-
Номер мақаласы
-
Қарағандының мамандандырылған қылмыстық сотында мемлекетке опасыздық туралы іс қаралуда
-
Қазақстанда
-
ҚР президенті халық пен мемлекеттің мүддесін ескере отырып референдумға қатысты шешім қабылдауға уәде берді
-
Атырау облысында белгісіз газбен улану салдарынан 2 адам көз жұмды
-
Мәсімов ШҚО әкіміне Семей қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
-
ҚР қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік Департаменті мен қорғаныс Министрлігінің делегациясымен кездесу өткізді
-
Қазақстан 2013 жылғы қарай дамыған елдер деңгейіне жете алады – Назарбаев
-
Мұнай-газ секторы
-
КРО 2010 жылы кедендік төлемдер бойынша ҚР бюджетіне 21 млрд.теңге қарызын төледі
-
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» компаниясының президенті қабылдады
-
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2010 жылғы 12 айдағы өндірістік қызметінің қорытындылары
-
Fitch2011 жылы ТМД мұнай газ компанияларының тұрақты дамуын күтеді
-
Энергетика
-
«Самұрық-Энерго»-ның 2010 жылғы табысы, бір жыл бұрынғы шығынға қарсы 14,9 млрд. теңгені құрады
-
Қазақстандағы Кербұлақ ГЭС-ның ТЭН-сі 2011 жылдың желтоқсанына қарай аяқтау жоспарланып отыр
-
Қаржы және инвестициялар
-
Халық банк өзінің 10-жылдық еуробондтарына өтініш қабылдай бастады
-
Қазақстанда төлемдік карталарға қызмет көрсету тарифтерін төмендету жоспарлануда – ҚБА
-
Ұлттық Банк Астанада төлемдік жүйенің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қор орталығын құрады
-
Тау-кен және металлургия саласы
-
Шілде айында тау кеншілері мен металлургтердің жалақысы көтеріледі
-
ENRC Қазақстанда даму бағдарламасын 7 млрд. АҚШдолларына бағалады
-
Батыс-Қазақстан облысындағы металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,6 есеге артты
-
Сауда және тұтынушылар тауарлары
-
Мәсімов қаңтар айындағы азық-түлік нарығының тұрақсыздығына алаңдаулы
-
Транспорт және коммуникациялар
-
Қазақтелеком: 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалар үшін телефонның абоненттік төлемі көтеріліп, ғаламтор – төмендейді
-
Жылжымайтын мүлік
-
Жерлерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу бойынша заңнамалық түзетулер енгізуді жеделдету қажет – Мәсімов
-
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
-
Қырғызстан: Маусымдағы оқиғаларды тексеру бойынша Ұлттық комиссияның қорытындысы жарияланды
-
Өзбекстанмен АҚШ жаңа кеңестерге дайындалуда
-
Бағалар мен статистика
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании
-
Мұнай мен газ құны
-
Commodities
-
Металл құны
-
Валюта бағамдары
Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz
Номер мақаласы
Қарағандының мамандандырылған қылмыстық сотында мемлекетке опасыздық туралы іс қаралуда
Валентина Елизарова, ҚазАқпарат
Қарағандыда мамандандырылған аймақаралық қылмыстық сотта жабық түрде мемлекетке опасыздық жасады деген айыптау ісі қаралуда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаев хабарлады.
«Іс мемлекет мүддесін қорғап отырғандықтан, «құпия» деген белгіде жүргізіліп, жабық түрде қаралуда», - деп атап өтті Е.Серекбаев. Істі қарау аяқталғаннан кейін сот қарауының нәтижелері жария етіледі, деп сендірді ол.
Әзірге белгілі болып отырғаны - айыпталып отырғандар облыстың екі тұрғыны. Оларды ҚР ҰҚК мемлекетке опасыздық жасады деп айыптап отыр. Айыптаушының болжамынша, олар шетелдік мемлекет өкілдеріне құпия құжаттарды беріп жіберген және осы әрекеті арқылы елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірген.
Қазақстанда
ҚР президенті халық пен мемлекеттің мүддесін ескере отырып референдумға қатысты шешім қабылдауға уәде берді
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық пен мемлекеттің мүддесін ескере отырып референдумға қатысты шешім қабылдауға уәде берді. Бұл туралы ол кеше қазақстандық қоғамдық жұртшылық өкілдерімен өткізген кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Н. Назарбаев референдум өткізу мәселесі - бұл қазақстан халқының бастамасы екендігін атап өтті. "Бүгін сіздер біздің қоғам белсенді талқылап жатқан тағы бір маңызды мәселені көтердіңіздер. Ол референдум өткізу жөнінде жалпыхалықтық бастаманы қолау үшін қол жинаудың аяқталуы және Парламент тарапынан Тұңғыш Президенттің өкілеттігін ұзарту жөнінде рефередум өткізуге мүмкіндік беретін Конституцияға енгізілген өзгерістер. Сіздердің бәріңізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін, бүгін айтқан ықыласты сөздеріңіз үшін шын пейілді алғысымды айтқым келеді. Бұл бастама кеңінен қолдау тауып, бес миллионнан астам қол жиналғаны мен үшін мақтаныш сезімін тудырады", - деді елбасы.
"Бірақ мен үшін бұл мәселе мемлекеттік ұстаным тұрғысынан өте маңызды. Сондықтан барлық "иә" мен "қарсыны" салмақтап, халық пен мемлекеттің мүдддесін ерекше ескере отырып, мен біздің еліміздің халқы үшін қажетті шешімді қабылдаймын", - уәде етті ол.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ референдум өткізу жөніндегі жалпыұлттық бастама мәселелері талқыланған.
"Тәуелсіздік - бұл біздің басты құндылығымыз. Сондықтан мерейтойды мееркелеу әрбір қазақстандық үшін ерекше мән-мағынаға ие. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттілікті нығайтудың, біздің өміріміздің барлық саласын жедел жаңартудың дәуіріне айналды. Бұл жолда Қазақстан көп жетістікке жетті. Тарихи қысқа мерзім ішінде іс жүзінде жаңа мемлекет құрдық. Мемлекеттік басқарудың тиміді институттары құрылды. Саяси жүйеде реформалар табысты жүргізілді, азаматтық қоғам институттары дамуда. Біз тіпті, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өзінің өміршеңдігін дәлелдеген заманауи рыноктық экономиканы қалыптастырдық. Өткен жылы біздің еліміз ЕҚЫҰ-ға төраға болды және Ұйымның Саммитін өткізді. Ал биылғы жылы біз Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеміз. Жалпы, өткен 20 жыл ішінде біз елімізді нығайттық, одан әрі өсу мен даму үшін қажетті базаны қамтамасыз еттік. Осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асты. Біз үшін Тәуелсіздік мерейтойы үлкен мәнге ие болатыны осы себептен. Сондықтан біз оны атап өтуді жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Конституциялық кеңесі 2011 жылдың 17-қаңтарында ҚР президентінің ҚР "ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының ҚР Конституциясына сәйкестігін қарау туралы үндеуін өндіріске алған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік басында 20 жылдан бері отыр. 2012 жылы Қазақстан президентінің кезекті сайлауы өтуге тиіс болатын, оған Назарбаев өз кандидатурасын ұсынбақ болған.
Қазақстанда әрекеттегі президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша жалпы халықтық референдум өткізу тәжірибесі бар: 1995 жылғы референдум Назарбаевтың өкілеттігін 1999 жылдың аяғына дейін ұзартқанб деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Атырау облысында белгісіз газбен улану салдарынан 2 адам көз жұмды
Атырау облысында уланғандардың саны – 9 жетті, оның 2-і қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Атырау облысының Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылының №224 жеке үйдің 9 тұрғыны (оның 2 адамы көз жұмған) улану себебі, белгісіз газбен улану болған», - ақапарат берді баспасөз қызметі.
ҚР Денсаулық Министрлігінің ақпаратына сай, қазіргі кезде бір адам жансақтау бөлімінде жатыр, қалған 6 адамның халі орташа деп бағалануда.
ҚР ТЖМ бұрын хабарлағандай, Атырау облысында 6 адам тағаммен уланғаны, оның ішінде 49-жастағы әйел – ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.
ТЖ Атырау облысы Жаңа Қаратон ауылының №224 жеке үйде 19 қаңтарда орын алған, деп хабарлайды BNews.kz.
Мәсімов ШҚО әкіміне Семей қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шығыс-Қазақстан облысындағы Семей қаласындағы жағдай туралы үкіметтік комиссия мүщелерінің баяндамасын тыңдады. Белгілі болғандай, Үкіметтік комиссия Семей қаласындағы ЖЭС-1 болған апат пен оның салдарынан әлеуметтік және тұрғын үйлерге жылудың берілу тоқтатылуына байланысты құрылған. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері ТЖ пайда болуының жағдайымен танысты.
«Комиссия есебінің қорытындысы бойынша премьер-министр Шығыс Қазақстан облысныңәкімі Бердібек Сапарбаевқа жылумен қамтамасыз ету нысандарын дайындау бойынша жұмысты тиісті ұйымдастырмағаны, жылу көздері жұмыстарына қажетті бақылаудың болмау мен апаттық жағдайда шаралар қабылдамағаны үшін Семей қаласының әкімі Айнабековты қызметтен босатуды тапсырды», - деп айтылған хабарламада.
Одан басқа баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес Мәсімов «Семейдегі жылумен қамтамасыз ету нысандарын дайындау бойынша жұмысты тиісті ұйымдастырмағаны, жылу көздері жұмыстарына қажетті бақылаудың болмау мен апаттық жағдайда тиісті шаралар қабылдамағаны үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тәукебаевқа, ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бастығы Шерубаевқа, Семей қаласы әкімінің орынбасары Данияровқа және қалалық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім бастығының орынбасары Әшеловке қатаң сөгіс жариялады.
Бүгінгі күні премьер-министрдің тапсырмасымен жылу беру мерзімі мен облыс тұрғындарын жылумен, сумен, энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі жедел шешімдер қабылдануын бақылау үшін облыстық штаб құрылды. Осы сияқты оперативтік іс-әрекеттер штабтары қалалар мен аудандарда да құрылған.
Премьер-министр Б.Сапарбаевқа облыстағы жылу көздерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру сапасын жақсарту бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
ҚР қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік Департаменті мен қорғаныс Министрлігінің делегациясымен кездесу өткізді
20 қаңтарда Ақорда резиденциясында Президенттің көмекшісі – ҚР қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаменті мен қорғаныс Министрлігінің жоғары лауазымды шенеуіктері бастаған АҚШ делегациясымен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында олар өзара мүдделерді, соның ішінде Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі мәселер туралы пікір алмасты.
Кездесуде екі жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызына да тоқтала кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан 2013 жылғы қарай дамыған елдер деңгейіне жете алады – Назарбаев
Қазақстан2013 жылғы қарай дамыған елдер деңгейіне жете алады. Ол туралы Ақордада қоғамдастық өкілдерімен кездесу кезінде мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
«2012-2013 жылдарға қарай біз дамыған державалар деңгейіне жететін боламыз», - деді Н.Назарбаев.
«Барлық бүгінгі жетістіктеріміз соңғы 10 жылдың жемісі. Өткен жылды халықтың әр жанына ЖІК 9 мың доллар, ал тұтынушылық қабілеті ортаазия елдерінің деңгейінен артық көрсеткішпен аяқтады. Бұл көрсеткіштерге біз 2015 жылы шығуды жоспарлаған болатынбыз», - деп атап көрсетті менмлекет Басшысы.
«Егер естеріңізде болса, 1991 жылы тәуелсіздігіміз жарияланған болатын, ол қиын кезеңдер еді, тек 1996 жылдарға өарай аяғымыздан тұра бастадық. Бірақ, 1998 жылы оңтүстік-шығыстан келген дағдарыстан, 2000 жылғы қарай ес жидық. Дәл осы уақыттан бастап Қазақстанның дамуы басталады. Яғни, бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктеріміз соңғы 10 жылдың жемісі», - деп еске сала кетті ҚР Президенті, BNews.kz.хабарлайды.
Мұнай-газ секторы
КРО 2010 жылы кедендік төлемдер бойынша ҚР бюджетіне 21 млрд.теңге қарызын төледі
«Karachaganak Petroleum Operating» (КРО) ЖСШ Қазақстанның бюджетіне кедендік төлемдер бойынша 21 миллиард теңге көлемінде қарыз төледі, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
«кедендік тексеру жүргізу қорытындылары бойынша 40,2 миллиард теңге есептелген, оның нақты 46,4 миллиард теңгесі өндірілген. Тексеру нәтижелері бойынша «Қарашығанақ петролеум Оперейтинг» 21 миллиард теңге қайтарылған», - деп көрсетілген комитет алқасында таратылған пресс-релизде.
Баспасөз конференциясында түсіндіруі бойынша, қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төраға орынбасары Өмірзақ Бейіспеков, тексеру кәсіпорынның соңғы бес жылғы қызметін қамтыды, дейді.
«Олар құжаттарды дұрыс тапсырмауына байланысты преференциялары да дұрыс болмаған», - деп түсіндірді кеден өкілі.
Ол кедендік преференциялар бойынша наразылық, КРО экспорттық кеден төлемдерін төлеуімен қатар, импорттық кеден баж салығымен де байланысты.
«Бүгінгі күнге есептелген соманы олар төлеген», - деп нақтылады Бейіспеков.
Karachaganak Petroleum Operating (KPO) – Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін біріккен компаниялар консорциумы. Консорциумға BG Group, Eni, әрқайсысының үлесі 32,5% құрайды, сондай-ақ Chevron - 20% пен ЛУКОЙЛ 15% үлестері бар.KPO әлемдегі ірі мұнай газ конденсатты кен орнын басқаратын компания. Консорциумөз қызметін 1997 жылдың қарашасында Қазақстан үкіметі қол қойған өнім бөлімі туралы қорытынды келісімге сәйкес жүзеге асырады. Келісім шарттары бойынша, консорциум Қарашығанақ жобасын басқаруды 2038 жылға дейін жүзеге асырады және ешбір жаңа салықтар мен алымдар оның үлескерлеріне қатысты болмайды.
2009 жылдың бірінші онкүндігінде ресми емес дереккөзден, Қазақстан үкіметі
Karachaganak Petroleum Operating BV-нің 10 пайыз акциясын шамамен 1 миллиард долларға сатып алуы ықтимал деген ақпарат алған болатын. Сәлден кейін, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Қарашығанаққа ену туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын. Қарашығанақ консорциумы үкіметтің шешімімен келіспей және билік орындарымен тек өнім тарауы туралы Келісім негізінде серіктестік қатынастар жүргізетінін білдірген. Қысқасы, 2008 жылғы жоғарғы көрсеткішпен салыстырғанда, 2009 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуі кезінде баж салығыжойылған болатын, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» компаниясының президенті қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
В. Алекперов Президентті «Лукойл» компаниясының қазақстанның мұнай өңдеу саласында 6 млрд. жуық АҚШ долларын құрайтын инвестициясы туралы хабардар етті.
Биылғы жылы компания Ақтөбе облысындағы ірі газ өңдеу кешенін пайдалануға береді. Сондай-ақ елімізде іске асыру үшін бірқатар индустриялық-инновациялық жобалар қарастырылуда.
- Қазақстан шетел инвестициясының сенімді қорғалуы қамтамасыз етілген әлемнің аздаған елінің бірі болып табылады. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтыңи жеке еңбегінің нәтижесі. Бүгінде ол 20 жыл бойы Қазақстанға тартылған инвестициялардың кепілі болып табылады. Осы 20 жыл ішінде республиканыңқалай құрылғанын, қалалардың қалай жаңарғанын көресіз, әрине, бұл Президенттің еңбегі, оның инвестицияны ынталандыру және республиканың салық салу базасын ұлғайту үшін жүргізген саясатының жемісі, - деп атап өтті В. Алекперов.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2010 жылғы 12 айдағы өндірістік қызметінің қорытындылары
«ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2010 жылғы қаңтар – желтоқсанда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 52 млн. 505 мың тонна болды. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 621 мың тонна немесе 3% артты (2009 жылғы 12 айда іс жүзінде 50 млн. 885 мың тонна болған-ды).
«ҚазТрансОйл» АҚ ММ жүйесі бойынша жүк айналымы 2010 жылғы он екі айда 34 млрд. 223 млн. тонна км болды. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 710 млн. тонна км немесе 2% артты.
«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі биылғы есепті кезеңніңқорытындылары бойынша 10 млн. 092 мың тонна мұнай рекордты деңгейіне жетті, бұл 2009 жылдың осы кезеңінің көрсеткішінен 2 млн. 394 мың тонна немесе 31% артық (2009 жылдың 12 айында іс жүзінде 7 млн. 699 мың тонна болған).
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры бөлігімен Ресей мұнайының транзиті 2010 жылғы есепті кезеңнің қорытындылыры бойынша 5 млн. 625 мың тоннаны құрады, бұл 2009 жылдың қаңтар – желтоқсанымен салыстырғанда 267 мың тоннаға көбейді немесе 5%-ды құрады (2009 жылдың 12 айында 5 млн. 358 мың тонна мұнай болды).
Өткен жылмен салыстырғанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұай тасымалдау көлемі артты. 2010 жылдың 12 айының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының МӨЗ-на өңдеу үшін мұнай тасымалдау көлемі 12 млн. 702 мың тоннаны құрады, бұл 2009 жылдың осы кезеңінің көрсеткішінен 1 млн. 565 мың тонна немесе 14% мұнай артық (2009 жылғы 12 айдағы мұнай 11 млн. 137 мың тонна болған).
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызу арнасы арқылы Еділ суын беруді жүзеге асырады. Биылғы қаңтар – желтоқсан айларында су беру көлемі 21 млн. 361 мың текше метр болды және 2009 жылдыңосы кезеңімен салыстырғанда 2 млн. 453 мың текше метр немесе 13% артты, деп хабарлайды «ҚазТранОйл» Баспасөз қызметі.
Fitch2011 жылы ТМД мұнай газ компанияларының тұрақты дамуын күтеді
Fitch халықаралық рейтинг агенттігі 2011 жылы Ресей мен ТМД мұнайгаз саласының даму келешегі тұрақты деп бағалады, делінген агенттік хабарламасында.
Fitch-тің «Тұрақты» болжамын, мұнайгаз компанияларының қаржылық және операциялық көрсеткіштерге қол жеткізуінен, сонымен қатар, капиталдық салым бағдарламаларын жүзеге асырудағы мүмкіндіктерімен көрсетеді. Агенттік ТМД-дағы мұнайгаз саласындағы көптеген компаниялар мемлекет қолдауын пайдаланады және олардың рейтингтері елдердің тәуелсіз рейтингтеріне ұқсас.
Fitch, Ресей мен ТМД елдерінің мұнай газ секторындағы компаниялардың қарыздық салмақ деңгейі жоғары болы қала береді деп болжады. Жалпы, компаниялар жаңа салықтық жеңілдіктерге ие болуна байланысты рейтингтерге әсер етпейтін болады.
2011 жылы, Fitch пікірінше, бірігу мен сіңісу бойынша келісім-шарттар саны көбеюі мүмкін. Экономиканың өсуімен Ресей мен ТМД мұнай газ секторындағы компаниялар, нарықтық ұстанымдарын, нарық көшбасшыларымен бәсекелестік құру үшін жақсартуға мүдделі болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Энергетика
«Самұрық-Энерго»-ның 2010 жылғы табысы, бір жыл бұрынғы шығынға қарсы 14,9 млрд. теңгені құрады
«Самұрық-Энерго» АҚ таза кірісі бір жыл бұрынғы шығынға қарсы 14,9 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Алдын ала есептеулер бойынша, компания 2010 жылы 14,9 миллиард теңге таза табысты иеленбек, ол 2009 жылғы 2,7 миллиард теңге шығынмен салыстырғанда анықталған», - деп хабарланған.
Пайданың өсуіне негізінен, электр энергиясын өндіру және көмірді сату көлемінің ұлғаюы, сонымен қатар, елдің экономикасының дағдарыстан кейінгі ес жинауы әсер еткен, деп көрсетілген пресс-релизде.
Жалпы алдын ала негізгі өндірістік көрсеткіштер жоспарланған көлемдер деңгейінге орындалған. 2010 жылғы электр энергиясын өндіру көлемі 12,685 миллиард кВт/сағ құраған, 2009 жылғы нақты мәліметтерге қатысты өсу – 9 пайызды құрайды. «Бұл гидростанцияларда, судың ағындылығының артуына байланысты электр энергиясын өндіру мқлшерінің көбеюіне байланысты, сонымен қатар, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ сияқты генерациялық қуаттың жоғарылауымен де байланысты», - деп нақтылады компанияда.
Есептілік кезеңде көмір энергетикасын өнджіру көлемі 38,8 миллион тоннаны құраған, ол 2009 жылғы көрсеткіштен 15,1 пайызға артық. Ұлғаю жылу электрстанцияларының өсуімен байланысты, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Қазақстандағы Кербұлақ ГЭС-ның ТЭН-сі 2011 жылдың желтоқсанына қарай аяқтау жоспарланып отыр
Қазақстанның Іле өзеніндегі Кербұлақ ГЭС контрреттеу құрылысының техника-экономикалық негіздемесін жасау 2011 жылдың желтоқсанына қарай аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды РИА Новости «Алматы Электр Станциялары» АҚ материалдары сілтемесінде.
ТЭН жасаудың тендері 2011 жылдың қаңтарында жариялау жоспарланды, жұмыстың жоспардағы құны - 190,4 миллион теңге (1,3 миллион доллар). Сонымен қатар, 2011 жылы 224 миллион теңгеге (1,5 миллион долларға) ГЭС құрылысы үшін жер телімін сатып алу жоспары бар.
Кербқлақ ГЭС –Алматы облысында жоспарлы гидроэлектр станциясының құрылысы. ГЭС жоспардағы қуаты – 49,5 МВт, орташа жылдық өндірісі – 227 миллион кВт.сағ. Электр энергиясы өндірісімен қатар, Кербұлақ ГЭС міндеті жоғарыда орналасқан Қапшағай ГЭС бөлінетін су мөлшерін теңестіру болып табылады.
«Алматы Электр Станциясы» - Алматы облысында жұмыс істейтін электргенерациялық қазақстан компаниясы. Компанияның активтеріне Алматының үш ЖЭС-ы, Қапшағай ГЭС-ы мен Алматы ГЭС-ның сарқырамасы кіреді. Компания «Самұрық-Энерго» АҚ-ы мемлекеттік энергохолдингісінің меншігіне жатады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.
Қаржы және инвестициялар
Халық банк өзінің 10-жылдық еуробондтарына өтініш қабылдай бастады
Қазақстанның халық банкі шы,арылатын жоспарланған еурооблигацияларды сатып алуға инвесторлардан өтініштер қабылдауды бастады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).
Банк Қазақстан нарығында ұйымдастырылған әлеуетті инвесторлардан өтініш қабылдауды бірмезгілде шетелдік мемлекеттер аумағында да қабылдаумен қатар жүргізе бастады.
Өтініш беру тәсілі – жабық. 15:00-де (Астана уақыты 12:00 мск) басталған өтініш жинау уақыты 4 сағаттан кейін аяқталады деген болжам бар.
Хабарланғандай, 144А Тәртібі және S Ережесіне сәйкес шығарылатын жоғары қамсызданбаған ғаламдық облигациялар, 200 мың доллар немесе ең көбі, бір мың доллар ақша белгісіне ие.
Шығарылымның болжамдық рейтингі B+ (S&P), B+ (Fitch) и Ba3 (Moody's).
Шығарылым валютасы мен қызмет көрсету –АҚШ доллары.
Еуробонд бағасы ағымдағы аптаның ортасында белгілі болады деп күтілуде.
Шығарылымның жетекші менеджерлері мен букраннерлері Citi, Deutsche Bank және Halyk Finance, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Қазақстанда төлемдік карталарға қызмет көрсету тарифтерін төмендету жоспарлануда – ҚБА
Қаржылық бақылау Агенттігі (ҚБА) үкіметке тарифтерді оңтайландыру мен ақшасыз есеп айырысу, сонымен ұатар, төлем карталары бойынша, ұсыныстар бағыттады, деп хабарлады агенттік төрағасы Қуат Қожахметов.
«Банктер арасындағы бәсекелестікке қарамастан, әсіресі жалақы жобалары сегменттері бойынша, тарифтердің жоғары деңгейі сақталуда. Бұл халықтың карталарды тауарлар мен қызметтерді сатып алуда төлем амалы ретінде пайдаланудың төмен деңгейі мен сауда мекемелерінде пластика карталарын қабылдаудың арнайы техникалық құралдарының жоқтығымен түсіндіріледі», - деді Қожахметов бейсенбіде өткен мәжілісте (парламенттің төменгі палатасы) «Қазақстанда ақшасыз есеп айырысудың даму перспективалары мен жағдайы туралы» дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде.
Ол, карталар негізінен оларға қызмет көрсету банк үшін банктің тіркелген шығындарының негізгі үлесі мен клиенттерге арналған тірифтерден тұратын банкоматтардан қолма қол ақша алу мүмкіндігі ретінде пайдаланылатындығын атап көрсетті ол. «Банктер, делдалдық қызметін көрсете отырып, комиссиялық сыйақыларды алып қалады, ол ақшасыз есеп айырысатын сатып алушы үшін қосымша шығындар әкеледі. Дағдарыс жағдайында әр клиент сатып алушы мұндай қызметке ақша төлеуге дайын емес», - деп көрсетті.
Қожахметов төлем карталарын иемденушілер кар-есептен рұхсатсыз ақша алудан секемденеді, сондықтан да төлем карталарында ақша сақтау мен төлемдік операциялар жүргізу үшін қажетті құрал ретінде сенімсіздік туындайды. Қазіргі кезде төлем карталарымен скимминг және фишинг сияқты алаяқтық түрлері таралып отыр.
ҚБА төраға орынбасарының сөзіне қарағанда, Агенттікке белгісіз тұлғалардың карт-есептен рұхсатсыз ақша алуымен байланысты қаржылық қызмет тұтынушыларының шағымдары түсуде. Банктер жүргізген қызметтік тексеру қорытындылары қаржылық қызмет тұтынушысының бұзылған құқығын қайта қалпына ұдайы келтіре алмайды. Ол ең алдымен, қолданыстағы жетілмеген банкоматтармен байланысты, өйткені, олар жабдықталған видеокамералардың сақталу мерзімінің қысқалығынан туындайды, деп түсіндірді.
Қожахметов, қызмет көрсету саласының субъектілерінің POS-терминал арқылы төлем карталарын пайдаланумен төлемдерді қабылдауға да қызығушылықтарының жоқтығын да тоқталды. «Техникалық сипаттағы проблемалар бар. Көбінесе, сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында коммуникация жүйелерінің жоқтығынан POS-терминал орнатуда кедергілер туындайды»,- деп тоқталды.
«Ұсыныстар (ақшасыз есеп айырысу бойынша) 2010 жылдың 9 желтоқсанында премьер-министрдің атына жолданған, оны қарастыру қорытындылары бойынша, премьер-министр кеңсесінің басшыларына Қаржы Министрлігі, ҚБА, Ұлттық банк, экономика Министрлігі, юстиция министрлігі, бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің қатысуымен жұмыс тобын құру тапсырылды», - деп мәлімдеді Қожахметов.
Соның ішінде: POS теримналдарды пайдалану айналымындағы кәсіпкерлердің салықтық салмақты төмендету мүмкіндігін, банктердің қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етулерді сатып алудағы шығындарды кедендік баж салығы мен ҚҚС мөлшерлемелері бойынша жеңілдіктер беру арқылы азайту ұсыныстары да бар. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің салықтық, коммуналдық және басқа төлемдерді ақшасыз есеп айырысумен төлеуді ақысыз негізде жүргізу туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Ұлттық Банк Астанада төлемдік жүйенің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қор орталығын құрады
Қазақстанның Ұлттық банкі Астанада төлемдік жүйенің үзіліссіз жұмыс істеуі үшін қор орталығын құрады, деп хабарлады Бисенғали Тәжіияқов.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары, «бұл жобаның мақсаты – негізгі орталық орналасқан жерде, соның ішінде Алматы қаласында жер сілкінісі салдарынан төтенше жағдайлардың орын алуы жағдайында төлемдік жүйенің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», деді. Орынбасардың мәліметі бойынша, соңғы бес жылды елдегі төлем карталары арқылы есеп айырысуды жүргізу көлемі 2 есеге артты, ал саны 1,2 есеге артқан. 2010 жыл ішінде төлем жүйесі арқылы 30 миллион транзакция 188 триллион теңге немесе 1,3 триллион АҚШ долларына жүргізілген.
Оның мәліметтері бойынша, «бір күнде орта есеппен төлем жүйесі арқылы жүздеген миллиард теңгеге он мыңдаған төлемдер жүргізіледі». «Ай сайынғы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылатын төлемдер кқлемі ЖІӨ көлемімен тепе-тең», деп атап көрсетті Тәжіияқов, Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.
Тау-кен және металлургия саласы
Шілде айында тау кеншілері мен металлургтердің жалақысы көтеріледі
Салалық ұйыминдустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірге тау-металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің жалақысын есептеудің жаңа әдісін жасауда. Ол туралы тау-металлургия өнеркәсібі еңбекшілер кәсіподағының Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Қазбек Уәлиев Tengrinews.kz ақпарат берді. Жобаны ҚР ИЖТМ, республикалық кәсіподақ және тау-өндіру, тау-металлургия кәсіпорындарының республикалық ассоциациясы жасауда. «Елде Еңбек кодексін енгізумен байланысты есептің ең төменгі жалақы қалыптастырылатын ең төменгі коэффициент жұмыс істейді. Қазір оның мөлшері – 1,6 пайыз. Біз оның 1,8 пайызға дейін көтерілуін талап етеміз», - деп нақтылады Уәлиев.
Оның сөзіне қарағанда, елдегі кейбір кәсіпорындар өздері жалақыны көтеруді, бірақ Уәлиевтің пікірінше, «барлық аймақтарда жалақы көлемі бірдей болуы тиіс». Бірінші шілдеге дейін уақытыз бар. Осы күнге дейін коэффициенті көлемін анықтап, содан кейін жалақы өзгеретін болады, деп қосты сұхбатшы Tengrinews.kz. тілшісіне
ENRC Қазақстанда даму бағдарламасын 7 млрд. АҚШдолларына бағалады
Валентина Елизарова, ҚазАқпарат
Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы (ENRC) ӨзініңҚазақстандағы даму бағдарламасын шамамен 7 млрд. АҚШ долларына бағалап отыр.
Бұл туралы бүгін Қарағанды облысының әкімдігімен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінен кейін журналистерге ENRC PLC компаниясының бас атқарушы директоры Феликс Вулис мәлім етті.
«Жалпы алғанда, бүгінгі таңда біздің Қазақстандағы даму бағдарламамыз шамамен 7 млрд. АҚШ долларын құрайды», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, ENRC компаниясының алдыңғы қатарда тұрған жобаларының бірі - Ақтөбе облысында қуаттылығы 440 мың тоннаны, мұны 750 млн. АҚШ долларын құрайтын ферроқорытпа шығару жөніндегі зауыттыңқұрылысы болып табылады.
Ф. Вулис сондай-ақ компания өндірісінің Қарағанды облысындағы даму жоспары туралы да сөз қозғады. «Қазір біздің жұмыс кестемізде полиметалл кенін дамытуды көздейтін үлкен Жәйрем жобасы жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме бар. Егер де біздің директорлар кеңесі оны енгізуді мақұлдаса, салым мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асады», - деді ол.
Және де ENRC компаниясы алдына Қарғанды облысына қарасты Шұбаркөл қорындағы көмір қазу деңгейін арттыру жөніндегі міндет қойып отыр.
Батыс-Қазақстан облысындағы металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,6 есеге артты
Елжан Ералы, ҚазАқпарат
Батыс-Қазақстан облысының металлургия өнеркәсібі 2010 жылы 4 миллиард 276,1 миллион теңге, ол 2009 жылдан 1,6 есе артық өнім өндірген.
Жыл ішінде 3 миллиард 961,9 миллион тонна, 2009 жылмен салыстырғанда 31,2 пайызға көп дайын металл өнімдерін шығарған. Осы ретте, 2009 жылмен салыстырғанда 75,2 пайызға артық 3 миллиард 637,9 миллион теіге металдық емес минералды өнім шығарған. Тауарлық бетон өндірісі 47,3 пайызға, құрылыс қоспалары – 32,8 пайызға артқан.
Тоқыма өнеркәсібінде өндіріс көлемі 183,9 миллион теңгені құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 145,3 пайызға артық. 263,5 миллион теңгеге киім тігілген, ол 23,2 пайызға артық. Жұмысшылар киімі 39,2 пайыз, әйелдердің сырт киімі – 6,3 пайызға арттырылған.
Сауда және тұтынушылар тауарлары
Мәсімов қаңтар айындағы азық-түлік нарығының тұрақсыздығына алаңдаулы
Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов қаңтарда қазақстандағы азық- түлік нарығындағы тұрақсыздыққа алаңдап, ауыл шаруашылық министріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
«Өкінішке орай, жорамалдар бойынша 2011 жылы және таяудағы 2-3 жылда әлемде азық-түліктің тапшылығы байқалатын болады, сондықтан бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері төзімділікке тексерілетін болады. Ел ішкі нарықта азық-түлікпен едәуір қамтамасыз етілуі тиіс, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты болуы үшін кешенді шараларды өткізу қажет», - деп тапсырды бейсенбіде Ауыл шырашылық министрлігінің алқа отырысында премьер.
«Мен байқауымша, қаңтарда осындай проблемалер болып отыр», - деді Мәсімов. «Біз халыққа тиімді бағаларды қамтамасыз етуіміз керек – бұл мәселемен Ауыл шаруашылық министрлігі айналысуға тиіс», - деп тапсырды Кәрім Мәсімов. Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.
Транспорт және коммуникациялар
Қазақтелеком: 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалар үшін телефонның абоненттік төлемі көтеріліп, ғаламтор – төмендейді
Қазақтелеком 2011 жылдың 1-ші ақпанынан бастап, телекоммуникацияның әмбебеп қызмет көрсетуіне жаңа тарифтер енгізетін болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Жаңа тарифтер туралы бұйрық телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету тарифтерін қайта баланстаудың кезекті сатысын өткізу аясында шығарылды», - делінген компанияның арнайы сайтында таратылған хабарламада.
Бұйрыққа сәйкес, 2011 жылдың 1-ші ақпанынан бастап, қосылу жылдамдығы 256 Кбит/с кем емес ғаламтор желісіне ұжымдық жетімділікке қызмет көрсету тарифі 52,38% -ға, 4,20 теңгеден (ҚҚС –жоқ) 2 теңгеге (ҚҚС жоқ) дейін, әрбір толық/жартылай минут қосылу үшін төмендейді.
Сонымен қатар, бір негізгі/қосарлы, жергілікті телефондық қосылу қызметінің уақыттық жүйесіне ауыстырылған/ ауыстырылмаған телефондар үшін ай сайынғы абоненттік төлем тарифі көтеріледі: қалалық және ауылдық мекендерде тұратын жеке тұлға абоненттері үшін 20%, жеке тәжірибемен айналысатын нотариустар, адвокаттар мен жеке кәсіпкер абоненттер үшін – 15,81%.
Осы ретте, келесі телекоммуникациялық әмбебап қызметтер тарифтері: заңды тұлға-абоненттері үшін; барлық қолданушылар тобының қалааралық (аймақ ішілік) телефондық қосылулар; барлық қолданушылар үшін жергілікті телефондық қосылулардың уақытпен төлеу жүйесі кезіндегі телефон қызметтері үшін сақталады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Жылжымайтын мүлік
Жерлерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу бойынша заңнамалық түзетулер енгізуді жеделдету қажет – Мәсімов
Қанат Күшманов, ҚазАқпарат
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов меншік иелері мен жер пайдаланушылардан мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алу бойынша заңнамалық түзетулер енгізуді жеделдетуге жарлық берді. Аталмыш тапсыманы Үкімет басшысы жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік алқа отырысы барысында берді.
К.Мәсімов Алматы қаласының айналмалы жол құрылысы жайындағы туындаған жағдайлар туралы еске салды. Оның айтуынша, үлкен айналымды жол салу, қысқа жолмен салыстырғанда арзанға түсетін, түйткіл жай болып тұр. Осыған байланысты, Премьер-министр ведомство басшысына алдағы уақытта осындай мәселелер болмауын қатаң түрде қадағалауын тапсырды.
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
Қырғызстан: Маусымдағы оқиғаларды тексеру бойынша Ұлттық комиссияның қорытындысы жарияланды
2010 жылдың маусымында республиканың оңтүстігінде орын алған қайғылы жағдайлар бойынша зардаптар мен ұсыныстар шығару себебін жан-жақты зерттеу жөніндегі Ұлттық комиссия қорытындысы жарияланды. 2011 жылы 19 және 20 қаңтарда Ұлттық комиссия төрағасы Абдыганы Эркебаев бұл құжатты республиканың Жогорку Кенешінде (парламентте) айтып, депутаттар сұрақтар қойып, тексеру қорытындыларын талқылады.
Нәтижесінде, парламент Эркебаевтың есебін ескеріп қаулы қабылданды және Қырғызстан Президентіне комиссия қорытындысын, тиісті шешім қабылдау үшін осы құжат ұсынылады.
Ұлттық комиссия есебінің толық версиясын «Эркин-Тоо» газетінде жариялау туралы шешім қабылданды. Комиссия жұмысының материалдары осы мәселені қарастыру үшін құрылған уақытша депутаттық комиссияға тапсырылады, деп хабарлайды Фергана ХАА.
Өзбекстанмен АҚШ жаңа кеңестерге дайындалуда
Ақпан айында Ташкентте Өзбекстан мен Америка Құрама штаттары арасындағы жыл сайынғы екі жақты кеңестердің екінші кезеңі өткізіледі.
Ол туралы 19 қаңтарда Райс Университетінде (Хьюстон, Техас) АҚШ Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшының көмекшісі Роберт Блейк мәлімдеді.
Алғаш өзбек-америка жыл сайынғы кеңесі 2009 жылдың желтоқсанында Вашингтонда өтті.
Блейк түсіндірме бергендей, Орталық Азия мемлекеттерімен екі жақты кеңес механизмі әр елдің диалогың тереңдету мен кеңейту үшін АҚШ іске қосылды.
Қырғызстаннан басқа аймақтың барлық елдерімен жүргізілгшен кеңестер, сауда, ада құқы, демократиялық реформалар, қауіпсіздік облысындағы ынтымақтастық, Ауғанстандағы жағдай қоса алғанда көптеген мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Блейктің сөзіне қарағанда, ауғанстан, Қытай, Ресей және Иранмен шекаралас жатқан стратегиялық маңызды бұрылыста орналасқан. «Сондықтан АҚШ осы аймақпен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі», деп хабарлайды Газета.uz.
Бағалар мен статистика
Мұнай мен газ құны
Дата: 21 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com
Petroleum ($/bbl)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Crude Future
|
89.85
|
.26
|
.29
|
01:28
|
Dated Brent Spot
|
96.10
|
.28
|
.30
|
01:38
|
WTI Cushing Spot
|
88.86
|
-2.00
|
-2.20
|
01/20
|
Petroleum (cent/gal)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Heating Oil Future
|
262.85
|
.53
|
.20
|
01:22
|
Nymex RBOB Gasoline Future
|
242.97
|
.72
|
.30
|
01:19
|
Natural gas ($/MMBtu)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Henry Hub Future
|
4.72
|
.02
|
.43
|
01:18
|
Henry Hub Spot
|
4.57
|
.10
|
2.24
|
01/20
|
New York City Gate Spot
|
12.53
|
3.86
|
44.52
|
01/20
|
Наверх
Commodities
Дата: 21 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com
Commodity
|
Price
|
Change
|
%Change
|
Time
|
COPPER FUTURE (USd/lb.)
|
427.200
|
0.000
|
0.00
|
01:29
|
GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)
|
1345.600
|
-0.900
|
-0.07
|
01:29
|
SILVER FUTURE (USD/t oz.)
|
27.220
|
-0.253
|
-0.92
|
01:29
|
Наверх
Металл құны
Дата: 21 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com
Silver
|
27.37
|
-0.10
|
Platinum
|
1805.00
|
-4.00
|
Palladium
|
805.00
|
-5.00
|
Rhodium
|
2,380.00
|
0.00
|
Наверх
Валюталар бағамы
Дата: 21 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
1 USD
|
KZT 146.89
|
1 CHF
|
KZT 153.92
|
1 CNY
|
KZT 22.31
|
1 TRY
|
KZT 94.45
|
10 JPY
|
KZT 1.79
|
1 EUR
|
KZT 197.92
|
1 AUD
|
KZT 146.21
|
1 KGS
|
KZT 3.11
|
1 UZS
|
KZT 0.09
|
|
|
1 GBP
|
KZT 234.69
|
1 CAD
|
KZT 147.33
|
1 RUB
|
KZT 4.91
|
100 KRW
|
KZT 13.11
|
|
|
Отписаться от рассылки
Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:
newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz
Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010
|