МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................................3
1-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесс және оның негізгі кезеңдері....................................................................................................................5
1.1. Несиелік процесс және оның мазмұны........................................................5
1.2. Несиелік құжаттамалар және олардың түрлері.........................................16
2-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесті ұйымдастыру тәжірибесіне талдау............................................... ................................................24
2.1. Коммерциялық банктердің несиелік нарығына талдау............................24
2.2.«ТуранАлмемБанк» АҚ-ның несиелік процесін ұйымдастыруын бағалау……..............................................................................................................38
3-тарау. Коммерциялық банктердің несиелік процесті ұйымдастырудың жетілдіру жолдары…………………………………..............................................64
Қорытынды…..........................................................................................................71
Қолданылған әдебиеттер………………………....................................................75
КІРІСПЕ
1990 жылда Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру, несиелік жүйені жақсарту және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстанның Ұлттық банкі ақша-несие саясатының біршама тиімді классикалық құрал-дарын пайдаланды. Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу, валюталық нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен, сондай-ақ Ұлттық банктің бағалы қағаздарымен операциялар-ды жүзеге асыру жатады.
Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24%-дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның салдарынан Ұлттық банк мұндай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық банк 1996-1998 ж ж. орталықтандырылған несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді қа-жеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, «репо» операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отырды.
Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап Қаржы министрілігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан Ұлттық банк оған тікелей несие беруін тоқтатты. Оған дейін бюджеттің тапшылығының 80 %-ға жуық бөлігі Ұлттық банк несиелері есебінен жабылып келгендігін айта кету керек. Мұнда осы реформаның бірден-бір нәтижесі деп санауға толық болады.
Менің диплом жұмысымның өзектілігі елімізде несиелік жүйенің кең таралуымен, бұл мәселенің толық түрде шешілмеуімен ұштастырылған.
Диплом жұмысымның мақсаты, банктің несиелік процессі,оның негізгі кезеңдерін, мазмұнын, құжаттамаларын, қабілетін, клиентке несие беру жүйесін кең ауқымды қарастырып талдау,оны айқындау.
Бұл жұмыста несиенің шығу тегінен бастап, Қазақстандагы банктік капиталдың қалыптасу ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі акша-несие қатынас-тарының дамуы толығырақ қамтылған. Осы қойылған мақсатқа сәйкес бұл жұмыстың өзіндік міндеті, ол тек қана акша мен несиеге арналмайды, сол сияқты банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы мекемелердің нарықтық экономикадағы рөлі мен қызметтеріне арналады. Банктерді тек қана қазіргі түрғыдан сипаттап қоймай, оларды тарихи даму тұрғысынан көрсетеді.
Диплом жұмысымның зерттеу объектісі – коммерциялық банктегі несиелік процесті ұйымдастыру.
Зерттеу пәні – несиелік процесс және оның қатынастарын ұйымдастыру.
Бұл жұмыс тек қана несие қатынастарының теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Жұмыс үш тақырыпқа бөлінеді. Бірінші тақырыпта несие теориясы, екінші тақырыпта несие практикасы берілген. Мұнда несиенің экономикадағы мәні атқаратын қызметтері ғана қамтылып қоймай, сонымен қатар несие берушілер мен қарыз алушылардың өзара қатынасында пайдаланылатын, оның формалары мен түрлері нақты отандық банктер тәжірибесінде толық қамтылады.
1-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процессі және оның негізгі кезеңдері
1.1. Несиелік процесс және оның мазмұны.
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъек-тілермен катар мемлемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пай-даланады.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметін, міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм кө-мегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат — банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті кұжаттар жүйесін жасау шарттарын анықтайды.
Кең мағынада, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар түрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынада, несиелік саясат — бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
-
нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
-
несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауга мүмкіндік береді;
-
нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін
қамтиды;
-
оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен
нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын оның тәуекелді басқару облы-сындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауга мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын бъективтік стандар-ттар мен критерийлерін;
-
несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
-
сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қыз-меттің сапалығын;
-
ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекет-тердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асыру-дың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді не-сиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвес-тициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуга, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) бер-ген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау, жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау, банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң соның негізінде банк қыз-меткерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аякталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқау-лықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимидтерін, тәртібін кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы да мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
-
несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
-
несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
-
несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анық-тайды;
-
несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін
бекітеді;
-
несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар
белгілейді;
-
несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
-
берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
-
банктің несиелік стратегиясын жасайды;
-
несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
-
несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды
және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды өз кезегінде несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде қарастыруға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:
-
несиелік қызметті ұйымдастыру;
-
несиелік портфельді басқару;
-
несиелеуге бақылау жасау;
-
құзыретті бөлу принциптері;
-
несиелеуді талдаудың жалпы критерийлері;
-
несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
-
несиелермен жасалатын жымдық жұмыстардың приниптері;
-
несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:
-
несиелеу мақсаты:
-
несиелеу стандарты.;
-
несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір қүжатта «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарламалары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
-
қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
-
несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
-
әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
-
қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
-
құжаттардың толтырылуына койылатын талаптар;
-
несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт жане т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімі бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
-
банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
-
несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқау ретінде болу;
-
несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаудың талаптарының орындалуына бақылау жасау тұралы;
-
несиелік талдау және аудит бөлімі жүмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім ендіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни нссиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты егер несие материалдық жағынан камта-масыз етілмеген жағдайда банк алдындағы шаруашылық үйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат олардың негізгі және материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мүндай қорларды жасау ең бастысы өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.
Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтың жатады.
Үзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
-
өндіріс объектілерінің ңқұрылысы;
-
өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта
каруландыру, кеңейту;
-
техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
-
жаңа өнім шығаруды ұымдастыру;
-
өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Кұнның қозғалысы — бұл несиенің қозгалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бүған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі уғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозгалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және к,айтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозгалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие кең ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жүмсалымдарының бір формасын білдіретін кең үғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір гана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белігі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиы-нтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мүндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Карыз беруші - карызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны кайтаруға міндетті несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынастан емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды үғым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар түлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің қүрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген қүнды білдіреді.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
- кайта бөлу;
-
айналыс шығындарын үнемдеу;
-
айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
-
капиталдың шоғырлануын жеделдету;
-
ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің кайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық құнды жүмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржынық бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал агымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизмі негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындагы уақытша болатын алшақтық кей жагдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымьн қамтамасыз етіп қана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты акшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мүндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенін ғылыми-техникалык, прогресті жеделдету кызметі ғылыми-техникалық үйымдардың ңызметін қаржы-ландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кәмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік ңаржы-ландыруда отырғандардан басңалары) жүмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске гылыми техыологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса ңажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапңыда кәсіпорынның ңаражаты-мен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен ңаржыландырылады.
1.2. Несиелік құжаттамалар және олардың түрлері.
Несие берушінің борышқорға (заемшыға) ақшаны, не тауарды қайта-рып беру шартымен немесе белгілі бір ақы төлегенде жеделдетіп қарыз (несиені қолданғаны үшін төлейтін үстемесі) беру барысында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының. олардың негізгі кызметтерінің яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мүндагы тауар түрінде берілетін несиені — коммериялық ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатьнастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мүндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Банк несиесі – қарызға ақша берілген үшін алынатын төлем. Ол несиелік пайыз болып екі түрге бөлінеді, бұлар банктер қызметінің екі түріне: салындыларды сақтауға және қарыздар беруге сәйкес келеді. Банк пайызының ең басты проблемаларының бірі – жиналған салындыларды пайда келтіретіндей етіп орналастыру.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
-
қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
-
коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
-
қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
-
коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік
пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
-
қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында бұл несие үшін
төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кең түрде тараған несиелік қатынастар болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі;
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
-
Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
-
мақсатты қорларға;
-
банктерге;
-
қаржы-несиелік мекемелеріне.
-
Каржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
-
өнеркәсіп салаларына;
-
ауыл шаруашылығына;
-
саудаға;
-
дайындау ұйымдарына;
-
жабдықтау-сату ұйымдарына;
-
кооперативтерге;
-
жеке кәсіпкерлерге.
3. Түтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
-
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
-
орта мерзімді (1 жылдан 3—5 жылга дейін);
-
үзақ мерзімді (5 жылдан жогары).
ІІІ. Пайдалану сипатына қарай:
-
негізгі қорларға жұмсалатын;
-
айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
-
кепілхатпен,
-
кепілдемемен;
-
кепілдікпен.
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
-
сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
-
Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтарылуына ешқандай күмән жоқ несиелер;
-
Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді:
1-санатты күмәнді,
2-санатты күмәнді,
3-санатты күмәнді,
4-санатты күмәнді,
5-санатты күмәнді.
- Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне к,арай:
-
ұлттық валютамен;
-
шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
-
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Тұтыну несиесі – тұтыну мақсатындағы несие, бұл ұзақ мерзім бойы пайдалануға қажетті тұтыну тауарларын сатып алуы үшін жеке адамға берілетін төлем уақыты ұзартылған қарыз ақша. Тұтыну несиесі мөлшеріне аса жоғары несиелік тәуекел (қайтарылмауға тәуекелдік) ықпал етеді.1
-
Ипотекалық несие — бұл қозгалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарды жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Ипотекалық несие – заем иесінің кепілдікке қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке алуына арналған ссуда. Егерде заем иесінің несие келісім және бекітілген шарт (ссуданың мерзімінің өтеуіне) бойынша несие иесі кепілдікке алынған қозғалмайтын мүлліктерді (пайызын қоса есептеп) заемға алған ақшаны қайтару үшін оны сатуға құқылы.(4)2
-
Овердравт несиесі клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
-
Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
-
Онколъдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Онколь – (ағыл. On call - сұраныс бойынша) банкітер беретін несие насандарының бірі, мұндай қарыз алушы өзіне банк белгісіз мерзімде ашқан несиені бірте – бірте пайдалану құқығын алады. Әдетте тауарлар, вексельдер мен бағылы қағаздар кепілдігімен қамтамасыз етіледі. Жай несиеден сомасы мен қамтамасыз ету сомасы ағымдағы сипатта болуымен және жақтардың әрқайсысының талап етуімен онколь кез келген сәтте тоқталуы мүмкін. Онкольда қарыз бірте – бірте лимиттің талап етуімен төленеді. Онкольдық несие бойынша қарыз алушы тек онкольдық шегі есебі бойынша іс жүзінде алынған сома үшін ғана банкке төлейді. Сыртқы саудаға онкольдық мәміле – бағаны кейіннен бекітіп тауар жеткізіліміне мәміле жасасу. Сатып алушыны таңдайтын күндері баға тиісі биржаның көшірмесі негізінде осындай мәміле бойынша анықталады.3
-
Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
-
Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін несие.
-
Аизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алу мен байланысты берілетін несие.
-
Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланы-латын несие.
-
Сенім несиесі банктің сеніміне кірген төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
-
Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналган несие.
-
Банктік жол – банк клиенттеріне ашылған несие жолы.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
-
меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
-
материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:
-
сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
-
азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
-
ломбардтық кепілдік және ссудалық операцияларға;
-
театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
-
күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
-
тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, тауар айналымының үлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мүндай тәуелділік әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10 %-ын, Германия мен Францияда - 30 %-ын, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та 60 %-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстың құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі типттік несиенің бір бөлігі ретінде оның басты бағыты тек жеке түлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі субъективті яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі объективті, ягни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану, аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің эконо-микасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мүндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу дең-гейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.
Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырган несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
-
автомобилдік несие;
-
үзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға бері-летін несие;
-
тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
-
кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с) берілетін нссие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Үзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
-
жиһаз;
-
сантехника;
-
аудио-видео және тұрмыстық техникалар;
-
компьютер және оргтехника;
-
басқа да тұтыну тауарлары.
Достарыңызбен бөлісу: |