1187 шығарылым – Сәрсенбі, 12 қаңтар, 2011



Дата22.02.2016
өлшемі169.5 Kb.
#59



1187 шығарылым – Сәрсенбі, 12 қаңтар, 2011





Номер мақаласы


    • 7-ші қысқы Азия ойындарының Алауы ҚР ТЖМ авиациясымен Қазақстанға жеткізілді


Қазақстанда


    • Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК төрағасы мен Жоғарғы сот төрағасын қабылдады


Мұнай-газ секторы


    • ҚМГ БӨ 2010 жылы мұнай өндіруді 16% арттырды

    • Қазақстанның оңтүстігі Өзбекстаннан газ жеткізу бәсеңдігіне байланысты тапшылық көріп отыр

    • Атырауда аймақтың жетістіктері мен келешек жоспарлары туралы айтылды

    • КҚК Новороссийск жанындағы теңіз терминалында мұнайдың рекордтық көлемін тиеді


Энергетика


    • ҚР энергия жүйесін Орталық Азиядан бөлектеу Қазақстанға пайдасыз


Қаржы және инвестициялар


    • Қазақстан 20 наурызда теңгенің басқарылатын өзгермелі бағамына қайта оралады

    • БТА Банк АҚШ аумағында қайта құрылу қорытындыларының ұдайы заңдық қорғауын алды

    • Қазақстанда 2011 жылғы арналған АЕК көлемі 1512 теңге деңгейінде бекітілген

    • Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы фирмааралық қарыздарды есепке алмағанда 4 млрд АҚШ долларына кеміген

    • Қазақстанда исламдық «Әл Хиләл» банкі 23 млн АҚШ доллары көлемінде 7 жобаны қаржыландырды


Транспорт және коммуникациялар


    • Үкімет ғарыш саласы бағдарламаларын көбірек қолдайтын болады – К.Мәсімов

    • ҚР Премьер-министрі мен байланыс және ақпарат министрі 2011 жылы мақсаттық индикаторларға қол жеткізу туралы меморандумға қол қойды

    • 2011 жылы ұялы байланыспен сөйлесудің ең жоғарғы құны минутына 19 теңгеге дейін арзандайды


Тау-кен және металлургия саласы


    • "SAT&Company" АҚ ShalkiyaZincN.V. 50 млн доллар көлеміндегі келісім мерзімін ұзарту туралы хабарлады


Аймақтық іскерлік жаңалықтар


    • Өзбекстан 2011 жылы 2,913 миллиард доллар шетелдік инвестицияны игеруді жоспарлап отыр



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



7-ші қысқы Азия ойындарының Алауы ҚР ТЖМ авиациясымен Қазақстанға жеткізілді


2011 жылдың 11 қаңтарында Эль-Кувейттің көрнекілік орны «Кувейт-тауэрс» ғимаратының алдында – 7-ші Азия ойындары Алауының жағылу салтанатты рәсімі болды. Келесі күні Алау Қазақстан Республикасының Алматы қаласына жеткізілді. Азиада-2011 Алауын жеткізу құрметіне Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі ие болды.

Сонымен, 12 қаңтарда бортында Азия ойындары Алауы бар ҚР ТЖМ ТУ-154 ұшағы Алматы қаласына келіп қонды. Салтанатты қарсы алудан кейін Эстафета оңтүстік астананың көшелерін аралап, аймақтарға жіберіледі.

Сағат 14.00-де Алау Эстафетасы Халықаралық шаңғы трамплинінде келесі маршрут бойынша басталады: Халықаралық шаңғы трамплині – Әл-Фараби даңғылы – Фурманов көшесі – Сәтпаев көшесі – Байтұрсынов көшесі – Абай даңғылы – Достық даңғылы – Шевченко көшесі – Қонаев көшесі – Қабанбай батыр көшесі – Абылай хан көшесі – Төле би көшесі – «

Астана» алаңы.

Сағат 16.15-те «Астана» алаңыгда концерттік бағдарлама, 18.00 сағатта мерекелік отшашуларға ұласады.

Алау Эстафетасы өте кезінде, көрсетілген көшелермен автокөліктер жүрісі шектелетін болады, деп хабарлайды Алматы қаласының баспа қызметтері.

ҚР ТЖМ АН-30 ұшағымен Алай Қазақстанның барлық облыс орталықтарын аралап, 30 қаңтарда Астанадағы «Астана-Арена» футбол стадионында Азия ойындарының ашылу салтанатының шарықтау шегіне мәресіне жеткізіледі.

2011 жылы елімізде өтетін 7-ші қысқы Азия ойындары – тек спорттық шара ғана емес, ол мемлекет Басшысы ерекше назар ауарып отырған саяси мәні бар іс-шара болып табылады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспа қызметтері.


Қазақстанда



Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК төрағасы мен Жоғарғы сот төрағасын қабылдады


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлт қауіпсіздігі Комитетінің төрағасы Нұртай Абықаевты қабылдады.

Н.Абыкаев Президентке 2010 жылғы Комитет қызметінің негізгі нәтижелері туралы және алдағы жылға бағытталған жұмыс басымдылықтары туралы ақпараттар берді. Кездесу барысында сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарды реформалау аясында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі жүйесін ары қарай жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы да сөз қозғалды. ҰҚК төрағасы Мемлекет Басшысына ведомствоның қарсы барлау қызметінің жаңа Концепциялары жобасын жасау жұмыстары туралы айтты.

Кездесу нәтижесі бойынша Президент азаматтар мен қоғам қауіпсіздігін ары қарай нығайту, халықаралық терроризм мен экстремизм қауіптеріне тиімді қарсы тұру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан Назарбаев сол күні Жоғары сот төрағасы Мұсабек Әлімбековті де қабылдады.

М.Әлімбеков мемлекет Басшысын Қазақстандағы сөт төрелігі жүйесінің жағдайын баяндады.

- Мен Президентке 2010 жылғы сот жүйесі жұмысының қорытындылары туралы, сонымен қатар, мемлекет Басшысының Қазақстан Республикасы соттарының бесінші Құрылтайында берген тапсырмаларының жүзеге асырылу іс-шаралары жөнінде ақпараттар бердім, - деді М.Әлімбеков, Ақ Орда хабарлайды.


Мұнай-газ секторы



ҚМГ БӨ 2010 жылы мұнай өндіруді 16% арттырды


«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) «Қазгермұнай» БК ЖШС, «CCEL» («Қаражанбасмұнай») және «ПетроКазахстан Инк.» үлесін есепке алғанда 2010 жылы 13 285 мың тонна мұнай (тәулігіне 270 мың баррель) өндірді, ол 2009 жылмен салыстырғанда 1 788 мың тонна немесе 16% артық. Өндірудің ұлғаюы, негізінен, 2009 жылдың желтоқсанында «ПетроКазахстан Инк.» 33% үлесін сатып алумен байланысты. 2010 жылға арналған өндірістік жоспарларды барлық өндірістік филиалдар мен ассоциацияланған кәсіпорындар, «Өзенмұнайгаз» ӨФ басқалары артығымен орындап шыққан.

2010 жылы «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдары 8 766 мың тонна (тәулігіне 177 мың баррель) өндірген, ол 2009 жылы өндірілген 8 962 мың тонна (тәулігіне 181 мың баррель) мұнайдың 196 мың тоннасына немесе 2% кем. «Ембімұнайгаз» филиалы алға қойылған жоспардың 1% артық орындаған, ал «Өзенмұнайгаз» өндірістік жоспарды 1% да орындамаған. «Өзенмұнайгаз» филиалы өндірісінің төмендеуі негізінен, 4-18 наурыз аралығынданаразылық білдіру акциясы кезінде скважиналар қорының жұмыс режимі бұзылып, дер кезінде мұнай кәсіпшілігі жабдығы жөнделмеген, сондай-ақ 2010 жылдың маусымы мен қыркүйегі аралығында апаттық сөндіру мен жағымсыз ауа райымен байланысты кен орнында электр қуатының шектелуі орын алған.

2010 жылы ассоциацияланған кәсіпорындар өндірісінің ҚМГ БӨ жалпы үлесі 4 519 мың тонна (тәулігіне 93 мың баррель), деп хабарлайды ҚМГ БӨ баспа қызметтері

Қазақстанның оңтүстігі Өзбекстаннан газ жеткізу бәсеңдігіне байланысты тапшылық көріп отыр


Қазақстанның оңтүстігі Өзбекстаннан газ жеткізу бәсеңдігіне байланысты және Қырғызстанның «рұхсатсыз алуынан» тапшылық көріп отырғаны туралы айтты «ҚазМұнайГаз» («Мұнай және Қазақстан газы" ұлттық компания) компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин Астанада өткен үкімет отырысында, деп хабарлайды РИА Новости

«5 -6 қаңтар аралығында Өзбекстан тарапынан газ жеткізудің төмендеуі байқалды. Және Алматы облысында күннің суытуына байланысты газға деген сұраныс ұлғайды», - деді сейсенбіде өткен үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Қабылдин.

Сонымен қатар, көршілес Қырғызстан газ тартуын көбейткен.

«Бүгінгі таңда, қырғыз тарапынан газды рұхсатсыз алуы мен Өзбекстан жағынан жеткізілудің бәсеңдеуі салдарынан болып отырған газ тапшылығын, Түркменстан-Қазақстан-Қытай газ құбыры бойымен жүретін Түркменстан газы есебінен толықтырып отырмыз», - деп толықтырды.

Өз кезегінде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қабылдинге осы жағдайды күн сайын қадағалап отыруды тапсырды. «Мен сізге тікелей айтып отырмын: осы мәселені қадағалайсыз», - деді ол.

Қырғызстан бұл ақпаратқа әзірге түсінік бермей отыр, деп хабарлайды Нефть России.


Атырауда аймақтың жетістіктері мен келешек жоспарлары туралы айтылды


Андрей Соколов, ҚазАқпарат

Атырауда «Нұр Отан» партиясының «Тәуелсіздік жетістіктері» акциясының аясында  «1991-2011  жылдар.  Тарих.   Жетістіктер.  Кемел  келешектер»  тақырыпта «дөңгелек  үстел»  отырысы  болды.

Мәжіліске   қатысушылар өңірдің өткен  20   жылдағы    әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін   қорытындылады.     Облыстың  бүгінде  түбегейлі  өзгеріп  отырғанын атап  көрсеткен олар,    аймақта қазір, бүкіл Қазақстан   мақтан    тұтып отырған    көптеген  ірі  жобалардың жүзеге асырылып  отырғанын  атап көрсетті. Олар - жыл сайын 25 миллион тоннадай  мұнай   өндіріліп отырған   Теңіз  кенішін игеру   жобасы, тәулігіне 150 миллион баррель  шикізат  өндіру  жоспарланып  отырған Қашаған  теңіз  кенішін    абаттандыру жобасы,  тағы басқалар.  Сондай-ақ,  жылына  67 миллион тоннаға  дейін  мұнай тасымалдауға мүмкіндік беретін   Теңіз-Новороссийск   экспорттық  мұнай  құбырын  кеңейту    жоспары  тағы бар. 

Облыстың   сыртқы  келбеті  де  өзгеріп  отыр. Тәуелсіздік  жылдары  өңірде   ондаған  мектептер, емханалар  мен ауруханалар,   миллиондаған шаршыметр тұрғын үйлер салынды. 

«Дөңгелек  үстел» отырысында сонымен бірге, өңірдің перспективалық   жобалары мен  алдағы    жылдары   шешілуі  тиіс міндеттері  де  сөз болды.   Олар, бірінші кезекте, облыс тұрғындарының  әл-ауқатын көтеру, Жол картасын  жүзеге асыру, экономиканың өндірістік салаларын дамыту  міндеттері. 

Жиынға қоғам қайраткерлері, өнер және зиялы қауым өкілдері,  жастар ұйымдарының   белсенділері  және   мәслихат депутаттары  қатысты. 


КҚК Новороссийск жанындағы теңіз терминалында мұнайдың рекордтық көлемін тиеді


2010 жылдың желтоқсанында Новороссийск жанындағы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалында танкерлерге шикізат ең жоғарғы айлық көрсеткішіне – 3,21 млн тонна (25 млн баррельден астам) мұнай артылған.

«Югополис»-ке, «КТК-Р» ЖАҚ аймақтық органдармен байланыс жөніндегі аға өкілі Виктор Волгин хабарлағандай, 2010 жылы КҚК экспортқа барлығы жылдың рекордтық көрсеткіші - 34,9 миллион тонна мұнай жіберген, осыған қоса Қазақстан Республикасында орналасқан құбыр бөлігі бойынша 1,5 млн тонна мұнай тартқан. 2001 жылдың қазанында іске қосылған КҚК Теңіз терминалында барлығы 245 миллион тонна мұнай тиелген.

Өткен жылдың 15 желтоқсанында Мәскеуде Каспий құбыр консорциумы құбыр жүйесінің механикалық мүмкіндігін 2 еседен артық көлемге кеңейту Жобасы бойынша инвестициялау туралы Қорытынды шешім қабылданған болатын.

Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Шматко, Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрінің орынбасары Ляззат Қийынова мен КҚК бас диреторы құжат қол қою арқылы барлық консорциум өкілдерімен бірлесе отырып, жобаның басталуына мүмкіндік жасаған. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың көктемінде басталады.

Құбырлық өткізу мүмкіндігін жылына 67 млн тонна мұнайға ұлғайтуды қарастыратын КҚК кеңейту жобасында 10 қосымша мұнай тартатын станциялар (2-Қазақстан Республикасы аумағында, 8- Ресей Федерациясында), Новороссийск мағында орналасатын 6 мұнай сақтау резервуарлары мен КҚК Теңіз терминалының 3 жағалау шығарушы қондырғысының құрылысы мен Қазақстан территориясында 88 км құбырды жаңарту жұмыстары қарастырылған.

«Югополис» порталы бұрын хабарлағандай, Каспий құбыры консорциумы өзінің мүмкіндігін 2014 жылға қарай кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Югополис.


Энергетика



ҚР энергия жүйесін Орталық Азиядан бөлектеу Қазақстанға пайдасыз


ҚР энергия жүйесін Орталық Азиядан шеттеу Қазақстанға пайдалы емес. Ол туралы KEGOC АҚ президенті Алмасадам Сәткалиев үкіметтің селекторлық отырысы барысында айтты.

«Бүгінгі таңда республикада ең жоғарғы генерация 11 мың 854 мегаватт құрайды, оның тұтынуы – 12 мың 581 мегаватт. Тапшылық РФ келетін 427 мегаватт көлемінде желі аралық ток және қырғыз энергия жүйесі қуатын реттеу арқылы жабылды. Бұл қазір Орталық Азиядан шеттелу режимінде жұмыс істеу жалпы ҚР энергия жүйесіне тиімсіз екендігі көрсетеді», - деді А.Сәтқалиев.

Оның айтуы бойынша, 5 қаңтарда болған Қырғызстандағы апат Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясының тоқтауына әкеліп соққан. «Қазақстанның оңтүстігінде тұтыну шектелуінің жалпы көлемі шамамен, 17% құраға», - деп нақтылай отырып, «қуаттың тым төмендеуі, жұмыс істеп тұрған энергия блоктарының істен шығуынан туындаған апаттың каскадтық дамуынан құтылып» кете алдық», - деп тоқталды.

«Егер статистикаға келетін болсақ, 2008 жылы осы сияқты транзиттік бөліністің бұзылулар саны жағынан 44 рет болған, 2009 жылы – 27, 2010 жылы – тек екі жағдай орын алған. Бұл осы жылы болған жағдай», - деді KEGOC басшысы.

«Орталық Азиядан бөлу қажеттілігі туралы айту қажет емес. Орталық Азия мемлекеттерімен қатар тәртіпте жұмыс істеу Азиада өткізілу кезеңінде энергия жүйесі сенімді жұмысына мүмкіндік береді және Жамбыл ГРЭС-де екінші блокты іске қосу жүйеде қосымша қорлардың болуына қол жеткізетін болады», - деп тоқталды ол.

«Осыған қоса, қазір ГРЭС-1, Ақсу ЖЭС-дағы блоктар жөндеу жұмыстары аяқталады да, республикада энергиямен қамтамасыз ету сенімділік береді», - деп мәлімдеді Сәтқалиев, Kazakhstan Today хабарлайды.


Қаржы және инвестициялар



Қазақстан 20 наурызда теңгенің басқарылатын өзгермелі бағамына қайта оралады


Қазақстан ұлттық валюта – теңгенің басқарылатын өзгермелі бағамы саясатына 2011 жылдың 20 наурызынан бастап қайта оралады, деп хабарлады Ұлттық банк басшысы Григорий Марченко сейсенбі күні берген пресс-конференцияда.

Мұндай шешім Ұлттық Банктің соңғы басқарма отырысында қабылданды.

Ұлттық банк басшысының болжамы бойынша, Қазақстан экспорттайтын тауарлардың қазіргі конъюнктурасы сақталатын болса, 2011 жылы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы елеулі ауытуларға ұшырамайды.

«Бағам (2010 жылы) тұрақты болды. Шикізатқа осындай баға сақталса (2011 жылы) жағдай былтырғыдай болады. Бағам кесімді көрсеткіші барынша тұрақты болады, ал нақты көрсеткішіне – белгілі бір бекемдеу жасалады», - деді ол пресс-конференцияда.

Марченконың айтуына қарағанда, жалпы 2010 жыл Қазақстанның экономикасы үшін ең тұрақты жыл болған. Теңге-доллар жұбының құбылмалылығы 1,6% құраған, ал Ұлттық банктің валюта нырығында нетто-интервенция жыл бойына 2 миллиард АҚШ долларына астам болған.

«Негізінен, интервенция биржада5ы операциялардың жалпы көлемінің 9% құраған. Бағам, негізінен, өз ағымымен жүрген, біз кейбір айлар ішінде бір реттен интервенция жүргіздік», - деп қосты ол.

2010 жылы Қазақстан қор биржасындағы қосымша сауда келісімдерін есепке алғанда биржалық валюталық сауда көлемі 60,6 миллиард долларды құраған, ол 2009 жылмен салыстырғанда 29% артық.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2010 жылғы ұлттық валютаның орташа бағамы 1 доллар 147,34 теңгені құраған. Өткен жыл ішінде теңгенің кесімді көрсеткіші долларға қатысты 0,6% болса, нақты көрсеткіші – 7% бекітілген.

«Біз 2011 жылы жағдай 2010 жылға ұқсайтын болады деп есептейміз», - дей келе ол, теңге бағамының тұрақты болуы 2011 жылжың 20 наурызынан бастап ұлттық валютаның басқарылатын өзгермелі бағамы саясатына қайта оралу шешіміне себеп болып табылады, - деді.

2010 жылдың 5 ақпанынан бастап долларға 150 теңгенің орташа ассиметриялық коридоры 10% қосылу немесе 15 теңге және 15% алу немесе 22,5 теңге жұмыс істейді. Осылайша, валюталық коридор бір доллар 127,5 – 165 теңге болады.

«Аздаған интервенция кезінде бағам тұрақты болғандықтан, коридор қажеттілігі жоқ», - деп қосты ұлттық банк басшысы, Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.

БТА Банк АҚШ аумағында қайта құрылу қорытындыларының ұдайы заңдық қорғауын алды


«БТА Банк» АҚ 2011 жылдың 6 қаңтарында Нью-Йорктің Оңтүстік округіне қарасты қаржылық дәрменсіздік туралы істер жөніндегі АҚШ-ның Соты, банктің «АҚШ банкроттық туралы заңдар жинағының» 15 бабына сәйкес жүргізілген сот өндірісінің аяқталуы туралы өтінішін мақұлдады, сондай-ақ Алматы қаласының Арнайы қаржылық соты мақұлдаған, банктің қайта құрылымы Жоспарының шарттарын бұзатын АҚШ территориясындағы кез келген әрекеттенге қатысты мерзімсіз соттық тыйым салу шығарылғаны туралы хабарлады, деп көрсетілген банктің баспа қызметтерінде.

Айта кетсек, 2010 жылдың 2 наурызында АҚШ Соты АҚШ территориясындағы негізгі шетелдік өндіріс ретінде БТА Банктің қайта құрылуын мойындауы туралы бұйрық шығарған болатын. Аталмыш бұйрық банктің қайта құрылу процесінің соңына дейін заңды түрде қорғауды қамтамасыз етті, соның ішінде, Банкке немесе оның АҚШ территориясындағы активтеріне қатысты кез-келген сот процестерінен босатуға мүмкіндік берді.

Өткен жылдың 6 қаңтарындағы тыйым осы қорғауды шектеусіз мерзімге ұзартып, банктің қарыздарын немесе оның АҚШ территориясындағы активтерін қайтару әрекеттерін бөгеді. Осы тыйым салу банктің қайта құрылуы Жоспарында қарастырылған кез-келген құқықтардың орындалуына бөгет бола алмайды.

Сонымен, тыйым салу, сондай-ақ Англия мен Уэльстің 2010 жылдың 16 тамызындағы сот төрелігі Жоғарғы сотының бұйрығы, АҚШ мен Ұлыбритания территорияларында банктің қайта құрылу қорытындыларын ұдайы заңдық қорғаумен қамтамасыз етеді, себебі, қайта құрылу Жоспарына қайшы келетін кез-келген әрекет жасау, енді екі елде де тоқтатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қазақстанда 2011 жылғы арналған АЕК көлемі 1512 теңге деңгейінде бекітілген


Қазақстанда 2011 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңнан алынған 1512 теңге деңгейінде бекітілген.

«2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер үшін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қаңнамаларына сәйкес айыптық санкцияларда қолдану үшін, салықтар мен басқа да төлемдер үшін – 1512 теңге айлық есептік көрсеткіші бекітілсін», - делінген құжатта.

Республикада 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 1413 теңгені құраған.

Бюджет базалық әлеуметтік төлемдер үшін күнкөріс минимумын 15, 999 мың теңге көлемінде бекіткен.

Ең төменгі жалақы мөлшері 15,999 теңге деңгейінде, мемлекеттік базалық зейнетақы – 8 мың теңге және зейнетақының ең төменгі мөлшері – 16 047 теңге дейңгейінде анықталған, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы фирмааралық қарыздарды есепке алмағанда 4 млрд АҚШ долларына кеміген


Екатерина Ионова, ҚазАқпарат

2010 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы (ЖСҚ) фирма аралық қарыздарды есепке алмағанда 4,0 миллиард АҚШ долларына төмендеген және өткен жылдың 30 қыркүйегінде 55,3 млрд долларды құраған. Ол туралы 11 қаңтарда Алматыда өткен арнайы пресс-конференцияда ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді.

Оның айтуы бойынша, мұндай жағдай негізінен «БТА Банк» АҚ міндеттемелері қайта құрылымынан болған. Осы мерзім ішінде болған резиденттердің фирма аралық қарыздың өсуіне қарамастан, елдің сыртқы жалпы қарызы (фирма аралық қарыздарды есепке алғанда) 1,7 миллиард долларға төмендеген және 2010 жылдың 30 қыркүйегінда 112,8 млрд. долларды құраған.

Жалпы, 2010 жылдың үшінші тоқсанында «басқа секторлар» (банктен тысқары қаржылық корпорациялар, қаржылық емес корпорациялар, сондай-ақ үй шаруашылығы мен коммерциялық емес ұйымдар мен қызмет кқрсететін үй шаруашылығы) міндеттемелері 3,2 миллиард долларға (олардың ішінде 2,3 млрд доллар фирма аралық міндеттемелер) артқан.

«Банктер» секторының (екінші деңгейлі банктер мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ) сыртқы қарызы 5,7 млрд долларға азайған. «Мемлекеттік басқару» секторының (ҚР Үкіметі) сыртқы қарызы 1,1 млрд долларға артқан, ақшалай-несиелік реттеу органдарының қарызы 0,3 млрд долларға азайған.

Жалпы сыртқы қарыздың қысқаруы, онымен салыстырмалы ЖІӨ көлемінің артуы, тауарлар мен қызметтердің экспорты (ТҚЭ) елдің орташа ұзақ мерзімді төлемдік қабілеті индикаторларының жақсаруына әкеліп соқты. Фирма аралық қарыздарды есепке алғанда ЖСҚ-дың ЖІӨ қатынасында 2009 жылдың соңындағы 98,6% 2010 жылдың ,30 қыркүйегінде 81,7% төмендеген, ал ТҚЭ қатысты 234,6% -дан 179,9%дейін төмендеген.

Фирма аралық қарыздарды есепке алмағанда ЖСҚ ЖІӨ мен ТҚЭ қатысты қыркүйек айының соңында 40,0% ж2не 88,2%, осыған сәйкес, 2010 жылдың басында 55,0% бен 138,0% дейін құраған.

Алдағы уақытта өтемділіктің жақсаруы болып отыр – 2010 жылдың үшінші тоқсаны соңында 27,8 млрд долларды құраған Ұлттық банктің халықаралық қорлары қысқа мерзімді сыртқы қарызды алғашқы қайтару мерзімі бойынша 3,7 есеге артып отыр.

2010 жылдың 30 қыркүйегінде толығымен қайтаруға дейін (Гвидотти ережесі) қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз мерзімінің халықаралық қорларының қатынасы 150,9% құраған, ол 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы 109,7% қарсы. Бұл қатынас жаңа кірме қарыздарсыз сыртқы қарыз бойынша жылдық қайтару көлемін жабуды көрсетеді және әлемдік қаржы нарығына мәні бар, бірақ, әлі тұрақтсыз жетімді елдер үшін Гвидотти Ережесіне сәйкес, 1 (немесе 100%) кем болмауы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда исламдық «Әл Хиләл» банкі 23 млн АҚШ доллары көлемінде 7 жобаны қаржыландырды


Жанна Қорқытова, ҚазАқпарат
Қазақстанда исламдық «Әл Хиләл» банкі 9 ай ішінде жалпы сомасы 23 млн АҚШ долларын құрайтын 7 жобаны қаржыландырған. Ол туралы бүгін журналистермен өткізген семинар барысында «Әл Хиләл» Ислам банкі» АҚ басқарма төрағасы Прасад Абрахам мәлімдеді.

«Осы уақытқа дейін біз 23 млн долларды құрайтын 7 жобаға қатыстық. Бүгінгі таңда, шамамен, 25 млн доллардан 30 млн долларға дейін осыншама келісімдерді қарастыру үстіндеміз», - деп хабарлапды Прасад Абрахам.

Сонымен қатар, ол мұндай жобалар мұнай, теміржол, азық-түлік және құрылыс салаларында жүзеге асырылуы туралы айтты.

«Әл Хиләл» Ислам банкінің» 100 пайыз акциясы Әбу-Даби қаласының үкіметіне қарасты екенін, Қазақстандағы өз қызметін 2010 жылдың наурызында бастағанын жеткізді. Банктің ашылуына БАЭ мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісімдер әсер еткен. 2009 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында елде исламдық қаржылық қызметке қолдау көрсету мақсатында жаңа заңнаманың қабылдануы, өз ретінде «ӘлХиләл» Ислам банкінің» Қазақстанда жұмыс істей бастауына мүмкіндік берген. Қазіргі кезде банк өз жұмысын Алматы мен Астанада атқарып келеді, 2011 жылы қосымша кеңсесін Шымкентте ашуды жоспарлап отыр.


Транспорт және коммуникациялар



Үкімет ғарыш саласы бағдарламаларын көбірек қолдайтын болады – К.Мәсімов


Серік Сәбеков, ҚазАқпарат
11 қаңтарда Ұлттық ғарыш агенттігінің коллегия отырысы барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов келешекте ғарыштық сала бағдарламаларын бұрынғыдан да көбірек қолдайтынына уәде берді. Үкімет басшысы айтып өткендей, соңғы үш жылда бүкіл әлем қаржылық дағдарыс жағдайында болуы біздің елімізге де әсер еткеніне қарамастан, елдегі бағдарламалар тоқтатылған жоқ. Ол өз сөзінде, қазіргі кезде қаржыландыру қажетті көп деңгейде болмаса да, жүріп жатқандығы мен алдағы уақытта біртіндеп ұлғаятынын айтты.

Коллегия барысында агенттік пен Үкімет арасында меморандумға қол қойылды. Онда Ұлттық ғарыш агенттігі алға қойылған міндеттерді толығымен орындау туралы міндеттемелер алды.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев коллегия кезінде Үкіметтің жерді қашықтықтан тексерудің ғарыштық жүйесін жасау үшін қажетті радиожиілік диапазонын бөлуге көмек көрсетуін өтінді. Сонымен қатар, Талғат Мұсабаев ғарыш саласындағы ғылыми-сынақ жүргізу базасын жаңарту қажеттігі туралы айтты.

Коллегия нәтижесі бойынша, ҚР Ұлттықө ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) басшысы Талғат Мұсабаев 2011 жылғы мақсаттарды анықтап алды. Т.Мұсабаев, 2011 жыл мемлекеттік бағдарламаға кіретін ірі ғарыштық жобаларды белсенді түрде жүзеге асыратын жыл болуы қажет деді.

ҰҚА басшысының сөзіне қарағанда, мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылатын негізгі жұмыстар: KazSat-2 байланысжерсерігін іске қосу мен Алматы қаласы маңындағы жерүсті резервтік басқару кешенін аяқтау, жоғары және орташа жиілікте жерді арақашықтықтан тексеру ғарыштық аппараттарын жобалау мен құрамдас бқлшектерін жасау, ғарыштық аппараттардың жинақтық-сынақ кешенінің (ҒА ЖСК) эскиздік және жұмыс жобаларын аяқтау, старттық кешенінің қайта жасалуы және «Бәйтерек» зымырандық-ғарыштық кешеннің техникалық кешені құрылысы бойынша жұмыс жобаларын жасауды аяқтау, жоғары жиіліктегі жерсеріктік навигация жүйесінің техникалық және жұмыс құжаттарының эскиздік жобаларын жасау, Қазақстанды «Зенит» және «Днепр» коммерциялық зымыран тасу жобалары қатарына енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ҚР аумағында ғарыштық мониторинг ұлттық жүйесін дамыту, ғарыштық зерттеулер мен ғарыштық технологиялар жасаудың ғылыми және ғылыми-технологиялық базаларын дамыту, ғарыш саласында кадрлық әлеуетін дамыту мен ҚР «Ғарыштық қызмет туралы» заңын қабылдау.

«Білдің алдымызда, менің пікірімше, орасан зор міндеттер тұр, оларды шешуде бар күшімізді салуымыз қажет», - деп қорытты Т.Мұсабаев, ҚазАқпарат хабарлайды.


ҚР Премьер-министрі мен байланыс және ақпарат министрі 2011 жылы мақсаттық индикаторларға қол жеткізу туралы меморандумға қол қойды


Мәліметтерге сәйкес ҚР байланыс және ақпарат Министрлігі меморандумда көрсетілген барлық негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған барлық іс-шараларды қабылдауға, сонымен қатар 50 бәсекелес елдердің қатарына кіру туралы мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындауға міндеттеме алады.

Сонымен, Қазақстан ұялы байланыс абоненттерінің саны жағынан Бүкіләлемдік Экономикалық Форум рейтингісінің 66 орнынан 34 орынға көтерілуі, «Интернет қолданушылар» индикаторы бойынша – 67 орынға (2010 жылы – 69 орын), «кең алапты Интернет желісі абоненттері саны» бойынша 69 орынна 49 орынға көтерілуі қажет. Сонымен қатар Министрлік ЖИИДМБ жүзеге асыру аясында белгіленген негізгі басымдылық қызметтері бойынша жоғары көрсеткіштерге жету үшін күш салуы қажет. Меморандумға сәйкес, жергілікті телефон байланысының сандық деңгейі 95,0% (2010 ж-91,0%), ауылдық жерлерде 94,7% (2010 ж -90%) құрауы міндетті. Осыларға қоса, 2010 жылы Министрлік Интернет қолданушылар тығыздығын 10 тұрғынға 34,1 адам (22,0), ұялы байланыс абоненттері тығыздығын 100 тұрғынға 123 адамнан (120) тұруын, сондай-ақ «Электорндық үкімет» электорндық формаға ауыстыруды дамыту аясында, әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру бойынша жұмыстарды 10%-дан 15% дейін көтеруі қажет. 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Меморандумға «басқарушы қызметін атқаратын мемлекеттік қызметкер-әйелдер үлесі» индикаторын енгізу. Байланыс және ақпарат министрлігінде бұл көрсеткіш 15%-дан 20% дейн жоғарылауы қажет. Осылармен қатар, жоғарыда аталған көрсеткіштерге қол жеткізуде, Меморандумға сәйкес, ҚР байланыс және ақпарат Министрлігі ведомство аралық өзара байланыстар ұйымдастыруды үнемі жетілдіруге, негізгі индикаторларға жету үшін және Стратегиялық жоспарларды орындау үшін бөлінген қаражатты тиімді қолдануға міндетті, деп хабарлайды ҚР БАМ баспа қызметтері.


2011 жылы ұялы байланыспен сөйлесудің ең жоғарғы құны минутына 19 теңгеге дейін арзандайды


2011 жылы ұялы байланыс арқылы сөйлесудің ең жоғарғы құны минутына 19 теңгеге дейін төмендейді, деп хабарлады ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев 11 қаңтарда өткен коллегияның кеңейтілген отырысында.

Жұмағалиевтің айтуына қарағанда, аөткен жылы «желі ішілік тариф 36 теңгеден 29 теңгеге дейін төмендеген». «2011 жылда операторлардың сендіру бойынша, ең жоғарғы тариф 19 теңгені құрайтын болады», - деді ол.

Сонымен қатар, ТМД елдері және алыс шетелдермен сөйлесудің бір минутының орташа құны екі есесге дейін төмендеген. «Бұл іс-әрекетті «Қазақтелеком» операторы жүзеге асырды, сондықтан да, халықаралық байланыспен айналысатын басқа да бәсекелес операторлар тарифті төмендетуге мәжбүр болды. Біз енді халықаралық байланыс қызметін 46 теңгеден (сөйлесу минутына) аспайтын тарифпен қолдана аламыз», - деп хабарлады А.Жұмағалиев. Осы ретте, ол үш жыл бұрын кейбір бағыттар бойынша сөйлесу минуты 150 теңгені құраған болатынын айта кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Тау-кен және металлургия саласы



"SAT&Company" АҚ ShalkiyaZincN.V. 50 млн доллар көлеміндегі келісім мерзімін ұзарту туралы хабарлады


"SAT & Company" (SAT & Company) АҚ ShalkiyaZinc N.V. (ShalkiyaZinc) компаниясының жаңа акциялары (Жаңа акциялар) айырбас ретінде SAT & Company $50 миллион инвестициялау ұйғарым келісімі (Ұйғарым келісімі) белгіленген ретте ілгерілеуде екендігі туралы мәлімдеді. Ұйғарым келісімін аяқтау үшін тағы да Қазақстан Үкіметі Жаңа акциялар сатып алу айрықша басым құқынан бас тартуы қажет болып отыр. Қазіргі кезде Үкімет тау кен өндіру секторы компанияларының акциялар сатып алудағы айрықша басым құқын жүзеге асыру мәселелері бойынша комиссия таңайындаудың соңғы сатысында (Ведомство аралық комиссия). Нәтижесінде, Жаңа Ведомство аралық комиссиядан ShalkiyaZinc бас тарту өтініші бойынша келісім алу күтілуде.

SAT & Company және ShalkiyaZinc Үкімет өзінің айрықша басым құқынан бас тартатынына сенімді, алайды, сенімді болу үшін екі жақ бұрын қаралған Ұйғарымдық келісім аяқталу мерзімін 2010 жылдың 31 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 наурызына дейін ұзарту туралы келісім жасасты.

ShalkiyaZinc и SAT & Company Бас тартуды күтіліп отырған Ұйғарымдық келісім аяқталған соң міндетті сатып алу туралы ресми түрде жариялайды. Қосымша, басшылықпен қамтамасыз ету мен ShalkiyaZinc корпоративтік басқарудың жоғарғы стандарттары үшін және оның кәсіби кеңесшілері жаңа директорларды қызметі мен ShalkiyaZinc жүйесімен таныстырып, оларға жұмыс орындарын дайындайды, деп хабарлайды KASE SAT & Company баспа қызметтері сілтемесінде.

Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Өзбекстан 2011 жылы 2,913 миллиард доллар шетелдік инвестицияны игеруді жоспарлап отыр


Құрмат Самархан, ҚазАқпарат

Өзбекстан Үкіметі 2011 жылдың инвестициялық  бағдарламасының аясында  2,913 миллион  АҚШ доллары көлеміндегі шетелдік инвестицияларды игеруді жоспарлауда, деп хабарлайды өзбек басылымдары.

Ресми ақпарат көзінің хабарлауынша, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов 2010 жылдың желтоқсан айының соңында 113 инвестициялық  жобаны қамтыған 2011   жылдың  инвестициялық  бағдарламасын  бекітті.

Атап айтқанда,  Өзбекстан   Үкіметтің кепілдемесі  бойынша берілген  шетелдік  несиелердің  есебінен 42 жоба  бойынша  801,2  миллион   АҚШ  долларын және тікелей шетелдік инвестициялардың есебінен 71 жоба  бойынша  2,112 миллиард долларды  игермек. 



Инвестициялардың қомақты бөлігі  - 1,925 миллиард АҚШ доллары  -  отын-энергетикалық  секторында игерілмек,  оның  1,845 миллиарды тікелей инвестициялар есебінен. Ал геологиялық барлау жұмыстарына шетелдік компаниялар 2011   жылы 165,4 миллион   доллар   инвестиция  салғалы  отыр. Өзбекстанның тоқыма  өнеркәсібін дамытуға  116,9  миллион  доллардың тікелей инвестициясын  тарту жоспарланса, ал ұялы байланыс  операторлары  телекоммуникация  саласында  68  миллион доллар инвестицияны   игермек. Оған қоса, көлік секторында 162,3 миллион доллардың  шетелдік инвестицияларын  игеру жоспарланып отыр. 

Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 12 қаңтар, 2011; дерек көзі: Visor Capital




Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 12 қаңтар, 2011; дерек көзі: Visor Capital

Мұнай мен газ құны
Дата: 12 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

91.23

.12

.13

01:13

Dated Brent Spot

96.86

.10

.11

01:18

WTI Cushing Spot

91.11

1.86

2.08

01/11

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

260.70

-.18

-.07

01:09

Nymex RBOB Gasoline Future

246.64

-1.20

-.48

00:49

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.48

.00

.00

01:12

Henry Hub Spot

4.41

-.02

-.45

01/11

New York City Gate Spot

8.07

.62

8.32

01/11



Commodities
Дата: 12 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

436.750

1.850

0.43

01:29

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1384.100

-0.200

-0.01

01:29

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

29.700

0.201

0.68

01:28



Металл құны
Дата: 12 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

29.71

+0.20

Platinum

1769.00

+2.00

Palladium

791.00

+9.00

Rhodium

2,380.00

0.00



Валюталар бағамы
Дата: 12 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.28

1 CHF

KZT 151.88

1 CNY

KZT 22.25

1 TRY

KZT 93.58

10 JPY

KZT 1.77

1 EUR

KZT 190.60

1 AUD

KZT 144.95

1 KGS

KZT 3.12

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 229.21

1 CAD

KZT 148.54

1 RUB

KZT 4.81

100 KRW

KZT 13.12







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет