1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



бет31/83
Дата26.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#488016
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83
лекция ЖЕФ

Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің бүкіл тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады.


Ішкі секреция бездерінің қызметін өз тарапында орталық жүйке жүйесі реттеп отырады.

Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.


Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі гормон – өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл организмге әсер етеді.
Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларына бай келеді.
Гормондардың қасиеттері:
а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты,
яғни қашық түрып, алыстан әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет