Тақырып. Наймандар, керейлер, жалайырлар. Қазақстан территориясындағы қарақытайлар. Қыпшақ хандығы



бет1/3
Дата16.05.2024
өлшемі31.8 Kb.
#501329
  1   2   3
5.1. Найман, керей


Тақырып. Наймандар, керейлер, жалайырлар. Қазақстан территориясындағы қарақытайлар. Қыпшақ хандығы.


Дәріс мақсаты: Найман, керей және жалайырлардың территориялық шекарасын анықтау. Бұл этноқұрылымдардың ішкі және сыртқы саясатын талдау. Жетісу аумағындағы Қарақытай мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысынын, саяси тарихының, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшеліктерін айқындап, көрсету.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
1. Қазақстан территориясындағы наймандар. «Найман» этнонимі

2. Қазақстан территориясындағы керейлер.


3. Қазақстан территориясындағы жалайырлар
4. Жетісудағы қарақытайлар.
5.Қыпшақ хандығының құрылуы. Этникалық құрамы. Территориясы.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Наймандар – қазақ халқының құрамындағы ірі тайпалардың бірі. Олар Ертіс өзенінің бас жағындағы таулы өлкені мекендеген. Тарихи деректерде Наймандар Шыңғыс тауынан-Орхон алқабына дейінгі жерді мекендеген.
Ежелгі Қытай деректерінде Найман хандығындағы ру-тайпаларды Төре найман, Бетеге найман, Ақсауыт найман, Көшеуіт найман, Дүрмен найман, Барлас найман, Найман керей, Найман қаңлы деп сегіз топқа бөлген. «Найман» этнонимі сегіз сөзін, яки санын, монғолдардың «нəмін» деп атауынан шыққан деген болжамдар бар. Осы сегіз рулы елдің ішінде Төре наймандар хандық тақты иеленіп келген. Еният хан, Инанг Білгі Бұқа хан, Таян хан, Күшілік хан, т.б. бəрі де сол Төре найман əулетінен
Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кезі – ХІІ ғ. екінші жартысы. Орталығы Орхон өзені бойындағы Балықты қаласы.
Мемлекет басқару тәжірибесі оңайшылықпен келмейді. Мемлекет пайда болуының басты шарты -жер иеліктері. Рашид-ад-дин наймандардың Шыңғыс ханға дейінгі қоныстанған жерінің шекарасын былай белгілейлі:
«Найманның бір бөлегі биік тауларда жайласа, екінші бөлегі жазықты жерді мекендеді. Жоғарыда айтылғандай негізгі жері -Алтай таулары, Қарақорым, Элуй (Алай) – Сирас және Көк Ертіс, Моғолстанға дейінгі аймақ деп атайды. Патшасының жайлайтын жазғы жайлауы Талақ деген жер. Осы тұста Джаджиз-наур деген алаңқайда ордасы тұрады десе,  қысқы қонысы Адари-Эбке, Бакрас-олум, Ачирик-наур таулары, Ала-Етрин өзенінің бойы».
Найман елінің қонысы Ертістің жоғарғы жағында қырғызбен шекаралас аймақ жатыр, екі арада жаугершіліктің көп болуы осы себепті дейді тарихшы. Рашид-ад-дин наймандардың Ертістен Енисейге дейінгі өлкеде қырғызға бірнеше соққы бергенін де сипаттап жазады, яғни жер мәселесі наймандар қашанда ауыр және өзекті болған. Найманның шекаралас елінің бірі Тоғрыл (Он) ханның елі, яғни керейлер еді, сол себепті керей мен найман арасында  бітейтін, өшпейтін жаугершілік жүріп жатты. Найман жерімен шекаралас көрші үшінші ел- оғыздардың негізгі ұйытқысы-ұйғырлар екені белгілі. Қырғыз тайпалары 840 жылдары Ұйғыр қағанатын талқандағаннан кейін олардың көпшілігі бір жағы Ертісті бойлап кетсе, екіншілері Шығыс Түркістан аймағына бет бұрды, сонымен бірге Орталық Азия үстіртінде қалғандары да аз емес еді. Олардың ішінен Найманның хан ордасына қызмет еткен Тата Тунга сияқты сауаттты азаматтары да аз емес еді. Қарап отырсаң бүкіл өмірі көршілерімен жаугершілікте өткен, негізгі халқы көшпелілікке бейім найман елінің мемлекет құруы оңай болмаған. Бірақ бізге белгілі деректер наймандардың заманында өте күшті мемлекет құрғанын айғақтайды.
Рашид-ад-дин «Эти племена найманов и их государи были уважаемыми и сильными, они имели болтьшое и хорошее войско, их обычаи и привычки были подобны монгольским» дейді. С.Е. Малов құрастырған түркі жазба ескерткіштерінің жинағы ішінде Абақан өзенінің бойынан Ачура деген жерден табылған Орхон жазуымен жазылған құлпытас бар. Ол жазудың мазмұны бір ғана Найман еліннің тарихын суреттейді.: Ег өгесі Инанч-білге (Бұқа хан), Оғлы аты Куч-Оре оғлан. Ер атыңыз Оре бек, Еліңіз учун қызғану... Ағыға тегміш су теңі, Еті бің оғлан ерті.
Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. Деректерге қарағанда найман патшаларын ертеде Күшліқ хан, Бұйрық хан деп аранайы титулдармен атаған. Осыған қарағанда әуел бастан найманда екілік, яғни дуальді одақ есебінде өмір сүрудің бір тәртібі болған. Бұл тәртіп Орталық Азияда мемлекет құрған көптеген халықтардың саяси жүйесінде бар нәрсе, ол шамасы көшпелі елдердің батыс және шығыс болып бөлінетін екілік этноқұрылымымен байланысты. Тарихи анықтамаларға қарағанда «Күшілік» атауы -өте күшті және ұлы дегенді білдіреді. Рашид-ад-дин бұл титулдың басқа да мағыналары бар дейді: «Значение слова кушлук-хан-сильный и великий государь. Говорят, что была и другая прничина названия кушлук. Некий государь этого племени повелевал джинами и людьми, имея над ними такое могущество, что доил молоко у джинов, делал из него кислое молоко, дуг (айран), кумыс и кушал. После того, эмиры сказали: «Грех это !» и царь оставил это дело. Это в виде легендарного рассказа». Осы сияқты ертегіге бергісіз әңгімелер қазақ ортасында күні кешеге дейін айтылып келді.... «Бұйрық» сөзін тарихшылар сол қалпында түсіндіреді, яғни орындауды талап ету, бұйыру мағынасында. Орысша «дающий приказ» делінеді. Сонымен бірге Рашид-ад-дин найман басшыларының өздерінің әке-шашелері азан шақырып қойған шын аттары да болғанын айтады. Найман мемлекетінде орда, яғни патша резиденциясы болғанын, кеңсе жұмысының жүргенін біз Тата Тунгаға қатысты мәліметтерден анықтаймыз.
Енді сөздің кезегін «Құпия шежіреге» берейік. «Шыңғыс хан Алтай өлкесінде Найманның еліне ойран салып тұп-тұтас бодан етті» деп басталады бұл әңгіме. Сол шапқыншылықта Таян ханның ордасынан бір адам сай-сайды қуып, бой тасалап қашады. Хасар оны тірі ұстап әкел деген соң Бат деген жауынгер қуып жетіп, тірідей ұстап әкелді. Хасар байқаса жаңағы адамның қойнында мөр (таңба) бар екен. Мөр сияқты кеңсе затын өмірінде көрмеген Хасар: -Сендердің тайпалдарыңның бәрі бізге қарағанда, сен мынаны қойныңа тығып қайда алып бармақсың,-дейді. Жау шауып жатқан уақытта, орда сыртындағы өзекте бой жасырып кетіп бара жатқан адам Найман мемлекетінің кеңсе қызметін басқаратын, хатшы Тата-Тунга еді. Ол Хасарға: -Мен шыбын жаным шыққанша бұйрықты орындауға тиіспін. Мына мөрді бұрыңғы иесіне табыс етемін деп едім. Бақытсыздықтан ұсталдым,-дейді. Хасар кеңсе қызметі деген хабары жоқ, мәселен әлі де түсіне қоймай, Тата-Тунгадан: -Өзің қай русың ? Қандай мансабың бар ?-деді. Тата-Тунга: -Менің ата-тегім ұйғыр еді. Есімім-Тата-Тунга. Менің қожайыным бұл мөрді маған өткеріп, азық-түлік жинау және оны жұмсау ісін маған міндеттеген еді,-дейді. Хасардың; -Бұл мөрді неменеге керектенушң еді,-дегеніне Тата-Тунга: -Абзал адамды сайлап жарлық, әмір шығару тәрізді әртүрлі іске керектенеді,-дейді. Оның жауабын енді түсіне бастаған Хасар: -Нақ адал адам екен, -деп, Темучинге таныстырыпты. Темучин де істің қанығына жеткен соң Тата-Тунганы хатшылық қызметке қойып, хат-қағаз жүргізгенде қолдану үшін әлгі мөрді өзіне қайтарып береді». Кейіннен Темучин Тата-Тунгаға қамқорлық етуді Хасарға тапсырып, оны мұғаклім тұтып, заң-жоралғы, әскери саясат, алым-салық жиану шаруасына басшы қылып қойды. Сонымен қатар Тата-Тунга Хасардан бастап Шыңғыс ханның өз балалары мен жанындағы көмекшілерінің балаларын оқыта бастады. Тата-Тунга мектебін бірінші аяқтап шыққан шәкірт Хасардың өзі болды. Белгілі ғалым Зардыхан Қинаятұлы «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» кітабында «Қалай дегенмен Жошы 1204 жылы өз ордасында ашылған Тататунга мектебінде дәріс алғаны сөзсіз. Бірақ ол Жошының жасы жиырма беске жетіп ысылған қолбасшы болып толысқан тұсы болатын» дейді. Моңғол басшылары өздерінің мемлекет құру саясатын осы Тата-Тунганың ақыл-кеңесімен жүргізді. Сонымен Шыңғыс хан әулетінің білімге бет бұруы, кеңсе шаруасының қолға алуы т.б. шаруалар 1204 жылы Найманның бас бітікшісі, әрі хатшысы Тата-Тунга қолға түскеннен басталады. Бұл туралы Юань Ши (Юань әулетінің тарихы) жылнамасында : «Шыңғыс хан 1204 жылы найман бітікшісі Тататунганы орда бітікшісі етіп тағайындап, хан балалалырн Ойғыр әліпбиімен моңғол тіңлінде жазу үйрете бастады»деп жазба қалдырған.
Наймандардың ежелгі ұйғыр жазуын қолданғаны туралы деректер аз емес. Наймандардың түрік тілімен жазылған ескерткіштері Гоби шөліне таяу тұратын «Қара Хото» қаласын қазғанда табылған. Найман таңбалары екі түрлі, бірі – ергенек н, ергенек қамалының қақпасы, екіншісі – бақан таңба ү. Найман тілі Шыңғыс ордасында ресми кеңсе және әкімшілік тілі есебінде қолданылғаны туралы Рашид-ад-диннің жазбаларынан аңғаруға болады. Ол баяут тайпасынан шыққан Унгуз деген әмір туралы сөз қозғай келе ханның дастарханына жауап беретін «бауыршы» және ханның алдында тамақтан ауыз тиетін «бақауыл» қызметтеріне сипаттама жасайды. Осы аталған Унгуз бақауыл қызметін атқарған екен және Унгуз-қысат деген атақ алған: «оны Унгуз-қысат деп атады, себебі найман тілінде бақауылды «қысат» деп атайды» дейді ұлы тарихшы.
Найман патшаларын жеңу, найман елін бағындыру тайпалық қауымдастық деңгейінде жүрген моңғолдарды мемлекеттік билік дәрежесіне көтерді. Бұл мәселе Шыңғыс хан туралы жазылған шығыс тарихшыларының еңбектерінде арнайы атап көрсетіледі. Рашид-ад-дин өзінің атақты «Жами ат-тауарихында» «Бартан батырдың ұлы Есугей баһадүр туралы баян» деген тарауында «Есугейдің үлкен ұлы және бәрінен де жақсысы Темучин, елу жасында найман елінің патшасын өлтіргеннен кейін билеуші атанып, оған Шыңғыс хан атағы берілді» дейді. Бұл жерде Шыңғыс ханның билеуші атағына тек Найманның Таян ханын өлтіргеннен кейін ғана қолы жеткені айтылады. Мәселе уақыт мерзімінде де емес, мәселе Орталық Азия үстіртіндегі тайпалардың ішінде белгілі бір иерархия бар екендігінде және олардың ішінде біреуінде ғана патшалық атақтың болатындығында. Тата-Тунганың әңгімесіне қарап және Рашид-ад-диннің ескертпесін ескере отырып Найман мемлекетінің деңгейі сол кезеңде патшалық жағдайында болды деп есептеуге болады. Тағы бір ескеретін мәселе. Рашид-ад-диннің жоғарыда айтылған пікірін ескере отырып Темучиннің Таян ханға дейінгі соғыстарын шын мәніндегі үлкен соғыстар емес, тайпалардың арасындағы қақтығыстар деуге келеді. Осы себептен сол заманның тарихшылары Темучиннің Найманмен соғысын «ұлы соғыс» деп атайды. Бұл соғыстың мәні туралы әңгіме Темучиннің інісі Жошы-Қасарға қатысты да айтылады: «Есугейдің екінші ұлы – Жошы-Қасар. ...Найманның патшасы Таян ханмен болған ұлы соғыста Шыңғыс хан Жошы-Қасарға әскердің ортасын басқаруды жүктеді. Жошы болса осы соғыста тамаша жігерлілік және сайыпқыран ерлік көрсетті. Осы себептен Шыңғыс хан басқа інілері мен балаларынан Жошы-Қасарды ерекше бөліп жоғарғы атақ берді».
XІІ ғасырдың аяғына дейін Найман мемлекетін Инанг Білгі Бұқа хан басқарды. Инанг Білгі өлген соң, Найман ұлысы екіге бөлінді. Бірін Таян хан (шын аты — Бай-Бұқа, Таян деген қытайша «бір аймақтың бегінің ұлы» деген лауазым), ал екіншісін Бұйрық хан (ағайынды екі адам) биледі. Таян хан мен Бұйрық хан бір-бірімен араз болды. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғысханның əскер күшінің артуымен тұстас келді. Инанг Білгі өлгеннен кейін көп ұзамай керейіттердің ханы Ван-Хан Тоғрыл (Он-хан) жəне Шыңғысхан бастаған əскери қол 1199 жылы Бұйрық ханның ұлысына басып кірді. Қарсы тұруға шамасы келмеген Бұйрық хан Енисей қырғыздарына қашып құтылды.
Мемлекет найман ханы Наркеш Дайын кезінде (1160-1203 жж.) дами бастайды. Егін шаруашылығы дамып, отырықшы қалалық өмір салты орын алады. Ханның інісі Инанч-Білге өзінің қабілеттілігімен көзге түседі. Халықты өз төңірегіне топтастыра білген ол елді өнерге, күнкөріс-тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтын таратады. Сондықтан халық оған Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Хан наймандар одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді.
Алайда Найман мемлекетінің бейбіт дамуы ұзаққа созылмаған. Білге хан дүниеден қайтқаннан кейін, оның екі ұлы Бұйрық хан мен Даян хандар арасында билік үшін талас басталады. Хандық екіге бөлінеді. Наймандардың әлсіреуін аңдып жүрген монғол ханы Шыңғыс хан керейттер ханы Тоғырыл ханмен бірге наймандарға шабуыл жасап, Бұйрық ханды жеңеді. Хан Енисей қырғыздарына қарай қашады.
Енді Шыңғыс ханның күшейіп келе жатқанынан қорыққан қырғыз, меркіт, найман, т.б. тайпалар 1201 ж. құрылтайға жиналады. Оны ұйымдастырушылардың бірі Бұйрық хан болды. Соғақ суаты деген жерде осы тайпалардың одақтас қолы Шыңғыс хан мен Тоғырыл хан әскеріне қарсы шайқасты. Бұл шайқаста одақтастар ойсырай жеңілді. Бұйрық хан Алтайдың оңтүстігіне жылжиды. Шыңғыс хан әскері оны қолға түсіріп жазалайды. Даян Көксу Сәуірік бастаған әскерін Тоғырыл ханға қарсы аттандырады. Мұны естіген монғол ханы 1204 ж. Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Таян ханға қарсы жорыққа аттанды. Наймандар əскері күйрей жеңілді. Таян хан шайқас үстінде ауыр жарақаттан өлді. Таян ханның ұлы Күшлік хан аман қалған шағын топпен майданнан қашып үлгерді [2].
1204 жылы Найман хандығы Шыңғыс хан басқарған əскер шабуылынан күйрей женілгеннен кейін Күшлік хан қазіргі Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі Қидан (Қарақытай) хандығын паналайды. Көп өтпей сол хандықтың билік тізгінін ұстап, шашылған наймандарды төңірегіне топтап, 1218 жылға дейін дəурен сүргендігі жұртқа мəлім. Демек, 15 жылға таяу уақыт осы хандық Күшліктің билеуінде болған [1;17].
1218 жылы Шыңғысхан Жебеноян бастаған 20 мың əскерді Күшлікке қарсы аттандырды. Шыңғысханның əскерінен жеңілген Күшлік хан Бадахшанға қашты. Жебеноян Сарыққолда қуып жетіп, Күшлікті өлтірді. Сөйтіп, Найман елінің Шыңғысхан шапқыншылығына қарсы жүргізген жиырма жылдық қажырлы күресі жеңіліспен тынды [3].
Соңғы ханы Күшлік өлтірілгеннен кейін Найман бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Алтай мен Ертіс бойын мекендеген Найман рулары моңғолдардың жаңа империясына кірді. Наймандардың біразы өздерінің атамекенін тастап Алакөл, Балқаш көлі, Жетісу, Есіл, Сырдария бойына жəне Ұлытау алқаптарына ауысты. Ал бір бөлігі кейін, Шьңғысхан əулеті мүлдем ыдыраған соң, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, т.б. халықтардың құрамына енді.
Қазақ ішіндегі Наймандар XVII ғасырдың аяғында Қаратау, Əулиеата, Ташкент өңіріне келіп мекендеді
Мемлекеттің билеушісі-хан дара билеуші болды. Найман ұлысында іс қағаздары ұйғыр жазуымен жүргізілді. Елде мықты тәртіпке негізделген әскери-феодалдық үкімет болды. Салық жинау мен лауазымды адамдарды тағайындау хан мөрімен расталды. 1206 жылы Шыңғысханның тегеуріне шыдай алмай Алтайдан Жетісуға шегінген.1218 жылы наймандарды монғолдар талқандады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет