1 шаруашылық Қызметі және есепті ұйымдастыру



Дата02.01.2022
өлшемі79.49 Kb.
#452003
отчет парктика Жансауле


МАЗМҰНЫ










КІРІСПЕ...................................................................................................................

3







1 ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.......

4

1.1 Ұйымның қызметі мен шығу тарихы..............................................................

4

1.2 Есеп саясатын ұйымдастыру негіздері...........................................................

8

1.3 Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiн талдау..........................................

9







2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ТАЛДАУ...................................................

11

2.1 Ақша қаражаты және оның баламаларының есебі........................................

11

2.2 Қаржылық инвестициялары және міндеттемелер есебі................................

15

2.3 Қызметкерлермен есеп айырысуды есебі.......................................................

20

2.4 Негізі құралдар есебі.........................................................................................

23

2.5 Қорлар есебі.......................................................................................................

26







3 ІШКІ АУДИТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ...................................................................

29







ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................

31







ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР....................................................................

33

КІРІСПЕ


Мемлекеттік секторлардың барлық саласында қызмет жасайтын ұйымдар өз меншігін басқаруда экономикалық және саяси функцияларды біріктіреді, меншікті қоғамдық мүдделерді жүзеге асыруда саяси құрал ретінде пайдаланады. Қазіргі уақытта мемлекет кез келген елдің ұлттық экономикасының ірі қатысушысы болып табылады. Мемлекеттің ұлттық экономиканы дамытудағы рөлін қарастыру кезінде мемлекеттіліктің, қоғамдық қатынастардың мемлекеттік құрылымының шығу тегі туралы нақты айту керек. Естеріңізге сала кетейік, қауымдастықтарды мемлекетке біріктірудің мақсаты аумақтық шекараларды қорғау қажеттілігімен байланысты болды, бұл армияны құру және ұстау, нәтижесінде салық жинау қажеттілігімен делдал болды. Содан кейін эволюциялық жолмен, Біріккен аумақтарда даулы мәселелер туындады, оларды алдымен жеке-жеке, содан кейін ұжымдық түрде шешу керек болды, бұл да осы функцияларды орындау үшін қаражат қажет болды. Мемлекеттің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету тиісті қаржы бөлуді талап етті, бұл да тиісті шығыстарды қажет етті. Осылайша мемлекеттің функциялары мен міндеттері толықтырылды.

Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеттері мен есептілігіне қойылатын талаптар өзгеруде. Бұл талаптар шығындарды басқарудан нәтижелерді басқаруға және нәтижеге бағдарланған орта мерзімді бюджеттеуге көшуді жүзеге асыру мақсатында қаржыны тиімді басқару үшін жауапкершілікті күшейту негізге алына отырып қалыптастырылады. Бухгалтерлік есепті реформалау ел Президенті белгілеген міндеттердің бірін – елдің қаржы ресурстарын басқарудың ашық және айқын жүйесін құру және мемлекеттің активтері мен міндеттемелерінің теңгерімін жасау мүмкіндігімен байланысты объективті қажеттілік болып табылады. Реформалаудың мақсаты жоспарлаудан бастап орындауға дейін Үкіметтің іс-қимылын бағалауда азаматтық қоғам пайдаланатын қаржылық есептіліктің бірыңғай жүйесін білдіретін стратегиялық, транспарентті және кешенді бюджет процесін құра отырып, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін, жауапкершілігін, есептілігін және ашықтығын арттыру болып табылады.

Сондықтан да бұл өндірістік іс-тәжірибені өту мақсатым аталмыш кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын зерттеу болып табылады.

Өндірістік практика жұмысының бөлімдерін қарастыратын болсақ, бірінші - жалпы бөлімнен тұрады, онда кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысып, есеп саясатын қарастырып, қаржы – шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы қарастырылды.

Екінші бөлім-қаржылық есеп беру мен талдау қарастырылған. Бұл бөлімде негізгі құралдар мен қаржылық инвестициялары және міндеттемелер есебі, қорлар есебі, қызметкерлермен есеп айырысу есебі, ақшалай қаражаттар есебін жүргізіп,талдауын жасадым.

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ (кіріспе, қорытынды, 1,2,3 бөлімдер жаңа беттен басталады. Ал 1,1; 1,2 жалғасады)


1.1.Ұйымның қызметі мен шығу тарихы
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғалым және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, тағыда басқа салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындары да бар.

1919-20 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет). Ол Орта Азия мен Қазақстан үшін кадрларды даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанынан қазақ жастарын оқыту үшін арнайы бөлімдер жұмыс істеді. 1920 жылы Ордада Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 жылы Орынборда (кейін Қызылордаға ауыстырылды) және Верныйда – қазақ халық ағарту институттары ашылды.

Бүгінде тәуелсіз мемлекет ретінде әлем танып отырған қазақстандық білім мен ғылымның да тамыры тереңде. Орта ғасырлардың өзінде қазақ топырағынан шығып, есімдері әлемге танылған әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Ж.Баласағұн, тағыда басқа ғұламалар артына өшпес мұра қалдырды. Осындай ұлы тұлғалардың арасында әлемдік озық ойдың иесі, түркі халықтарына ортақ тұлға Қорқыт атаның орны ерекше. Тұтас түркі халықтары үшін киелі мекен Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның, руханияттың терең тамырының бастауы Қорқыт баба өмір сүрген кезеңдермен тұспа-тұс келеді.

Өзінің бастау бұлағын осыдан мыңдаған жылдар бұрын Платон академиясы, Аристотель лицейі, Александрия мұражайы сияқты Еуропа жоғары оқу орындарының құрылуынан бастайтын университеттік білім берудің іргетасы Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қалана бастады. Алғашқы жиырма жылға жуық уақыт ішінде еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 12-ге жетті. Соның бірі корей халқын Қиыр Шығыстан жер аудару туралы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысы бойынша Қызылорда қаласына көшірілген Қиыр Шығыс Корей педагогикалық институтының негізінде құрылған Қызылорда педагогикалық институты болатын. Бүгінгі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің іргетасы осылайша қаланды. Көршілес Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жоғары білімді мұғалімдер даярлайтын оқу орындары болмағандықтан, Сыр өңірінде педагогикалық жоғары оқу орнының ашылуы сол кезеңде тарихи маңызы зор оқиға еді.

Құрылғанына 84 жыл толып отырған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бабалардан мирас болып ғасырлар қойнауынан жеткен білім мен ғылымның бүгінгі мұрагері десек болатындай. Осы жылдар ішінде университет мамандар даярлауда өзіндік дәстүрі қалыптасқан іргелі жоғары оқу орнына айналды. Білім ордасының түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада қызмет атқаруда. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, өнер және мәдениет майталмандары, ғылым мен спорт саңлақтары бар.

Әрбір оқу орны белгілі бір стратегиялық жоспар аясында жұмыс жасап, дамиды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетıнıңде мықты жолға қойылған старегиялық жоспары бар. Стратегиялық жоспарлаудың негıзгı идеясы - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетıн инновациялық-кәсıпкерлıк ЖОО-на айналдыру. Университет алдында ең алдымен, ғылымды, технопарктер мен бизнесинкубаторларды дамыту, ғылыми және бıлıм жобалары арқылы қаражат тарту мıндетı тұр. Оқытушылар университет қабырғасында тек бıлıм қағидаларына ғана оқытып қоймай, осы дағдылар арқылы табыс табуға да үйретулерı тиıс. Университеттıң стратегиялық даму жоспары бıздıң университеттıң көпжылдық тарихында қалыптасқан қағидаттар мен құндылықтарды ұстана отырып, университеттıң мақсаттары мен миссияларына дәйектı қол жеткıзудегı ұжымның ұстанымын айқындайды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетıнıң мақсаттары жоғары, жоспарлары нақты. Олардың орындалуы сапалы бıлıм берудı қамтамасыз етуге, жаңа биıктерге жетуге және өңıр мен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуына елеулı үлес қосуға мүмкıндıк бередı.

Университет дамуының мақсатты моделі мыналар:

Миссиясы: Білім мен ғылым интеграциясы, жаңа білімдер мен технологиялар генерациясы мен трансферт негізнде қоғамның дамуы мен өзгеру үшін тұлғалық және кәсіби әлеуетін толыққанды іске асыра алатын жоғары білікті кадрлар даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету.

Көрінуі: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті – әлемдік ғылыми-білім кеңістігіне интеграцияланған, одан әрі халықаралық табысты тұрақтандырылатын инновациялық-кәсіпкерлік ЖОО.

Стратегиялық дамудың мақсаты: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Даму стратегиясы еліміздің және өңірдің экономикасы мүддесінде түлектердің, білім беру бағдарламаларының, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің сапасы мен қажеттілігін қамтамасыз ететін заманауи инфрақұрылымы, инновациялық білім беру, ғылыми және әлеуметтік қызметі бар инновациялық кәсіпкерлік жоғары оқу орнына айналуға бағытталған.

Университет құндылықтары: ашықтық, адалдық, сапа, әлеуметтік жауапкершілік.

Осы орайда старетегиялық жоспар қарқынды жұмыс жасау барысында бухгалтерлік есеп бөлімінің алатын орны ерекше.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен бастапқы құжаттар үлгілері негізінде бухгалтерлік есеп пен есептілік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялар жүргізу. Бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде бастапқы есептік құжаттар үлгілерін әзірлеу. Университеттің қаржылық қызметінің нәтижелері мен шаруашылық үдерістері туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;

- бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың пайдаланылуына, мүліктердің болуы мен қозғалысына бақылау жасау;

- республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтарды есептеп, аудару және салық декларациясын жасау;

- сыртқы міндеттемелер мен қаржыландыруларды бақылау;

- университеттің қаржы-шаруашылық қызметіне аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізу;

- университеттің негізгі қаражаттары, айналым қорлары мен ақша қаражаттарын  есепке алу, шығындар сметасының орындалуы;

- ақша қаражаттарына, тауарлы-материалдық қорлар мен есептерге уақтылы түгендеу жүргізілуіне бақылау жасау;

- ақша қаражаттарының қозғалысына қатысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында құжаттамалы түрде көрсетілуін қамтамасыз ету;  

- есепке алу, есептілік және қаржылық бақылауға қатысы бар мәселелерді қараған кезде тиісті органдарда университеттің мүдделерін білдіру;

- бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруда әріптестермен жасалған келісімшарттардың орындалуына бақылау жасау;

- есеп бөлімінің келешекке жалпы даму жоспарын әзірлеу;

- кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалармен өнім алу, жұмыстар орындау және қызметтер көрсетуге арналған тікелей келісімшарттар жасау;

- мектеп, колледж оқушылары, курс тыңдаушылары, күндізгі және сырттай оқу түріндегі студенттер, магистранттар мен аспиранттардың, шығарылатын өнімдер, орындалатын жұмыстар мен басқа да көрсетілетін қызметтердің шығындар сметаларының орындалуына бақылау жасау;

- ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, мамандар мен оқушылардың республика мен шетелдердің белді ЖОО-да дайындалуын, тағылымдамадан өтуін уақытылы қаржыландыруға бақылау жасау.



Жоғары оқу орны өз жұмыс қорытындыларының жедел және бухгалтерлiк есебiн жүзеге асырады, белгiлi форма бойынша статистикалық және бухгалтерлiк есеп бередi және қаржылар мен заттардың түсуi мен жұмсалуы жөнiнде құрылтайшыға жыл сайын ЖОО ғылыми кеңесi бекiткен есеп берiп отырады.

     Лауазымды тұлғалар Мемлекеттiк есептi бұрмалаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, материалдық және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
1.2 Есеп саясатын ұйымдастыру негіздері

Есеп саясаты - бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің жиынтығы, бастапқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау және шаруашылық қызмет фактілерін қорытынды жалпылау.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне 2008 жылғы 4 желтоқсандағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.

Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.

Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.

Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.

Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді.

Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырмалылық және уақтылық болып табылады.

Түсініктілік-қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті.

Орындылық- ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды және оларға оқиғаларды бағалауға, олардың өткен бағаларын растауға немесе түзетуге көмектеседі.

Сенімділік-пайдаланушылар ақпаратқа шыншыл ретінде сене алатын елеулі қателер мен бұрмаланулардың болмауы.

Салыстырмалылық-әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердегі ақпаратты салыстыру мүмкіндігі. Осындай операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдістеме бойынша есептеледі.

Бұл принциптер ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және осы есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.

Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бухгалтерлік есепті Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырады, сонымен қатар ұйымда 1:С Бағдарламасы негізінде бухгалтерияда құжаттар толтырылады.

Негізгі құралдардың объектісі бастапқы танылғанда өзіндік құны бойынша, яғни нақты шығындары бойынша көрсетіледі.

Мекеме басқа мемлекеттік мекемеден алынған негізгі құралдардың өзіндік құны ретінде негізгі құралдардың тапсырылатын баланстық құнын таниды. Үшінші тараптан қайтарусыз негізде ммекемемен алынған негізгі құралдардың өзіндік құны болып негізгі құралдардың түсу күніндегі әділ құны танылады.

Ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алу тәртібі" 4-тарауында анықталған.

Қаржылық инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялардан басқа) бастапқы танылған кезде қаржылық нәтиже арқылы әділ құны бойынша есепке алынбайтын қаржылық актив жағдайында осы қаржылық активті сатып алумен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарды қосқанда әділ құны бойынша бағаланады.

Қорлар бастапқы танылғанда, жас төлдің төлдеуі мен салмақ өсімін қоспағанда, олардың кіріске жазылуы жоспарланған өзіндік құн бойынша жүзеге асырылатын, олардың нағыз орны мен жағдайына қорлар келтіру үшін тартылған сатып алуға, қайта өндіруге және өзге де шығындарды қамтитын олардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.

1.3 Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiн талдау

Ұйымның қызметіне бірнеше факторлар әсер етеді, сонымен қатар оларды дұрыс орналастыру әр ұйымның негізгі мақсаты болып табылады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерге мынадай талдау жасауға болады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бюджетінің кірістері әртүрлі құрамдас бөліктерден құралады, олардың ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер, Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер және т. б. бұл ретте мемлекеттік бюджет түсімдерінің неғұрлым елеулі көлемі салықтық түсімдерге келеді. Мемлекеттік мекменің қызметін талдау мақсатында 2020 жылды 2019 жылмен салыстырғанда салық салымдарынан түскен табыс 15 25 368 тенгеге азайып отыр. Ең жоғарғы көрсеткіш 2018 жылы болып табылады (292 843 589 тг). Басқа аймақтармен салыстырғанда Қызылорда облысы табыс көлемінен ортадан төмен көрсеткішті көрсетеді. Егер мемлекет масштабында алып қарасақ салықтан түскен табыс жылдан жылға ұлғаюда (1 кесте).


Кесте 1

Мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің динамикасы






Көрсеткіштер

Жылдар

2020 ж. 2019 ж. салыстырғанда, +;-

2018

2019

2020

1

ҚР бойынша

11 090 862 517

9 216 474 324


9 753 919 108


537 444 784

2

Қызылорда облысы

292 843 589

150 922 361

135 676 993

-15 245 368

2.1 Ақша қаражаты және оның баламаларының есебі

Ақша баламалары-қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар, олар қолма-қол ақшаның белгілі бір мөлшеріне оңай айырбасталуы мүмкін және құндылықтың өзгеру қаупі аз.

Ақша қаражаты мен ақша баламаларын тану критерийлері:

- мемлекеттік мекеме бақылайтын;

- ықтимал (экономикалық пайда немесе пайдалы әлеует);

- өлшенетін (сенімді бағалау).

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы шығыс операцияларын ағымдағы қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары шегінде шығыстардың экономикалық классификацияларының ерекшеліктері бойынша бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Бюджет қаражатын пайдалану қатаң түрде нысаналы мақсаты бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанын қоса алғанда соңына дейін пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады.

Есепті кезеңдегі ақша қаражатының ағындары туралы ақпарат операциялық, инвестициялық және қаржылық болып бөлініп, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіндекөрсетіледі.

Ақша қаражатымен және олардың баламаларымен операцияларды есепке алу үшін «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімінің шоттары пайдаланылады:

1010 - «Кассадағы ақша қаражаты»;

1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты»;

1030 - «Есеп айырысу шоты»;

1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ»;

1050 - «Шетелдік валютадағы шот»;

1060 - «Арнайы шот»;

1070 - «Өзге де ақша қаражаты»;

1080 - «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»;

1090 - «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».

Бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету үшін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» нысанының есебін, 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» нысанының есебін және 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанының есебін қалыптастырады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 4-09 «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері», 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері», 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есептерін дербес қалыптастырады.

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында ақша қаражаттары бойынша1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер», 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер», 1020 «Өзге кірістер», 1030 «Есеп айырысу шоты», 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3120 «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3247 «Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма-қол ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттарымен корреспонденциялана отырып, ақша қаражаттарымен байланысты операциялар көрсетіледі. Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының кодтарындағы қаражат қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 381-нысаны (2-мемориалдық ордер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Жазбалар 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанының және 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысанының есептері және оларға қоса берілген құжаттар негізінде жүргізіледі. Нәтижесінде 1-кестедегідей операциялардың негізгі корреспонденциясы орын алған.
Кесте 1

Ақша қаражаттары бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізігі корреспонденциясы






Шаруашылықоперациясыныңмазмұны

Сомасы,тг

Дебет

Кредит

1

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылды

50 000 000

1081

6010

2

Банктен қолма-қол ақша алу мақсатында қаражат аударылды

2 000 000

1280

1081


1-кестенің жалғасы


3

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ағымдағы шоты толықтырылды

15 000 000

1020

1081

4

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есеп айырысу шоты қаржыландырылды

10 000 000

1030

1081

5

Офистік қажеттіліктер үшін канцтауарлар алынды

500 000

3210

1081

6

Көрсеткен қызметі үші жеткізушілерге алдын ала төлем жасалды

100 000

1410

1081

7

Жұмысшылардың еңбекақы төлемдері есептелді

10 000 000

3241

1081

8

Бюджетке тиесілі міндетті төлемдер өтелді

5 000 000

3120

1081

9

Қызметшілердің салымдарына сомалар банктерге аударылды

1 000 000

3247

1081

Ескерту -ұйымның алғашқы құжат мәліметтері негізінде


Жоспарлы тағайындаулар мен төленген міндеттемелердің талдамалы есебі әрбір бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша Нысандар альбомының 294-а нысаны бойынша талдамалы есепке алу карточкаларында жоспарлы тағайындауларды және ерекшеліктер бойынша төленген міндеттемелерді бөліп көрсете отырып жүргізіледі. Карточкаларда бір айдағы және жыл басынан бергі қорытындылар есептеледі.

Сонымен қатар ақша қаражаттар ағымдағы активтердің құрамында бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде орналасқан. Ақша қаражаттардың мөлшері мен өсуі кәсіпорынға жақсы жағдай береді. Ал олардың азаюы ұйымда ақшалардың тапшылығына әкеліп соғады.Сондықтан олардың мөлшерін талдау өте маңызды болып табылады. Ол үшін төмендегі кестені құрастырайық.


Кесте 2

Ағымдағы активтердің құрамы мен динамикасын талдау




Көрсеткіштер

Жылдар

өзгерісі

+/-


2018

2019

2020

2018/2019

2019/2020

Ақша қаражаттар

68 253 559

43 298 447

78 063 664

-24 955 112

34 765 217

Дебиторлық қарыздар

37 472655

42 048545

32 324057

4 575 890

-9 724 488

Қорлар

42 062488

35 701652

48 144811

-6 360 836

12 443 159


2-кестенің жалғасы


Барлық ағымдағы активтер

147 787 702

121 048 644

158 532 532

-26 739 058

37 483 888

Ескерту -ұйымның алғашқы құжат мәліметтері негізінде


Кестедегі барлық активтердің сомасын, яғни, 2018 жылды 2019 жылмен салыстырсақ 26 739 058 теңгеге азайып кеткені көрінеді, бұл өте үлкен жағымсыз өзгеріс, бірақ 2019 жылды 2020 жылмен салыстырсақ 37 483 888 теңгеге өскені байқалады. Ұйымның активтері 2020 жылы үлкен қарқынмен өскені анықталды

Корпоративтіктөлемкарточкасынқолданаотырып, 1020 «Мемлекеттікмекеменіңағымдағы шоты» шоты бойыншабюджеттікақшақаражатыннысаналыпайдаланудыңталдамалыесебіНысандаральбомының 453 нысаныбойыншакітаптажүргізіледі.

1030 «Есепайырысу шоты» қосалқы шоты бойыншаталдамалыесепНысандаральбомының 292-а нысандыкарточкаларындажүргізіледі.

1041 «Қайырымдылықкөмек ҚБШ» қосалқы шоты бойыншаақшақаражатыныңқозғалысыжөніндегіоперациялардыесепкеалуНысандаральбомының 381 нысаны (3 мемориалдық ордер) бойынша 5-20 «Қолма-қолақшаныбақылаушотынанүзіндікөшірме», 5-15 «Мекеменіңжүргізілгентөлемдерібойыншакүнсайынғыүзіндікөшірме» жәнеоларғақосаберілгенқұжаттарнегізіндежинақтауведомосіндежүргізіледі. 1041 «Қайырымдылықкөмек ҚБШ» қосалқы шоты бойыншафилантропиялыққызметтіңжәне (немесе) демеушілікқызметтіңжәне (немесе) меценаттыққызметтіңжәне (немесе) кішіОтанғақолдаукөрсетужөніндегіқызметтіңжекелегентүрлерібойыншаталдамалыесепНысандаральбомының 292-а нысандыкарточкаларында (Нысандаральбомының 292-нысанды кітабында) жүргізіледі.

1042 «Ақылықызметтер ҚБШ» қосалқы шоты бойыншаақшақаражатыныңқозғалысыжөніндегіоперациялардыесепкеалу 5-33 «Ақылықызметтер ҚБШ-дағықалдықтартуралыесеп», 5-15 «Мемлекеттікмекеменіңжүргізілгентөлемдерібойыншакүнсайынғыүзіндікөшірме» нысандары мен оларғақосаберілгенқұжаттарнегізіндеНысандаральбомының 381-нысаны (3-мемориалдық ордер) бойыншажинақтауведомосіндежүргізіледі.

1043 «Уақытшаорналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойыншаақшақаражатыныңқозғалысыжөніндегіоперациялардыесепкеалуНысандаральбомының 381 нысаны (3 мемориалдық ордер) бойынша 5-20 «Қолма-қолақшаныбақылаушотынанүзіндікөшірме», 5-15 «Мемлекеттікмекеменіңжүргізілгентөлемдерібойыншакүнсайынғыүзіндікөшірме» жәнеоларғақосаберілгенқұжаттарнегізіндежинақтауведомосіндежүргізіледі. 1043 «Ақшаныуақытшаорналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойыншаталдамалыесепНысандаральбомының 292-а нысаныбойыншакарточкаларда (Нысандаральбомының 292-нысаны бойыншакітапта) жүргізіледі.

1044 «Жергіліктіөзін-өзібасқару ҚБШ» қосалқы шоты бойыншаақшақаражатыныңқозғалысыжөніндегіоперациялардыесепкеалу 5-20 «Қолма-қолақшаныбақылаушотынанүзінді-көшірме», 5-15 «Мемлекеттікмекеменіңжүргізілгентөлемдерібойыншакүнсайынғыүзінді-көшірме» нысандары мен оларғақосаберілгенқұжаттарнегізіндеНысандаральбомының 381-нысаны (3-мемориалдық ордер) бойыншажинақтауведомосіндежүргізіледі. 1044 «Жергіліктіөзін-өзібасқару ҚБШ» қосалқы шоты бойыншаталдамалықесепкеалуүшінНысандаральбомының 434-м/с нысаныпайдаланылады.

1050 «Шетелвалютасындағы шот» қосалқы шоты бойыншаақшақаражатыныңқозғалысыжөніндегіоперациялардыесепкеалуНысандаральбомының 381-нысанды жинақтауведомосінде (3-мемориалдық ордер) теңгемен, ал операциялардыталдауесебіНысандаральбомының 292-а нысандыкарточкаларынданемесеНысандаральбомының 292-нысанды кітабындажүргізіледі.

Байланыстыгранттардыңқозғалысыбойыншаоперациялардыесепкеалу 1061 «Байланыстыгранттыңарнайы шоты» қосалқы шоты Нысандаральбомының 381-нысанының жинақтауведомосінде (3-мемориалдық ордер) жүргізіледі. 1061 «Байланыстыгранттыңарнайы шоты» қосалқы шоты бойыншаталдамалыесепНысандаральбомының 294-а нысандыкарточкаларындажүргізіледі.

1062 «Сыртқықарыздыңарнайы шоты» қосалқышотыныңсыртқықарызқаражатыныңқозғалысыбойыншаоперациялардыесепкеалуНысандаральбомының 381-нысанының жинақтауведомосінде (3-мемориалдық ордер) жүргізіледі. Жазбаларекіншідеңгейдегібанктің шоты бойыншаүзіндікөшірменіңжәнеоғанқосаберілгенқұжаттардыңнегізіндежүргізіледі. 1062 «Сыртқықарыздыңарнайы шоты» қосалқы шоты бойыншаталдамалыесепНысандаральбомының 294-а нысандыкарточкаларындашығыстардыңбюджеттіксыныптамасыныңкодтарыбойыншажүргізіледі.

1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты бойыншаталдамалыесепНысандаральбомының 292-а нысандыкарточкаларында (Нысандаральбомының 292 нысандыкітабында) әрбірашық аккредитив бойыншажүргізіледі.

АқшақұжаттарыныңталдамалыесебіәрбіртүрібойыншаНысандаральбомының 292-а нысандыкарточкаларында (Нысандаральбомының 292 нысандыкітабында) жүргізіледі.


2.2Қаржылық инвестициялары және міндеттемелер есебі

Қаржылық инвестициялар дегеніміз-акциялар, облигациялар, вексельдер, банк депозиттері және басқа қаржы құралдары сияқты бағалы қағаздарға қаржылық инвестициялар.

Қаржылық инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялардан басқа) бастапқы танылған кездеқаржы нәтижесі арқылы әділ құны бойынша ескерілмейтін қаржы активі жағдайында әділ құны плюс бойынша бағаланады,осындай қаржы активін сатып алумен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарда.

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мынадай әдістерді пайдалана отырып, қаржы инвестицияларын кейіннен есепке алуды жүзеге асырады:

- квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық инвестициялар:

- өзіндік құны бойынша;

- үлестік қатысу;

- басқа да қаржылық инвестициялар:

- әділ құны бойынша;

- амортизацияланған құны бойынша.

Кейіннен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мыналарды ескереді:

1) Қаржылық нәтижеге таныла отырып, әділ құны бойынша ескерілетін қаржылық инвестициялар;

2) Таза активтерге/капиталға танылған әділ құн бойынша-сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар;

3) Пайыздың тиімді ставкасы әдісін қолдана отырып, амортизацияланған құны бойынша өтелгенге дейін ұсталатын қаржы инвестициялары;

4) Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне нақты келтірілген шығындар (өзіндік құн) бойынша қаржылық инвестициялар;

5) Бюджеттік кредиттеу бойынша берілген қарыздар – өзіндік құны бойынша.

Квазимемлекеттік сектор - бұл іс жүзінде нарыққа қатысушылар болып табылатын, бірақ бұл ретте мемлекеттің тікелей қатысуына байланысты бірқатар айрықша белгілері бар құрылымдардың бірлестігі.

Бастапқы тану кезінде қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелер әділ құн бойынша, оған қоса қаржылық нәтиже арқылы әділ құн бойынша ескерілмейтін қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме жағдайында осындай қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындар бағаланады.

Қаржылық инвестициялар бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

1110 - «Қысқа мерзімді берілген қарыздар»;

1120 - «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;

1130 - «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв»;

2110 - «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар»;

2120 - «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары»;

2130 - «Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв»;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын құруға немесе толықтыруға шешімі негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген ақша қаражатын аудару кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 2120 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шотының дебеті және 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазба жүргізеді. Қызылорда бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қаржылық инвестициялар бойынша операциялар корреспонденциясы 2-кестеде көрсетілген.Қызылорда бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасындақаржылық инвестициялардың талдамалы есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында және Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында әрбір түрі бойынша есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі. Соның нәтижесінде орын алған қаржылық инвестициялар бойынша операциялар корреспонденциясы 3-кестеде көрсетілген.


Кесте 3

Қаржылық инвестициялар бойынша операциялар корреспонденциясы






Шаруашылықоперациясыныңмазмұны

Сомасы,тг

Дебет

Кредит

1

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар алынды

1 000 000

1120

1081

2

Қайтарымдылық шартына негізделген бюджеттік кередит берілді

1 500 000

1110

1081

3

Бюджет алдындағы берешекті өтеуге ішкі кредиттеу бойынша бөлінген қаражат қайтарылды

1 250 000

3133

1110

4

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларын алды

3 000 000

2120

1082

5

Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары бюджеттік бағдарламалардың басқа әкімшісіне берілді

2 500 000

7420

2120

Ескерту -ұйымның алғашқы құжат мәліметтері негізінде

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын құруға немесе толықтыруға негізгі қаражатты беруді бухгалтерлік есепте көрсетуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікке билік ету жөніндегі уәкілетті органның шешімдері негізінде жүргізіледі.

Өзіндік құн бойынша есепке алу әдісі - квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестицияларды есепке алу әдісін білдіреді, бұл ретте инвестициялар өзіндік құн бойынша танылады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі инвестициялардан түскен табысты ол (инвестор ретінде) инвестициялау күнінен бастап туындайтын инвестициялар объектісінің жинақталған таза пайдасынан бөлу алатын дәрежеде ғана таниды.

Үлестік қатысу әдісі - квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестицияларды есепке алу әдісін білдіреді, оған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша есепке алынады, содан кейін инвестицияның баланстық құны сатып алынған күннен кейін инвестиция объектісінің таза активтеріндегі/капиталындағы инвестордың үлесін тануды көрсете отырып, ұлғайтылады немесе азаяды. Инвестордың инвестициялар объектісінің пайдасындағы немесе залалындағы үлесі инвестордың ағымдағы жылының қаржылық нәтижесінде танылады.

Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы инвестицияларын есепке алу - қаржы инвестицияларының әділ құны олардың белсенді нарықтағы нарықтық белгіленген бағасы болып табылады. Белсенді нарық болмаған кезде үлестік құралдарға қаржы инвестициялары құнсызданудан болған шығындарды шегергенде өзіндік құны бойынша ескеріледі.

Өтелгенге дейін ұсталатын қаржылық инвестицияларды және амортизацияланған құны бойынша қаржылық міндеттемелерді есепке алу - пайыздың тиімді ставкасы әдісін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Борыштың негізгі сомасын өтеуге арналған төлемдерді шегере отырып, бастапқы құн мен өтеу сомасы арасындағы айырма амортизациясы пайызының тиімді ставкасының әдісін пайдалана отырып жинақталған сомаға азайтылған немесе ұлғайтылған, сондай-ақ құнсыздануға немесе үмітсіз берешекке азайту сомасын (тікелей немесе бағалау резервінің шотын пайдалану арқылы) шегере отырып, қаржы активтері немесе міндеттемелер бастапқы тану кезінде өлшенген шама қаржы активінің немесе қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құны деп танылады.

Қаржылық міндеттемелер бастапқы танылғаннан кейін қаржылық нәтижеге таныла отырып, әділ құн бойынша ескерілген қаржылық міндеттемелерді қоспағанда, пайыздың тиімді ставкасының әдісін пайдалана отырып, амортизацияланған құны бойынша бағаланады.

Есепті жылдың соңында құнсыздану белгілері болған кезде жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша мекеменің басшысының бұйрығына сәйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде есепте қаржы инвестицияларының құнсыздану фактісі тіркеледі. Түгендеу актісінде құнсыздану себептері (құнсызданудың объективті белгілерінің болуы) көрсетілуге тиіс.

Қаржылық міндеттемелермен операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

3010 - «Қысқа мерзімді алынған сыртқы қарыздар»;

3020 - «Қысқа мерзімді алынған ішкі қарыздар»;

3030 - «Қысқа мерзімді алынған ішкі қарыздар»;

3040 - «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер»;

4010 - «Ұзақ мерзімді алынған сыртқы қарыздар»;

4020 - «Ұзақ мерзімді алынған ішкі қарыздар»;

4030 - «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;

4040 - «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер».

Берілген қарыздарды қаржылық есептілікте тануды тоқтату:


  • қарыз алушының міндеттемелерін толық орындау;

  • қарызды үмітсіз деп тану (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес).

Қаржы құралына немесе оның қаржылық міндеттеме ретінде жіктелген құрауышына жататын пайыздар, дивидендтер, шығындар мен пайда қаржылық нәтиже шотындағы кірістер немесе шығыстар ретінде көрсетіледі.

Қаржылық міндеттемені тануды тоқтату ол өтелген кезде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалған, күші жойылған немесе оның қолданылу мерзімі өткен кезде жүргізіледі.

Қарыздар бойынша шығындар олар жүргізілген кезең шығыстарының құрамында танылады.

Қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелердің талдамалы есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында және Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында әрбір түрі бойынша есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі.Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қаржылық міндеттемелер бойынша операциялар корреспонденциясы 3-кестеде көрсетілген.Қаржылық міндеттемелердің талдамалы есебі де Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында және Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында әрбір түрі бойынша есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі. Соның натижесінде жасалған Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қаржылық міндеттемелер бойынша операциялар корреспонденциясы 4-кестеде көрсетілген.
Кесте 4

Қаржылық міндеттемелер бойынша операциялар корреспонденциясы






Шаруашылықоперациясыныңмазмұны

Сомасы,тг

Дебет

Кредит

1

Алынған сыртқы қарыздар бойынша міндеттемелер

500 000

7460

3010

2

Сыртқы қарыздарды өтелді

500 000

3010

1080

3

Жергілікті бюджеттің ҚБШ-нан ішкі қарыздар түсті

1 000 000

1047

3020

4

Республикалық бюджетке ішкі қарыздарды қайтарылды

1 000 000

3020

1047

5

Облигацияларды және басқа да бағалы қағаздар өтелді

600 000

3030

1020

Ескерту -ұйымның алғашқы құжат мәліметтері негізінде

Келесі 5-кестеден ұйымның қаржылық міндеттемлерінің талдауын көруге болады


Кесте 5

Қаржылық міндеттемлердің құрамы




Көрсеткіштер

Жылдар

өзгерісі

+/-


2018

2019

2020

2018/2019

2019/2020

Қысқа қаржылық мерзімді міндеттемелер

34 358651

29 505441

21 672682

-4 853 210

-7 832 759

Ұзақ қаржылық мерзімді міндеттемелер

12 855578

18 466178

17 563 987

5 610 600

-902 191

Барлық қаржылық міндеттемелер

55 861 724

47 971 619

39 236 669

-7 890 105

-8 734 950

Ескерту -ұйымның алғашқы құжат мәліметтері негізінде

Кестеден көріп отырғанымыздай жылдан жылға ұйымның қаржылық міндеттемелері азайғаны байқалады. 2018-2019 жылдарды салыстырсақ 7 890 105 теңгеге азайған, ал 2019-2020 жылдарды салыстырсақ 8 734 950 теңгеге азайғандығы анықталды.

2.3 Қызметкерлермен есеп айырысуды есебі

Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша мемлекеттік мекеменің дебиторлық және кредиторлық берешектері активтер мен міндеттемелерді танудың өлшемдерін сақтаған кезде актив немесе міндеттеме ретінде танылады.

Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

1260 –«Қызметкерлердің және өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;

3240 –«Қызметкерлердің және басқа да есеп беретін тұғалардың алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджеттік ақша қаражаты есебінен есеп айырысу жолымен жүргізілмейтін шығыстарды төлеуге оларға берілетін іссапар шығыстарына берілетін аванстар бойынша есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу ескеріледі.

Есеп беруге аванс осы мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстейтін тұлғаларға ғана басшының ұйғарымы бойынша беріледі. Есептілікке сома берген кезде, бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беруге жауапты тұлғаның берешегінің жоқ екендігі туралы белгi жасалады.

Есептілікке берiлген ақша оларды беру кезінде көзделген мақсаттарға ғана жұмсала алады. Есептілікке жауапты тұлғалар жүргізілген шығыстарды растайтын құжаттарды қосу арқылы аванстық соманың жұмсалуы туралы есеп ұсынады. Аванстық есепке қоса берілген құжаттарді оларды есепте жазу тәртібімен есеп беретін тұлға нөмірлейді.

Қызметкер іссапардан оралғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде, аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстың пайдаланылмаған қалдығын есеп беретін тұлға аванстық есепті тапсырғаннан кейін, үш жұмыс күннен кешіктірмей қайтаруы тиіс. Есеп беретін тұлғаға жаңа аванстар беру бұрын берілген авансты қайтарған кезде ғана жүргізіле алады.

Корпоративтік төлем карточкасы бойынша ағымдағы шоттан ақша қаражатын пайдалану туралы есеп беретін тұлғалар корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып жүргізілген төлемдердің растауы болып табылатын құжаттарды қоса бере отырып аванстық есепті ұсынады.

Бухгалтерлiк қызметте аванстық есептер арифметикалық түрде тексеріледi, сондай-ақ құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуы тексеріледі. Тексерілген аванстық есептерді мемлекеттік мекеменің басшысымен немесе ол уәкілеттілік берген адам бекітеді.

Есеп беретін тұлғаларға берілген сомаға 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1263 «Өзге есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шоты дебеттеледі және Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты мен олардың баламалары» кіші бөлімі шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.

Есеп берілетін іссапар шығыстары сомалары мен аванс сомаларының жұмсалған қайтарылған қалдықтарына 1261 «Есеп берілетін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1263 «Өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шоттарының кредитіне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7140 «Өзге операциялық шығыстар», 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазбалар жүргізіледі.

Есеп беретін тұлғаның пайдаланылмаған іссапар сомалары мен аванс қалдығын қайтару теңгемен қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады, есеп беретін жауапты тұлғаның тиынмен қайтарылмаған сома қалдығы соманы кейіннен есепке беру кезінде ескеріледі.

Есеп беретін тұлғалар іссапар туралы есептерді және ақшалай қаражаттың іс жүзіндегі шығыстары туралы аванстық есептерді белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе аванстың пайдаланылмаған қалдығын кассаға қайтармаған жағдайда мемлекеттік мекеме осы берешекті жалақыдан ұстауды жүргізеді.

Еңбекақыны есептеу айына бір рет жүргізіледі және айдың соңғы күні есепте көрсетіледі.

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Бюджетті атқару ережелерінде белгіленген.

Айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбек ақысының 50%-ы мөлшерінде аванс берілуі мүмкін, бұл сомадан Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға жататын салықтар сомасы алынып тасталады.Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасындаперсоналмен есеп айырысудың талдамалы есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында жүргізіледі. Осыған орай жасалған еңбекақы төлеу операцияларының корреспонденциясы 6-кестеде көрсетілген.


Кесте 6

Еңбекақы төлеу операцияларының корреспонденциясы






Шаруашылықоперациясыныңмазмұны

Сомасы,тг

Дебет

Кредит

1

Еңбекақы есептелді

10 000 000

7010

3241

2

Қайтарымдылық шартына негізделген бюджеттік кередит берілді

10 000 000

3441

1080

Ескерту -ұйымның алғашқы құжат мәліметтері негізінде

Демалыстар бойынша резервті есептеудің сомасына 3246 "Пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредитіне және 7010 "Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар" шотының дебетіне жазба жүргізіледі.

Қызметкерлерге демалысақы төлеу «3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетi және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шоттарының, 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттары қосалқы шоттарының кредиттері бойынша көрсетiледi.

Пайдаланылмаған демалыстар бойынша құрылған резерв сомасы жетпеген кезде демалысақыны есептеу 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының дебеті және 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеме түгендеу қорытындысы бойынша есепті кезеңнің аяғында резервті жете есептеуді немесе демалыстар бойынша резервтің артық есептелген сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады:

жете есептеу: 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының дебеті және 3246 «Пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.

Келесі кестеде ұйымның соңғы үш жылдағы енбеақы төлемдерінің динамикасы көрсетілген.
Кесте 7

Еңбекақы төлемдерінің динамикасы






Көрсеткіштер

Жылдар

2020 ж. 2019 ж. салыстырғанда, +;-

2018

2019

2020

1

Ұйымның еңбеақы төлемдері

19 080 662

21 226 574


20445233 


-781 341

Кестеге сүйенсек 2019 жылы еңбақы төлемі жоғарығы көрсеткішті көрсететіндігі айқындалады. 2020 салыстырғанда 781 341 теңгеге артық болғаны байқалады.

2.4 Негізі құралдар есебі

Негiзгi құралдар:



  • өндірісте қолдану немесе тауарларды немесе қызметтерді жеткізу үшін,

басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік үшін ұсталады;


  • күтiлгендей, бiр жылдан астам уақыт ішінде қолданылатын материалды

объектілер.

Негізгі құралдар ретінде мемлекеттік мекеме үшін оларды қолдану тікелей экономикалық пайда әкелмейтін, бірақ басқа объектілерді (қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғауын қамтамасыз ету үшін сатып алынатын негізгі құралдар) қолданудан пайда алу үшін қажет объектілер танылады.

Резервтік жабдықтаудың және негізгі құралдар бір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылатыны күтілетін қосалқы бөлшектері, сондай-ақ тек негiзгi қаражаттардың объектілеріне байланысты қолданыла алатын қосалқы бөлшектер ескеріледі.

Инфрақұрылымдық активтер төмендегі сипаттамалардың біреуі немесе бірнешеуі болған кезде негізгі құралдардың объектілері ретінде танылады:



  • жүйенің немесе желінің бөлігі болып табылады;

  • арнайы сипаты бар және баламалы қолданысы жоқ;

  • жылжымайтын болып табылады; сатуға белгіленген шектеулер болады.

Жолдардың желілері, кәріздеу жүйелері, су және электржабдықтаулар жүйелері және коммуникация желілері инфрақұрылымдық активтер болып табылады.

Экономикалық пайданы тура көбейтпейтін, бірақ мұндай пайданы негізгі құралдардың басқа объектілерінен алу үшін қажет қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін активтер негізгі құралдардың объектісі ретінде танылады.

Осы бөлімнің ережелері жылжымайтын мүлiк ретiнде келешекте қолдануға қайта жаңартылатын инвестициялық жылжымайтын мүлiкті есепке алу үшін қолданылады. Құрылыс жұмыстары немесе қайта жаңарту аяқталған сәтте жылжымайтын мүлiк инвестициялық жылжымайтын мүлiк болады және мемлекеттік мекеме осы қағидалардың «Инвестициялық жылжымайтын мүлiкті есепке алу тәртібі» бөлімінің ережелерін қолданады.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс құжатты ресімдеуді және мемлекеттік мекеме ішінде олардың ауысуының түсімі мен шығуын есепке алу тіркелімдерінде уақытылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттікмекеменіңнегізгіқұралдарын, аяқталмағанқұрылысын, негізгіқұралдарынқайтабағалауғаарналғанрезервтіесепкеалуүшінмынадайшоттар/қосалқышоттарарналған:

2310 –«Жер»;

2320 –«Ғимараттар»;

2330 –«Құрылыстар»;

2340 –«Берілісқұрылғылары»;

2350 –«Көлiкқұралдары»;

2360 –«Машиналар мен жабдықтар»;

2370 – «Аспаптар, өндірістікжәнешаруашылықмүкәммалы»;

2380 – «Өзгенегiзгiқұралдар»;

2390 – «Негiзгiқұралдардыңжинақталғанамортизациясы мен құнсыздануы»;

2411 – «Аяқталмағанқұрылыс»;

5111 – «Негізгіқұралдардықайтабағалауғаарналған резерв».

Негізгіқұралобъектісініңқұны:

- осы объектігебайланыстымемлекеттікмекемегеболашақэкономикалықпайда мен әлеуеті бар қызметтіңтүсуінеықтималдықболғанда, ісжүзіндегішығындардынемесеобъектініңәділқұнынсенімдіөлшеумүмкінболса, актив дептанылуымүмкін.Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасындаНысандаральбомының 294 нысандыкітабыжоспарлытағайындаулар мен шығыстардыесепкеалуғаарналған. Осының нәтижесінде негізгі құралдар бойынша құрылған шоттар корреспонденциясы 8-кестеде көрсетілген.


Кесте 8

Негізгі құралдар бойынша құрылған операцияалар корреспонденциясы






Шаруашылықоперациясыныңмазмұны

Сомасы,тг

Дебет

Кредит

1

Бюджеттік шотқа күрделі салымдар бойынша қаржыландырудың түсті

5 000 000

1082

6020

2

Компьютерлк жабдықтар жаңартылды

5 000 000

2360

3210

Ескерту -ұйымның алғашқы құжат мәліметтері негізінде

Кесте 9


Негізгі құралдардың ұзақ мерзімді актвитердің құрамындағы өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер

Жылдар

өзгерісі

+/-


2018, тг

2019, тг

2020, тг

2019/2018, тг

2020/2019, тг

Машиналар мен жабдықтар

34 718 975

28 775 699

42 202 881

-5 943 276

13 427 182

Көлік құралдары

4 960 557

3 210 844

4 747 007

-1 749 713

1 536 163

Прочие

3 579 009

3 196 331

2 901 545

-382 678

-294 786

Ескерту -ұйымның алғашқы құжат мәліметтері негізінде

Кестеге қарасақ ұйымның негізгі құралдарының соңғы үш жылдағы өзгерісі көрінеді. 2018-2019 жылдарды салыстырсақ негізгі құралдардың көрсеткіштері 2019 жылы едәуір зайғаны байқалады. Бірақ 2019-2020 жылдарды салыстырсақ көрсеткіштер қарқынды түрде өскені айқындалды.

Негізгіқұралтүскенкездемемлекеттікмекемеактивтіиеленудеқандай шамада пайда мен тәуекелболатынынбағалайды. Бұлретте:

- егерактивтіиеленудентәуекел мен пайдаалукөбірекболса, мемлекеттікмекемеактивтімойындайды;

- егерактивтіиеленудентәуекел мен пайдаалу аз болса, мемлекеттікмекемеактивтіңтүсуінмойындамайды;

- егерактивтіиеленуденпайда мен тәуекелалу аз болса, мемлекеттікмекеменің актив үстіненбақылаудәрежесібағаланады;

- егермемлекеттікмекемедебақылауқұқығытуындаса, мемлекеттікмекемеактивтітаниды;

- егербақылауқұқығыберушітараптақалса, мемлекеттікмекемеактивтісатыпалудымойындамайды.

Егермемлекеттікмекемеактивтіиеленуденбарлықпайдалардыалса, бірақактивтіиеленугебайланыстыбарлықтәуекелдертапсырушытараптақалса, актив тапсырушытараптыңесебіндеқалабереді. Меншікқұқығыныңауысуынмемлекеттіктіркеуқажетболғанжағдайлардашарттағыталаптарғакөңілаударуқажет, атапайтқанда:


  • егершартталаптарыбойыншаактивтіиеленуденпайдалар мен

тәуекелдерактігеқолқойғансәттесатыпалушығаауысса, ондабұлжағдайдаактивтіңшығыпқалуыактивтіактібойынша беру күнінекөрсетіледі;

  • егершартталаптарыбойыншаактивкеиелікетугебайланысты

тәуекелдерменшікқұқығыныңауысуынмемлекеттіктіркегенсәткедейінберушітараптақалса, ондабұлжағдайдаактивтіесептеншығарутіркеукүнінекөрсетіледі.

Негізгіқұралдаробъектісініңөзіндікқұны:

- сатыпалуғасаудалықжеңiлдiктер мен түсiрулердiалыптастағаннанкейiн, импорттықбаждар мен қайтарылмайтынсалықтардықосқанда, оныңсатыпалынғанбағасы;

- учаскегеактивтіжеткізугежәнемақсатынақарайжұмысқалпынакелтіруүшінжағдайдайындауға тура жататынкезкелгеншығындар;

- олорналасқанучаскеніқалпынакелтіруге, объектініқайтажөндеугежәнеауыстыруғаарналғанесептікшығындар.

Тікелейсипаттышығындарғамыналаржатады:

- учаскенідайындауғажұмсалатынісжүзіндегішығындар;

- жеткізу мен түсіругежұмсалатыналғашқышығындар;

- орнату мен монтаждауғажұмсалатыншығындар;

- осы орынғаактивтітасымалдағануақыттажасалғанобъектілер мен жағдайлардыңкірісін (мысалы, жабдықтысынаукезіндеүлгілердітексеретінөндіріс) алыптастағанда, активтісынауғажәнеоныңтиесіліқызмететуінсынауғажұмсалатыншығындар;

- кәсібиқызметтергежұмсалатыншығындар;

- өзгешығындар.

Негізгіқұралдардыңөзіндікқұнынаенгізілетіншығындарболыптабылмайтынісжүзіндегішығындарғамыналаржатады:

- жаңағимараттыашуғажұмсалатыншығындар;

- қызметтернемесежаңаөнімөндірісіненгізугежұмсалатыншығындар (тауардыжылжытубойыншашараларғажәнежарнамағажұмсалатыншығындар);

- әкімшілікнемесеөзгежалпыжүкқұжатшығындары.

2.5 Қорлар есебі

Қорлар құрылыс материалдарын, оқу, ғылыми зерттеулер және басқа мақсаттар үшін материалдарды, дәрі-дәрмектер мен байлау құралдарын, тамақ өнімдерін, отын және жағу, шаруашылық материалдары мен кеңсе құралдарын, арнайы киім-кешекті және басқа жеке пайдаланудағы құралдарды, қосалқы бөлшектерді, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді, тауарларды, жолдағы қорларды қамтиды.

Қорларды есепке алу материалдардың атауы мен жауапты тұлғалар бойынша сандық және сома түрінде жүргізіледі.

Қорларды есепке алудың негізгі міндеттері барлық материалдық құндылықтардың дұрыс қолданылуы мен қозғалысын бақылау және сақталуын қамтамасыз ету; қорлар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен сатуға жататын, қолданылмайтын материалдарды уақытылы анықтау; мемлекеттік мекемелердің қоймасындағы қалдықтар туралы нақты мәліметтерді алу болып табылады.

Бухгалтерлік қызмет жүйелі түрде қоймадағы материалдық құндылықтардың түсімі мен жұмсалуына бақылауды жүргізеді, сондай-ақ қоймада (қамбада) жүргізілген жазбалармен материалдарды есепке алу жөніндегі өз жазбаларымен салыстырады.

Қорларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

1310 –«Материалдар»;

1320 –«Аяқталмаған өндіріс»;

1330 – «Дайын өнім»;

1340 –«Тауарлар»;

1350 – «Жолдағы қорлар»;

1360 – «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв».

Есепте қорлардың құны активтерді танудың белгілері орындалғанда ғана мойындалады: болашақта осы актив бойынша экономикалық пайда немесе сервистік әлеует алу мүмкіндігінің болуы, сенімді бағалау мүмкіндігі.

Қорлар мемлекеттік мекеменің шотында тек осы қорларға байланысты тәуекелдер мен активтерді иеленуден пайдалар осы мекемеге ауысқанда ғана көрсетіледі. Қорларға байланысты пайдалар мен тәуекелдердің ауысу сәтін анықтау қорларды есепке алу кезінде негізін қалайтын сәттердің бірі болып табылады. Бұл сәт оның шарттарын сөз ететін жеткізу шартымен анықталады.

Жас төлдің төлдеуі мен қосылуынан басқа, ауылшаруашылық тағайындаудың биологиялық активтеріне жатпайтын қорлар бухгалтерлік есепте және сатып алуға, баға қосуға (үстеме бағаға), сыртқы экономикалық, жабдықтаушы, делдал кәсіпорындарға төленген комиссиялық сыйақыларға, тауар биржалары қызметінің құнына, кедендік баждарға, тасымалдау шығындарына, сақтау мен жеткізуге шығындарды ескере отырып анықталатын олардың нақты құны бойынша қаржылық есептілікте көрсетіледі. Сатып алуға шығындарды анықтау кезінде сауда жеңілдіктері, төлемдердің қайтарулары мен өзге ұқсас баптар алынып тасталады. Өзге шығындар қорлардың өзіндік құнына қорларды олардың қазіргі орналасқан жері мен жағдайына жеткізуге байланысты мөлшерде ғана қосылады.

Мемлекеттік мекеме:



  • басқа мемлекеттік мекемеден алынған - тапсыратын қорлардың баланстық құнын;

  • қайтарусыз негізде үшінші тараптан алынған, - қорлардың әділ бағасын қорлардың өзіндік құны деп таниды.

Қорларды сатып алу мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі:сатып алу: 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті (қайтарымды немесе айырбастау ыдысын алып тастағанда, сатып алу бағасы бойынша);басқа мемлекеттік мекемеден түсім: 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» (баланстық құны бойынша) шотының кредиті;филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін қаражат немесе гранттар түрінде түсім: 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 6050 «Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» (әділ құн бойынша) шотының кредиті.

Қайтарымды немесе айырбасталатын ыдыс (бөшкелер, бидондар, жәшіктер, бөтелкелер және басқа ыдыс) босы да, қорлардағы да өнім берушілердің шотында көрсетілген баға бойынша ескеріледі: 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.

Жолдағы қорларға мемлекеттік мекемелер басқа қалалық жеткізілімдер бойынша төлеген, бірақ айдың соңында қоймаға түспеген, сондай-ақ орталықтандырылған қамтамасыз ету және шаруашылық қызмет көрсету топтарының қоймасына алынған және мемлекеттік мекемелерге бөлінбеген қорлар жатады.

Жолдағы қорларды тану мынадай жазбамен көрсетіледі: 1350 «Жолдағы қорлар» қосалқы шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті. Қорлар мемлекеттік мекемеге түскенде мынадай жазба жүргізіледі: «Қорлар» шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және 1350 «Жолдағы қорлар» шотының кредиті.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша осы қағидалардың активтерді есепке алудың жалпы тәртібіне сәйкес келетін іш киімді, төсек жабдықтарын, киім-кешекті және аяқ киімді ведомстволық бақылауды анықтайды.

Баланстан есептен шығарылатын қорлардың өзіндік құнын бағалау үшін мынадай әдістер қолданылады:



  • шығындардың ерекше сәйкестігі;

  • орташа өлшем құны;

  • ФИФО: бірінші түсім-бірінші демалыс.

Мекеме субъектінің оларды қолдану мақсаты және ұқсас табиғаты бар барлық қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің бір әдісін қолданады. Өзара сипаты мен қолданылу мақсаты бойынша ерекшеленетін қорларға қатысты өзіндік құнды бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдану ақталған болып табылады. Мемлекеттік мекеме таңдаған қорларды бағалаудың әдісі есепті кезең ішінде қолданылады.

Қорларды есептен шығару 7060 «Қорлар бойынша шығыстар", 7460 "Өзге шығыстар», 8011 «Материалдар» шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеменің қажеттіліктері үшін пайдаланылған және сырт ұйымдарға өткізілген қорлар құнын есептен шығару шығыс ретінде танылады, бұл ретте 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" шоты дебеттеледі және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі.

Басқа мемлекеттік мекемеге немесе басқа ұйымдарға берілген қорлар құнын есептен шығару шығыс ретінде танылады, бұл ретте 7460 "Өзге шығыстар" шоты дебеттеледі және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі.

3ІШКІ АУДИТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Аудиторлық іс-шараны ұйымдастыру әрқайсысы белгілі бір міндеттердің орындалуымен сипатталатын мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) дайындық;

2) негізгі;

3) қорытынды.

Ішкі мемлекеттік аудит жүргізудің дайындық кезеңі мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу, аудит жоспарын және бағдарламасын, аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманы (бұдан әрі – аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырма), аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге арналған тапсырманы (Тексеруді тағайындау туралы акт) (бұдан әрі – аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған тапсырманы), тексеруді тағайындау туралы актісі болып табылады.

Жекелеген мемлекеттік аудитті жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 97-бабына сәйкес жүргізілетін ағымдағы бақылау нәтижелері ескеріледі.

Ішкі мемлекеттік аудит жүргізудің негізгі кезеңі аудиторлық іс-шараны жүргізу болып табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит жүргізудің қорытынды кезеңі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша шешім қабылдау және құжаттарды жасау болып табылады.

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу аудиторлық іс-шарамен қамтылатын қаражат пен активтердің көлемін, мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін нақтылау, мемлекеттік аудит мәселелерін айқындау үшін жүргізіледі.

Аудит түріне және аудиторлық іс-шара мақсаттарына қарай мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты талдау және бағалау негізінде алдын ала бағалау барысында мынадай көрсеткіштер ескеріледі:

1) тәуекелдердің болуы және дәрежесі – тексерілетін салада және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде бюджет қаражатын және активтерді қалыптастыру мен пайдалану кезінде мемлекеттік органның өз мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін қандай да бір факторларды (әрекеттерді немесе оқиғаларды) айқындау және болуын растау;

2) мемлекеттік аудит объектісін тиімді басқаруға қол жеткізу үшін мемлекеттік аудит объектісінің басшысы қабылдайтын шаралар мен рәсімдер жүйесінің (ішкі бақылау жүйесі) мемлекеттік аудит объектісінде болуы және оның ахуалы – Заңда көзделген ішкі бақылау жүйесін және оның құрауыштарын ұйымдастыру тиімділігін алдын ала талдауды және оның дәрежесін бағалауды жүргізу, оның нәтижелері бойынша ішкі бақылау жүйесінің қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жүйесінің қабілеті айқындалады;


3) мәнділік – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер.

Мәнділік және аудиторлық тәуекел көрсеткіштерінің есебі стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жиналатын ақпарат мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін нормативтік құқықтық реттеу, оның ұйымдық құрылымы, мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері, олардың есептілік тетіктері және ішкі бақылаудың бар жүйелері, бар тәуекелдер және ішкі мемлекеттік аудит мақсаттары үшін қажет өзге мәселелер жөніндегі деректерді қамтиды.

Ақпарат көздері:

1) алдыңғы, оның ішінде басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тексерулерінің нәтижелері мен материалдары;

2) бюджет процесіне қатысушылар есептерінің материалдары;

3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректері;

4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесі отырыстарының материалдары

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және өзге атқарушы билік органдары отырыстарының материалдары;

6) Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы билік органдарының өтініштері;

7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өтініштері;

8) бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары;

9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

10) ақша қаражат қозғалысы туралы деректер;

11) Қазақстан Республикасының сот органдарының электрондық сервисінен ақпарат;

12) өзге көздер болуы мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады. Бюджеттік есеп мемлекеттік экономиканың үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ерекше ақпараттық – техникалық жүйенің функцияларын орындайды.

Бюджетті атқарудың бухгалтерлік есебі немесе бюджеттік есеп-шаруашылық есептің бірыңғай жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі. Ол бюджеттің атқарылу барысы мен нәтижелері туралы қажетті мәліметтер береді, бюджеттің атқарылуын бақылау құралы - кірістердің түсуін, бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуын және мемлекеттік қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылау құралы болып табылады.

Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктері:

- бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері бөлінісінде есепке алуды ұйымдастыруды;

- шығыстарды қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылау.;

- кассалық және нақты шығындарды есепке алуда бөлу;

- бюджетті атқарудың қазынашылық жүйесіне көшу;;

Жақсы орнатылған бухгалтерлік есеп жасырын резервтерді анықтап қана қоймай, жоспарланған және қаржылық бюджеттік тәртіпті үнемдеу режимінің бұзылуын анықтап қана қоймай, мүмкін шығындар мен негізсіз шығындардың алдын алуға және уақытында жоюға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есепті жетілдіру, мекеменің қаржылық және шаруашылық қызметіне бақылау функцияларын күшейту-қаржы-бюджет тәртібін нығайтудың негізі.

Бюджеттік шығыстарды қаржыландыру жоспарларын орындаумен байланысты барлық операцияларды үздіксіз және үздіксіз көрсете отырып, бухгалтерлік есеп оларды бекітілген нормативтермен және ерекшеліктер бойынша шығыстарды бөлумен жүйелі түрде салыстыруға ғана емес, сонымен қатар нақты шығыстардың бекітілген нормативтерден ауытқу себептерін анықтауға, шығыстардың ең қолайлы нормаларын анықтауға және бюджеттік жоспарлау деңгейін тұтастай арттыруға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдалана отырып, мекеме басшылары шаруашылық және қаржылық қызмет барысында бекітілген нормативтерден есептеулер мен ауытқуларды жою бойынша жедел шаралар қабылдай алады. Бухгалтерлік есептің көмегімен әр мекемеде қаражаттың сақталуына жүйелі бақылау, олардың ұтымды пайдаланылуына бақылау жасалады.

Бухгалтерлік есеп деректері бойынша иесіз қалу, ысырапшылдық, бюджет қаражатын пайдаланудың артықтығы фактілерін ашуға, тірі және материалдандырылған еңбекті үнемдеуге шаралар қолдануға болад

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :

1. Аимкулов Р.А., Жекенова С.С. Роль корпоративного подоходного налога в формировании доходной базы государственного бюджета

2. Налоги и налогообложение: учеб. пособие для студентов экономического факультета / М. А. Касимбекова, О. В. Мисник. - Астана: КазАТУ им. С.Сейфуллина, 2010.

3. А. К. Сулейманов. Налоги и их роль в формированиибюджета//Вестник

КазНУ. – Алматы, 2014//www.articlekz.com

4. Vegh Gyongyi, Gribnau Hans. EC TAX REVIEW. Том 27, выпуск

1//Thomson Reuters//www. webofknowledge.comА.М. Хозиев.Роль налогов иих

виды. – Алматы, 2009//www. bankreferatov.kz

5. Кодекс Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года «О налогах и

других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)»

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығы.

7. Калиева Д. Ш. Денежные средства и их эквиваленты в государственных учреждениях.

8. Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 95-

IV (с изменениями и дополнениями по состоянию на 2017 год)

9. Қазқстан Республикасы Қаржыминистрлігінің ресми парақшасы.

URL:http://www.minfin.gov.kz

10. Ежемесячный журнал «Бухгалтер.KZ»

11. Ткаченко Л. И. Совершенствование бухгалтерского учета и отчетности вбюджетной сфере в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности для общественного сектора (МСФО ОС) // Проблемы учета и финансов. 2016. № 4. С. 66–69

12. Хасенова Г.Т. Особенности организации бухгалтерского учета в государственныхучреждениях РК

13. «Об утверждении Правил ведениябухгалтерского учета

вгосударственных учреждениях» Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 августа 2010 года № 393

14. Дружиловская Т. Ю., Дружиловская Э. С. Новые концептуальные

Основы бухгалтерского учета и отчетности субъектов сектора государственного управления. // Бухгалтерский учѐт в бюджетных и некоммерческих организациях. 2014 9 (345) май.



15. Легенькова М. К. Применение международных стандартов финансовой отчетности в общественном секторе // Регионология. 2017. № 3. С. 92–97.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет