«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның
электрондық сауда алаңы көлемінде
тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға,
қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру Ережелеріне
Қосымша №2
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің
электрондық сауда алаңында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау,
қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастырудың электрондық рәсімдерін жасау және өткізу бойынша қызмет көрсету туралы
ШАРТ № _______
Алматы қ. «____» _________ 20__ ж.
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС, әрі қарай «Оператор» немесе «ЭСА Операторы», атынан Жарғы негізінде әрекет етуші Бас директор Ярмолкевич Н.С., бір жақтан, және __________________________________________________ атынан _________________________________ негізінде әрекет етуші _________________________________________________, әрі қарай «Тапсырыс беруші», екінші жағынан, әрі қарай бірге «Жақтар», мыналар бойынша шарт жасасты:
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің электрондық сауда алаңының жұмыс істеу ережелері – жалпы ережелерді, ішкі ұйымдастыру мен «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің электрондық сауда алаңында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетудің электрондық рәсімдерін өткізу тәртібін регламенттейтін, Оператор дайындаған құжат (әрі қарай – Ережелер).
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің электрондық сауда алаңы – ақпаратты үлестіре сақтау мен өңдеуге мүмкіндігі бар көп қолданушылық ақпараттық электрондық сауда алаңы болып табылатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетудің электрондық рәсімдерінің толық топтамасын өткізуге арналған бағдарламалық кешен (әрі қарай – ЭСА).
Электрондық рәсімдер – бірге аталатын, «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің ЭСА-да өткізілетін электрондық түрдегі редукцион түрінде өтетін электрондық сауда-саттық, электорндық түрде және сайыс түрінде бағалық баға белгілеуге сұрату.
ЭСА Операторы - «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің, ЭСА қызметін атқару үшін керекті бағдарламалық және технологиялық қамсыздаудың иесі, «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің ЭСА-да электрондық рәсімдерді өткізу барысында техникалық жұмыс бойынша қызметтерді және басқа да ЭСА қызметін қамтамасыз етумен байланысты қызметтерді атқару үшін шарт негізінде тартылатын, электрондық рәсімдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізуді қамтамасыз ететін заңды тұлға (әрі қарай– Оператор).
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің ЭСА-дағы Аккредитация - «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің ЭСА-да өткізілетін электрондық рәсімдерге қатысуға немесе оларды өткізуге және жасауға жол ашу үшін жүзеге асырылатын Оператордың әрекеттері.
-
ШАРТ МӘНІ
1.1. Осы шарт бойынша Оператор Тапсырыс берушіге «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің электрондық сауда алаңында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызмет көрсетудің электрондық рәсімдерін жасау және өткізу бойынша қызметтерді ұсынып, «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің электрондық сауда алаңында төмендегі электрондық рәсімдерді жасау мен өткізуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық қызметтер қоржынын ұсынады:
-
ЭСА-ның ақпараттық және технологиялық ресурстарына жол ашу;
-
ЭСА-да электрондық рәсімдерді өткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ету;
-
ЭСА-да жұмыс барысында Тапсырыс берушіге ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық қолдау көрсету.
1.2. Электрондық рәсімдерді жасау мен өткізу Тапсырыс берушінің сұранымы бойынша ақысыз жүзеге асырылады.
1.3. Осы шарттың 1.1. т. сәйкес берілетін ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық қызметтер қоржыны Тапсырыс берушіге тегін беріледі.
1.4. Осы шарт бойынша электрондық рәсімдерді өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережелерге сәйкес Оператормен жүзеге асырылады.
-
ЖАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
2.1. Оператор міндетті:
2.1.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережелерге сәйкес қызмет көрсетуге.
2.1.2. Қызмет көрсету мерзімі ішінде, электрондық рәсімдерді Тапсырыс берушінің сұранымымен қатаң сәйкестікте орындау.
2.1.3.
электрондық рәсімдерді өткізу барысында Оператор міндетті:
-
Тапсырыс берушінің электрондық рәсімдерді өткізуге сұранымдарын тіркеуге;
- ЭСА-да электрондық рәсімдерді өткізу туралы Хабарламаларды, электрондық рәсімдердің құжаттамасын жариялауға;
-
электрондық рәсімдерге қатысу сұранымдарын тіркеуге;
-
электрондық рәсімдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізуге;
-
ЭСА-да электрондық рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша хаттамаларды жариялауға;
-
ЭСА-да өткізілген электрондық рәсімдер бойынша статистикалық мәліметтер мен есептерді құрастыруға;
-
Басқа да әрекеттерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға.
