-
Номер мақаласы
-
ҚР Конституциялық Кеңесі ҚР Президентінің өкілеттігін референдумда ұзарту мәселесі бойынша Ата Заңға енгізілген өзгерту мен толықтыруды ҚР Конституциясына сәйкес емес деп таныды
-
Қазақстанда
-
Елбасы Астанада бір қатар кездесулер өткізді
-
К.Мәсімов ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жалпыхалықтық жобаларын 2 ақпанға қарй дайындауды тапсырды
-
Қысқы Азиада ойындары
-
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7-Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты
-
Қазақстан өз елінде өтетін Азиадада 23 кем емес алтын медаль жеңіп алуға ниетті
-
Мұнай-газ секторы
-
Монополияға қарсы агенттік RoxiPetroleum 40% үлесін "Галаз и Компания" ЖШС сатуға рұхсат алды
-
Біздің міндетіміз – химия өнеркәсібін сапалы шикізатпен қамтамасыз ету – АМӨЗ бас директоры
-
The Rompetrol Group франшиз сатып алу есебінен румын нарығында ЖТС санын арттыруды көздеп отыр
-
Қазақстанда мұнайдың төгілуі кезінде Каспийді тазарту жұмыстарына қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер мен талаптар бекітілді
-
Қаржы және инвестициялар
-
Қазақстан мұнай өнімдерін Қырғызстанға экспорттау тыйымын жойды
-
S&P Еуразиялық банктің рейтингтер бойынша болжамын «тұрақты»-ға дейін көтерді
-
Қазақстанда ақшалай масса 2010 жылдың қаңтар-қарашасында 14,1% - 8,546 трлн.теңгеге өсті
-
Қазақстан ШОБ үшін ХҚЕС енгізуі мүмкін
-
Тау-кен және металлургия саласы
-
"Тау-Кен Самүрық" және "Төрт-Құдык" Ешкіөлмес алтын кен орны бірлесе игеру туралы меморандумға қол қойды
-
Германия Қазақстаннан сирек кездесетін пайдалы қазбалар жеткізілуіне ынталы
-
Сауда және тұтынушылар тауарлары
-
Кеден одағының елдері Қазақстанға БЭК органдарын институтциялау жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырды – Ө.Шүкеев
-
Қазақстан ДжСҰ қатарына кіру аясында импортқа кедендік баж салығы туралы ЕО келісті
-
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
-
ЕО Қырғызстан заңдарын Конституцияға сәйкес реттеу үшін 1 млн еуродан астам бөлді
-
IWPR: Түркменстан мен Өзбекстанға экономикалық еркіндіктің ауылы алыс
-
Түркменстан басшысы ұлттық ұялы байланыс операторы қызметін жетілдіруге шақырды
-
Бағалар мен статистика
-
Мұнай мен газ құны
-
Commodities
-
Металл құны
-
Валюта бағамдары
Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz
ҚР Конституциялық Кеңесі ҚР Президентінің өкілеттігін референдумда ұзарту мәселесі бойынша Ата Заңға енгізілген өзгерту мен толықтыруды ҚР Конституциясына сәйкес емес деп таныды
Қанат Мәметқазыұлы, ҚазАқпарат
ҚР Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін референдумда ұзарту мәселесі бойынша Ата Заңға енгізілген өзгерту мен толықтыруды ҚР Конституциясына сәйкес емес деп таныды.
«Конституциялық Кеңес 2011 жылғы 14 қаңтарда Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы Заңды Конституцияға сәйкес емес деп тануды қаулы етеді», -деді И. Рогов. Бұл заңға қол қойылмайды және ол күшіне енгізілмейді. Конституциялық Кеңестің қаулысы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.
И. Роговтың түсіндіруінше, Конституциялық Кеңестің шешіміне сәйкес, Конституция республикалық референдумды халықтың өз билігін тікелей жүзеге асыруының нысаны және мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін шешудің демократиялық әдісі деп айқындайды. Демек, Тұңғыш Президенттің - Елбасының Президенттік өкілеттігін ұзарту да осындай мәселе болуы мүмкін. Заңды зерделеу барысында Конституциялық Кеңес бұл заңның Президенттің өкілеттігін ұзартуды көздейтін нормасы заңдық тұрғыдан дәл жазылмағандығын анықтады.
Заңның бірінші тармағынан ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының Президенттік өкілеттігі қай мерзімге ұзартылатындығы байқалмайды. Мұндай ұзартудың бір жолғы, әлде қайталанатыны сипатта болатыны, не болмаса Мемлекет басшысын сайлаудан толығымен бас тарту көзделетіні анық емес. Осы конституциялық норманың анық жазылмауы Конститутцияда көзделген. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың практика жүзінде үйлеспеушілігіне әкеп соқтыруы мүмкін.
«Сондықтан, ел Президентінің Парламент қабылдаған заңның конституциялығына күмән келтіруі әбден негізді болып шықты деп атап өтуге болады. Конституциялық кеңес бұл заңды Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Сондықтан бұл заңға қол қойылмайтын және оның қолданысқа енгізілмейтіндігін білдіреді. Сонымен бірге Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық кеңестің шешіміне 1 ай ішінде қарсылық білдіруге құқылы екендігін назарда ұстау керек»,-деді Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов.
Естеріңізге салайық, 2011 жылғы 17 қаңтарда ҚР Конституциялық кеңесі ҚР Президентінің ҚР Парламенті қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін өндіріске алды.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін референдумда ұзарту мүмкіндігін көздейтін бұл заң Парламент палаталарының бірлескен отырысында 14 қаңтарда қабылданған болатын. Сол күні Мемлекет басшысы заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішті Конституциялық кеңеске жолдаған. Заңның өзектілігін және қоғамдық саяси тұрғыдан маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық кеңес аталған өтінішті 17 қаңтарда өзінің отырысында қарап, іс жүргізуге қабылдаған болатын.
Конституцияға сәйкес, Конституциялық іс жүргізудің басталуы Парламент қабылдаған заңға қол қою үшін Мемлекет басшысына бөлінген 1 айлық мерзімді тоқтата тұрады. Сондай-ақ Конституциялық кеңес республика Президентінің өтінішін қарап шығып, оның мән-жайы бойынша 1 ай мерзім ішінде қорытынды шешім шығаруы тиіс.
«ҚР Конституциялық Кеңесі ҚР Президентінің Парламент қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Заңының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін қарап, бір ай мерзімі ішінде қорытынды шығаратын болады», - деп атап көрсеткен болатын 17 қаңтарда Мемлекет басшысының өтінішіне байланысты өткен ҚР Конституциялық Кеңес мүшелерінің отырысында ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Николой Белоруков.
«Конституциялық Кеңес 17 қаңтарда Елбасының өтінішін өндіріске алғаннан кейін, мемлекеттік органдардың өкілдері арасынан конституциялық іс жүргізуге қатысушылар тобын айқындау, сондай-ақ қажетті құжаттар мен өзге де материалдарды жинақтау және зерделеу жөніндегі дайындық жұмысын бастады. Бұдан бөлек, өтінішті қарауға әртүрлі кәсіп өкілдерінің кеңінен қатысуын және олардың пікірлері талдануын қамтамасыз ету мақсатында отандық және шетелдік ең білікті сарапшылар қатыстырылатын болады. Еліміздің Негізгі заңына сәйкес, Конституциялық кеңес Республика Президентінің өтінішін қарап шығып, оның мән-жайы бойынша бір ай мерзімі ішінде қорытынды шешім шағаратын болады», - деп атап көрсеткен болатын Белоруков.
ҚР Конституциялық Кеңестің 17 қаңтарда таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, Елбасы Үндеуін қарауға қабылдағаннан кейін мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатарынан конституциялық өндіріске қатысушыларды анықтау, қажетті құжаттар мен басқа да материалдарды жинау және зерделеу жөніндегі дайындық жұмыстары басталған. Бұл жұмысқа ең білікті отандық және шетелдік сарапшылар тартылған.
Қазақстанда
Елбасы Астанада бір қатар кездесулер өткізді
Елбасы Әбу-Дабидің мұрагер бекзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен кездесті, депхабарладыПрезиденттің баспасөз қызметінен.
ӘҢгімебарысында тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әл-Нахаян Азиаданың тамаша ұйымдастырылуына ризашылығын жеткізді.
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отунбаевамен кездесті.
Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері қозғалды. Соның қатарында, қырғыз тарапынан Президенттің 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған Үндеуі жоғары баға беріліп, онда айтылған Қырғызстанға Мемлекет аралық көмек бағдарламасын жасау мен қабылдауы қажеттілігіне қатысты ризашылығын білдірді.
- Н.Ә.Назарбаевпен кездесу өте өнімді болды. Біз әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді, соның ішінде, Қазақстане мен Қызрғызстан арасындағы инвестициялық қор сияқты екіжақты бизнес-жобалардың жүзеге асырылуын талқаладық, - деп атап өтті Президент Р.Отунбаева.
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық олимпиада комитетінің төрағасы Жак Роггені қабылдады, деп хабарлады Ақ ордадан.
Кездесуде екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері және Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін дамытудың жай-күйі талқыланды.
Жак Рогге Қысөы Азия ойындарының жоғары халықаралық деңгейде өткізіліп отырғанына алғысын білдірді.
- Азиада қарсаңында Қазақстанда көптеген бірегей спорт нысандары бой көтергенін айтып өткім келеді. Бұл, Азиаданың ең жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырғанын көрсетеді. Президентпен болған әңгіме барысында біз сондай-ақ 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды Қазақстанда өткізу мүмкіндігін де талқыладық, - деді Ж.Рогге журналистерге берген брифингте.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азияның Олимпиадалықкеңесінің президенті шейх Ахмад Әл-Фахадәл-Сабахпен кездесті, деп хабарлады Президенттіңбаспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ 7-Қысқы Азиялық ойындардың өткізілуін талқылады. Әл-Сабах мырза Азиаданы тамаша ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдірді.
- Қазақстан Президентін Азияның барлық спорттық ұйымдары мен қозғалыстарының атынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтадым», - деп атап көрсетті шейх Әл-Сабах журналистерге берген брифингте.
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның экс-премьері Энтони Блэрді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.
Кездесу де екіжақты өзара іс-әрекеттер мәселелері талқыланды.
К.Мәсімов ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жалпыхалықтық жобаларын 2 ақпанға қарй дайындауды тапсырды
Дамир Байманов, ҚазАқпарат
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 29 қаңтарда өткен Үкімет отырысында министрліктер мен агенттіктерге 2 ақпанға қарай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жалпыхалықтық жобасын жасау мен ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Ол, жоспар нақты тапсырмалары мен орындалу мерзімі көрсетілген толық болуы қажет деп атап өткен.
Осы ретте, байланыс және ақпарат министрлігіне екі апталық мерзім ішінде Үкіметке ҚР Президенті Нұрсұлтан Нзарабаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Мем лекет Басшысы Жолдауда тапсырған міндеттері нақты және түсінікті, оның үстіне барлық мәселелер бойынша алдын ала атқарылатын жұмыс көлемі министрлер Кабинетінде бар, деп атап өтті К.Мәсімов.
Қысқы Азиада ойындары
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7-Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7-Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.
Азиаданың ашылу салтанаты Елордадағы «Астана-Арена» спорт кешенінде өтті.
Президент өз сөзінде барша адамзаттың жартысы тұратын Азия құрлығы үшін бұл жарыс биылғы жылдың ең мәртебелі спорт мерекесі екенін атап өтті. "Қазақстан ТМД және мұсылман елдері арасында тұңғыш болып осы құрлықтық шараны өткізіп отыр",- деді Н. Назарбаев.
- Менің шақыруымды қабыл алып, байрақты бәсекенің ашылуына келген мәртебелі меймандарға ризашылық білдіремін. Азия Олимпиадалық Кеңесінің президенті Ахмад әл-Фахад әл-Сабах мырзаға және Халықаралық Олимпиада Комитетінің президенті Жак Рогге мырзаға алғыс айтамын. Олимпиадалық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың алтын арқауына айналды. Байырғы байтақ мекенде бізді Азиада рухы жақындастыра түседі деп сенемін, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Азия ойындары Астана мен Алматы қалаларында қатар өткізілетін болады. Ойындардың ұраны: «Мақсаты бірдің - рухы бір». Бүгін Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен келісімнің берекелі бесігіне баланған Астанада олимпиада алауы жағылды. Мұнда әлемдік деңгейдегі жаңа спорт нысандары бой көтерген болатын. Солардың бірі - ойындардың ашылу салтанаты өткен, 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» стадионы. Биылғы жылы қысқы Азия ойындары тарихында алғаш рет қатысушы елдердің саны жиырма жетіге жетті. Мыңға жуық спортшы спорттың 11 түрі бойынша жарыс жолына шығады.
- Спортта шекара жоқ, ол халықтарды бауырластырады. Біз жаңа ғана Азия Олимпиадалық Кеңесі туының көтеріліп, спорт саңылақтары мен төрешілердің ант беру рәсіміне куә болдық. Мен дүбірлі додада әділдік үстем болып, хас жүйріктің бәйгеден келуін тілеймін. Жанкүйерлер үшін естен кетпес қызықты шақтар мол болсын. Қазақ жеріндегі Азиаданың ізгілік алауы достықтың мәңгі жалауына айналсын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөз соңында Мемлекет басшысы 7-Қысқы Азия ойындарын салтанатты түрде ашық деп жариялады.
Азия ойындары жарыстарының жалпы бағдарламасына спорттың 11 түрі енгізілген: коньки жарысы спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей (бенди), шаңғы жарыстары, биатлон, тұғырдан шаңғымен секірулер, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғымен спорттық бағдарлау. Барлығы 69 медальдар жиыны сарапқа салынады.
Қазақстан өз елінде өтетін Азиадада 23 кем емес алтын медаль жеңіп алуға ниетті
Жалпы командалық сынақта Қазақстанның ұлттық құрамасы Азиада -2011 еі кемі 23 алтын медальді иеленуге тиіс, дкеп есептейді Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас хатшысы Елсияр Қанағатов.
«Команда алдына 23 алтын медальдан кем болмауы қажет деге міндет қойылды», - деп мәлімдеді Қанағатов, сенбіде өткен баспасөз-конференциясында. Өсы жылғы Азиадада барлығы 69 медальдер жиынағы ойнатылады.
Қазақстандық ҰОК бас хатшысы, спортта кейде ең дәл деген болжамдар іске аспай жатады деп тоқтала кетті. «Дегенмен де, мен қазақстандықтардың тау шаңғысы, шаңғылық бағыттау, хоккей, биатлон мен фристайлде жүлделік медальдерге ие болады деген сенімдемін», - деп атап өтті ол.
«Өз үйінің қабырғасы да, жанкүйерлері де қолдау көрсетеді,осы Азия ойындарында біз жемісті нәтижелерге жетеміз деген үміттеміз. Осының алдында өткен Азиадада біздің спортшыларымыз халықаралық жарыстарда жеткен жетістіктері дәлел бола алады», - деді Қанағатов.
Біраз бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан, Қытай, Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты мықтыларға қарамастан, жалпы командалық есепте жүлдегерлер үштігі қатарына егуі қажет деген болатын., деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Мұнай-газ секторы
Монополияға қарсы агенттік RoxiPetroleum 40% үлесін "Галаз и Компания" ЖШС сатуға рұхсат алды
Елена Бутырина, Панорама
RoxiPetroleum монополияға қарсы агенттігінің корей компаниясы LG InternationalCorp. сатуға мақұлдауын алды. Батыс Қазақстандағы Қоныс кен орнын өңдеп жатқан «Галаз және Компания» ЖШС (LGI) 40% үлесін $15,6 млн сатады. Сатылым Roxi еншілес компаниясы - Galaz Energy BV (GEBV) арқылы жүзеге асырылады. Ол туралы өзінің веб-сайтында RoxiPetroleum компаниясы хабарлады.
Аталмыш рұхсат – «Галаз және Компания» ЖШС үлесінің 58 пайызы GEBV, LGI – 40% және қалған 2 пайызы жергілікті серіктестерге қарайтын келісім-шартты жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар талап еткен соңғы құжат болатын. Сонымен қатар, Roxi осы кәсіпорындағы жанама үлесі GEBV қатысуы арқылы 34,22% құрайды. Компанияның хабарлауы бойынша, келісім-шарттарына сәйкес Roxi Қоныс кен орнын ары қарай дамытуға арналған LGI қаражатының 17,5 млн.долл. жетіміділігі болады.
Roxi хабарламасында, қазіргі кезде Алматыда орналасқан LGI оперативтік бақылауында сынақтық өндірістік бағдарламаның жүзеге асырылуы дайындалуда. Кен орнында тәжірибелік мұнай шығаруға дайын бес скважина бұрғыланып тұр.
Алдымен екі скважина іске қосылатын болады. Roxi Petroleum бас директоры Дэвид Уилкстің айтуынша, осы келісімнің жасалуы Қоныс кен орнын игеру аясында LGI жаңа серіктестікті білдіреді. Оны жүзеге асыру нәтижесінде түсетін қаражатты Roxi өзінің негізгі активтері – «Галаз» бен BNG ары қарай дамытуға жұмсалатын болады.
Біраз уақыт бұрын компания мұнай және газ министрлігі мен индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология мен жер қойнауын пайдалану Комитеті тарапынан Қоныс кен орнының тәжірибелік қолданылуы жобасын бекіткен болатын. Уилс мырза, оны 2011 жылдың мұнай өндіруді бастаудың «жаңа қадамдары», деп атаған.
29 желтоқсанда компания Солтүстік Елнемес 135 құрылымының барлау скаважинасын бұрғылауды бастауы туралы ақпарат берген болатын. BNGтерриториясында орналасқан скважинаның жалпы тереңдігі 2950 метрді құрайды. Бұрғылау жұмыстары шамамен 42 күнді алады деп болжануда, одан кейінгі әрекеттері туралы компания хабарлайтын болады.
Roxi Petroleum компаниясы Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанда мұнай және газ кен орындарына өңдей жұмыстарын жүргізу мақсатында 2006 жылдың қазанында құрылған. Қазіргі кезде ол Каспий маңы бассейні,Маңғышылақ және Торғай бассейндерінде орналасқан біршама жобаларға қатысады. 2009 жылдың шілдесі мен2010 жылдың науырызындаRoxiОрталық Азияда көмірсутек қорларын өңдеуге бағытталған Canamensтәуелсіз мұнай газ компаниясына «Равинное» жобасындағы 20% акциясы мен BNG 35% үлесін сатқан болатын. 2010 жылдың қазанында өзінің «Равинное» жобасындағы 30% үлесін сатты.
Біздің міндетіміз – химия өнеркәсібін сапалы шикізатпен қамтамасыз ету – АМӨЗ бас директоры
Андрей Соколов, ҚазАқпарат
Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында химия өнеркәсібін қайта қалыптастыру мен дамытудың белсенділіктері туралы айта келе, біздің алдымызға үлкен міндеттер жүктеді, деп есептейді Атырау МӨЗ бас директоры Талғат Байтазиев.
Осы жылдың басында кәсіпорында қытайдың «Сипопек» компаниясымен бірлесе отырып, хош иісті көмірсутек өндірі бойынша кешенді салу басталды. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды. Ол аяқталғаннан кейін біздің елімізде алғаш рет жылына 496 мың тонна параксилол мен 133 мың тонна бензол өндірі жолға қойылады. Алдыңғы жоспарлар бойынша, әлемдік нарықта сұранысқа ие өнім экспортқа шығарылуы тиіс.
«Химиялық өнеркәсіпті дамыту қажеттігі туралы айта келе, Президент Атырау облысындағы алғаш ықпалдастырылған газ химиялық кешеннің құрылысы туралы айтты. Бензол мен параксилолодың бір бөлігі кешен үшін соңғы шикізат қызметін атқарады, онда жылына 1 млн. 250 мың тонна полиэтилен мен полипропилен өндірілетін болады. Сондықтан да біз газхимиялық кешен жұмысы басталғанға лейін бензол мен параксилол шығаруды жолға қоюымыз қажет. Және осы міндетті орындайтын боламыз», - дейді Байтазиев.
The Rompetrol Group франшиз сатып алу есебінен румын нарығында ЖТС санын арттыруды көздеп отыр
The Rompetrol Group франшиз сатып алу есебінен румын нарығында ЖТС санын көбейтуді жоспарлап отыр. Ол туралы компанияның қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары Дмитрий Григорьев Trend агенттігіне хабарлады.
«Біз франчазингке етене еніп кеттік, алдымызға нарықтың үштен біріне шығу туралы міндет қойдық, бұл жақын арада үлесіміздің Румыния нарығында 7-8% арттыру дегенді білдіреді», - деді ол.
«Аталған міндеттемені франшиза есебінен жүзеге асыруға ниеттіміз. Бүгінгі таңда, Forbes тізіміне негізінен, жылжымайтын мүлік пен супермаркеттер секторынан инвестициялық компаниялар қатарына кіретін румындық серіктестермен іскерлік қатынастарды толығымен дамытудамыз», - деп атап көрсетті Д.Григорьев.
Ол мұндай тәсілдің Еуропада қалыптасқан жағдайлармен байланысты деп түсіндірді.
Мұнай өнімдерін сатуды ұйымдастырудың нақты жүйесі анықталған Францияда ЖТС супермаркеттер жанында қалыптастырылған. Мұндай симбиоз мқнай өнімдерін сату нарығында дамып келе жатқан тұтынушылар көзқарасынан алып қарағанда, өте қолайлы.
«Бүгінде сол дамыған нарық қатарына жататын Францияның өзінде де осыдай форма қалыптасқан: әрбір супермаркет өзінің ЖТС ие. Олар маржаға қызығушылық білдірмейтіндіктен, мұнай өнімдерін өз құнымен сатады», - деді Григорьев.
Бүгінгі таңда Rompetrol осындай симбиоз құру үшін екі келісім-шарт жасады. Ол Румынияның ішкі нарығына қатысатын үлесті едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.
The Rompetrol Group – «ҚазМұнайГаз» өңдеу маркетинг» ҰК» АҚ 100% еншілес компаниясы. Rompetrol – Румыниядағы ірі мұнай газ холдингі. Оның құрамына үш зауыт (Петромидия, Вега, Петрокемилакс), сондай-ақ Еуропа елдерінде (Румыния, Франция, Испания, Молдова, Украина, Болгария, Грузия) 1042 авто жанармайын толтыру станциялары кіреді. Компания Румынияда мұнай өнімдерін жекелей сатудың 25%, Францияда – 3,5% және Испанияда – 1,5% үлесіне ие. Rompetrol бүгінде қызмет көрсету мен трейдинг саласында Испаниядан Әзірбайжанға дейін 13 елде жұмыс істейді, Африканың солтүстігі, Латын Америкасы, Таяу Шығыста бірқатар жобалары бар, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Қазақстанда мұнайдың төгілуі кезінде Каспийді тазарту жұмыстарына қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер мен талаптар бекітілді
Үкіметтің осыған сәйкес қаулысы жұма күні ресми баспасөзде жарияланған.
«Аталмыш нормативтер мен талаптар теңізде мұнай операцияларын жүргізуде теңізді тазарту бойынша жұмыстарға қажетті материалдар мен заттарға міндетті сипатта жасалған және теңіз авкаториясына мұнайдың төгілуі салдарынан жер қойнауын пайдаланушы мен оның операциялық компаниялары оны жою мен жедел әрекет етуі мақсатында ұйымдастырылған», - делінген құжатта.
Нормативтер мұнайдың төгілуімен байланысты апаттық жағдайлар өрбулерін есепке ала отырып, үш деңгейде анықталады. Бірінші деңгей – жартымсыз төгілу (10 тонна мұнайдан аспайтын), екінші деңгей – орташа төгілу (10 тоннадан 250 тоннаға дейін), үшінші деңгей – көп мөлшерде төгәлу (250 тоннадан астам). Үшінші деңгейдегі апаттық жағдайларға скважина, жүзбелі отын резервуары мен баржа, жанармай сақтау резербуары мен тарату жүйелерінен бақылаусыз жалғасып отырған мұнайдың төгілуі жатады. Үшінші деңгейдегі мұнай төгілуін жою іле-шала отандық халықаралық қорларда орналастырылған кез-келген нүктеден алынатын материалдар мен заттарды жұмылдыру арқылы тоқтатылады.
Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде 10 тонна мұнайға дейін жоюға жеткілікті төгілуді шектеу мен салдарын тоқтату үшін қажетті әрбір теңіз құрылысы мен әрбір кемеде абсорбенттер мен материалдар орналастырылады. Үшінші деңгейдегі төгілу үшін жер қойнауын пайдаланушы отыз минуттық арақашықтық шегінде орналастырылған және бір жолғы жоюда 30 мың тонна мұнайдың төгілуіне жеткілікті материалдар мен заттардың әр түріне ие болуға міндетті.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Қаржы және инвестициялар
Қазақстан мұнай өнімдерін Қырғызстанға экспорттау тыйымын жойды
Қазақстаннан Қырғызстанға мұнай өнімдері экспортына салынған тыйымды жояды.ү Мұндай келісім 30 қаңтарда екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Роза Отунбаеваның Астанада кездесуі барысында жасалды.
ҚР президентінің баспасөз қызметтері хабарлағандай, кездесуде, сонымен қатар, соңғы үш жылда жұмыс істеп келе жатқан Қырғызстаннан ет-сүт өнімдері экспортына да тыйым салуды жою туралы мәселелер талқыланды.
Тағы да бір мәселе Қырғызстаннан Қазақстанға электр энергиясын жеткізу турасында жүргізілді. «Назарбаев ҚР Үкіметіне электр энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мен көршілерді қысқы жылыту кезеңінде 20 млн. доллар алдын ала төлем ретінде қолдау көрсету туралы нақты тапсырмалар берді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Президент Роза Отунбаева Қырғызстандағы тартымды экономикалық жобаларды дамыту мен қолдау үшін 100 млн. доллар көлеміндегі қазақ-қырғыз инвестициялық қорын іске қосу бойынша жұмыстарды қайта жандандыру қажеттілігіне көңіл аударды. Осы қорды құрудың инициаторы Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз президентінің көзқарасын қолдап, инвестицялық қорды құру бойынша үдерістерді жеделдету қажеттігіне тоқталып өтті.
Мемлекет басшылары кездесуі барысында екі жақты ынтымақтастық туралы ауқымды мәселелерді талқылап, жақын арада өзара мүдделерді көрсететін нақты жобалармен толықтыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді, деп хабарлайды CA-News.
S&P Еуразиялық банктің рейтингтер бойынша болжамын «тұрақты»-ға дейін көтерді
Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі қазақстандық «Еуразиялық банк» АҚ рейтингтер бойынша болжамын «Негативті»-ден «Тұрақты»-ға дейін қайта қарады, хабарлайды агенттік.
Конртагенттің ұзақ және қысқа мерзімді несие рейтингі «В/В» деңгейінде бекітілген. Ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzBB» дан «kzBB+» дейін көтерілген. Рейтингтерді қайта қарау Қазақстан Республикасында экономиканың қайта қалыптасуымен (шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша рейтингтер: BBB/Тұрақты/A-3; ұлттыө валютадағы міндеттемелер бойынша рейтинг: BBB+/Тұрақты/A-2; ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzAAA), сонымен қатар, елдегі операциялық ортаның тұрақтануымен байланысты.
«Еуразиялық банк» өз алдына коммерциялық банк болып табылады. 2010 жылдың 30 қыркүйегі жағдайында оның активтері 336 миллиард теңге (шамамен 2,2 миллиард доллар), ол қазақстандық банк секторларының жиынтық активтерінің 2,9% сәйкес келетін мөлшерді құраған. Банктің негізгі меншік иелері – Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев сияқты қазақстандық үш бизнесмендер болып табылады, оларға Лондон қор биржасында листингісі бар Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ВВ+/Тұрақты/В)компаниясының 44% акциясы тиесілі.
«Банктің акционерлерлерінің іскерлік байланыстарын пайдалану мүмкіншіліктеріне қарамастан, оның рейтинг деңгейі біздің несиеге қабілеттілігін білдіретін жеке бағалауымызға ие, бұл банкке орталық тобы немесе мемлекет тарапынан ешбір «қосымша» қолдаусыз көрсетілген, біздің көзқарасымыз бойынша, ол анық емес», - делінген S&P хабарламасында.
«Біздің көзқарасымыз бойынша, банктің әлсіз капиталидануы рейтингтік кері факторлардың бірі болып қалуда. 2009 жылдың аяғында қауіптердің түзетілуін ескере отырып(risk-adjusted capital — RAC), біздің баға беріміз бойынша, шоғырланған қауіптерді түзетудің 3,8% дейін және осы түзетулерді ескере отырып 2,9% дейін қаралған және Standard & Poor’s рейтингтерінің (дефольтқа үшыраған банктерді есепке алмағанда) қазақстандық банктердің арасында ең төменгісі болды», - делінген пресс-релизде.
S&P пікіріне қарағанда, банк төлемпаздықтың жеткілікті көрсеткіштеріне ие: 2010 жылдың қараша айының аяғында төлемпаздық активтер үлесі шамамен 30% құраған, бірақ агенттік, банк активтерінің табыстылығын арттыруға тырысуына байланысты, төмендейді деп күтуде. Осы ретте несиелердің депозиттерге қатынасы (2010 жылдың 30 қыркүйегінде) 87,9% - бұл Standard & Poor’sрейтингтерін иеленетін қазақстандық банктердің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Банктің халықаралық қарыздары жоқ деуге де болады.
