленген мерзімде практика есебін қорғамаған немесе есепті қорғаудың қорытынды бақылауы бойынша „F“ бағасын алған студенттер академиялық үлгерімсіздер болып және университетте келесі оқу курсына ауыстырылмайтындар болып табылады.

№1 қосымша


Қазтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университеті


КҮНДЕЛІК-ЕСЕП

Оқу – танысу практикасы туралы
Студент курс топ .

(студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты).

Практика өткен орны:_________________________

___________________________________________

(кәсіпорынның, ұйымның атауы)



Практика жетекшісі: университеттен


______________________________________

(фамилиясы, аты, әкесінің аты)

кәсіпорыннан:_______________________________



(лауазымы)

____________________________________________ . (Фамилиясы, аты, әкесінің аты)

№2 қосымша

ПРАКТИКАНЫҢ ЖЕКЕ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ




Тақырыптың аты,

жұмыстың мазмұны



Практика

Орны


Орындау мерзімдері

Практиканың тікелей жетекшісінің фамилиясы, аты, әкесінің аты

Жос-пар бойынша

Іс жүзіндегі

1

2

3

4

5

6


















Практика жетекшісі:


__________ ________________________

(қолы) (Фамилиясы, аты,

әкесінің аты)






Мөрі

Күні « » _____ 200 ж.

№3 қосымша

Оқу - танысу практиканың күнделігі және қорытындылар




Күні

Жұмыс мазмұны

Ескертулер және

жетекшінің қолы



1

2

3



















Есептің негізгі бөлімінің соңғы беті келесі мазмұнға ие:

Студент оқу-танысу практикасының күнделігі тексеріледі.
Практика жетекшісі _______

(қолы) (Фамилиясы, аты,

әкесінің аты)






Мөрі

« » 200 ж.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет