Деректерді қорғау тәсілдерін бір - бірімен салыстырады
Ақпараттық қауіпсіздік- мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: -қол жеткізерлік (оңтайлық), -тұтастық -жасырындылық.
Қол жетерлік (оңтайлық)
саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі — ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық
ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.
Жасырындылық
заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
Деректерді резервтік көшіру
бүлінген немесе бұзылған жағдайда түпнұсқа немесе жаңа орынға деректерді қалпына келтіруге арналған деректердің көшірмесін жасау процесі. Сақтау ортасы (қатты диск, дискета және т.б.) жүргізілуі мүмкін.
Резервті көшірудің мақсаты–ақпараттардың ағымдағы көшірмесі қандай да бір себептермен жоғалған жағдайда, ақпаратты (құжаттарды, бағдарламаларды, параметрлерді және т.б.) тез және арзан түрде қалпына келтіру.
Деректерді резервтік көшіру
Криптология- Ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданатын ғылым.
Криптология- Ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданатын ғылым.
Криптография - Құпияжазу, ақпаратты заңсыз пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері жайындағы ғылым.
Криптоанализ - Ақпаратты оның кілтін білмей-ақ қалайша кері шифрлау мәселесімен айналысады.
Шифр - Бақылаушыда мәлімет болмаған жағдайда, ашық ақпаратты бастапқы қалпына келтіре алмайтындай етіп түрлендіру үшін қолданылатын шартты белгілер тізбегі.
Шифрлеу екі бағытта жүргізіледі – шифрлеу және шифрдан шығару
Шифрлеу Кілт
Ашық мәтін
Шифрлеу алгоритмі
Шифрленген мәтін
Шифрдан шығару алгоритмі
Ашық мәтін
Айнабетіндегідей көшірмелеу (зеркалирование)
- Бір желілік коммутатордан екіншісіне (VPN) пакеттерді көшіру процесі
Топтық жұмыс
Берілген тақырып бойынша ақпараттармен танысып, нәтижесін постер немесе презентация түрінде ұсыныңдар.
1-топ. Ақпаратты қорғау жүйесі
2-топ. ҚР ақпаратты қорғау жүйесі туралы заң
https://stud.kz/referat/show/71520
Қалыптастырушы бағалау үшін жұмыс.
Келесі сұрақтарға жазбаша жауап бер:
Ақпараттық қауіпсіздік деген не?
Ақпаратты қорғау шаралары қандай жағдайда қолданылады?