Қарағанды облысы
Бұқаржырау ауданы
Үштөбе орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Әліппе, саған мың алғыс!»
Өткізген: 1 «А» сынып жетекшісі
Мұқышева А.Қ.
2008-2009 оқу жылы
1. Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!
Күні: 24.12.08
II. Мақсаты:
-
Білімділік: оқушылардың білімділік белсенділігін, ұжымдылығын күшейту.
-
Дамытушылық: сынып абыройы үшін жанын салып, еңбек ету, бір-біріне жолдастық, достық көмек көрсету сезімін дамыту.
-
Тәрбиелік: алғаш рет мектеп табалдырығын аттау бірінші сынып оқушыларына қандай әсер қалдырса, «Әліппемен» қоштасу да сондай әсер қалдыруы мүмкін. Олар білімнің бірінші баспалдағына көтеріліп, Әліппенің сырына қанды. 42 әріпті таныды.
III. Көрнекіліктері: зал ішін безендіру «Әліппе, саған мың алғыс» сөзі
жазылған плакат, оқушылар салғаг суреттер, шарлар, мақал-мәтелдер. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңі, абай, Ы. Алтынсариннің портреті.
-
Еламан: -Ассалаумағалейкум, уа, халайық! барлық ғылымның атасы, болашағамызыдың негізі – «Әліппені» бітіріп отырмыз.
Ақерке: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! «Әліппе, саған мың
алғыс!» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
Әуесхан Әділ: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қылтаспақ!
Ой білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш, балдырған,
Құтты болсын, тойларың.
Жания: - Бүгін біздің құанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет
сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.
Еркін: - Мен енді алыстағы Тараздағы туыстарыма өзім-ақ хат жазып,
қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.
Алихан: - Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. сурет салуға,
ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге мұғалімдеріміздің көмегімен дағдыланудамыз.
Аида: - Ал, балалар, біз оқыған 4 ай ішінде қандай өзгерістеріміз бар?
Еламан: - Дүйсенбі күні Әнұран айтуға, күнде үйден келгенде жаттығу
жасауға үйрендік.
Ақерке: - «Күзгі мереке», «Тілашар» тойларымыз өтті, Денсаулық күні
спорттық мерекесіне қатыстық, ашық сабақ өтті.
Әділ: - Ақерке Қарағанды қаласының қалалық жарысында гимнасикадан
-
орын алды, мақтанамыз, мынау мақтау грамотасы.
Жания: - Әділ сенде аружан екеуіңмектебіміздегі «Күзгі мереке»
мерекесінде мақтау грамоталарын алдыңдар ғой.
Аида: - Армысыңдар, аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз.
Жұлдыз мұғалім: - Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін,
Біз оқушы боламыз.
Хор: «Сәлем саған мектебім!»
-
Мұхамбетбек Дильназ: - Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Каметова Дильназ: - А-ны, айтқанда дауысымыз дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
Темірлан: -Жүректерге сүйікті ең бір жақын,
«Абай» деп атамның жаздым атын.
Хатқа жазып ата-ана есімдерін,
Күнім бұл бірінші рет мақтанамын.
Сәнім: Бар кітапқа бас болған
Әліппе- ғылым апасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Абылайхан: Әсем ою-өрнекпен
Көмкерілген әліппем!
Сен болмасаң білімге
Бастайтын жолды біліп пе ем?
Анель: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе.
Мұғалім: Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хор: Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, «Әліппені» ортаға шақырайық.
Хор: - Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Армысыздар, жас достар,
Армысың ата-аналар!
Болашаққа жол бастап,
Әліппе келді ортаға.
Анель: Әліппем, менің әліппем,
«А» деген басты әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Әліппе: Қазақ тілінде қанша әріп бар?
Хор: 42 әріп бар
Әліппе: Алғаш «Әліппені» кім жазды?
Хор: Ыбырай Алтынсарин жазды.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!
Әліппе: Рахмет, мені таза ұстадыңдар,
Ризамын, құрметті шәкірттер.
Меңгердіңдер, болмадық босқа тер,
«Ана тілі» досым бар.
Сендерді жетелеп әкетер. Менің сендерге айтатын тілегім- жаңа достарыңды мендей сүйіп, мендей құрметтеңдер!
Ана тілі: Сәлем ойшыл достарым!
Терең білім, ой саналы,
Әрбір сөзіме ой салады.
Ғылым, тәнім, өнерім көп.
Ақерке: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз!
Ата-ана құанышқа ортақ боп
Сауатты боп шықты, міне балаңыз!
Назерке: Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықтап сақтаймыз
Ұмытпаймыз бәрін де,
Атын, затын, түрін де.
Алдияр: Енді біз жаза білеміз
Әріпті қойып әріпке
Риза бопсаған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе!
Аружан: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Толғанай: Білімге жолды бастаған
Әліппем саған мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем, саған мың алғыс!
Өлең «Әліппе»
III. Саттыбаев Әділ: Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым.
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқаным
Гүлсая: Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс!
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс!
Жаннат: Бәрімізіді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен!
Хор: Үйреткен іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
Өлең «Мұғалім ол біздің!»
IV. Ардақ: Атам, Әжем,Әкем, Анам,
Төртеуі де «Отан» маған
Төртеуі де «ботам» дейді
Мақтанамын Отаныммен.
Еркін: Астана.
Өлең «Менің Отаным»
Жеке өнерлер:
Ақерке гимнастика
Қыздар «Ана» (өлең)
«Үшқоңыр» Әділ, Еламан, Абылайхан (өлең)
Аружан «Ертегілер» (өлең)
Вальс биі
Хор: «Менің Отаным»
Анель: - «Ардақ, бестен бесті алғанда неше қалады? (саусағын түгел бүгеді)
Ардақ: - Жұдырық қалады
Достарыңызбен бөлісу: |