1,2 дәріс. №6 Тақырып. Visual Foxpro ортасында деректер қорын құру. Тақырыбы



бет1/28
Дата19.07.2022
өлшемі1.48 Mb.
#459740
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

1,2 дәріс.
6 Тақырып. Visual Foxpro ортасында деректер қорын құру.
Тақырыбы: Visual Foxpoның қысқаша құрал-саймандарға тоқталу. Файлдардың стандартты кеңейтілуі Кестелер құру жолдары. Кестелермен амалдар. Кестені ашу
Жоспары: 1. Visual Foxpo ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу
2. Мәліметтердің типтері
1.Visual FoxPRO ортасымен танысу
Берілгендер қорын басқару жүйесі-бұл құрылымды ақпараттарды өңдеуге және басқаруға арналған қолданбалы ақпаратты жүйе. Visual FoxPRO жүйесінің БҚ компоненттеріне тоқталамыз.

  1. Кесте-БҚБЖ-негізгі компоненттері, әртүрлі ақпаратты жинауға арналған.

  2. Memo өрісі-еркін мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған.

  3. Клавиатура макросы-мәтіндік ақпаратпен жұмысты жылдамдатуға арналған

  4. Индексті файлдар-бұлар мәліметтерді енгізуді жылдамдатуға және бірнеше кестелер арасында байланыс орнатуға арналған.

  5. БҚ-бірнеше кестелерді индекстермен бірге біріктіруге арналған.

  6. Программалық файл-бұл құрылған қосымшаның элементтерін басқаруға арналған.

  7. Мәзір-мәліметтерді өңдеу әдісін таңдауды визуальды түрде қамтамасыз етеді.

  8. Есеп-таңдалған кестелердегі ақпаратты экранға немесе баспаға мәтіндік файл түрінде шығаруға арналған.

  9. SQL-сұраныстарын бір немесе бірнеше кестелерден алынған мәліметтерді таңдауға және графикалық түрде көруге арналған.

  10. Проект-бүкіл БҚ-ның программасын біріктіреді

  11. Кластар библиотекасы - бұл жаңа кластармен толықтырылуы мүмкін және жоспарлау кезінде үлкен өнімділік танытады.

Visual FoxPRO мәліметтерді импорттауға және экспорттауға, графикалық бағдарламалармен мәлімет алмасуға мүмкіндік береді.


VFP файлының стандартты кеңейтілуі:
.abc-БҚ-ның файлы
.dct-БҚ-ң Мemо файлы
.dcx-БҚ-ң индекстік файлдары
.dbf-кез келген кесте
.fpt-кестенің Мemо өрісінің файлы
.idx-индекстік файлдар(жалғыз индекс)
.cdx-мультииндекс(бірнеше индекстер)
.prg-программалық файлдың кеңейтілуі
.fxp-компиляцияланған файлдың кеңейтілуі
.mem-уақытша айнымалы файлдың кеңейтілуі
.qpr-sql сұраныс программасының кеңейтілуі
.qpx-sql сұраныстарының компиляцияланған программасының кеңейтілуі
.tmp-уақытша құрылған файлдың кеңейтілуі
.txt-мәтіндік файлдың кеңейтілуі
.exe-орындалатын программалық файл кеңейтілуі
.err-қателік шыққан файл кеңейтілуі
.frx/frt-есепті сипаттау файлы
.ebx/ebt-этикеткаларды сипаттайтын файл кеңейтілуі

Visual FoxPRO–да қосымша құру үшін келесі мүмкіншіліктерді пайдалануға болады.


Visual Fox PRO-да қосымша құру үшін келесі мүмкіншіліктерді береді: Кестелер конструкторы (Table Designer), БҚ(Database Designer) мәліметтер ортасы (Data Environment Designer)мәзір кластары, сұраныстар, есептер және этикеттер.FoxPro ортасын орналастыру үшін келесі талаптар орнатылуы тиіс.

  1. Процессор. Pentium

  2. RAM 32Мбит

  3. Қатты диск 250Мбит кем болмауы керек

  4. Video: 800x600

  5. Операциялық жүйе Windows 2000, ХР

Visual FoxPRO Windows ортасында жұмыс істейді және көптеген есептерді шешуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар Visual FoxPRO Windows-тың басқа да қосымшаларымен бірге мәліметтер алмасып көптерезелі режимдежұмыс істей береді. Visual FoxPRO қосымшасының ақпарат көп сақталған қатарлармен жұмыс істеу мүмкіншіліктері бар және негізгі мүмкіншіліктеріне мәліметтерді дұрыс енгізу, ақпаратты өңдеу және жоғары дәрежеде мәліметтерді қорғау жатады. Келесі графикалық форматтарды GIF, jPEG қолдайды. Ал Visual FoxPRO-да басқа программалар сияқты


Пуск_Программа_Microsoft Visual Studio_Visual Fox Pro арқылы іске қосылады. Жүйе іске қосылған соң VFP негізгі терезесі ашылады. Ол Screew атаулы жүйелік мәзірден, құрал-саймандар панелі және Command командалар енгізу терезесінен тұрады.
Стандартты жүйелік мәзір(Системное меню) F10 клавишасын басу арқылы активтеледі.
Ол келесі пункттерден тұрады: File(файл), Edit(правка), View(вид), Format(формат), Tools(сервис), Program(программа), Windows(окно), Help(справка). Бұл мәзірлерге енуді жылдам клавишалар көмегімен іске асыруға болады.
Мысалы: Alt+E клавишаны басу арқылы Edit мәзірін ашуға болады, ал Edit мәзірінің ішіндегі Find командасын Alt+Е сонан соң Alt басып тұрып F клавишасын басу керек. Сонымен қатар көп командаларды мәзірді ашпай-ақ ашуға болады.
Мысалы: Сол Find командасын Ctrl+F клавишасын басу арқылы іске қосамыз.
Мәзір командаларын 3 түрге бөлуге болады:

  1. Бір ғана атауды орындайтын командалар.

Мысалы:Edit мәзірінде Paste командасы тек қана Вставка режимі үшін қолданылады.

  1. Орындалуы үшін сұқбатты терезе fiskesy талап ететін командалар және ондай командалардың аталуынан кейін 3 нүкте болады.

Мысалы: Edit мәзірінде Find... командасы керек мәліметті іздеу үшін сұқбат терезе ашылады.

  1. Таңдалған командалар тағы бір мәзір ашады және мұндай командалар атауынан кейін стрелка түрінде көрсеткіші болады.

Мысалы: Tools мәзірінің Wizards командасы ішкі мәзірді ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет