12 карьерлерді салу мен қайта салу кезіндегі Маркшейдерлік жұмыстар
Дәріс жоспары:
Ізденіс кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар;
Жобалау кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар;
Құрылыс кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар;
Тау-кен бұрмасын (отвод) құру.
Тау-кен өнеркәсібінің-карьердің құрылысы негізгі үш жұмыс түрінен тұрады: ізденіс, жобалау мен құрылыс. Карьерді жобалау екі кезеңнен тұрады: техникалық жоба мен жұмыстық сызба.
Жобалаудың әрбір кезеңіне жұмыс құрамы, қызметі мен пайдалану дәлдігімен анықталатыны өзінің іздестіру кезеңіне сәйкес келеді.
Топографиялық-геодезиялық іздестірулер құрылыс ауданшасында пландық және биіктік торларды құру, аумақтың ірі масштабты топографиялық түсірісі, сызықтық құрылыстарды трассалау, геологиялық қазбаларының, геофизикалық барлау нүктелері мен гидрогелогиялық тұстамалардың координаталарын анықтаудан тұрады. Топографиялық-геодезиялық іздестірулер тау-кен нысандарының жобалануы үшін және басқа да іздестірулерді жүргізу үшін негіз болып табылады.
Тау-кен-техникалық және карьерлердің инженерлі-геодезиялық жобалануы келесілерден тұрады: құрылыс ауданының ірі масштабтағы қималары, жоспар мен кескін түріндегі топографиялық негізін құру; кен орнын игерудің бас жоспары: геометриялық элементтерді жер бетіне көшіру; тік және жазық жоспарлаудың есептерін шешу, аудандарды және жоспарланған тау-кен жұмыстарының көлемін есептеу.
Тау-кен өнеркәсіптерді салу кезіндегі негізгі маркшейдерлік жұмыстарына келесілер жатады:
дайындық үрдістер, жобаны зерттеу мен тірек және түсіріс торларын құру;
жоба элементтерін бөлумен бірге, жер бетіне шығару, әртүрлі түсірістерді орындау және бағыт беру;
геометриялық элементтерінің орындалған нысандарының жобаға сәйкестігін тексеру мақсатында өлшеулерді жүргізу;
тау-кен-техникалық нысандар мен карьерлерді пайдалануға тапсырған кезде қажетті графикалық құжаттаманы құрастыру.
Карьердің құрылысы үшін негізгі құжат, бекітілген жоба болып табылады. Жоба бас жоспардан, сызба жинағы мен есепті-түсіндірмелі хаттан тұрады, бұлар маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды. Жобаға қосымша ретінде қорлардың есептелуі мен құрылыс телімінде орындалған топогеодезиялық жұмыстар жайлы есебі бар геологиялық есеп жасалады. Карьердің құрылысы кезінде маркшейдер құрылыс жобасын мұқият қарастырады, әсіресе мұның графикалық бөлігін; топографиялық-геодезиялық материалдарын; геодезиялық негіздің пункттері мен реперлерінің жергілікті жерде орналасуын; жер бетінде тау-кен бұрмасының және кен алабының (рудничное поле) шекараларын орнатады; жер бетінде және карьерде өндірістік құрылыстар мен ғимараттардың геометриялық элементтерін бөледі; көліктік жолдардың трассалануын орындайды және бұрғылау-жарылыс жұмыстарын шарттайды, жер асты кәрізді (дренажды) қазбаларын жүргізу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстарының толық кешенін жасайды; траншеяларға бағыт береді; аршылған және пайдаланатын ойыстардың орналасуын бекітеді; бүйір жанында орналасқан құрылыс астында кентіректерді (целик) салуды басқарады; алынып тасталынған бос жыныс пен пайдалы қазбаның жедел есепке алуына жүйелі бақылау жасайды; маркшейдерлік түсірістер негізінде жоспарлар мен графиктер кешенін құрастырады және жүйелі түрде толтырады.
Құрылыс жобасын жер бетіне көшірер алдында, маркшейдер келесідей дайындық жұмыстарын орындайды: жобаның маркшейдерлік-геодезиялық дайындығын мұқият және анық білу; жергілікті жерде бұрыңғы жоспарлы және биіктік геодезиялық негіздермен танысу, қажет болған кезде бұларды жиілету; бөлу әдістерін таңдау; құрылыстар мен ғимараттардың басты осьтерінің тірек геодезиялық пункттеріне байланстырылуының аналитикалық тапсырмаларын орындауды, жергілікті жерде ғимараттар мен трассалардың негізгі геометриялық элементтерінің көшіру дәлдігіне алдын-ала есептеу (бұрыштық нүктелер, осьтер, сыртқы өлшемдер, жобалық еңістер), сонымен қатар берілген дәлдікті жобалық құрылыстың құрылыс нормалары мен техникалық шарттарының шекті қателіктермен салыстыру.
Бөлу жұмыстарын орындау үшін келесідей мәліметтер керек: жеке нүктелерінің координаталары, құрылыстар мен ғимараттардың дирекциондық бұрыштары мен осьтік сызықтарының бұрыштары, нүктелердің биіктік белгілері; құрылыстардың басты нүктелерінен геодезиялық тірек пункттеріне дейінгі қашықтығы мен бағыты. Жобалық сызбаларында көп мәліметтер сандық мәндер түрінде беріледі, ал кейбіреулерінде – графикалық түрде беріледі.
Тау-кен өнеркәсіптерінің құрылысы мен кен орындарын пайдалану тек жер телімі мен тау-кен бұрмасының рәсімделуінен кейін ғана басталады. Жер бұрмасының рәсімделуіне дейін кен орнын әзірлеу жобасы құрастырылады, бұл өзіне карьердің бас жоспарын енгізеді.
Карьердің бас жоспары деп жер бетінің жер бедері, тау-кен қазбалары, өндірістік құрылыстар мен ғимараттар, әзірлеулер ауданында көлік және энергетикалық торлардың және тұрғын массивінің нысандарын масштабты графикалық суреттелуін айтады. Бұл 1:5000- 1:25000 масштабында сызылады. Бас жоспардың құрамына түсіндірме хат кіреді, бұнда аудан, құрылыс ауданы, іске қосылатын кешендерінің және құрылыс кезектерінің сиапттамасы беріледі, жер жұмыстарының көлемдері орындалады, іс жүзінде бар, қайта салынатын және бұзылатын нысандардың құрамы, топграфиялық негізге ғимараттар мен құрылыстардың геодезиялық байланысы анықталынады. Бас сызбаны жасау барысында басты план егжей- тегжейлі қарастырылады. Бас планның негізгі нысанына карьерлер, шахта ұңғысы, бос және әлсіз аз жыныстар үйіндісі, байыту фабрикасы, қоймалар мен бункерлер теміржол станциялары, өндіріс алаңдары, жөндеу цехтары мен қоймалары, базистік және жарылғыш материалдардың шығын қоймалары, тұрғын жай ауылдары немесе қала т.б. жатады.
Тау үйінділері деп, онда араласып жатқан пайдалы қазбаларды өнеркәсіптік өңдеуді іске асыратын ұйымдар мен мекемелердің ұсынған недра бөлігін атайды. Таулы үйінділерді ұсыну мен рәсімдеу Госгортехнадзордың (мемлекеттік қалалық техникалық бақылау) недра бойынша бақылау жүргізетін ұйымы тарабынан пайдалы қазбаны өңдеуді жүргізуге құлықты ұйымның жобасы бойынша жүзеге асырылады.
Тау кен байыту жобасы келесi құжаттарды қажет етеді:
а) Түсіндірмелік хат яғни, кен өндіру жобасының, ашылған кен орнының геологиялық жер бедерінің сипаттамасы және құрылыс ошағы туралы мәлiмет.
б) Көршілес тау-кен орындарынан сұралатын кен орнының көрсетілген топографиялық жобалық жоспары;
в) Тау-кен байыту орындарының шекаралары көрсетілген геологиялық картасы;
г) ГКЗ (пайдалы қазба қоры бойынша мемлекеттік комиссия) хаттамасынан анықтама және жоғарғы аталған ұйымнан кен орнына алынатын мәлiмет.
Техникалық жоба құжаттамасын бекiткеннен кейiн, бiр айлық мерзiм ішінде, тау-кен кәсiпорнын қалпына келтiру және рәсімдеу жұмыстары құрылыстың басталуына дейiн бiтiрілуі керек.
Басты маркшейдерлiк жұмыстар жасалған кезде, тау-кен кәсiпорнының құрылысында жобаның геометриялық элементтерін жергілікті жерге көшірілуі және құрылыс барысында осы шарттардың орындалуын бақылайды.
Бұл жұмыстардың түрлеріне кіреді яғни: тiрек және түсiру торларын даярлау процесстері және жобаның зерттелуін жасау; әр түрлi түсiрістерді өңдеу, бағытын беру және жобаның орындалу барысындағы жергілікті жерге түсіру элементтерiнің бағыттық тапсырмасын шығару; жобадағы нысандардың геометриялық параметрлерінің нақтылығын, сәйкестiгiн тексеру мақсатымен бақылау өлшемдерiн жүргізу; тау-кен техниялық нысандарды және кен орындары пайдалануға берілгенде, графикалық түрінде құжаттама құрастырылады.
Жобаның геометриялық элементтерiн жергілікті жерге көшіру әр түрлi әдiстермен жүзеге асырылады: полярлық, бұрыштық, сызықты және жобалық полигон.
Жобалық полигонның әдiсi- созылған ғимараттардың бөлу жұмыстарын жасағанда қолданады - темiр жол, автомобиль жолы, ЭТЖ (ЛЭП электр тарату желісі) және тағы басқа. Ол трассаның бұрылу бұрыштары мен қабырғаларының ұзындықтарын жергілікті жер бетіне бiртiндеп шығарады (сурет 12.1).
Алаңдарды жоспарлау. Кен шығарылатын орындардың карьерде өнеркәсiптiк жобаларында алаңдар, (көмiр, конгломераттың кенi) дайын өнiм қоймасы, темiр жол станциясы, жол тораптарының және т.б. биiктік белгiлерi беріледі.
Алаңды пландау үшін келесі аталғандар болуы қажет:
Горизонталдарының қимасы 0,2 немесе 0,5, 1:200-1:500 масштабта бөліктің топографиялық планы болуы;
Сурет 12.1 – Жобалық аумақтын тәсілі
Берілген алаңда жатқан x, y және Р бастапқы нүкте координатасы, сондай-ақ алаңның жобаға сәйкесті контур шекарасы;
Егер алаңша эллипс немесе шеңбер бойынша еңістікпен пландалса, жобаланатын жазықтықтың немесе жер бетінің құлау бұрышы және мүжілу жуылудың дирекциондық бұрышы.
Бастапқы мәліметтер бар болған жағдайда келесі аталған дайындық және жобалық жұмыстар жүргізіледі:
Жоспарланатын жер бөлігінің планына Р бастапқы нүктені түсіреді және оған жобалық биіктік белгісін жазып қояды жобалау бұрышы бойынша Р нүктесі арқылы түзу жүргізеді (жобаланатын жазықтықтың бірінші горизонталы); жобалық жазықтықтағы горизонталдар жатысын есептейді, горизонталь жазықтық қималары 0,2-0,5м;
Пландаудың шекарасында алынған жатыс бойынша пландалатын жазықтықтың қалған горизонталдарын тұрғызады; ойынды мен үйінді арасында орналасқан пландық қисықтарды жалғастыратын нөлдік жұмыс нүктесін а, в, с, тағы басқа анықтайды;
Планды шаршы торларға бөледі, шаршы төбесіндегі нүктеде жер бедерінің іс жүзіндегі биіктігімен жобалық жазықтықтағы биіктік айырмасы арқылы ойынды тереңдігін немесе үйінді биіктігін анықтайды. Шаршы торлар планнан нақтыға көшіріліп, әрбір шаршы төбесіне ойынды тереңдігі немесе үйінді биіктігі жазылған қазықтар бекітіледі, (сурет 12.2).
Сурет 12.2- Дайындық жұмыстар сатысы
Достарыңызбен бөлісу: |