1 вариант Қазақстан Республикасы заңнамасын білу



Дата13.06.2016
өлшемі40 Kb.
#133856
1 вариант

Қазақстан Республикасы заңнамасын білу

1. Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын танытатын құжат:

A) Халықаралық шарттар

B) Президент жарлығы

C) Қаулы

D) Конституция

E) Конституция және Президент өкімі

2. Саяси баспана беру мәселесін шешетін орган:

A) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

B) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

C) Қазақстан Республикасының Үкіметі

D) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

E) Қазақстан Республикасының Президенті

3. Конституциялық Кеңестiң ұйымдастырылуы мен қызметi:

A) Үкімет қаулысымен реттеледi

B) Президент өкімімен реттеледi



C) Конституциялық заңмен реттеледi

D) Қарапайым заңмен реттеледi

E) Жарлықпен реттеледi

4. Қазақстан Республикасында орта бiлiм алу:

A) әркімге мiндеттi емес

B) мiндеттi емес



C) мiндеттi

D) баланың таңдауы бойынша құқығы

E) ата-анасының қалауы бойынша құқығы

5. Қазақстан Республикасының нормаларына ресми түсініктеме беретін орган:

A) Президент

B) Конституциялық Кеңес

C) Парламент

D) Жоғары Сот

E) Үкімет

6. Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтары, дiни негiздегi партияларының қызмет атқару мүмкіндігі:

A) олардың қызметі шектелмейді



B) олардың қызметіне жол берiлмейдi

C) заңмен көрсетілген жағдайларда

D) олардың қызметі қолдауға ие болады

E) олардың қызметі шектеледі

7. Қазақстан Республикасының азаматының әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiлмеу негiзі:

A) науқастанған жағдайда

B) мүгедек болған жағдайда

C) қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда

D) асыраушысынан айрылған жағдайда

E) жасына келген жағдайда

8. Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының түрлеріне:

A) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жатпайды

B) жалпы орта білім беру жатпайды

C) бастауыш білім беру жатпайды

D) жоғары білім беру жатпайды

E) негізгі орта білім беру жатпайды

9. Әр деңгейдегі білім беруді жүзеге асыратын нысандар:

A) сырттай оқу және экстернат

B) күндізгі және сырттай оқу

C) күндізгі, кешкі және экстернат

D) күндізгі, кешкі және сырттай оқу

E) күндізгі, кешкі, сырттай оқу және экстернат

10. Педагог қызметкер аттестаттаудан өтуге:

A) екі жылда кемінде бір рет міндетті

B) төрт жылда кемінде бір рет міндетті

C) үш жылда кемінде бір рет міндетті

D) бір жылда кемінде бір рет міндетті

E) бес жылда кемінде бір рет міндетті

11. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың түрлері:

A) кәсіби білім беру орындары

B) мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп

C) техникум, лицей

D) колледж және гимназия

E) тек қана бейіндік мектептер

12. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі:

A) үш жыл

B) екі жыл

C) алты жыл

D) бес жыл

E) төрт жыл

13. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы дарынды азаматтарының қажетті білім алуына жасалатын жағдай:

A) жоғары оқу орнынан кейінгі білім

B) орта білімнен кейінгі білім

C) конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім

D) тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім



E) элиталық білім, оның ішінде шетелде

14. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін бекітетін орган:



A) Еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті өкілді орган

B) Еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган

C) Еңбек саласындағы орталық уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік білім беру ұйымының басшылығы

D) Еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган

E) Еңбек саласындағы орталық уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

15. Балаға қатысты алимент, көмекақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді алып, баланы асырауға, оған білім беруге және тәрбиелеуге жұмсауға міндетті тұлғалар:

A) Жергілікті өкілді орган

B) Ата-аналары немесе оларды ауыстыратын адамдар

C) Халықты әлеуметтік қамсыздандыру органдары

D) Мектеп, бала-бақша әкімшілігі

E) Жергілікті атқару органдары

16. Жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа:

A) 6 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады

B) 5 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады

C) 5 жастан бастап 16 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады

D) 4 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады

E) 6 жастан бастап 16 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады

17. Баланы ата-анасынан немесе басқа заңды өкілінен ажырату туралы шешім қабылдайтын орган:

A) Кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекция

B) Жергілікті атқару органы

C) Бала құқықтарын қамтамасыз етумен айналысатын қоғамдық бірлестіктер

D) Сот органдары

E) Ішкі істер органдары

18. Еңбек шартының жасалуына жол берілмейтін жағдай:

A) Азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарттары

B) Қазақстан Республикасының халықаралық актілерімен көзделген жағдайларда шетел азаматтарымен еңбек шарттары

C) Дәрігерлік қорытынды негізінде денсаулығының жағдайы бойынша атқаруына қайшылық бар жұмыстарды орындаумен байланысты

D) Қызметке алынатын адамның қосымша біліктілік алуы қажет болғанда

E) Қоғамдық жұмыстарды ақылы орындауға еңбек шарты

19. Қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат:

A) кез-келген диплом



B) еңбек кітапшасы

C) паспорт

D) туу туралы куәлік

E) жеке басының куәлігі

20. Жұмыс жылын құрайтын мерзім:

A) қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі ай

B) еңбек шартында белгіленген мерзім

C) қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он ай

D) жұмыс берушінің белгілеген мерзім



E) қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он бір ай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет