Өзін-өзі күтудің маңыздылығы.
Адам баласы жаратылысынан ерекше болып табылады.
Ішкі және
сыртқы жағдайдың адамға тигізер әсері өте көп. Осылар арқылы өмірге
деген көзқараста өзгереді. Адамның физикалық және моральдік тұрғыдағы
жағдайы көп затты өзгертеді. Күнделік істеген істері де біраз жайтты
түсіндіріп, адамның өз-өзін күтудің маңыздылығын түсіндіреді.
Қазіргі таңда көпшіліктің түсінігі бойынша күту дегенді тек сыртқы
келбетті жөндеу деп түсінеді. Алайда маңыздылығы бұл
жағдайға ғана
тоқтап тұрмайды. Әрине, бұл да маңызды болып табылады. Сыртқы
келбетті күту арқылы адамның өзін-өзі бағалауы жоғарылайды. Бірақ бұл
көп уақытқа созылмайды. Себебі көптеген адамдар өте сұлу бола тұрып
өзін-өзі бағалауы төмен. Психологиялық және де эмоциялық тұрғыдан да
нашар. Өзін-өзі түсінбеу, қызығушылық,
көре алмаушылық, өзін-өзі жек
көру өзімен жұмыс жасамаудың әсері. Сондықтан әрдайым ішкі тұрғыны
қарастырып, сонымен жұмыс жасау қажет. Психологиялық тұрғыдан да,
денсаулықтан да алыстамау керек. Ең маңыздысы осы деп ойлаймын.
Адам өзін жақсы сезіну үшін ең бастысы- денсаулық. Денсаулық-
адамдағы ең бағалы дүние. Денсаулықтың жақсы болуы адамның
тұтынған тағамында және спортта. Дені сау адам әрдайым спортпен
айналысып, пайдалы тағамдармен тағамданып әрдайым өзін күтумен
болады. Дұрыс
тамақтанбау еріншектікке, ұйқысыздыққа, көңіл-күйсіздік,
шаршаңқылық, жалқаулыққа әкеліп соғады. Сол себепті әрдайым
денсаулықты күту қажет. Бұлда бір маңыздылықтың бірі болып табылады.
Ал спортпен айналысқан адамның дене бітіміне де, өзін еркін сезінуіне де
зор әсерін тигізеді. Спорттың да пайдасы зор.
Өзін-өзі күтудің маңыздылығы деген айтылған мәселелер ғана емес,
бұл өзін-өзі тануда болып табылады. Яғни осы өмірде өзіңнің орныңды
табу,
өзіңе ұнайтын іспен айналысу, өзіңнің дұрыс таңдауыңды жасай
білу. Өз өмірін әр адам өзінің таңдауымен құрайды. Өзін күтуде күтпеуде
адамның өзінің қолында. Сондықтан әр адам өзін танып, таңдау жасап
білу қажет. Бұл да маңызды болып табылады. Қазіргі таңдағы басты
мәселелердің бірі материалдық тұрғы. Осы заманда өзіңді күту арзан
дүниелердің бірі емес. Өзіңе сенімді болу үшінде
материалдық тұрғы
қазіргі таңда адамдар үшін маңызды. Егерде адам әрдайым өзімен жұмыс
жасау барысында болса, еңбекқор болсы бұл жағдай ешқандай
қиыншылық туғызбайды. Өзін-өзі күтудің көп тәсілдері бар. Жеңілінен
бастасақ ол әрине кітап оқу. Күніне
жиырма минуттай өмірлік,
психологиялық кітаптар оқыса адамның ойлау қабілеті өзгереді.
Екіншіден, өзіңді ыңғайлы жерден шығару. Яғни көп уақыт бойы шешіле
алмай жүрген іспен айналысу. Бұл адамға сенімділік береді. Спортпен
айналысу, дұрыс тамақтармен тағамдану. Жаңа ортамен араласу. Саған
алға қарай дамуға көмегін тигізетін адамдармен араласу. Ешқандай іште
жаман ойлар, ренішті ұстамау қажет. Бұл тек қана өзімізге зиян. Миды
артық ойлардан тазарту қажет. Айналадағы адамдармен жақсы қарым-
қатынаста болу керек.
Негізінен өзін-өзі күтудің маңыздылығы өте зор.
Өзін зеріттеп,
өмірдегі жолын тауып, сүйікті ісімен айналысып, әрдайым өзімен жұмыс
жасау барысында болса бұл тек адамға жақсы жағынан көмегін тигізеді.
Өмірге, өзіне тек жақсы көзқараспен қарасақ, дұрыс таңдау жасасақ, өмір
де бізге керемет, көркем жолдарын аша түседі.
Ең маңыздысы адам өзін-
өзі жақсы көру қажет. Сол сәтте ғана адам өзін-өзі күте бастайды. Және
соның маңыздылығын түсінеді.