1 Қаржылық менеджменттің мазмұны, қажеттілігі және функциялары. Қаржылық менеджменттің мәні
1.1 Қаржы менеджментінің мақсаты мен міндеттері;
1.2 Қаржы менеджментінің функциялары мен механизмі.
1.3 Ұзақмерзімді (стратегия) және қысқа мерзімді сипатты (тактика) қаржылық шешімдер;
1.4 Фирманың ұйымдастыру құрылымындағы қаржы қызметі.
Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.
Қаржылық менеджменттің басты мақсаты – қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл – ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Қаржылық менеджмент міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау. Қаржылық менеджментінің міндеті: фирма қызметінің мақсаттарына жету үшін әдістерді, қаржы мен құралдарды тауып, қолдану. Бұл – келесі мақсаттар:
пайданы көбейту;
алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жету;
қызметкерлер құрамы мен акционерлердің табыстарын көбейту;
фирма акцияларының бағамдық құнын жоғарылату және т.б.
Қорытындысында, барлық осы мақсаттар салымшылардың (акционерлердің) немесе иелердің (капитал иегерлерінің) табыстарын жоғарылатуға бағытталған. Практикалық тұрғыдан алғанда, қаржылық менеджмент кәсіпорынның ақша құралдарын және олардың көздерін басқару жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін.Кез келген басқару жүйесі ретінде оған объекті мен субъекті жатады, яғни басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі.
Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру; қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді қаржыландыру; қысқа мерзімдік жалды қаржыландыру.
Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарынқолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру; лизинг немесе ұзақ мерзімді несие; қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару; инвестициялық жобаларды бағалау және тнвестициялық қоржынды басқару; алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау).
Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау.
Шешімнің нұсқамасы және орындалуы.
Шешімнің орындалуын бақылау.
Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы есеп беру.
Ғылым ретінде қаржылық менеджмент – компанияның қаржылық ресурстарын басқару теориясы мен методологиясына арналған білімдер саласы. Жеке ғылым ретінде қаржылық менеджмент жақында ғана қалыптасты. Г. Марковиц инвестициялық қоржынның қазіргі заманғы теориясының негізін қалаған. Қоржын теориясы: тәуекелдерді азайту мақсатында салымдардың әртараптандыруын зерделеу, нарықтағы бағалық үрдістерді қадағалау үшін нарықтарды шолу. Сонымен бірге бұл теория активтер (бағалы қағаздар) қоржынының құрылымын және күтілетін табыстармен оның ара қатынасын қарастырады.
Бұл еңбектерде қаржы активтеріне қаржыландыру саласында шешімдерді қабылдау методологиясы мен тиісті ғылыми құралдары ұсынылды. Арғы дамуын бұл бөлім бағалы қағаздардың баға белгілеуіне, капитал нарығының тиімділігі тұжырымдамасында тәуекелдерді және табыстылығын бағалау үлгілерін құруға және олардың тәжірибелік растауында жаңа қаржы құралдарын әзірлеуге арналған зерттеулерде жалғастырды. 60 - шы жылдарда У. Шарт, Дж. Линтнер, Дж Моссин бірігіп, қаржы активтердің табыстылығын бағалау моделін (үлгісін) әзірледі, ол үнемі (жүйелі) түрдегі тәуекел мен қоржын табыстылығын байланыстырады. Бұл модель (үлгі) қазіргі уақытқа дейін қаржы теориясының ең беделді ғылыми жетістіктері болып табылады. Бірақ ол үнемі сынға бөлене бергесін, кейінірек бірнеше амалдар әзірленді, мысалы арбитраждық баға белгіленуі теориясы (Arbitrage Pricing Theory APT). АРТ тұжырымдамасын қаржы саласының белгілі маманы Стивен Росс ұсынды. Үлгі (модель) негізінде келесі пайымдау жатыр: кез келген акцияның нақты табыстылығы екі бөліктен тұрады: кәдімгі (күтілетін) және тәуекелді (белгісіз). Соңғы сәт көптеген экономикалық факторлармен анықталады, мысалы, елдегі нарықтың ахуалымен, жалпы ішкі өніммен, әлемдік экономикалық тұрақтылығымен, инфляциямен, пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |