10 Инвестициялау кезеңінің аудиті
Қаржы салымдары есебін аудиторлық тексерудің басты мақсаты – инвестициялық операциялардың заңдылығын, оларды бағалау мен бухгалтерлік есебінің дұрыстығын анықтау.
Инвестициялау циклінің бухгалтерлік есебінде мүмкін болатын қателіктер:
нақты қаржы салымдарын растайтын құжаттардың болмауы;
құжаттарды белгіленген талаптарды бұза отырып толтыру;
жалған операциялар мен құжаттар;
есептегі қаржы салымдарын көрсету кезіндегі шоттардың түзету енгізілмеген корреспонденциясы;
бағалы қағаздардың жасалған операциялар бойыншакірістердің өз уақытында көрсетілмеуі;
бағалы қағаздардың нақты өзіндік құнының қате есеп елуі;
қаржы салымдарының синтетикалық және талдамалық есептегі мәліметтерге сәйкес келмеуі;
заңнамаға сәйкес расталған құжаттардың немесе түпнұсқаның болмауы;
бағалы қағаздардың сатып алу мен атаулы құн айырмасының дұрыс көрсетілмеуі.
Инвестициялау цикліндегі қателіктері анықтауға мүмкіндік беретін баланстың жақын баптарына мына шоттар жатады:
ақшаның төленгенін көрсететін;
негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, дебиторлардың және кредиторлардың берешегі.
Қаржы инвестициялары иелік ету мерзіміне сай төмендегі категорияларға жіктеледі:
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары – иелік ету мерзімі бір жылға дейін.
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары – иелік ету мерзімі бір жылдан көп.
Жылжымайтын мүліктегі инвестицияларға иелік ететін ұйымдар осы инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары ретінде ескереді.
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары – мемлекеттік бағалы қағаздарға, басқа ұйымдардың бағалы қағаздары мен жарғылық капиталына салынған салымдар, сонымен қатар басқа кәсіпорындарға берілген қарыздар.
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары – сипаты бойынша оңай сатылатын, бір жылдан артық емес мерзімге сақталады деп болжанылатын инвестициялар. «Инвестициялау» сөзі кең мағынасында «болашақта үлкен сома алу үшін ақшалардан бүгін айырылу» дегенді білдіреді. Инвестициялау мен жинақтау арасында айырмашылық бар. Мысалы, жинақтау «кейінге қалдырылған тұтыну» ретінде анықталады.
Жылдық инвестициялық бағдарлама – компанияның өзінің инвестициялық қызметін жүргізетін негізгі құжаты. Әдетте, оны дайындау келесі жылға арналған компания бюджетін дайындаумен бір мезгілде басталады.
Аудитор, аталған факторлар сақталатын жобаға терең қаржылық талдау жасаумен қатар, бизнес-жоспары мәліметтері бойынша тәуекелдіктің алдын алатын мүмкін жолдар мен әдістерді талдаумен қатар, оның негізгі факторларына, тәуекелдікке талдау жүргізеді. Тәуекелдікті талдауда отандық және шетелдік инвесторлар бірдей ақпараттық жағдайда болуы керек және жалпы тәуекелдік үлесін саналы түрде қабылдау керектігімен де маңызды.
Аудитор сатып алу кезінде қржы инвестициясының сатып алу құнымен бағалатынын білуі керек.
Сатып алу құны сатып алумен байланысты барлық шығындарды қамтитын нақты шығындардан тұрады. Сатып алу бойынша шығындарға жататындар:
Сатып алған кезеңге дейін есептелген сыйақы, дивиденттерді қамтитын құн бойынша қаржы инвестицияларын сатып алуды есепке алуда сатып алушының сатушыға сыйақыны төлеу шамасына азайтылған сатып алу құны бойынша көрсетіледі.
Қысқы мерзімді инвестициялары бухгалтерлік баланста көрсетіледі:
ағымдағы құны бойынша;
сатып алу және ағымдағы құнның инвестициялары ең төмен бағасы бойынша;
егер қысқа мерзімді қаржы инвестициялары сатып алу және ағымдағы құндардың ең төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн негізгі жалпы жиынтық портфель негізінде немесе инвестициялар түрлері бойынша анықталуы мүмкін.
ұзақ мерзімді инвестициялары бухгалтерлік баланста есептеледі:
сатып алу құны бойынша;
қайта бағалау ескерілген құн бойынша;
портфель негізінде анықталатын сатып алу және ағымдағы құнның ең төмен бағасы бойынша.
Қаржы инвестицияларының шығуы кезінде сатудан түскен табыс пен шығындар алынып тасталған баластық құн арасындағы айырмашылық табыс немесе шығын ретінде танылады. Ұйым есепке алуда қысқа мерзімді қаржы инвестициялары бойынша бағалау әдістерін таңдау құқығына ие және өзінің есеп саясатында бағалаудың қай әдісі бір есеп беру кезеңінен басқасына дейін бір ізді болуы және кәсіпорынның есепке алу саясатында көрсетілуі керек. Бір жылы бағалаудың бір әдісін, келесі жылы басқасын қолдану дұрыс болмайды. Егер ондай жағдай байқалса, қаржылық есептілік мәліметтерін салыстыру мүмкіндігі болмайды. Көрсеткіштерді салыстыру мақсатында алдыңғы есеп беру кезеңін қайта қарастыру керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |