«ххі ғасырдың жас математигі» атты



бет1/4
Дата01.09.2022
өлшемі82.44 Kb.
#460125
түріСабақ
  1   2   3   4
ХХІ гасыржарыс


«ХХІ - ғасырдың жас математигі» атты интеллектуалдық сайыс
Ақмола облысы Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
«ХХІ - ғасырдың
жас математигі»
атты
интеллектуалдық сайыс
(10-11 сынып оқушылар арасында)
Өткізген: математика пәні мұғалімі
Каримов Ерқанат Қамысбайұлы
2013-2014 оқу жылы 
ХХІ - ғасырдың жас математигі

Сабақтың мақсаты:


білімділік: күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математикадан алған білімдерін тереңдету;
дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
тәрбиелік: шапшаңдыққа, сабырлылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, математика туралы сөздер, кестелер


“Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек” (М. В. Ломоносов)
“Математика - барлық ғылымдардың бекзадасы, оның сүйіктісі - шындық, сәні - қарапайымдылық пен айқындылық” (Ян Снядецкий)
“Ақын жанды болмаған адам математик те бола алмайды» (С. В. Ковалевская)
“Жақсы шығарма жазу үшін творчестволық қиял қандай керек болса, геометрия есептерін шығару үшін сондай қиял керек” (А. С. Пушкин)

Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім:
І - тур: “Бәйге”
ІІ - тур: “Полиглот”
ІІІ - тур: “Ғажайып үштік”
ІV - тур: “Формулалар сайысы”
V - тур: “Шешендік өнер”
ІІІ. Қорытынды

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Негізгі бөлім:
І - бастаушы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 10-11 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «ХХІ - ғасырдың жас математигі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтан емес сен, қаталдансың,
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән - математика атанғансың!- дей келе, ортаға сайысқа қатысушыларды шақырмас бұрын сайыс барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділ қазылар тобымен таныстырамыз.

ІІ - бастаушы: Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,


Ренжімей - ақ тараса озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау!
Сәт сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық,
Көрсетіңдер өнерді, қалмаңыздар жасқанып, - деп бүгінгі сайысқа қатысушыларды таныстырамыз.

І - бастаушы: Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,


Қосатұғын күрең атын, боз атын
Басталады «Бәйге» атты сайысың,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын,- дегендей «Бәйге» турын бастаймыз.
Ойын шарты бойынша әрбір қатысушы берілген сұрақтарға тез жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі

І - тур: “Бәйге”


Бақыттың сұрақтары
1.Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет