Жамбыл облысының су ресурстарының сапасы және оларды тиімді пайдалану жолдары



Дата03.01.2022
өлшемі0.57 Mb.
#451550
Mamitova


ӘОЖ 626.81 (574)

Е.А. Мамытова

Магистрант

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,

Тараз қаласы, Қазақстан Республикасы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ САПАСЫ

ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Жамбыл облысының табиғи су көздері, олардың су қоры, шаруашылық мақсатта су пайдалану жағдайы және су қорларын тиімді пайдалану мәселелері қарастырылған.



Түйін сөздер: су ресурстары, су қоры, су қойма, трансшекаралық өзендер, беттік сулар, өзен алабы.

Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 144,26 мың. км3 алқапты құрайды. Облыс орталығы – Тараз қаласы. Облыс тұрғындарының саны 1031,114 мың адам, соның ішінде 432,438 мың қала тұрғындары және 598,706 ауыл тұрғындары, орналасу тығыздығы 7,15 ад./км2 .Жалпы суға деген қажеттілік 142,13 мың.м3/тәу немесе бір адамға шаққанда 0,14 м3.

Облыста 10 аудан бар: Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу, 4 қала –Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу, 400 жуық шағын ауылдық округтер бар.

Жамбыл облысының аумағындағы бар су қорларын пайдалану көлемі, облыстың көптеген аудандарын сумен қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандырмайды. Осы жағдайға байланысты өзендердің су қорларын анықтау басты міндеттердің бірі болып табылады Су ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату мәселелерін шешу үшін Жамбыл облысының су ресурстары деректерін [1-7] жан-жақты және терең талдау арқылы, облыстың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын ескеріп, қауіпсіз шешімдер іздеу керек.

Жамбыл облысының территориясы трансшекаралық өзендердің орналасқан аймағын алып жатыр (1-сурет). Шу-Талас гидрографиялық алабы Қазақстан Республикасын су ресурстарымен қамтамасыз ететін, негізгі сегіз өзендердің бірі болып табылады, су өтімінің мөлшері аз болғанымен, су ресурстарын пайдалану, сақтау, тазарту және экологиялық су жіберу сұрақтарына маңызды көзқараспен қарауды талап етеді.

Сурет 1. Жамбыл облысындағы табиғи су көздерінің сұлбалық көрінісі

Жамбыл облысы аумағына қарайтын Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігіндегі қоршаған ортаның табиғатын және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін аталған су көздері болып келеді (2-сурет). Жамбыл облысы бойынша су ресурстарының сапасы мен пайдалану жағдайы келесідей сипатталады.

Сурет 2. Талас, Аса, Шу өзендері аңғарларының жалпы көрінісі

Талас өзені алабының жер беті суларының мониторингісіне сүйенетін болсақ, Талас өзені алабында 12 су қойма бар, оның 11-нің сиымдылығы 1 млн. м3 төмен, 9 – тікелей бас өзенде, 3 – алапта орналасқан. Су қойманың жалпы пайдалы сиымдылығы 14,5 млн. м3. Барлық су қоймалары мен суаттарда ағынды маусымдық реттеу іске асырылады және суару мақсатына арналған, ал кейбіреуін балық шаруашылығы мақсатында пайдалануға болады.

Шу-Талас БИ және «Таразводхоз» РМК мәліметтері бойынша алапта біршама гидротехникалық нысандар магистралды және шаруашылықаралық каналдар, су тораптары, құрылымдар және т.б бар.

Шу-Талас алабында, гидрографиялық тұрғыда 3 үлкен өзен (Шу, Талас және Аса), 242 кіші өзен (соңын ішінде Шу өзенінің алабы бойынша – 158, Талас өзенінің алабы бойынша – 20, Аса өзенінің алабы бойынша – 64), 35 көл, Шу өзенінде орналасқан Тасөткел су қоймасы, жобалық көлемі – 620 млн.м3, Аса өзенінің негізгі тармақтарының бірі болып саналатын Теріс өзенінде орналасқан Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы, көлемі – 158 млн.м3 және Аса өзенінің алабы болып саналатын Шабақты өзенінде орналасқан Ынталы су қоймасы, көлемі – 30 млн.м3, көлемі 1-ден 10 млн.м3 дейін жететін 39 кіші су қойма (жалпы көлемі – 130,6 млн.м3) мен 164 тоған (барлық көлемі 72,2 млн.м3) бар (3-сурет). Жоғарыда аталған суаттардың барлығы дерлік (су қоймалары, көлдер, тоғандар) өздерінің су ресурстарын басқа жақтан алады, яғни үлкен және кіші өзендердің ағыны келуімен, таулардағы су көздерінен еритін сулармен толысады.

Сурет 3. Аса-Талас және Шу өзендері бассейіндеріндегі

су көлемінің қабылдануының динамикасы

Жамбыл облысының жылдық жалпы су ағыны 4106 млн.м3 құрайды. Бұл ағыста Қырғызстан территориясынан ағып келетін су көлемі – 3139 млн.м3. Облыс территориясында ағынның 967 млн.м3 суы қалыптасады.

Сол себептен, Қырғызстаен территориясынан беттік ағын көлемінің 25% алатын Жамбыл облысы, шектелген су пайдалану жағдайында болып тұр.

Мемлекеттік деректерге сүйене отыра (Гипроводхоз) Шу-Талас алабы 2009 жыл аралығында экономика салалары бойынша су пайдалану жағдайына келесі тұжырым жасауға болады. Алап бойынша 2009 жылы есеп берген су пайдаланушылар саны 345 құрады. Есепке алынған су пайдаланушылардың көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіру (82%), өнеркәсіп (11%), коммуналды-тұрмыстық (7%). Мемлекеттік болжамды даму бойынша (экономика, қаржы) бұл салада болашақта су пайдаланушылардың саны және су пайдалану көлемі өсуі мүмкін.

Алап бойынша 2009 жылы су ресурстарын пайдалану үшін алынған жалпы су мөлшері 2392,398 млн.м3, соның ішінде беттік сулар 2330,603 млн.м3, жер асты сулары 61,795 млн.м3, (4,044 млн.м3 шахтылы сулар) құрады, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда жалпы су алу 743,402 млн.м3 азайған (1-кесте). Судың азаюы ауыл шаруашылығында байқалды (2-кесте). Жамбыл облысының экономика салалары бойынша алынған су мөлшері мынадай, млн.м3: коммуналды-тұрмыстық – 43,545; өндірістік – 187,296; ауыл шаруашылық – 2160,895; балық шаруашылығы – 0,662.

Кесте 1


Халық шаруашылығына су алу және оларды пайдалану, млн.м3

Көрсеткіштер

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

2009

Су алу, барлығы

2128,22

2348,36

2915,14

2886,59

2812,05

3124,02

Беттік су көздерінен су алу

2066,36

2288,19

2847,73

2821,13

2753,84

3065,76

Пайдаланылған, барлығы

1459,59

1607,85

1962,65

1856,80

1412,75

2116,59

Беттік су көздерінен

1402,06

1551,58

1905,84

1801,2

1358,68

2069,43

Кесте 2

Жамбыл облысының өзендерінің ресурстары бойынша су қабылдау көрсеткіштері, млн. м3



Су қабылдау көлемі

Жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Жалпы су қабылдау көлемі

2776,6

2268,5

2246,9

2288,9

2061,3

1219,9

2078,9

1612,1

Ауыл шаруашылығы бойынша

2564,1

2039,4

2182,4

2227,2

1993,1

1146,3

2010,7

1542,0

Жалпы % көлемде

92,3

89,9

97,1

97,3

96,7

94,0

96,7

95,6

Шаруашылықтың маңызы бойынша алаптың басты су көзі –Талас өзені болып табылады. Көп жылдық гидрологиялық мәліметтен (3-кесте) аңғаратынымыз, жылдар бойынша ағын шамасының тебелуі көп факторларға байланысты, оның ішінде адами фактор – басты фактор. Өзен кіші болған сайын көп жылдық кескінде оның ағынының тербелу амплитудасы үлкен болады. Жалпы өзені ағыны көлемі соңғы жылдары қайтарымсыз су тұтыну көлемінің кемуіне байланысты артқан. Гидрографиялық алаптың жер беті су ресурстары: Қырғыстан республикасы территориясынан ағып келетін жер беті сулары – 710,7 млн м3; Жамбыл облысы территориясында түзілетін ағын – 802,7 млн м3. Алаптың су ресурстарының біршама бөлігі ауылшаруашылығы қажеттілігіне жұмсалады, негізінен суармалы егіншілікке. Халық санының тұрақты өсуі және мал басының артуы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді көп қажет етеді, бұл суармалы егіншілік жерлердің аудандарын арттыру және қалпына келтіру арқылы іске асырылады.

Кесте 3


Талас өзені бойынша алынған су мөлшері, млн. м3

Өзендер бассейні

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Талас өз

360,1

341,4

448,2

360,9

349,3

367,2

472,6

Қайта қалпына келтіретін аудандарды дамыту және орналастыру Талас өзені ағынын тиімді пайдалану, жергілікті жерлердегі шағын өзендердің суын қайта бөлістіру арқылы іске асады (4-сурет).

Сурет 4. Талас өзені бассейнінің су шаруашылық баланс сұлбасы


Шу өзені 2020 жыл деңгейінде негізгі сумен қамтамасыз ететін көздерінің бірі беттік су көздері болып табылады. 2020 жылға қарай орташа сулы жылдар беттік сулардан су алу көлемі 1152 млн.м3 дейін жетеді.

Шу өзенінің беттік ағымы Қырғыз республикасының шекарасында шамамен 1,5-4 млрд. м3 және орташа шамамен 2,5 млрд. м3 құрайды деп болжамдалып отыр.

Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында үнемдеу және суды сақтау технологиясын пайдалану проблемалары қазіргі уақытта басты міндеттердің бірі болып есептеледі.

Су қорларын тиімді пайдалану келесі мәселелерді шешуді талап етеді :

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде суды жұмсау мүмкіндігін негіздеу жұмыстарын жалғастыру;

2) Аса, Талас, Шу өзендерінің ағынын қайырымсыз алынуына баға беру;

3) Су қорларын қалпына келтіру және суды сақтау технологиясына көшудің негізгі бағыттарын түзу және т.б.

Облысымыздың су қорларын халық шаруашылығында пайдалану барысында осындай шараларды үздіксіз назарда ұстап отыру және олардың тиімді орындалуын қадағалау мәселелері облыстағы су ресурстарының жағдайын біршама қауіпсіз қалыпқа келтіруге және олардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Схема комплексного использования и охраны водных ресурсов бассейна реки Аса, на территроии Республики Казахстан [Текст] // Труды КазНИВХ. – 2005. – Т. ІІІ.

2. Ибраев, Т. Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы трансшекаралық өзендер суының сапасы [Мәтін] / Т. Ибраев, М. Ли. – Тараз, 2013. – 162 б.

3. Вагапова, А.Р. Качественный анализ воды в бассейнах рек Шу, Аса, Талас [Текст] / А.Р. Вагапова, М.А Ли, К.Е. Джабаев // Труды КазНИИВХ. – 2009.

4. Жамбыл облысы суармалы жерінің мелиоративтік жағдайы туралы ақпараттық есеп [Мәтін]. – Шымкент, 2012. – 78 б.

5. Сатенбаев, Е.Н. К вопросу использования вод трансграничных рек Казахстана. Современные проблемы Шу-Таласского бассейна [Текст] / Е.Н. Сатенбаев, Б.М. Баджанов, Т.Т. Ибраев // Информационный бюллетень №4. – Тараз, 2006.

6. Годовые отчеты по водопользованию Казводхоз и ГГМИ в 2010-2015 гг. [Текст] / [?].

7. Vishpolski F., Qadir M., Karimov A., Mukhamedjanov H., Bekbaev U., Paroda R., Aw-Hassan A., Rarajeh F. Enhancing the productivity of high-maganesium soil and water resources in central asia through the application of phosphogypsum. Land Degradation Development, 19.45-56 (2008) Doi: 10.1002/fdr.814.

Материал редакцияға 19.12.15 түсті.



Е.А. Мамытова

Таразский государственный универсиет им. М.Х. Дулати,

г. Тараз, Республика Казахстан

КАЧЕСТВО ВОДНЫХ РЕСУРСОВ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

И ПУТИ ИХ ЭФФЕКТИВНОГО ИСПОЛЬЗОВАНИЯ

Рассмотрены водные ресурсы Жамбылской области, их водный фонд и состояние при водохозяйственном использовании, а также пути эффективного их использования.



Ключевые слова: водные ресурсы, водный фонд, водохранилище, трансграничные реки, поверхностные воды, бассейн реки.

E.A. Mamytova

Taraz State University named after M.Kh. Dulati, Taraz, Kazakhstan

QUALITY OF WATER RESOURSES OF ZHAMBYL REGION AND WAYS OF THEIR EFFECTIVE USE

The water resourses of Zhambyl region, water fund and condition at the practical use, as well as the effective ways of use are considered.



Keywords: water resources, water fund, reservoir, transboundary rivers, surface water, river basin.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет