«Бюджет процесіне қатысушылармен жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын бақылаудың, сондай-ақ Шахтинск қаласының аумағын дамыту Бағдарламасының іске асырылуын бағалаудың қорытындылары туралы»



Дата26.06.2016
өлшемі223.73 Kb.
#159405



«Бюджет процесіне қатысушылармен жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын бақылаудың, сондай-ақ Шахтинск қаласының аумағын дамыту Бағдарламасының іске асырылуын бағалаудың қорытындылары туралы»
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2010 жылғы қараша – 2014 жылғы қыркүйек кезеңінде бюджет процесіне қатысушылармен жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын бақылаудың, сондай-ақ Шахтинск қаласының аумағын дамыту Бағдарламасының іске асырылуын бағалаудың қорытындыларын қарастырып, бақылаумен 140 рәсімдік бұзушылықтардың, жалпы сомасы 769 368,7 мың теңгеге бюджет заңнамасы бұзушылықтарының орнатылғанын белгілейді. Бұдан басқа 5 974,0 мың теңге көлемде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 132,7 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталмауы, 2 479 798,0 мың теңгеге өзге де бұзушылықтар анықталған, оның ішінде объектілер бойынша:

  1. «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі -177 203,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 75 993,2 мың теңгеге бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары орнатылған. Бұдан басқа: 5 683,0 мың теңгеге қаражатты тиімсіз пайдалану, 111,1 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдерін орындау тәртібінің бұзушылықтары және 21 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталған.

Барлығы бақылауға алынған кезеңде бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен көзделген мақсаттардың 46,2% бұзушылықпен пайдаланылған. Бақылаудың қорытындылары бойынша: өтелуге 766,7 мың теңге жатады - бақылау барысында 562,4 мың теңге өтелген, қалпына келтірілуге 4 198,8 мың теңге – бақылау барысында толық көлемде қалпына келтірілген. Тексеру комиссиясының отырысы өткенге дейін 204,3 мың теңге өтелген.

  1. «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 76 687,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 10 169,9 мың теңгеге (көлемнен 17%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 10 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған. Бұдан басқа 2 479 798,0 мың теңгеге өзге де бұзушылықтар орнатылған.

Бақылаудың қорытындылары бойынша: өтелуге – 58,1 мың теңге және қалпына келтірілуге – 366,8 мың теңге жатады, олар бақылау барысында толық мөлшерде өтелген және қалпына келтірілген.

  1. «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі - 82 025,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 1 107,8 мың теңгеге (тексерілген қаражат көлемінің 1,3%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 11 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Бақылаудың қорытындылары бойынша қалпына келтірілуге 962,7 мың теңге, өтелуге 145,1 мың теңге жатады. Тексеру комиссиясының отырысы өткенге дейін толық көлемде қалпына келтірілген және өтелген.

  1. «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі - 197394,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 1 260,9 мың теңгеге (0,6%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 16 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Өтелуге 21,3 мың теңге жатады, олар бақылау барысында өтелген.

  1. «Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі - 99 936,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 51 551,5 мың теңгеге (51,6%) ақшаны пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Өтелуге 19,7 мың теңге жатады, олар бақылау барысында өтелген.

  1. «Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі - 89 828,5 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 52 830,9 мың теңгеге (58,8%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының қаржылық бұзушылықтары және 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Қалпына келтірілуге 51 940,8 мың теңге, өтелуге 138,1 мың теңге жатады. Бақылау барысында толық көлемде қалпына келтірілген және өтелген.

  1. «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 312 044,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 8824,1 мың теңгеге бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары орнатылған. Бұдан басқа 291,0 мың теңгеге қаражатты тиімсіз пайдалану, 21,6 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдерін орындау тәртібінің бұзушылықтары және 7 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталған.

Барлығы бақылауға алынған кезеңде бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен көзделген мақсаттардың 2,9% бұзушылықпен пайдаланылған. Бақылаудың қорытындылары бойынша өтелуге 34,4 мың теңге жатады.

Бақылау барысында толық көлемде өтелген.



  1. «Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 213 466,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 215,8 мың теңгеге (0,1%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Қалпына келтірілуге 57,9 мың теңге жатады. Бақылау барысында толық көлемде қалпына келтірілген.

  1. «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 3 261 829,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 59 734,0 мың теңгеге (көлемнен 1,8%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Бақылаудың қорытындылары бойынша өтелуге 1396,2 мың теңге және қалпына келтірілуге 898,0 мың теңге жатады. Бақылау барысында 366,3 мың теңге өтелген және 898,0 мың теңге қалпына келтірілген.

Өтелуге қалдық 1 029,9 мың теңге.



  1. «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 3 395 849,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 136 000,0 мың теңгеге (4,0%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Қалпына келтірілуге 136 000,0 мың теңге жатады.

Бақылау барысында қаражат толық көлемде қалпына келтірілген.



  1. «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 1 109 368,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 350 333,9 мың теңгеге (31,6%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Қалпына келтірілуге 350 333,9 мың теңге, өтелуге 8,4 мың теңге жатады.

Бақылау барысында 19 540,0 қалпына келтірілген, 8,4 мың теңге өтелген.

Қалпына келтірілуге қалдық 330 785,5 мың теңге.


  1. «Шахтинск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 32 892,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 4 814,5 мың теңгеге (14,6%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Қалпына келтірілуге 249,3 мың теңге, өтелуге 1,2 мың теңге жатады.

Бақылау барысында қаражат толық көлемде қалпына келтірілген және өтелген.



  1. «Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 65 809,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 2 410,0 мың теңгеге (3,7%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 13 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Қалпына келтірілуге 18,3 мың теңге, өтелуге 235,4 мың теңге жатады.

Бақылау барысында қаражат толық көлемде қалпына келтірілген және өтелген.



  1. «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі -110 457,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 7 216,7 мың теңгеге (6,5%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 22 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Қалпына келтірілуге 373,3 мың теңге жатады. Бақылау барысында қаражат толық мөлшерде қалпына келтірілген.

  1. «Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 45 280,0 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 36,0 мың теңгеге (0,08%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған. Өтелуге 36,0 мың теңге жатады. Бақылау барысында қаражат толық мөлшерде қалпына келтірілген.

  2. «Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - 21 680 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылған. 7 359,1 мың теңгеге (көлемнен 33,9%) бюджет ақшасын пайдалану бөлігінде бюджет заңнамасының бұзушылықтары және 5 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылған.

Бақылаудың қорытындылары бойынша өтелуге 318,4 мың теңге және қалпына келтірілуге 126,0 мың теңге жатады. Бақылау барысында 25,0 мың теңге өтелген, 126,0 мың теңге қалпына келтірілген. Тексеру комиссиясының отырысы өткенге дейін 293,4 мың теңге өтелген.

  1. «Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылық орнатылды.

2012 және 2013 жылдардағы Шахтинск қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасының іске асырылуын бағалауды бақылаумен орнатылды:

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі - ӘЭДБ) бақылауға алынған кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығына сәйкес бес жылдық кезеңге (жыл сайын жылжымалы негізде) әзірленген.

ӘЭДБ-ның негізінде жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бес жылдық кезеңге аумақтың даму бағдарламасы (бұдан әрі – АДБ), стратегиялық жоспарлар, үш жылдық кезеңге қалалық бюджеттің көлемдері әзірленген.

АДБ-ның ӘЭДБ-мен өзара байланысы және сәйкестікке бақылаумен орнатылды:

2012 жылға АДБ-ның 39 нысаналы индикатордың ішінен 6 (немесе 15,4%) индикатор ӘЭДБ-ның индикаторларына сай келеді, 33 индикатор - жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесімен айқындалған (Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі №132 Бұйрығымен бекітілген) және қосымша қосылған;

2013 жылға – тиісінше ӘЖДБ-мен өзара байланысты 7 индикатор (17,9%) және жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесімен айқындалған 32 индикатор.

Олардың жалпы санынан 20%-дан аспайтын нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің белгіленген лимиті жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай көрсеткіштер тізбесіне қосу үшін сақталған.

Сонымен бірге уәкілетті органмен - облыстың экономика және қаржы басқармасымен облыс өңірлері, сондай-ақ Шахтинск қаласы дамуының ерекшелігін ескеретін жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай көрсеткіштер тізбесі әзірленбеген.

АДБ-ны әзірлеудің кезінде жоспарлау жөніндегі органмен Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларын бұзуда жалпы республика деңгейінде нәтижеге қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын бірыңғай тізбенің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері дұрыс қосылмаған, олардың орындалуы жергілікті (қалалық) деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің қызметінен тікелей тәуелді емес.

Олар бойынша статистикалық деректердің жоқтығына байланысты жоспардың деңгейінде іс жүзіндегі деректер қойылған көрсеткіштер бар.

Кейбір нысаналы индикаторлар мен міндеттер бойынша міндеттерге қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын, олардың негізінде бағдарламаның іске асырылуын бағалау мүмкін болатын, саны жағынан өлшенетін нәтижелер көрсеткіштері жоқ.

Жаңғырту және бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту негізінде өнеркәсіптегі құрылымдық жылжулар, экономиканың сапалы және тұрақты өсімі бойынша өңірдегі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерін шығарудың, еңбек өнімділігінің көрсеткіштері орындалмаған, баламалы энергия көздерінің үлесі жылдар бойынша даму Бағдарламасында белгіленген параметрлерден төмен.

Тұрақты әлеуметтік-демографиялық даму мақсатында халықтың денсаулығын нығайту бөлігінде өмір сүру ұзақтығы, азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштер мен индикаторлар орындалмаған.

Құрылыс жұмыстарының жоспарланған көлемдері, тұрғын үйді пайдалануға беру қамтамасыз етілмеген.

Жекелеген нысаналы индикаторлар мен міндеттер бойынша жоспарлы кезеңнің соңына түйінді өзгерістерді айқындауға мүмкіндік бермейтін нәтиже көрсеткіштері қарастырылған. Нәтижесінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы жағына өзгерістер байқалмауда.

Осылай, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу деңгейінің өлшенбейтін көрсеткіші (шамасы) болып табылатын 2012 жылға бес бағыт бойынша 5 нысаналы индикатор және 19 нәтиже көрсеткіші, 2013 жылға үш бағыт бойынша 6 нысаналы индикатор және бес бағыт бойынша 21 нәтиже көрсеткіші айқындалған. Мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізуді растайтын статистикалық деректер немесе қайсыбір есеп-қисаптық әдістер жоқ.

Жедел есептілікте:

1 бағыт бойынша «Агроөнеркәсіптік кешенде еңбек өнімділігінің өсуі» көрсеткіші қосылған. Даму Бағдарламасында – орындаушы көрсетілмеген (орындаушы – ауыл шаруашылығы бөлімі);

2 бағыт бойынша «Жұмысқа орналасқан түлектердің саны», «Тартылатын жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлесі» көрсеткіштері қосылған. Даму Бағдарламасында – болмаған.

3 бағыт бойынша «Шахтинск қаласының базалық ставкалардың коэффициентін әзірлеу», «Соқыр, Шерубай-Нұра өзендерінің су қорғау аймақтарын және жолақтарын ресімдеу» көрсеткіштері қосылған. Даму Бағдарламасында – болмаған.

Даму Бағдарламасында «Шаруа қожалықтарының жер учаскелерін паспорттармен қамту» көрсеткіші қарастырылған. Жедел есептілікте – көрсетілмеген (орындаушы – жер қатынастары бөлімі).

Даму Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын оның мақсаттарына, міндеттеріне және көрсеткіштеріне сәйкестікке бақылаумен орнатылды:

Бағдарламада құны 2 479,8 мың теңге тұратын «Шахтинск ЖЭС» акционерлік қоғамының жаңа күл үйіндісін салу» инвестициялық жобасы көрсетілмеген;

Бағдарламамен көзделген:

мақсаттар: 2012 жылы 24-тен 5 мақсат (20,8%), 2013 жылы 23-тен 8 мақсат (34,8%);

міндеттер: 2012 жылы 36-дан 2 міндет (5,6%), 2013 жылы 38-ден 3 міндет (7,9%);

нысаналы индикаторлар: 2012 жылы 39-дан 5 индикатор (12,8%), 2013 жылы 39-дан 9 индикатор (23,1%);

нәтиже көрсеткіштері: 2012 жылы 69-дан 3 көрсеткіш (3,4%), 2013 жылы 76-дан 6 көрсеткіш (7,9%) орындалмаған.

Шахтинск қаласының мемлекеттік органдармен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нәтижелілік және тиімділік, анықтық және шынайылық принциптері сақталмаған.

Шахтинск қаласының аумағын дамыту Бағдарламасының мониторинг нәтижелері және оның орындалуы туралы жедел есептілік Бағдарламаны іске асырудың нәтижелеріне қол жеткізудің нақты дәрежесін толығымен көрсететін құжаттар болып табылмайды.

«Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты», «Новодолинский кенті әкімінің аппараты», «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі», «Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің 2010-2014 және 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалаудың қорытындылары бойынша жалпы 2010 және 2011 жылдардағы жекелеген бюджеттік әкімшілердің (бұдан әрі – ББӘ) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің принциптерін сақтамауы орнатылды, тексерілгендер бөлігінде:

айқындық (ашықтық) - 2013 жылғы стратегиялық жоспар, мақсаттарға, міндеттерге қол жеткізу, күтілетін нәтижелер және іс-шаралар, сондай-ақ стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептілік жарияланбаған;

анықтық және шынайылық – нәтижелер көрсеткіштерінің негізділігі жоқ, мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері көрсетілмеген, саны жағынан өлшенетін нәтижелер көрсеткіштері айқындалмаған, жылдар бойынша оларды іске асыру мерзімдерін көрсетумен негізгі іс-шаралар айқындалмаған, іс жүзінде қол жеткізілген индикаторлардың (статистикалық деректер, есеп-қисаптар) анықтығын растайтын ақпараттың көзі көрсетілмеген, бюджеттік бағдарламалардың атаулары дұрыс көрсетілмеген, бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (саны, сапасы, тиімділігі, нәтижесі) көрсетілмеген, операциялық жоспар әзірленбеген, 2010 жылдың, есепті 2011 жылдың және бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша жедел есептілік дайындалмаған.

Бюджеттің атқарылуын бақылаумен орнатылды:

Бюджет саясаты Шахтинск қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасының іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі құзыретін уәкілетті органның сапасыз орындауы салдарынан (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 68-бабына сәйкес – нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштерінің ББӘ-нің функцияларына, өкілеттіктеріне және бағыттарына сай келуін қарастыру) 2012-2014, 2013-2015, 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды әзірлеудің және қараудың кезінде қолданыстағы бюджет заңнамасының талаптары толық шамада сақталмаған.

Осылай, Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері сақталмаған:

бюджет жүйесінің реалистік (бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі) және сабақтастық (әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына негізделген жергілікті бюджеттік жоспарлау):

2013 жылы 88 бағдарламаның ішінен 17-де түпкілікті нәтиженің көрсеткіші (немесе 4,8%) жоқ, 2014 жылы 92 бағдарламаның ішінен 23-те түпкілікті нәтиженің көрсеткіші (немесе 29,4%) жоқ.

Жекелеген әкімшілермен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі және олардың мазмұнына қойылатын талаптар сақталмаған:

2013 жылы 5, ал 2014 жылы 15 бюджеттік бағдарламаларында барлық салалар қызметінің бюджеттік бағдарламаларын іске асырудан халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы өзгерісінің және мақсатты жай-күйінің сипаттамасын көрсететін түпкілікті нәтижеге қол жеткізу көрсеткіштері көрсетілмеген;

мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың 2013 жылы 16-да, 2014 жылы 12-де түпкілікті нәтиженің, сапа мен тиімділіктің көрсеткіштері көрсетілген;

тікелей немесе түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері қарастырылмаған, алайда 2013 жылы 5, 2014 жылы 4 бюджеттік бағдарламасында сапа көрсеткіштері айқындалған.

2013-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларында белгіленген сәйкессіздіктер 2014-2015 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларында қайталанған, бұл ББӘ-нің бюджеттік бағдарламалар жобаларын қараудың кезінде уәкілетті органмен мониторингті сапалы емес жүргізу туралы куәаландырады;

Негізділік және жауапкершілік:

2013 жылға арналған бюджеттің атқарылуы процесінде қалалық бюджеттің 2 түзетілуі және 7 нақтылануы өткізілді. 2014 жылдың 1 қазанына дейін – 3 түзетілу және 2 нақтылану.

Өткен жылдармен салыстырғанда 2013-2014 жылдар кезеңінде түсімдер құрылымында елеулі өзгерістер болмаған. Түсімдердің жалпы көлемінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 70-72% құрайды, кредиттерді өтеу және қарызға алу - 0,1% және 2% тиісінше, меншікті кірістер - 26%. Соңғылар негізінен меншікке салынатын салықтар (10%), жеке табыс және әлеуметтік салықтар (16%) бойынша түсімдермен қамтамасыз етілуде.

2012 жылдың іс жүзіндегі бюджетінің атқарылуына 96% мөлшердегі Шахтинск қаласы бюджетінің 2013 жылға арналған меншікті кірістер көлемі нақтылаулармен және түзетулермен 9,6%-ға ұлғайтылған және өткен жылмен салыстарғанда 15,7%-ға өсіммен атқарылған. Яғни, бастапқыдан қалалық бюджетті жоспарлаудың кезінде кірістер бойынша болжам төмендетілген. Көлемді нақтылау және түзету, жыл ішінде жоспарды едәуір асыра орындау бюджеттің сапасыз жоспарлануы туралы куәландырады.

2012-2014 жылдары салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі іс-шаралар әзірленген. Қосымша резервтер анықталған және бюджетке мынадай көлемде түскен:

2012 жылы – 47 453,0 мың теңге немесе іс-шаралар жоспарына 118,6%;

2013 жылы – 102 723,0 мың теңге немесе 124,6%;

2014 жылғы 9 айдағы – 55 079,4 мың теңге немесе 152,7%.

Қала бюджетінің кіріс бөлігі атқарылуының жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштерінің ара қатынасы және салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жыл сайынғы бекітілуі кірістердің үш санаты бойынша жүктелмеген жылдық болжамын қабылдауды растайды.

2012-2014 жылдар ішінде үш жылдық кезеңге бекітілген бюджеттің алдағы жылдарда тиісті өзгерусіз тек ағымдағы қаржы жылының бюджеттік параметрлері түзетілген және нақтыланған.

2012 жылы қала бюджетінің шығыстары 2011 жылмен салыстырғанда 14,9%-ға өскен және 99,99%-ға атқарылған, 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға (383 004,0 мың теңгеге) төмендетілген.

Бұл ретте игеру ішінара жоспарлы мақсаттардың азаюы есебінен қамтамасыз етілді:

2012 жылы – бекітілген бюджеттен 7,1%-ға (немесе 348 358,0 мың теңгеге) 109 іске асырылатын бағдарламалардың 29 бойынша (26,6%). Олардың ішінен 35,3% - республикалық және облыстық бюджеттердің трансферттері (128 967,0 мың теңге).

2013 жылы - бекітілген бюджеттен 45,7%-ға 105 іске асырылатын бюджеттік бағдарламалардың 14 бойынша (13,3%). Олардың ішінен 11,5% - республикалық және облыстық бюджеттердің трансферттері (9 000 0 мың теңге).

Мақсаттардың неғұрлым елеулі азаюы 6 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша немесе ББӘ-нің жалпы санынан 38%-39%-ға жүргізілген.

2013 жылы қала бюджетінің шығыстары 2012 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға (383 004,0 мың теңге) төмендетілген. Жоспарлы мақсаттылығы сондай-ақ ББӘ-нің 17-нен 6 бойынша (35,3%) едәуір қысқартылған.

Әкімшілермен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен шығындарды жоспарлау негізділік және реалистік принциптерін сақтаусыз жүргізілген.

Тиімділік:

Жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысы болмаған кезінде инвестициялық ұсыныстар есеп-қисаптарсыз және өңірдің дамуы үшін жобалардың қажеттілігіне негіздемесіз және экономикалық қорытындысыз бюджет комиссиясының қарауына шығарылған.

Қалалық бюджет комиссиясымен, өз кезегінде, инвестициялық жобалардың тізбесінде жалпы сомасы 7 052,0 мың теңгеге қаралған және бекітілген, атап айтқанда:



  • 6 619,0 мың теңгеге Новодолинский кентінің тазарту құрылғыларын қайта жаңартуға ЖСҚ-ны әзірлеу;

  • 433,0 мың теңгеге Шахан кентінің қазандық жерге орналастыру жобасы.

2013 жылы бюджеттің нақтылануымен жоғары тұрған бюджеттен «Қол жетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде трансферттің бөлінбеуі салдарынан «А.Кұнанбаев, 77 даңғылы бойынша тұрғын үйді қайта жаңарту» БИЖ-ны іске асыруды ұзартуға 80 000,0 мың теңге көлемдегі жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаттары қысқартылған.

Бюджеттік бағдарламаларды әкімшілік ету деңгейі жеткіліксіз, мемлекеттік бағдарлама үйлестірушінің және облыстық пен аудандық деңгейдегі бірлесіп орындаушлар арасында өзара іс-қимыл жоқ, бұл бекітілген бюджет қаражаты көлемдерін пайдаланумен тікелей ең жақсы нәтижелерге қол жеткізбеуге әкелді.

Жауапкершілік:

Бюджет заңнамасын және мемлекеттік органның құзыретін бұза отырып 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша құны 125 000,0 мың теңге және 6 000,0 мың теңге тұратын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі 2014 жылы коммерциялық ұйымдармен орындалған, алайда ҚЭН-ді әзірлеуші бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» болуы тиіс.

Бюджеттік өтінімдерді жасаудың және алдағы кезеңге бюджеттік қаржыландыруды жоспарлаудың дұрыстығы бөлігінде жалпы сомасы 135 435,5 мың теңгеге бұзушылықтар орнатылған.

Неғұрлым жиі жіберілетін бұзушылықтар – бюджеттік өтінімдерді жасау жөніндегі талаптардың бұзушылықтары (тауарлар құнының бірлігі үшін негіздейтін құжаттардың ұсынылмауы, көлікті жалға беру туралы, ағымдағы қаржы жылғы қызметтердің көрсетілуі туралы шарттардың, негізгі құралдарды сатып алуға прайс-парақтардың, ағымдағы жылдың іссапарлар жоспары мен жоспарланатын жылдың жобалары көшірмелерінің ұсынылмауы).

Жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың кезінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесін бақылаумен жалпы сомасы 68 425,1 мың теңгеге олардың нәтижелеріне ықпал етпейтін сатып алуды жүргізу рәсімдерінің бұзушылықтары, сот органдарына өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың теріс пиғылды қатысушалары деп тану және 192,7 мың теңгеге бюджет кірісіне тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы жүгіну жөніндегі шараларды қолданбау анықталған.

Орындалған жұмыстар көлемдерін іріктеп бақылап өлшеумен, орындалған жұмыстар актілерін сметалық құжаттамамен салғастырумен жалпы сомасы 332 374,0 мың теңгеге бұзушылықтар орнатылған:

Шахан кентінің «№2 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша тапсырыс беруші «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен төлеуге қабылданған 2013 жылғы сәуір-мамырдағы №2 нысан бойынша актілерге сәйкес 1 029,9 мың теңгеге орындалған жұмыстар көлемдері құнының шамадан тыс асырылуы орнатылды;

Шахтинск қаласының «№3 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша тапсырыс беруші «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 231,4 мың теңгеге орындалған жұмыстар көлемдері құнының ұлғайтылуы орнатылды;

Шахтинск қаласының «№16 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша 93,8 мың теңгеге орындалған жұмыстар көлемдері құнының ұлғайтылуы орнатылды;

Орындалған жұмыстарды іріктеп өлшеп бақылаудың, «Шахтинс ЖЭС» күл үйіндісін салу бойынша сметалық құжаттамамен орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінде көрсетілген жұмыстар көлемдерін салғастырудың кезінде 330 785,5 мың теңгеге жұмыстар құнының шамадан тыс асырылуы орнатылды;

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің үй-жайын ағымдағы жөндеу бойынша 233,4 мың теңгеге немесе жұмыстардың жалпы көлемінен 38,9%-ға қабылданған міндеттемелер орындалмаған.

Бақылаудың қорытындылары бойынша дебиторлық берешекті бұрмалау, жасыру, дәйексіз қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың фактілері бойынша материал Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 178-бабының 1 бөлігінің негіздері бойынша Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына табыс етілген.

Жалпы 2010 жылғы қараша – 2014 жылғы қыркүйек кезеңінде бюджет процесіне қатысушылармен жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын бақылаумен, сондай-ақ Шахтинск қаласының аумағын дамыту Бағдарламасының іске асырылуын бағалаумен 9 291 747,5 мың теңге сомадағы қаражат көлемі қамтылған.

Жалпы сомасы 3 255 273,4 мың теңгеге немесе бақылаумен қамтылған көлемнің 35%-на бұзушылықтар орнатылған. Өтелуге 3 179,0 мың теңге, қалпына келтірілуге 545 517,4 мың теңге жатады.

Бақылау барысында 1 506,3 мың теңге өтелген, 213 769,2 мың теңге қалпына келтірілген.

Тексеру комиссиясының отырысына дейін мәслихаттың аппаратымен 145,1 мың теңге өтелген, 962,7 мың теңге қалпына келтірілген, әкім аппаратымен 204,3 мың теңге өтелген, тұрғын үй инспекциясымен 293,4 мың теңге өтелген.

Қалпына келтірілуге қалдық – 330 785,5 мың теңге, өтелуге – 1 029,9 мың теңге.

Осы бақылау іс-шарамен анықталған бюджет заңнамасының бұзушылықтары рәсімдік бұзушылықтардың (140) салдары болып табылды.

5 - Шахтинск қаласының аумағын дамыту Бағдарламасын әзірлеу кезінде (мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарын сақтамау - экономика және қаржы, құрылыс бөлімдері);

15 - стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезінде (мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарын сақтамау – ішкі саясат, мәслихаттың, жер қатынастары бөлімдері);



52 - бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде (нәтиже көрсеткіштерін айқындау кезінде оларды әзірлеу тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды сақтамау - экономика және қаржы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, ішкі саясат, мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімдері, Шахтинск қаласы әкімінің және Новодолинский, Долинка, Шахан кенттерінің, мәслихаттың аппараттары);

12 - мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде (мемлекеттік сатып алудың жоспарларын уақытылы емес бекіту, қазынашылық органдарында шарттарды уақытылы емес тіркеу - Шахтинск қаласы әкімінің және Новодолинский кенті аппараттары, экономика және қаржы, құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй инспекциясы бөлімдері);

12 - бухгалтерлік және бюджеттік есептерді жүргізу, қаржылық есептілікті жасау кезінде (есепке алу стандарттарын және қорытынды есептілікке ұсынылатын құжаттардың толықтығын сақтамау - Шахтинск қаласы әкімінің және Новодолинский, Шахан кенттерінің, мәслихаттың аппараттары, экономика және қаржы, жер қатынастары, құрылыс, мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы бөлімдері);

33 – бюджет қаражатын пайдалану кезінде (салалық заңнамасын бұзу - Шахтинск қаласы әкімінің және Новодолинский, Долинка кенттерінің аппараттары, ауыл шаруашылығы, білім беру, дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері).



2010 жылғы қараша – 2014 жылғы қыркүйек кезеңінде бюджет процесіне қатысушылармен жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізудің, сондай-ақ Шахтинск қаласының аумағын дамыту Бағдарламасының іске асырылуын бағалаудың нәтижелерін есепке алып, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бюджет процесіне қатысушылармен жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың, сондай-ақ Шахтинск қаласының аумағын дамыту Бағдарламасының іске асырылуын бағалаудың қорытындылары бойынша қорытынды бекітілсін.

2. Шахтинск қаласының әкімі (А.М.Аглиулин):

1) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасының бұзушылықтарына жол берген мемлекеттік мекемелердің басшыларын жауапкершілікке тартсын.

2) қалалық бюджетке 206109 ББС коды бойынша 1 029,9 мың теңге сомада заңнаманы бұзумен «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі пайдаланған қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдасын;

3) «Шахтинск ЖЭС» акционерлік қоғамының жаңа күл үйіндісін салу» жобасы бойынша «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 330 785,5 мың теңге көлемдегі қаражатты қалпына келтіруді қамтамасыз етсін және шаралар қабылдасын;

3. «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Л.Д.Буравко):

1) осы бақылау іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді ескере отырып, кезекті бес жылдық кезеңге Шахтинск қаласын дамыту Бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізсін;

2) Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасына қосымша нысаналы индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері бойынша Шахтинск қаласы дамуының ерекшелігін және олардың облыс (қала) бойынша статистикалық есептілікте бар болуын (немесе қосылған) ескеріп, жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай көрсеткіштер тізбесіне қосу үшін тиісті өзгерістер енгізсін;

3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларын және бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесіне, бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес келтіруді бақылауды қамтамасыз етсін;

4. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ.М.Бекмағамбетова дайындасын және жіберсін:

1) Шахтинск қалалық мәслихатқа жүргізілген тиімділікке бақылаудың нәтижелері және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсынысты;

2) «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстарды.

5. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабының 1) тармақшасына және 142-бабының 15) тармақшасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі 3-НП нормативтік қаулысымен бекітілген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасының 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес осы қаулы ол арналған барлық мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен міндетті орындалуға жатады.

6. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабына сәйкес мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ.М.Бекмағамбетоваға жүктелсін.



Қарағанды облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы С. Өтешов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет