Сабақ №1. Морфология, оның объектісі. Негізгі грамматикалық ұғымдар



бет1/11
Дата29.04.2024
өлшемі35.3 Kb.
#500097
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан практикалық тапсырмалары



Практикалық сабақ №1. Морфология, оның объектісі.
Негізгі грамматикалық ұғымдар.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:

  1. Морфология саласы, оның қарастыратын зерттеу нысаны.

  2. Негізгі грамматикалық ұғымдар.

  3. Грамматикалық мағына, оның түрлері (жалпы, категориялық, қатыстық).

  4. Берілген сөйлемдегі грамматикалық мағынаның түрлерін ажырату.

Лида ақырын ғана жымиып шешесі алдында тұрғандай қолын соза беріп еді, әлсіз сылқ етіп түсіп кетті. Өз шешесі әлдеқайда, алыс ормандарда жортуылда жүрсе, әжесі есіктен қарап жылап тұр еді.


– Ой, мама, сен қалай қартайып кеткенсің ...- деп қалды да, ұялған кескінмен әжесіне қарай бір ығысып қойды. Зеңбірек даусы жақындап қалды. Наталья Лиданы орап-шымқап енді көтеріп қолына ала берем дегенде, жақын жерде жарылған снарядтан мектеп үйі қатты сілкініп қалды да, Лида қолынан түсіп кетті. Соны өрлей ағылған жау қолы үйме-жүйме болып, үйіліп келеді (Ғ.Мүсірепов «Ер ана»).


Пайдалынатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. –Алматы: Мектеп, 1972.

  2. Ысқақов А.: Қазіргі қазақ тілі.-Алматы, Ана тілі, 1974, 1991.

  3. Исаев С.: Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалвық ұғымдар. – Алматы: Ана тілі, 1992.

  4. Қазақ граматикасы. –Астана, 2002

  5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.



Практикалық сабақ №2. Грамматикалық форма және грамматикалық категория.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:

  1. Негізгі грамматикалық ұғымның бірі – грамматикалық форма.

  2. Грамматикалық формаға жатпайтын қосымшалар.

  3. Нольдік тұлға.

  4. Грамматикалық форма арқылы берілетін грамматикалық мағына.

  5. Грамматикалық категория туралы ұғым.

  6. Лексика-грамматикалық категория.

  7. Таза грамматикалық категория.

  8. Берілген сөйлемнен грамматикалық форма, грамматикалық категорияны анықтап, оның түрлерін ажырату. Морфемалық талдау жасау.

Мектеп қорасына да танкілер тола бастады. Наталья есікті еркін ашып, қатты жауып жүріп, мектептің барлық бөлмелерін аралатып шығарады.Бұл үйде өз адамдары тұрса, бұл маңда қауіп те жоқ болу керек деген ой келді білем, мектеп іші адамға толып кетті.
Фашистер әлденені айтып, арсалаңдап Наталья бөлмесіне де кіріп келеді де, көп кідіре алмай шығып кетеді (Ғ.Мүсірепов. Ер ана).
Пайдалынатын әдебиеттер:

  1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.-Алматы: Ана тілі, 1992.

  2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002 (422-423 б.б.)

  3. Исаев С: «Қазіргі қазақ тілі» (Морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтың мазмұны. (Методикалық құрал) – Алматы, 1991.

  4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы.1991.



Талдау үлгісі:

  • Сөздің лексикалық мағынасы.

  • Сөздің грамматикалық мағынасы.

  • Сөздің грамматикалық формасы.

  • Грамматикалық мағынаның түрі.

  • Грамматикалық мағынаның берілу тәсілі.

  • Грамматикалық категория.

  • Грамматикалық категорияның түрі.

  • Морфема, оның түрі.

  • А.Ысқақов, С.Исаев, Ы.Маманов жіктемелері бойынша.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет