ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Сыртқы мықын артериясы: топографиясы, қанмен қамтамасыз ету аймақтары
Орындаған: Болатқызы А.
Тобы: ЖМҚА-04-22
Қабылдаған: Оспанов Д.Т.
Шымкент-2024ж
Жоспар: - Кіріспе
- Негізгі бөлім
1.Сыртқы мықын артериясы. 2.Сан артериясы. 3.Асықты жілік артериялар. - Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Жалпы мықын артериясы - A iliaca communis-құрсақтық қолқаның бөлінген жерінен құралатын жұп тамыр. Ол бұрыш жасап тармақталып, төмен және сыртқа бағытталады. Бұл бұрыш әйелдерде ерлерге қарағанда үлкен. Жалпы мықын артериясының ұзындығы 5-7см. Сегізкөзмықын буыны тұсында екі тармаққа:
- 1. сыртқы мықын артериясы
- 2. ішкі мықын артериясына бөлінеді
Сыртқы мықын артериясы - Сыртқы мықын артериясы, a. iliacaexterna, жалпы мықын артериясынан тармақталатын жұп ірі сабау ішастар артында орналасып, m. psoas major-дың медиалді жиегімен алға және төмен бағытталады; шап жалғамасының астымен тамырлық тесікке, lacuпа vasorum, барып,аттас венадан латералдірек жатады. Сыртқы мықын артериясы тамырлық тесіктен санға шыққан соң, оның тікелей жалғасы сан артериясы, a. femoralis.
1.Бұлшықеттік тармақтар, m.Psoas major
2.Төменгі құрсақүсті артериясы, a.epigastrica inferior
a)Қасағалық тармақ r.pubicus
b)Кремастерлық тармақ a.cremasterica
Әйелдерде бұл артерия жатырдың жұмыр байламымен бірге үлкен жыныс ереулеріне барады.
3.Мықын сүйектің терең айналма артериясы
Сыртқы мықын артериясы тармақтары
Сан артериясы - Сан артериясы, а. femoralis,сыртқы мықын артериясының жалғасы, шап жалғамасының астында, тамырлық тесікте,lacuпa vasorum, басталады.
- Сан артериясы санның алдыңғы бетіне шыққан соң, әкелетін және жазғыш бұлшықеттер арасындағы науашыққа төмен бағытталады. Артерия санның жоғарғы үшінде сан үшбұрышында, жалпақ шандыр қабықтың, fascia lata, терең табағындасан венасына латералді орналасып, жалпақ шандыр қабықтың беткей табағымен жабылады. Сан артериясы (сан венасымен бірге)сан үшбұрышынан өткен кезде тігінші бұлшықетпен жабылады және санның ортаңғы және төменгі үшінде әкелетін өзектің (canalis adductorius) жоғарғы тесігіне кіреді.
- Артерия өзекте теріасты нервпен, п.saphenus, және сан венасымен, v. femoralis,бірге орналасады. Артерия мен вена артқа қисайып, аяқтың артқы бетіндегі тақым шұңқырына өзектің төменгі тесігі арқылы барады. Артерияның тақым шұңқырындағы жалғасы - тақым артериясы, а. poplitea.
Тақым артериясы - Тақым артериясы, а. poplitea - сан артериясының тікелей жалғасы. Артерия сanalis adductoris-тің төменгі тесігі тұсында басталып, жартылай жарғақты бүлшықеттің, m. semimembranosus, астында жатып, тақым шұңқыры түбінен, басында facies poplitea-га, кейін тізе буынының буын қабына, төменгі ішінде, m. popliteus,жанасып жүреді. Тақым шұңқырында алғашында төмен және кішкене латералді,тақым шұңқырының ортасынан тіп-тік бағыт алады.
- Артерияның төменгі бөлімі балтыр бұлшықеттерінің бастарымен жабылған саңылауға өтеді, m.popliteus төменгі жиегінде, аталған бұлшықет пен т.gastrocnemius бастары арасында жүріп,m. soleus жиегі астында алдыңғы асықтыжілік артериясына, а. tibialis anterior, және артқы асықты жілік артериясына, а. tibialisposterior, бөлінеді.
- Барлық деңгейде тақым артериясымен аттас вена, асықты жілік нерві, п. tibialis,қосарлана жүреді.
- Тақым шұңқырында ең беткей нерв, п. tibialis, ортасында вена, v. poplitea, тереңінде тақым артериясы,а. poplitea, жатады.
- Тақым артериясы өз жолында тізе буыны мен бұлшықеттерін қанмен қамтамасызететін бірнеше қатар тармақтар береді. Осы тармақтар өзара анастомозданып, тізе буынының торын, rete articulare genus,тізуге қатысады.
Артқы асықты жілік артериясы Артқы асықты жілік артериясы,a.tibialis posterior - тақым артериясының тармағы.Ол сирақтың артшы бетімен төмен жүріп, артынан m.soleus және алдынан m.tibialis posterior,m flexor digitorum longus арасында орналасады.Артериямен аттас веналар қосарлана жүреді, оған латеральді n.tibialis жанасады. Алдыңғы асықты жілік артериясы Алдыңғы асықты жілік артериясы a.tibialis anterior, тақыр артерясынан тармақталып , алға бағытталады және сүйекаралық жарғақты проксимальді бөлімінде тесіп өтіп сирақтың алдыңғы бетіне өтеді.Бұл жерде артерия сүйекаралық жарғақтың алдыңғы бетінде қосарланып жүретін екі венамен және терең кішіжіліншілік нервпен, n peroneus profundus, бірге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |