Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы « » №
бұйрығына
1-қосымша
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz. «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұсқаларын беру (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.
Қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-әрекеттері тәртібін сипаттау
4. Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде №11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық-сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:
1) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және басшылыққа үлестіру үшін беру – бір жұмыс күннің ішінде;
Рәсімнің нәтижесі – құжатты қабылдау және тіркеу;
2) мемлекеттік қызметті берушінің басшысы жауапты құрылымдық бөлімшеге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды үлестіреді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
3) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды – он алты жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлікті беру туралы шешім қабылдау;
4) жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келіседі, сондай-ақ оларды бекітеді және тіркейді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлікті беру туралы қорытынды және бұйрық;
5) куәлікті беру – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлік;
заңды мекенжайы өзгерген жағдайда куәлікті қайта ресімдеу үшін:
1) Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, басшыға беру, жауапты құрылымдық бөлімшесіне үлестіру – бір жұмыс күні.
Рәсімнің нәтижесі - электрондық құжат түріндегі сұрау салуды қабылдау, тіркеу және басшының қарары;
2) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қарау, қорытынды мен бұйрықтың сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісуі, сондай-ақ сондай-ақ оларды бекіту мен тіркеу – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – қорытынды және бұйрық.
3) қайта ресімделген куәлікті беру – бір жұмыс күні.
Рәсімнің нәтижесі - қайта ресімделген куәлік немесе куәліктің телнұсқасы.
Куәлік жоғалғанда, бүлінгенде немесе бұрын берілген куәлік қағаз түрінде болса, куәліктің телнұсқасын беру үшін:
1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, басшыға беру және жауапты құрылымдық бөлімшесіне үлестіру – бір жұмыс күні.
Рәсімнің нәтижесі - электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мөрі және басшының қолы қойылған куәлікті қағазға басып шығару және куәліктің телнұсқасын беру.
Рәсімнің нәтижесі - куәліктің телнұсқасын беру.
3 . Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттері тәртібін сипаттау
-
Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
-
көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
-
көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары;
-
көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы;
-
көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының басшысы;
-
көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкер(лер)і;
-
көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының қызметкері (лер);
-
көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері (лер).
-
Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәлікті беру кезіндегі өзара іс-әрекеттер тәртібінің бірізділігін сипаттау:
-
Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері веб-порталға ұсынылған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің қабылдайды және бір жұмыс күннің ішінде ЭҚАБЖ тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға қояды;
-
тиісті түрде тіркелген, ресімделген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне үлестіру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына бір жұмыс күні ішінде беріледі;
-
құжаттарды Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкері қарайды және он алты жұмыс күні ішінде олар Стандарт талаптарына сәйкес болған жағдайда қорытынды және куәлікті беру туралы бұйрық дайындайды;
-
қорытынды мен бұйрық көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісіледі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы бұйрықты тіркейді. Орындаушы бұйрық негізінде куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады, оны Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары келіседі. Одан кейін «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісуге және ЭЦҚ қоюға жіберіледі - бір жұмыс күннің ішінде;
-
«шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күннен аспай.
Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәлікті қайта ресімдеу кезіндегі өзара іс-әрекеттері тәртібінің бірізділігін сипаттау:
-
веб-порталға ұсынылған, Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуын Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері қабылдайды және ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға қояды – бір жұмыс күннің ішінде;
-
тиісті түрде тіркелген, ресімделген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне беру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін беріледі - бір жұмыс күннің ішінде;
-
электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы қарайды, куәлікті қайта ресімдеу және куәліктің телнұсқасын беру туралы қорытынды және бұрық дайындайды. Қорытынды мен бұрық көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен бекітіледі. Орындаушы бұйрық негізінде куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады, оны Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары келіседі. «Шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісуге және ЭЦҚ қоюға жіберіледі, қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күннің ішінде.
Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәліктің телнұсқасын беру кезіндегі өзара іс-әрекеттері тәртібінің бірізділігін сипаттау:
-
веб-порталға ұсынылған Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаныдағы сұрау салуын Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері қабылдайды және ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға алады, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін беріледі – бір жұмыс күннің ішінде;
-
электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы қарайды, куәлікті қағазға басып шығарады және оған мемлекеттік қызметті беруші басшысының қолымен және мөрмен расталады – бір жұмыс күннің ішінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау (регламенттелмейді)
-
«Электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет беруші және қызмет алушының өзара іс-әрекеттері тәртібін сипаттау:
-
Көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталында немесе «Е-лицензиялау» порталында тіркеледі және ЭЦҚ қол қою арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді;
-
Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері электрондық құжат нысанында келіп түскен сұрау салуды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне орындау үшін міндетті белгілейтін Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына жібереді;
-
орындаушы қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарайды және қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысымен және заң қызметімен келісілетін қағаз нысанындағы қорытынды мен бұйрық жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшыларымен бекітіледі;
-
орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысымен және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасарымен келісілетін куәлікті беру, қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұсқасын беру туралы «шешім жобасын» шығарады немесе куәліктің телнұсқасын басып шығарады;
-
«шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісу мен ЭЦҚ қол қою үшін жіберіледі;
-
«шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін куәлік көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі.
«Электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 1 - қосымшада сипатталған.
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
«Электронды үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы
«Электронды үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін таңдау
Электрондық құжат нысанында сұратуды ұсыну жәнекөрсетілетін қызметті алушы электронды сұратудың жолдарын толтыру, электрондық құжаттарды қосып тіркеу
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қоюы
Сұрау салуды «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» Стандартарының талаптарына сәйкестігі мәніне өңдеу
Белгіленген Белгіленген
талаптарға талаптарға
с
Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы қызмет берушінің дәлелді
жауабы
әйкес келуі сәйкес келмеуі
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіндегі алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тарихындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қарау
Достарыңызбен бөлісу: |