Компьютерлік тестілік тапсырмалар
?
1. Тиреотоксикозды емдеуде мерказолил препаратының жанама әсері қандай?
гипокалиемия
қанда креатинин және зәр қышқылы мөлшерінің артуы
нейтрофилдер санының азаюы және агранулоцитоздың дамуы
гипергликемия
гипокальциемия
?
2. Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады
Ұйқы артериясында пульстің болмауы
Көз қарашығының тарылуы
Тері қабатының бозаруы
Өлілік тағбалардың пайда болуы
Қан қысымының төмендеуі
?
3. 30 жасар науқас, қант диабеті I тип бар, инсулин енгізген соң 3 сағаттан кейін комаға түскен. Бірінші кезекте қандай шараны жүргізу керек
ЭКГ түсіру
5% глюкоза ерітінідісін енгізу
инсулин (10-20 БІР) енгізу
қанда креатинин, электролиттер және глюкоза мөлшерін тексеру
20 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізу
?
4. Ересектің эффективті компрессиясын жасау үшін, минутына жиілігі
60-80 мин
100-120 мин
120 мин көп
80-120 мин
90 мин көп емес
?
5. Науқастың жөтелген кезінде алқызыл қақырықтың бөлінуі қандай жағдайда болады
өкпе ісінуі
өкпеден қан кету
асқазаннан қан кету
өкпео быры
бронхоэктазды ауру
?
6. Жүрек бұлшық етінің некрозының негізгі ЭКГ белгісі болып табылады:
ST сегментінің төмендеуі
кең және терең Q тісшесі
ST сегментінің жоғарылауы
R тісшесінің кішіреюі
теріс T тісшесі
?
7. Науқаста дене салмағының нормадан артық болуы, әлсіздік, тоңазу, шаш жылтырының кетуі, тырнақтарының сарғыштығы, жуан дауыс, бетінің ісінуі, терісінің құрғауы, брадикардия байқалады. Бұл белгілер.......-тән:
гипотиреозға;
склеродермияға;
гипертиреозға;
подаграға;
эндемиялық жемсауға
?
8. Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында өткір ауырсыну, кейін құрғақ жөтел, бас айналуы туындады. Сәл кейін инспираторлы ентігу және терінің бозаруымен үлескен диффузды цианоз туындады. Визуалды түрде эпигастралды аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы анықталады – жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, аускультативті- ІІ үн екпіні және өкпе артериясының үстінде екіге бөлінуі. Науқаста туындаған жағдайды теңестіруге болады:
кенеттен болған пневмоторакс
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
қақпақшалы пневмоторакс
жіті коронарлы синдром
құрғақ плеврит
?
9. Ревматоидты фактор бұл:
IgG молекуласының Ғс фрагментіне антидене
жасуша ядросына антидене
комплимент
нативті ДНҚ-ға антидене
антиген
?
10. Астматикалық статустың белгілері
1.қақырықтың шықпай қалуы
2.жіті тыныс алу жетіспеушілігінің өршуі
3.эуфиллин және баротектің тиімсіздігі
4.ықылық атқан сияқты тыныс алу
5.беті ұшының қызаруы"
2, 3, 4
1, 2, 4
2, 3, 5
3, 4, 5
1, 2, 3
?
11. Өкпелік қан кеткенде бөлінетін қан
қызыл және көпіршікті
кофе қортпағы тәрізді
қою қошқыл, ұйындымен
қоңыр-қошқыл түсті
ұйындымен
?
12. 52 жастағы ер адам фельдшерге эпигастрит аумағының қатты ауыратынына, жүрегінің айныйтынына,2 рет құсқанына шағымданып келді, сапасы төмен тамақ ішпегенін айтты. АҚ 100 / 60, пульсі минутта 72, фельдшер науқастың асқазанын жуды. Содан кейін оның жағдайы қатты нашарлап кетті. Ес тұманданды, АҚ сын/ бағанасы бойынша 80/60 мм, пульсі жіп тәріздес. Науқастың күйі қандай?
стенокардия
тағамдық уытты жұқпа
асқазан ойық жарасы
кардиогенді шок
өт - тас ауруы
?
13.Артериалдық гипертонияның I сатысы аурумен ауыратын науқастың кенеттен жағдайы нашарлаған, қатты басы ауырып, басы айналып, көз алды торланып, жүрек тұсы ауырады, Қарап көргенде: науқас мазасыз, тітіркенгіш. Денесі ыстық, бетінде қызыл дақтар, қан қысымы с .б. бойынша 210/110 мм. Науқасқа не болған?
миокардтың өлі еттенуі
стенокардия
гипертониялық криз
гипоглекимиялық ес-түссіз күй
есекжем
14.Өкпе ісінуінің симптомдары
1.шулы, сирек тыныс алу
2.ықылық тәрізді тыныс алу
3.ысқырық тәрізді тыныс алу
4.үстіртін тыныс алу
5.көпіршікті күлгін қақырық"
1, 2
1, 4
2, 5
3, 4
3, 5
15. 45 жасар науқас, сары шашты, дене салмағының индексі 32, оң жақ қабырға астында пайда болатын уақытылы ауырсынуға шағымданады, ауырсыну жұмыртқа, тұзды балық, шошқа етін қабылдағаннан кейін пайда болады. Ауырғанына бірнеше жыл болған, ұстамалардың біртіндеп жиілеп келе жатқанын байқайды. Ауырсыну спазмолитиктер қабылдағаннан соң басылады. Пальпацияда - оң жақ қабырға астында айқын ауырсыну бар. Аланинаминотрансфераза - 0,8; билирубин - 32 мкмоль/л, тура - 20 мкмоль/л. Зәрде өт пигменттері анықталады. Нәжісте стеркобилиноген мөлшері төмендеген. Сілтілі фосфатаза - 18 бірлік. Мүмкін болатын диагноз
өт жолдарының дискинезиясы
созылмалы гепатопанкреатит
калькулезді холецистит, бауыр асты сарғаю
гемолитикалық сарғаю, Жильбер синдромы
жедел гепатит
16.Асқазан тұсында "ашқарынға " және "түнгі" ауырсынуға тән шағым қай ауруда кездеседі
гастрит
асқазан ойық жарасы
асқазан обыры
ұлтабар ойық жарасы
жедел холецистит
17.Панкреатит кезіндегі ауырудың сипаттамасы
іштің жоғары жартысында жиі орналасады
эпигастрий аймағында жиі орналасады
шалқалап жатқанда күшейеді, белбеу тәрізді айнала ауырады++
оң жақ қабырғалық астында жиі орналасады
оң жақ мықын бөлігінде жиі орналасады
18. Созылмалы пиелонефрит кезінде жалпы зәр анализінде
А. Гематурия
В. Лейкоцитурия,
С. Бактериурия
Д. Тұздардың көп мөлшері
Е. Глюкозурия
А, В
В, С
С, Д
Д,Е
В,Е
19.Бүйректің функциялық жағдайын анықтау үшін зәрдің қандай анализін жасайды?
Зимницкий бойынша
Нечипоренко бойынша
зәрдің жалпы анализі
зәрді бактериологиялық әдіспен зерттеу
зәрді стирилдікке зерттеу
20.Пациенттің тонзиллитпен ауырғаннан кейін беті мен балтыры ісінген. Қан қысымы с.б 160/100 мм., зәрдің түсі ет шайындысындай, протеинурия, эритроцитурия. Бұл өзгерістер қандай ауру белгілеріне сәйкес келеді?
жедел гломерулонефрит
жедел пиелонефрит
созылмалы гломерулонефрит
жедел цистит
бүйректік тас ауруы
21.Қант диабетімен ауыратын 30 жасар науқастың ФАП-қа келгендегі шағымдары: әлсіздік, шөл, эпигастрий аймағы ауырып, есінен танған. Жағдайы тұмаудан кейін нашарлаған. Қарап көргенде: ессіз, ауызынан ацетон иісі шығып тұр, терісі құрғақ, тілінің бетін ақ өңез басқан. Пульс минутына -100 ҚҚ. Сынап бағанасы бойынша 100/60 мм. Науқастың жағдайы қандай
гипогликемиялық кома
өкпенің қабынуы
созылмалы гастриттің асқынуы
гипергликемиялық кома
артериальды гипотония
22.Инсулинге тәуелді қант диабетіне тән белгілерді көрсетіңіз
жас кезінде басталған, көптеген науқастардың кеселі инсулин қабылдағаннан кейін қалыптағыдай болып кетеді
көптеген науқастардың кеселін жас кезінде жаңа басталғанда емдәммен және қант деңгейін төмендететін препараттармен емдеу өте тиімді болады
көбінесе орта және кәрі жастағы адамдарда жаңа басталған кесел инсулин қабылдағаннан кейін қалыпты деңгейге түседі
көбінесе орта және кәрі жастағы адамдарда жаңа басталған кеселді емдәммен және қант деңгейін төмендететін препараттармен емдеу тиімді болады
ауру жеңіл түрде өтеді
23. Гипогликемиялық ес-түссіз күй кезіндегі іс-әректтер
40% 60 мл глюкоза ертіндісін еңгізу
инсулин енгізу
асқазанын жуу
тазалау клизмасын жасау
преднизолон енгізу
24.Темір жетіспеушілік қан аздығының негізгі емдеу принципі
А. таза қанды уақытында ауыстыру
В. темір препараттарын ұзақ және
байқап көктамырға енгізу
С. темір жетіспеушілік себебін жою
Д. темір препараттарын ұзақ уақытқа тағайындау
Е. гемодиализ
А, В
В, С
С, Д
Д, Е
А, Д
25. Созылмалы лимфолейкоз кезінде келесі айтылғандар ұлғаяды
бауыр,көк бауыр,жүрек
бауыр,көк бауыр,лимфатикалық түйін
көк бауыр,жүрек,бүйрек
көк бауыр,жүрек,қалқанша без
лимфатикалық түйін, жүрек,бүйрек
26. В12-тапшылықты анемия қай ауруда үдейеді?
атрофиялық гастрит
асқазан қан кетуі
өкпе қан кетуі
ұю факторының дефициті
бүйрек
27.«Морж жүзбеқанаты» типі бойынша қол басының деформациялануы қай ауруда байқалады?
деформицияланатын остеоартрозда
ревматизмдік полиартритте
ревматоидты артритте
подагра
бурсит
28. Подагра ауруында ең жиі зақымданатын буын:
жамбас буыны
тіз буыны
асық-сирақ буыны
табан башпай буыны
бірінші башпай буыны
29.Жүйелік қызыл жегінің нақты белгісі қалай аталады?
«көбелек белгісі»
«аққу мойыны»
«морж жүзбеқанаты»
«акушерлік қол»
«қалақай шаққандай»
30.Анафилактикалық шок кезінде артериялық қан қысымды реттеу үшін не енгізеді ?
А.кордиамин
В.адренамин
С.анаприлин
Д.преднизолон
Е.клофелин
А, В
В, Д
С, Е
А, Е
С, Д
31. Есекжем ауруының клиникалық симптомдарына қайсы жатады?
қан қысымының жоғарылауы, денедегі ісіктер
инспираторлы тұншығу, қарлыққан дауыс
дұрыс зәр шығара алмау және дефекация
дұрыс зәр шығара алмау және дефекация
беттегі ісіктер, тыныс алудың ауырлауы
32.Квинке ісінуінің клиникалық симптомдарына қайсы жатады?
беттің ісінуі,тынысының тарылуы
қан қысымының жоғарлауы, лоқсу
терінің қышуы, қан қысымының төмендеуі
естен тану, қан қысымының жоғарлауы
қан қысымының төмендеуі, демікпе
33.Анафилакциялық шок кезінде қандай жедел жардем көрсетеді?
атропин, морфин, баралгин
адреналин, преднизолон, мезатон
дибазол, клофелин, лазикс
корвалол, строфантин, лазикс
мезатон, строфантин, баралгин
34. Миокард инфарктісінің шұғыл көмегі:
нитроглицерин,лазикс
корвалол,пентамин
морфин,гепарин
платифиллин, атропин
атропин, лазикс
35. Бүйрек коликасының шұғыл көмегі:
нитроглицерин,лазикс
корвалол,пентамин
морфин,гепарин
платифиллин,атропин
гепарин, нитроглицерин
36.Асқазаннан қан кеткенде зерттеу керек
шұғыл ФГДС
асқазанды зондтау
бариймен асқазан рентгенографиясы
нәжісті жасырын қанға тексеру
тік ішекті саусақтық тексеру
37. Тері түсінің көкшілдігі.... дамиды:
шеткі тамырлар түйілгеннен
қанда эритроциттер мен гемоглобиннің көбейгенінен
ағзада газ алмасуы тездегеннен
шеткі тамырлардағы қан іркілісінен
қанда қалпына келген гемоглобин жоғарылауынан
38. Бірте-бірте тереңдеп, соңынан тайыздайтын және тыныс тоқталу кезеңдерімен ұласатын сирек тыныс:
Чейн-Стокс
Биотт
Куссмауль
Грокко
аралас
39. 40 жастағы науқас аяқ қол буындарының ауыратынына және күні бойы құрысатынына, ісінуіне, қозғалуының шектелуіне шағымданды (саусақ, білезік, тізе буындары)
Қарағанда: саусақ, білезік буындары ісінген, деформацияланған, сүйекаралық еттері атрофияланған. Ішкі ағзалары өзгеріссіз.
подагра
рематоидты полиартрит
остеоартроз
ревматикалық полиартрит
бруцеллезды полиартрит
40.50 жасар әйел адам, семіздіктен зардап шегеді, кенет оң жақ қабырға астында ұстама тәрізді интенсивті ауырсыну пайда болды, ауырсыну оң жақ бұғана астына беріледі. Науқас, мазасыз, төсекте орын таба алмайды. Қараған кезде: терісі қалыпты түсті, өт қабы нүктесінде пальпацияда ауырсынады, Ортнер симптомы оң, дене қызуы қалыпты, қан анализі өзгеріссіз. Науқаста болуы мүмкін
жедел холецисто-холангит
созылмалы холециститтің өршуі
өт тас ауруы, өт қабының коликасы
созылмалы калькулезді холециститтің өршуі
асқазан ойық жарасының бауырдың домалақ байламына пенетрациясы
41. Қандай патологиялық жағдайда науқас денесі ұзындығына емес, еніне қарай жұмсақ тіндердің ұлғаюы есебінен өседі?
гигантизм
гипофизарлы нанизм
еркежейлік
акромегалия
иценко-кушинг ауруы
42. Буындық синдромның емінде метотрексат қолданған кезде қандай препарат профилактикалық мақсатта қолданылады?
тұз қышқылы
фолий қышқылы
этил спирті
инсулин
глюкоза
43. Ағзада зәр қышқылының алмасуының бұзылуынан туындайтын буындық ауру:
ревматоидты артрит
остеоартроз
ревматикалық артрит
подагра
бруцеллезды артрит
44.Асқазаннан қан кеткенде фельдшер не істеу керек
1.асқазан тұсына мұз басу
2.сұйықтық және тамақ ішуге тыйым салу
3.науқасқа тыныштықты қамтамасыз ету
4.ауру сезімін басатын препараттар енгізу
5.ішіне жылы жылытқыш басу"
1, 2, 3
1, 2, 4
1, 3, 5
2, 3, 4
3, 4, 5
45. Ірі буындарға, бұлшықеттерге, тері асты шелге, ішпердесі арты шелге ауқымды, терең, керілген және қатты ауырсыну беретін қан құйылулар басым болатын қансырағыштық түрі?
гематомдық
дақты-петехиалық
аралас
васкулиттік-пурпуралық
ангиоматозды
46. Дақты – петехиялды қансырағыштық:
ірі буындарға, бұлшықеттерге қатты ауырсыну беретін қанқұйылулар басым
ауырмайтын беткей орналасқан қанқұйылулар++
тері бетінен аздап көтеріңкі орналасқан геморрагиялық бөртпе
бұлшықеттерде терең орналасқан қанқұйылу
аралас типті қанқұйылулар
47.Коллапстың сипаттамасы
бозару, есінің болуы, АҚ-төмендеген
бозару, байыпсыз көзқарас, АҚ төмендеген, салқын тер, қалтырау, шөлдеу
бозару, түншығу ұстамасы
бет терісінің қызаруы,бетінің домбығуы, АҚ-жоғарылаған
қолына таянып отырған мәжбүри жағдай
48. Эритроциттер ыдырауының күшеюінен болатын анемиялар:
В12-тапшылықты анемиялар
апластикалық анемиялар
темір жетіспеушілікті анемиялар
фолий тапшылықты анемиялар
гемолиздік анемиялар
49. Бүйректік қантсыз диабет – бұл:
гипофизде антидиурездік гормон – вазопрессиннің артық мөлшерде өндірілуінің салдарынан дамитын ауру
антидиурездік гормон – вазопрессиннің тапшылығынан туындайтын ауру
гипергликемиялық жағдайдың салдарынан туындайтын ауру
бүйрек түтікшелерінің вазопрессинге деген сезімталдығының бұзылуынан дамитын, бүйректің несепті концентрациялау қызметінің төмендеуінен туындаған клиникалық синдром
инсулиннің тапшылығынан туыындайтын қант диабетінің бір түрі
50. Тері мен шырышты қабықтың гиперпигментациясымен көрініс беретін біріншілік гипокортицизм:
Иценко-Кушинг ауруы
Базедов ауруы
Аддисон ауруы
Грейвс ауруы
Иценко-Кушинг синдромы
51. Қант диабетінің жедел асқынулары:
диабеттік кетоацидоз, диабеттік нефропатия
гипогликемия, диабеттік ретинопатия
диабеттік кетоацидоз, гиперосмолярлы кома, гипогликемия
диабеттік табан синдромы, гипогликемия
диабеттік нефропатия, гиперосмолярлы кома
52.Стенокардия ұстамасында ауыру қаншаға созылады
3-10 мин
1-2 сек
30 мин
25 мин
2 сағат
53. Қалқанша маңы безінен бөлінетін паратгормон:
қандағы кальцийдің деңгейін азайтады
қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылатады
кальцитонин агонисті болып табылады
сүйектерде кальцийдің көбеюіне ықпал етеді
остеопороздың алдын алады
54.Кардиогенді шоктың сипаттамасы
қысқа уақытқа естен тану
АҚ - төмендеуімен, пульстік АҚ- ның сынап бағанасы бойынша 30 мм төмендеуімен
АҚ - көтерілуімен
миокардттың жиырылу қасиетінің жоғарылауымен
тонико - клоникалық құрысып - тырысудың пайда болуымен
55.Жүрек жұмысының жетіспеушілігі - бұл
қан тамырлары тонусының төмендеуі
миокардтың жиырылу мүмкіндігінің төмендеуі
айналымдағы қан мөлшерімен қан тамырлар арнасының сәйкестік қатынасының бұзылуы
эритроциттердің қан сары суына қатынасының бұзылуы
миокардтың жиырылу мүмкіндігінің көтерілуі
56. Глюконеогенез – бұл:
глюкозаның бауырда гликоген түрінде қорға жинаулы
глюкозаның ыдырауы
гликогеннің ыдырауы
гликогенолиз
көмірсулы емес заттардан глюкозаның түзілуі
57. Кушингоидты семіру түрі:
майлардың іште, аяқтарда жиналуы
майлардың бетте, қол-аяқтарда біркелкі жиналуы
майлардың іште, мойында, бетте және желкеде жиналуы
майлардың бетте ғана жиналуы
майлардың жалпы дене бітімінде толық жиналуы
58. В12-ташылықты анемияның клиникасы:
тілдің күйуі, парестезиялар
дәм сезудің және түйсінудің бұрмалануы
«кофе қоюы» тәрізді құсық және қою қара нәжіс
ащы дәммен кекіру, оң қабырға астының ауырсынуы
бастың ауырсынуы, таңғы уақытта жүрек айнуы
59."Гипертоникалық аурудың себептері
1.бронхтардың жылтыр бұлшық еттерінің спазмасы
2.тұқым қуалаушылық
3.семіздік
4.қанда натрийдің артық болуы
5.қанда кальцийдің артық болуы"
1, 2, 3
1, 3, 4
2, 3, 5
3, 4, 5
2, 3, 4
60. Өкпедегі абсцесс қуысының жақсы тазаруы үшін, науқасты........үйрету керек.
терең тыныс алу әдісіне;
дене қалпын өзгертумен дренаж жасауға;
оттегі жастығын дұрыс қолдануға;
қалталық инголяторды дұрыс қолдануға;
Бутейко әдісімен тыныс алу әдісіне.
61. Бронхиалдық астманың ұстамасына тән емес белгіні табыңыз
қабырға аралық бұлшық еттердің ішке кіруі
өкпеде көп құрғақ сырылдың болуы
"ит үргендей" дыбысты жөтел
тыныс шығарудың қиындауы
еріксіз қалыпта болуы
62. Дуоденальды зондтау кезіндегі порция Б дегеніміз:
Асқазанның құрамы
Он екі елі ішіліктегі сөл
Өт қабығындағы сөл
Тоқ ішектің құрамы
Бауыр сөлі
63. Науқас У., 44 жаста, отбасылық дәрігерге белді ораушы қасиеті бар іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуларға, іш өтуіне, жүдеуіне шағымданды. Анамнезден: 10 жыл бойы ішімдік қолданады. Объективті: дене салмағының дефициті, тері жамылғысы құрғақ, басқанда жоғалмайтын кеуде және іш терісінде ұсақ қызыл дақтар. Пальпация кезінде сол жақ қабырға астында ауырсыну. Нәжісі майлы жылтырлаған ботқа тәріздес, тәулігіне 3 ретке дейін. Болжамалы диагноз:
созылмалы гепатит
созылмалы холецистит
созылмалы гастрит
созылмалы панкреатит
созылмалы колит
64.Экспираторлы ентікпе ... байқалады
өкпе абсцесінде
өкпе туберкулезінде
крупозды пневмонияда
бронх демікпесінде
плевритте
65.Бронх демікпесіндегі
қақырықтың сипаты
алқызыл көпіршікті
тотты
шырышты
шыны тәрізді
іріңді
66.Қа нтүкіру жиі тән:
бронх демікпесіне
жедел бронхитке
өкпе эмфиземасына
бронхоэктаз ауруына
өкпеден қан кетуге
67.Анафилактикалық шокқа көмек
Құюды жалғастырып дәрігерге хабар беру
Смазмолитиктер енгізу
Система құюын тоқтату, көктамырдан инені шығармай физиологиялық ерітінді адреналин, гормондар енгізу++
Ауруға қарсы препараттар енгізу
Ауруға қарсы препараттар енгізу, гормондар енгізу
68. Қандағы қалыпты глюкозаның деңгейі:
1,0 - 5,0 ммоль/л
2,0 - 8,0 ммоль/л
3,3 - 5,5 ммоль/л
5,0 - 9,0 ммоль/л
0,5 - 5,7 ммоль/л
69. Қан анализінде гемоглобин, эритроцит, тромбоциттің төмендеуі, лейкоцитоз бен бластемияның болуы тән:
анемияға
лейкозға
гипопластикалық анемияға
тромбоцитопения
панцитопения
70. Бүйрек қызметінің бұзылысы кезінде эритропоэтиннің синтезінің базаюы неге алып келеді?
гипогликемияға
лейкоцитозға
анемияға
протеинемияға
гиперлипидемияға
71. Гломерулонефрит кезіндегі трида белгісінге тән сиптомдарды атаңыз:
Тершеңдік, боз, бас ауыру
Дисфагия, дене салмағының төмендеуі, ауырсыну
Шөлдеу, полиурия, ацидоз
Дизурия, поллакиурия, ауырсыну
Ісіну, гипертония, гематурия
72. Қан ұйымайтын ауру?
анемия
лейкоз
лекемия
гемофилия
ангиопатия
73. №5 емдәм қандай ауруларда тағайындалады?
жедел және созылмалы гепатит, холецистит, бауыр циррозы
подагра, бүйрек тас ауруы
жедел және созылмалы нефрит
семіздік
қант диабет
74. Миокард инфарктысының диагностикасы үшін анықтау қажетті:
Тропонин
Холестерина
Билирубина
Қалдық азот
Сілтілі фосфатаз
75. Қант диабетінің симптомдары:
никтурия, изостенурия;
полиурия, полидипсия;
полидипсия, олигурия;
никтурия, олигурия;
изостенурия, олигурия.
76. Асцит қай ауру үшіи тән:
колит
панкреатит
бауыр циррозы
энтерит
холецистит
77. Пропранозол келесі дәрі-дәрмектер тобына жатады:
адреноблокаторлар
м-холиноблокаторлар
Н1- гистамин рецепторларының блокаторлары
Н2- гистамин рецепторларының блокаторлары
протондық насос блокаторлары
78.Стенокардия ұстамасында ауыру сезімін нитроглицерин ..... басады
20 мин. кейін
1-5 мин кейін
1 сағ. өткенде
15 мин кейін
2 сағ өткенде
79.Миокардтың инфаркты кезінде медициналық алғашқы шұғыл жәрдем
жүрек гликозидтері
кардиамин
наркотикалық анальгетиктер
қан ағызу
папаверин
80.Науқаста жүректің ишемия ауруы бар деп жорамалдауға болады, егер
нақты ангинозды ұстамасы байқалса
қан айналымының жетіспеушілігінің белгілері байқалса
ритмнің бұзылуы байқалса
ЖИА қауіп-қатер факторлары болса
кардиомегалия анықталса
81.Созылмалы панкреатитте ауыру сезімін басу үшін ...... қолданбайды
новокаинді
баралгинді
морфинді
анальгинді
сандостатинді
82. Жүрек қан тамырларының ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау, мына мақсатпен тағайындалады:
Емізу кезіндегі ыңғайлылық
Кіші қан айналым жүйесіндегі кептелуді азайту
Ойылудың пайда болу қаупін азайту
Киімін ауыстыру ыңғайлығы
Асқорту жолының жұмысын жақсарту
83. Науқаста эмоционалдық тұрақсыздық, терлеу, салмақ жоғалту, қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм, симтомдары қандай ауруға тән:
Қант диабеті
Тиреотоксикоз
Артериальді гипертензия
Акромегалия
Гипотиреоз
84.Науқаста асқазаннан қан кетуіне күмәнданасыз, егер:
Ол алқызыл тісті көпіршікті қанды бөлінісімен жөтеледі
«Тотты қақырық» бөлінісімен жөтеледі
«Қара май» тәрізді нәжіс және құсығы «кофе тұнбасындай »
Алқызыл қан аралас нәжіс
«ет жуындысы» тәрізді зәр
85. Бронхиалды астма ұстамасына күдіктенесіз, егер ауқаста анықталса:
Стридор, тұншығу, қанды бөліністі шырыты қақырық шығуы
Ентігу, кеуде торындағы жедел ауыру, жөтел, қан түкіру
Тұншығу, ентігу қиындаған дем алумен, бет гиперемиясы, қозу
Ентігу, бет гиперемиясы, куссмауль демі, құсу
Ентігу қиындаған дем шығарумен, дистанционды сырыл
86. Пульс тапшылығы тән:
синусты брадикардияға
синусты тахикардияға
Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасына
мерцательды аритмияға
Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасына
87. Терең шулы сирек тыныс:
Биота
Грокка- Фругони
Куссмауля
Чейна-Стокса
барлығы
88. Нитраттарға төзімділіктің даму қаупін азайту үшін:
тәулік бойы қандағы препараттар концентрациясының біркелкілігін қамтамасыз ету керек
препараттар қабылдау арасында үзілістер жасау керек
препараттардың аз мөлшерін қолдану
препараттардың барынша мөлшерін қолдану керек
препараттардың ингалациялық түрлерін қолдану керек
89. Нефротикалық синдромда болатын лабораториялық симптомдар:
протеинурия, гипоальбуминемия, гиперлипидемия
гликемия, протеинурия
глюкозурия, липидурия
эритроцитемия, гиперальбуминемия
гиполипидемия, протеиурия.
90. Бүйрек шамасыздығында Д3 витаминінің түзілмеуінен ағзада дамиды:
гипергликемия
гиперкальцемия
гипокальцемия
гипернатрийемия
гиперкалиемия
91. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектерге не жатады:
индометацин
преднизолон
гидрокортизон
метронидазол
метилпреднизолон
92. Құрғақ перикардтың аса спецификалық симптомы:
жүрек аймағында ауырсыну;
тұншығу;
айқын ентігу;
аритмия;
перкардтың үйкеліс шуы.
93. Диастолдық АҚҚ І дәрежесі:
80 – 84 мм.рт.ст.;
85 – 89 мм.рт.ст.;
90 – 94 мм.рт.ст.;
95 – 99 мм.рт.ст.;
90 – 99 мм.рт.ст.
94. Науқаста физикалық жүктемеден кейін тұншығу ұстамасы, қызғылт көпіршікті қақырық бөліндісі бар жөтел туындады. Тексеру барысында: барлық өкпе аумақтарында әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар, жыпылық аритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтардың ісінуі. Көрсетілген белгілер қандай симндромға тән?
бронхты обструкциялар
жіті коронарлық жетіспеушілік
қос қарыншалық жетіспеушілік
плевралық қуыста ауаның жиналуы
плевралық қуыста сұйықтықтың жиналуы
95. Асқазанның қатерлі ісігіндегі белгілер:
асқазанның жағдайсыз жайын сезу (дискомфорт)
себепсіз дене салмағының азаюы кахексияға шекті жетуі
әлсіздік және еңбекке қабілетінің төмендеуі
эпигастрий маңайының ауруы
барлық жауап дұрыс
96. Гемартроз қай аурудың белгісі болып табылады:
геморрагиялық васкулит
лейкемия
гемофилия
ревматоидты артрит
ревматизм
97. Қаңқаның өсу зонасының жабылуына дейін гипофиздің соматотропты гормонының гиперпродукциясы кезінде дамиды:
акромегалия
гигантизм
қант диабет
феохромоцитома
қантсыз диабет
98. Медуза басы – бұл............. тамырлардың кеңеюі:
геморроидальды;
бастың;
бас пен мойынның;
кеуде торы тамырларының
кіндік аймағының
99. Бауыр коликасында шұғыл көмек:
атропин, баралгин, но-шпа
адреналин, мезатон, анальгин
дибазол, папаверин, пентамин
мезатон, кордиамин, кофеин
папаверин, атропин, анальгин
100. Спленомегалия дегеніміз не?
бауырдың ұлғаюы
жүректің ұлғаюы
көкбауырдың ұлғаюы
бүйректің ұлғаюы
өкпенің ұлғаюы