108
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
15. Әсер ету аймағы / мердігер
қарауындағы нысандар
15.1 Жалпы мәлімет
Қызметкерлердің денсаулығын сақтау, ауыр және жазатайым
оқиғалардың алдын алу, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жұмыс
әдістерін енгізу мақсатында ККЖ өзінің әсер ету аймағынан
тысқары, яғни мердігерлер қарауындағы нысандардағы (мысалы,
вахталық кенттегі тұрғын кенттер
және жөндеу алаңдары немесе
өзге аймақтар) іскерлік серіктестермен бірлесе жұмыс істеуге
ынталы. Аталмыш нәтижеге тәуекелдер бағалауына негізделген
әсер ету бағдарламасы арқылы қол жеткізуге болады. Бұл
бағдарлама мынаны қамтиды:
f
мердігер қарауындағы нысандарда жазатайым оқиғаларды
болдырмас үшін және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ талаптарын орындау
үшін негізгі құралдарды ортақ пайдалану,
біліммен және озық
әдістермен бөлісу;
f
Компания тарапынан мердігер қарауындағы нысандарға
мерзімді түрде барып тұру, мұнда көзделетін мақсат олардың
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бағдарламаларын жүзеге асыруға қолдау
көрсету;
f
қалдықтарды басқаруға, су
ресурстарын тиімді басқаруға,
қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және жанармай
пайдалануға (D және G қосымшалары) қатысты талаптарды
қамтитын келісімшарт баптарын енгізу;
f
бір немесе одан да көп ККЖ қызметкері мердігер кентінде
тұратын болса (ККЖ қызметкерлерінің пайыздық үлесіне
қарамастан), Компанияның өндірістік қатынастар тобы онда
барып тұратын болады.
15.3 бөлімінде әсер ету бағдарламасының
негізгі мәліметтері
ұсынылады. 15.4 - 15.8 бөлімдерінде негізгі келісімшарттық
талаптар ұсынылады.
Қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыстардың
орындалу орнына қарамастан жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістерін
нығайту мақсатында Компания мен мердігер ұйым басшылығы
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жұмысына, сондай-ақ
мердігер қарауындағы
нысандарда қолданылатын стандарттарды орындауға белсене
араласқаны маңызды.