1. Түрік мемлекетінің алғашқы ошағы:
XI ғасырдың аяғына таман Кіші
Азия жерінде құрылды
2. Оны құрған Орталық Азия жерінен шыққан түркітілдес көшпелі тайпалар:
селжұқтар болатын
3. IX ғасырдың аяғында Орталық Азияда:
Оғыз мемлекеті қалыптасты
4. Қыпшақтар күшейіп, Оғыздарды ығыстыра бастайды:
XI ғасырдың
басында
5. Қыпшақтар ығыстырған Оғыздар:
Иран жеріндегі Ғазнауи мемлекетінің
жерін жаулап алды
6. Оғыздар Иран жеріндегі Ғазнауи мемлекетінің жерін жаулап алған соң,
сол жерде:
Ұлы Селжұқ мемлекетін қалыптастырып, одан әрі
жаулаушылық жорықтарын жалғастыра берді
7. Селжүктер XI ғасырдың ортасында:
Кіші Азияға жаулаушылық
жорықтарын бастайды
8. 1071 жылы селжүк сұлтаны Алып-Арсланның әскері:
Манцикерт
маңында Византия әскерін талқандады
9. Селжұқ сұлтанының жері:
шығыста Қашғардан бастап, батыста
Жерорта теңізіне дейін, солтүстікте Қара теңізге дейін, оңтүстікте
Парсы шығанағы мен Сирия жазығына дейін жетті
10. Селжұқ сұлтанының жерін:
XIII ғасырдың ортасында моңғол әскері
бірінен кейін бірін басып ала бастады
11. 1307 жылы моңғолдар:
соңғы селжүк сұлтаны III Гияседдин Месудтың
әскерін талқандады
12. Осылайша 230 жыл өмір сүрген:
Селжүк мемлекеті жойылды
13. 1219-1221 жылдары моңғолдардың Орта Азияға жорығы кезінде:
Ертоғрыл бастаған түрікменнің «қайы» тайпасы түрікмен даласынан
батысқа қарай жылжыған болатын
14. Ертоғрыл бастаған түрікменнің «қайы» тайпасы түрікмен даласынан
батысқа қарай жылжып:
XIII ғасырдың 30-жылдары Кіші Азияға жетті