Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары



Дата29.09.2022
өлшемі23.3 Kb.
#461617
макала


Тақырыбы: Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары
Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.
Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.
Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт — бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі — шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.
Шетелдік несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл — кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету.
Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторы – саяси, әлеуметтік — экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің осы саладағы инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан Республикасы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңының баптарына сәйкес, инвесторлар мүдделерін қорғау бойынша келесі кепілдемелер қарастырылған:

  1. шаруашылық серіктестіктің жарғылық қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық жасауда немесе салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында, капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға бекітілген инвестордың құқығын шектеуге жол бермеу;

  2. республика территориясында инвестормен өндірілетін тауарды сату мен шикізатты жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны құруға тиым салу;

  3. инвестормен өндірілетін тауар немесе шикізатты өткізуде бағаны бақылау және реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;

  4. либералды валюталық реттеу;

  5. инвесторды қорғау бойынша кедендік бақылау шаралары;

  6. инвестордың заңды мүдделерін, инвестиция, табыс дивиденттері мен құқықтарын қорғау;

  7. Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде инвесторларға өз мүлкіне басқарушылық танытуға жол беру.

Шетел инвесторларының маңызды құқықтық кепілдемесі — республика заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізуден қорғау, шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың нормативті — құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүддесін қорғау аумағында әлі де шешілмеген мәселелер баршылық.

Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен сақтандыру компанияларын құруға жол ашатын және “Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер қабылданған. Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру бойынша мемлекеттік компания “Казахинстрах” Қазақстанда шетел инвестицияларын сақтандыратын жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға еркін түрде сақтандыру компаниясын таңдауға тиым салынған.


Шетел инвестицияларын сақтандырудың мүмкіндіктерін рационалды қолдану үшін халықаралық сақтандыру компаниясы немесе “ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел корпорациясы бойынша “American International Group” (AIG) корпорацияларының қатысуымен, саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша бірлескен қорларды мақсатты түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ — тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық сақтандыру тобы.
Жекешелендіру процесі шеңберінде әрекет етуші шетел капиталын тартуды ынталандыратын механизмді құру үшін шетелдік портфельдік инвестициялардың валюталық айырбас принципін қайта қарастыру қажет, әлемдік сауда үшін жекешелендірілетін объектілер шеңберін анықтау және шетел инветорларымен мүліктік құқыққа ие болуы үшін алғашқы және екінші ретті бағалы қағаздар нарығын дамыту керек.
Шетел капиталын тартуда ұйымдастырушылық шаралар қатарына келесілер қажет:

  1. инвестицияларды өзара қорғау мен қолдау туралы келісім шарттар жасауға қызығушылық танытқан мемлекеттермен байланысты жалғастыру;

  2. “Кепілдік туралы”, “Қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы” заң жобаларын, шетел капиталын тарту мақсатында, кепілдемелік нысандарды қолдану механизмі бойынша ұсыныстарды қарастырып құру;

  3. Қазақстан Республикасы мен оның аймақтарында инвестициялық ахуал мониторингі жүйесін қалыптастыру.

Шетел капиталын тарту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен байланысты қызметтерді орындау үшін инвестициялар жөніндегі Комитет шеңберінде келесілерді құру қажет:

  1. жобалық қаржыландыру және кеңес берушілік көмек көрсету орталығы. Оның мақсаты алдын — ала инвестициялық зерттеулер, жобаларға сараптама жасау, кеңес берушілік — техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыруда қызметтің бағытын анықтау;

  2. шетел капиталы бар кәсіпорындарды тіркеу және шетел фирмалары мен компанияларын аккредитациялау үшін тіркеу палатасын құру;

  3. нақты инвестициялық бағдарламалар мен жобалар, заңнамалық база, салықтық жүйе, инвестициялық саясат бойынша мәліметтер банкін құру және бұл мәліметтермен потенциалды шетел инвесторларын қамтамасыз ету мақсатында, шетел капиталы бойынша ақпараттық орталық құру.

Жоғарыда айтылған шаралар, мемлекеттің шетел капиталын тарту саласындағы саясатын жүргізуге жол ашады. Ол шетел инвесторлары мүддесімен ұлттық мүдделердің байланыста болуына көмек береді.

Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары


Бірлескен кәсіпорындардың кемшілігіне қазақстандық кәсіпкерлер — қатысушыларының кәсіпорынды басқару деңгейінен айрылуын жатқызуға болады. Табыстың маңызды бөлігі шетелдік инвестор меншігіне айналып, ол жарғылық қордағы үлесіне сәйкес пропорционалды түрде төленеді. Осымен байланысты бірлескен кәсіпорындар құруға жаңа жолдарды іздестіру, олардың қызмет түрін тұтас өзгерту мәселесі туындап отыр.
Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық мәнге ие емес салаларда (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету) шетел капиталына жататын шағын және орта кәсіпорындарды құруға бет — бұрыс берілуі керек.
Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен анықталады. Шетел капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін маңызды көлемде көтеруге қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды.
Қазіргі таңда республикада негізінен, шетел капиталын тарту үшін қажетті құқықтық орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан. 2003 жылы Қазақстан Республикасында “Шетел инвестициялары туралы” Заң қабылданған. “Шетел инвестицияларын тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен келісім жасауда жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі және оны беру тәртібі туралы Ереже” сияқты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел инвестицияларын тарту үшін маңызды секторлардың тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты — маңызды өндіріс пен қызмет саласын селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика құрылымының шикізат бағыттылығын жеңу, инвестициялық белсенділікті көтеру мәселесін шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар ағымына қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі таңда тікелей шетел инвестицияларын мұнай саласына тарту керек. Біздің ойымызша, Мексиканың тәжірибесін кең ауқымда қолдану керек: инвесторларды игерілген кен орындарына емес, ізденіс жүргізу орындарында өнімді бөлу әдісі бойынша кен орнын жөндеу құқығын беру арқылы тартты. Біздің республикамыздың мұнай — газ потенциалы әлі де игеруді қажет етеді. Ол үшін ірі капитал салымын талап ететін кеңейтілген ізденіс жұмыстары қажет.
Негізгі бағыт әрине дайын өнім өндірісі саласына шетел инвестицияларын тарту. Бүгінгі таңда Қазақстан руда, минералды шикізат, жылу — энергетикалық ресурстардың үлкен қорына, бағалы металдың үлкен қорына ие. Машинажасау базасының, жоғары тауарлық дайындыққа ие өнімді шығару өндірісінің жоқтығы. Республикада ғылымды қажет ететін, техникалық күрделі өнімді өндіретін сала дамымаған, химиялық өнеркәсіп потенциалы, ауыл шаруашылық өнімнің қайта өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.
Қазіргі таңда, Қазақстан өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру әдістері, жаңа техника — технология негізінде өз экономикасын кең ауқымда жөңдеу жұмыстары және ірі құрылымдық қайтақұруды жүргізу үшін қажетті инвестициялық қорларға ие емес. Қазақстанның бәсекеқабілетті тауарларды өндірмеуі мәселені күрделендіре түсуде: көлік құрал-жабдық, трубалар, конструкторлық материалдар, т.с.с.
Сөйтіп, шетел инвестицияларын тартудың негізгі стратегиялық және ағымдық мақсаттарына келесілер жатады:

  1. экономиканы тұрақтандыру мен динамикалық дамуы үшін қажетті қосымша инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету;

  2. ел экономикасына шетел инвесторлары сенімділігінің жоғарлауы;

  3. әлемдік экономикалық жүйеге қазақстандық экономиканың интеграциялау процесін күшейту, оның халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуы.

Шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың жалпы стратегиясы келесі мәселелердің шешу жолдарын қамтамасыз ететін инвесторлар қызметіне байланысты:

  1. мемлекеттің экспорттық потенциал тиімділігін көтеру және дамыту, оның шикізат бағыттылығын жеңу, елдің экспорттық экспансиясын күшейту және оның сыртқы нарықта ұстанатын ұстанымын тұрақтандыру;

  2. импорталмастырушы өндірісті дамыту;

  3. техника — технология, басқару және өткізу әдістері негізінде өндірістің ғылыми — техникалық деңгейін көтеру;

  4. өндірістік және өндірістік емес тұтынуға жоғары деңгейлі дайындыққа ие өнім шығарумен толық және аяқталған технологиялық циклдарды қалыптастыру;

  5. салық түсімдерінің жоғарлауы;

  6. арта қалған және экологиялық қолайсыз аймақтарды дамытуға көмек көрсету;

  7. жаңа жұмыс орындарын ашу.

Бұл мақсаттардың жүзеге асырылуы инвестициялық жобалардың басым бағыты мен аймақтың бөлінуін, көлемі мен жүзеге асыру мерзімін қалыптастыруды талап етеді.
Әлемде шетел инвестицияларын тартудың кең тараған нысаны — концессия, бағалы қағаздардағы үкіметтік және жеке тікелей инвестициялар, займдар мен несиелер, әлемдік жалға алу, еркін экономикалық аймақтар және басқалары.
Табиғат ресурстарының иесі — мемлекет пен шетел компаниясы арасында жасалатын концессиялық келісімдер мәні – тәуелсіз мемлекеттің пайдалы қазбаларды игеруді дайындау және пайдалануда өз құықтарын толық және жартылай беру. Олар қабылдайтын мемлекеттің ұлттық егемендігіне зиян келтіретіндіктен, шетел инвестицияларының қазіргі нысандары, дамушы мемлекеттер үшін дәстүрлі концессияға қарағанда, ол өте табысты және қауіпсіз.
Қазіргі таңда, Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар құру шетел инвесторларын тартудың бір нысаны.
Бірлескен кәсіпорындар өңдеуші, мұнай өнеркәсібінде, халық тұтынуындағы тауарлар өндірісінде кең таралуда. Шетелдік кәсіпорын құру негізінен, өңдеуші өнеркәсіпте, ауыл шаруашылық шикізатын өңдеуде, құрылыс материалдары мен халық тұтынуындағы тауарлар өндірісінде жол ашылған.
Қазіргі келісімдерде әр түрлі шетел инвестицияларының шарттары кездеседі: концессиялық келісім, бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім және өңдеуші сектордағы өнімді бөлу.
Қазіргі концессиялық келісімдер басқа нысандар белгілерімен сәйкестендіріліп, Қазақстанға Каспий теңізінде Батыс Қазақстанның, Қызылорда және басқа шалғай орналасқан аймақтарда көмірсулар мен химиялық шикізат орындарын, шельфтерді игеру және пайдалану үшін қолданылуы мүмкін.
Өнімді бөлу туралы келісімдер экспорттық салаларда, әсіресе, мұнай -газды игеру, мұнай өңдеуші өнеркәсіпте, металлургияда қолданылады.
Техникалық қызметтер туралы келісімдер, қазіргі таңда, әлемдік нарыққа шығу үшін халықаралық мәнге ие темір жолдарды, республика территориясында мұнай және газ құбырларын салу үшін қолдануы керек.
Қазіргі кезде, Қазақстанның алдында тұрған мақсаттардың бірі – еліміздің әлемдік экономикалық қауымдастыққа жедел енуі. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қажетті шарттаға ие: маңызды шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, кадрлық потенциал мен республикадағы тұрақты қоғамдық — саяси жағдайдың болуы.
Экономиканы қайтақұру мәселесі сыртқы экономикалық қызмет саласында айқын көрініс тапты. Қазақстанның инвестициялық саясатын жүзеге асыруға сыртқы экономикалық байланыстарының рөлі маңызды көлемде өсуде, себебі сыртқы экономикалық байланыстар шетел капиталын тарту есебінен, капитал салымдары үшін қосымша қорларды ашудың және бірлескен кәсіпорындар құрудың маңызды жолы.
Еуропалық континентте Қазақстан үшін ерекше қызығушылыққа Еуропалық Одақ ие. “Үлкен жетілік” елдерімен екі жақты байланыстар күшеюде: ең алдымен, Ұлыбритания және Германия. Азия бағытында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониямен өзара экономикалық байланыстарға үлкен назар аударылуда.
Шетел инвестицияларын тартудың негізгі басымдықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін салалар мен экспортқа бағытталатын өндіріс – мұнай — газ және мұнай — химиялық салалар, электр энергетика, металлургия, коммуникация және агроөнеркәсіп кешені, себебі Қазақстан бидай, жүн, мақтаның ірі өндірушісі. Мұнай — газ саласында мұнай және газды игеру мен экспорттауды көтеру, сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға назар аудару керек./37, 23-30 б/.
Сөйтіп, шетел инвестициялары — дамыған тауарлық қатынастарға ұлттық шаруашылық субъектілердің бейімделу деңгейін ірі коммерциялық инвестициялау негізінде көтеруге қабілетті, әлемдік ғылыми — технологиялық жетістіктерді енгізудің маңызды жолы. Бұл мәселе Қазақстан үшін ішкі тауар -ақша өлшемдерін деформациялау жағдайында маңызды. Республикада жаңа өндірістік қуаттарды жедел құру үшін тікелей өндірістік капиталдың импорты қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет