1185 шығарылым – Дүйсенбі, 10 қаңтар, 2011 Номер мақаласы



Дата08.07.2016
өлшемі225.39 Kb.
#185648



1185 шығарылым – Дүйсенбі, 10 қаңтар, 2011






  • Номер мақаласы

    • Назарбаев парламенттің ҚР Конституциясына өзгертулер мен түзетулер республикалық референдумға шығару туралы ұсынысын қабылдамады



  • Қазақстанда

    • ҚР Білім министрі университеттердің санын азайтуды ұсынды

    • Қазақстан Парламенті президенттің референдум өткізуге тыйым салуын айналып өтеді



  • Мұнай-газ секторы

    • Құмкөл кен орнында мұнайға шыланған топырақ пен мұнай шламдарынан тазарту бойынша жаңа технология енгізілді

    • Қазақстандық сұйытылған газы бар вагондар Украинада тоқтатылған



  • Энергетика

    • «KEGOC» ҚР энергия желілерін басқа ОА елдерінен айыру бойынша жұмысты белсендіруде



  • Қаржы және инвестициялар

    • Алматы мен Астанада журналистерге арналған «Исламдық қаржыландыру негіздері» атты семинар өткізіледі

    • Малазиялық AmanahRayaBhdҚазақстанда екінші ислам банкін ашуға ниетті

    • "АТФБанк" АҚ "GlobalCustodian" журналынан ең жоғарғы рейтинг TopRatedбағасын алуы туралы хабарлады



  • Тау-кен және металлургия саласы

    • Тараз металлургия зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жаңалау бойынша жоба таныстырылды

    • Оңтүстік Қазақстанда барит өндіру таяу жылдары бір жарыс есеге артатын болады



  • Транспорт және коммуникациялар

    • Қазақстанда үстіміздегі жылы алғашқы жерсеріктік навигация станциялары іске қосылады

    • 2010 жылдың қорытындылары бойынша ҚТЖ кірісі 3,2 есеге – 61,4 млрд теңгеге артқан – Мамин



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • Тәжікстан Өзбекстаннан газды еуропалық бағаның үштен біріне төмен импорттайтын болады – БАҚ

    • ОА мықты мемлекеттер күшейіп, әлсіздері әлсіреді

    • Интерпол Қырғызстан өкіметіне Бақиевті іздестіру бойынша көмек көрсетуден бас тартты



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



Назарбаев парламенттің ҚР Конституциясына өзгертулер мен түзетулер республикалық референдумға шығару туралы ұсынысын қабылдамады


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің ҚР Конституциясына өзгертулер мен түзетулер республикалық референдумға шығару туралы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды ресми БАҚ сілтемесінде Kazakhstan Today.

ҚР президентінің «Парламенттің ҚР Конституциясына өзгертулер мен түзетулер республикалық референдумға шығару туралы ұсынысын қабылдамау туралы» қаулысына сәйкес, ҚР Конституциясының 91 бабының 1 тармағына сәйкес: ҚР парламентінің Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы референдумға шығару жөніндегі Республика парламентін бастамасының Қвазақстан Республикасы Конституциясының 54 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес ұсынысы қабылданбасын.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанда



ҚР Білім министрі университеттердің санын азайтуды ұсынды


ҚР түрлі меншіктік формада жұмыс істейтін 140 университеттердің 50 ғаға қалдырылуы қажет. Ол туралы республиканың парламенті сенатында «Ғылым туралы» заң жобасын тұсаукесері барысында ғылым жіне білім министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

Ведомство басшысының айтуына қарағанда, Қазақстанда шамамен 50 университеттер мен 30 институттар ғана жұмыс істеуі қажет. Қалған жоғарғы оқу орындары академиялар болып, жалпы саны 100 бірліктен аспауы керек, деген пікірді Жұмағұлов. Ол 2010 жылы қабылданған 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жоғарғы оқу орындары жүйесіне өрбітулер енгізіледі: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық университеттер, зерттеу университеттері, институттар мен академиялар.

Жұмағұлов министрлік 50 университеттер қатарына кірмейтін оқу орындарын жабуды жоспарлап отырған жоқ деп атап өтті. «кейбір университеттер мен институттарқазіргі кезде біздің талаптарымызды қарастыру үстінде, олар өздігінен жабылу алдында. Солай болса, тіпті жақсы болар еді. Университеттердің жабылуы қара бастың қамы емес», - деп толықтырды Жұмағұлов.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған екі сатылы мемлекеттік бағдарламасын 2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстанның Президенті бекіткен болатын. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаулы іске асырылатын болады. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші сатысы 2011-2015 жылдарға, ал екінші сатысы – 2016-2020 жылдарға есептелген. Бірінші сатыны қаржыландырудың жалпы көлемі 461 миллиард теңге (3,1 миллиард долларды) құрайды. Бағдарлама педагогтық қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, жалақы төлеудің жаңа дифференциальды жүйесін жасау мен енгізуді қарастырады. Жоспарда мектеп және жоғарғы оқу орындарында білім беру бағдарламаларын, сонымен қатар, жоғарғы білім, ғылымды өндіріспен біріктіру бар, деп хабарлайды ҚазТАГ.


Қазақстан Парламенті президенттің референдум өткізуге тыйым салуын айналып өтеді


14 қаңтарда Қазақстанда парламенттің палатамен бірлескен отырысы болады. Осыған сәйкес құжатқа төменгі палатаның төрағасы Орал Мұхамеджанов қол қойды. Отырыстың күн тәртібі белгісіз, алайда көбісі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізуге тыйым салуын айналып өту мәселесін қарастыратын болады деп есептейді.

БалИнфо. ru хабарлағандай, егер депутаттардың 80 пайызы дауыс беретін болса, парламентте президенттің тыйым салуын айналып өте алады. 27 желтоқсанда Қазақстанның Орталық комитетінде бастамашыл топтың 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын тіркеген болатын. Алайда Қазақстанның басшысы парламенттің республиканлық референдумға жалпыхалықтық сайлау өткізбей президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша конституциялық түзетулер енгізу туралы ұсынысынан бас тартты.

Мемлекет басшысының осыған сәйкес қаулысы ресми БАҚ жұма күні жарияланған. Жетпіс жастағы Назарбаев 20 жылдан астам уақыт ел басқарып келеді. 1995 жылы Қазақстанда президенттің өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткен болатын: ол кезде Назарбаевтың өкілеттігі 1999 жылдың соңына дейін созылған. Қазіргі президенттік өкілеттік мерзімі 2012 жылы аяқталады.

Осы ретте, АҚШ Қазақстанның саяси күштерін республиканың конституциясы мен Назарбаевтың «тарихи мұрасын бұзатын» әрекеттер жасамауына шақырады, деп хабарлайды РИА Новости.

«Қазіргі кезде «референдум туралы мәселелерді» талқылап отырған, мүмкін ерекше және жеке қызығушылыққа ие адамдарға құрметпен қарай отырып, Қазақстанның конституциясы мен одан да маңыздырақ Нұрсұлтан Әбішұлының (Назарбаевтың) тарихи мұрасын бұзатын шолақ мерзімді іс-шараларға қадамдар жасамауына шақырғымыз келеді», - делінген АҚШ Қазақстандағы елшілігінің мәлімдемесінде.

Мұнай-газ секторы



Құмкөл кен орнында мұнайға шыланған топырақ пен мұнай шламдарынан тазарту бойынша жаңа технология енгізілді


Қызылорда облысыныңҚұмкөл кен орынында мұнайға шыланған жер қабаттары мен мұнай шламдарынан тазарту бойынша жаңа технология енгізілді. Ол туралы кәсіпкерлік пен өндіріс басқармасында айтылды.

«Крот-5» қондырғысымен мұнайдың майлы қалдықтарын химиялық нейтралдау әдісі, қазіргі кездегі ең тиімді әлемдік тәжірибе болып табылады», - деп есептейді «ЭкоСервис» ЖШС директоры Мусиф Жарылқасынов. Оның сөзіне қарағанда қолдану үдерісінде полимерлеу мен заттардың жабысқақтығы пайда болады.

«Осылайша, мұнай қалдықтарынан экологиялық қауіпсіз материал аламыз, мысалы, жол құрылысына асфальт бетондық қоспа мен автожолдардың гидробөлу қабаттарын жасауда құрамдас бөлігін аламыз. Егер оны ішкі кәсіпшілік жолдарда пайдаланатын болса, майда грануларадың жабысқақтық қасиеті арқасында шаң-тозаңдануын азайтады. Басқа бір жолы – осы материалды құм-гравийлік қоспамен бірге қолдану. Бұл асфальтбетондық жолдар негізіне су өткізбейтін қасиетімен жақсартуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Жарылқасынов.

«ЭкоСервис» Компаниясы бірнеше жыл бұрын Курсте ресейлік «Экологиялық қауіпсіздік институты» ЖАҚ ғалымдарымен бірлесе отырып, Қазақстандағы алғашқы өңдеу технологиясы «Эконафт» - аймақтың мұнай кәсіпорындарында енгізхген болатын. Қазір «Крот-5» қондырғысы өндірістік сынақтан өткізілді», - деп мәлімдеді ЖЩС бас инженері Валерий Агапов.

«Бір қондырғы жылына 15 мың шаршы метр мұнай қалдықтарын өідей алады. Егер бізге қажетті және экономикалық тұрғыда тиімді болса, «Крот-5» қондырғысының санын көбейтетін боламыз, - деді компания басшысы. Оның айтуы бойынша, компания осымен алтыншы жыл Құмкөл кен орындары тобындағы майланған топырақты өңдеумен жемісті айналысып келе жатыр.

«Биологиялық әдіспен қатар, ыстық сумен ластанған топырақты жуу физикалық тәсілін де енгізе бастаған болатынбыз. Осы бір Қазақстан үшін жаңа әдіс жақсы нәтижелер берді», - деп атап өтті компанияның экологы Сандуғаш Пазылова. Ол «үш жыл бұрын «ЭкоСервис» ЖШС Құмкөлде мұнаймен майланған топырақ және мұнай шламын жылумен өңдеу тәсілін енгізген еді. Полигонның нақ ортасында екі қондырғы жұмыс істейді. Оның біреуі аз ластанған топырақты ыстық су және бумен, екіншісі – айналмалы пеш – майланған қалдықтарды қатты отта күйдіріп тазартады», - деп хабарлайды Kazakhstan Today.


Қазақстандық сұйытылған газы бар вагондар Украинада тоқтатылған


Қазақстандық сұйытылған газы бар вагондар Украинада тоқтатылған, деп хабарлайды украинаның «Укрзализыця» теміржол транспорты Мемлекеттік әкімшілігінің пресс-релизі сілтемесінде.

«Украина қаржылық кепілдемелер реті таратылатын жүктер тізімінің кеңеюіне баіланысты өзінің тарнзиттік әлеуетін жоғалтуды», - деп көрсетілген пресс-релизде.

1 қаңтардан бастап 4 қаңтарға дейін Украинаның шекаралық теміржол беріліс станцияларында сұйытылған газы бар 400 вагон, оның ішінде Украина территориясы арқылы транзитпен жүретін 350 вагондар тоқтатылған. Ресеймен шекаралас Красная Могила станциясының өзінде-ақ Қазақстаннан келе жатқан газы бар 250 вагон тоқтатылды. Станциялардағы жолдардың бос болмауы, поездарды қабылдау, жіберу мүмкіндіктері шектелуіне байланысты осы мемлекетаралық өткізу пуктінің жұмысы тоқтап қалған. Украинаның темір жолдарының 2011 жылдың алғашқы күндері шыққан шығындарының жалпы көлемі 150 мың гривенді құраған, деп хабарлайды баспа орталығы.

Баспа қызметтерінің мәліметтері бойынша, сұйытылған газы бар вагондарды кідіріп қалуы, Украинаның Мемлекеттік кедендік қызмет лицензиясы бар қаржылық делдалдар сұйытылған газы бар вагондарды Украинаның мемлекеттік шекарасында кедендік рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды дер кезінде дайындау жұмыстарын сапасыз ұйымдастыру салдарынан болған.

"Укрзализныця" Украинаның жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған газға қатысты жеткізілу кеденіне транзиттік акциздік тауарларды тасымалдау бойынша жүк иелерінің кедендік органдарға қаржылық кепілдемелер беру реті арқылы жұмыс істейтін акциздік тауарлар (мұнай өнімдері тобының құрамында) тізіміне жатқызылады. Кодексте импорт кезінде жүкті алдын ала кедендік декларациямен рәсімдеу мен оның электрондық көшірмелері қарастырылған.

1996 жылдан бастап Украинада Кедендік органдарға жеткізілу кеденіне дейін транзиттік акциздік тауарларды тасымалдау бойынша жүк иелерінің қаржылық кепілдемелер беру ретін жұмыс істеп келеді. Ол шын мәнісінде, жүкті жеткізу темір жол міндетіне артылатын қаржылық кепіл болып табылады. Тасымалдау процесіне қатысты делдалдық құрылымдар назарына аударылғандықтан, акциздік жүктердің транзиттік тасымалының көлемі едәуір азайған, деп хабарлайды баспа қызметтері.

«Осыған қарамастан, мемлекеттік кеден қызметінің өзіне берілген құзырына сәйкес, кепілдік жеткізу шаралары, соның ішінде «транзит» режимінде жеткізілетін тауарларға қолданылатын тізімді ауық-ауық кеңейтіп отыр. Қазіргі кезде кепілдеме шаралары, акциздік басқа, 84 позициядағы акциздік тауарларға қолданылады. Мемлекеттік кедендік қызмет органдары аталған тізімді тағы да 54 позицияға ұлғайтпақ. Болжамдар бойынша, бұл Украина темір жолдары арқылы өтетін тарнзиттік жүк тасымалдаудың жылдық көлемінің 8 млн.тонна жоғалтуына және Украинаның темір жолдарынан түсетін кірістен 160 млн доллар көлемінде шығынға ұшырауына ықпал ететін болады. Сондай-ақ Украинаның Мемлекеттік бюджеті осыншама қаражат түсімінен айырылады. Мұндай шарттармен транзиттік жүктердің басым үлесі Украинадан айналып – ең бастысы, Ресей Федерациясының порттары мен Беларуссия республикасының территориялары арқылы (осы елдердің темір жолдары кедендік тасымалдаушы статусына ие) жүк иелеріне бағытталатын болады», - делінген пресс-релизде.

Украинаның Кедендік кодексінің 184 бабына сәйкес, темір жолдарды кедендік тасымалдаушылар реестріне енгізу, Украинаның кедендік территориясы кепілдік жеткізу шаралары қолданылатын акциздік тауарлар мен тауарларды тасымалдау кезінде кедендік органдарға қаржылық кепілдеме беруге байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, деп есептейді "Укрзализныця".

Украина БАҚ хабарлағандай, жаңа Салық кодексі 2010 жылдың 2 желтоқсанында Президенттің түзетулерімен Рада қабылдаған болатын және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілген. Салық кодексіне түзету енгізілуді қабылдау алдында сынмен қараған оппозиясының ауқымды қарсылықтары болған еді, құжатты қабылдаудан бір күн бұрын украина кәсіпкерлері, құжатқа тыйым салу мен салық кодексіндегі түзетулер қабылдауға өз қарсылықтарын білдірген Майдандағы митингте жиналған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Энергетика



«KEGOC» ҚР энергия желілерін басқа ОА елдерінен айыру бойынша жұмысты белсендіруде


Электор желілерін басқару жөніндегі «KEGOC» АҚ қазақстандық компаниясы Қазақстанның энергия желілерін Орталық Азия Бірікке энергия желілерінен (БЭЖ) Қырғызстандағы апаттап кейін республиканың бірнеше оңтүстік облыстарының электр энергиясыз қалуына байланысты ажырату бойынша жұмысқа кірісуге ниетті, деп хабарлады компанияның баспа қызметтері.

KEGOC ақпараттары бойынша, 5 қаңтарда кешкі еі жоғарғы күштің өтуі кезінде Өзбекстан энергия желіліре тарапынан келісімсіз қуат алу (300МВт) бақыланған. Осының нәтижесінде Қырғызстанның энергия жүйесінде 200 кВ бар үш желінің екеуінің кезекпен өшіп қалу оқиғасы туындаған. Орталық Азияның БЭЖ генерациялық қуаттың жоғалуы (800 МВт дейін) артық күш салуы Қазақстанның біртұтас энергия желісінің «Север-Юг» транзитінің өшуіне әкеліп соққан. Бірнеше сағат бойы Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының тұтынушылар жарықсыз қалған. Энергиямен толықтай қамтамасыз ету кешкі мезгілде бірақ қалпына келтірілген.

«Қазақстанның БЭЖ тұтынушыларын электрмен сенімді қамтамасыз ету үшін, «KEGOC» АҚ Қазақстанды Орталық Азия БЭЖ энергия жүйесінен баланстық тиесілігі шекаралары бойынша ажырату жөніндегі техникалық іс-шараларды қайта қолға туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, апат себептерін тексеру үшін мемлекет аралық комиссия құрылған», делінген Қазақстан жаңалықтары АА хабарламасында.

Қаржы және инвестициялар



Алматы мен Астанада журналистерге арналған «Исламдық қаржыландыру негіздері» атты семинар өткізіледі


БАҚ өкілдері үшін Алматы мен Астанада «Исламдық қаржыландыру Негіздері» тақырыбында семинарлар мен бизнес-дәрістер өткізіледі, деп хабарлайды іс-шараны ұйымдастырушы - «Al Hilal» ислам банкінің баспа қызметтері.

Бұл шара Алматыда 12-14 қаңтарда, ал Астанада – 11 қаңтарда өтетін болады. Мақсаты – қаржы саласындағы білімді көтеру. Тыңдаушылар, қазақстандық заңнамада қарастырылған исламдық қаржыландыру мен салық салудың құралдары мен принциптерімен танысатын болады.

Al Hilal Bank исламдық банк – Абу-Дабиде орналасқан (БАЭ) мемлекеттік Al Hilal банктің еншілес ұйымы. Банк Алматы мен Астана қалаларында қызмет көрсетеді.

Ислам банкі өз қызметін Құран, Пайғамбардың Хадистері мен Шәриғат заңдарына негіздеген. Дегенмен Al Hilal Bank – діні мен этникалық құрамына қарамастан, жалпыға жетімді.

Ислам банктердің қалыпты жұмыс істеуі мен исламдық қаржыландыруды дамыту үшін Азаматтық және Салық кодекстеріне тұзетулер мен өзгерістер енгізу қажет, сонымен қатар, Қазақстанда банктік қызметтерді реттеп отыратын нормативтік-құқықтық актілер жасау қажет. Осы мақсатта реттеушілер, заң түзушілік билік, түрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ қызметкерлері арасында білімін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі аса қажет болып отыр.

Малазиялық AmanahRayaBhdҚазақстанда екінші ислам банкін ашуға ниетті


Малазиялық траст компания Amanah Raya Berhard Қазақстанның даму Банкімен серіктестікте 2011 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда екінші ислам банкін ашуға ниетті. Осындай ақпарат TheMalaysianInsider сайтында таратылған.

Жаңадан құрылған AmanahRaya мекемесі үлесінің 55 пайызын иемденетін болады. Қазақстан Даму банкі (ҚДБ) 40%, FattahFinance қазақстандық брокерлік 5% иемденеді.

«Банктің операциялық сттратегиясы оның жеке нарықпен бизнес-қаржыландыру нарығында болуы мақсатында кейінірек банк қатысушыларымен қалыптастырылатын болады», - деп мәлімдеді AmanahRaya малайзиялық басылым өкілі.

Қазақстандағы алғашқы ислам банкі Al Hilal 2010 жылдың науырызында құрылған. «Al HilalИслам банкі» АҚ Абу-Даби (БАЭ эмираттарының бірі) үкіметіне қарасты «Al Hilal Абу-Даби» банкінің еншілесі болып табылады. Al Hilal банкі ҚР мен БАЭ үкіметтерінің Қазақстанда ислам банкін ашу туралы 2009 жылдың 7 шілдесінде ҚР заңымен бекітілген келісімге сәйкес құрылған, деп хабарлайды Business Грузия Online.


"АТФБанк" АҚ "GlobalCustodian" журналынан ең жоғарғы рейтинг TopRated бағасын алуы туралы хабарлады


Дамыған елдерде, соның ішінде Қазақстан нарығында "Global Custodian" (Agent Banks in Emerging Markets Survey 2010) басылымы жүргізген кастодиандар қызметін бағалау нәтижесі бойынша «АТФ Банк» АҚ 2010 жылдың «Жергілікті клиенттері» мен «Шетелдік клиенттер» категориясында Top Rated баңасының еі жоғарғы рейтингісін иеленді. Осыған қоса, АТФ банк Commended рейтингтік бағалаудың «Ірі клиенттер» категориясында да ең жоғарғы бағаны алды.

«АТФ банк» "Global Custodian"рейтингісіне енген Қазақстандағы екі банктің бірі. Журналдың жыл сайынғы рейтингі кастодиандар көрсететін қызметтер сапасы туралы клиенттердің пікірлері негізінде жасалады. Жыл сайын құнды қағаздары нарығы дамыған 68 елдің кастодиандары бағаланады.

"Global Custodian" журнал1989 жылдан бастап шығарылады және құнды қағаздар нарығындағы қызметтерді жариялайтын арнайы халықаралық бұқаралық ақпараттар ішіндегі беделдісі болып табылады.

«АТФ Банк» АҚ кастодиан қызметін 1998 жылдан бастап көрсетеді. Алғашқы клиенттері жергілікті зейнеткерлік жинақтаушы қоры мен шетелдік инвесторлық институттар болды. Бүгінгі таңда «АТЫФ банк» - зейнеттік жинақтаушы қорлары, пай және акционерлік инвестициялық қорлар, брокерлер мен дилерлер, сондай-ақ шешелдік институтциялық инвесторларды қоса алғанда 400 астам клиенттері мен субклиенттері бар Қазақстандағы ірі кастодиан болы саналады.

2007 жылдан бастап «АТФ банк» еуропалық ірі кастождиандардың бірі болып саналатын және Орталық және Шығыс Еуропа мен әлемнің 63 елінің кастодиандық жүйесін тікелей қамтитын UniCredit тобына кірген болатын. UniCredit кастодиандық қызмет көрсету активтерінің жалпы көлемі 80 млрд еуро, ал қызметкерлерінің жалпы саны -230 адамды құрайды.

АТФ банкпен бірге "Global Custodian" журналының құрметіне Босния мен Герцеговиния, Болгария, Венгрия, Польша, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Хорватия, Чехия мен Украина елдерінің UniCredit құрылымының еуропалық банктері де ілінді, деп хабарлайды KASE.


Тау-кен және металлургия саласы



Тараз металлургия зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жаңалау бойынша жоба таныстырылды


Галина Скрипник, ҚазАқпарат
Жамбыл облысындағы Тараз металлургия зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жаңалау бойынша жоба таныстырылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспа қызметтері.

Жеделдетілген индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарлама (ЖИИМБ) аясында «Тараз металллургия зауыты» ЖШС жүзеге асыратын жобаның құны – 11,5 млн. теңге, оның 7,19 млн. теңгесін «Қазақстанның даму банкі» АҚ қаржыландырады.

Жобада жаңа екі пештің іске қосылуы, толығымен экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін жабық технологиялық процесс және шығарылатын өнімнің көлемін арттыру жағдайлары қарастырылған.

Жаңа өнеркәсіпті іске қосу арқылы 1600 жаңа жұмыс орны қалыптастырылатын болады.

Жамбыл облысыныда 2010 жылы ЖИИМБ аясында барлығы сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылған, оның жалпы құны 55,95 млрд теңге құрайды, 3,3 мың жұмыс орны құрылған.

Оңтүстік Қазақстанда барит өндіру таяу жылдары бір жарыс есеге артатын болады


Оңтүстік Қазақстандағы Кентау ауданында барит рудасын өндірумен айналысатын «Стройсервис» ЖШС өзінің өндірістік қуатын бір жарым есеге арттырмақ.

Мекеме басшысы Асхат Сәлімбаевтың айтуына қарағанда, қазіргі кезде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 30 мың тонна дайын концентратты құрайды. Жақын арадағы міндеттердің бірі – дайын өнімнің көлемін 50 мың тоннаға дейін жеткізу. Кәсіпорын руданы жергілікті карьерде өндіреді.

«Соңғы жылдар ішінде толығымен жағартылып, кен байытудың заманауи желілері енгізілген. Ол үшін жарты миллионнан астам қаражат салынды», - дейдә Сәлімбаев.

Жаңа қондырғы өндірісті он есеге арттыруға мүмкіндік берді. ЖШС-тің Кентау қаласының бюджетіне аударатын ай сайынғы қаражаты 4 млн теңгені құрайды. Өндіріске 10 адам жұмысқа тартылған, олардың 20-сы инженерлік-техникалық қызметкерлер. «Негізінен, бізде жергілікті тұрғындар жұмыс істейді, олардың орташа жалақысы – 53 мың теңге. Осыған қоса толығымен әлеуметтік пакет бар», - деп тоқталды ЖШС директоры.

Барит концентраты мұнай өнеркәсібінде қолданылады және кәсіпорынның тұрақты сатып алушылары бар. Әзірге Кентау баритін Қазаұстанның мұнайлы аймақтары сатып алады. Алдағы уақытта – Ресейге, Түркменстанға, Әзірбайжанға экспорттау жоспары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Транспорт және коммуникациялар



Қазақстанда үстіміздегі жылы алғашқы жерсеріктік навигация станциялары іске қосылады


Қазақстандаосы жылы алғашқы жерсеріктік навигация станциялары желісі іске қосылатын болады, деді ұлттық ғарыштық агенттіктің төрағасы Талғат Мұсабаев, хабарлайды ҚазТАГ.

«Біз жақын арада елімізде жоғары жиіліктегі жерсеріктік навигация жүйесін жасап іске қосамыз. Осы жылы оның 10 дифференциалдық станциясы таратылатын болады. Ол Ақмола облысы мен Астанада алғашқы жоба бола отырып, Қазақстанның барлық территорияларына таралатын болады, - деп мәлімдеді Т.Мұсабаев журналистерге «Ғарыш адам игілігіне – болашаққа көзқарас» атты халықаралық конференцияда берген жауабында.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов өз кезегінде журналистерге бұл жүйенің толығымен Қазақстан бойынша жұмыс істеуі 2012 жылы жүзеге асырылады, деп айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2011 жылдың екінші жартысында жоба алдымен Ақмола және Алматы облыстарында жаңа жерсеріктік навигация жүйесі ретінде пайда болады. Жобаны немістің «EATS» фирмасы жүзеге асыруда.

Осы жоба жерге орналастырушылар, картографтардың кадастрлық жұмыстарды жүргізуіне, кеңістіктік-ұзындық нысандарын бақылауға мүмкіндік беретьін болады, деп қосты ол.

Оның болжамы бойынша, жоба жылдардың соңына қарай табыс келтіретін болады.

2010 жылдың қорытындылары бойынша ҚТЖ кірісі 3,2 есеге – 61,4 млрд теңгеге артқан – Мамин


«Қазақстан темір жолы» АҚ кірісі 2010 жылдың қорытындылары бойынша 3,2 есеге – 61,4 млрд теңгеге дейін артқан. Осы туралы ҚР транспорт және коммуникация Министрілігінде компания президенті Асқар Мамин коллегия барысында айтты.

«Алдын ала қорытындылар бойынша, компанияның кірісі 598 млрд теңгені құрайды, ол 2009 жылмен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Шығын көлемі 504 млрд теңге құраған. Компанияның  қорытынды табысы 61,4 млрд теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 42 млрд немесе 3,2 есеге жоғарылаған», - деді А.Мамин.

Оның айтуы бойынша, ҚТЖ қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 15 пайызға – 83 515 теңгеге дейін көтерілген. 2010 жылы капиталдық салым көлемі 204,2 млрд. теңгеге жетіп, 2009 жыл деңгейін 2 есеге арттырған.

135 локомотив, 2 441 жүк вагондары, 162 жолаушылар вагондары мен электр пойыздары жөнделіп, сатып алынған, деп хабарлайды BNews.kz.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Тәжікстан Өзбекстаннан газды еуропалық бағаның үштен біріне төмен импорттайтын болады – БАҚ


Өзбекстан басталған жылы Тәжікстанға табиғи газ сатып алуда 33 пайыз көлемінде жеңілдік берді, деп хабарлайды «Азия-Плюс» тәжік агенттігі сілтемесінде РИА Новости.

«Тәжіктрансгаз» ААҚ бас директорының айтуына қарағанда, өткен жылғы көрсеткіштен 10 пайызға артық жеңілдік туралы келісім «Узнефть» холдингі мен «Узтрансгаз» ААҚ басшылары, сондай-ақ Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимовпен арада өткен жылдың желтоқсанында өткізген келіссөздер барысында қол жеткізілген.

Нәтижесінде, Тәжікстан 2011 жылдың 1 тоқсанында 1 шаршы мерт өзбек газы үшін 227,85 доллар төлетән болды. Ал жеткізу көлеміне келетін болсақ, 2011 жылы Өзбекстаннан 180 миллион шаршы мерт табиғи газ импортталатын болады. Бүгінгі күні Өзбекстаннан елге 15 мың шаршы метр табиғи газ жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

ОА мықты мемлекеттер күшейіп, әлсіздері әлсіреді


2010 жылы Орталық Азиядағы сиапттық құбылыс, үлкен мемлекеттердің күшейіп, кішілерінің әлсіреуі болды, деп мәлімдеді саясаткер Мубариз Ахмедоглы, Әзірбайжан жаңалықтары АА хабарлайды.

Қызық, дегенмен,Тәжікстанды ішкі ұлтаралық қарсылықтар талап бара жатқан айғақтығы рас. Қырғызстан күрделі көтеріліс пен бүлікті басынан кешірді. Осылардың қатарында Қазақстан сыртқы және ішкі саясатын нығайтып, халқының байып келе жатыр, сонымен қатар Өзбекстан да әсер ету салаларын кеңейтіп, өз мемлекеттігін орнатты, ал Түркменстан жаңа газ кен орнын тауып, түркменстандық газ қорының ресейлік – 21 млрд шаршы метр газбен теңестірді.

Орталық Азия саяси тартыстардың орталығы, Ресей, АҚШ, Иран мен Қытай арасындағы әсерлесу сферасы болы қала беруде. Тегеран Тәжікстанға парсы тілдес мемлекеттер одағына кіруді ұсынды. Осы ретте, бұл аймаұқтағы Ресейдің басымдылығына ешкімнің дауы жоқ, деп есептейді саясаткер, деп хабарлайды CA-NewsTJKNews.com сілтемесінде.

Интерпол Қырғызстан өкіметіне Бақиевті іздестіру бойынша көмек көрсетуден бас тартты


Интерпол бас хатшылығы Қырғызстан өкіметіне Құрманбек, Жаныш және Марат Бақиевтерді, сонымен қатар, Мұрат Суталинов пен Данияр Үсеновті іздестіру бойынша көмек көрсетуден бас тартты. Ол туралы Интерпол орталық Ұлттық бюросының Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасының ведомство аралық тексеру тобының басшысына жіберген ресми хатында жазылған.

Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы, қырғыз жағынан ұсынылған іздестіруге адамдарға тағылатын негізі ережелерге және Интерпол конституциясына қайшы келеді, деп нақтылайды.

Ұйымда, Интерпол Конституциясының 3 бабына сәйкес, олардың «саяси, әскери, діни және нәсілге байланысты араласу немесе іс-шаралар жасауға қатаң тыйым салынады», деп тоқталған. Осыған байланысты, халықаралық полицияның Бас хатшылық іздестіріліп жатқандарға қатысты қызыл хабарлама (халықаралық іздестіру туралы) жарияламайтыны туралы шешім қабылдаған және ұйым елдерін осы адамдарды іздестіру туралы ынтымақтастық Интерполдың конституциясы мен ережелеріне қайшы келетіндігі туралы ақпарат таратты.

Қырғызстан Республикасының өкіметі 2010 жылдың мамырында Интерполды Бақиевті тұтқындауға көмек беруін өтінген болатын. Елдің бұрынғы президентіне экономикалық қылмыстар мен 6-7 сәуірде Бішкек көшелеріндегі тәртіп бұзушылық кезінде жаппай адам өлтіруге қатысы бар деген айып тағылған. Құрманбек Бақиев өзі билік басынан кетуі туралы жариялап, 2010 жылдың сәуір айының ортасында елден кеткен.



2010 жылдың мамыр айының басында Интерпол арқылы оның ұлы Максим Бақиевке іздестіру жарияланған. Ол алаяқтық жасады деген айыппен іздестірілуде, деп хабарлайды «Апта айнасы» 24.kg. АА материалдарынан.

Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 10 қаңтар, 2011; дерек көзі: Visor Capital




Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 10 қаңтар, 2011; дерек көзі: Visor Capital

Мұнай мен газ құны
Дата: 10 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

88.84

.81

.92

01:28

Dated Brent Spot

93.44

.18

.19

01:29

WTI Cushing Spot

88.03

-.35

-.40

01/07

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

250.40

1.77

.71

01:27

Nymex RBOB Gasoline Future

242.63

1.32

.55

00:59

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.42

-.00

-.05

01:24

Henry Hub Spot

4.43

-.05

-1.12

01/07

New York City Gate Spot

6.30

.58

10.14

01/07

Commodities
Дата: 10 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

427.750

-0.500

-0.12

01:28

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1373.900

5.000

0.37

01:29

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

28.890

0.219

0.76

01:29

Металл құны
Дата: 10 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

28.91

+0.22

Platinum

1741.00

+10.00

Palladium

758.00

+8.00

Rhodium

2,380.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 10 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.13

1 CHF

KZT 152.15

1 CNY

KZT 22.21

1 TRY

KZT 95.35

10 JPY

KZT 1.77

1 EUR

KZT 193.05

1 AUD

KZT 146.88

1 KGS

KZT 3.12

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 228.83

1 CAD

KZT 148.06

1 RUB

KZT 4.80

100 KRW

KZT 13.16







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет