1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»


- ТАҚЫРЫП. Ақпарат құралдарының типологиясы мен жүйесі



бет17/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Лекция - Даурен А.

8- ТАҚЫРЫП. Ақпарат құралдарының типологиясы мен жүйесі


Дәріс жоспары:
1. Журналистиканың бұқаралық-байланыс құралдары
2. БАҚ инфрақұрылымы
3. БАҚ өзара әрекеттесуі


БАҚ – тың жіктелісі
Қазақстанның БАҚ жүйесі төмендегідей жіктеліп жүр:
1. Баспасөз (дәстүрлі БАҚ): газет-журналдар, газет дизайны
2. Кітап баспалары
3. Ақпарат агенттіктері
4. Электронды ақпарат құралдары: радио, теледидар, интернет: электронды газет-журналдар. Бұл БАҚ салаларының әр қайсысы мамандық бойынша оқылатын пәндерде жеке-жеке қарастырылады.


Баспасөз (дәстүрлі БАҚ): газет-журналдар. Газеттер мерзімді шығуы жағынан күнделікті, айлық; басу сипатына қарай тиражды, форматты, көлемді; таралу масштабына қарай жалпұлттық, аймақтық, жергілікті, республикалық, қалалық, аудандық; көп тиражды мақсаты мен бағытына байланысты: жалпы саяси, мамандандырылған, ведомстволық, корпоративті; сипатына қарай сауықтық, жарнамалық, коммерциялық; мекемелеуші типіне қарай жекеменшік, редакциялық, саяси партиялық болып бөлінеді. Бұлардың барлығы қалыптасқан заң, жүйе, ережелермен жұмыс істейді. Ақпаратты тарату барысында ресми газеттер жұмыс істейді. Олар тақырыптық жағынан, аудиториясымен ерекшеленеді.
Бұқаралық қоғамдық - саяси немесе әдеби көркем журналдар болады. Онда ақпараттық, публицистикалық, көркем шығармалар, танымдық, сәндік сипаттағы материалдар, фотосурет, бейнелеу өнерінің туындылары; ал ғылыми көпшілік, ғылыми, ақпараттық журналдарда ғылыми зерттеу мақалалары, аннотациялар, ғылыми хабарлар, тезистер беріледі. Сондай-ақ, спорттық, өндірістік, техникалық, сатиралық журналдар бар. Дүниежүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. 5 қаңтарда дүниеге келген «Журнал десаван» болды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында журналдың негізгі түрлері қалыптасты. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал - «Айқап» (1911-1915жж.), небәрі 8 саны жарық көрді. Редакторы - Мұхамеджан Сералин болды.
Газет дизайны. Дизайн индустриясының нақты қашан пайда болғаны әзірге белгісіз. Алайда ғылымда әртүрлі ұсынысар айтылуда. Мысалы, Германия елінде 1907 жылдан бастау алады десе, АҚШ-та 1929 жылдан бастап дизайн индустриясының дамығанын айтады. Уақыт өткен сайын дизайн өзінің қолдану аясын кеңейтіп үлгерді.
Дизайн ХХ ғасырда шығармашылық дамуды басынан өткерді. Дизайн алғашында қағаз бұйымдары, кітап-журнал ісіне бағытталды. Дизайнға берілген классикалық анықтама 1964 жылы Брюгте өткен халықаралық семинарда бекітілді. Дизайн – шығармашалық жұмыс. Дизайнның екінші даму кезеңі әртүрлі қызмет саласында, әр мамандықта дамыды. Дизайн мәтіндер мен құжаттарды түрлі өзгерістерге түсіріп, әртүрлі форматта безендіреді.
Жазылған сөздің өте-мөте маңызды жеріне оқырмандардың назарын аударуда материалды немесе оның бір бөлігін басқа шрифтпен белгілеу бар. Бірақ көзге түсерлік етіп теруді шектелген көлемде қолданған жөн. Кең таралған түрлері төмендегідей:
1) Жазудың ерекше маңызды жерлерін басқа шрифтпен теру.
2) Теруде және ашық қалған жерлердің форматын өзгерту (шаблондарды теру).
3) Сызықпен бөліп көрсету (астын сызу, бос жерге тік сызықтар енгізу).
4) Ою мен үлкен әріптерді қолдану.

Дизайн жасауда пішім (формат) таңдауда маңызды. Кез келген газетті қолға алғанда бұл үлкен пішімді немесе кіші пішімді деп айтып жатады. Бүгінгі уақытта газеттің бірнеше тұрақты пішімі қолданылып келеді. Олар, А2, А3, және А4 пішімдері. Қалалық, облыстық газеттердің көпшілігі үлкен А2 пішімінде шығады. Ал аудандық апталық газеттер А3 кіші пішімінде шығып келеді. Ал ең кіші А4 пішімін сирек қолданады (балаларға арналған газеттерде).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет