89
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
қайта пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін
жерасты
суларына арналған су жинауыш тоғандарды салу;
f
қайта пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін
гидросынақтан кейінгі суға арналған резервуарлармен
жабдықтау;
f
алаңда судың жылыстауы бар-жоқтығын тексеру және
анықталған
жағдайда ақауды жою;
f
жұмыс алаңдарында су пайдалануды бақылау және шамадан
тыс су пайдалануды болдырмау.
ККЖ аясындағы барлық уақытша және тұрақты ғимараттар,
соның ішінде жаңа кенттер (15-бөлімді қараңыз) су ресурстарын
тиімді пайдалану
қағидаларын ескере отырып, жобалануы
қажет (қолданыстағы нормативтерді D қосымшасынан қараңыз).
Оларға суды тиімді пайдалану құрылғылары, жүйелері және
құрылымдары жатады:
f
тұрғын ғимараттарға арналған, адам басына күніне
ең көбі
180 литр су тұтынуды қамтамасыз ететін сенімді сумен қамту
жүйелері;
f
кран ашық күйде қалған кезде су босқа ағуын болдырмау үшін
автоматты сенсорлар немесе таймерлер орнату;
f
жуыну бөлмелеріндегі төмен арынды крандар және себезгі
құйғыштары;
f
қос шаю жүйесі
бар төмен арынды унитаздар;
f
биописсуарлар;
f
кір жуатын орындарға арналған су үнемдейтін жабдықтар.
Достарыңызбен бөлісу: