Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті мынадай ішкі факторлар арқылы анықталады: - Кәсіпкерлік қызметтің мәні және оны ұйымдастыру жағдайы;
- Меншік иелері мен қызметкерлердің мотивациясы;
- кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі;
- нарықта жетекші орынға ие болуға мүмкіндік беретін ерекше басқару стилінің болуы;
Кәсіпорын басшылары, менеджелері мен қызметкерлерінің жоғары кәсіби құзыреттілігі және оларды оқыту мүмкіншілігі; - Кәсіпорын басшылары, менеджелері мен қызметкерлерінің жоғары кәсіби құзыреттілігі және оларды оқыту мүмкіншілігі;
- Кәсіпорын жетуге ұмтылатын құндылықтар туралы нақты әрі айқын түсініктер жиынының болуы;
- Кәсіпорын қызметінің жоғары тиімділікке бағытталуы және ұсынылатын тауарлар мен қызметтер сапасы;
- Тұтынушыларға анық және сапалы қызмет көрсетуі, тұтынушылармен жақсы, өзара қарым-қатынастарда болуы;
- Қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның көздеген мақсаттарға жетуі барысындағы олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;
- Қажетті санитарлық гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы мынадай екі жолмен жүзеге асырылады: - Біріншіден, алға қойылған мақсаттарға айтарлықтай нәтижелі жетуге мүмкіндік беретін мәдени дәстүрлерді қолдау арқылы өткен және қазіргі тәжірибені зерттеу негізінде табиғи жолмен жүзеге асырылады;
- Екіншіден, мінез-құлық пен іс- әрекеттің белгілі-бір кешендерін күштен еңгізу арқылы мақсатты түрде қалыптастырылады.
2 Іскерлік қарым-қатынас және оның нысандары Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуді, нақты проблеманы шешуді немесе анықталған мақсаттарды іске асыруды көздейтін, сондай-ақ қызмет, ақпарат, тәжірибе алмасу орын алатын, өзара байланысу және өзара әрекеттесу үндісі. Ол тікелей және жанама болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |