1191 шығарылым – Сейсенбі, 18 қаңтар, 2011 Номер мақаласы



Дата25.02.2016
өлшемі252.72 Kb.
#21893



1191 шығарылым – Сейсенбі, 18 қаңтар, 2011






  • Номер мақаласы

    • 2011 жылға Қазақстандағы ЖІӨ өсуі болжам бағыты дұрысталды және 4-5% деңгейінде болжануда



  • Қазақстанда

    • Назарбаев өзінің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум туралы Конститутцияға түзетулерге қол қоймай, Констиуциялық сотқа жіберді

    • Нұрсұлтан Назарбаев ІІМ кеңейтілген Алқа отырысына қатысты

    • ЕҚЫҰ, сондай-ақ АҚШ мен ЕО Қазақстан парламентінің референдум өткізу туралы шешімі алаңдатуда



  • Қысқы Азиада ойындары

    • ҚР Премьер-министрі Азиадаға дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді

    • 2000 теңге номиналды ақша белгісі Азиаде-2011арналды



  • Мұнай-газ секторы

    • Қытай-қазақстан құбыры арқылы Қытайға 30 млн.тоннадан астам мұнай жеткізілді

    • Қазақстан 2010 жылдың қаңтар-қарашасында мұнай экспортын 1,2% арттырған



  • Энергетика

    • Қазақстан Екібастұз ГРЭС-і – 2 бойынша РФ арадағы келісімді тіркеді



  • Қаржы және инвестициялар

    • Екінші деңгейделі банктер несиелеу мөлшерін көтере ме?

    • Қаржы полициясы 2010 жылы бірде-бір ШОБ тексерген жоқ

    • 2011 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2010 жылға қарағанда жоғары болады - "АСЫЛ ИНВЕСТ" АҚ

    • Елдің халықаралық резервтері шамамен 59 млрд. АҚШ долларын құрайды, жыл басынан өсуі - 24% - Б. Тәжіияқов



  • Тау-кен және металлургия саласы

    • Таукен өндіру өнеркәсібі қаржыландыру үшін тартымды

    • Қазақстан көмір өндіруді 2010 жылы 8,1% арттырған



  • Адмадар және тренингтер

    • «Азық-түлік корпорациясының» басқарма Төрағасы қызметін босатты

    • Приозерск қаласының әкімі қызметінен босатылды



  • Сауда және тұтынушылар тауарлары

    • Қазақстанның ДСҰ-на шапшаң енуі үкіметтің 2011 жылғы басым қадамдарының бірі болмақ



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • Бердымұхамедов пен Баррозу түркмен газын еуропалық нарыққа шығарудың түрлі жолдарын талқылады

    • Қытай Қырғызстан мен Тәжікстанға қолдау көрсету бағдарламасын жабуы мүмкін – сарапшы

    • 2011 жылдың қаңтар айының екі аптасының қорытындысы бойынша Ресейде отын құны тағы да көтерілді

    • Қырғызстанның 2010 жылы сыртқы қарызы 3 млрд. 325 млн. долларды құрайды, деп нақтылады Қаржы Министрлігі



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



2011 жылға Қазақстандағы ЖІӨ өсуі болжам бағыты дұрысталды және 4-5% деңгейінде болжануда


2011 жылға Қазақстандағы ЖІӨ өсуі болжам бағыты дұрысталды және 4-5% деңгейінде болжануда, деп хабарлады экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова.

«Үкіметтің, Ұлттық банк пен ҚБА 2011 жылы жүргізетін экономикалық саясаты, ЖІӨ шынай өсуін 4 және 5 пайыз арасындағы деңгейде өсіруге мүмкіндік береді», - делінген үкімет, Ұлттық банк пен ҚБА бірлескен мәлімдемесін, үкімет отырысы кезінде баяндады Айтжанова.

Ертеректе, Ұлттық банк республикада 2011 жылы ЖІӨ өсуін 5-6% деңгейінде болжаған болатын.

Алдын ала бағалау бойынша, Қазақстанда ЖІӨ өсуі 7% құраған болатын, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Қазақстанда



Назарбаев өзінің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум туралы Конститутцияға түзетулерге қол қоймай, Констиуциялық сотқа жіберді


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысының өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізуді қарастыратын Конституцияға тұзетулер енгізуді қабылдамай, оларды Конституциялық кеңеске (КК) жіберді, деп хабарлайды КК баспасөз қыземттерінің дереккөзі сілтемесінде.

«Президенттің заң бойынша «парламент қабылдаған Крнституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туарлы» үндеуін қарастыратын болады», - деп айтты сұхбат теруші.

Елдегі заңнамаға сәйкесКонституциялық Кеңес өндіріске қабылдаған үндеуді қарастырады және үндеу түскеннен бастап бір ай ішінде қорытынды шешім шығаратын болады.

Егер мәселе күттірмейтін болса, республика президентінің жазбаша түрде көрсетілген талабына сәйкес бұл мерзім 10 күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Қазақстан парламенті жұмы күні мемлекет басшысының өкілеттігін 2020 жылға дейін сайлау өткізбей референдум өткізу арқылы ұзарту жөніндегі Конституциялық түзетулер бойынша Президенттің тыйым салуын айналып өтуді бірауыздан құптаған болатын.

ЕҚЫҰ, АҚШ және ЕА, референдумды демократияға қайшы деп есептейтіні туралы мәлімдеме жасағанын еске салуды жөн көрдік.

«Жоспардағы референдум Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді және құзырлы органдар бұл бастаманы тоқтату бойынша іс-шара қабылдайды деп ойлаймыз», - деді ЕҚЫҰ демократиялық институтар мен адам құқығы жөніндегі Бюро директоры Янез Ленарчич. Бұдан біраз бұрын АҚШ-ның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметтері, «Қазақстанда қазіргі республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу мәселелесінде, оны демократиялық емес деген өз көзқарасынан айныған жоқ», - деп атаған болатын.

Осы ретте, Еуропалық Одақ Қазақстанды ЕҚЫҰ аясындағы міндеттемелер мен өз конституциясына сай жүйелі, еркін және шынайы сайлау өткізуге талпынуын ары қарай жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Нұрсұлтан Назарбаев ІІМ кеңейтілген Алқа отырысына қатысты


17 қаңтарда мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер органдарының 2010 жылғы жұмыс қорытындылары мен ағымдағы жылға қойылатын басым міндеттері талқыланған ІІМ кеңейтілген Алқа отырысына қытысты. Ішкі істер Министрлігіне келген соң Президент елдің ішкі істер органы жабдықталған заманауи сараптаушы-криминалдық және басқа да арнайы техникалармен, байланыс құралдары мен қару-жарақтермен танысты.

Алқа жұмысына министрліктің басқарушы құрамы, командование комитеті мен ішкі әскер құрамасы, ішкі істердің аймақтық депратамент басшылары, қалалық, аудандық және полицияның желілік бөлімшелері, ведомстволық оқу орындарының басшылары қатысты.

Мемлекет басшысына ведомство жұмысының қорытындылары туралы ішкі істер министрі С.Баймағанбетов баяндай келе, Президенттің берілген тапсырмалары бойынша іс-шаралар елдегі криминогендік жағдайға дұрыс әсерін тигізгенін айтты.

Азаматтардың құқын қорғау мен еркіндікпен тиімді қамтамасыз етуге бағытталған жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесін жасау басты міндеті болып табылатын ІІМ жүйесін түбегейлі қайта құру жұмысы басталды. Қолданылған іс-шаралар нәтижесінде ауыр қылмыстар (-12,5%) және өте қауіпті қылмыстар (-10%) санының азаюы жалғасуда.

Мемлекет Басшысы анықтаған басымдылықтарға сәйкес, полицияның негізгі міндеттерінің бірі ұйымдасқан қылмыспен күресу болып отыр. Өткен жылы ұйымдасқан қылмыс топтары мүшелеріне қатысты 900 астам қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Ақ Орда.

ЕҚЫҰ, сондай-ақ АҚШ мен ЕО Қазақстан парламентінің референдум өткізу туралы шешімі алаңдатуда


ЕҚЫҰ демократиялық институты мен адам құқықтары жөніндегі Бюро (ДИАҚБ) директоры Янез Ленарчич, Қазақстан парламентінің мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі мерзімін қзарту жөнінде референдум өткізуге мүмкіндік беретін Конституциялық түзетулерді қабылдауы турасында алаңдаушылық білдірді.

«Жоспарланған референдум мақсаты Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді және құзырлы органдар бұл бастаманы тоқтату үшін тиісті іс-шаралар қабылдайды деп үміттенеміз», - деді Я.Ленарчич.

«Референдум азаматтарды маңызды мәселе бойынша шешім қабылдау процесіне тікелей тарту тәсілі болып табылады. Бірақ, референдум кезеңдік сайлаудың орына жүруі мүмкін емес. Ол шынайы саяси альтернативалар ұсынбайды және азаматтардық сайлануы мен сайлауға қатысу құқын тиімді жүзеге асыру мүмкіндіктеріне қысым жасайтын болады», - деп есептейді Я.Ленарчич.

Ол, мұндай мәселелерде халықтың еркі, барлық азаматтар үшін өз кандидатурасын ұсынуға тең мүмкіндік беретін, тек сайлау үдерісі барысында ғана көрінетін болады, деп атап өтті.

Я.Ленарчич, қазіргі президенттің өкілеттік мерзімін кеңейтуді қарастыру, сайлауды едәуір мерзімге өткізбеуге, елді президенттік сайлаусыз жалпы жыл мерзімге қалдыруға әкеліп тірейді, деп нақтылады.

Бұл ЕҚЫҰ басты міндеттемелері мен басқа да халықаралық стандарттарға қайшы келетін еді. ЕҚЫҰ-на қатысушы мемлекет ретінде, Қазақстан орынды мерзімде еркін сайлау өткізуге және азаматтардың дискриминациясыз саяси және мемлекеттік лауазымға қол жеткізу құқын құрметтеуге міндетті, деліген мәтінде, деп хабарлайды CA-News.


Қысқы Азиада ойындары



ҚР Премьер-министрі Азиадаға дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді


17 қаңтардың бірінші жартысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу үшін іске қосылған нысандарды аралады.

Түстен кейін К.Мәсімов Азиадаға дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Кеңеске туризм және спорт Министрі Темірхан Досмұхамбетов, байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, 7-ші қысқы Азия ойындары Ұйымдастыру комитеті дирекциясының атқарушы Президенті Анатолий Кулназаров және басқалар қатысты.

Азиада нысандарын іске қосу мәселелері, техникалық қамтамасыз ету, ойынды көрсету үшін баспасөз орталықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар, жалпы Азия ойындарын өткізетін түрлі қызметтер дайындығы талқыланды.

Кеңес қорытындысында тиісті шешісдер қабылданды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметтері.


2000 теңге номиналды ақша белгісі Азиаде-2011арналды


17 қаңтарда Қазақстанның Ұлттық Банкі контитенттік ойындарға арналған 2 000 теңге номиналды естелік банкноттарын шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банк баспасөз қызметтері сілтемесінде. Тираждың саны 20 миллион дана. Бір банкноттың көлемі 139 миллиметрді, ені 73 милиметрді құрайды. Ақша белгісінің басым түсі көгілдір-жасыл.

Банкноттың беттік жағында: «Астана-Бәйтерек» ескерткіші, ҚР мемлекттік әнұраны ноталарынан үзінді, елтаңба мен байрақ, алақан, қар бүршіктері, номиналдың мемлкеттік тілдеәріптік белгісі мен «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы бейнеленген.

Сыртқы жағында тау беткейінде бейнеленген шаңғышы мен 7-ші қысқы Азия ойындарының таңбасы, ақша белгісінің сандық белгіленуі, ал ортасынан төмен қарай – орыс тілінде әріптік белгіленуі көрсетілген. Ортасынан жоғарғы жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы мен банк-эмитеттің логотипі басылған. Ақша белгісінің ортасында қазақтың ұлттық ою-өрнектері қолданылған.

7-шы қысқы Азия ойындары 30 қаңтарда Астанада басталып, 6 қаңтарда Алматыда аяқталады. 11 спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, оған 45 елден келетін 1000 астам спортшы қатысатын болады деп жоспарлануда.


Мұнай-газ секторы



Қытай-қазақстан құбыры арқылы Қытайға 30 млн.тоннадан астам мұнай жеткізілді


Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының иммиграциялық және карантиндік бақылау Басқармасы 17 қаңтарда хабарлауы бойынша, 2010 жылдың соңында қазақстан-қытай мұнай құбыры арқылы Қытайға 30 млн.тонна шикі мұнай жеткізілген.

Ұзындығы 1200 км болатын қытай-қазақстан мұнай құбыры Қазақстанның Атасуынан бастау алып, Алашанькоу БӨП өтіп, Синьцзянның шығысындағы Душаньцзы ауданында аяқталады. Ол 2006 жылы коммерциялық қолданысқа берілген болатын, деп хабарлайды Қытайдың халықаралық радиосы.


Қазақстан 2010 жылдың қаңтар-қарашасында мұнай экспортын 1,2% арттырған


Қазақстан 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында мұнай экспортын 1,2% арттырып, көмір мен газ экспортын төмендеткен, деп хабарлайды статистика агенттігі.

Статистика мамандарының мәліметі бойынша, өткен жылдың қаңтар-қарашасында 2009 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, отын-энергетикалық қорлар экспортының көлемі 7,2% азайған.

Мұнай жеткізу негізінен, Италияға (экспорттың жалпы көлемінің 23,2%), Қытайға (15,0%), Францияға (11,5%), Австрияға (7,5%) жүзеге асырылуда. Жалпы қорлар көлемінде мұнай үлесі 2009 жылмен салыстырғанда 3,1 пайыздық нүктеге кеміген.

Ведомство ақпараты бойынша, 2010 жылдың қаңтар-қарашасында, республиканың экономикалық айналымына тартылған негізгі отынның табиғи түрлері қорының жалпы көлемі (мұнай, газ конденсаты, табиғи газ бен көмірді қосқанда) 170,1 миллион тонна шартты отынды құрайды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Энергетика



Қазақстан Екібастұз ГРЭС-і – 2 бойынша РФ арадағы келісімді тіркеді


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы арасындағы Екібастұз ГРЭС-і – 2 құрылысы мен оның үшінші блогын іске қосу туралы келісім-шщартын ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметтері, РИА новости.

2009 жылдың 11 қыркүйегінде ГРЭС-тің үшінші блогының құрылысы туралы үкіметаралық келісім жасалған болатын.

2010 жылдың шілдесінде РФ мен Қазақстан президенттері Д.Медведев пен Н.Назарбаевтың кездесуі барысында құрылысты қаржыландыру туралы несиелік келісімге қол қойылған. Жобаның құны 700 миллион долларды құрайды.

Станцияның қазіргі кезде орнатылған энергетикалық қуаты – 1 Гвт, оның екі энергоблоктары Қазаөстанның барлық электр энергиясының шамамен 12 пайызын өндіреді.

Үшінші блоктың құрылысы осы қуатты 50 пайызға арттырады.

«Екібастұз ГРЭС – 2 станциясы» АҚ акционерлері бірдей үлестегі ресейдің «Интер РАО ЕЭС» ААҚ мен қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ («Самұрық-Қазына» қорыныі еншілесі).

«ИнтерРАО» Ресей мен шет елдерде генерациялық және таратушы энергетикалық активтер қатарын бақылайды. Компания басқаруындағы және меншігіндегі электр станцияларының сомалық қуаты шамамен 18Гвт құрайды.

Қаржы және инвестициялар



Екінші деңгейделі банктер несиелеу мөлшерін көтере ме?


Иван Бывакин, Биржевой лидер

2011 жылы 2-ші деңгейлі банктерде несие портфелі көлемін шамамен 10-15 пайызға көтеру жоспары бар. Мамандардың хабарлауынша, басты іс-шаралар шағын және орта бизнес кәсіпорындарын несиелеуге бағытталатын болады.

Шағын және орта бизнес Қазақстан экономикасының ілгері дамуында маңызды стратегиялық орынға ие, деп нақтылайды банк қызметкерлері.

Forex академиясы және Masterforex-V биржалық сауда талдаушыларының көзқарасы бойынша, дәл осы ағымдағы жыл: өткен жылдағы мембағдарламаларына тиімділігін көрсететін, сондай-ақ банктердің өзі кәсіпкерлерге қолдау бірдіретін бұл сегменттің қарқынды өсуіне бастау болуы қажет.

Сонымен қатар 2011 жылы көптеген қаржылық институттар несиелеу бойынша ставканы төмендететін болады. Бұдан 2 жыл бұрын кәсіпкер 18-20 пайызбен несие алған болса, биылғы жылы жылдық орташа ставка 14-16 пайызды құрайды.

Талдаушылар несие портфелі сапасының дамуы, сонымен қатар, азаматтардың тұрақты өсуі мен төлемдік қабілетінің артуына байланысты, 2011 жылы несиелік өнімдер және ставкалардың төмендеуін болжап отыр. ҚБА мәліметтері бойынша, өткен жылдың 11 айында берілген барлық қарыз көлемі 9 трлн. 174 млрд теңгені құраған.


Қаржы полициясы 2010 жылы бірде-бір ШОБ тексерген жоқ


Экономикалық және коррупциялық күрес жөніндегі Агенттік (қаржы полициясы) 2010 жылы бірде-бір шағын және орта бизнесті тексермеген, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметтері.

«2008 жылы 328 тексеру (шағын және орта бизнес субъектілері) жүргізілген, ал 2009 жылы мұндай тексерулер саны жеті есеге (45), өткен жылы осы сияқты тексеру жұмысы мүлде жүргізілмеді», - делінген баспасөз қызметтерінде.

Баспасөз қызметтерінің мәліметтері бойынша, «қаржы полициясы шағын және орта бизнестің халық денсаулығы, дәрілік құралдар мен азық-түлік тағамдарының заңсыз айналымымен байланысты жағдайларда тексеру жұмыстарын жүзеге асырады», делінген.

«2010 жылы қаржы полициясы лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуымен байланысты 106 қылмысты анықтап, осы топтағы 87 қылмыстық іс сотқа жіберілген, 44 адам сотталған», - деп нақтылады қаржы полициясында.

Мысалы, Шығыс-Қазақстан облысында табиғи монополияны реттеу бойынша облыстық Департаменттің директоры Қоқырбаев тұтқынға алында. Ол ЖЖМ сатуға лицензиялық рәсімдеуді жеделдету үшін ЖШС директорынан 450 мың теңге пара алуы кезінде ұсталған.

Қаржы полициясы өз қызметкерлері арасында да бизнеске заңсыз араласуы дәйектерін де анықтаған. «Өткен жылы бес қызметкерімізді қылмыстық жауапқа тарттық, 44 тәртіптік жауапқа тартылғандардың ішінен 17-і қызметінен босатылған, солардың арасында облыстық департаменттердің үш басшысы бар», - делінген баспасөз қызметтерінде, Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.


2011 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2010 жылға қарағанда жоғары болады - "АСЫЛ ИНВЕСТ" АҚ


2011 жылы «АСЫЛ ИНВЕСТ» АҚ дайындаған «Әлемдәк экономика және ғаламдық нарық. 2011 жылға Outlook» талдау есебінде, Қазақстан экономикасының ары қарай көтерілуі күтілуде деп көрсетілген. Келешектегі дамудың негізгі ролі ЖИИДМБ жүктеледі.

Соның ішінде өндірістік өнеркәсіпке мол үміт артылады. 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанның ЖІӨ 7,5 %, тауарлар өндірісі 6,1%, қызметтер өндірісі - 5,2% өскен.

2011 жылы Қазақстандағы экономиканың өсу өарқыны 2010 жылмен салыстырғанда жоғары болуы, дағдарыстан кейінгі қалыпқа келумен түсіндіріледі.

2011 жылы инфляция, ресми түрде жарияланған 6,8 пайыз шегінде сақталады деп күтілуде. 2010 жылы Қазақстандағы инфляция 7,8% құраған.

ЖІӨ қатысты бюджет жетіспеушілігі 2,8 ЖІӨ деңгейінде болжануда. 2011 жылға республикалық бюджет түсімі 4 трлн 49,5 млн. теңге көлемінде анықталса, шығын – 4 трлн. 651,9 млн. теңгені құрайды.

Бюджет мұнайдың барр/65 доллар деңгейіндегі баға бойынша болжанады.

2011 жылы ЖІӨ бюджте дефициті кем болады, себебі, үкімет болжамдары барынша кертартпа көрінеді – 2011 жылы мұнайдың әлемдік құны едәуір жоғары болады. 2011 жылы Қазақстанның сыртқы нарығы азаяды.

Қазақстан 11 млрд. доллардан астам қарызды қайтаруы қажет. Ұлттық банктің 2010 жылғы 3-ші тоқсандағы мәліметтері бойынша, Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 4 млрд.долларға кеміп, 55,3 млрд. деңгейіне дейін азайған.

«АСЫЛ ИНВЕСТ» АҚ БОЛЖАМДАРЫ, 2011 жылы ЕДБ несиелеуінің аздап жоғарылауы мүмкін деп болжайды. Атап көрсетілгендей, 2010 жылдың қорытындылары бойынша, теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 0,6% орныққан. Ұлттық валюта 2010 жылы теңге/АҚШдолларбағамы 146,41 теңгеден 148,46 теңгеге дейінгі шеңберде болған. Айырбастау бағамының тұрақтылығы ҚРҰБ интервенциясымен байланысты болды.

Сонымен қатар, 2010 жылдың қорытындылары бойынша, еуроның теңгеге қатысы әлсіреген.

Еуро/теңге бағамы 9 пайызға төмендеп, 175,5 теңгеден 215,08 теңге аралығында болған. Еуро бағамының төмендеуіне еуроаймақтағы бюджеттік-қарыздық дағжарыс әсерін тигізген.

«АСЫЛ ИНВЕСТ» АҚ талдауы, 2011 жылы еуро 2010 жылы жоғалтқан позициясын еуроаймақ жоспарларында инвесторларға қатысты сенімділігінің қайта оралуы айналасында қалпына келтіреді деп болжайды. 2010 жылдың қорытындылары бойынша, британдық фунттың теңгеге қатысты бағамы төмендеген. Фунт /теңге бағамы 4,6 пайызға төмендеп, 209,17-ден 242,44 дейінгі шеңберде болды. 2011 жылы британдық фунт 2010 жылы жоғалтқан позициясын біртіндеп қайтадан қалпына келтіретін болады, деп хабарлайды CBonds.info.


Елдің халықаралық резервтері шамамен 59 млрд. АҚШ долларын құрайды, жыл басынан өсуі - 24% - Б. Тәжіияқов


Елдің халықаралық резерві шамамен 59 млрд АҚШ долларын құраған, жыл басынан өсуі – 24% болды. Ол туралы 18 қаңтарда Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіияқов мәлімдеді.

Оның айтуы бойынша, өткен жылы валюта нарығындағы жағдай тұрақты болды, жыл соңындағы биржалық бағам бір доллар 147,5 теңгені құраған. 2010 жыл ішінде теңгенің АҚШ долларына номиналдық қатынасы 0,6% орнықты.

«Ұлттық банктің таза халықаралық қоры 27,7 млрд. АҚШ долларын құраған, яғни, жылдың басынан өсуі 24% болған», - деп атап өтті Б.Тәжіияқов.

Осы ретте, Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, елдің халықаралық қоры, шетел валютасындағы 30,6 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі Ұлттық қор активтерін есепке алғанда, шамамен, 50 млрд АҚШ долларын құраған, деп хабарлайды CA-News ҚазАқпарат сілтемесінде көрсеткендей.


Тау-кен және металлургия саласы



Таукен өндіру өнеркәсібі қаржыландыру үшін тартымды


2010 жылы Қазақстанда негізгі капиталға инвестиция салу 4 трлн. 773,2 млрд. теңгені құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 0,5% аз. Ол туралы ҚР Статистика Агенттігі хабарлады.

Инвестициялық салымдар үшін инвестицияның жалпы көлемінің үлесі 36% құрайтын таукен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеу тартымды сала болып қалуда. Есептік кезеңде инвестициялық салымдарды 2009 жылмен салыстырғанда 3,4% кеміп, 2 трлн.242,5 млрд.теңгені құраған ірі кәсіпорындар жүзеге асырған. 2010 жылы ірі кәсіпорындар үлесіне 2009 жылдағы 48,4% қарсы 47% инвестициялық салымдар, орташа кәсіпорындардың 22,7%  қарсы 13,3%, ал, шағындарына – 28,9% қарсы 39,7% болған. Инвестицияның басым көзі, 2009 жылдағы 32,6% қарсы 45,9% мөлшерлеме салмағын құраған, шаруашылық етуші нысандардың меншіктік қаржысы болып қалуды,деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. Мемлекеттік бюджет үлесі 21,1%, шетелдік инвестициялар – 24,4% және 37%, қарыздық құралдар – 8,6% және 11,5%құрайды, BusinessResource хабарлайды.


Қазақстан көмір өндіруді 2010 жылы 8,1% арттырған


2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда көмір өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,1% өскені туралы статистика Агенттігі хабарлады.

Ведомство ақпараты бойынша, 2010 жылы елде 103,5 миллион тонна көмір өндірілген. Соның ішінде желтоқсанда – 10,7 миллион тонна өндірілген.

Көмір өнеркәсібі ел экономикасындағы ірі салалардың бірі болып саналады. Қазақстан көмір қоры жағынан әлемде 8-ші орынға ие, республиканың жер қойнауында жалпыәлемдік қор көлемінің 4% бар. Көмір өнеркәсібі елдің электр энергиясы өндірісінің 80 пайызын қамтамасыз етеді.

2009 жылы Қазақстан 94,3 миллион тонна көмір өндірген.

Бұрынғы ақпаратта, Қазақстан 2015 жылға қарай көмір өндірісі көлемін 134 миллион тоннаға дейін, ал 2020 жылға қарай – 151 миллион тоннаға дейін арттыру жоспары айтылған болатын.

Өндірісті дамытуға тартылған инвестицияның жалпы мөлшері 3,4 миллион АҚШ долларын құраған. Соның қатарында кокстың көмір өндіру – 1,5 миллион доллар, энергетикалық көмір өндіруге – 1,8 миллион доллар екендігін, Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.


Адмадар және тренингтер



«Азық-түлік корпорациясының» басқарма Төрағасы қызметін босатты


Дамир Байманов, ҚазАқпарат

«Азық-түлік келісім-шарттық корпорация» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Руслан Әзімов қызмет орнын босатты. Ол туралы ҚазАқпарат тілшісіне ұлттық компанияның баспасөз хатшысы Құралбек Атамұратов айтты.

«Әзімов Руслан Жұмабайұлы өз еркімен қызметінен босатылды. Оның қызметінен босату туралы өтінішін директорлар кеңесі мақұлдады», - деді Қ.Атамұратов.

Осы ретте, ол басқарма төрағасы қызметін атқарушыны 18 қаңтарда өтетін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ директорлар кеңісінің отырысында анықталады деп нақтылады.

Азық-түлік корпорациясы «ҚазАгро» холдингі құрылымына кіреді. Ол дән сатып алуды жүзеге асырады және мемлекеттік қорды сақтаумен айналысады. Елдің азық-түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, компания астықтың ішкі нарығын реттеу, инвестициялық қызмет пен астық экспортымен айналысады.

Приозерск қаласының әкімі қызметінен босатылды


Валентина Елизарова, ҚазАқпарат

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен Қарағанды облысының Приозерск қаласының әкімі Қайрат Смағұлов қызметінен босатылды. Ол туралы Приозерск қаласына жылу беруді тұрақтандыру мәселелері қарастырылған 17 қаңтардағы кеңесте Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов айтты.

«Приозерск қаласының әкімі Қайрат Смағұлов жылу беру нысандарын дайындау жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін, жылу беру көздері жұмыстарын тиісті бақылауға алмағаны үшін және апаттық жағдай кезінде тиесілі іс-шаралар қолданбағаны үшін қызметінен босатылсын», - делігнен үкіметтік комиссия қорытындылары негізінде жасаған премьер-министрдің шешімін аймақ басшысы оқып шықты.

Сонымен қатар, тәртіптік жауапкершілікке тартылған облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов пен облыстық энергетика мен коммуналдық шарушылық басқармасының бастығы Марат Мәдиевтерге қатаң ескерту жарияланды, деп хабарлайды С.Ахметов.

«Белгілі болғандай, Приозерскте қазандықта болған апаттан кейін екі аптадан астам уақыт бойы жылу беру жэүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазандық жұмысын тұрақтандыру қысқа мерзімде жасалды. Бірақ тұрғын үйлерді жылуға қосуға қатысты тұрақтылық туралы айтуға әлі ерте», - деп атады облыс әкімі.

Оның айтуынша, Приозерскідегі жағдай – «бірқатар шенеуіктер тарапынан кеткен жауапсыздық салдары».

С.Ахметов, Приозерсктегі жылу беру мәселелері туралы 2010 оған тек 4 қаңтарда мәлімет бергенін айтқан, алайда, қазандықтың істен шығуының бірінші апаты 2010 жылдың 29 желтоқсанында болғанын түсіндірді.

Сауда және тұтынушылар тауарлары



Қазақстанның ДСҰ-на шапшаң енуі үкіметтің 2011 жылғы басым қадамдарының бірі болмақ


Қазақстанның ДСҰ-на шапшаң енуі үкіметтің 2011 жылғы басым қадамдарының бірі болады, деп айтты экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, үкімет, қаржылық бақылау Агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесіне сүйеніп.

«Ғаламдық сауда-экономикалық жүйесіне ықпалдасу мақсатындағы сыртқы экономикалық саясаттың басым мақсаттарының бірі, Кедендік одақ серіктес елдерімен тығыз үйлестіруде Қазақстанның ДСҰ-на ену процесін жеделдету болып табылады», - делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының ДСҰ-на ену үдерісі 1996 жылдың 26 қаңтарында Қазақстанның ДСҰ Хатшылығына осы ұйым қатарына ену туралы ресми өтініш білдіргеннен басталған болатын. 2009 жылдың маусымында Кедендік одақ елдерінің – Ресей, Қазақстан және Белоруссия үкімет басшылары – ДСҰ-на біртұтас кедендік аумақ ретінде ену туралы хабарлама беруді шешкен. Барлық елдер Кедендік одақтың бірыңғай позициясын қалыптастыру бойынша кеңестер жүргізу кезінде ұйымға қосылу туралы екі жақты келіссөздерді уақытша тоқтатқан болатын. Алайда, 2009 жылдың қазанында Ресей, Қазақстан мен Белоруссия ДСҰ-на қатарына ену туралы келіссөздерді, келісімдік жағдайда қайта жандандыру туралы жариялады. Сол жолы Астана ДСҰ жөніндегі келіссөздерді 2010 жылдың соңына дейін аяқтауға ниетті екенін мәлімдеген еді. Бірақ, ДСҰ-на кіру мерзімін 2012 жылға қайта белгілеген болатын, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Бердымұхамедов пен Баррозу түркмен газын еуропалық нарыққа шығарудың түрлі жолдарын талқылады


15 қаңтарда өткен Түркменстан Прензиденті Гурбангулы Бердымұхаммедов пен Еуропалық комиссия басшысы Жохе Мануэль Баррозу арасында болған келіссөздерден кейін, Түркменстан мен Еуропалық одақ басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне бірлескен үндеу жасады.

Келіссөздер қорытындысына түсініктеме бере отырып, Түркменстан Мемлекеттік ақпарат агенттігі (TDH) , Түркменстан мемлекетінің басшысы, кездесу барысында Түркменстан мен Еуропалық одақ арасындағы алдағы даму және ынтымақтастықты нығайтуға қатысты түбегейлі пікір алмасу, сондай-ақ өзара қызығушылықты білдіретін аймақтық және халықаралық бірқатар мәселелерді қарастырғанын атап өтті. Гурбангулы Бердымұхаммедов Түркменстан мен Еуроодақтың халықаралық қызметінің көптеген өзекті мәселелері, өзара түсініністік болуы және ұстанымдары менғаламдық күн тәрбтібінде тұрған маңызды мәселелерді шешу жолдарының ұқсастығына тоқталып өткен.

Кеңейтілген құрамда кездесу барысында талқыланатын еуропалық одаққа түркмен газын жеткізудің түрлі жолдары турасында, Түркменстан басшысы, оны Коспий теңізінің түбімен өтетін газ құбыры құрылысы мен арнайы теңіз кеме-танкерлерімен табиғи газды Каспий арқылы тасымалдау қатарынан көретінін айтты.

«Мұндай жобаларды жүзеге асырумен байланысты техникалық, коммерциялық, қаржылық, ұйымдастырушылық мәселелері жақын арада талдаушылар деңгейінде егжей-тегжейлі талқылау тақырыбына айналып, олардың жұмысының нәтижелері алдағы уақытта тиісті келісімдер мен шарттарда көрсетілуі қажет», - деді Бердымұхаммедов, деп хабарлайды CA-News.


Қытай Қырғызстан мен Тәжікстанға қолдау көрсету бағдарламасын жабуы мүмкін – сарапшы


Өзбек сарапшысы, «Орталық Еуразия» жобасының жетекшісі Владимир Парамонов Deutsche Welle-ге берген сұхбатында, Пекин Қырғызстан мен Тәжікстанға қолдау көрсету бағдарламасын тоқтатуы ықтимал, деп мәлдімдеді.

Оның айтуына қарағанда, Қытай негізінен, екі елдің тек әлеуметтік-саяси тұрақтылығын қаржыландыратын болады. «Бүгінгі таңда Қытай бұл елдердің ұзақ мерзімді тұрақтылығына сенімді болмағандықтан, олардың экономикасына басым қаржылық қорларды инвестициясы салмайды. Қырғызстан мен Тәжікстанның саяси элиталарының ҚХР мемлекеттік шекарасы өтетін жерлер туралы қол қойылған келісімдермен әлі де келіспеуі, сонымен қатар, осы елдердегі саяси ислам мен экстремистік топтар әсерінің өсуі Пекин үшін тым жайсыз фактор болып тұр», - деп атап көрсетті Парамонов.

Оның пікірінше, Қырғызстан мен Тәжікстанда Қытайға тәжік және қырғыз аумағын «заңсыз» беру туралы мәселенің қайталануы, Орталық Азиядағы тұрақтылықты бұзу мақсатында айтылады, ол осы екі елдің қауіпсіздік пен тұрақты дамуындағы ҚХР ара-қатынасына кері әсерін тигізіп, оның салдары Пекин аталмыш елдерді қолдау бағдарламасын тоқтатуы ықтимал.

«Қытай экономикалық саясатының белсенділігінің артуы Қазақстан, Түркменстан эәне Өзбекстаннан көрінетін болады. Бұл экономикасы едәуір тұрақты дамыған үш ел қытайлық қаржы қорларын жаңарту мақсатына жұмсауға қызығушылық танытып отыр. Осыған қоса, бұл елдершикізат қорларының басым көздеріне, ең алдымен, энергетикалық қорлар: газ, мұнай (Қазақстан мен Түрксенстанға қатысты), уран (Қазақстан мен Өзбекстанға қатысты) ие. Қытай үшін осы үш ел, транспорттық коммуникацияны дамыту мен қытай тауарларын құрлықтың басқа бөліктеріне жеткізу тұрғысында маңызды болып отыр», - деп түйіндеді өзбек сарапшысы.


2011 жылдың қаңтар айының екі аптасының қорытындысы бойынша Ресейде отын құны тағы да көтерілді


2011 жылдың қаңтар айының екі аптасының қорытындысы бойынша Ресейде отын құны тағы да көтерілді. «Кортес» агенттігінің мәліметі бойынша, қаңтар айының ортасына қарай Аи-92, Аи-95 0,8% ж2не 0,7%, осыған сәйкес, дизельдік отынның бағасы 2,6 пайызға – литрі 24,74 рубльге қымбаттады. 2010 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың қаңтарына дейін жанармай 34% қымбаттағанын «Коммерсант» жазған болатын.

Өткен жылда бензин құны орта есеппен 10-11 пайызға өскен. Алайда, Ресей статьистикасы ведомствосы мәліметтерінде басқа сандар көрсетілген, отынның орташа қымбаттауы – 6,5пайыз, ол инфляциядан төмен, ал дизель 23% қымбаттаған. Срапшылардың айтуынша, отын бағасының қымбаттауы әлемдік нарықтағы мұнайдың жоғары құны, сондай-ақ Ресейдегі салық саясатының өзгеруі мен акциздің өсуіне байланысты болып отыр. Дизель бағасының артуын отандық нарықта отынның бұл түрінің жетіспеушілігінен деп түсіндіреді, Ресейде өндірілетін жанармайдық жартысынан көбі экспортқа шығарылады.

2010 жылдың соңында Ресейдің монополияға қарсы Федеральдық қызметінің басшысы Игорь Артемьев дизельдік отынның күрт қымбаттауы себептерін анықтауға уәде берген. Оның орынбасары Анатолий Голомолзин, авиакеросинге де бағаның өсуіне назар аударып, мұнай компанияларына қатысты жаңа іс қозғау мүмкіндігін айтқан болатын, деп хабарлайды Lenta.ru.

Қырғызстанның 2010 жылы сыртқы қарызы 3 млрд. 325 млн. долларды құрайды, деп нақтылады Қаржы Министрлігі


Қырғызстанның сыртқы қарызы бюджеттің 2010 жоспарында 3 млрд. 325 млн долларды құрайды, деп хабарлады қаржы министрінің орынбасары Арзыбек Кожошев, экономикалық стретагия, инвестициялық саясат пен туризм жөніндегі ЖК комитетінің отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Қаржы министрлігі 2 млрд.858 млн көлеміндегі сыртқы қарызға қызмет көрсетеді. Нақтыланған жобада сыртқы қарыз бюджеті 3 млрд. 325 млн долларды құрайды. «Бұл Ресеймен қаражат беру туралы келісімнің аяғына дейін жасалмауына байланысты, сондықтан да 11 млн доллар нақтыланған бюджетке енгізілген. Ол ақшаларды төлемейміз, бірақ, аталмыш сома бюджетке салынған», - деді Кожошев.



Еске сала кетсек, қаржы Министрлігі 2010 жылдың 30 қарашасындағы мәліметі бойынша,Қырғызстанның мемлекеттік қарыз (сыртқы және ішкі) көлемі 2 млрд.760 млн доллар немесе 129 млрд. 318 млн сомды құраған, деп хабарлайды CA-News.

Бағалар мен статистика




Мұнай мен газ құны
Дата: 18 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

91.11

-.43

-.47

01:43

Dated Brent Spot

97.40

.10

.11

01:53

WTI Cushing Spot

91.54

.14

.15

01/14

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

263.22

-1.30

-.49

01:41

Nymex RBOB Gasoline Future

248.70

-.76

-.30

01:18

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.52

.04

.98

01:41

Henry Hub Spot

4.43

-.04

-.89

01/14

New York City Gate Spot

7.13

-3.32

-31.77

01/14

Commodities
Дата: 18 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

442.050

0.850

0.19

01:44

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1365.800

5.300

0.39

01:45

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

28.430

0.110

0.39

01:44

Металл құны
Дата: 18 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

28.46

+0.14

Platinum

1812.00

+10.00

Palladium

795.00

+3.00

Rhodium

2,380.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 18 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 146.99

1 CHF

KZT 152.01

1 CNY

KZT 22.3

1 TRY

KZT 94.89

10 JPY

KZT 1.77

1 EUR

KZT 195.09

1 AUD

KZT 145.55

1 KGS

KZT 3.11

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 233.08

1 CAD

KZT 148.69

1 RUB

KZT 4.89

100 KRW

KZT 13.16







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет