10-класс
І тоқсан
І нұсқа (Қоғамдық- гуманитарлық бағыт)
1. Көне түркі дәуірі жазба ескерткіштері қайсысы?
А) Орхон-Енисей, Талас жазба ескеркіштері
В) Ж.Баласағұни «Құдатғу білік», Қ.А.Йасауи «Диуани хикмет»
С) Құтба ақын «Хұсрау-Шырын», Рабғузи «Қисса-сүл әнбия»
Д) Хорезми «Мұхаббатнаме», Сайф Сараи «Түрік тіліндегі Гүлістан»
2. Орта түркі дәуірі қай кезең?
А) ІІІ, V- VІІІ ғ. В) Х-ХІІ ғ. С) ХІІІ-ХV ғ. Д) ХV-ХІХ ғ.
3. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі қай дәуір шығармасы?
А) Көне түркі дәуірі В)Орта түркі дәуірі С) Алтын Орда кезеңі Д) Жаңа түркі дәуірі
4. Р.Хорезмидің «Мұхаббат-намесі» қай жылы жазылған?
А) 1353 ж В) 1342 ж С)1357 ж Д)1359 ж
5. Тілі қазіргі қыпшақ тілдерінің қалыптасу лабораториясы делінетін кітапты атаңыз.
А) «Хибат-ул-хакайк» В) «Құдатғу білік» С) «Кодекс Куманикус» Д) «Қорқыт ата кітабы»
6. Қазақ жазуының реформаторы кім?
А) М.Дулатов В) А.Құнанбаев С) А.Байтұрсынов Д) Р.Сыздық
7. «Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа алфавитке көшіру туралы» Заң қашан қабылданды?
А) 1940 ж. 10 қараша В) 1914 ж С) 1920 жылдар іші Д) 1929 жылдың басы
8. 1929 жылы қабылданған латын әліпбиінде неше әріп болды?
А) 41 В) 36 С) 14 Д) 29
9. Қазақ КСР-нің Тіл туралы Заңы қашан қабылданды?
А) 1989 ж В) 1990 ж С) 1993 ж Д) 1995 ж
10. ҚР-да Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Мемлекеттік бағдарлама қай жылы жасалды?
А) 1997 ж. 11 шілде В) 1998 ж С) 1989 ж Д) 1993 ж
11. Кейінді ықпалды көрсетіңіз
А) Астықты В) Тілегім С) Жүнісбек Д) Мектепке
12. Сан есімнің емле ережесіне сай жазылғанын көрсетіңіз
А) ХХ-ншы ғасыр В) ХХ-сыншы ғасыр С) ХХ-ғасыр Д) ХХ ғасыр
13. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
А) Жанат орнын ұсынып еді,- отырған жоқ. С) Ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың.
В) Күн сәулесі түспегендіктен, үй іші күңгірт еді. Д) Мен айтып болдым, енді сіз айтыңыз
14. Жақты сөйлемді табыңыз
А) Мына кісіні қайдан көргенімді ұмытып тұрмын. В) Саған қатты қимылдауға болмайды. С) Қара ниет Д) Жаз
15. Еркін тіркескен сөздің құрылымдық схемасын көрсетіңіз: Асықпай сөйле.
А) Етістік-көмекші етістік В) Етіс-көмекші етістік С) Көсемше-етістік Д) Етістік-зат есім
16. Көнерген сөзді табыңыз
А) Күн бұлыңғыр тартып тұр В) Жақсыдан үлгі-өнеге алайық С) Вокзалдан қашық тұрады Д) Өгіз терісі талыспын
17. Жіктік жалғаулы көмекші есімді табыңыз
А) Маңындамыз В) Ортасы С) Үсті Д) Арт
18. «Жүйрік» сөзінің антонимі
А) Шабысты В) Озық С) Шабан Д) Жүрдек
19. Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кездеседі?
А) Ғылыми В) Іс-қағаздар С) Көркем әдебиет Д) Публистика
20. Бағыныңқысы есімдікпен келген тіркесті табыңыз
А) Інісінің баласы В) Айтқанның жазығы С) Жаманның кесапаты Д) Онның жартысы
21. Тура мағыналы сөзді табыңыз
А) Алтын уақыт В) Асыл ой С) Ауыр жүк Д) Маржан сөз
22. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі қайсы?
А) Ыңғайлас В) Себеп-салдар С) Кезектес Д) Түсіндірмелі
23. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз: Жігіт балықшылар аулынан көңілсіз аттанды.
А) Бастауыш В) Пысықтауыш С) Баяндауыш Д) Толықтауыш
24. Етістікті тіркесті табыңыз
А) Аялы алақан В) Он бес адам С)Көптен тосқан Д) Малды өлке
25. Меңгеруді табыңыз
А) Көпір арқылы В) Жиырма бес С) Көмектесер ме еді? Д) Телефонмен сөйлесу
26. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр? Әділ, аман қайттың ба? Амандасады.
А) жақша В) үтір С) сызықша Д) дефис
27. Жіңішке дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз
А) Ә, О, Ө, А В) Ұ, Ү, Ы, І С) Е, Э, И, Ө Д) Ұ, Ә, Е, Э
28. Тұйық буынды сөзді көрсет
А) Қант В) Баспана С) Ант Д) Анар
29. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын көрсетіңіз
А) Дүние қор В) Дүниеқор С) Дүниехор Д) Дүниеғор
30. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылған сызықшаны көрсетіңіз
А) Көрмес – түйені де көрмес. С) Ағалы – інілі екеуіне сүйіндік.
В) Үгіт – насихат жұмысын жүргізу. Д) Он – он бес кісі келді.
10-класс
І тоқсан
ІІ нұсқа (Жаратылыстану -математика бағыты)
1. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал» Кімнің сөзі?
А) Абай В) Жамбыл С) Ыбырай Д) Шоқан
2. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қайсы?
А) Синтаксис В) Морфология С) Фонетика Д) Лексика
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
А) 40 В) 43 С) 45 Д) 41
4. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз?
А) Көркем ой В) Көзі ашық С) Қара көк Д) Кең жайлау
5. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
А) 5 В) 4 С) 3 Д) 6
6. Қазақ тіліндегі сөздер буын үндестігіне сәйкес қалай жіктеледі?
А) Түбір, қосымшалы, қосымшасыз В) Жуан, жіңішке, аралас С) Дауысты, дауыссыз, үнді Д) Қатаң, ұяң, үнді
7. Кейінді ықпалда тұрған қатарды белгілеңіз
А) Ақ шаш, Қонысбай, Қожакелді В) Ақ лақ, Сәрсенбай, тағыпты С) Жазда, мектепте, қағазды Д) Есжан, Досжан, Қосжан
8. Қай сөз жалпылама қолданылатын сөзге жатады?
А) бұрыш В) квадрат С) теңдеу Д) су
9. Қайсысы бірге жазылады?
А) Әр нәрсе В) Әр кім С) Әр жерде Д) Әр күні
10. Қос сөз жасалу үшін екінші сыңары болуға қайсысы лайықты? Шым –
А) – жылы В) – түйдек С) – шытырық Д) – кесте
11. Жалғаулығы жоқ салалас түрін табыңыз
А) Түсіндірмелі салалас В) Талғаулы салалас С) Ыңғайлас салалас Д) Қарсылықты салалас
12. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөздерді анықтаңыз
А) Салқын кеш В) Жер жүзі С) Есінен талды Д) Өлкені өрледі
13. Септеулік шылауды ажыратыңыз
А) немесе В) себебі С) шейін Д) хана
14. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды көрсетіңіз
А) Балуан адам В) Жусан иісі С) Ақ үй Д) Баукеспе ұры
15. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз
А) Съезден В) Ведомосы С) Разъезд Д) Поездға
16. Синоним сөздерді көрсетіңіз
А) Мықты, әлжуаз В) Күшті, мықты С) Әлді, әлсіз Д) Адам, жануар
17. Деректі жалпы есім қайсы?
А) Ауа В) Көңіл С) Ағаш Д) Өмір
18. Райдың неше түрі бар?
А) 4 В) 3 С) 5 Д) 2
19. «Өкіну» мағынасындағы тұрақты тіркес қайсы?
А) Ағынан жарылу В) Бармағын тістеу С) Көз аларту Д) Арасынан қыл өтпес
20. Атаулы сөйлемді белгілеңіз
А) Ойбай. В) Сарөзектен едім. С) Ышқынған долы дауыл. Д) Жалықпай іздену.
21. Құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен. С) Ауылдарыңнан, елдеріңнен не хабар бар?
В) Асқар межелі орынға келді. Д) Ертең күн жылы болады.
22. Антонимді қосарлама қос сөзді белгілеңіз
А) Ат – мат В) Қысы – жазы С) Дүркін – дүркін Д) Ауыл – аймақ
23. Емле ережесіне сай жазылғанын белгілеңіз
А) 100 ге таман В) 25 – қыркүйек С) 20-30-дай Д) 7 сынып
24. Менің ойымша, бағытымыз дұрыс. Үтір қайсысына тән, табыңыз
А) Қыстырма В) Одағай С) Қаратпа Д) Бірыңғай мүше
25. Қандай тыныс белгі қойылмағанын көрсетіңіз. Тұрайын деп еді тұра алмады.
А) Үтір, сызықша В) Көп нүкте, үтір С) Сызықша, қос нүкте Д) Нүктелі үтір
26. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне ғана тән әріп нешеу?
А) 10 В) 9 С) 6 Д) 8
27. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 В) 1 С) 3 Д) 4
28. Есімшені табыңыз
А) Жүретін В) Жүргелі С) Жүр Д) Жүріп
29. Шылаулы көрсетіңіз
А) Тәтті В) Әже С) Сайын Д) Алақай
30. Есімдіктен болған бастауышты табыңыз
А) Ертең кел В) Алты – жұп сан С) Менің әжем – дана адам Д) Ол - әкем
9-класс
І тоқсан
І нұсқа
1. «Оқшау тілдер» деп аталатын тілдер тобын көрсет
А) Қарақалпақ, ноғай, қазақ тілдері С) Түрік, түрікмен, азербайжан тілдері
В) Татар, башқұрт, қырғыз тілдері Д) Орыс, жапон, қытай тілдері
2. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды?
А) 1997 ж 11 шілде В) 1989 ж С) 1992 ж Д) 1995 ж 30 тамыз
3. Түркі тілдері дамуында ғұн дәуірі қай кезеңге сәйкес келеді?
А) б.з.д. V-ІІІ ғ. В) V-VІІІ ғ. С) Х-ХІІ ғ. Д) ХІІІ-ХV ғ.
4. «Рун» сөзінің мағынасы қандай?
А) Тау, тас В) Тәңірі, түрік С) Құпия сөз Д) Көк, кеңістік
5. «Қазақтардың тілі – түпкі түрін, түпкі сипатын сақтап қалған тіл» деген пікірді айтқан шығыстанушы ғалым кім?
А) С.Сараи В) А.Иүгінеки С) В.В.Радлов Д) Р.Сыздық
6. Күлтегін кім?
А) Хан В) Қара С) Құтлығ қағанның кіші ұлы Д) Білге қағанның ұлы
7. «Стиль» - қай тілдің сөзі?
А) Араб тілі В) Латын тілі С) Грек тілі Д) Орыс тілі
8. «Дидарластық сөз» - қай стильге тән?
А) Ғылыми стиль В) Публицистикалық стиль С) Ауызекі сөйлеу стилі Д) Көркем әдебиет стилі
9. Экспрессивті сөздер қатыспайтын қай стиль?
А) Ауызекі сөйлеу стилі В) Ғылыми стиль С) Іс-қағаздар стилі Д) Көркем әдебиет стилі
10. «Полемика» - қай тілдің, қандай мағына беретін сөзі?
А) Грек сөзі, «соғысқұмар», «дұшпандық» С) Латын сөзі, «қатты сөйлеу»
В) Араб сөзі, «мағына», «ұғым» Д) Араб сөзі «үлгілі сөз»
11. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін көрсетіңіз
А) Жақты сөйлем В) Толымды сөйлем С) Сұраулы сөйлем Д) Құрмалас сөйлем
12. Қазақ тілінде сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
А) 5 В) 6 С) 2 Д) 4
13. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
А) Несі тамаша? В) Тарыңнан титтей берші. С) Қар жауды. Д) Ойбай-ой, қалай өзгерген?
14. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз
А) Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес В) Қартқожа сөйлеп тұр С) Жоғары қарады Д) Түн. Дала жым-жырт.
15. Тұрлаусыз мүшелерінің болу – болмауына қарай жай сөйлем қалай бөлінеді?
А) Жақты, жақсыз В) Атаулы С) Толымды, толымсыз Д) Жалаң, жайылма
16. Атаулы сөйлемді табыңыз
А) Мен бүгін суретке түстім. В) Қайдан? С) Дала. Д) Жиналыс басталды.
17. Жалаң сөйлемді белгілеңіз
А) Тақтаға жазып шықты. В) Кештете келеміз. С) Сен шақыр. Д) Айлы түн.
18. Жақсыз сөйлемді табыңыз
А) Біздің ашық сөйлесуіміз керек. В) Жүз жиырма бес үй. С) Ақ шағала. Д) Күз келді.
19. Сан есімді тіркестен жасалған баяндауышты табыңыз
А) Екіншісі – тау жолы В) Екі ауылдың арасы – он шақырым С) Екі түрлі жағдай керек Д) Үшеуіміз жүріп кеттік
20. Тура толықтауышы бар сөйлем қайсы?
А) Асқар сиыр айдап кетті. В) Балаша еңіреп жылады. С) Базарлық ақ орамалға түйілген. Д) Баймағамбет маңқия қарады.
21. Күрделі бастауышты табыңыз
А) Ерінбеген етікші болады. В) Күле беру ыңғайсыз. С) Мейрам шахтаға кетті. Д) Бұл – Еркіннің сөзі.
22. Қай сөздер лепті сөйлем жасауға көмектеседі?
А) Одағай сөздер В) Есім сөздер С) Көмекші есімдер Д) Атау сөздер
23. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?
А) Қиысу В) Меңгеру С) Матасу Д) Қабысу
24. Меңгеруді табыңыз
А) Сенің өмірің В) Қалтасынан шықты С) Үлкен шкаф Д) Мидай дала
25. Матасуға қатысы бар септік қайсы?
А) Барыс В) Атау С) Ілік Д) Көмектес
26. Сөздердің жалғау арқылы байланысуын көрсетіңіз
А) Әдеби кеш В) Қолға алды С) Теңдік үшін Д) Әр уақытта
27. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз
А) Желмаяға міну В) Өмір үшін күресу С) Ғылымды игеру Д) Ашық аспан
28. Матасуды табыңыз
А) Төребек үйі В) Ашынған әйел С) Күн сайын күтті Д) Өзі келді
29. Мен естідім. Сөз байланысының қай түрі?
А) Қиысу В) Меңгеру С) Қабысу Д) Жанасу
30. Туынды үстеудің жұрнағын табыңыз
А) – даған В) – дей С) – ғыр Д) – дық
9-класс
І тоқсан
ІІ нұсқа
1. Орхон-Енисей-Талас кезеңі жазба ескерткіштеріне жататын жазба мұралар қай қатарда?
А) «Құдатғу білік», «Диуани хикмет», «Диуани лұғат ат-түрік»
В) Күлтегінге, Білге Қағанға, Мойыншорға қойылған ескерткіштегі жазбалар
С) «Мұхаббатнама», «Хұсрау-Шырын» т.б.
Д) «Гулистан-бит-турки», «Қисса-сүл-әнбия»
2. «Бітіг» деген сөздің мағынасы қандай?
А) Жазу, тастағы жазу В) Алфавиттік жүйе С) Емле Д) Көне жазба
3. Көне түркі жазуларының құпиясын ашқан қай ғалым?
А) В.Томсен В) Н.Видзен С) О.Клаппорт Д) Абель Ремюза
4. Білге қаған кім?
А) Күлтегіннің досы В) Күлтегіннің ағасы С) Күлтегіннің әкесі Д) Тоныкөктің ағасы
5. «Кім білімді көп біліп, көңілге тұтса, оның дәулеті артады» деген жолдардың авторы кім?
А) Ж.Баласағұн В) А.Йүгінеки С) К. Жалаири Д) Қорқыт ата
6. «Оқушыға құт әкелсін, өмір жолына меңзесін» деген мақсатпен жазылған қай шығарма еді?
А) Р.Хорезми «Мұхаббат-наме» С) «Қорқыт ата кітабы»
В) М.Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» Д) Ж.Баласағұни «Құдатғу білік»
7. «Лингвистика» - қай тілдің сөзі?
А) латын тілі В) араб тілі С) парсы тілі Д) орыс тілі
8. «Полемикалық сөз» - қай стиль түріне жатады?
А) Публицистикалық стиль В) Көркем әдеби стиль С) Ғылыми стиль Д) Ауызекі сөйлеу стилі
9. Синоним сөздер мен тұрақты тіркестер барынша көп жұмсалатын қай стиль?
А) Көркем әдебиет стилі В) Ауызекі сөйлеу стилі С) Ресми іс қағаздары стилі Д) Ғылыми стиль
10. Стилистика қай саланы зерттейді?
А) Тіл дыбыстарын зерттейтін сала С) Сөз мағынасын зерттейтін сала
В) Сөз табы мен құрамын зерттейтін сала Д) Тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін сала
11. Сұраулы сөйлемді табыңыз
А) Балам, тоқташы В) Сен болған шығарсың С) Аспан ашық Д) Алматы – оңтүстік астана
12. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін белгілеңіз
А) Жақсыз В) Атаулы С) Хабарлы Д) Салалас
13. Бұйрықты сөйлемді тап
А) Егіс көлемін ұлғайт В) Тіл қандай? С) Сен енді бала емессің Д) Бұл – тарихи жер
14. Республика сарайының кең, зәулім залы. Қандай сөйлем?
А) Жақты В) Жақсыз С) Жайылма Д) Атаулы
15. Бастауыш жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
А) Жалаң В) Жақты С) Толымды Д) Жайылма
16. Атаулы сөйлемнің қай сөз табынан екенін көрсетіңіз. Түн. Аспан. Бұлт.
А) Есімдік В) Етістік С) Зат есім Д) Есімше
17. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
А)Асқар-инженер В) Ол үйге кірді С) Мал жайылды Д) Бала-болашақ
18. Сын есімнен болған бастауышты табыңыз
А) Оқыған кісілер айтты В) Өнерлі өрге жүзеді. С) Көрмес- түйені де көрмес Д) Жақсы адам ісімен жақсы
19. Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.
Анықтауышты табыңыз.
А) алақандай В) бүгін С) аспанда Д) жоқ
20. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Далада қар бар. В) Олар Абаймен көп кеңесті С) Бұлар жазда келіп кеткен. Д) Бостандық өздігінен келмейді.
21. Матасы байланысқан анықтауыш түрін көрсетіңіз.
А) жарқыраған күн В) самал жел С) жұқалаң көйлек Д) менің жеңгем
22. Айқындауыш төмендегі қай сөйлем мүшесімен қызметтес?
А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш Д) бастауыш
23. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?
А)та, не, немесе В) және, мен, әрі С) бен, я, яки Д) ма, ме, ше
24. Оқшау сөздер кездескенде сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте В) қос нүкте С) тырнақша Д) үтір
25. Сөйлемде бірыңғай мүшенің қайсысы кездеседі?
Өткеннің жақсы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді.
А) бірыңғай бастауыш В) бірыңғай баяндауыш С) бірыңғай анықтауыш Д) бірыңғай толықтауыш
26. Одағайды табыңыз.
А) әрине В) сірә С) құрау-құрау Д) мүмкін
27. Жалпылауыш сөз бола алатын сөз табы қатарын көрсетіңіз.
А) зат есім, үстеу, шылау В) есімдік, зат есім, сан есім С) сан есім, одағай, зат есім Д) сын есім, шылау, сан есім
28. Меңгеруді табыңыз.
А) Ешкім үндемеді В)Алтын алаш С) Жайлауға шықты Д) мұның қызметі
29. Сөздердің жалғау арқылы байланысуын көрсетіңіз.
А) Өмірдің сәні В) Көмекей жырау С) Бас киім Д) Ақын туралы
30. Сөздің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.
А) Мақтан қума В) Білімге ұмтыл С) Сенімнен шықты Д) Отан үшін аянба
Достарыңызбен бөлісу: |