Тақырыбы: « Жауапсыздықтан қылмысқа дейін-бір қадам. Кәмелет жасына толмағандардың заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілігі.»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қылмыстық істердің адам өміріне тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау қабілетін шығармашылыққа дамыту.
Тәрбиелілік: Қоғамға жат мінез-қылықтардан сақтандыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына тәрбиелеу.
Барысы: «Өз бақытың өз қолыңда» «Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі қылмыстың алдын-алу әлдеқайда жақсы» деген пікір бар.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Тәрбие сағатының жүру барысы:
І. Оқушыларға слайд арқылы жасөспірім қылмыстарының шығуы және алдын алуы туралы мағұлмат беру
ІІ . Ситуациялық сұрақтар
І. «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады, өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Сондықтан алдымен қылмыс дегеніміз не мағынасын ашып алсақ. Қылмыс –Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес, жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет .
Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Осы сұрақтарға жауап ретінде жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептеріне тоқталатын болсақ:
Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімдердің қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді: Отбасылық жағдай, жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы, тұрмыстық жағдай.
1. Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. Балаға ең жақын адам ең бірінші ата-анасы екендігін естен шығармаған жөн. Егер ата-анасы ұл-қызының бос уақытында немен шұғылданатынын, сабақ үлгерімін, мектепке барған, сабағынан қайтқан уақытын тексеріп, сабақ кестесін үнемі қадағалап, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болса, баланың күн режимінен құлағдар болып отырар еді.
2. Бос уақытын тиімді пайдалана алмауынан ата-ана назарынан тыс қалған балалар.Балалардың соңғы кездері шекара дегенді білмейтін, жан-жақтан ағылып келіп жатқан, бала жүрегіне қатыгездік дәнін себу жағынан бірінен-бірі асып түсетін компьютерлік ойындарға, одан қалса, атыс-шабысқа толы, адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы жанрдағы фильмдерге деген ықыласымен байланыстыруға болады. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады.
Қазіргі жастардың 90 % компьютер қолданады. Педагогикалық зерттеу бойынша ата-ана баланың интернетте немен айналысатынын білмейді. Компьютер ойындарының шырмауына түскен бала одан шығуы қиын.
3.Тұрмыстық жағдай. Яғни тұрмыстың ауыр зардабын көре отырып қылмыстық жолмен жеңіл ақша табуға әдеттенген балалар.
Соңғы уақытта республиканың барлық аймақтарында жасөспірімдер қылмысы қатты белең алып келеді. Еліміздегі орын алған әрбір бесінші қылмыс сол балалардың үлесіне тиеді екен. Өзіміздің облыс бойынша статистикалық деректерге тоқталсақ: Батыс Қазақстан облысында 2013 жылы жасөспірімдер қылмысы 5,3 пайызға (өткен жылғы 131-ден биыл 138-ге дейін) артып отыр. Орал қаласында (90-нан 97-ге), Бөкей ордасында (0-ден 5-ке), Ақжайық (2-ден 5-ке), Бөрлі (6-дан 7-ге), Жаңақала (1-ден 2-ге) және Тасқала (0-ден 1-ге) ауданында қылмыстың өскені байқалады. Қылмыс жасаған 177 жасөспірімнің 132-сі - мектеп және колледж оқушылары. Ішкі істер органдарында барлығы 708 бала есепте тұр. Облыс бойынша 332 қолайсыз отбасында 402 бала тәрбиеленуде. Биыл осындай 116 отбасы (126 бала) анықталып, есепке алынды. 2013 жылы балаларына дұрыс тәрбие бермеген үшін 156 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар, түнгі уақытта жасөспірімдерді ойын-сауық орындарына жіберген 25, 21 жасқа толмағандарға спирттік ішімдік сатқаны үшін 32, темекі сатқан 8 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар 2205 «жасөспірім» әкімшілік жаза алды.
Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек.
ІІ. Ситуациялық сұрақтар:
1. Бір елдің емес, барлық әлемнің президенті болдыңыз делік, алдымен адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?
2. Сенің досың Мұрат өтірікті көп айтады. Ол ата-анасын да, ұстазын да, достарын да көп алдайды. Сен оған қандай ақыл-кеңес берер едің?
3. Сен бір сыныптасыңның ұрлық жасағанын көріп қалдың. Ол саған енді ұрлық жасамайтындығын айтып, ешкімді айтпауымды өтінді. Сен не істер едің?
4. Көшедегі көрініс:
Армат: Айболат бүгін Мараттың туған күні ғой, білесің бе?
Айболат: Ия, ия, жүр, ендеше солай қарай барайық.
Айболат: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Армат: Бекжол, біз туған күнге бара жатырмыз. Бізбен бірге жүрсеңші.
Бекжол: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Айболат: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Бекжол: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Бірнәрсеге душар болып қалармыз.
Армат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме.?
Сұрақ: Балалар қандай қателік жіберді? Кімдікі дұрыс деп ойлайсыз?
5. Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінік беріңіз
Біреуге ор қазба …
Ұрлық түбі …
Қолыңмен істегенді …
Жақсыдан үйрен, жаманнан...
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден - ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенменде, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдар мен, қоғаммен, мемлекетпен қарым - қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез - құлқы арқылы байқалады. Адамның ой - желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс - әрекет, мінез - құлық, ойдың, сана - сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың елегінен өтіп, арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.- Әрекет - бұл құқық нормаларының іс - қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс - қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
2. Бейне таспа.
Бейне таспа бойынша сұрақ жауап алу.
3. Жағдаят.
1. Әкесі баласының бет аузының көгергенін көріп, - сен не көшедегі бұзақылардан таяқ жеп жүрсің бе? Неге ұрмайсың? Бұдан кейін үйге бет аузың көгеріп келуші болма? Олар ұрғанда сен қарап тұрма, ұр, сазайын бер.
Мұғалім:
- Қалай ойлайсыңдар, әкесі дұрыс жол көрсетті ме?
2. Ермек 9 сынып оқушысы, күніге сабақтан қайтқанда, өзінен кіші балаларды қорқытып ақшасын, ұялы телефонын тартып алады. Бұл Ермекке әдетке айналған.
Мұғалім:
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Ермек дұрыс істеп жүр ме?
4. Көрініс. «Соттың соңғы үкімі.»
5. Мақал мәтелдің мағынасын ашу.
1. Ұрлық түбі - қорлық
2. Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
3. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
4. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
5. Заңды сыйлаған еркін жүреді.
6. Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
6. «Тәртіп орнат» ойыны.
1. Құқық -------------------- А - Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ------------ Б - Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет ---------------- В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат -------------------- Г - Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық ----- Д - Заңдар жүйесі.
6. Президент ----------------- Е - Заң шығарушы орган
7. Парламент ---------------- Ж - Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік ------------------ З - құқығы бар ел тұрғыны.
1 - Д, 2 - А, 3 - В, 4 - З, 5 - Ж, 6 - Б, 7 - Е, 8 - Г.
7. Қорытындылау.
- Бүгінгі ашық тәрбие сағатынан нені білдіңдер, нені ұқтыңдар?
Бүгінгі тәрбие сағаты бойынша өз ойларын тиянақтау.
- Қылмыс атаулыға бармаймыз
- Білім мен тәрбие берген ұстаздарымызға жаман сөз келтірмейміз
- Сіздердің берген білім мен тәрбиені өмірде дұрыс қолдана білейік.
- Ата - анамызды және достарымызды құрметтейміз.
- Қазақстан Республикасының елін, жерін, халқын әркез қорғаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |