Диплом жұмысының тақырыбы: Бастауыш мектепте мәтін стилистикасын дамыта оқыту әдістемесі Орындаған: Жорабек Анар Бастарбекқызы Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Жапбарова Г.А
ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОСПАР: КІРІСПЕ II БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БАЛАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз шығармашылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген. Ұзақ жылдар бойы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасы түрлі ғылым салалары – философия, педагогика, психология, лингвистика т.б. өкілдерінің назарын аударып келеді. Бұл қазіргі қоғамның жаңа проблемаларды қоя білетін, сапалы шешімдер қабылдауға қабілетті, игерген білімін үнемі іске асыруға ұмтылатын белсенді тұлғаларға мұқтаждығының күн санап өсуіне байланысты. Себебі бүгінгі күні талант пен шығармашылық дарындылық – экономикалық өркендеу кепілі. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: |