«Тұрақты» болжамы, экономикалық өсу перспективаларының жақсаруы мен операциялық ортаның тұрақты болуы арқасында, банктің несиеге қабілеттілігі жағымсыз жағдайларға қарамастан, барынша тұрақты болады деп ойлаймыз. Біз бақыланған тенденциялардың жалғасуы арқасында капитализация көрсеткіштерінің жақсаруын күтеміз: капиталдың ішкі генерацияға қабілеттілігінің жоғарылауы, акционерлер тарапынан капитал құю мен активтер сапасының жақсаруы», - деді сарапшы.
Егер активтер сапасы мен капиталдандыру төмендеп немесе қорлау деңгейі жеткіліксіз болатын болса, Еуразиялық банктің рейтингі төмендейді. Рейтингтерді көтеруге қажетті шарттары –ол капиталдандырудың басымдылығы, RAC көрсеткіштерін 7% асатындай деігейге дейін жеткізу, құқнсыздану белгілері бар несиелер көлемін ары қарай қысқарту, табыстылықты барынша көтеру мен төлемпаздықт ы жеткілікті қолдау, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Қазақстанда ақшалай масса 2010 жылдың қаңтар-қарашасында 14,1% - 8,546 трлн.теңгеге өсті
2010 жылдың қаңтар-қараша айларында ақшалай масса 14,1% - 8,546 триллион теңгеге өскен, Ұлттық банк хабарлайды.
Желтоқсанда осы көрсеткіш 0,2% артты.
Ұлттық банктің жариялаған ақпаратында ақшалай масса (қордағы ақшалар) осы кезең ішінде 5% - 2,573 триллион теңгеге дейін көтерілген. Желтоқсан айында ақша қорының көлемі 8,4% арттырылды.
Осыған байланысты, 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ақша базасының шағын мәнінде 9,3% - 2,144 триллион теңге дейін өсті, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Қазақстан ШОБ үшін ХҚЕС енгізуі мүмкін
Қазақстан Республикасы өз ішінде шағын және орта кәсіпорындары үшін халықаралық қаржылық есеп стандарттарын енгізуі ықтитмал. Жақында Дүниежүзілік Банк пен ХҚЕС Қорының (IFRS Foundation) өкілдерін Астанада өткен ХҚЕС ШОК үшін енгузу және оның салдарына арналған халықаралық семинарға шақырылды.
Осы шараға 50 шақты қатысушы жэиналды: Қаржы министрлігінің өкілдері, мемлекеттік мүлік жөніндегі комиссия, қаржылық бақылау органдарының мүшелері, салықтық құрылымдар және басқа да өкілдер. Шетелден келгендер арасында – ХҚЕС Қорының білім беру бағдарламасының директоры Майкл Веллс және Еуропадағы Дүниежүзілік Банк өкілі мен Орталық Азия Банкінің өкілі Андрей Бусуйок қатысты.
Қазіргі кезде Қазақстан үкіметі Дүниежүзілік Банкпен бірлескен экономикалық зерттеулер Бағдарламасы (БЭЗБ) бойынша ынтымақтастық жүргізуде. Осы аталған шара оның бір бөлігі болып табылады. Үкімет жоспарларына келетін болсақ, бүгінгі таңда, жариялы есептілігі жоқ компаниялар үшін Қазақстанның ұлттық стандарттары орнына «IFRSs for SMEs» енгізу туралы ойластыруда.
Семинар аяқталғаннан кейін Майкл Веллс: «әлемнің жетпіс елі ШОК үшін ХҚЕС ензілілген немесе алдағы бірнеше жылдарда оған өтуді жоспарлап отыр. Мен оны енгізетін Орталық Азиядағы алғашқылардың бірі Қазақстан болады деп үміттенемін»,- деді ол. Uchet.kz. материалдары бойынша GAAP.ru хабарлайды.
Тау-кен және металлургия саласы
"Тау-Кен Самүрық" және "Төрт-Құдык" Ешкіөлмес алтын кен орны бірлесе игеру туралы меморандумға қол қойды
Елена Бутырина, "Панорама"
«Тау-Кен-Самұрық» ұлттық тауруда компаниясы мен «Төрт-Құдық» тау-байыту комтбинаты» АҚ Ешкіөлмес алтын кен орнын бірлесе игеруді қарастыратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. «тау-Кен-Самұрық» Панорамаға хабарлағандай, 2011 жылдың 26 қаңтарында құжатқа қол қойылып, екі жақтың барлау, өндіру, өңдей мен алтын мен мыс сату бойынша бірлескен қызметтер мүмкіндіктерін қарастыру белгіленген.
Ынтымақтастық механизмі, қаржыландыру тәсілдері, үлестерді бөлісу мәселелері қазіргі кезде талқыланып, жеке мәміледе анықталатын болады. «Аталмыш кен орнын өңдеу, алдағы уақытта басқа да нысандарды иегурдің алғашқы қадамы болып саналады, өйткені, Ешкіөлмес мемлекеттік баланс есебіндегі нақты қор көлемі бар кіші-гірім кен орны болып саналады», - деп атап өтті «Тау-Кен-СМамұрық» АҚ.
Қазақстан қор биржасында көрсетілген «Төрт-Құдық» тау-байыту комбинаты» АҚ ақпараттары бойынша, 2010 жылы ол байыту фабрикасын қайта құру бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы аяқталған. Онда, нәтижесінде құрамында 98% дейін металл бар лигатурлық алтын алу өнімі «ұлпадағы көмір» инновациялық технология орнатылған. Осы жоба 2007-2010 жылдары жасалған, 1,029 млрд теңге инвестиция жұмсалған. Жаңа технология бұрын келешексіз және тиімсіз саналған жақын арада орналасқан кен орны мен аймақтың рудалық көріністерін өңдеуге мүмкіндік береді, делінген хабарламада.
Комбинатта, 2011 жылы жаңа технологиялық желілердің қосылуы, жылына 500 мың тонна руда, тауарлық мәндегі 1 тонна алтын және 10 тонна күміс, сондай-ақ 100 млн теңге таха кіріс алатын өндірістік қуатқа ие болады. Биржаның мәліметтеріне сай, «Төрт-Құдық» тау-байыту комбинатының» 14,38% акциясы Болатбек Оспановқа, 84,41% Әмірхан Лияновқа тиесілі.
Германия Қазақстаннан сирек кездесетін пайдалы қазбалар жеткізілуіне ынталы
Германия Қазақстанмен өз кәсіпорындарына сирек кезедесетін пайдалы қазбалар жеткізуі туралы келіссөздер жүргізуде. Ол туралы РосБизнесКонсалтинг немістің үкіметтік және іскерлік топтарының жасырын дереккөздері ақпараттарына сүйенген Reuters агенттігінің сілтемесінде хабарлайды.
«Келіссөздер алғашқы сатыларында жүргізіліп жатыр. Неміс өнеркәсіпшілерінің Федеральдық одағы қазақстан тарапынан алдын ала келісімден жасау мүмкіншіліктерін қарастыруда», - деп атап көрсетеді агенттік дереккөздері. Сонымен қатар, немістер жағы Қазақстанның табиғи қорларына қол жеткізуге де ынталы, ал қазақстан жағы – пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге мүмкіндік беретін технологиялар алуға қызығушылық танытып отыр.
РБК атап көрсеткендей, Қазақстан, Қытаймен қатар, сирек кездесетін: уран, мырыш, хром, алтын, мыс, молибден және темір табиғи қорлар ие. Сонымен қатар, мемлекет табиғи газ бен мұнайға да бай, деп хабарлайды Казахстанская правда.
Сауда және тұтынушылар тауарлары
Кеден одағының елдері Қазақстанға БЭК органдарын институтциялау жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырды – Ө.Шүкеев
Дамир Байманов, ҚазАқпарат
Кеше Мәскеуде Кеден одағының комиссиясы отырысында Қазақстанға бір айдың ішінде Біртұтас экономикалық кеңістік органдарын институтциялау жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырды, деп хабарлады бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев ҚР Үкіметінің отырысында.
«Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан Кеден одағының комиссиясы, тек тауарлар саудасы мәселелерімен айналысуы қажет. Қызметтер, капитал, еңбек – бұлардың барлығы БЭК тиесілі. Сондықтан да, ішінде Кеден одағының комиссиясы директорат ретінде отыратын Еуропалық одақ Комиссиясына ұқсас бір механизмді ұсыну қажет», - деп атап өтті Шүкеев.
Осыған байланысты, вице-премьер атап көрсеткендей, ЕурАзЭк өзініңбарлық құрылымдарын оңтайландыру қажет.
Өз кезегінде, ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, бірінші орынбасарына жұмыс тобын құруды тапсырып, жасалған ұсыныстар Үкіметтің қарауына шығаруды тапсырды.
Қазақстан ДжСҰ қатарына кіру аясында импортқа кедендік баж салығы туралы ЕО келісті
Қазақстан Дүниежүзілік сауда Ұйымына (ДжСҰ) кіру аясында тауарлар импортына кедендік баж салығы жөнінде Еуропалық Одақпен екі жақты келіссөздерді аяқтады, деп хабарлайды экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметтері.
«Келіссөздер қорытындылары бойынша екі жақ тауарлар импортына кедендік баж салығы деңгейі бойынша екі жақты келіссөздердің аяқталуы туралы құжатқа қол қойды», - делінген жарияланған хабарламада.
Сонымен қатар, қаржылық қызмет көрсету нарығына жетімділік шарттары мен Қазақстанның экспорттық кедендік баж салығын қолдану мәселелері талқыланды.
Қазақстан ДжСҰ қатарына кіруге 1993 жылдан бері қарай ниет білдіріп келеді, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
ЕО Қырғызстан заңдарын Конституцияға сәйкес реттеу үшін 1 млн еуродан астам бөлді
Еуропалық одақ 2011-2012 жылдарға арнап заңнамаларды Конституцияға сәйкес ретке келтіру үшін 1 млн еуродан астам қаражат бөлді, деп хабарлады ҚР Еуропалық одақтың елшісі Шанталь Эбберехт 31 қаңтарда өткен сот жүйелерінің заң жобалары бойынша дөңгелек үстел кезінде.
Елші ЕО қолдауы республикадағы тұрақтылыққа тиісті әсерін тигізетініне үміт артты. Бұл грант БҰҰ парламентпен, Юстиция министрлігі, Есеп палатасы мен азаматтық қоғамдастықпен бірлескен ынтымақтастық бағдарламасымен жүзеге асырылатын болады.
Ш.Эбберехт, Қырғызстан демократияға талпыныс жасап келе жатқан аймақтағы бірегей мемлекет деп атады. ЕО қолждау көрсетуді жалғастыратын болады, деп хабарлады CA-News.
IWPR: Түркменстан мен Өзбекстанға экономикалық еркіндіктің ауылы алыс
Heritage Foundation америкалық зерттеу институтының версиясы бойынша, Түркменстан мен Өзбекстан экономикалық еркіндік рейтингісінде төменгі позицияны иеленді.
News Briefing Central Asia – Орталық Азия Жаңалықтар Мәліметі (NBCA), 2011 жылдың 29 қаңтары
Осы жылдың басында жарияланған рейтинг бизнесті ашу мен жүргізу шарттары, сыртық сауда үшін елдің ашықтығы, бизнеске жалпы салық салу, инвестиция үшін қолайлы жағдайлар, сондай-ақ коррупция деігейі мен меншіктік құқ қорғау мен еңбек нарығын дамыту сияқты мөлшерлемелердің 10 тобы бойынша анықталды. Жергілікті тілшілердіңғ көзқарасы бойынша, бұл елдерде жақын арада жағдайын жақсарту мүмкіндіктері байқалмайды.
Ашхабат шолушысының сөзіне қарағанда, экономикалық еркіндік алғышарттары пайда болуыүшін, заңнамалық актілерден бастап демократиялық механизмдерді енгізу мен адамдардың ашық қоғамда өмір сүруге деген сұранысын тәрбилеуге дейін «тым көп өзгеріс» қажет.
Ол Түркменстанда бизнес жүргізудің қиындықтары туралы бірнеше мысалдар келтіре отырып, кжемқорлықтың жоғары деңгейі мен меншіктік қорғалмауды көрсеткен. «Егер кіші-гірім кәсіпкер жасырын белгіленген нормадан артық айына 5000 доллар табыс алатын болса, ол арнайы қызметтер назары аймағына ілігеді де, бизнесті жауып тастайды, - дейді сұхбатшы. Пара бермейінше рұхсат алу мүмкін емес, заңды тұлғаларды тіркеудіңөте күрделі ережелері бар – түрлі орындардың есігін қағып, ақырында, тіпті ашылмай ұалу ғажап емес».
Еркіндік бермеудің тағы бір факторы ретінде визалық режим мен кедендік алым-салымның жоғарылығы, Түркменстандағы кәсіпкерлердің барлық талпыныстарын түбірімен жойып тастайды. Бұл мақала National Endowment for Democracy қаржыландыратын «Орталық Азия Жаңалықтар Мәліметі» жобасы аясында дайындалған.
Түркменстан басшысы ұлттық ұялы байланыс операторы қызметін жетілдіруге шақырды
Туркмения Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов үкіметтік отырыста елдің тұрғындарын заманауи ұялы телефон байланысымен сапалы қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігі атап өтті, деп хабарлайды REGNUM АА.
Түркмен көшбасшысы ұлттық ұялы байланыс операторы « Алтын асыр» қызметін ары қарай жетілдіру қажеттілігіне тоқталды.
«Осы мәселені шешуде ерекше мән тек алдыңғы қатарлы технологиялар мен жабдықтар енгізуге мен қатар, жаңа технологияларды игеріп, осы жабдықтармен жұмыс істей алатын арнайы мамандарды дер кезінде даярлауға да ерекше көңіл бөлінуі қажет, осы аспектілер өте маңызды және міндетті», - деп атады Түркменстан басшысы.
REGNUM АА бұрын хабарлағандай, «Алтын асыр» Түркменстан компаниясы өткен жылдың желтоқсанынан бастап, елдегі жалғыз ғана ұялы байланыс операторы болып табылады. Түркменстан байланыс министрі 2010 жылдың 212 желтоқсанынан бастап «МТС Түркменстан» байланыс саласындағы лицензиясын тоқтатқан болатын. Ол ресейдің «Мобильный ТелеСистемы" ААҚ (МТС) компаниясының 100 пайызды еншілесі болған. МТС абоненттік базасы 2 млн.419 мың адамды құраған. Кейіннен ресейлік компания Түркменстан байланыс Министрлігі тарапынан келісімді бұзу тарлы Халықаралық төрелік сотына арыз беріп, сонымен қатар Түркменстанның төрелік сотына МТС жергілікті еншілесінің рұхсатының тоқтатылуы туралы шағымданған болатын.
Ашхабад 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық станциялар мен антенна-мачталық құрылыстар орналастырылатын алаңдарды жалға беру, сандық порттар мен толқындарды жалға беру келісімдерінің жұмысын тоқтатқан. Түркменстан өкіметі жабдықты 2010 жылдың соңына дейін жинауды талап еткен. Өткен аптада Ашхабад Түркменстанның байланыс министрлігінің айтуы бойынша, МТС компаниясымен қандай да болмасын халықаралық төрелік және сот инстанциялары деңгейінде соттасуға әзір екендігі жариялады.
Түркменстан министрінің сөзіне қарағанда, МТС Түркменстан аумағында қызмет етуі өткен жылдың желтоқсанында мерзімі аяқталған 5 жыл бұрын жасалған келісімге сәйкес реттеліп келген, деп хабарлайды REGNUM АА.
Бағалар мен статистика
Мұнай мен газ құны
Дата: 31 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com
Petroleum ($/bbl)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Crude Future
|
89.55
|
.21
|
.24
|
01:23
|
Dated Brent Spot
|
98.75
|
.20
|
.20
|
01:23
|
WTI Cushing Spot
|
89.34
|
3.70
|
4.32
|
01/28
|
Petroleum (cent/gal)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Heating Oil Future
|
270.09
|
1.07
|
.40
|
01:01
|
Nymex RBOB Gasoline Future
|
246.75
|
1.07
|
.44
|
22:40
|
Natural gas ($/MMBtu)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Henry Hub Future
|
4.34
|
.02
|
.42
|
01:22
|
Henry Hub Spot
|
4.29
|
-.11
|
-2.50
|
01/28
|
New York City Gate Spot
|
9.40
|
.38
|
4.21
|
01/28
|
Commodities
Дата: 31 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com
Commodity
|
Price
|
Change
|
%Change
|
Time
|
COPPER FUTURE (USd/lb.)
|
440.800
|
3.500
|
0.80
|
01:38
|
GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)
|
1336.900
|
-4.800
|
-0.36
|
01:38
|
SILVER FUTURE (USD/t oz.)
|
27.930
|
0.011
|
0.04
|
01:38
|
Металл құны
Дата: 31 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com
Silver
|
27.97
|
-0.04
|
Platinum
|
1792.00
|
-1.00
|
Palladium
|
813.00
|
-1.00
|
Rhodium
|
2,430.00
|
0.00
|
Валюталар бағамы
Дата: 31 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
1 USD
|
KZT 146.83
|
1 CHF
|
KZT 155.11
|
1 CNY
|
KZT 22.31
|
1 TRY
|
KZT 92.61
|
10 JPY
|
KZT 1.78
|
1 EUR
|
KZT 201.20
|
1 AUD
|
KZT 145.57
|
1 KGS
|
KZT 3.10
|
1 UZS
|
KZT 0.09
|
|
|
1 GBP
|
KZT 233.14
|
1 CAD
|
KZT 147.48
|
1 RUB
|
KZT 4.95
|
100 KRW
|
KZT 13.19
|
|
|
Отписаться от рассылки
Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:
newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz
Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010
|