2.1.4. ЭСА жұмыс қабілеттілігі мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету:
-
профилактикаға және ақауларды жоюға керекті үзілістермен ЭСА үздіксіз және тәулік бойы қызмет атқаруын ұстап тұру
-
Аппараттық құралдарды және операциялық жүйені дұрыс қайта іске қосу кезінде ЭСА толық көлемінде автоматты түрде қалпына келуді қамтамасыз ету.
2.1.5. ЭСА ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
-
ЭСА жұмысын ақпаратты шифрлау құралдарын қолдана қамтамасыз ету;
-
ЭСА ресурстарын сыртқы телекоммуникациялық желілер тарапынан рұқсатсыз кіруден сақтау.
2.1.6. ЭСА-да электрондық құжаттардың қолданылуын қамтамасыз ету:
-
электрондық рәсімдерді өткізу үрдісін құжаттық қамтамасыз ету үшін қолданылатын құжаттарды ЭСА-да жасау, өңдеу және сақтау.
2.1.7. Қажет болған жағдайда Тапсырыс берушінің қызметкерлеріне ЭСА-да жұмыс істеу бойынша нұсқауларды беру.
2.1.8. Тапсырыс берушіге ЭСА-да электрондық рәсімдердің өткізілетіні туралы ақпараттың (әрі қарай – Хабарлама) жариялануын қамтамасыз ету.
2.1.9. Тапсырыс берушімен келісіп және оның есебінен басқа ресми Интернет-сайттарда және басылымдарда Хабарлама жариялауға.
2.1.10. Тапсырыс беруші үшін өткізілетін электрондық рәсімдерге ЭСА-ның жабық бөлімінде қатысушылардың тіркелу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
2.1.11. Электрондық рәсімдерді өткізу барысында қатысушылар тарапынан бағалық ұсыныстар мен ЭСА-ның жабық бөліміндегі электрондық рәсімдерге қатысуға сұранымдарды жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
2.1.12. Электрондық рәсімдер аяқталғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде ЭСА сайтының ашық бөлімінде электрондық рәсімдер хаттамаларын құрастыру, орналастыру және Тапсырыс берушінің электрондық адресіне жіберу.
2.1.13. Өткізілген электрондық рәсімдер бойынша осы есептердің қалыптасуы мен сақталуын қамтамасыз ету.
2.2. Оператор құқылы:
2.2.1. ЭСА клиенттерін аккредитациялау, тіркеу және авторизациялау рәсімдерін өткізуге.
2.2.2. ЭСА-да клиенттердің құжаттарын тексеруді, сақтауды, іске қосу және логиндер мен прольдерді ауыстыруды орындауға.
2.2.3. Қатысушылар мен тапсырыс берушілердің мәліметтері базасын құрастыруға және жүргізуге.
2.2.4. Телефондық байланыс немесе электрондық пошта арқылы Тапсырыс берушінің қызметкерлеріне ЭСА-да жұмыс істеу бойынша нұсқаулар беруге.
2.3. Тапсырыс беруші міндетті:
2.3.1. ЭСА Ережелеріне және басқа да құжаттарға сәйкес осы шарттың шеңберінде өз міндеттерін орындауға.
2.3.2. аккредитацияны жүзеге асыру үшін осы шартқа қол қою күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Операторға жазбаша түрде төмендегі құжаттарды ұсынуға:
-
құрылтай құжаттарының нотариус куәландырған көшірмелерін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігі, салық төлеуші куәлігі, заңды тұлғаның жарғысы мен өзге де құжаттар);
-
Тапсырыс берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
-
Тапсырыс берушінің жетекшісі өкілеттіктерін растайтын құжаттар көшірмелері (тұлғаның лауазымға тағайындалуы туралы шешім немесе бұйрық, оған сәйкес осындай тұлға Тапсырыс беруші атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы болатындай (әрі қарай - жетекші). Егер тапсырыс берушінің атынан басқа тұлға әрекет ететін болса, Тапсырыс берушінің мөрімен расталған және жетекшінің не өкілеттенген тұлғаның қолы қойылған Тапсырыс берушінің атынан әрекет етуге сенімхат ұсынылуы тиіс. Егер мұндай сенімхатқа басшымен өкілеттенген тұлға қол қойған болса, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат та берілуі тиіс.
-
Егер ЭСА-да Тапсырыс берушінің атынан басқа тұлға әрекет ететін болса, сол сияқты электрондық рәсімдерге қатысу (соның ішінде тіркелу) бойынша Тапсырыс берушінің атынан әрекеттер жүзеге асыруға жеке тұлғаға берілген, Тапсырыс берушінің мөрімен расталған және жетекшінің не өкілеттенген тұлғаның қолы қойылған сенімхат немесе жеке тұлғаларға берілген сенімхаттар. Егер мұндай сенімхатқа басшымен өкілеттенген тұлға қол қойған болса, Тапсырыс берушінің мөрімен расталған және жетекшінің қолы қойылған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат та берілуі тиіс.
-
Тапсырыс беруші туралы мәліметтері бар ақпарат: аты-жөні, лауазымы, тапсырыс берушінің атынан электрондық рәсімдерді өткізу барысында «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-нің электрондық сауда алаңында жұмыс істеуге өкілеттенген тұлғалар телефондары.
2.3.3. Осы шарттың 2.3.2. т. көрсетілген мәліметтер мен құжаттарға өзгертулер енгізілгені туралы Операторға хабарлау. Жаңа/өзгертілген мәліметтер мен құжаттар осы өзгертулер енгізілген күнінен бастап 3 жұмыс кінінің ішінде Операторға берілуі тиіс.
2.3.4. ЭСА-ға кіру үшін персоналдық идентифекация мәліметтерін тек қана жеке қажеттіліктерге қолдануға, олардың сақталуын қамтамасыз етуге және басқа тұлғаларға бермеуге.
2.3.5. Шарттың 2.3.2. т. көрсетілген ақпараттың толықтығы мен растығын қамтамасыз ету. ЭСА бұл ақпаратты өзгермеген күйде хаттамалар мен Хабарламаларды автоматты түрде құрастыру кезінде қолданады.
2.3.6. Сатып алу рәсімін өткізуге сұраным мен оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген ақпараттың толықтығы мен растығын қамтамасыз ету.
2.4. Тапсырыс беруші құқылы:
2.4.1. Қызметтерді көрсету мерзімі ішінде сұранымдарды жолдауға, оларға сәйкес Оператор шарттың 2.1.3. т. белгіленген әрекеттерді орындауға міндетті.
2.4.2. Сұраным және Хабарламада көрсетілген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелеріне және Ережелерге сәйкес өзгертуге, толықтыруға.
2.4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелеріне сәйкес электрондық рәсімді өткізуден бас тартуға.
2.4.4. Аукцион өткізуді уақытша тоқтатуға (қатысушылар бағалық ұсыныстарды жолдау кезінде). Технологиялық үзіліс тоқтатулардың жалпы сомасы 24 (жиырма төрт) сағаттан аспауы тиіс.
2.4.5. Өз есебінен баспасөз және электрондық БАҚ-та Хабарлама жарялауға.
2.4.6. Операторға жазбаша түрде осындай мәліметтерді алуға сұраным жіберген күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, Оператордан өз электрондық рәсімдер бойынша мәліметтерді алуға.
2.4.7. Операторға ЭСА қызметін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жолдауға.
3. ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
3.1. Оператор Тапсырыс берушіні ЭСА-да аккредитация туралы Тапсырыс беруші осы шарттың 2.3.2. т. сәйкес құжаттарды ұсыну күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде, пошта арқылы оның ЭСА-да персоналдық идентификациясы туралы мәліметтері бар (осы құжатқа Қосымша № 1) ЭСА-да аккредитация туралы актіні немесе аккредитациядан бас тарту туралы акті, міндетті түрде себебін көрсетуімен (осы құжатқа Қосымша № 2), жолдау арқылы хабардар етеді.
4. ҚҰПИЯЛЫҚ
4.1. Жақтар осы шарттың өз күшінде болған мерзімі ішінде және біткеннен кейін 3 (үш) жыл ішінде кез келген құпия және/немесе Жақтардың бірінің жеке мүлігі болып табылатын, Жақтардың осы шарт бойынша міндеттеріне немесе ЭСА қызметіне қатысты ақпаратты жария етуге құқықтары жоқ.
4.2. Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Ережелерге сәйкес сатып алу рәсіміне қатысуға сұраным жіберген сатып алу рәсімінің қатысушылары туралы мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.
5. ФОРС-МАЖОР
5.1. Жақтар осы шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағыны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер мұндай орындамау еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан болған болса, атап айтқанда: табиғат апаттары, эпидемиялар, жарылыс, өрт және өзге де төтенше жағдайлар және бұл жағдайлар осы шартты орындауға тікелей әсер еткен болса. Мұндайда міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдайлар күшінде болған уақыт мерзіміне сәйкес жылжытылады. Егер бұл жағдайлар үш айдан көп күшінде болатын болса онда кез келген Жақ осы шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы. Мұндай жағдайда бірде бір жақтың шығындарды өтеуге құқы болмайды.
6. ЖАҚТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
6.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін Жақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
6.2. Оператор Тапсырыс берушіде ЭСА техникалық талаптарына сәйкес ЭСА-да жұмыс істеуге қажетті сәйкес келмейтін аппараттық-техникалық кешен болуы салдарынан Тапсырыс беруші шеккен қандай да бір зиян, залал және өзге де шығындары үшін жауапты емес, атап айтқанда:
6.3. Тапсырыс берушіде ЭСА-да жұмыс істеу талаптарын қанағаттандыратын қажетті бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктер жиынтығы бар компьютерлік техниканың жоқтығы;
-
Тапсырыс берушіге ЭСА-да жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген, Тапсырыс берушінің техникасында болған бағдарламалық-техникалық шектеулер мен күйге салулардың бар болуы;
-
Тапсырыс берушінің компьютерлік техникасының зиянды бағдарламалармен (spyware, ad-ware, вирустар) зақымдануы себебінен Тапсырыс берушінің ЭСА-да жұмыс істей алмауы;
-
Тапсырыс берушінің Интернет желісінен ажырауына әкелген және Тапсырыс берушіге ЭСА-да жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген Тапсырыс берушінің желі инфрақұрылымының жұмысындағы кемшіліктер;
-
Желілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер мен провайдердің (Тапсырыс берушіні Ғаламтор желісімен байланыстыратын компания) Тапсырыс беруші кәсіпорнында енгізген шектеулері, сондай-ақ ЭСА Тапсырыс берушісінің регламенттелмеген және ойда болмаған Ғаламтор желісінен ажырауына әкелген және Тапсырыс берушіге ЭСА-да жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген Тапсырыс берушінің провайдерінің аппараттық-техникалық кешенінің жұмысындағы кемшіліктер.
6.3. Оператор Тапсырыс берушінің ЭСА-да жұмыс істеуіне және Оператор Тапсырыс беруші ара-қатынасына қатысты ақпаратты дұрыс пайдаланбау мен жаймау салдарынан Тапсырыс беруші шеккен қандай да бір зиян, залал және өзге де шығындары үшін жауапты емес, мысалы:
-
Тапсырыс берушінің басқа ЭСА қолданушылары алдында өзіне қосымша, шектен тыс, жоғары және жоспарланбаған жауапкершілікті алуға әкеліп, Тапсырыс берушінің ЭСА-дағы абыройына кері әсер еткен Тапсырыс беруші қызметкерлерінің ЭСА Ережелерін білмеуі, ЭСА-да жұмыс істеу Ережелерін елемеуі және дұрыс орындамауы;
-
Логин және парольді, ЭЦП құралдарын сақтау ережелерін сақтамау, Тапсырыс берушінің ЭСА-дағы жұмысы үшін жауапты болып тағайындалған қызметкердің Тапсырыс беруші басшылығының рұқсатынсыз логин және парольді, ЭЦП құралдарын ЭСА-ға кіруге мен сол жерде жұмыс істеу үшін ЭСА-да жұмысқа өкілеттіктері мен біліктілігі жоқ үшінші тұлғаларға беру;
-
Тапсырыс берушінің басқа ЭСА қолданушылары алдында өзіне қосымша, шектен тыс, жоғары және жоспарланбаған жауапкершілікті алуға әкеліп соққан, ЭСА-да Тапсырыс беруші атынан осы шарттың 6.3. тармағының 2 тармақшасында көрсетілген себептермен ЭСА-ға кірген үшінші тұлғалардың ЭСА ережелерін білмеу себебінен жасаған әрекеттері;
-
Тапсырыс беруші туралы ақпараттың өзгеруіне әкеліп соққан, сөйтіп оның ЭСА-дағы абыройына кері әсер еткен ЭСА-да Тапсырыс беруші атынан үшінші тұлғалардың жасаған әрекеттері.
6.4. Егер Тапсырыс беруші ЭСА-да орналастырған ақпарат, Тапсырыс берушінің (Тапсырыс беруші қызметкерлерінің) кінәсімен үшінші тұлғаларға мәлім болса, және олар бұл ақпаратты Тапсырыс берушіге зиян келтіру үшін пайдаланған болса, Оператор Тапсырыс беруші алдында жауап бермейді.
6.5. Оператор электрондық рәсімде қатысу үшін Қатысушы ұсынатын сұранымның мазмұны үшін жауапты емес.
6.6. Оператор Жақтардың ЭСА-да өткізілген электрондық рәсімдер негізінде жасаған шарттар талаптарын өзара орындауы не орындамауы үшін жауапты емес.
7. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
7.1. Осы шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Жақтар арасында келіссөз арқылы шешілетін болады.
7.2. Егер дауларды келіссөз арқылы шешу мүмкін болмаса, Жақтар оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотта қаралуға жібереді.
8. ШАРТ МЕРЗІМІ
8.1. Осы шарт оған қол қойған мезеттен бастап өз күшіне енеді және мерзімсіз болып табылады.
8.2. Жақтардың бірі осы шарттың күшін доғаруды қалаған жағдайда, ниет білдірген Жақ екінші Жаққа шартты бұзудың болжалды күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша өтініш жолдайды.
8.3. Шартты мерзімінен бұрын бұзу Жақтардың келісімі негізінде немесе шеккен шығындарды өтеумен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы белгілеген негіздемелер негізінде орын алуы мүмкін.
9. БАСҚА ДА ШАРТТАР
9.1. Осы шартта белгіленбеген барлық басқа жағдайларда Жақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
9.2. Шарт бірдей заңгерлік күшке ие 2 (екі) нұсқада жасалған, әрбір Жаққа бір-бір нұсқадан.
9.3. Осы шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде құрастырылып, осы шартқа қосымша келісім ретінде ресімделіп, Жақтардың қолы қойылады.
9.4. Осы шарттың қосымшалары мыналар:
- Тапсырыс берушінің ЭСА-да аккредитациялау туралы акт (Қосымша №1);
- Тапсырыс берушінің ЭСА-да аккредитациялаудан бас тарту туралы акт (Қосымша №2).
10. ЖАҚТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАРЫ
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС
Мекен-жайы:
Қазақстан республикасы 050051, Алматы қ.
Луганский көш., 139.
тел. (727) 330 88 30, 258 44 77
СТН 600 400 628 493
БЖН 110 340 018 997
17.09.2012ж. Алматы қаласының Әділет департаментімен берілген №1344-1910-06-ЖШС(ШҚ) Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік
Банктік реквизиттері:
есеп айырысу шоты KZ91998СТВ0000088993
«Цеснабанк» АҚ»
БЖК TSESKZKA
|
Тапсырыс беруші
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
|
Бас директор
_______________
Ярмолкевич Н.С.
«____»___________ 20__ ж.
М.О.
|
_________________________
_______________
(__________)
«____»___________ 20__ ж.
М.О.
|
«___» _________ 20__жыл
№ __________________ шартқа
Қосымша №1
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның
электрондық сауда алаңында Тапсырыс берушіні аккредитациялау туралы
Акт № «____» ______________ 20__жыл
«Электронные торговые системы АКИГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әрі қарай «Оператор», _____________________________ «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында «Тапсырыс беруші» мәртебесінде «____» ___________ 20__жылдан бастап «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастырудың электрондық рәсімдерін жасау және өткізу үшін аккредитациядан өткенін хабарлайды.
Оператордан
|
|
|
__________________
|
|
|
|
|
|
м.о.
|
|
|
«___» _________ 20__жыл
№ __________________ шартқа
Қосымша №2
«Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның
электрондық сауда алаңында Тапсырыс берушіні аккредитациялаудан бас тарту туралы
Акт № «____» ______________ 20__жыл
«Электронные торговые системы АКИГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әрі қарай «Оператор», _____________________________ «Электронные торговые системы АКИГ» ЖШС-ның электрондық сауда алаңында аккредитациялаудан бас тартқаны туралы хабарлайды. Мұның себебі _________________________________________.
Оператордан
|
|
|
__________________
|
|
|
|
|
|
м.о.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |