Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көркем әдебиет және эпикалық сарын



Дата10.11.2023
өлшемі37.06 Kb.
#482932
түріСабақ
Заман бейнесі, заман көрінісі


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көркем әдебиет және эпикалық сарын



Мектеп: «Абай» жалпы орта мектебі

Күні: 09.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні:Исаева г

Сынып: 8 қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Заман көрінісі-заман бейнесі




Осы сабакта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары

8.3.2.1.шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып,жаңашылдығына баға беру;

Сабақ мақсаттары

Бaрлық oқушылaр: толғау өлеңнің мәнін,ғибратты ойларын біледі.

Көптеген оқушылар: өлең идеясын саралай алады және шығарманы өңдеп,өзіндік ой қоса алады;

Кeйбiр oқушылaр: дәлелді ой қосып,өзгеше туынды жасайды,шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады;

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: толғау,заман,қоғам, сүрең,өзгеріс;
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: кіріспе,негізгі,қорытынды бөлімдер,дәлелдер,тақырыптық сөйлем.
Талқылауға арналған сұрақтар



Бағалау критерийлері

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды және өлеңде суреттелген мәселелердің құндылығына баға береді



Ойлау деңгейі

Салыстыру,баға беру

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық,ынтымақтастық,өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру.

Пәнаралық байланыстар

тарих, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Электронды оқулық

Бастапқы білім




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған
Кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Сатамын және сатып аламын»әдісі арқылы шеңберге тұрып,көршісіне өзінің жаман қасиетін сатып,оның жақсы қасиетін сатып алады. Оқушыларды топқа бөлу. Әр оқушының бір-бір затын алынып,қорап ішіне салынады да,араластырылып,партаға ретсіз қойылады.Әркім өз заты тұрған партаға барып отырады.
Үй тапсырмасы. «Ақылды доп» әдісі арқылы үйге берілген тапсырма пысықталады



С уреттер


Сабақтың ортасы

Талқылау сұрақтары: 1. Ақын заманның келбетін,заманның реңін қалай суреттейді?
2. Заманның бұзылу себептерін ақын өлеңдерінен тауып,талдаңдар.
3. «Үш қиян»өлеңі не себептен құнды деп ойлайсыңдар? 1 тапсырма Топтастыру
«Заман қандай»деген сұрақтың төңірегінде топтастырып,постер құраңдар.
2-тапсырма «Әдеби әңгіме шебері»әдісі.

Оқушылар мұғалім берген тақырыптардың біреуін талқылайды.

Ортақ ұқсастықтары

Мөңке Тілеуұлы «Құрамалы,қорғанды үйің болады»өсиеті












Оқулық
сызба



Сабақтың соңы


4минут

Кері байланыс. Кесте толтыру

Шығарма несімен ұнады?

Сабақтан алған әсерің?

Түйінді ой














Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарданеге көңіл бөлу қажет?





Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет