98
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
13. Мәдени мұра және кездейсоқ
табылған нысандар
13.1 Жалпы мәлімет
Каспий теңізінің деңгейі көтерілгенге
дейін Теңіз аумағын
Неолит және Қола дәуірінің тайпалары мекендеген. Су деңгейі
төмендеген соң, бұл аймақты орта ғасырлық көшпенді малшылар
мекен еткен.
Мәдени мұра (ММ) нысандарына
ежелгі адамдар қоныстарының
және кәсібінің белгілері, мәселен, көшпенділер қыстақтары,
ескерткіш
таңбалары, қыш-құмыра бұйымдары және қорымдар
жатады.
Теңіз кен орны аумағында 100-ден астам археологиялық
олжалардың
табылғандығы тіркелген, және олардың қорғалуын
қамтамасыз ету қажет. Жерді ойып алу/қазу немесе құрылыс
жұмыстары кезінде одан да көп археологиялық
олжалар табылуы
мүмкін.
13.2 Белгілі мәдени мұра нысандары
Барлық белгілі мәдени мұра нысандары тұрған жерлерінде
қоршалып, қорғалады (бір бірінен 25 м
қашықтықта орналасқан
төбесі сары ағаш қазықтар) және көзге көрінетіндей болып
белгіленеді. Мәдени мұра нысаны қоршауы ішінде құрылыс
жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: