Ішкі секрециялық бездер және олардың қызметінің жас ерекшеліктері. Қабылдаған:Саржанова Ш Жоспар: - Бездер туралы түсінік
- Гормондар
- Гипофиз
- Эпифиз
- Айырша без
- Қалқанша безі
- Қалқанша маңы безі
- Бүйрекүсті бездері
Бездер туралы түсінік - Адам денесіндегі бездерді сыртқы және ішкі секрециялық бездер деп екіге бөледі. Сыртқы секрециялық бездерге секрецияларын шығарып отыратын түтікшелері бар бездер жатады. Сол түтікшелері арқылы секретін арнайы мүшелер қуысына, кілегейлі қабықша бетіне бөліп отырады.
- Ішкі секрециялы бездерінің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі. Осының салдарынан олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын ерекше химиялық құбылыста келген сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуіне т. б.) өте қатты әсер етеді. Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге, органдарға тиетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу жолы деп атайды.
Гормон деген не? - Гормондар — ете күшті активті заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы (ішкі секрециялы бездердің жұмысы) вегетативтік нерв жүйесімен жоғары ми қызметіне байланысты келеді. Бұл бездердің көлемі өте шағын, бәрін жинағанда жалпы салмағы 100 грамнан аспайды. Бірақ олардан бөлініп шығатын гормондар әсерінің жалпы ағзаға, мүшелер жұмысына маңызы зор. Сонымен бірге ішкі секрециялы (эндокринді) бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста болады., Сол себептен бір бездің қызметтерінің бұзылуы басқа бездердің де жұмысына әсер етеді. Гормон деген терминді 1902 жылы В. Бейлис және Э. Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлуін реттейтін секретин деген затқа байланысты ұсынған.
- Эндокриндік жүйе мүшелерінің жұмысын, алмасу процестерін, ағзадағы теп-теңдікті, тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |