№1 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2015 жылғы алдын ала қорытындылар
және қаржы нарығындағы ахуал
2016 жылғы 21 қаңтар Алматы қ.
1. 2015 жылғы инфляция
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2015 жылы жылдық инфляция 13,6% (2014 жылы – 7,4%) болды. Бұл ретте, азық-түлік тауарларының бағасы 10,9%-ға (8,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 22,6%-ға (7,8%-ға) өсті. Ақылы қызмет көрсету бір жылда 8,1%-ға (6,4%-ға) қымбаттады (1-график).
2014 және 2015 жылдардағы инфляция және оның негізгі топтары
Азық-түлік тауарларының ішінде 2015 жылы көбінесе қант 19,8%-ға, балық және теңіз өнімдері – 19,5%-ға, майлар мен тоң май – 18,5%-ға, жұмыртқа – 18,0%-ға, көкөністер мен жемістер – 17,3%-ға, макарон өнімдері – 10,2%-ға қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында киім мен аяқ киім бағасы 32,9%-ға, дәрі-дәрмектер 30,7%-ға, тұрмыстық үй заттары 24,7%-ға көтерілді. Бензиннің құны 4,6%-ға өсті, дизель отыны 9,6%-ға арзандады.
Ақылы қызметтер тобында тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтерінің ақысы 8,7%-ға көтерілді. Байланыс қызметі үшін тарифтер 6,8%-ға, білім беру – 4,5%-ға, көлік – 4,2%-ға, амбулаторлық қызмет – 11,7%-ға қымбаттады.
2015 жылғы желтоқсандағы инфляция
2015 жылғы желтоқсандағы инфляция 1,2% (2014 жылғы желтоқсанда – 0,5%) болды. Азық-түлік тауарлары 1,2%-ға (1,1%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,1%-ға (0,0%-ға), ақылы қызмет көрсету – 1,4%-ға (0,3%-ға) қымбаттады.
Азық-түлік тауарлары нарығында 2015 жылғы желтоқсанда ең алдымен жұмыртқаның бағасы – 6,8%-ға, көкөністер мен жемістер – 2,9%-ға, нан – 2,3%-ға, жарма – 1,6%-ға, майлар мен тоң май – 1,4%-ға, кондитерлік өнімдер – 1,2%-ға өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында киім мен аяқ киімнің бағасы 1,0%-ға, дәрі-дәрмектер – 2,0%-ға, тұрмыстық үй заттары – 1,5%-ға, дизель отыны – 0,1%-ға өсті, бензин 1,4%-ға арзандады.
Ақылы қызметтер тобында тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтерінің ақысы 2,2%-ға, оның ішінде орталық жылыту үшін тарифтер 8,5%-ға, ыстық су – 4,0%-ға өсті. Байланыс қызметі 0,6%-ға, амбулаторлық қызмет – 0,4%-ға, көлік қызметі – 0,3%-ға қымбаттады.
2. 2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша төлем балансы және сыртқы борыш
2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ағымдағы операциялар шоты 2014 жылғы 9 айдағы 6,1 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі профицитпен салыстырғанда, ІЖӨ-ге қатысты 3,8 млрд. АҚШ доллары немесе (-)2,7% мөлшеріндегі теріс сальдомен қалыптасты. Бұл ретте 2015 жылғы 3-тоқсанда ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосы (-)1,4 млрд. АҚШ долларын, ал 2-тоқсанда – (-)2,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Ағымдағы операциялар шотының тапшылығы таза тауарлар экспорты көрсеткішінің 2014 жылғы 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 66,1%-ға күрт қысқаруына байланысты болды.
Төлем балансының жіктеуі бойынша тауарлар экспорты 2014 жылғы 9 айдағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 42,4%-ға төмендеп, 36,2 млрд. АҚШ доллары болды. Тауарлар импорты 2014 жылғы 9 айдағы осындай көрсеткішпен салыстырғанда 19,8%-ға төмендеп, 25,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Нәтижесінде 2015 жылғы 9 айда сауда балансының оң сальдосы 2014 жылғы 9 айдағы 30,6 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда, 10,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
Шикізатты, ең бастысы мұнайды экспорттаудан түскен кірістердің төмендеуі нәтижесі тікелей шетелдік инвестициялар бойынша төленуге тиіс кірістердің азаюы болды, бұл ағымдағы шотқа қысымды азайтты. Бастапқы кірістердің теріс сальдосы 2014 жылғы 9 айдағы көрсеткішке қарағанда, 2 еседен артық қысқарды және 9,0 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ретте бейрезиденттерге тікелей инвестициялардан кірістерді төлеу 58,2%-ға төмендеп, 6,9 млрд. АҚШ долларын құрады.
Ағымдағы шоттың басқа құрауыштары бойынша халықаралық қызметтердің және қайталама кірістердің теріс сальдосы тиісінше 3,8 млрд, АҚШ доллары мен 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қаржы шоты (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2015 жылғы 9 айда 7.2 млрд. АҚШ доллары (2014 жылғы 9 айда (-)3,9 млрд. АҚШ доллары) теріс сальдомен қалыптасты. 2015 жылғы 3-тоқсандағы операцияларға байланысты міндеттемелердің жедел өсуі және қаржы активтерінің қысқаруы (көбінесе 2015 жылғы 1 жартыжылдықтағы операциялардың нәтижесінде) 2015 жылғы 9 айдағы қаржы операциялары бойынша капиталдың таза әкелінуін немесе «қалған елдерден таза қарыз алуды» қамтамасыз етті.
Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша 2015 жылғы 9 айда бейрезиденттер алдындағы міндеттемелердің таза өсуі сыртқы активтердің таза өсімінен (2014 жылғы 9 айда теріс сальдо 7,6 млрд. АҚШ доллары) 2,3 млрд. АҚШ долларына артық болды. Тікелей инвестициялау операциялары бойынша қаржы активтерінің ұлғаюы 2,2 млрд. АҚШ доллары болды. Шетелдік тікелей операциялар бойынша міндеттемелердің таза өсімі 4,5 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты.
«Салымдар бағыттары» қағидаты бойынша есепке алынған шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2014 жылғы 9 айдағы 19,1 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда 2015 жылғы 9 айда 11,0 млрд. АҚШ долларын құрады. Өзара фирмааралық міндеттемелер бойынша негізгі борыштың өтелуін ескере отырып, Қазақстанға тікелей инвестициялардың таза әкелінуі 2,1 млрд. АҚШ долларын (2014 жылғы 9 айда 8,6 млрд. АҚШ доллары) құрады, шетелге тікелей инвестициялар бойынша 0,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде таза әкеліну (2014 жылғы 9 айда 1,0 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде таза әкетілу) қалыптасты.
Портфельдік инвестициялардың теріс балансы 7,3 млрд. АҚШ доллары (2014 жылғы 9 ай ішінде оң сальдо 6,5 млрд. АҚШ доллары) мөлшерінде қалыптасты, бұл ретте 2015 жылғы 3-тоқсанда теріс сальдо 5,2 млрд. АҚШ долларын құрады. 2015 жылғы 9 айда активтердің 6,3 млрд. АҚШ долларға төмендеуіне Ұлттық қордың және Қазақстан банктерінің шетелдік активтерінің қысқаруы себепші болды. Портфельдік инвестициялар бойынша міндеттемелердің 1,0 млрд. АҚШ долларына ұлғаюы 2015 жылғы 3-тоқсанда 4,0 млрд. АҚШ доллары сомасына еурооблигациялардың шығарылымы бойынша Қаржы министрлігінің операцияларымен қамтамасыз етілді.
«Басқа инвестициялар» бабы бойынша оң сальдо 2,5 млрд. АҚШ долларын (2014 жылғы 9 ай ішінде теріс сальдо 2,8 млрд. АҚШ доллары) құрады. Активтердің ұлғаюы 141,2 млн. АҚШ долларын, ал міндеттемелердің азаюы 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
2015 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 155,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 7,2%-ы немесе 11,2 млрд. АҚШ доллары мемлекеттік сектордың сыртқы борышын1, 5,5%-ы немесе 8,6 млрд. АҚШ доллары «Банктер»2 секторының сыртқы борышын, 34,8%-ы немесе 54,2 млрд. АҚШ доллары «Басқа секторлардың»3 тікелей инвестициялармен байланысты берешегін құрады, ал қалған 52,5%-ын немесе 81,6 млрд. АҚШ долларын осы сектордың фирмааралық берешегі құрайды.
3. Нақты айырбастау бағамы
2015 жылдың 11 айы ішінде нақты көрсеткіш бойынша теңге 26,7%-ға (34 елдің валюталарына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамының индексі базасында) әлсіреді, ал 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы қараша аралығында – 22,1%-ға әлсіреді.
2015 жылдың 11 айы ішінде теңгенің Ресей рубліне қатысты нақты көрсеткіш бойынша (нақты айырбастау бағамы) әлсіреуі 29,9%-ды құрады, ал 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы қараша аралығында теңге нақты көрсеткіш бойынша 2,7%-ға әлсіреді. Негізгі сауда әріптестерінің валюталарына қатысты нақты айырбастау бағамдары 1-кестеде келтірілген.
Теңгенің нақты айырбастау бағамы индексінің өзгеруі
Валюта
|
2015 жылғы қаңтар-қараша
|
2014 жылғы қаңтар- 2015 жылғы қараша
|
Ресей рубліне қатысты
|
29,9%-ға әлсіреу
|
2,7%-ға әлсіреу
|
АҚШ долларына қатысты
|
33,3%-ға әлсіреу
|
39,6%-ға әлсіреу
|
Еуроға қатысты
|
22,7%-ға әлсіреу
|
21,6%-ға әлсіреу
|
Қытай юаніне қатысты
|
31,5%-ға әлсіреу
|
37,3%-ға әлсіреу
|
Беларусь рубліне қатысты
|
1,0%-ға әлсіреу
|
10,0%-ға әлсіреу
|
Қырғыз сомына қатысты
|
20,8%-ға әлсіреу
|
22,9%-ға әлсіреу
|
2. 2015 жылғы халықаралық резервтер (жедел деректер) және ақша агрегаттары
Жедел деректер бойынша, 2015 жылы Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 3,9%-ға 28,1 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. 2015 жылы Ұлттық қордың активтері 13,3%-ға төмендеп, 63,5 млрд. АҚШ доллары болды.
2015 жылы елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда, Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, жедел деректер бойынша, 10,6%-ға 91,65 млрд. АҚШ долларына дейін азайды.
2015 жылы ақша базасы 39,2%-ға кеңейіп, 4 750,4 млрд. теңгені құрады. 2015 жылы ақша массасы 34,3%-ға 17207,5 млрд. теңгеге дейін өсті, айналыстағы қолма-қол ақша
10,2%-ға 1237,0 млрд. теңгеге дейін өсті, банк жүйесіндегі депозиттер 36,6%-ға
15970,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ақша мультипликаторы 2015 жылы тіркелген ақша массасының өсу қарқынымен салыстырғанда ақша базасы кеңеюінің үстеме қарқынының салдарынан 2014 жылғы желтоқсандағы 3,75-тен 2015 жылғы желтоқсанның қорытындылары бойынша 3,62-ге дейін төмендеді.
2015 жылғы желтоқсандағы халықаралық резервтер (жедел деректер) және ақша агрегаттары
Жедел деректер бойынша, 2015 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 1,1%-ға 28,1 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 1,4%-ға 27,2 млрд. АҚШ долларына дейін түсті. 2015 жылғы желтоқсанда таза валюталық қорлар (ЕАВ) 2,7-%ға төмендеді, алтындағы активтер 2,1%-ға өсті.
2015 жылғы желтоқсанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, тұтастай алғанда еліміздің халықаралық резервтері (63,5 млрд. АҚШ доллары), жедел деректер бойынша, 1,1%-ға 91,6 млрд. АҚШ долларына дейін азайды.
2015 жылғы желтоқсанда ақша базасы 1,4%-ға тарылып, 4750,4 млрд. теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 0,7%-ға 4670,7 млрд. теңгеге дейін тарылды.
2015 жылғы желтоқсанда ақша массасы 3,1%-ға 17207,5 млрд. теңгеге дейін, айналыстағы қолма-қол ақша 3,9%-ға 1237,0 млрд. теңгеге дейін, банк жүйесіндегі депозиттер 3,1%-ға 15970,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесі 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылы тіркелген айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттер көлемінің үдемелі өсу қарқынының салдарынан 2015 жылғы желтоқсанда 92,8%-ға дейін өсті.
5. 2015 жылғы ақша және валюта нарықтары
2015 жылы автоматты РЕПО нарығындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 2,1 есе өсіп, 23,13 трлн. теңге болды. РЕПО сауда-саттығының жалпы көлеміндегі 1-күндік операциялар бойынша сауда-саттық үлесі 83,7%-ды құрады. 1-күндік РЕПО операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме 2014 жылғы 15,87%-дан 2015 жылы 20,77%-ға дейін ұлғайды.
2015 жылы своп нарығындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 53,8 трлн. теңге болды. Своп операцияларының жалпы көлеміндегі 1-күндік своптардың үлесі 95,4%-ды құрады. 1-күндік своп операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме 21,4% болды.
2015 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 182,35 – 349,12 теңге аралығында өзгерді. 2015 жылдың соңында биржалық бағам бір жылда 86,5%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 340,01 теңге болды.
Қазақстан қор биржасында KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялар көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 37,5%-ға төмендеп, 55,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 6,5 млрд. АҚШ долларына дейін 45,6%-ға төмендеді.
Тұтастай алғанда, ішкі валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 38,5%-ға төмендеп, 62,4 млрд. АҚШ доллары болды.
2015 жылғы желтоқсандағы ақша және валюта нарықтары
2015 жылғы желтоқсанда автоматты РЕПО нарығындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 2015 жылғы қарашамен салыстырғанда 7,6%-ға ұлғайды және 2184,4 млрд. теңге болды. РЕПО сауда-саттығының жалпы көлеміндегі 1-күндік операциялар бойынша сауда-саттық үлесі 88,4%-ды құрады. 1-күндік РЕПО операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме 2015 жылғы қарашадағы 21,24%-дан 2015 жылғы желтоқсандағы 78,10%-ға дейін ұлғайды.
2015 жылғы желтоқсанда своп нарығындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 2015 жылғы қарашамен салыстырғанда 5,7%-ға төмендеп, 3906,8 млрд. теңге болды. Своп операцияларының жалпы көлеміндегі 1-күндік своп операцияларының үлесі 94,5%-ды құрады. 1-күндік своп операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме 2015 жылғы қарашадағы 39,85%-дан желтоқсандағы 79,97%-ға дейін ұлғайды.
2015 жылы желтоқсанда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 307,4 – 349,12 теңге аралығында өзгерді. Кезеңнің соңында орташа алынған биржалық бағам бір айда 10,6%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 340,01 теңгені құрады.
Қазақстан қор биржасында KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялар көлемі 2015 жылғы қарашамен салыстырғанда 2015 жылғы желтоқсанда 46,7%-ға өсті және 4,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 0,5 млрд. АҚШ долларына дейін 19,7%-ға өсті.
Тұтастай алғанда, ішкі валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 2015 жылғы қарашамен салыстырғанда 43,2%-ға өсіп, 5,2 млрд. АҚШ долларын құрады.
6. 2015 жылғы және 2015 жылғы желтоқсандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының және Ұлттық Банктің айналыстағы қысқамерзімді ноттарының көлемі 5892,4 млрд. теңгені құрады.
2015 жылы Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды 419,6 млрд. теңгеге орналастыруды жүзеге асырды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 49,30%-ға аз.
2015 жылы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша 13 аукцион өтті, оларда 5 жылдық МЕОКАМ (кірістілігі – 6,30%), 10, 15, 20, 25 жылдық МЕУКАМ (олар бойынша кірістілік тиісінше 7,20%, 7,62%, 8,04% және 8,35%) орналастырылды.
Сонымен бірге, Қаржы министрлігі 467,6 млрд. теңге сомаға 10 жылдық еурооблигация және 280,6 млрд. теңге сомаға 30 жылдық еурооблигация орналастырды.
Нәтижесінде 2015 жылы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 5538,4 млрд. теңгеге дейін 20,1%-ға ұлғайды.
2015 жылғы желтоқсанда мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру бойынша аукциондар өткен жоқ.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары эмиссиясының көлемі 2015 жылы 1126,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылдағыдан 13,8 есе көп.
2015 жылы 16 аукцион өтті, онда 169,0 млрд. теңге сомаға 7 күндік ноттар, 957,5 млрд. теңге сомаға 1 айлық ноттар орналастырылды.
2015 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 543,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қарашамен салыстырғанда 42,5%-ға көп. Бұл ретте 79,0 млрд. теңге сомаға 7 күндік ноттар орналастыру бойынша 2 аукцион (орташа алынған кірістілігі – 12,76%) және 464,0 млрд. теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілігі – 12,62%) өтті.
Нәтижесінде 2015 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша айналыстағы ноттардың көлемі 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 13,2 есе 354,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық Банктің орналастырылған ноттары бойынша орташа алынған тиімді кірістілігі 2014 жылғы 3,17%-дан 2015 жылы 17,94%-ға дейін өсті.
7. 2015 жылғы депозит нарығы
2015 жылғы резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 15 970,5 млрд. теңгеге дейін 36,6%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 177,8 млрд. теңгеге дейін 25,8%-ға өсті, жеке тұлғалардікі 6 792,7 млрд. теңгеге дейін 54,5%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер бір жылда 4 952,0 млрд. теңгеге дейін 4,8%-ға төмендеді, шетел валютасымен 11 018,5 млрд. теңгеге дейін 69,6%-ға өсті. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 44,5%-дан 31,0%-ға дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттерінің үлес салмағы бір жылда 32,7%-дан 21,1%-ға дейін төмендеді.
Банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2015 жылғы желтоқсанда 20,1% (2014 жылғы желтоқсанда– 8,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,5% (8,1%) болды.
2015 жылғы желтоқсандағы депозит нарығы
2015 жылғы желтоқсанда резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 3,1%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 0,7%-ға төмендеді, жеке тұлғалардыкі – 8,7%-ға артты.
Ұлттық валютадағы депозиттер бір айда 4 952,0 млрд. теңгеге дейін 1,8%-ға төмендеді (заңды тұлғалардікі – 3,7%ға төмендеді, жеке тұлғалардікі – 3,2%-ға өсті), шетел валютасымен 11 018,5 млрд. теңгеге дейін 5,4-ға өсті (заңды тұлғалардікі – 1,3%-ға өсті, жеке тұлғалардікі – 10,2%-ға өсті). Теңгемен депозиттердің үлес салмағы бір айда 32,6%-дан 31,0%-ға дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттерінің үлес салмағы бір айда 22,2%-дан 21,1%--ға дейін төмендеді.
8. 2015 жылғы кредит нарығы
Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2015 жылы 12 674,2 млрд. теңге болып, 4,7%-ға артты.
Ұлттық валютамен кредиттер көлемі 8 401,1 млрд. теңгеге дейін 1,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен 4 273,1 млрд. теңгеге дейін 20,7%-ға өсті. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 70,8%-дан 66,3%-ға дейін төмендеді.
2015 жылғы ұзақмерзімді кредиттеу 10 518,1 млрд. теңге болып, 9,5%-ға өсті, қысқамерзімді – 2 156,2 млрд. теңгеге дейін 13,7%-ға төмендеді. Нәтижесінде ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 79,4%-дан 83,0%-ға дейін өсті.
Заңды тұлғаларға кредиттер 2015 жылы 8 510,7 млрд. теңге болып 5,2%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға 4 163,6 млрд. теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 33,2%-дан 32,9%-ға дейін төмендеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2015 жылы 2 060,5 млрд. теңгеге дейін 15,2%-ға ұлғайды, бұл экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінің 16,3%-ын құрайды (2014 жылғы желтоқсанда – 14,8%).
Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда – 20,9% (2014 жылғы желтоқсанда – 20,0%), өнеркәсіп – 13,4% (11,3%), құрылыс – 7,8% (9,4%), ауыл шаруашылығы – 5,2% (4,0%) сияқты салаларға тиесілі.
2015 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 16,0% (2014 жылғы желтоқсанда – 14,4%), жеке тұлғалардікі – 17,3% (18,7%) болды.
2015 жылғы желтоқсандағы кредит нарығы
Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2015 жылғы желтоқсанда 2,5%-ға өсті. Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 1,0%-ға төмендеді, шетел валютасымен –10,0%-ға өсті. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы бір айда 68,6%-дан 66,3%-ға дейін төмендеді.
Ұзақмерзімді кредиттеу көлемі 2015 жылғы желтоқсанда 4,3%-ға өсіп, 10 518,1 млрд. теңге, қысқамерзімді – 5,5%-ға азайып, 2 156,2 млрд. теңге болды. Ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы бір ай ішінде 81,6%-дан 83,0%-ға дейін ұлғайды.
Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 2015 жылғы желтоқсанда 4,0%-ға 8 510,7 млрд. теңгеге дейін өсті, жеке тұлғаларға 0,6%-ға 4 163,6 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы бір ай ішінде 33,9%-дан 32,9%-ға дейін азайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2015 жылғы желтоқсанда 6,2%-ға 2 060,5 млрд. теңгеге дейін өсті.
9. Банк секторы өтімділігінің көрсеткіштері бойынша ақпарат жариялау туралы
Ұлттық Банк (www.nationalbank.kz) ресми сайтында банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валютадағы қаражаттарының қалдықтары бойынша ақпарат жариялауды бастайды.
Банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валютадағы қаражаттарының қалдықтары бойынша ақпарат алдағы күн үшін күн сайын сағат 11:00-ге дейін жарияланатын болады. Берілген көрсеткішке сілтеме ресми сайттың «Ақша–кредит саясаты» бөлімінің парақшасында «Банк секторы өтімділігінің көрсеткіштері» шағын бөлімінде орналастырылған.
10. Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлеменің өзгеруі туралы
Ұлттық валютамен ашылатын салымдардың тартымдылығын арттыру, сондай-ақ инфляцияның өскен деңгейін жабуды қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың теңгемен жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі 10%-дан 14%-ға дейін өсуде, шетел валютасында - 3%-дан 2%-ға дейін төмендеуде.
Тиісті шешімді «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың Директорлар кеңесі қабылдады.
Толығырақ ақпаратты мынадай телефондар бойынша алуға болады:
+7 (727) 270 45 85
+7 (727) 330 24 97
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz
Достарыңызбен бөлісу: |