ӘӨЖ 338.22:346.26:338.48-44 (574)
|
Қолжазба құқығында
|
ИСАЕВА ГҮЛНАР БОЛАТҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)
6М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика ғылымдарының
магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты
Қызылорда 2012 ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған
Ғылыми жетекші:
|
экономика ғылымдарының кандидаты
Қ.С. Мұстафаев
|
Ресми оппонент:
|
экономика ғылымдарының докторы
Ғ.М. Дуйсен
|
Диссертацияны қорғау 2012 ж. ____ маусымда ____ сағ. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. (Бас оқу ғимараты, Экономика факультеті, №308 дәрісхана).
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100).
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұлттық экономиканың тұрақты даму факторы ретінде туризм саласының тиімді қызмет етуі қарастырылады. Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде. Соңғы уақытта туризм әлеуметтік құбылыс мәніне ие болды. Ол элиталық өнім категориясынан тұтынушылар үшін қолжетімді өнім категориясына ауысты. Оның жоғары қарқынмен дамуы, жоғары көлемді валюталық түсімдері белсенді түрде экономиканың әр түрлі секторларына жағымды әсерін тигізеді. бұл өз кезегінде туристік саланы қарқынды дамыту қажеттілігін куәландырады.
Сонымен қатар, дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың салқынын азайту үшін туризм бірқатар экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін тигізеді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласында көптеген жұмыс орнын құру, ұлттық мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің жағымды саяси имиджін құру және т.б. Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың көптеген салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті тиімі бар. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет, бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды ресурстарды өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже береді.
Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.
Осыған орай, туризм саласының бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешу Қазақстанның мемлекеттік саясаты үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы ретте «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін беруді атап көрсеткен [1].
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін туристік нарықты ереже бойынша дамытуға мүмкіндік туды, екінші жағынан қызметті ұйымдастыру мен жаңа әдістерді енгізуде қиындықтар туындап отыр. Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздігі тарихында туризм саласы жаңа әлеуметтік-экономикалық даму институты ретінде көп өзгерістерге ұшырады. Туризм саласының әлеуетін арттыратын заңды-құқықтық актілер және туристік қызметті реттеуші бағдарламалық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңының (2001ж.) және «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту тұжырымдамасы» (2001ж.), Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету тұжырымдамасы (1998ж.), Қазақстан республикасында туризмді дамытудың 2007-2011жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы және басқада нормативті-құқықтық құжаттардың қабылдануы дәлел болады [2-5].
Қазіргі жаһандану дәуірінде ғаламдық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің орнауында туризмнің ықпалы айрықша. Туризм саласы ұлттарды жақындастырады, елдерді табыстырады. Демек, халықаралық туризм саласының дамуына бәріміз мүдделі болуымыз керек – деп Президент Н.Ә. Назарбаев БТҰ (бүкіләлемдік туристік ұйымның) бас ассамблеясының 18 сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап көрсетті [6]. 2009-2011 жж. арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мәжілісінде тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтіру негізінде туризмді дамытудың маңыздылығы атап көрсетілді [7]. Дегенмен, туризм саласында жүйелілікті талап ететін шешілмеген мәселелер әлі де көп. Ғаламдық бәсекелестік жағдайында экономиканың басыңқы секторы ретінде туризм саласын ұлттық және халықаралық деңгейде бағалау және талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуіне қатысты кешенді бағыт жоқ деуге болады. Соның салдарынан аталмыш саланы зерттеу мәселесі отандық ғылым саласында әлі де болса, терең зерделене қойған жоқ.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, қазіргі жағдайда туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуін жан-жақты терең зерттеуді, ғылыми талдауды, жаңа сапалы шешімдерді іздестіруді талап етеді.
Мәселенің ғылыми-тәжірибелік деңгейде қарастырылуы. Зерттеудің ғылыми аспектілері туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуі бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың теориялық, әдіснамалық ой-тұжырымдары мен тәжірибелік ұсыныстарын зерттеу және талдау негізінде қалыптастырылды.
Туристік сала мәселелерін зерттеуге үлкен үлес қосқан ресейлік ғалымдардың арасынан Е.Н.Ильин, В.А.Квартальнов, И.Т.Балабанов, В.Г.Гуляев, А.С.Запесоцский, В.Сапрунова, Н.В.Буторов, М.Б.Биржаков, М.М.Маринин тәрізді ірі ғалымдарды атауға болады. Мәселенің жекелеген аспектілерін отандық экономистер ішінде туризмнің даму мәселелерімен айналысқан әйгілі ғалым-экономистерді атап көрсетейік: Ө.К.Шеденов, К.С.Мухтарова, С.С.Сатылбалды, Д.К.Ильясов, Г.М.Дуйсен, М.Р.Смыкова, У.Б.Баймуратов, С.Р.Ердавлетов, Л.Ж.Кельбуганова, Г.Б. Уахитова, Р.А.Раева және басқалар терең де жан-жақты зерттеді. Аталған ғалымдардың еңбектерін жоғары бағалай отырып, қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси нақтылыққа қатысты туристік қызмет көрсету саласында кәсіпкерліктің қызмет ету мәселелерінің жасақталу деңгейінің жеткіліксіз болып табылатындығын айта кету керек. Туристік фирмалардың мәселесінің күрделілігі, оның қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай біртұтас даму тұжырымдамасының болмауы, түсініктемелік-категориялық аппараттың үзіктілігі, туризм саласындағы кәсіпкерліктің қызмет ету мәселесінің жоғарғы тәжірибелік маңыздылығы диссертациялық жұмыстың мақсатын таңдап, міндеттерін бекітті.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері – туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу мен талдау нәтижесінде тәжірибелік бағыттарын анықтап, ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
– Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің теориялық аспектілерін жүйелеу және әдістемелік тәсілдерін нақтылау;
– туризм саласының қазіргі жайы негізінде оның қалыптасу үдерісін айқындау;
– өңірлік туристік қызметтегі кәсіпкерлердің тәуекел әсерін бағалау және Қазақстандағы экологиялық жағдайды зерттеу;
-
туристік қызмет саласындағы кәсіпкерліктің даму бағыттарын негіздеу;
– туристік фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басыңқы стратегиясын жасақтау.
Зерттеу пәні – туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуі барысында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласындағы шағын кәсіпкерліктің қызмет ету жүйесі болып табылады.
Зерттеу әдістері. Диссертациялық зерттеу барысында жүйелілік және логикалық, экономика-статистикалық, салыстырмалы талдау, сараптама әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Қазақстан Республикасының туристік саласындағы шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастыратын отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектері, салалық әдістемелік материалдар, заңдық-нормативтік актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы және «Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007–2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және басқа материалдар құрады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:
– шағын кәсіпкерліктің туризм саласындағы теориялық түсінігі мен мәні нақтыланып негізгі қағидалары анықталды;
– ҚР-ның туристік саласының қазіргі жағдайы мен осы саладағы шағын кәсіпкерлікті талдау нәтижесінде туристік бизнестің даму бағыттары айқындалды;
– туризмнің тиімділігіне тәуекел жағдайында әсер етуші факторларларды есепке алу нәтижесінде туристік қызмет саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары негізделді;
– Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің даму үлгісі және туристік фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың стратегиялық баламалары ұсынылды.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдар:
– туризм саласындағы кіші кәсіпкерліктің ғылыми-теориялық қағидалары;
– ҚР-ның туристік саласының қазіргі жағдайы мен осы саладағы шағын кәсіпкерлікті талдау нәтижелері;
-
тәуекел жағдайын ескере отырғандағы факторлар негізінде туристік қызмет саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары;
-
Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің даму үлгісі мен туристік фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың стратегиялық баламалары.
Жұмыстың ақпараттық базасы. ҚР-ның туризм және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің, Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің статистикалық жинақтарының мәліметтері, туризм бойынша арнаулы басылымдардың есепті материалдары мен статистикалық мәліметтері болды. Жұмыста Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, Ұлттық бағдарламалары, ҚР-ның Президентінің Жарлықтары, ҚР-ның Үкіметінің Қаулылары, ҚР-ның министірліктері мен ведомствалары мәліметтері, ғылыми журналдар мен мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары, әдістемелік нұсқаулары келесі бағыттарда қолданылуы мүмкін: туризм саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің қазіргі жай күйі мен дамуын талдауда; туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету мәселелері мен болжауды жасақтауда; зерттеу жүргізу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен нұсқаулар Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында тәжірибелік есептеулер арқылы жасалған әдістеме тексерілді және тәжірибе жүзінде қолданылды.
-
Диссертациялық жұмыстың сыннан өтуі және жүзеге асырылуы. Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері келесі мерзімдік басылымдарда жарияланды баяндалды: «ҚМУ Хабаршысы» (Қызылорда, 2012), «Жас ғалымдар жинағы» (Қызылорда, 2012). Зерттеу нәтижелері Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қызметіне еңгізуге қабылданды.
Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертация тақырыбы бойынша 0,8 б.т.бетті құрайтын 2 ғылыми жұмыс жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, негізгі мазмұндағы үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Негізгі бөлім
Бірінші бөлімде «Туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерлік қызмет көрсетудің теориялық негіздері» қарастырылған. Туризм саласында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үлкен еңбекті қажет ететін іс-шара болып табылады. Ол тәжірибеде ұйымдастырушылардан шығармашылық мүмкіндігін және ұйымдастыру барысындағы кез-келген кездескен мәселелер бойынша тәжірибелік тапсырманың стандарттык емес шешімін талап етеді. Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.
Туристік қызмет көрсетудің маңызды бөлігі тұрғындардың тұтынатын қызметінен және арнайы әлеуметтік-сауықтыру сипаттағы, яғни демалу, спортпен айналысу мүмкіндігі, мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу және басқа гуманитарлық, саяси, тәрбиелік және эстетикалық факторларды құрайды.
Көптеген елдерде туристік бизнес жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда қосымша жұмыс орындарын құруда және халықты жұмыспен қамтамасыз ету, сыртқы сауда балансынбелсендіруде маңызды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы ретінде туризм саласы экономиканың маңызды көлік және байланыс, құрылыс,ауылшаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі және басқада салаларға ықпалы зор. Оның әсері оң не теріс болуы мүмкін (Кесте 1).
Кесте 1 – Туристік кәсіпкерлік қызметке оң және теріс әсер ету аспектілері
Оң аспектілері
|
Теріс аспектілері
|
– жұмыс орындарын құру;
–халықтың өмір сүру деңгейін арттырады, яғни табыстың артуы;
–урбандалу үдерісін тездетеді және инфрақұрылым дамиды;
–әлеуметтік және мәдени үдерісті тездету;
–мәдени құндылықтар, мәдени
ескерткіштерді қорғау және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру;
–жергілікті өнім өндірушілердің
тауарлары мен ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуы;
–табиғи кешендердің көбеюі;
–өңірдің тартымдылығының артуы.
|
–халықтың әртүрлі топтарының қызығушылығын коммерциялау және полияризациялау;
–білікті емес еңбек үлесінің көбеюі;
қоғамдық тәртіп нормасынан тысқары (ішімдік ішу, бұзақылық) ауытқулар;
–мәдениеттің коммерциализациялануы;
нақты туристік бағыттың табиғилығының жоғалуы;
– жергілікті халық пен туристердің арасындағы келіспеушілік, қақтығыстардың болуы.
|
Ескертпе – Автор құрастырған.
|
Туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты: бастапқы инвестициялар; туристік қызметтерге деген сұраныс; туризмнің пайдалылығының жоғары деңгейі; шығыстардың қайтарымдылығының қысқа мерзімі. Туристік қызметтердің қолжетімділігі, олардың сапалылығы және алуан түрлілігі саяхаттаушылардың демалыс нысанын таңдауда маңызды фактор болып саналады.
Елімізде жақсы демалыспен және демалыс қауіпсіздігімен қамтамасыз ете алатын қызметтерді көрсететін туристік компаниялар желісі дамыған. Туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздері «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңында анықталған [8]. Осы заңға сәйкес туристік қызмет туристік агенттер қызметі және туристік операторлар қызметі болып бөлінеді. Туристік өнімдерді қалыптастыруға, дамытуға және ол өнімдерді туристік агенттер мен туристерге сатуға рұқсаты бар заңды тұлғалардың қызметін туристік операторлар қызметі деп атайды. Туристік операторлар қалыптастырған туристік өнімдерді дамыту мен сатуға рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі – туристік агенттер қызметі.
X. Криппендорф берген анықтамасында, «туристік қызмет – туристік кәсіпорындар қызметінің, сонымен қатар туризм саласындағы жеке және мемлекеттік саясаттың жүйелілік өзгеруі және шоғырлануы». Туризмнің алғашқы және барынша толық анықтамаларының бірін Берндегі университет профессорлары Фрунзикер мен Крапф берген, кейіннен бұл анықтаманы туризмнің халықаралық ғылыми-сараптамалық ассоциациясы қабылдаған. Олардың пікірінше, туризм - адамзаттың жол жүруін, саяхатқа шығуын айқындайтын, ешқандай табыс табумен байланыссыз құбылыс.
Туристік бизнес – бұл туристік өнімді өндіру үшін нысанды кәсіпорындары бар өндіріс орындары. Туристік бизнес қандай тауар мен қандай қызмет түрін орындауды, қандай көлемде, қандай бағамен сату қажеттігін анықтайтын ұғым [22].
Туризмнің әртүрлі түрлерін дамытудың келешегін бағалау әдісіне төмендегі зерттеу кезеңдері кіреді:
1. Рекреациялық мүмкіндіктерді зерттеу.
2. Туризмнің қолданыстағы түрлеріне талдау жасау.
3. Қолданыстағы туристік бағыттарға талдау жасау.
4. Туризмнің жаңа түрлерін дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
5. Туризмнің жаңа түрлерін дамытуда қажеттіліктерді маркетингтік зерттеу, соның ішінде ұзақ мерзімді сұранысты анықтау.
6. Туризмнің келешегі зор түрлерін(соның ішінде турбағыттар) және оларды дамыту үшін қорларды бағалау.
7. Қауіп-қатерлерді бағалау.
8. Туризмнің осы түрі үшін басты бәсекелес елдердің туристік әлеуетін бағалау және туризмнің осы түрінің сырттан келушілер туризмі ретінде қолданылу мүмкіндігін анықтау.
9. Экологиялық өріске әсерін анықтау.
10. Туризмнің осы түрінің экономикалық тиімділігін анықтау.
Шетелдік тәжірибелер туристік бизнесті дамытудағы жетістіктер туризм саласы мемлекет деңгейінде қалай қабылданатындығына, мемлекет тарапынан қаншалықты деңгейде қолдау табатындына және туристік саланы табысты жүргізудің кепілі, кез келген мемлекеттің бюджетін толықтыру көзі болатындығына тікелей байланысты екендігін көрсетіп отыр.
Екінші бөлімде «Қазақстан Республикасындағы туризм саласында шағын кәсіпкерлік қызметтің дамуына талдау жүргізілді.
Туризмді дамыту жөніндегі қызмет 2006 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 2007-2011 жылдарға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен алдымызға қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты – мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейде келісілген іс-шараларды жоспарлауға, туристік саланы тұрақты дамытуға арналған, ішкі туризмнің көлемін ұлғайту есебінен мемлекеттің кіріс пайдасын және халықты жұмыспен қамтудың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру. Еліміз қазірдің өзінде тиімді капитал орналастыру және инвестиция салу тұрғысынан көптеген шетелдік инвесторларды қызықтырып отыр. Мәселен, соңғы кезде шетелдік компаниялар туризм секторына және туристік инфрақұрылымының дамуына, Іле Алатауының етегінде (Шымбұлақ, Түрген) тау шаңғысы курортын салуға тиісті қаражат бөліп келеді.
Қазақстан өз кезегінде Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында, Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағында, Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» және «Ақтау-Сити» демалыс аймағында көзделген инвестицияны дамыту мен тартымды туристік орталықтарды салу, сонымен қатар Ұлы Жібек жолындағы Түркістан қаласында және Байқоңыр ғарыш айлағында мәдени-танымдық туризмді дамытуға баса мән беріп отыр. Қазақстан – Азия мен Еуропаның ең ірі мемлекеттерін біріктіретін аумақта орналасқан. Мұндай тиімді географиялық жағдай халықаралық туристік байланыстардың дамуына оң әсер етеді. Қазақстанда тау-шаңғылық, мәдени-танымдық, экологиялық, оқиғалық, іскерлік, сауықтыру, аңшылық және басқа да туризмді дамытуға ықпал ететін жақсы мүмкіндіктер бар. Қазіргі кезде еліміздегі көптеген табиғи қорықтар, мемлекеттік және ұлттық саябақтар мен табиғи ескерткіштері де туризмді дамытуға өз септігін тигізе алады. Еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында отандық туристік индустрияның жеке өкілдері өңірлік, республикалық және халықаралық бағдарламалары мен жобаларын іске асыруда, туристік қызметті ұйымдастыруда, туризмнің материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайтуда, көрсетілетін туристік қызметтің сапасын қамтамасыз етуде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді. Туризм елімізде мемлекеттің халықаралық қызмет және экономиканың кіріс секторының шеңберінде халықаралық кәсіпкерліктің және іскерлік ынтымақтастықтың маңызды саласының бірі болып табылады. Тарихи-танымдық, табиғи тартымдылық, жағрафиялық орналасу тұрғысынан қарағанда, нарықтық қатынастардың белді буыны – туристік бизнес индустриясын дамытуда еліміздің маңдайы жарқырап тұрғаны белгілі. Қазақстан Республикасының аумағы табиғи климат жағдайына сәйкес далалық, құрғақ дала, шөлейт және шөл, тау бөктері және Алтай таулары деп аталатын іріленген аймаққа бөлінеді. Далалық және құрғақ дала аймақтары барлық жердің 32,6%-ын алып жатыр. Негізінен мал шаруашылығына маманданған шөлейт дала аймағының үлесіне тиесілі - 41,1%, шөл кеңістігінің орны барлығының 13,7%-на тең. Осындай және басқа да ерекшеліктеріне байланысты, мамандардың бағалауынша, негізгі кәсібі дамыған егін шаруашылығына және кенді өнеркәсіпке бейімделген өңірлердің туристік әлеуеті дүниежүзі елдерімен салыстырғанда кем.
Қазақстан экономикасында туризм ролі арту үстінде. Соңғы жылдары (2008-2011 жж.) қызмет көрсетілген туристер саны 3138,6 мың адамға артқан [67]. Бірақ, әлі де туризмнің тиімділігі Қазақстанда төмен. Келуші туристер санының өсу қарқыны (2008-2011 жылдар аралығында 945,6 мың адамға артқан) шығу туризмімен (осы жылдар аралығында 1540,4 мың адамға артқан) салыстырғанда төмен (кесте 2).
Кесте 2 – Қазақстандағы туристік индустрияның негізгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2008-2011 жж. салыстыру,%
|
Қызмет көрсетілген келермендер саны, мың адам
|
10649,0
|
11889,6
|
13787,6
|
14101,7
|
129
|
Келу туризмі, мың адам
|
4365,0
|
4706,7
|
5310,6
|
5441,3
|
121
|
Шығу туризмі, мың адам
|
3004,0
|
3687,9
|
4544,4
|
4598,5
|
151
|
Ішкі туризм, мың адам
|
3280,0
|
3495,0
|
3932,6
|
3981,1
|
119
|
Туристік фирмалар саны, бірлік
|
846
|
921
|
1007
|
1013
|
119
|
Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер саны, бірлік
|
30
|
41
|
51
|
58
|
170
|
Негізгі туристік рес-урстар, барлығы:
оның ішінде:
|
6656
|
7109
|
7405
|
7463
|
111
|
Мұражайлар, бірлік
|
187
|
185
|
195
|
195
|
104
|
Театрлар, бірлік
|
51
|
53
|
55
|
56
|
107
|
Концерттік ұйымдар, бірлік
|
66
|
61
|
67
|
69
|
101
|
Цирктер, бірлік
|
3
|
4
|
4
|
4
|
133
|
Клуб үлгісіндегі мек-емелер, бірлік
|
2409
|
2600
|
2824
|
2839
|
117
|
Кітапханалар, бірлік
|
3664
|
3848
|
3935
|
4067
|
107
|
Киноқойылымды жүзеге асыратын ұй-ымдар, бірлік
|
120
|
194
|
149
|
154
|
124
|
Луна-саябақтар мен демалыс саябақтары, бірлік
|
50
|
53
|
63
|
66
|
126
|
Хайуанаттар саябақ-тары, бірлік
|
4
|
4
|
4
|
4
|
100
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, бір-лік
|
102
|
107
|
109
|
109
|
106
|
Ескерту – Статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған.
|
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2008 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2011 жылдың есептік кезеңінде сырттан келушілер туризмі 12,8 %-ға өсті және келушілердің жалпы санынан 5441,3 мың адамды құрады (38,5%). 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 23,2%-ға өсті және жалпы келушілер ағынынан 4598,5 мың адамды немесе 33,0%-ды құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12,5 %-ға өсті және 3981,1 мың (28,5 %) адамды құрады. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53 863,0 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 13 890,7 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 1,9 есеге өскенін дәлелдейді. Қазақстандағы туристік фирмалардың қызметінің негізгі көрсеткіштері сурет 1 көрсетілген.
Шартты белгілер: - нысандар саны, бірлік - қызмет көрсетілген келермендер саны, мың адам;
1- Ақмола; 2- Ақтөбе; 3- Алматы; 4- Атырау; 5- БҚО 6- Жамбыл; 7- Қарағанды; 8- Қостанай; 9- Қызылорда; 10-Маңғыстау; 11- ОҚО; 12- Павлодар; 13- СҚО; 14 - ШҚО; 15- Астана қ.; 16- Алматы қ;
Сурет 1– Қазақстандағы туристік фирмалардың қызметінің негізгі көрсеткіштері (2010 ж.)
Келуші туристер саны мен олардан түсетін кірістер көлемін аймақтар деңгейінде сараптай отырып, мынаған көз жеткізуге болады: қызмет көрсетілген келермендер саны жағынан бірінші орынды Алматы қаласы (ҚР-ғы жалпы туристер санының 47,9%-ы) және екінші орынды Астана қаласы (23,4 %) иемденіп отыр; 2010 жылы салыстырмалы түрде келуші туристерден көбірек кіріс келтірген аймақтарға ерекше табиғи орындары бар облыстар (Алматы қаласы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облыстары) кіреді; ішкі туризм бойынша негізгі кіріс келтіруші аймақтарға, жағдайы салыстырмалы түрде жақсы тұрғындары бар, Алматы қаласы мен Астана қаласы еніп отыр.
Стратегиялық жоспарлаудың ең маңызды міндеттерінің бірі туристік кластерлерді құру мен дамыту бойынша ұлттық институттардың мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда ұсынылған жобалардың ішінен 19-ы ел Президенті мен Сауда-өндірістік палатасы жанындағы Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі ассоциациясы тарапынан ұсынылса, жалпы құны шамамен үш миллион АҚШ долл. болатын 27 ерекше жоба даму институттарына жөнелтілді.
Осы жобалардың жүзеге асырылуы аймақтағы туристік бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етуді, халықтың жұмыспен қамтылуын, сырттан келетін және ішкі туризм көлемін ұлғайту арқылы бюджет пен халық табысының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны құруды қарастырады. Осының бәрін ескере отырып, біз республикамызда туристік бизнесті дамыту жобасын жасадық және оны кезең-кезеңмен Қызылорда (Қорқыт ата, Қамбаш көлі), Атырау (Сарайшық) облыстарында жүзеге асыру жоспарларын белгіледік. Қорқыт ата ауылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында 1000 мың ш.м. көлеміндегі жерде орналасқан. Осы аймақта туристік бизнесті дамытудың басты бағыттарына танымдық және оқыту сипатындағы туристік аудандарды құру, табиғатымен және мәдениетімен танысу, аквабақты аудандарды дамыту жатады.
Туристік бизнесті табысты стратегиялық жоспарлаудың тағы бір факторы – инвестициялық қаржы көлемінің көздерін анықтау (Кесте 3).
Кесте 3– Белгіленген жобаларды жүзеге асыруға жоспарланған инвестициялар көлемінің көздері, (мың АҚШ доллары)
Нысан
|
Инвестиция көзі
|
|
Соның ішінде
|
Барлығы
|
Мемлекеттік бюджет
|
Жергілікті бюджет
|
Жеке
инвестициялар
|
Қызылорда облысы:
Қорқыт ата
|
194214
|
29132
|
29132
|
135950
|
Байқоңыр
|
328465
|
49270
|
49270
|
229680
|
Қамбаш
|
76686
|
11503
|
11503
|
53680
|
Барлығы
|
599365
|
89905
|
89905
|
419555
|
Атырау облысы
|
582237
|
87336
|
87336
|
407565
|
Барлық инвестиция
|
1181602
|
177241
|
177241
|
827120
|
Ескерту – Автор құрастырған.
|
Қазіргі кезде туристік бизнесті дамыту жобасын жүзеге асырудың негізгі көздері мыналар: жеке инвестициялық қаражаттар – 827,120 мың долл. жергілікті бюджет 177,241 мың долл. және мемлекеттік бюджет – 177,2 мың долл. Жібек жолындағы туризмді дамыту жобасы бойынша инвестицияның жалпы көлемі (2011-2020жж.) 1 181 602 мың долл. құрайды. Қызылорда облысы бойынша жалпы көлем 599 365 мың доллар немесе инвестицияның жалпы көлемінің 50,7% -ы, оның ішінде Байқоңырда – 328 465 мың долл. (54,8%), Қорқыт атада – 194 214 мың долл. (32,4%), Қамбашта – 76687 мың долл. (12,8%). Атырау облысындағы инвестицияның жалпы көлемі 582 237 мың долл. немесе жалпы көлемнің 49,3%-ы. Нарық конъюнктурасы тез өзгеріп жатқан жағдайда туристік бизнесті дамытудың стратегиялық жоспарының тиімділігі көбіне туристік қызмет нарығы дамуының күшті және әлсіз жақтарын кешенді бағалауға және туристік қызмет нарығының жұмысына толық SWOT-талдау жүргізуге байланысты болады. Біз талдау жүргізіп, оның нәтижесін 4-кестеде беріп отырмыз.
Кесте 4 – Қазақстандағы туристік кәсіпкерлік қызметке кешенді талдау
Талдау
|
Даму стратегиясы
|
Күшті жақтары
|
-еуразиялық құрлықта орналасуы жүздеген миллион туристерді тартуға мүмкіндік береді;
- әрбір аймақта ерекше және әртүрлі қорлардың болуы.
|
күшті жақтарды нығайту:
- қолда бар туристік мүмкіндіктерді барынша қолдануды күшейту;
- туристік бизнесті Еуразия орталығында географиялық орналасуын ескере отырып дамыту;
- туристік қызмет нарығының аймақтық көліктік инфрақұрылымын салу және дамыту.
|
мүмкіндіктері:
- туристік индустрияны дамытуға ұмтылу;
- шетелдерде танымал болу жоғары деңгейде.
|
мүмкіндіктерді пайдалану:
-туристік сұраныстың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін туристер саны мен туристік өнімдер сапасын ұлғайту;
- аймақтық жобаларды жан-жақты дамытуға байланысты туристік бизнесті белсендендіру;
- 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарын өткізуге байланысты оқиғалы туризмді ұйымдастыру.
|
Әлсіз жақтары
|
- туристік мақсатта келушілер санының аз болуы;
- инфрақұрылымның әлсіз дамуы.
|
әлсіз жақтарды пайдалану:
- туристік қызмет инфрақұрылымын жасау;
- аймақтың туристік өнімі мен ерекшелігін дамыту;
- туристік қорларды жүйелі пайдалану және туристік өнімдерді жылжытуды күшейту.
|
Қауіп-қатерлер:
- туристік қызметтің сыртқы нарығында елдер арасындағы күшті бәсекелестік;
- туристік индустрияға инвестиция тарту деңгейінің төмендігі.
|
қауіп-қатерлерді жою:
- бәсекелестікке қабілетті туристік өнімдерді жыл-
жыту;
- туристік бизнесті дамытуға инвестицияларды тарту жүйесін жетілдіру;
- туристік өнімді дамыту арқылы ұлттық экономикаға (ЖІӨ) тікелей және жанама салымның өсуі;
- туристік бизнестің тұрақты дамуын күшейту.
|
Ескерту – Автор құрастырған.
|
Бұдан басқа, туристік бизнесті тиімді дамыту үшін стратегиялық жоспарлаудың, өлшеудің және үнемі өзгермелі нарықтық жағдайында олардың өзгермелі сыртқы орта жағдайына бейімделуінің әлеуметтік мүмкіндіктері қаншалықты толық ескерілуіне байланысты туристік ұйымдар (фирмалар) тиімділігін бақылаудың бірыңғай қағидаттары мен тәсілдерін жасау қажет.
Үшінші бөлімде Қазақстандағы туризмде кәсіпкерлік қызметтің дамуының басыңқы бағыттары ұсынылған. Қазақстанның туристік әлеуеті туризмнің барлық түрін: мәдени, оқиғалы, танымдық, спорттық, экологиялық, сондай-ақ қызығушылығы бойынша (ғылыми, діни, орнитологиялық және т.б.) арнайы саяхаттар түрін дамытуға қолайлы. Туристік бизнесті дамытуда Қазақстанның келешегі айқын. Туризмді жоспарлаудың, басқарудың, үйлестіру мен бақылаудың үйлестірілген механизмі негізінде дамытуды қолдауды қамтамасыз етуге маңызды рөл берілген. Жақсы жоспарланған, ширақ және кәсіби түрде жүргізілген туристік қызмет нарығын дамыту саясаты соңында сыртқы нарықта қазақстандық туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне алып келеді. Алайда Қазақстанда туристік бизнесті басқаруда бірқатар кемшіліктер де кездеседі, олардың бастыларына жататындар: орталық және аймақтық басқарушы ұйымдар арасында міндеттердің өз дәрежесінде бөлінбеуі, туристік бизнесті дамытуда мемлекеттік ұйымдар қызметінің шектелуі, әлемдік нарықта отандық туристік өнімді өткізу бойынша ұйымның жоқтығы, жеке секторда жаңа жобаларды жүзеге асыратын және үкіметте жеке сектор мүддесін қорғайтын ұйымдар санының лимиттелуі, жеке сектор мен мемлекеттік басқару ұйымдары арасында өзара байланыстың жоқтығы.
Туристік бизнестің қазіргі даму жағдайын талдай отырып, біз республикадағы туристік кәсіпкерлік қызметті жетілдіру мен дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынып отырмыз. Бұл 2-суретте толық көрсетілген.
Ескерту – Автор құрастырған.
Cурет 2– Ұсынылған туристік қызмет нарығын дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары
1. Туристік инфрақұрылымды дамыту.
2. Мәдени-тарихи ескерткіштерді сақтау
3. Материалдық-техникалық базаны нығайту.
4. Статистиканы жетілдіру.
5. Туризмдегі туристік өнімдер мен білім сапасын арттыру.
6. Туристік бизнес саласын нормативті-құқықтық реттеуді жетілдіру.
7. Халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жетілдіру.
8. Туристік бизнесті дамытуды басқаруды жетілдіру.
Туризмді басқару үдерісін жетілдірудің басты мақсаты қазіргі таңда Қазақстанды Орта Азиядағы ірі туристік мемлекетке айналдыру болуы керек. Ол үшін үкіметтің туризмді басқаруды ұйымдастыруын жүйелеу, шетелдік туристерді тарту мүмкіндіктерін күшейту және туристік саясатты зерттеуді дамыту, жеке құрылыммен тығыз ынтымақтастық орнату, халықаралық ту-ризмде ауқымды іс-шаралар жүргізу бойынша жұмыс жүргізу керек (Кесте 22).
Шетел тәжірибелері туристік кластерлердің дамуы туристік қызмет көрсету нарығының тиімділігін арттыратынын көрсетіп отыр және сол арқылы олар ұлт жағдайын жақсартып отыр. Осыған байланысты, туризм экономикасының кластерлік дамуында жергілікті әкімшіліктің құзырына жеке кәсіпкерлерге, жобаға және жалпы экономика ісіне араласушыларға жақсы іскерлік орта құрып беру кіреді. Бұл істің тиімділігі мен анағұрлым жоғары өнімділігіне әсер етеді. Осыған орай, ҚР-ның Үкіметі туристік кластер құру жөнінде шешім қабылдады. Мұны жүзеге асыру мақсатында мемлекет пен жеке құрылымдар арасында жан-жақты талқыланған әрі өзара тиімді серіктестікке құрылған туристік кластер жобасы құрылды.
Кластердің ұйымдастырушылық құрылымын үкіметтік құрылымдар мен зерттеу институттарының өзара бірлескен іс-әрекеті түрінде қарастыруға болады (сурет 3).
Бұлар тиісті стратегиялық бастамаларды көтеретін жұмыс топтарын құрады.
1 – туроператорлары; 2 – табиғи туристік кешендер мен тарихи-мәдени мұра кешендері; 3 – туристер мен тағзым етушілер; 4 – орналастыру қоры; 5 – коммуналды шаруашылық; 6 – мамандар; 7 – азық-түлік базасы; 8 – инженерлік-техникалық құрылғылар; 9 – ғылыми-зерттеу бөлімдері мен басқару ұйымдары.
Сурет 3 – Туристік кластер құрудағы негізгі құрамдардың өзара байланысының тұжырымдамалық сызбасы
Кластерлік тәсілді құрудың географиялық ұстанымына сүйене отырып, оны жүзеге асырудың бір кезеңіне халықаралық, ауданаралық және аудандық кластерлерді анықтауға арналған аудандық жобалар құру ісін қарастыру керек. Мұның ішіне табиғи туристік кешендер мен тарихи-мәдени мұра, саяхат жерлері, орналастыру қорлары, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, азық-түлік қоймасы, ғылыми сектор мен басқару ұйымдары кіреді.
Жүргізілген SWOT– талдау нәтижесі 4 сурет көрсетілген сызбада толық кескінделген.
Ескерту – Автор құрастырған.
Сурет 4 – Ұлы Жібек жолы желілік құрылымды дамытудың
күшті және әлсіз жақтары
Ұлы Жібек жолының қайта жаңаруы туристік қызмет көрсету нарағының негізгі субъектісін байланыстыратын қауіпсіз жол болар еді. Сондай-ақ, ол өтетін елдерге мол табыс әкелер еді. Оңтүстік аймақта туристік кластерді дамыту іс-шара жоспарын жүзеге асыру үшін Собди бизнес-инкубаторы құрылған. Оның негізгі міндеті – кіші бизнестің дамуына қолдау көрсету, жаңа түрлердің ашылуына үлес қосу, осы саладағы инновациялардың дамуын реттеп отыру болып табылады
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген туристік қызмет көрсету саласындағы шағын кәсіпкерліктің қызмет көрсету ерекшеліктері ғылыми-зерттеу жұмысын жан-жақты талдаулар келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1. Әлемнің көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы бизнес ретінде туризм әлеуметтік-экономикалық дамуда маңызды роль атқарады. Туризм бизнесі экономиканың тұрақты дамушы секторы болып табылады және саяхаттау кезеңінде туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында туристік тауарларды сату және туристік қызмет көрсету кешенін ұсыну турситік қызмет кәсіпорындарын құрайтын.
2. Туристік кәсіпкерліктің шетел тәжірибесін зерттеу және оның Қазақстандағы жағдайы, сонымен қатар дамыту бойынша мемлекет қабылдаған іс-шаралар Қазақстандағы туристік қызмет көрсету нарығының бәсекелестік артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындауға мүмкіндік туғызды. Туристік сапар шегу құрылымында сыртқа шығу туризмі үстем, 2005-2010 жж. үш есеге өсті. Сыртқа шығу туризмінде туристер ағыны негізінен ТМД елдерінен сырт елдер үлесінде, оның ішінде алыс шетел мемлекеттерінен Түркия (30%), Қытай (23,1%), Германия (11,3%) елдерінің үлесі жоғары. Туристік кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын зерттеу бай туристік ресурстардың және ішкі туристік нарықтың мүмкіндігі толық көлемде қолданылмайтындығын; және туризм индустриясы және инфрақұрылым тиімді құрылмағандығы; қосымша жұмыс орындарын құру факторлары өз деңгейінде ынталандырылмайтындығын көрсетті. Әлеуметтік туризм жүйесі өз деңгейінде дамымаған және туризм экономиканың тартымды инвестициялық саласы ретінде әлі қалыптасқан жоқ.
3. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2008 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2011 жылдың есептік кезеңінде сырттан келушілер туризмі 12,8 %-ға өсті және келушілердің жалпы санынан 5441,3 мың адамды құрады (38,5%). 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 23,2%-ға өсті және жалпы келушілер ағынынан 4598,5 мың адамды немесе 33,0%-ды құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12,5 %-ға өсті және 3981,1 мың (28,5 %) адамды құрады. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53 863,0 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 13 890,7 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 1,9 есеге өскенін дәлелдейді. Есептік кезеңде 1013 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 58 жеке кәсіпкер 567,0 мың келушілерге қызмет көрсеткен, бұл 2011 жылдың деңгейінде 105,1%-ды құрады. Туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табыс 2011 жылы 63,0 млрд. теңгені құрады және бюджетке аударылған салық сомасы 9 млрд. астам теңгені құрады, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 36%-ға артық. Республикада қызмет ететін 992 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны 2 640,2 мың адамға 40414,1 млн. теңгеге қызмет көрсеткен.
4. Келуші туристер саны мен олардан түсетін кірістер көлемін аймақтар деңгейінде сараптай отырып, мынаған көз жеткізуге болады: қызмет көрсетілген келермендер саны жағынан бірінші орынды Алматы қаласы (ҚР-ғы жалпы туристер санының 47,9%-ы) және екінші орынды Астана қаласы (23,4%) иемденіп отыр; 2010 жылы салыстырмалы түрде келуші туристерден көбірек кіріс келтірген аймақтарға ерекше табиғи орындары бар облыстар (Алматы қаласы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облыстары) кіреді; ішкі туризм бойынша негізгі кіріс келтіруші аймақтарға, жағдайы салыстырмалы түрде жақсы тұрғындары бар, Алматы қаласы мен Астана қаласы еніп отыр. Қазіргі туризм экономикалық құбылыс ретінде ұлттық экономиканың жедел дамуында катализатор бола отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ұлттық табыстың артуына, жергілікті инфрақұрылымның дамуына және тұрғындардың өмір деңгейінгің өсуіне септігін тигізіп отыр.
5. Туристік бизнесті дамыту стратегиясына сәйкес жоспарды кезең бойынша жүзеге асыру төмендегідей: 2011-2012жж. – жоспар құру, инвестиция көздерін анықтау жоспарланған жұмыс көлеміне рұқсат алу; 2013-2015жж. – 1-кезең – «Судағы виллалар» аймағын, демалыс және ойын-сауық құрылысын, демалу үшін су үсті құрылыстарын салу; 2016-2018жж. – 2-кезең – Конда үлгісіндегі қонақүйлер аймағы құрылысы; 2018 ж. – туристік демалыс аймақтарының ашылуы мен басқарылуы. Қазіргі таңда ұсынылған жобалардың ішінен 19-ы ел Президенті мен Сауда-өндірістік палатасы жанындағы Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі ассоциациясы тарапынан ұсынылса, жалпы құны шамамен үш миллион АҚШ долл. болатын 27 ерекше жоба даму институттарына жөнелтілді. Осы жобалардың жүзеге асырылуы аймақтағы туристік бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етуді, халықтың жұмыспен қамтылуын, сырттан келетін және ішкі туризм көлемін ұлғайту арқылы бюджет пен халық табысының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны құруды қарастырады.
6. Республикамызда туристік бизнесті дамыту жобалары Қызылорда (Қорқыт ата, Қамбаш көлі), Атырау (Сарайшық) облыстарында жүзеге асыру жоспарлары белгіленді. Қорқыт ата ауылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында 1000 мың ш.м. көлеміндегі жерде орналасқан. Осы аймақта туристік бизнесті дамытудың басты бағыттарына танымдық және оқыту сипатындағы туристік аудандарды құру, табиғатымен және мәдениетімен танысу, аквабақты аудандарды дамыту жатады. Осы аймақта туристік бизнесті дамыту үшін келесі көрсетілгендерді қарастырған жөн: 2011-2012жж. – даму жоспарын жасау және мақсатқа сәйкестігін зерттеу, шетелдік инвестицияларды тарту, орталық және аймақтық басқару ұйымдары тарапынан инвестиция бюджетімен қамтамасыз ету және кешенді база құрылысына рұқсат алу; 2013-2015жж. – Қорқыт ата бойынша жобаның 1-кезеңі – оқыту үшін Орталықтың құрылысы; 2016-2018жж. – 2-кезең – экологиялық мәдениетті тануға арналған орталықтың құрылысы; 2019-2020жж. – 3-кезең – аквапарк құрылысы; 2020ж. – барлық туристік аймақтардың ашылуы мен басқарылуы.
7. Республиканың экономикалық басыңқыларының бірі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, мықты туристік кластерді құру болып табылады. Кластерлік талдау жүргізу дамудың тиімді стратегиясын таңдау үшін көп мақсатты ресурстар бойынша бірнеше ақпараттық блоктардан тұратын жүйе қажет. Туристік кластердің бәсеке қабілетті индикаторларын жасақтау және оның бәсекелестік артықшылықтары мониторингін құру қажет. Сыртқа шығу туризмін дамытуға бағытталған және республикада әлеуетті мүмкіндіктерді қолданатын кластерді дамыту ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін жоғарылатуға қабілетті. Келешекте туристік кластерді барынша дамыту және табиғат жағдайларын жақсарту мен қорғау шараларын есепке алу тек қана республика халқының ғана демалыс тиімділігін арттырып қоймай, отандық туристермен қоса, шет елдік туристердің де ағылып келуіне жол ашу керек. Туристік кластерлерді дамытуды қолдау мемлекеттік және жеке секторлардың кешенді іс-әрекетіне, соның ішінде аймақтың тұрақты және үдемелі әлеуметтік-экономикалық деңгейін дамыту мақсатында бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құрудың артықшылығын түсінуге негізделуі тиіс.
8. Туристік фирмалардың экономикалық стратегиясы келесі негізделген сұрақтармен қорытындыланады: жақын болашақта, мысалы келесі жылы қызмет көрсету қанша көлемде ұсынылады: сапаны және қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиетін жоғарылату немесе олардың өзіндік құнын төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы іс–шараларды жүргізуге болады ма: қызмет көрсетуді жақсарту бағытында кандай іс–шаралар жүргізуге болады; нарыққа қызмет көрсетуді қандай бағамен шығаруға болады? Фирманың осы не басқа варианттағы стратегиясының тиімділігін бағалау үшін критериилерді анықтау қажет. Фирманың критерийлері ретінде жылдық пайда, шығындардың рентабельділігі және шығындар рентабельділігінің индексі болуы мүмкін.
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі
1. Туристік қызметті ұйымдастырудың шет елдік тәжірибесі. //ҚМУ хабаршысы. Қызылорда, 2012. №2 (34).
2. Қазақстандығы туризмнің жағдайы мен дамуы. // Жас ғалымдар жинағы. Қызылорда, 2012.
Резюме
Исаева Гүлнар Болатқызы
Особенности функционирования малого предпринимательства в сфере туристической деятельности Республики Казахстан
на соискание академической степени магистра экономических наук
по специальности 6МO50600 - «Экономика»
Объект исследования – система функционирования малого предпринимательства в сфере туристической деятельности Республики Казахстан.
Предметом исследования являются совокупность экономических отношений, возникающих в процессе функционирования малого предпринимательства в сфере туристической деятельности Республики Казахстан.
Целью исследования является определение практических направлений разработка научно обоснованных предложений развития малого предпринимательства в туристической деятельности на основе исследования и анализа теоретических методических основ функционирования малого предпринимательства в сфере туристической деятельности.
Теоретической и методологической основой исследования явились труды отечественных, зарубежных ученых, занятых проблемой развития малого предпринимательства в туристической деятельности, отраслевые нормативные документы, нормативно-правовые и законодательные акты РК, Постановления Правительства РК, данные Агенства по статистике РК.
Научная новизна исследования заключается в следующем:
-
уточнены и обоснованы основные положения понятия и значения малого предпринимательства в сфере туризма,
-
на основе анализа современного состояния туристической отрасли РК и развития малого предпринимательства определены основные направления равития туристического бизнеса;
-
с учетом факторов, оказывающих влияние на эффективность развития туризма обоснованы пути развития малого предпринимательства в сфере туристической деятельности;
-
предложены модель развития туристического кластера в РК и стратегические перспективы повышения конкурентоспособности туристических фирм
Научно-практическая значимость магистерской диссертации состоит в том, что изложенные в ней выводы, предложения и рекомендации могут быть учтены и использованы при решении комплекса проблем разития малого предпринимательства в туристической деятельности.
Апробация результатов исследования. Научно обоснованные предложения автора могут быть использованы в деятельности управления предпринимательства и промышленности Кызылординской области.
Summary
Isaeva Gulnar Bolatkyzy
Features of functioning of small business in the sphere of tourist activity of the Republic of Kazakhstan
is submitted for the academic master's degree magister on economic science of 6MO50600 – «Economica» speciality
Object of the research - oil and gas industry of Kazakhstan.
Subject of the research is economical relations between economic entities of oil and gas complex and government with its institutions during development of innovational activity.
Objective of the research is a development of innovational activity in oil and gas industry of Kazakhstan of theoretical-methodological justification of necessity for development.
Theoretical and methodological basis of the research are local and foreign works of scientists in the investigated issue, specifically development of innovational activity in oil and gas industry of Kazakhstan.
Scientific novelty of the research:
- basic provisions of concept and value of small business in the sphere of tourism are specified and proved,
- on the basis of the analysis of a current state of tourist branch of RK and development of small business the main directions a ravitiya of travel business are defined;
- taking into account the factors influencing efficiency of development of tourism ways of development of small business in the sphere of tourist activity are proved;
- are offered model of development of a tourist cluster in RK and strategic prospects of increase of competitiveness of travel companies.
Scientific and practical significance - of the master dissertation consists that the conclusions stated in it, offers and recommendations can be considered and used at the solution of a complex of problems a razitiya of small business in tourist activity.
Aprobation of the results – the science base sentences arguments on facts of the author may be used in development of management entrepreneur and industry of Kyzylorda oblast.
Достарыңызбен бөлісу: |