Дауренқызы Құралай 1; 13 - билет
Оразалина Алима 2; 14 - билет
Еркін Айым 3 - билет
Қажиева Жансая 4; 15 - билет
Құнанбаева Жанбота 5; 16 - билет
Маратова Аида 6; 17 - билет
Мулькбаева Ақерке 6.2; 18 - билет
Рақатова Жұпар 6.3; 19 - билет
Сүттібаева Гаухар 7; 20 - билет
Ниязбекова Балауса 8; 21 - билет
Мақсұтханова Ажар 9; 22 - билет
Даулеткалиева Анель 10; 23 - билет
Оразханова Бибі 11; 24 - билет
Байекенова Дильназ 12; 25 - билет
Билет №1 Құралай
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Ұлы Отан Соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті.
2. Мұқан Иманжановтың өмірі мен шығармашылығы.
3. Ғабиден Мұстафиннің «Миллионер» повесіндегі кейіпкерлері Алма, Жанат және Жомарт арасындағы байланыс.
Ұлы Отан Соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті.
Соғыстан кейінгі дәуір қазақ романының жаңа бір тынысын танытқан, өрісін байытқан кезең болды. Бұл тұста «Абай» романының екінші кітабы (1947) жарық көрді. С.Мұқанов «Жұмбақ жалау» атты романын жөндеп, өңдеп, «Ботакөз» деген атпен қайта бастырды (1948), «Сырдария» деген жаңа роман (1948) жазды. Ғ.Мұстафин «Миллионер» (1948), Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» (1949) атты романдар бастырды. Қазақ тілінде кең тарап, оқырманын тапқан осы шығармалар тез арада орыс тіліне аударылып, сол арқылы шетелдерге шықты. Сөйтіп, соғыстан кейінгі дәуірде қазақ романының табысын әлемге әйгіледі. 1948 жылы желтоқсан айында Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы бағытын талқылаған КСРО Жазушыларының пленумы мұны айқын танытты.
Бүгін әлемге танылған «Абай жолы» роман-эпопеясының «Абай» деген атпен шыққан алғашқы екі кітабының өзі әуелде солай жоспарланған тұтас туынды болатын. Онда жазушы болашақ ұлы ақынның жастық кезі мен ақындығының оянып, жетілуін суреттеген. Жас Абай тәрбие алған ортаны, оның жүрегін тебірентіп, асыл сезімдерін оятқан дала табиғатын, халқының өнері мен әдебиетін, арманы мен жарқын үмітін, достығы мен тұңғыш махаббатын кең ашу арқылы жазушы бірінші кітап бойында оны ақындыққа дайындады. Осы ортада романтикаға бөленген жас Абайдың біртіндеп өмірдегі талас-тартысты сезінуі, Тоғжаннан айрылуы, Қодар мен Қамқа өлімі сияқты сұмдықты көруі, суынуы, толғануы да нанымды суреттеледі. Ал, екінші кітапта ол шығармашылық сезімге ауысады, білімін кеңейтеді, орыс әдебиетінің, достарының көмегімен ой-өрісін толықтырып, халық өміріндегі әдебиеттің зор маңызын ұғу дәрежесіне көтеріледі. Оның бұл кездегі өмірге, оның күрделі жағдайларына деген көзқарасы ақын өлеңдерінде кең көрінеді, жазушы оның шығармашылығына сүйене отырып, Абайды толғантқан қоғам дамуы, адамдардың ара қатынасы, адамгершілік, гуманистік мінез-қылықтар мәселелерін қозғайды. Сол арқылы қазақ қоғамының ақынмен тұстас кезеңінің барлық жағдайларын, халық өмірінің терең жасалған көркем суретін береді. Халықтың жақсы арман-тілегі Абай бейнесі арқылы жинақталып көрсетіледі. Академик Қ.Сәтбаевтың «Абай» романын «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп атауы да осыдан.
Романның үшінші, төртінші кітаптары «Абай жолы» деген атпен 1952, 1956 жылдары жарияланды. Осыған байланысты төрт томдық роман-эпопея тұтас күйінде – «Абай жолы» аталды.
«Абай» романының соңғы беттерін жазушы «Алда–өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз. Шынға келсе, жапа-жалғыз. Рас, оның бір қуаты, бір үміті бар екені рас. Қуаты – ақындық, үміті – халық» деген сөздермен аяқтаған еді.
Төрт томдық роман-эпопеяның композициялық құрылымы да, стилі де, жазушының тілі мен суреткерлік шеберлігі де келісімді тұтастықта көрінеді. Жазушының шындықты сезінуі мен суреттеуінде үлкен ойшылдық бар. Ол өмірге Абай көзімен қарап, Абайша сезінуден туған.
М.Әуезов романының жанрлық үлгісі әдебиет сынында және ғылымда «роман-эпопея» деп танылды. Ондағы жеке адам өмірінің қоғам, халық тарихымен сабақтастығы, сан қилы топтар мен таптардың қатар, са-лыстырыла суреттеліп, қарама-қайшылықта өмір сүруінің көріністері, ұрпақтардың бірі өтіп, бірі оның орнын басып жаңарып жатуы, жеке адам мен оның отбасылық тіршілігінің тарихи-әлеуметтік маңызға ие болуы, оның ой-пікірінде замандастарының тіршілігі мен арман-тілегінің терең толғам табуы – бәрі де эпопеялық кеңдікпен бейнеленеді. «Роман-эпопеяда кейіпкердің образы көптеген уақиғалар елегінен өтудің нәтижесінде сүргі көргендей болып майдаланып, тұжырымдалып қалмайды, – деп жазған еді белгілі әдебиет сыншысы және ғалым Темірғали Нұртазин, – қайта айқындалып, толыға, тұлғалана түседі, қатардағы романдарда бола бермейтін қасиет толымдылығына жетеді. Көлемі мол болғандықтан, роман-эпопеяда кейіпкерлердің рухани өмірі әлденеше кезеңдерде кеңінен суреттеледі. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы да, уақиға атаулының іштей бір-бірімен байланысы да кең бейне табады. Конкретті дәуірдің энциклопедиялық типтерінің ой-арманы мен әрекеттерінен сол заманның сан құбылмалы сыры аңғарылады. Роман-эпопеяда сан алуан адамдардың көзқарасы мейлінше кең суреттелгендіктен, бұл жанрда тарихи және философиялық романның қасиеттері түгел тоғысады.
Әуезов романы осы қасиеттерді бойына жинақтаған үздік туынды болды.
Оны қазақтармен бірге орыс сыны да жоғары бағалады. Ол орыс және шетел тілдеріне көп аударылды. Оған 1959 жылы КСРО-дағы ең биік сыйлық – Лениндік сыйлық берілді.
С.Мұқановтың «Сырдариясы» мен Ғ.Мұстафиннің «Миллионері» бүгінгі күн тақырыбын игеруге арналған шығармалар еді. Оларда соғыстан кейінгі өмірдегі еңбектің рөлі, еңбек адамдарының жаңа бейнелері жасалды. Дәуір сипаты мен өзгешеліктерін зерттей отырып, авторлар жаңа адам бойында өмірге, әлеуметтік іске тың көзқарастың тууын, сапалық өзгерістерді романдарына арқау ете білді. Бұл романдардың басты кейіпкерлері – жаңалықтың жетекшілері. Отанға, елге, халыққа деген сүйіспеншілік, аянбай еңбек ету – олардың бойындағы ерекше белгілер. Олар бұрынғыдай таптар арасындағы күресті шындауға қызмет етпейді, Отанды көркейтер, оның күш-қуатын арттырар іс-әрекеттерге күш жұмсайды. Осыған орай Мұқанов адам мен табиғат арасындағы тартысты негізге алып, табиғат қазынасын игілікке жаратуды бейнелесе, Мұстафин қазақ аулының болашағын Жомарт сияқты маман басшылардың көрегендігімен байланыстырады.
Бұлардан сәл кештеу жазылғанымен, Ғ.Слановтың «Шалқары» да (1954) тақырыптық жағынан осы романдарға жақындау. Ол әуелде «Кең өріс» (1949) атты повесть күйінде жарық көрген еді. Жазушы оны толықтырып, қайта өңдеп, романға айналдырды. Онда суреттеліп отырған өмір шындығы көріністері, жазушының ұстанған бағыты, адамдар тағдыры Ғ.Мұстафиннің «Миллионерімен» өзектес. Мұнда да соғыстан кейінгі ауылды көтеру, онда жаңа құрылыстар (Шалқарда жаңа типті село салу, Таскескенге жол тарту, т.б.) салу, халықтың тұрмысын жеңілдету жолдарын іздестіру шаралары сөз болады. Екі шығарманың басты кейіпкерлері барды қанағат тұтпай, өмір талабына лайық өршіл идеяларды алға тартады, еңбек етуден қуаныш табады, еңбек романтикасына елігеді. Бұл – әрине, екі шығарманың бірін-бірі қайталауы емес, бір тақырыпты жазған екі жазушының дүниеге көзқарастарының ұштасуы. Ғабиден сияқты, Сланов кейіпкерлері де барынша дараланып берілген.
Соғыстан кейінгі дәуірде кеше ғана өткен Ұлы Отан соғысының сабақтарын саралауға, ел басына күн туған кездегі азаматтардың ерлік іс-терін, мінез-құлқын, халық өмірін эпикалық үлгіде бейнелеуге арналған жаңа романдар легі туды. Оны Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бастады.
Бұл шығарма әуелде Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың майдандағы ерліктерін әңгімелеген «Қазақ батыры» (1945) деген шағын повесть күйінде жарық көрді. Кейін оны жазушы түгелдей қайта жазып, жаңа атпен жариялады. Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұнын және оның қайнар көзін ашуда бұл романның орны үлкен. Онда жаңа заман батырының туу, тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген. Қайрошты өсіріп жеткізген қоғамдық орта мен ондағы өзгерістер кейіпкер тағдырымен байланысып, жарасымды суреттеледі. Қайрош батырлығы ескі ұғымдағы көзсіз ерлік емес, қарапайым адамның Отан алдындағы борышын түсіну мен оны абыройлы орындау жолындағы сезімнен туады. Сонымен қатар жазушы Қайроштың өмір жолында кездескен күнделікті тіршіліктің келеңсіз жайларын улы кекесінмен түйреп, сынап отырады
Мұқан Иманжановтың өмірі мен шығармашылығы.
Мұқан Иманжанов қазіргі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. 1935-38 жылдары Алматыдағы есеп-экономикалық техникумын оқып бітірген. 1938 жылы Жазушылар одағында ашылған алты айлық курсты бітіріп, радио хабарларын тарату жөніндегі республикалық комитетте редактор болып қызмет етеді. Ал 1942-49 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әуелі әдеби қызметкер, сосын, жүре келе, бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Бірақ денсаулық жағдайына байланысты «Пионер» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысады.
М.Иманжановтың әдеби-шығармашылық қызметі 1938 жылдан басталғанымен, оның республика жұртшылығына анық таныла бастағаны Ұлы Отан соғысы жылдары. Қаламгердің романтикалық сарында жазылған көркем әңгімелері мен очерктері баспасөз бетіне жиі басылады. Алғашқы әңгімелер жинағы «Жастық» деген атпен – авторы Тауұлы 1948 жылы басылып, оқырман қолына тиеді.
Мұқаңның қазақ оқырман қауымы арасында кеңінен танылып, жазушы есімін әйгілі еткен «Алғашқы айлар» хикаяты мектептегі оқу-тәрбие тақырыбына арналған. Оның басты кейіпкері білімді де жігерлі жас мұғалім Жақыпбек бүкіл оқу-тәрбие мәселесін өмірмен, өндіріспен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді және сол мақсат-мұратын жүзеге асыру жолында бар күш-жігерін салып, аянбай күреседі. Хикаят авторынан қалың оқырман арасында абырой-беделін арттыруға 1950 жылы «Алғашқы айларға» Жамбыл атындағы республикалық бәйге берілуі де кәдімгідей әсер етеді.
Шығармашылық жолын қысқа әңгімелер жазудан бастаған М.Иманжанов «Социалистік Қазақстан» газетінде істеген жылдары емін-еркін көсіліп, көптеген көркем очерктер мен көсемсөздерді, хикаят, пьесалар мен әдебиет туралы толғаныстарын, аяқталмай қалған «Көк белес» атты романын жазады. Жазушының 1954 жылы «Таныс қыз» әңгімелер жинағы, 1956 жылы «Тыңдағылар» атты әңгімелері мен очерктері, 1959 жылы «Адам туралы аңыз» көсемсөздер мен әңгімелері,1960 жылы «Көк белес» романы жарыққа шықты.
М.Иманжанов шығармаларының екі томдығын оның сүйген жары, әдебиетші-ғалым Рәзия Рүстембекова құрастырып, «Жазушы» баспасынан 1977 жылы жарыққа шығарды. Қаламгердің ғұмыры мен шығармашылық жолы туралы мақалалар мен хаттар, естеліктер жинағы 1980 жылы «Жалын» баспасында «Өркен» деген жеке кітап болып басылды.
М.Иманжанов ғұмырының соңғы жылдарында ұзақ уақыт туберкулездің ашық түрімен ауырады. Ол емделу үшін Балтық жағалауы мен Қырым курорттарына да барады. Бірақ бұлардың да пайдасы мардымсыз болып шығады. Сондай кездері күнделік дәптеріне «Көңіл жетім күшік, қыңсылайды, ұясын іздейді», –деп жазады жаны күйзеліп. Жаны күйзелмегенде қайтсін. Ол әке болып «қос көгершінін» еміреніп сүйе де алмайды. Өзі оңаша бөлмеде, сүйген жары – Рәзиясы екі ұлымен басқа бөлмеде. Ол тек әйеліне: «Балалар терезе алдына келіп ойнасыншы. Мен сырттарынан сүйсіне қарап, көңіл-көкірегімді бір демдейінші», – дейді екен.
Ол 1958 жылы қырық екі жасында бақилық сапарға аттанды. М.Иманжанов Ұлы Отан соғысы жылдарында «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде жиі шығып тұрған мақалаларымен, очерк және публицистикаларымен – журналистік талантымен танылады. Қырқыншы жылдардың соңында шыға бастаған көркем туындылары – шағын әңгімелері де оқырман жұртшылықтың жүрегіне жол тапқан жазушы. Оның негізгі кейіпкерлері – жастар. Олардың өмірге деген көзқарасы, достық, адалдық, мейірімділік секілді қастерлі қасиеттері Мұқан шығармаларының өзегі болды. Мұқанның сыршылдық, романтикалы сипаттағы әңгімелері, әсіресе жастардың сезімін толқытып, баурап алады. «Қыз сыры» әңгімесі шыққанда, қыздардан: «Жігіт сырын» қашан жазасыз деген көптеген хаттар келген. «Қызыл гүл» (1941) әңімесінен алған әсерін жазушы Зейнолла Шүкіров Мұқанға арналған естелігінде: «…Менің бала сезіміме шағын әңгіменің бөлекше табиғаты қатты әсер етті. Аянышты адам тағдыры іші-бауырымды уылжытты», – дейді. Әрине, бүгінгі әдебиеттің өскен дәуірінде, бұрынғы кемшіл соғып жатқан тұстарымыздың толысып жатқан кезінде 40-жылдардағы Мұқанның ол әңгімелері керемет болып көрінбес те. Бірақ олардың сол кездегі атқарған қызметін естен шығармаған жөн. Жоғарда аталған екі әңгіме жазушының көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары еді. 1948 жылы жарияланған «Жастық» атты алғашқы әңгімелер жинағы мен соңғы аяқталмай қалған «Көк белес» (1958) атты романының арасында бар болғаны он жыл. Шығармашылық үшін бұл аз уақыттың ішінде Иманжанов әдебиетіміздің әр саласында қалам тербеп, «Таныс қыз» атты әңімелер жинағын, «Алғашқы айлар» повесін, «Азамат даусы» атты публицикалық еңбегін, «Жас өмір», «Менің махабаттым», «Сөнген шала» пьесларын жариялады.
Мұқанның балалық шағы халқымыздың тарихындағы қасіретті зобалаң жылдары – ашаршылыққа дөп келді. Сол себепті түрде білім алуға жағдай болмай, ауылда 4 сыныпты бітірген соң, ФЗО-да оқып, 1935 жылы Алматыдағы есеп-экономикалық техникумға түседі. Инситут бітірмсе де, Мұқан өмір бойы білімін толықтырып, көп іздену нәтижесінде жан-жақты, әр саладан хабардар сауатты жазушы болды. Жазушы болу үшін көп оқу керек екенін өз шығармаларымен дәлелдеді. Мысалы, Жамбыл атындағы республикалық бірінші жүлде алған «Алғашқы айлар» повесін жазғанда ұлы классик педагог жазушылар Л.Толстой, К.Ушинский, А.Макаренко еңбектерімен танысып қана қоймай, мектепте өтілетін ботаника, физика, биология пәндерімен де шұғылданып, шығармаға қажетті көп мағлұмат алды. Өйткені көркем шығарманы жас буынға білім беріп, ой өрісін дамытатын танымдық жағын қатты ескеретін.
Ол шығармашылығының кемел шағында дүниеден өтті. Артында қалған рухани мұрасын келешек ұрпағына мирас етті. Мұқан Иманжанов оқырман жұртшылықтың жүрегінен лайықты орын тапқан жазушы. Оның көркем шығармаларымен бірге 1940-50 жылдарда жазған сын, рецензиялары мен әдебиеттің әр қилы мәселелеріне арналған баяндамалары да көп болған. Олар кезінде газет-журналдарда басылды. Бұл мақалалар сол уақыттағы әдебиетіміздің тарихынан біраз мағлұмат береді. Осының өзі бүгінгі мен кешегіні салыстыруда да біраз қызмет атқаратыны ақиқат. 1940-50 жылдарда Мұқанның өзі де әңгіме жанрына ат салысқаны белгілі. Ол Батыс Еуропа, орыс әдебиеті классиктерін көп оқып, көп ізденді. Осыған байланысты ойлары, теориялық тұжырымдары бірқатар мақалаларында көрініс тапқан. «Бөбектерге арналған әдебиет туралы» атты мақаласында елуінші жылдардағы қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы баяндалып қана қоймайды, сонымен қатар ол бөбектерге арналған туындылардың өзіндік ерекшелігін ажыратып, осы саладағы ғылыми зерттеулер мен педагог жазушылардың шығармаларына сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі олқылықтарды ашады. Бала психологиясын, олардың жас мөлшерінің ерекшеліктерін ескеріп жазу қажеттілігіне назар аударады. Орыстың классиктері Л.Толстой, К.Ушинский сияқты тұлғаларды үлгі тұтады. Бұл айтылған пікірлердің бүгінгі бөбектерге арналған әдебиетімізге де қатысы бар, ол әлі де күн тәртібінен түспеген мәселерді қозғайды.
Ғабиден Мұстафиннің «Миллионер» повесіндегі кейіпкерлері Алма, Жанат және Жомарт арасындағыбайланыс.
Алма мен Жанат бір анадан туғандай, кішкентайларынан егіз қозыдай бірге өсіп келе жатқан жан құрбылар. Екеуі бір ауылда ержетті. Тіпті армандары да бір болды. Алманың анасы Отан соғысының алдында, әкесі Отан соғысы майданында дүниеден өткен болатын. Осы себептен Алма иесіз қалған дүниені колхозға тапсырып Жанат екеуі оқуға кеткен болатын. Ол 4-5 жыл Алматының консерваториясында оқып, скрипка класын бітіріп шықты. Сол жылдың жазында Жомарт ауылшаруашылық институт бітіріп шықты. Алма, Жанат, Жомарт үшеуі «Аманкелді» колхозына жұмысқа тұрады. Жомарт Алмаға ғашық болып, кейін екеуі отау құрады. Алма аудандық театрда істейтін. Бірде асығыс жұмыстары шығып Алма Алматыға ұшпақшы болады. Аэропортқа келсе ұшақ дайын екен. Ұшақ аспанға көтерілісімен жерге қайта құлдырап шаншылып түседі. Жалғыз аман қалған адам Алма болды. Бірақ шарпыған от Алманың жанарын жеп жіберген. Ол Алматыда 4 ай жатып, көзінен айырылып Жомарттың қолына оралады. Жомарт бұл жағдайға қалай қарарын білмей екі ойлы болып қалды. Яғни, Алманың жаңында қалайын ба немесе тастап кетейін бе деген ойда жүрді. Міне осы кезде біз Жанаттың нағыз адал дос екенін байқаймыз. Өйткені ол Жомартқа ақыл айтып, дұрыс таңдау жасауға көмектеседі. Жанат: «Өмір егер ащы бермесе, тәттіні білер ме едік. Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік. Біріне мастанып, біріне мойымаған адам өмірде жаманды жеңіп шығады» - деп Жомарттың босаған белін байлап бергендей болады. Алма екі көзінен айырылғаннан соң композиторлыққа бет бұрады. Сөйтіп, «Күншуақ» күйін жазып шығады. Жомарт оған қолдау көрсетеді, қадірлейді, өзіне жақын тұтады. Бірақ мұның бәрі оған деген сезімнен емес, жай ғана сыйластық, достықтан. Ол өз махаббатын енді Жанаттан көре бастайды. Біз бұл жерде үш кейіпкердің басынан кешіп жатқан сезімдерін, және сол сезімдерді сыртқа шығара алмайтындарын көреміз. Алма ішіндегі қызғанышын қалай жасырса, Жанат Жомартқа деген сүйіспеншілігін солай жасырып жүреді. Бірде Алма Жанаттың өз сезімі жайлы жазған хатын оқып қойып, бәрінен хабардар болады. Оқиға соңында Алма «Күншуақ» күйін қою үшін Москваға ұшады. Ал Жанат пен Жомарт оны шығарып салады. Осы кезде Алма кетіп бара жатып екеуінің сезімін білетінін астарлап жеткізеді. Бірақ Жомарт оны байқамайды. Кейін Жомарт телеграммнан хат күтіп жүргенде, Алма ескертпей келіп қалады. Сол кезде Жанат Алмаға бүгін менікіне қон деп, өз үйіне алып кетеді. Жанат өз сезімі жайлы Алмаға айтқанда, Алма ол жайлы бәрін білетінін жеткізеді. Сөйтіп Жанат ішіндегі сырын ақтарып бір жеңілдеп қалады. Бірақ та Алма шындықты білсе де, Жомарт екеуі отбасы болып қалады.
Билет №2 Алима
$$$ Кейс-тапсырма.
1. 1941-1945 жылдардағы қазақ прозасы.
2. Тайыр Жароковтың өмірі мен шығармашылығы.
3. Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы Игілік пен Жұманның бейнесі.
1. 1941-1945 жылдардағы қазақ прозасы.
Қазақ романының жаңа бой көтеруі 1942 жылы М. Әуезовтің «Абай жолы» атты төрт томдық эпопеясының алғашқы кітабының жарық көруінен басталды. Бұл – әуелде «Абай» деген атпен жоспарланған екі томдық романның бірінші кітабы болатын. Роман Ұлы Отан соғысының от-жалыны өршіп тұрған шағында жарық көрді. Саясаткерлер соғыс тақырыбына арналған прозалық еңбекті күтіп отырған заманда, бұған керісінше, тарихи тақырыпқа жазылған роман партия басшылығын бәлендей қуанта қойған жоқ. Олар романның жоспарына, негізгі идеялық-көркемдік нысанасына ой жіберіп жатпай-ақ, ондағы ру таластарына, Құнанбай заманының өктем қылығына мән беруге тырысты. Алайда, шын әдебиет сүйетін қауым романды жылы қабылдады. Оған Ғ.Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» атты мақаласы (1943) куә. Жұрт романның жалғасын күтті.
1945 жылы Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ.Слановтың «Жанартау» атты романдары басылды. Қазақ халқы өмірінің жаңа кезеңдерінің шындығын тануға ұмтылыс жасаған бұл шығармалар көркемдік ізденістері жағынан да, өмірді тақырыптық қамтуы жағынан да әр қилы болатын.
Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романы өмірде болған нақты адам мен оның еңбегі жайлы деректі материалдарға сүйеніп жазылған. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тұратын, Ұлы Отан соғысы кезіндс жанқиярлық еңбек етіп, тарының гектарынан 1232 пұт өнім алып. дүние жүзінде болмаған рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің есімі ол кезде әлемді шарлап кеткен еді. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының Президенті Т.Д.Лыссенко тарышы қартқа телеграмма жолдап: «Сіздің телеграммаңызды алғанда, нанар-нанбасымды білмей көп сенделдім. Ең білдім деген ғалымдар гектарынан 200 центнерден артық астық алу мүмкін емес дегенге бекінген еді. Бұл – жай айтылмаған. Өсімдіктер күн қуатын бойына қанша сіңіре алатындығын есептеп барып айтылған болатын. Сіз осы есептен асып түсіп, егін шығымының мөлшері адамның өз қолында екенін дәлелдеп бердіңіз», –деп жазған. Атақшы тарышы өмірінен неміс жазушысы Бертолд Брехт поэма жазған. Романға негіз болған Шығанақтың Отан соғысы кезінде әлемдік рекорд жасауы және шығарманың сол тұста жазылуы – тылдағы еңбеккерлердің жанқиярлық еңбегінің соғыс, жеңіс мүддесіне арналуы әсерлі суреттелген. Шығанақ та өнімін Отан қоймасына жөнелтеді. Өз қаражатынан Қызыл Армияға көмек жіберіп, И.В.Сталиннен ризалық білдірген телеграмма алады. Оның төрт баласы Отан қорғау ісіне қатысады. Әрине, роман Шығанақ өмірі мен оның еңбегін негізге алғанмен, Мұстафиннің Шығанағы – өмірдегі тарышының өзі емес, әдеби жиынтық бейнесі. Осы материалдар негізінде жазушы қазақ шаруалары өміріндегі ұжымдық бірлесудің өнімді, табысты жолын көрсетуді және адам мен табиғат арасындағы өмірлік тартысты жаңа жағдайда бейнелеуді көздеді. Өмір бойы табиғаттан алуға ұмтылған, бірақ жарымаған шаруа еңбегі жаңа дәуірде, ұжымдық шаруашылықтың өркендеуі жағдайында іске асқаны – романның басты тақырыбы. Бұған Ғабиден жаңа қоғамның өзекті мәселесі ретінде қарайды. Шығанақ бойына халықтың диқаншылық өнерінің ұзақ ғасырлар бойы тәжірибесін жинақтаған жазушы оның жаңа жағдайда қалай дамығанын суреттейді. Тарыдан мол өнім алу, жерге табынбай, оны дегеніне көндіру Шығанақтардың ұзақ арманы мен күресінің басты мақсаты еді. «Әкемнің әкесі егінді кетпенмен салған. Әкем Берсі ағаш соқамен салды. Өзім темір соқаға түйе шығырды қостым. Осының бәрі – тарыны көп алудың алға басқан амалы еді»,– дейді Шығанақ. Бірақ феодалдық-патриархалдық ортада өмір кешкен жалғыз-жарым шаруа еңбегі мен оның өнімсіз құрал-сайманы Шығанақтар арманының іске асуына мүмкіндік бермеді. Тек жаңа жағдайда, ұжымдық шаруашылық ортасында, жерді өңдеу мен баптаудың жаңа тәртібі іске асқан кезде ғана жаңа техниканың күшімен бұл арман жүзеге асты. Тарыдан мол өнім алынып, «алпысқа келгенше, алты шақырым жерге аты шықпаған» Шығанақ есімі әлемге танылды. Жазушы мұны қазақ шаруалары жаңа өмірінің жеңісі санайды.
Әлжаппар Әбішев «Жас түлектер» (1945) мен Ғабдол Сланов «Жанартау» (1945) романдары да соғыс кезінің оқи-ғаларына негізделіп жазылған. Оның алғашқысында майданға үстеме көмір өндіру жөніндегі Қарағанды еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі суреттелсе, екіншісінде Ембі мұнайшыларының тылдағы жанқиярлық істері көрініс табады. Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, «Жас түлектер» жаңа заманда өсіп, тәрбие алған жас ұрпақ өкілдерінің азаматтық тұлғасы мен еңбегін суреттеуді көздейді. Мәскеуде тау-кен институтында оқып жүрген жастар соғыс басталысымен бірі– Донбасқа, бірі Қарағандыға аттанады. Донбасқа барғандары өндірісті қорғауға, оның құрал-жабдықтарын Қарағандыға көшіруге көмектессе, Қарағандыға келгендер майдан қажетіне мол көмір өндіру, ол үшін көмір комбайнын ойлап шығару істеріне араласады.
«Жанартау» соғыс кезіндегі Атырау мұнайшыларының өмірінен жазылған. Соғыстың ел басына түсірген салмағы, еліміздің мұнай көздері жау қолында қалып, Қазақстан мұнайын майдан қамы үшін мол өндіру күн тәртібіне қойылған кезде, тылдағы елдің қауырт еңбекке жұмылуы роман сюжетінің негізгі желісін құрайды. Онда суреттелетін кейіпкерлердің бәрі де іс басында, еңбек ортасында, әлеуметтік мүддені ұға, түсіне білген адамдар. Бәрін біріктіріп тұрған нәрсе – соғыс. Ерлер майданға кетіп, әйелдер солардың орнын басқан. Еңбек жасына толмаған жастар да кездеседі. Қажетті өндірісті қамтамасыз ету үшін арнайы әскерден қалдырылған мамандар да бар. Әркім өз орнында, шамасынша адал еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосып жатыр. «Жанартау»– Ұлы Отан соғысы кезіндегі мұнайшылар еңбегін танудағы елеулі белес.
Нұрпейіс Байғанин “Ер туралы жыр” (1942), “Жиырма бес” (1942) поэмалары Кеңес Одағының Батырлары Нарсұтбай Есболатов пен Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған. Ол батырлық туралы жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиеттің биігіне көтере білді.
Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943) поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады. Ол туралы:
Қасиет күші ұлы Отанның,
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!
Күллі әлемнің ашу кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек! – деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Бұл – екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды.
2. Тайыр Жароковтың өмірі мен шығармашылығы.
Тайыр Жароковтың өмірі
Жароков Тайыр 1908 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Жетібай ауылында, Нарын құмының етегіндегі Темірбек деген жерде дүниге келген. 1920-1923 жылдары өз ауылындағы орысша-қазақша мектепте оқып, соның үш класын бітіреді. 1923–1927 жылдары Орынбор қаласындағы Қазақтың Халық ағарту институтында (Кино) оқиды. 1928 жылдың күзінде Алматы қаласындағы Қазақ педагогика институтына оқуға түсіп, 1931 жылы соның тіл-әдебиет факультетін бітіріп шығады. 1932-1933 жылдары Қазақстан Жазушылары ұйымдастыру комитетінің хатшысы, Қазақ мемлекет баспасының көркем әдебиет бөлімінде редактор болып істейді. 1934-1936 жылдары Леиинград қаласындағы тарих, философия және тіл-әдебиет институтының аспирантурасында оқиды. 1936-1938 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторының орынбасары болған. 1938 жылдан 1942 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болып істеген. 1942 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, содан 1945 жылдың аяғына дейін әскери қызметте болады. 1946–1965 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. Тайыр Жароковтың көп жылдарғы жемісті әдеби еңбегін мемлекет жоғары бағалап, бірнеше орден, медальдармен марапаттады. Қайтыс болғаннан кейін, ақын есімін мәңгі есте қалдыру туралы үкімет қаулысы шығып, бірнеше елді мекенге, мектептерге, Алматы қаласындағы ең үлкен көшеге ақын есімі берілді. 1972-1975 жылдары «Жазушы» баспасы ақынның төрт томдық таңдамалы шығармаларын жарыққа шығарды.
Тайыр Жароковтың шығармашылығы
Тайыр Жароковтың шығармалары орыс және ТМД халықтары (өзбек, тәжік) сондай-ақ, ағылшын, неміс, поляк тілдеріне аударылып, шет елдерде де кең тараған.Тайыр Жароковтың шығармалары туралы жазылған ғылыми еңбектер де аз емес. Оның шығармашылық жолы жайлы «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» (Алматы, 1949), «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» (Алматы, 1958), «Очерк истории казахской советекои литературы» (Алма-Ата, 1958), «Очерк истории казахской советской литературы» (Москва, 1960), «Қазақ совет әдебиетінің тарихы» (Алматы, 1967), «Казахская советская литература» (Алма-Ата, 1971) сияқты ұжымдық зерттеулерде арнаулы тараулар берілген. Тайыр Жароков әдебиетке өткен ғасырдың 20 жылдарының аяғында, 30 жылдарының басында келді. Алғашқы «Күлімдеді күміс күн де» атты өлеңі 1927 жылғы «Ақындар шашуы» атты жинақта (құрастырған Сәбит Мұқанов) жарияланған. 1928 жылы «Жаңа әдебиет» (Қазіргі «Жұлдыз») журналының бірінші санында «Аэроплан» атты өлеңі жарық көреді. 30-жылдардың басында алғашқы кітаптары шықты: «Жұлдыз жарығы» өлеңдер жинағы, (1932) «Коммунизм таңында» Поэма, (1933) «Нефтьстан» Поэма, (1933) «Мотор жыры» өлеңдер жинағы, (1934) «Өмір сөйлейді» өлеңдер жинағы, (1934) «Күн тіл қатты» Поэма, (1934) «Мұз тұтқыны» Поэма, (1935). Осылай баспа бетінде жиі көрінген ол, ақын ретінде жұртшылыққа кеңінен танылды. Анығына келсек, идеялық-көркемдік тұрғыдан ақынның ол тұстағы көпшілік шығармалары оқырманның эстетикалық биік талғамын өтей алған жоқ. Ақын туындыларының ішінен көпшіліктің жақсы қабылдаған шығармалары –«Бес жылдықтың балғасы» (1931), «Миллион толқын» (1931-1936) еді. Көркемдік дәрежесі биік бұл өлеңдер сол жылдарға қазақ поэзиясының елеулі жетістіктері қатарынан орын алды. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші ғалымдар Тайыр Жароковтің бұл өлеңдерін жоғары бағалады. Тайыр Жароков–диапазоны (ауқымы) кең ақын. Ол туған елі – Қазақстанмен қатар, сол тұстағы бүкіл Кеңестер одағын мекендеген көптеген ұлттардың жарқын өміріне жақсы өлеңдерін арнады. «Кавказға саяхат», «Дон», «Украина», «Баку», «Мақашқала»,«Грузин қызы», «Кавказ шыңы» т.б. өлеңдерінде орыс, украин, грузин, әзірбайжан т.б. елдердің ұл, қыздарының биік тұлғасын, сұлу келбетін тануға ұмтылды. Мұндай өлеңдерден кеңес жерін мекендеген туысқан халықтардың тұрмысы туралы ақынның терең ой-сезімдерінің шын шабыты қанат қаққанын көреміз.
3. Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы Игілік пен Жұманның бейнесі.
Жұман бейнесі.
Патриархалдық-рулық тәртіп салтын берік сақтауға тырысып, қоғам дамуының жаңалық белгілеріне, жақсы нышандарға қарсы тартысып күрескен Жұман сол соқыр дүлей күштің бейнесі. Бір кезде ол - сілтеген шоқпары көздегеніне дөп тиіп тұрған, ақырған даусы жер жарған құдірет иесі еді, бақ-дәулетінде, мал-мүлкінде қисап болмайтын. Капиталистік жаңа қатынастар қазақ даласына сыздықтап ене бастады да, Жұманның тынысы тарылып, әл-қуаты азайып, аяқ-қолы буыла бастады. Оның қазіргі домаланған мықыр қалпынын, көнерген сыртқы кейпінің өзі Жұмандар дәуірінің діңкесі құрып, дәрмені біткенін айқындап тұр: «Жұман Алтай-Қарпыққа мәлім тапал адам. Бірақ денесі төртпақ, сом жаралған. Көлденеңі күректей мұқыл, тырнақ-саусақтары келінің сабындай жұп-жуан. Қылтанақ шығып көрмеген қасқа шегінен тағалы ат тайып жығылғандай. Салбырай бастаған ұртына дейін табиғи тәртіпті бұзбай-ақ келген бурыл сақал қасқа иектен тайып кеткендей, алқымға барып ұйлығып қалыпты да, сақалдан гөрі, ұйысып қалған көк шулан жүнге көбірек ұқсап тұрады. Жүзінің басқа мөрі түгел өшуге жақындап, ескі теңгеліктей көмескі тартқан. Бар мінезі көздерін жартысынан асыра жауып алып, енді етегін көрместей, біржола түйілген қабақта ғана қалған сияқты».
Көзді жартысынан асыра жауып алған салбыраған қабақ феодалдық ескіліктің қара пердесі секілді, осы перде Жұманға қоғамның жаңа белгілерін көрсетпейді. Жұман жаңалық атаулыға тыжырына қарайды әрі одан өзі өлердей қорқады. Өйткені бір кезде Жұманның малы жайлаған байтақ даланың түгін ұстараша жайпай бастаған игіліктің шөп машиналарының сырылдаған шалғысы Жұманның да тілерсегін қиып жатыр. Жұман жаңа
тәртіпті бойына дарытпау үшін іргесін аулақ салып, қымтана түседі, тістеніп айқасып та бағады. Бірақ Игілік Жұманның өрісін тарылтып, тықсыра береді.
Игілік бейнесі.
Игiлiк - Жұман секілді шіріген надан бай емес, қазақ даласының байлығын жалмап жұтқалы келе жатқан капитализмнің сыңайын сезіп, заманы түлкі боп өзгерсе, тазы боп шалуға бейімделе бастаған айлакер күш иесі. Ол ақшаның құнын біліп, ақшамен баюдың амалдарын іздестіре бастайды. Игілік әлі нағыз капиталиске айнала қойған жоқ, бірақ оның жүрер бағыты, түпкі мақсаты бізге аян боп қалды. Оның көздегені қайтсе де баю;
бұл жолда ол неден болса да тартынбайды, «түйені түгімен жұтуға» әзір. Капитализмнің озбырлық, сұрқиялық, екі жүзділік мінезі Игіліктің бойына біртіндеп сіңіп жатыр.
Ол жылмита сөйлеп, майда тілімен жалап тұрып-ақ жемiн бiтеудей жұтып жібереді. Өйткені ол ашқарақ капитализмнің қазақ даласында жаңа қалыптаса бастаған жас қомағайы. Мұның уысында байлық та бар, күш те бар; қолынан қорқытып-үркіту де, алдап-арбау да ,қысқасы, не сұмдықтың бәрі де келеді.Бұл сондықтан да Жұманнан әлді. Жұман оны сыртынан сыбағаны болмаса, қарама-қарсы кеп, шарт-шұрт айқасып күш көрсете алмайды. Романда оны былай сипаттайды: «Игілік би паң да, тәккапар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға суық жүз көрсетеп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес. Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді... Бұйырғаны өтінгендей ғана, кесім айтқаны – бітім айтқандай ғана»; «Игілік жұрт көзін сүріндіретін істерді істеп салатын да, өз басы оған мән бермейтіндей көрінгісі келетін» . Игілік заманының екпіні оған дауылдата тиіп, Жұманды бүкіл малымен қоса қаңбақтай үйіріп, ұшырып апарып, жар басынан бір-ақ аударып тастайды. Жұманның заманы төңкеріліп қалады.
ВЕНН диаграммасы
Игілік
|
Ұқсастықтары
|
Жұман
|
Экономикалық жаңа қарым-қатынасқа икемделген жаңа бай Игілік
|
Қыруар малы бар екі байдың тар жерге тығыла қонып жатқанын көрсетіп, шиеленістің үстінен түсіру , кереғар күндестік, көзсіз бақталастық оқиғалары
|
көшпелі дәуірдегі қазақ байының типі Жұман
|
Игіліктің бет-әлпетін сипаттауға бір сөйлемнің жартысы ғана жұмсалған
|
Жұманның портретін оның бет-әлпетін түгел сипаттау арқылы жасалған
|
Сол заманның материалды-техникалық әлеміндегі жаңалық атаулыға құлағы түрік, ынташыл, қиырдан ойлайтын Игілік
|
Қарабайдың сараңдығын бойына асыра сіңірген, күйгелек әрі беймаза, іші тар, шолақ түйсікті, дүниеқор, іліп алар бір қасиеті жоқ Жұман бай
|
Өмірді ақшамен
өлшейтін үлкен есептің адамы, дініне берік үстем тап өкілі
|
Қырсығып, қарсыласына алдымен қыр көрсететін Жұман ылғи да ойсырай жеңіліп, жерге отырып қалады. Ашулық, ызақорлығы мен ақылсыздығынан жапа шегетін Жұманның елден ерек қараулығын бедерлейтін нақты психологиялық детальдар жеткілікті.
|
Игілік тұлғасын әр қырынан, көтере сипаттаусыз, нақты мінездік штрихтармен жан-жақты реалистік нақыштар арқылы суреттесе, “Алтай-Қарпыққа мәлім тапал адам”, “мұқыл тырнақты саусақтары келінің сабындай жұп-жуан”, “қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып жығылғандай”, “етегін көтерместей біржола түйілген қабақты”
|
Жұманның портреттік сипаттамасынан бастап, жүріс-тұрыс, іс-қылығына дейін гротескілік сықаймен, ернеуі іркілмес мол юмор өрнектерімен бейнелейді. Жұманның прообразын фольклорлық дәстүрден іздесек, Қарабай тұлғасымен тамырластықты байқаймыз.
|
Билет №3 Айым
$$$ Кейс-тапсырма.
1. 1941-1945 жылдардағы қазақ поэзиясы.
2. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы.
3. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» ғұмырнамалық шығармасына талдау жасаңыз.
1941-1945 жылдардағы қазақ поэзиясы.
Әлеуметтік-тарихи өзгерістер мен құбылыстарға қашанда алдымен үн қатуға, өз үнін білдіруге әзір, елгезек халық ақындары соғыс жылдарында жиі көрінді. Дүниеге келу процесі жазба әдебиет шығармасына қарағанда әлдеқайда жедел, тыңдаушыға тікелей идеялық-эстетикалық әсер ете алатын ұшқыр, көркемдік нысанасы айқын ауыз әдебиеті туындылары – халық ақындарының өлең-жырлары алдымен ауызша айтылып, содан кейін мерзімді баспасөз беттерінде, одан кейін жинақтарда жарияланып жатты. Ақындар айтысында да соғыс жылдарының шындығы, мәселелері – жетістіктер мен кемшіліктер көрсетілді, әр өлкедегі сәулелі сәттер марапатталып, көлеңкелі тұстар нақты мысалдар арқылы сынға алынды, содан соң жеке кітап болып басылып шықты («Ақындар айтысы», 1944). Әсіресе, ұлы Жамбылдың даусы асқақ та айбынды естілді. Оның мерзімді басылымда күн қ ұрғатпай жарық көрген, бүкіл еліміздің радиоларынан күн сайын дерлік саңқылдап, асқақ шабытпен оқылған, туған елге деген махаббатқа, құрметке толы жалынды жырлары жеке кітап болып шығып жатты. Жамбыл Жабаев «Шығармалары» (1940), «Болат тонды батырлар» (1941), «Майдан жыры» (1942), «Отан әмірі» (1941), «Майдан жыры» (1942), «Алынбас қамал» (1943), «Қамал бұзған қаһарман» (1945) жеке кітап болып ұсынылды. 95 жастағы қарт жыраудың тарихи-саяси жағдайды жете байыптауға мүмкіндігі болмағандықтан, республика үкіметі тарапынан, әр түрлі ресми және шығармашылық ұйымдар тарапынан оның әдеби хатшыларына (Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Т.Жароков, Қ.Әбдіқадыров) ықпал жасалып, қарт ақынның сол тұстағы кеңес мемлекеті басшыларын, Сталинді мадақтау да тапсырылғаны, олардың кеңес елін бақытты болашаққа бастайтын тұлғалар ретінде түсіндіруге айрықша күш салынды.
Бүгінде Жамбыл шығармаларын, оның идеялық нысанасына емес, көркемдік кестесіне байланысты бағалағанда ғана, ақынның, сол арқылы сол кезеңдегі жалпы халық поэзиясының, ауыз әдебиетінің көркемдік айырмашылықтарын тереңірек түсінуге болады. Бірінен бірі асып түсетін небір айшықты теңеулер, образдар, тұтқиылдан тап басатын эпитеттер, айтыс ақындарында жиі кездесетін тәсіл – градацияны шебер пайдалану сол қызумен, сол шеберлігімен жазба әдебиетке, оның ішінде поэзияға ықпал жасау заман, кезең шындығын образ-категориялар арқылы да айшықтау сол арқылы халқымыздың ұлттық рухының басылмай, заман ауыртпалығының астында тапталып жаншылмай, қайта іштей буырқанып, булыға қайраттанып, қор жинай беруіне, ұлттық көркемдік ойдың салалана, тармақтала беруіне, көркемдік танымның көкжиегі кеңи түсуіне, халықтың эстетикалық талғамын өз тұрғысынан кемелдендіруіне, рухани ширығып жігерленіп өсуіне зор ықпал жасағанының нақты мысалдары.
Бұл орайда бір-екі мысал келтірумен шектелейік. Ұлы жырау Жамбылдың ұлы Алғадай майданда мерт болғанда, көз жасын төгіп, жылап айтқан жыры бүкіл қазақ даласының, қазақ халқының көз жасы, ауыр қайғысы болып, байтақ сахараға кең тарады:
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?
Көкірегін кернеген зар, ауыр қайғы осылайша фольклордағы жоқтау сарынын еске салып, фольклордың ұлттық рухтың алтын қоры ретіндегі қызметін көрсете отырып, халықтың көкірегінде басқыншы жауға деген ыза-кегін оятты, ашу отын тұтандырды. Сол себепті Жамбылдың:
Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме,
Шапты фашист дегенде,
Ашуменен аралас
Жыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап денемде, -деген тегеурінді толғанысы қиындықтан шираған, ашумен кектен шиыршық атқан жалпақ елдің жүрекжарды сөзі болатын. Бұл ретте, әрине, кеңес идеологиясының күллі мемлекеттік көлемде ғажап серпінмен үздіксіз, қисапсыз жұмыс істегенін, соның арқасында «Отаным – Совет Одағы» деген ұғымның қалыптаса бастауына, Ленин идеяларын кезең талабына үйлестіре пайдалануы да көп көмегін тигізгенін ескеру керек. Мерзімді баспасөз беттеріне, жинақтарға ақындардың осы рухта дабылдатып өрлейтін, майдангерлер ерлігін оятуға себі тиетін шығармалар бірінші кезекте іріктеліп алынды. Бұл кездегі поэзиядағы тақырыптық бірыңғайлықтың орын алуына осындай талап қоюшылықтың әсері тиді.
Мәселен, Жамбылдың «Майдан жыры» (1942) атты кітабына енген жырлар: «Ленин қаласындағы өрендерім» (кейін ақын қайта толғаған соң «Ленинградтық өрендерім» болып өзгерді), «Москваға», «Қаһарлы Москва қамалы», «Совет гвардецтеріне», т.б. болып келеді. Немесе Нұрпейіс Байғаниннің таңдамалы шығармаларында (1945) «Зор майданға шапшаң бар», «Сталиндік сұңқарлар», т.т. тәрізді туындылар бар. Бұл сипат сол кездегі халық ақындарына да, жазба поэзия өкілдеріне де тән.
Кеңес идеологиясы халық ақындарының шығармаларын жариялағанда, ең алдымен, бүкіл халықты жауға қарсы күреске жұмылдыруды мақсат еткені мәлім. О.Шипиннің «Аманкелді» (1943) қиссасына жазылған «Сөз соңында» «Жауынгерлер батыр атасының ерліктерімен таныссын, ол ерліктер неміс басқыншыларын талқандауда оларға рух берсін. Біздің тілегіміз де осы» деп ашық айтылады. Алайда халық ақындарының шығармаларында отарлаушыларға қарсылық айқын немесе жол-жөнекей көрсетілген жағдайда жариялана берген жоқ. Мәселен, Жамбыл арнайы барып емделетін, сол кездегі атақты тәуіп, әрі балуан, әрі ақын Тәжібай Байбағысұлының «Байсейіт батыр» атты дастанын Ә.Қоңыратбаев 1940 жылы жазып алса да, жарық көрмеген.
Аталғандардан басқа да халық ақындарының, мәселен, Д.Әлімбаевтың «Толғау» (1941), Н.Байғаниннің «Ақын шабыты» (1940), И.Байзақовтың «Ақбөпе» (1945), «Кавказ» (1941), Н.Баймұратовтың «Ер Төлеген» (1945), С.Керімбековтің «Бес мылтық» (1940), Ш.Қошқарбаевтың «Сөйле, Шашеке» (1942), М.Мөңкеұлының «Қарасай-Қази» (1943), О.Шипиннің «Аманкелді» (1942) сияқты кітаптары оқырмандарға жол тартты.
Міне, осындай жағдайда кең таралған, қалың елдің құрметіне ие болып, еңсесі түспей, ертеңгі күнге үміт артуына, ауыр қайғыдан аршылуына, батыр бабаларының ерлігін еске алып, аруағын шақыруына, торығу торынан құтылуына халық ақындарының сіңірген тарихи еңбегі баға жеткісіз. Сол кездегі кеңес елі құрамындағы алуан халықтардың қай-қайсысында да халық шығармашылығы өкілдері зор еңбек сіңірді десек те, қазақ, қырғыз, қарақалпақ секілді көшпелі өмір салтын ұстануға мәжбүр болған елдер үшін халық ақындарының шығармашылығы қайталанбас, тарихи мәні зор құбылыс болғанын айрықша ескергенде ғана, сол тұстағы халықтың рухани тіршілігін біршама нақтырақ, ауқымдырақ сезінуге болады.
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы.
Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл Көшен қыстауында дүниеге келген. 1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдаған соң Оралдағы педагогикалық институтқа түседі. 1930 жылы Алматыға барып «Лениншіл жас» газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931 жылы Қасым Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Оралға келіп «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке тұрады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.
Алғашқы өлеңдерін Қасым Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазылған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған. Касым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркемдік басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылады.
1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.
1939-1941 жылдар арасында Қасымның шығармашылығының елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заул
а Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбыра, сырнай, скрипка, пионина тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. «Дариға, сол қыз», «Туған жер» атты әндері бүгінгі шырқалатын әндер тізімінің қатарында. Қасым Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.
Қасым Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәуле, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан», «Жамбыл тойында» атты поэмалары – оның эпиктігінің дәлелі.
Қасым 1941-1945 жылдары соғысқа қатысып, жауға қарсы қолындағы қарумен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын «Мазасыз муза», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» сияқты патриоттық өлеңдерін жазды. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалық өлең жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал «Елге хат», «Достар, қайда жүрсіңдер?», «Ағайға» деген өлеңдері туған елді, дос-жарандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.
Соғыс аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның «Біздің дастан» поэмасы жазылып, таңдамалы өлеңдер жинағы «Дауыл» деген атпен жарық көрді.
1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтары, «Таңдамалы шығармалар жинағы» басылып шықты.
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауру халде жатса да өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездері Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел – оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті.
1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының 3 съезінің ашылуына қатысты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты меңдей түсті. 1955 жылы 18-қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған.
Өлеңдері
|
Поэмалары
|
Пьесалары
|
Аудармалары
|
«Сарыарқа»
«Дауыл» «Ағайға»
«Бикеш» «Дариға, сол қыз» және т.б.
|
«Досымның үйленуі» «Аңқау Жүсіп» «Бикеш» «Құпия қыз» «Ақын өлімі туралы аңыз»
|
«Аңқау Жүсіп» «Досымның үйленуі» және т.б.
|
Д.Байрон , М.Лермонтов, А.Пушкин, Н.Некрасов, Т.Шевченко, В.Маяковский, А.Твардовский, Низами
|
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» ғұмырнамалық шығармасына талдау жасаңыз.
Аталмыш шығармада Бауыржан Момышұлы өз ортасынан алған тәрбиесін өзіне ғана тән көркемдік дәлдікпен суреттеген. Бұл шығарманы оңтүстік қазақтары туралы нағыз этнографиялық шығарма десек артық айтпаймыз. Өзге жұрт, кейінгі ұрпақ қазақ халқының бай салт-дәстүрін «Абай жолынан» оқып-білгендігі анық. Алайда бұған қоса «Ұшқан ұяны» оқыған адамның қазақ туралы пайымы одан да нақтылана түсетіні ақиқат.
Жазушы «Ұшқан ұя» шығармасында балалық шағында, көрген куә болған, есте қалған оқиғалар арқылы жалпы сол тұстағы әлеуметтік кезеңді, қоғамдық өмірді суреттеу мәселелерін басты міндет етіп қояды. Қаламгер өзінің ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірін еркін әңгімелейді.
Повесте қазақ ауылының көрінісі байыпты да терең бейнеленеді. Шығармада кеңестік идеологияның ыңғайына бейімделген, идея үшін боямаланған, қазақ өміріне қисынсыз келетін, ойдан қрастырылған оқиғалар кездеспейді. Өткен оқиғаларды әңгімелейтін шығарманың құндылығы да, өміршеңдігі де тарихи шындықтан, тарихи оқиғалардан алшақ кетпеуінде десек, Бауыржан Момышұлы да өзі өмір сүрген дәуірді шыншыл суреттеп, бастан өткенді ой елегінен өткізіп, өмір сыйлаған қуанышты, қиындықтарды шыншылдықпен жаза алды.
«Ұшқан ұя» повесі қамтитын уақыт кезеңі – Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары. Повесте сол замандағы қазақтардың экономикалық өмірі, оның ерекшелігі және ағайыншылықпен бүркемеленген малдының малсызды қанау тәсілі айқын көрсетілген. «Ал тақыр кедейлер байлардан күш-көлік, киім-кешек, тамақ алып дән сепсе, өз жерінің өніміне өзі қожа бола алмай түсімнің төрттен бірін ғана иемденіп жүрді.
Көшпелі тірліктің көлемі тарылып, ауқымы азая бастаған сайын егішілік ұлғая берді. Малды ауыл қыс бойы Қаратаудың ар жағын жайлап, ерте көктемде елге оралар еді. Сөйтіп кедейлерге қос беретінді шығарды» [2, 44]. Автор қазақтардың өміріндегі үлкен бетбұрыстың басталуын, атап айтқанда, егіншілікке, отырықшылыққа бірте-бірте көшуді суреттейді. Жазушы нақты материал арқылы қарапайым еңбек адамдарының қарым-қатынастарында туған қазақ және орыс халықтарының достығын көрсетеді.
«Ұшқан ұядағы» жылы сезім, шуақты көңілдің нұрынан жаралған образ деп, Бауыржан Момышұлының әжесі Қызтумастың образын айтамыз. Бауыржанның әжесі айнала ортаның, ащы өмірдің, қатал тағдырдың азап, зардабының бәрін бастан кешсе де соған төтеп берген, бойына дарытпаған ақылды, қайсар, саналы да саялы әзиз ананың образы болып шыққан дей келіп, ғалым-сыншы әжесінің немересіне дарытқан асыл қасиеттеріне былай тұжырым жасайды: «Болашақ батырдың ең алғаш дүние тануына, характерінің жастай қалыптасып, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен осы әже. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де қазақ халқының қашаннан өмір қазанында қорыған ұзақ тәжірибеде шыңдалған даналық ұғымдарын, ізгі салт, дәстүрлерін бойында сақтаған адам, өмірдің сұлулығын, еңбектің поэзиясын, достық пен бірліктің, адамгершілік пен адал семьяның қадірін, қажеттігін ұғынған жан және осы ұрпақтарды өз төңірегіне, әсіресе сүйікті немересінің жүрегіне бала кезінен бастап еккен ана» [3, 51].
Бауыржан Момышұлы өз өмірбаянын өзі жазып кеткен адам. Сондықтанда біз автордың өз шығармаларына сүйене отырып батырдың ғұмырнамасы мен шығармашылық жолын және өскен ортасын, алған тәрбиесін көрсетуге тырыстық.
Бауыржан Момышұлының айтулы шығармаларында көненің көзіндей болып әдет-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз жазылып тұр. Әрине, Бауыржан Момышұлы өз жанынан әдет-ғұрыпты ойлап шығарған жоқ. Халық арасында қолданғандарын екшеп алған. Алғанда, жай ала салмаған. Оларды өз шығармаларында тайға таңба басқандай етіп қалдырған. Сондықтан да Бауыржан Момышұлы туралы жазылған өзгелердің де, өз туындыларында да оның адамдық болмысы қазақ халқының ұлттық болмысымен бірігіп астасып жатады.
Билет №4 Жансая
$$$ Кейс-тапсырма.
1. 1941-1960 жылдардағы қазақ поэмалары.
2. Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы.
3. Үзінді қай шығармадан алынған, көтерілген мәселені анықта.
— Осы маңдағы елдің бәрі де колхоз болды ма?
— Колхозсыз жер бар дейсіз бе? Әлде, сіздің жақ болыңқырамай келе ме?
— Кім қалпында отыр дейсіз.
— Бәсе, ел-елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой.
— Дегенмен, «Ортақ өгізден, оңаша бұзау» жақсы да.
— Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман бір ме? Заманына қарай амалы да бар емес пе?
1. 1941-1960 жылдардағы қазақ поэмалары.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері бұл тұстағы поэма жанрында да заманалық ерлік пафос туғызды. Қазақтың эпикалық поэзиясындағы шын мәніндегі жауынгерлік дәстүр осы жылдарда айқын көрінді. Бұл жылдары қазақ поэмасы ежелден келе жатқан халықтың жауынгерлік дәстүрін, отаншылдық сезімін, үлкен патриоттық рухын бойына сіңіре отырып, құлашын кең жайды. Бұған Қ.Аманжоловтың, Т.Жароковтың, Қ.Бекхожиннің, Ә.Сәрсенбаевтың, С.Бегалиннің, М.Хакімжанованың
поэмалары дәлел.
Жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы поэмаларға қарағанда, бұл кездегі қазақ поэмаларының сипатында елеулі өзгерістер болды. Әсіресе ол шығармаларда уақыт тынысы, оның халықтық сипаты, ерлік сарыны айрықша көрініс тауып отырды. Барлық поэманың да идеялық-мазмұндық арқауы – халықтың шапқыншы жаумен шайқастағы ерлігін мадақтап, әлемге паш ету болды.
Соғыстың алғашқы тұсында жазылған Т.Жароковтың «Қара мұртты Қаплан», С.Бегалиннің «Ажар» сияқты поэмаларында бүкіл
отандастарымыздың жауға қарсы күреске білек біріктіре отырып аттануы нақты кейіпкердің өмірі арқылы нанымды баяндалғанын көреміз. Қаплан, Қайрат, Ажар сияқты патриоттық бейнелер сол тұстағы шындықтың типтік көріністерінен едәуір хабар бергендей.
Қазақ ақындарының поэмаларында өмірде болған нақтылы, тарихи оқиғалар мен тарихи кейіпкерлер де көрнекті орын алды. Олар Отан соғысының даңқты батырларын кең тынысты жанрда бейнелеуге ұмтылды. Қ.Бекхожиннің, Қ.Аманжоловтың, Ә.Сәрсенбаевтың, М.Хакімжанованың, Т.Жароковтың, С.Бегалиннің поэмаларында дауылды жылдардағы халық өмірінің эпикалық суреттері бірсыдырғы дұрыс берілді. Қазақ поэмаларында Мәскеуді қорғауда теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, атағы бүкіл әлемге жайылған жиырма сегіз батырдың, жаумен айқаста ерлік туын биік ұстаған даңқты батыр, қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиевтың, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың қаһармандық бейнелері сомдалған. Елімізге опасыздықпен баса-көктеп келген фашистердің жауыздық істері уытты жолдармен әшкереленіп отырды. Бұл жылдарғы поэмалардың тағы бір ерекшелігі – оларда ақын мен кейіпкердің бір-бірімен жақындасып, етене бірігуінің күшейе түсуі. Поэмаларда ақын бас кейіпкердің өнегелі іс-әрекетін, батырлық тұлғасын суреттей отырып, оны өз бауырындай сезінеді, онымен сырласады, пікір-кеңесін, ой-сезімін ортақтастырады, кейде тікелей сөйлеседі, бірге қуанып, бірге ренжиді, бірге дұшпанға қарсы кектенеді. Оның ерлігіне сүйсінсе, өліміне қабырғасы қайыса жас төгеді. Бір сөзбен айтқанда, ақын мен кейіпкер сезімі қабырғаласып, қатар жарысқа түседі.
Сұлу күлсе, жыр да күлмек, –
Ол мұңайса, бірге егілмек... –дейді ақын Т.Жароков («Зоя туралы жыр») бас кейіпкер Зояның тағдырына өзі тікелей ортақтаса отырып.
Торға түскен тоты құстай келбетің,
Айналайын, ар-намысты бермеші! –дейді ақын М.Хакімжанова («Мәншүк») қиын-қыстауда арпалысқан бас кейіпкер Мәншүкке.
Ал «Ажар» поэмасында майданда Отан үшін ғажайып ерлік көрсеткен ұлының қасиетті ісіне сүйсінген анамен сырласа отырып, ақын сол қадірмен анаға:
Асқардың әнмен оят тас жүрегін,
Ана ару, жерде қалмас ақ тілегің,
Ардақты ұланыңның ер атанып,
Мақтаншы алғанына жаудан кегін, деп, тікелей тіл қатады.
Бұл сияқты ақын мен кейіпкердің жүрекпен сырласуы, ара-қатынасының жақын тартуы поэманың оқырман сезіміне ықпалын күшейтіп, онда суреттелген өмір шындығының нанымдылығын арттыра түседі.
Ұлы Отан соғысында біздің елдің адамдары адамзат тарихында бұрын-соңды кездеспеген ерліктің неше алуан үлгілерін көрсетті. Сондай ғажайып ерліктің бірі – 1941 жылғы 16 қарашадағы Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезіндегі 28 панфиловшы-гвардияшылардың немістің 50 танкісіне қарсы шайқастағы тіл жеткісіз батырлығы болғаны тарихтан мәлім. Соғыстың алғашқы жылдарының өзінде-ақ біздің жауынгерлердің осы тарихи ерлігіне арналған лирикалық та, эпикалық та туындылар көптеп жарық көре бастады. 1942 жылдың басында Н.Тихоновтың «28 гвардияшылар туралы сөз», М.Светловтың «Жиырма сегіз», П.Кузнецовтің «Панфиловшылар», қырғыз ақыны А.Тоқамбаевтың «28 батыр», қазақ ақыны Қ.Бекхожиннің «Жиырма сегіз» атты поэмалары жазылды. Алған объектісі ортақ болғанмен, бұл шығармалардың ұқсас жақтарымен қатар, ерекшеліктері де аз емес. Аталған ақындардың бәрі де өз туындыларында болған тарихи фактіден онша ауытқыған жоқ, Василий Клочков бастаған 28 жауынгерді даңқты генерал И.В.Панфиловтың ерлікке баулығанын, жаудың 50 танкісін талқандап жеңген олардың өмірінің көркем эпизодтарын тарихи шындыққа сәйкес бейнелеп берді. Н.Тихонов, М.Светлов поэмаларында политрук В.Клочковтың «Россия –кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва» деп, 28 жауынгерді рухтандырған патриоттық жалынды сөздеріне дейін дәлме-дәл келтірілген. Қ.Бекхожин поэмасында 28 жауынгердің майдан даласындағы қаһармандық іс-әрекеттері әрі көркем, әрі тарихи шындыққа сәйкес жырланды. Әсіресе Н.Тихонов, М.Светлов поэмаларында И.Панфилов, В.Клочков, Д.Қожабергенов, И.Натаров, Ә.Қосаев, Г.Шемякин, П.Емцов, ГЛетренко, Я.Бондаренко, А.Крючков, И.Шепетков, М.Сеңгірбаев сияқты жауынгерлердің тарихи ерлігін нақты түрде суреттеуге талаптану бар. Кейде олардың ой-сезімін, қимылын, көңіл-күйін, айтқан сөздерін сол қалпында бейнелеуі де байқалып қалады. Бұл жайлар аталған поэмалардың тарихи нақтылығын арттырып, күшейте түсті. Сол бір ауыр сын сағаттарда шындала түскен еліміздегі халықтар достығының ұлы күшін сипаттау да аталған поэмалардың идеялық арқауы болып табылады.
Аталған ақындар – әр ұлттың өкілдері. Алайда алған объектілері ортақ болғандықтан, ақындардың көркемдік бейнелеу әдістеріндегі кейбір ұқсастықтарға таң қалуға болмайды. Мәселен, Н.Тихонов, Қ.Бекхожин поэмаларындағы Дубосеково разъезіндегі шайқас тұсындағы қысқы пейзажды суреттеу, көбінесе, ұқсас шыққан. Бірақ бұл үнемі осылай емес. Нақты көркемдік бейнелеуде айырмалар толып жатыр. Н.Тихонов жаудың топас темір танктерін жалғыз мүйізді өгізге теңесе, Қ.Бекхожин құмырсқадай өрмелеген жау танктерін аждаһамен салыстырады. Ақындар салыстыру әдісін де ұтымды пайдаланады. Қ.Бекхожин жауынгерлер талқандап қиратқан жау танктерін мыжырайған сұрқай молаға балай отырып, жиырма сегіз жауынгердің төтенше жеңісіне шаттанып, еңсесі көтерілген Мәскеудің таң нұрымен жарқыраған биік мұнарасын оған қарама-қарсы қояды. Елін сатқан опасыз қорқақ солдатты қоян жүрек деп лағнеттесе, зұлым жаумен табандылықпен майдандасқан 28 жауынгерді от жүректі жолбарысқа теңейді.
Бұл тұстағы поэмаларда партизандардың ерлік өмірі де айқын көрініс тапқан. Т.Жароковтың «Зоя туралы жыр», Ә.Сәрсенбаевтың «Намыс ұлы» сияқты поэмаларында партизандардың басқыншы жауға қарсы күрестегі қаһармандық тұлғалары тәп-тәуір бейнеленген.
18 жасар батыр қыздың патриоттық жарқын бейнесі бүкіл кеңес жастарына үлгі болып, оларды ерлікке, отаншылдыққа рухтандырып, жігерлендірді.
«Зоя туралы жырда» батыр қыздың жас та, қысқа өмірінің шындығы келісті жырланған. Ақын Зояның мектеп бітіруін, өзі тіленіп майданға аттануын, партизандармен бірге Петрищево селосындағы неміс басқыншыларынан аянбай кек алуын шынайы суреттеген.
Жеке атысып партизан қыз, –
Арпалысты жаумен жалғыз.
Гранаттың оғыменен,
Немістерді тобыменен,
Партизан қыз шын тықсырды,
Талайын жер құштырды.
Бұл–поэманың шарықтау шегі. Батыр қыздың қанқұйлы жаумен ерлік шайқасы эпикалық реңкпен суреттелген. Автор шындық шеңберінен шықпайды. Күші басым дұшпанмен теңсіз айқаста Зояның тұтқынға түсіп, жаудың оны айуандықпен азаптауын ақын ашына жырлаған. Бұл тұста автор егіліп, еңіремейді. Қайта сол шексіз жауыздықпен бетпе-бет келгендегі Зояның ерлігін, өжеттігін, қайтпас қайсарлығын толық бейнелеуді көркемдік нысана етеді. «Нар кескендей ер кескінді» қыздың иілмейтін, сынбайтын характерін көрген мейірімсіз дұшпан оны дарға асып өлтіреді. Поэма соңында автор Зояны өлтіру – жеңу еместігін, Зояның мәңгі тірлігін, оның батырлық бейнесінің кейінгі ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге берерлік жеңімпаздық, рухтандырушылық күш-қуатын көтере жырлайды.
Зоя өмірі – бүкіл кеңестік әдебиеттің назарын аударған соғыс жылдарындағы жоталы тақырыптың бірі еді. Зоя жайында белгілі орыс ақыны Маргарита Алигер 1942 жылы поэма жазды. Бүкіл кеңестік поэзияның зор табысы болған бұл шығармаға кезінде Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақ ақыны Т.Жароковтың поэмасы көпшілік жағдайда М.Алигер дастанымен үндес екенін байқау қиын емес. Патриоттық сарын, ерлікті дәріптеу – екі поэманың да идеялық арқауы.
Ә.Сәрсенбаевтың«Намыс ұлы» (1943) поэмасы да Украинадағы парти-зандар ерлігіне арналған. Поэмада неміс басқыншыларының бейбіт халыққа жасаған бүлігі, айуандық әрекеттері уытты өлең жолдарымен беріледі. Поэмада Темір мен Миколаның неміс фашистерінен шеккен жәбір-жапасы нақты да нанымды бейнеленген. Өз аналарының жау қолынан жазықсыз қаза тауып, өз селосының, өздерін мәпелеп өсірген алтын ұя – мектебінің жаудың ойранына ұшырауын көрген Темір мен Микола ыза мен кектің туын ұстап жаумен күреске белді бекем буады. Күрең сақал бастаған партизандардың, оның ішінде Темір мен Миколаның жауды талқандап, оған өлтіре соққы берудегі аршынды әрекеттері поэмада шынайы бейнеленген. Жаудың қоймасын талқандап өртеу, яки дұшпанның қару тиеген поезын қирату, т.б. партизандардың жойқын іс-қимылдары олардың патриоттық, жауынгерлік тұлғасын айқындайды.
Ә.Сәрсенбаевтың 1943 жылы жазған «Шие ағашы» поэмасы – да сол бір сұрапыл жылдардың ащы шындығын реалистік мәнерде бейнелеген туындылардың бірі. Поэмада негізінен неміс басқыншыларының жан түршігерлік жауыздығы, айуаннан да бетер қаныпезерлігі қатты әшкереленеді. Әсіресе бір жасар жазықсыз, бейкүнә сәби Миколаны фашистердің екі ананың көз алдында шырылдатып дарға асуы – адам айтқысыз жауыздықтың үлгісі. Осы қанішерлік жайлы ана әңгімесін естіген кеңес жауынгерлері кек үстіне кек қосып, жауды біржолата аямай талқандай отырып, алға ұмтылады. Поэманың финалы кеңес жауынгерлерінің ана, сәби намысы үшін жаудан кек алатынына, олардың әділ ісінің толық жеңетініне шексіз сендіреді. Шығармадағы оқиға желісі, оның логикалық нысанасы осы бір түйінге жетелейді. Поэма көркемдік контрасқа негізделген. Бір жағынан, дұшпанның шектен шыққан жауыздығы, екінші жағынан, биік адамгершіліктің туын ұстап, жыртқыш фашистерді біржолата талқандауды мұрат тұтқан біздің жауынгерлердің жарқын тұлғасы бірін-бірі толықтырады. Онда жер бетіндегі бүкіл адамзатты фашизм апатынан құтқарып, азаттық әкелуші біздің отандастарымыздың қаһарлы жылдардағы ұлы бейнесі тебірене жырланған.
Майдан мен тылдың құрыштай бірлігі – халқымыздың ұлы жеңісінің негізгі себептерінің бірі еді. Осы бір өмір шындығы да сол тұстағы қазақ поэмаларынан көрініс тауып отырды. Мәселен, ақын С.Бегалиннің «Айдар» атты поэмасының (1944) географиясы кең. Поэмадағы оқиға майданның алғы шебінде – Карпат тауында, Днестр жағасында жүріп жатса, екінші жүйе шалғай тыл – асқар Алатаудың баурайындағы Қарғалы жайлауында өтеді. Поэмада халықтың ертедегі өз елін, туған жерін басқыншы, шапқыншы жаудан қорғаудағы ерлік салтының, жауынгерлік дәстүрінің Ұлы Отан соғысы жылдары кеңес жауынгерлеріне үлгі-өнеге болып, рухтандырғаны сәтті жырланған. Шығармада басты екі кейіпкер бар. Олар: Айдар мен оның анасы Қаламқас. Айдар – майданда Отан үшін төтенше ерлік көрсеткен жауынгер. Днестрді көктей өтіп, қардай борап тұрған оқтың астымен жау шебінен «тіл» әкелген Айдардың батырлығы поэмада жарқын суреттелген. Айдардың осы бір қауіпті де қатерлі шақтағы жауынгерлік еңбегінің арқасында кеңес жауынгерлері азулы жаудың үлкен әскери бекінісін талқандап, ірі жеңіске ие болады. Сонымен қатар, алыс тылдағы Айдардың анасы Қаламқастың майдан үшін, жеңіс үшін жасаған патриоттық қажырлы еңбегі де поэмадан толық көрінеді.
Айдар мен Қаламқас – жинақталған типтік бейнелер. Олар – халықтың майдан мен тылда жауды талқандау жолында зор қажырлылықпен аянбай іс тындырғанын толық байқататын образдар. Поэманың үшінші лирикалық кейіпкері – ақынның өзі. Ақын шығармадағы оқиғаны тек құр баяндаушы ғана емес. Ол өзінің жүрек сезімімен майдандағы және тылдағы оқиғаларға тікелей араласып отырады. Бұл – көркемдік әдіс. Лирикалық кейіпкер ақын поэмасының сыршылдығын, әсерлілігін күшейтіп, идеялық-көркемдік қуатын молайта түскен. Әрине, поэманы мүлде мінсіз деу де қиын. Мәселен, қазіргі заманның әскери техникасын қолданған майдан туралы айта отырып, ақынның арагідік көне заманның қаруларын жауынгерлерге тели сөйлеуі ешбір жарасып тұрған жоқ.
Соғыс жылдарындағы қазақ поэмаларының ішінде идеялық-көркемдік деңгейінің жоғарылығымен дараланып көзге түскен шығарма – Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943) атты атақты поэмасы. Бұл – тарихи дерекке сүйеніп жазылған шығарма. Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсетіп, майдан үстінде қаза болған қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиев (1915-1942) – Қ.Аманжолов поэмасының бас кейіпкері.
Қ.Аманжолов батыр ақынның майдандағы өмірінің шағын эпизоды арқылы сол бір сұрапыл кезеңнің бейнесін жасай отырып, бас кейіпкердің өжеттігін, қаһармандығын, азаматтығын айқын ашады. Ол кейіпкердің жауынгер ақынның өмір тарихын бажайлап тізіп жатпай-ақ, оның өмірінің бір-ақ сәтін – қаһармандықтың асқар шыңына шыққан кезін ғана суреттей отырып, оның батырлық бітімін жарқын түрде мүсіндеген.
Кейіпкер басынан кешкен ғаламат ірі оқиғаны шағын ғана эпизодқа сыйғызып берудің де өзіндік сыры бар. Бұл – сол кезең талабына сәйкес қолданылып отырған ақындық тәсіл. Соғыс кезіндегі аласапыран оқиға, оған араласқан кейіпкердің әрекеттері мен ішкі сезімі сол шағын мерзімнің ішінде танылады. Сондықтан да Қ.Аманжолов кейіпкер өмірін шұбалтып, ұзақ-сонар баяндап жатпай-ақ, поэманың шағын эпизоды арқылы барлық тұлғасын жарқыратып мүсіндеп берген. Бұған, әрине, биік дарын, ірі ақындық шеберлік қажет. Ал Аманжоловтың ақындық шеберлігі осы поэманы жазу үстінде жарқырап танылады.
Ешбір кіріспе, түсініктемесіз-ақ автор оқиғаның шарықтау шегін баяндай жөнеледі. Бірден майданның жан алып, жан беріскен қырғын суреттерін көреміз. Өмір мен өлімнің жекпе-жек келіп соққыласқан шайқасуын танимыз. Ақынның өмір деп отырғаны – әлемдегі бүкіл адамзаттың үміт артар тірегі, азаттық пен бақыттың туын ұстаушы кеңес елі де, өлім дегені – құлдық пен қараңғылықтың, жыртқыштық пен жауыздық атаулының символы фашистер. Ал осы фашистермен «Кекті зілін қорғасынға қоса түйіп» майдандасып жүрген поэмадағы жауынгер – халық өкілі. Жауынгер ерлігі – халық ерлігі, жауынгер жеңісі – халық жеңісі. Ақын шығармасының жинақтаушылық күші, терең мазмұны, биік идеясы осы жайларды аңғартады.
Ақын поэмада табиғат суреттерін шығарманың идеялық мазмұнын терең ашуға ұтымды пайдаланған. Табиғаттың шексіз ашуы – адам ашуы, табиғаттың құдіретті күші – адам күші деген ойды жеткізе айтқан. Поэмада табиғат әрі табиғаттық қалпын сақтаған, әрі айналадағы адамның тіршілігімен тұтасып, жауға қарсы майданға шыққан алып батырдай тұлғалана түскен.
Қанды пышақ – жау күлкісі,
Қақ жарғандай түн жүрегін.
Шошып ұшты орман құсы,
Көл күрсініп алды демін.
Қызғыш болып қызғанышы,
Ер күрсініп алды демін,–деген параллелизм соғыс өміріндегі шиеленіскен драматизмді шынайы жеткізеді. Поэманың бұндай жолдарын оқығанда қаһарлы жылдардың ауыр тынысы сезіліп, шиыршық атқан драматизмнің сарыны құлаққа құйылады. Поэма финалындағы табиғат суреті де үлкен шеберлікпен берілген. Ондағы ер өлімін шартарапқа хабарлауға ұшқан құстар, ер өліміне «көкірегіне бұлтын жиып, ауыр күрсінген аспан», азаланған дауыл, ердің мәңгі тірлігін мадақтап күй шерткен табиғат – поэманың оптимистік жігермен келісті аяқталуына лайықты көркемдік қызмет атқарып тұр.
Поэмада жауынгер ақынның орасан ерлігі, шебер мүсінделген. Поэманың басында ақын «Ырғып бұлттан түсер жайдай, өзі оқ боп атылғандай, ерегеске жанын тігіп, тас бекінген» айбарлы жауынгердің келбетін аңғартады. Кейіпкерді «Қанды көбік қара топанның ортасындағы бейне шың тасқа» балағанда, оның мықтылығы, ерлігі, биіктігі, тасқындаған күші жаудан әлдеқайда басым екенін көрсеткен.
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы.
Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы. Қазақта «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә. Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке аудандық комитеттің хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек. Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтермен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына ат салысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген. Ал 1950-1956 жылдар аралығында әскери академияда сабақ берген және түрлі әскери қызметтерді атқарған.
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Сондай-ақ командир Момышұлы сезімтал тактик болумен қатар, жау шептеріне ішкерілей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болып қана қоймай, алыстан ойлайтын сұңғыла психолог болған.
Бауыржан Момышұлы - әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ–даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Халық қаһарманы» атағы берілді. Осылайша қазақ халқы батыр ұлының асқақ рухын тағы бір рет ұлықтады.
Көрнекті жазушының орыс және қазақ тілдерінде жазып қалдырған «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан» сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып басылды.
«Ұшқан ұя» атты ғұмырнамалық шығармасында: «Келген қонақ ең алдымен менің атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген» деп түйіндеген Баукең одан әрі көп ашыла қоймайды. Сол «Ұшқан ұяда» өзі жақын араласқан отбасы туралы: «Сол күннен бастап Гончаровтар мені іш тартып, еркелете сөйлейтін болды. Бірақ әрқайсысы әртүрлі атап, атымды бүлдіріп бітті. Бірі–Бажан, бірі – Бардан, бірі – Буржан немесе Баржан деп тұрғаны. Ал ақкөңіл кемпір мені тіпті баласындай бауыр тартып, Буроржан дейтін» деп еске алады.
Міне, осыдан-ақ бұл аттың басқалар үшін өте тосын болғанын көреміз. Осы есімді Бауыржан Момышұлы атақ-даңқы шыққанға дейін жалғыз өзі иеленіп келген.
Атақты «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогының авторы, қадірлі қаламгеріміз Әзілхан Нұршайықовтың қойған сауалына батыр былайша жауап береді:
«Автор: Қазір елде сіздің құрметіңізге қойылған Бауыржан есімді балалар көп. Соларға қандай тілек айтар едіңіз?
Бауыржан: Маған білеміз деген жігіттер «Қазақстанда он үш мыңдай Бауыржан бар екен», - деп хабарлады. Мен әзілдеп, оларға: «Менің атым орыстың Иванындай болып бара жатыр екен ғой», - дедім. Бұл әзілім, әрине. Ал мен ол цифрдың анықтығын білмеймін. Білетінім – мен қазіргі Бауыржандардың ішінде бірінші нөмірлі Бауыржанмын. Міне, мен алпысқа келдім. Мені сыйлап, қадірлеп, сәбилеріне менің атымды қойған ата-аналарға, олардың туған-туысқандарына шын ниетпен алғыс айтамын. Ал Бауыржандарға айтарым: Азамат боп өсіңдер, қарақтарым! Қатарларыңнан кем болмаңдар. Бірің болмаса бірің менен асып кетсеңдер, оған ешқандай дауым жоқ. Барлық Бауыржанға, барлық балдырғандарға ақ ниетпен батамды беремін!»
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.
Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түсер еді. Бұл ретте Бауыржан Момышұлының даналық сөздерін келтіріп кетуімізге болады: ер өледі, ел қалады; есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты; ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ; ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ; бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық; өлімнен қорқуға болмайды; еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек; өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық; ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
«Туады ерлер, ел үшін»
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кетпейді естен асыл ер, – деп, ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған.
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих.
«Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы.
Кейін «Ұшқан ұя» атты кітабында баяндағандай, Бауыржанның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», –деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды.
Қаршадайынан-ақ жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады.
Бауыржан Момышұлы туралы қаншама көркем шығармалар дүниеге келді. Олар Александр Бектің «Арпалыс», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», келіні Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер», ұлы Бақытжанның «Жанымның жарық жұлдызы» және тағы басқа шығармалар еді.
Тумасынан асқан дарынды Баукең 1956 жылы ең алғаш қаруын қаламға айырбастап, бірыңғай жазушылықпен айналысады. Оның қарымды қаламынан туған «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва», «Майдандағы кездесулер», «Куба әскері», «Жон арқа», «Өмір өшкен жоқ» атты түрлі шығармалары әдебиетімізге қосылған ерлік рухқа толы, елеулі де мол мұра болды.
Ер елімен еңселі. Б. Момышұлының үлкен әдебиетке келуінен де оның отаншылдығын, өз қаруластарына деген сүйіспеншілігін көреміз.
«... Менің көп достарым, майдандастарым опат болды. Егер солар белгісіз күйде қала берсе, онда оның өзі тірі қалғандардың арына, бәрінен бұрын өз басымның ар-намысына шек келтірген болар еді», – дейтін Баукең.
Ол өз шығармаларында өзінің адамгершілігін, азаматтық тұлғасын бар мүмкіндігінше беруге ұмтылды. Момышұлы шығармаларында да сол Момышұлы күйінде көріне білді.
Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі–гвардия полковнигі, жазушы, Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы артында «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» деп аталатын шығармалар қалдырды дедік.
Бауыржан Момышұлының 2004жылы «Жазушы» баспасынан қос томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жинақта «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», деп аталатын туындылары қамтылған. Бұлардың әрқайсысы өзінің жазылу мерзіміне қарай орналастырылыпты. «Қанмен жазылған кітаптан» басқа туындыларының бәрі де бұрын-соңды оқырман қауымға танымал шығармалар болуы себепті, әрі жазылу мерзіміне қарай екінші томға орналастырылған. «Ұшқан ұя» туындысы Бауыржан Момышұлының орыс тілінде «Наша семья» деген атпен жазылған алғашқы көлемді шығармасы болатынды. Бұл шығарма мазмұны мен көркемдігі жағынан жоғары бағаланып, Абай атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алды. Ал «Москва үшін шайқас» деп аталатын туындысы орыс және қазақ тілінде жазылған, әрі Баукеңнің майдан төрінен оралмай қалған қанды көйлек майдандас жауынгерлер тағдырын суреттеумен ерекшеленетін айрықша мәні бар шығармасына айналып үлгерді. Қазақ халқының «Ақын елдің еркесі, батыр елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. Баукеңнің «Москва үшін шайқас» кітабын жазуға атақты «Волокалам тас жолы» кітабының авторы А.Бектің Баукеңе арнап жазған өлеңінің мына бір жолдары себеп болады:
Кейіпкерін пешкі мен ноқаттардай жайылтты,
Ал мендегі геройлар алға тартпақ тарихты.
Өр көкірек ақымақ! Үнің неден тарылды?
Шейіттерді қастерле! Нанға сатпа арыңды!
Қасиетті құрбандар жанын қиды ар үшін,
Қойсам деймін ескерткіш, бұл солдаттық парызым»-
дегеннен Баукеңнің айбарлы үнін есіткендей боламыз.
Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» деп аталатын шығармасы жазылу мерзіміне қарай бірінші томға жіберілді. Бұл туындының дүниеге келу тарихынан біраз мағлұмат бере кетсек: 1943 жылы желтоқсан айының соңында Алматыға майданнан оралған гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлын Қазақстан жұртшылығы құшақ жая зор қуанышпен қарсы алды. Бұған дейін-ақ 1941 жылғы Москва түбіндегі қанды шайқастарда теңдесі жоқ ерлігімен бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қазақстандық 316-атқыштар диизиясының батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлының жан беріп, жан алысқан шайқаста көрсеткен бірегей батырлық ерлігі оның есімін аңызға бөлеп, даңқ тұғырына көтерген болатын-ды. Қан майданнан жараланып емделуге келген батыр ұлын астана жұртшылығы қошеметтеп басына көтерді. Зиялы топпен, атақты ақын атасы Жамбылмен және майданнан хат арқылы хабарласып сырттай танысқан ұлы жазушы Мұхтар Әуезовпен сұхбаттасады.
Астанаға келген атағы жерді жарған батырды астана жұртшылығының мақтаныш сезіммен қарсы алуы өнер қайраткерлері мен ғылым ордаларында дүркірей өткен қайталанбас қызу да, қызықты кездесулерге ұласып жатты. Мінбеден шешен де шешіле сөйлейтін, терең ойлы, ұшқыр пікірлі, дүние танымы мүлде бөлек сезімтал азаматтың кездесулерде майдан жаңалықтары туралы айтқан уытты әңгімелерін жұртшылық ерекше қызығумен қабылдап, аса жоғары бағалап жатты.
Жарақатынан, тез арылып, туған халқының ыстық ықыласы мен махаббатына бөленген батырдың майдан төріне қайта оралып бара жатқан тағдырының немен тынарын кім біліпті? Неде болса оның қан майданда пісіп жетілген ой танымын, өзіндік тума ой толғаныстарын келешек ұрпақ үшін хатқа түсіріп алып қалу қажеттігі айрықша сезілді. Бұл жағдайды терең ұғынған көреген жазушы Мұхтар Әуезов бұл істі жүзеге асыруға тікелей кірісті. Ел қамын ойлаған азамат ағалардың бірін-бірі іштей ұғынып, түсінісуі оларды рухани тұтастыққа бастады. Өйткені ұлы жазушы назары Бауыржан Момышұлына Москва түбіндегі қанды шайқастарда Отан тағдыры қыл үстінде тұрғанда-ақ түсе бастаған болатын-ды. Екі арадағы алғашқы байланыс бір-біріне хат жазысып, пікір алысудан бастама алды. Мұның үстіне атақты жазушының ұлы майдан шындығы жайлы сол дәуірге сай көркем туынды жазу мақсаты да ойда жүретін.
Ұлы Отан соғысы жөнінде асығыс жазылған көптеген шығармаларға көңілі толмай қомақсып жүрген Баукең үлкен жазушының бұл ниетіне қатты риза бола отырып, 1942 жылы тамыздың 18 күні жазған хатында: «...Отан соғысын тақырып етіп еңбек етемін. Ол ат үсті емес, әдеби мағына мазмұнына терең түсініп, біліп алып бастаймын деген ниетіңіз, талабыңыз мені өте қуантады. Сіз сияқты қазақ әдебиетінің полковнигі шынында солай етпеуіне болмайды»,- деп тебірене жазды.
«Ер серігі – сергек ой» әңгімесін жазуға Бауыржан Момышұлы оқыған әңгіме –дәрістің үстінде ойға батқан сияқты. Себебі Мұхтар Әуезовтің «Әшекейлі, айшығы жоқ анық шындық кескін осы»,–деп кең пішіліп, желісін ғана түсіргендей арнаулы ескертпесінде: «...Бұның өзі бір зор дастан, кең хикая болмақ керек. Соған талай ақын, жазушы тағы талай оралып соқсын деп, кең көсіліп шертсін деп, бұл жерде, әзірше тек болған халдің өзін ғана айтпақпыз», –деп шектеле сөйлеп, түбінде Баукеңнің аңызға айналған ерлігі жайлы талай роман, дастандар жазыларына зор сеніммен қараған.
Баукең осы тарихи мәні бар әңгіме-дәрісін өткізу алдында Қаныш Сәтбаев қысқаша кіріспе сөз сөйлегенде: «...Көз алдымызда өтіп жатқан оқиғалар даусыз бүкіл дүние жүзі тарихының игілігіне айналмақ, онымен болашақ ұрпақтан шыққан зерттеушілер де айналысатын болады. Бұл аса маңызды тарихи оқиғалардың, жарқын көріністердің ішінде Ұлы Отан соғысының барысында еліміздің тағдыры шешілген, Москва үшін шайқас жүргізілген 1941 жылдың күзіндегі оқиғалар ерекше маңызды, әрі оның
принципті мәні бар. Москваны қорғаудағы аса жауапты шептер, Қазақстанның абыройы мен даңқына орай, Қазақстанда генерал Панфилов жасақтаған дивизия тапсырылды. Бұл оқиғалар біздің бәріміз үшін де өте маңызды әрі біз бұл аса зор шайқастар жайлы тереңірек білуге тиістіміз.
Полковник Бауыржан Момышұлы сұрапыл шайқастарға қатысушы ғана емес, ол жетекші командир де болды, сондықтан да оның әңгімелері бізге ереше құнды болмақ», – деп, әңгіме-дәрістің болашақ ұрпақтарға арналған мән-мағынасына жете назар аударады.
Баукең әскери өнерді шарықтау шегіне жеткізе игеріп, меңгерген шығыс арасынан шыққан санаулы сардарлардың төбесінен қарап оқшау тұр. Баукеңнің шығармаларын мұқият оқысаң, көзің осыған көп ұзамай жетеді. Әрине, Баукең қалдырған асыл мұраның бәрін жүйелеп, саралап, ғылыми түрде зерттесең, талай диссертацияға тақырып болар еді. Әскери ғылымға қосқан еңбектері мұрты бұзылмай жатыр. Қанмен жазылған «Артымызда Москва» шығармасы – жер шарына қазақ деген сарбаз халық бар екенін паш еткен, ешқашан ескірмейтін киелі кітап. Соғыс, ерлік, жауынгерлік борыш, жанқиярлық, Отансүйгіштік туралы сан мыңдаған кітаптар жазылды. Қиян-кескі шайқастарға қатысқандар да жазды, соғысты кітаптан оқып, кинодан көргендер де жазып жатыр. Бірақ солардың бәрі Александр Бектің «Волоколамское шоссе» (қазақшаға «Арпалыс» деп аударылған) романының көлеңкесінде қалып қояды. Себебі, бұл шығарма Ұлы Отан соғысындағы басты шайқастың тарихы, жаны алқымға тірелген жауынгердің жан
дүниесінің, күйзелісінің соққы берер жұдырыққа айналуының жыр-дастаны, масайраған арам пиғылды жауызды жер жастандырып, жаншудың шынайы көрінісі, қайғы- қасіретті қажыр мен жігерге жеңдіру – жеңіске апарар сара жолдың басты кепілі екендігіне көз жеткізген көсем туынды. Бұл романды осы деңгейге жеткізіп тұрған, әрине, оның басты кейіпкері - Бауыржан Момышұлы. Роман авторы А. Бек бас кейіпкер арқылы қазақ халқын жорықта алдына жан салмай, бес қаруын сақадай сай ұстайтын жауынгер етіп көрсеткен. Шығарма ә дегеннен «В этой книге я всего лишь добросовестный и прилежный писец» деп басталады. Соған қарағанда қаламы ұшқыр жазушы, ойы отты, сөзі жалын, ары таза, намысы өткір, мақсаты баянды, арманы асқақ, ісі адал, өзіне де, өзгеге де қатал, көргені көп, түйгені мол екенін мойындайды. А. Бек қайрақ бола білді, Баукең қазақтың қайқы қылышы болды, қайраған сайын жүзі өткірлене беретін. Баукең тізеден қан кешіп, бораған оқтың арасында өлім мен өмір арпалысып, аспан айналып, жер төңкеріліп жатқанда да өз ұлтының болашғынан үмітін үзген емес. Соны А.Бекке жаздырды, жазушы аянып
3. Үзінді қай шығармадан алынған.
— Осы маңдағы елдің бәрі де колхоз болды ма?
— Колхозсыз жер бар дейсіз бе? Әлде, сіздің жақ болыңқырамай келе ме?
— Кім қалпында отыр дейсіз.
— Бәсе, ел-елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой.
— Дегенмен, «Ортақ өгізден, оңаша бұзау» жақсы да.
— Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман бір ме? Заманына қарай амалы да бар емес пе?
Үзінді Ғабиден Мұстафинннің «Шығанақ» шығармасынан алынған. Шығармадағы мәселе:
Олжабек пен Жамал өтіп бара жатқанда, егінші шалға жолығады, колхоз жұмысын жасап жатқан, сол кезде айтады ғой Олжабек өзі колхозға косылғысы келмейді, өзінің малын өзі бағып жүре бергісі келеді, колхоздасқандарды ортақ өгіз деп түр, өзін оңаша бұзауға теңеген екен. Яғни Олжабектің колхозға қосылғысының келмеуі.
Билет №5 Жанбота
$$$ Кейс-тапсырма.
1941-1960 жылдардағы драматургия.
Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Үзінді қай шығармадан алынған, оқиғаның идеясы.
Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» - деп сыбырлады.
1941-1960 жылдардағы драматургия.
Отызыншы жылдардағы қазақ драматургиясында жетекші орын алған халықтың эпостық шығармалары сюжетіне және тарихи оқиғалардың ізімен (оның ішінде тарихи адамдар да бар) жазылған пьесалар 40–50 жылдары да бұл жанрдың табыстарына негіз болды. Қазақ драматургиясының інжу-маржаны саналып, театр репертуарын құраған да осы тақырыптарға жазылған пьесалар еді. М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абайы» халқымыздың ұлы ақынының өмірі мен ол бастан кешкен құбылыстарды, әлеуметтік орта шындығын бейнелеуге үлгілік қызмет атқарса, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы» халық жадында сақталған аңыздық бейнелерді тірілтіп, нақты өмір суреттеріне айналдыруда, сол арқылы жастардың бас бостандығы үшін күресіп, қайғылы аяқталған романтикалық махаббатын көркемдік шеберлікпен бейнелеуде ұлттық драматургияны жаңа биікке көтерді.
1941 жылы жазылып, жарыққа шыққан Ғабит Мүсіреповтің жаңа пьесасы – «Ақан сері–Ақтоқты» да драматургтің сол бір қарқынмен, шабытпен дүниеге әкелген ерекше күрделі туындысы болды. Бұл да жоғарыда аталған шығармалар сияқты алғашқы күннен бүгінге шейін сахнадан түспей келеді. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде «Ақын трагедиясы» деген атпен Мәскеудің атақты академиялық кіші театрының сахнасынан көрсетілді.
Ғ.Мүсіреповтің драматургиясы, соның ішінде «Ақан сері – Ақтоқты» туралы көп жазылды. Драматургияны зерттеуші С.Ордалиевтің,
Н.Ғабдуллиннің, Ә.Тәжібаевтың, Е.Нұрғалиевтің театр сыншысы
Қ.Қуандықовтың зерттеулерінде трагедияның идеялық-көркемдік ерекшеліктері кеңінен талданған. Солардың ішінде ақын-драматург Ә.Тәжібаевтың Ақанды романтикалық белеске көтере талдауын әбден құптаған мақұл. Ол ақын туралы шабытпен сөйлейді, ғылыми зерттеу емес, поэтикалық трактат оқып отырғандай әсер қалдырады. Автордың Ғ.Мүсірепов шығармасын әлемдік классикадағы – Карл Гуцковтың «Уриель Акоста» атты трагедиясымен қатар қоюы да дәлелді көрінеді.
Трагедия медреседе әндетіп сабақ оқып отырған шәкірттердің үстіне кіріп келген Ақанның оқыс әрекетінен басталады:
Әділет, хазірет, әділет!
Хазірет атын қанға бояп,
Болмап па едің әлі де?
Қараңғыда сорғалаған қан ізі,
Тағы әкелді қақпанға.
Тоқтат, хазірет, тоқтат мынауыңды!
Пьесаның осы экспозициясында тірідей көрге көмілген Мәрзия тағдырынан оқиғаның қауырт басталып, тартыстың бірден шиеленісуі Ақанның қызу қанды әрекетінен көрініп тұр. Хазіреттің әділетсіздігі Ақанды мешіттен кетіп, ашық айқасқа шығуға мәжбүр етеді. Мәрзия тағдыры Ақтотының қайғылы трагедиясына ұласады. Оқиға ауқымы кеңейіп, тартыс желісі ұлғаюына байланысты екіге бөлініп, Ақан, Ақтоқты, Балта, Жылгелді, Сейіт, Мұрат тобы – Науан, Жалмұқан, Серделі тобымен айқасқа түседі.
Басты кейіпкерлердің бейнелері осы ешбір бәсеңдемейтін талас-тартыс, қызу айтыс-пікір, философиялық толғаныстардан кейін дараланып, көркемдік сипаты айқындала түседі.
Тақырыбы мен көтерген мәселелері жағынан осы алуандас пьесалар осы дәуір драматургиясында көп кездеседі. Бірақ кезінде азды-көпті репертуар қажеттілігін өтегені болмаса, көбісі көркемдік мазмұнының әлсіздігінен театр сахнасында тұрақтай алмады. Солардың бір парасы атақты әнші Майра Уәлиқызының өміріне байланысты. Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың 1948 жылы жазылып, сахнаға қойылған «Шаншарлар» пьесасындағы Сайра есімді шағын кейіпкер, сол Майра өмірінен алынған. Сонан кейін қазақ театрында 1952 жылы қойылған Қ.Байсейітов пен Д.Уәлиевтің «Майра» пьесасында Майра бейнесі екінші рет көрінді. Мұның барлығы да әйгілі әншінің бейнесіне барудағы алғашқы қадам, тұңғыш толғаныс қана.
Әйгілі әншінің жинақты да көркем бейнесі Әбділда Тәжібаевтың, 1956 жьілы жазылған «Майра» пьесасында жазылып, драматургияның іргелі жетістіктерінің қатарына қосылды. Кейін (1969) автор пьесаға қайта оралғанда, кейбір көріністеріне өзгерістер енгізді, сол кезеңінің талабына сай оның әлеуметтік мазмұнын тереңдете түсті. Автор Майра қатысатын әрі соның аузымен айтылатын өткір диалогтер мен монологтердің денін ақ өлеңмен жазып, оның әкімшілік-өнерпаздық келбетін айқынырақ ашуға баса көңіл аударған. Сөйтіп, берісі бас бостандығы, әрісі өнер еркіндігі үшін күрескен Майра тағдырын пьесаға драмалық өзек еткен. Және тартыс тек Майраның тағдырына құрылып, сонымен ғана шектеліп қалмай, сол уақыттағы халықтың, еркіндік аңсаған күресімен астасып жатыр. Ақындық шабытпен жазылған пьесада Майра қалың қауымның арасында, әнін сүйген ел-жұртымен тығыз байланыста алынған. Сонан әнші Майра халықтың сүйіктісі, еркесі болып есте қалады.
Қазақ драматургиясында тарихи-биографиялық пьесаларда көп жа-зылды. Алайда олардың көбі, көркемдік олқылығынан, сахнада тұрақтамай, түсіп қалып отырды. Осы тақырыпқа жазылған пьесалардың ішінен театрлардың, репертуарына еніп, сахнада қойылғандары–С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», жайында Қ.Мұқашевтың «Дала дастаны», З.Ақышевтың «Жаяу Мұса», Ш.Хұсайыновтың «Ғани Мұратбаев», т.б. пьесаларды атауға болады. Өмірден ерте кеткен дарынды ақын-драматург Қ.Мұқашевтың «Дала дастанында» халқымыздың асыл перзенті, атақты ақын І.Жансүгіровтің балалық шағы мен өмір кешкен ортасы шынайы суреттеу тапқан. Ақынның дүниеге келуін, көзқарасының қалыптасуын автор сол уақытпен байланыстыру жолын қарастырған. Сондықтан пьесада ол өз заманының ұлы болып қалыптасады. Қазақ даласындағы Қазан төңкерісінің алғашқы кезеңіндегі аумалы-төкпелі құбылыс кейіпкерлерінің әрекеті арқылы көрінуі – пьесаның ұтымды жағы.
Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Жамбыл Жабайұлы (28 ақпан1846, Жамбыл тауы-22 маусым 1945, Алматы) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.
Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Жамбыл енді ақындық суырып-салмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар
1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Айтыстар
Жамбыл мен Айкүміс
Жамбыл мен Құлманбет
Жамбыл мен Шашубай
Жамбыл мен Досмағанбет
Дастандар
Өтеген батыр
Сұраншы батыр
Көрұғлы
Бақ, дәулет, ақыл
Өлеңдер
Атаның әлдиі
Балаларға
Балама хат
Бесік жыры
Ленинградтық өренім
Шәкірт балаларға
ы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.
Үзінді қай шығармадан алынған, оқиғаның идеясы.
Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» - деп сыбырлады.
Үзінді Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан алынған.
Оқиғаның идеясы:баланы тәрбиелеу білу.Яғни,кішкентай Бауыржанның ақсақалдарға амандасуы.Әкесінің айтқан сөзінен кейін,бала қатесін түзеп,киіз үйден шығып,қайтадан кіріп ауыл ақсақалдарына сәлем береді.Әрине оған бәрі күледі.Артынша ақсақалдар сәлемін алып,батасын береді. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін. Яғни өнеге,тәрбие мәселесі бұл оқиғадан
Билет №6 Аида
$$$ Кейс-тапсырма.
1941-1960 жылдардағы сын мен әдеби зерттеулер.
Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы.
Үзінді қай шығармадан алынған, шығарманың идеясы.
Шынайы берген тұлға еді,
Келе жатқан ғасырдан.
Жаздың жылы түні еді,
Өтегеннің тууы,
Жетісу ед мəулеті.
Сырымбет ед əулеті,
Дулат еді руы.
Түннің желі бесік боп,
Тербеткен бөбек уызды,
Қасара біткен маңдайдан,
Жан еді қос мүйізді.
1941-1960 жылдардағы сын мен әдеби зерттеулер.
1941-56 жылдар ішіндегі қазақ әдебиеті басынан кешкен саяси-қоғамдық өмірдің қысымшылығы әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымына да зор әсер етті.
Ұлы Отан соғысы кезінде сын да, зерттеу де көңілдегідей дамуға мүмкіндік ала алмады. Әдебиет кітаптары аз шықты. Әдеби газет-журналдар жабылып қалды, жастар газеттері де шықпады. «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері ғана сақталып (кейде шағын форматпен), олардың бетінде сирек те болса, шығып тұрған кітаптарға сын-рецензиялар басылды. Солардың ішінен көңіл аударатындары – Ғ.Мүсіреповтің, М.Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабы жөнінде жазған «Абай» романы туралы» (1943) мақаласымен майданнан жіберілген Қ.Аманжоловтың «Абдолла» поэмасы және Ә.Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» өлеңі туралы «Майданнан соққан жаңа леп» деген мақаласы (1944). Бұл екі шығарма да «Социалистік Қазақстан»газетінде басылған. Олар туралы пікірді Мүсірепов те сол газетте жариялады. Алғашқы мақала М.Әуезовтің Абай өмірі жайлы эпопеялық туындысының бірінші кітабына арналған еді. Мүсірепов онда ұлы жазушының үлкен жоспарының сәтті басталғанын айтып, романның құрылысына, идеялық-көркемдік сипаттарына бірінші рет кең талдау берді. Екішні мақалада майдангер ақындардың «өзекті өртеп шыққан» жалынды сөздеріне көңіл аударды. «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» деп, майдан жаққа көз салып отырған халыққа бұл жырлар «майданнан соққан жаңа леп» болғанын айтты. Е.Ысмайыловтың, Б.Кенжебаевтың, С.Төлешевтің, Қ.Жармағанбетовтің сирек те болса басылған мақалалары жаңа кітаптар мен әдеби өмірдің мәселелеріне арналды.
Бұрыннан жүріп келе жатқан ғылыми жұмыстың жалғасы ретінде С.Мұқановтың «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихынан очерктер» (1941), А.Жұбановтың «Қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығы» (1944), Қ.Жұмалиев пеп Е.Ысмайыловтың «Қазақ әдебиеті» атты мектепке арнаған оқулықтары шықты. 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толуы атап өтіліп, ақын шығармашылығын зерттеуге арналған еңбектер жарық көрді. Олардың ішінде М.Әуезов пен Б.Кенжебаевтың «Абай – қазақтың ұлы ақыны» атты кітапшасы мен С.Мұқановтың,Қ.Жұмалиевтің, Е.Ысмайыловтың, Б.Шалабаевтың мақалалары бар еді. Бұлардың қатарын соғыс кезінде Қазақстанға келген орыс ғалымы, академик А.С.Орловтың «Қазақтың батырлық эпосы» атты кітабы толықтырды.
1946 жылы ВКП(б) Орталық Комитеті «Звезда» және «Лснинград» журналдары туралы» (14 тамыз), екі жұмадан кейін «Драмалық театрлардың репертуарлары және оны жақсарту шаралары туралы» (26 шілде), 8 күннен соң «Ұлы өмір» кинофильмі туралы» (4 қыркүйек) қаулылар алынды. Сәл кейінірек музыка өнері жайлы «В. Мураделидің «Ұлы достық» операсы туралы» (10 ақпан 1948) қарар шықты.
Алайда, мәдени-әдеби және тарихи мұраны игерудің мүмкіндігі ұзаққа бармады. 1943 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жасалған, одақтың ең мықты тарихшылары Н.М.Дружинин, А.М.Панкратова, А.Н.Бернштам, М.П.Вяткин, т. б. мен қазақ ғылымының өкілдері М. Әуезов, Е.Ысмайылов, Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов қатысып жазылған «Қазақ ССР тарихы» сталиндік сыйлыққа ұсынылды. Талқылау ақырғы сатыға жеткен кезде профессор А.И.Яковлевтің «бұл орысқа қарсы жазылған кітап» деген пікірі белгілі болды. Мұндай шовинистік пікірлерге кезінде жауап берілгенімен, идеологиялық таластарда ол әрдайым еске алынып отырды.
2. Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы.
Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты. Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г. Толмачевтің Д. Қонаев, Н. Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған. «Тел өскен ұл» (реж. Ш. Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2007 жылы дүниеден озды.
3. Үзінді қай шығармадан алынған, шығарманың идеясы.
Шынайы берген тұлға еді,
Келе жатқан ғасырдан.
Жаздың жылы түні еді,
Өтегеннің тууы,
Жетісу ед мəулеті.
Сырымбет ед əулеті,
Дулат еді руы.
Түннің желі бесік боп,
Тербеткен бөбек уызды,
Қасара біткен маңдайдан,
Жан еді қос мүйізді.
Бұл үзінді жыр алыбы Жамбыл Жабаев атамыздың «Өтеген батыр» дастанынан алынған. XVIII ғасырда тарихымызда болған жаугершілік заман мен халық батырының өз еліне жайлы қоныс іздеуі туралы.Он жеті жыл бойы жан-жақты аралап, қазақ үшін лайықты қоныс Жиделібайсын жері деген қорытындыға келеді. Ол еліне келіп тезірек сол Жиделібайсынға көшейік, болмаса ол жерді де орыстар не басқа біреулер иемденіп алады деп халыққа ой тастайды.
Жиделібайсынның жері, ауа райы халыққа жағымды, бірақ ол жердің шөбі жылқы үшін жарамсыз деп те ескертеді. Осыны естіген халық «егер Жиделібайсынның шөбі жылқы өсіруге жарамсыз болса, онда біз ол жаққа көшпейміз» деген шешімге келеді.
Билет №6.2 Ақерке
$$$ Кейс-тапсырма.
1.Ғабит Мүсіреповтің 1941-1960 жылдардағы повестері.
2.Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы.
3. Үзінді қай шығармадан алынған, шығармадағы кейіпкерді сипатта.
Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті — екі шелекпен өзеннен еңірете су тасиды. Жүз баланы асырайтын тайқазан толғанша тасиды. Одан ыдыс-аяқ жууға қосымша тағы тасиды. Кезекшіліктің ең ауыры осы. Интернаттың іргесін жалап ағатын өзеннен асханаға құбыр тартуға ол кезде шама келмеді ме, әлде құнт болмады ма, біз қайдан білейік, әйтеуір, ауыр-ауыр екі шелек буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жеткіншектердің екі иінінен зілдей басып, онсыз да тапал бойды төмен тартар еді.
1.Ғабит Мүсірепов (1902–1985). 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958). Социалистік Еңбек Ері (1974). Қазақстанның Халық жазушысы (1984). «Қазақ батыры» повесі 1950 жылы «Қазақ солдаты» деген атпен роман ретінде басылып шыққан. Бас-аяғы 300 беттен тұрады. Роман үш бөлімге, бөлімдер бірнеше тарауларға бөлінген. Романның бірінші бөлімі он тараудан, екінші бөлімі он үш тараудан, үшінші бөлімі он бір тараудан тұрады. Бас кейіпкер – Қайрош Сарталиев, прототипі – Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов екені оқыған жанға айдан анық. «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытып. Зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін». Шығарма басы осылай басталады. Оқиға Қайроштың сөзімен баяндалады. Сиыр айдап жүрген бала шығарма соңында ержүрек, қайсар, батыр тұлға болып қалыптасады. Барлық кейіпкерлердің өз прототипі бар, демек, ойдан шығарылмаған әдеби шындығы бар роман.
2. Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Қайса мен анасы Бижамал 13 баланы дүниеге әкеліп, оның сегізін аман-есен жеткізген қарапайым еңбек адамдары. Әкесі Қайса 102 жасында өмірден озған. Қ.Қайсенов 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. Ол өзінің өмірлік жары Асыл Қабышқызымен 1937 жылы 19 жасында шаңырақ көтереді, ол кезде жары 17 жаста болған. Қасым мен Асыл Ләззат, Мұрат, Болат, Толқын атты екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Асыл Қабышқызы Қайсеновтің қарындасымен бір мектепте оқыған. Екі жасты таныстырған да батырдың қарындасы. "Сосын ол бірнеше рет біздің ауылға велосипедпен келіп жүрді. Әпкем әрдайым бұл жігіт кім деп сұрай беретін, сонда қалай екенін білмеймін, ол "батыр" деп айттым", - дейді Халық Қаһарманының жары.
1941 жылы Мәскеудегі барлаушылар мектебінде соғыс әліптерін танығаннан кейін, Қасым Қайсенов жау қолында қалған Украина жеріне аттандырылады. Жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен бастап, Қасымның партизандық өмірі басталады. Өмірге Қасым Қайсенов болып дүниеге келген ол Украинаға барғанда бәрі оны "Василий, Вася" деп атап кеткен. Ал оның Вася атанып кетуіне соғыс кезінде жалған құжатпен әскер қатарына қосылуы себеп болған. Ол жерде батырдың есімі – Булатов Василий Михайлович деп жазылған. Ол кезде Украина жеріне аттану жау тылына, ажал аузына барумен тең болатын. Қазақтың қас батыры Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Соғыс жылдары «Вася» деген атпен бүкіл Украинаға танылған Қасым Қайсенов бұрын қазақ деген халықты көрмек түгіл, атын естімеген алуан түрлі ұлттардың арасында жалғыз өзі жай оғындай жарқылдап, қазақтың батырлығын сан мәрте дәлелдеп, еліміздің абыройын асқақтатқанын мақтанышпен айтуға болады.
Шығармашылық жолы
Елге келге соң Жұмағали Саин ағалық қамқорлығын көрсетіп, шығармашылық жолында ақылшы, қатал сыншы да бола білген. Өзінің әдебиетке атсалысып, қолына қалам ұстауы да аға буынның арқасында дейді ол.
"Жұмекеңдей ақын алып келгеннен кейін Алматымен таныстығым ақын-жазушылардан басталды. Алғаш таныстырған адамы – Сәбит Мұқанов. Одан кейін Тайыр Жароков, Қасым Аманжолов, Мұқан Иманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Сәуірбек Бақбергенов, Хамит Ерғалиев, Шахмет Құсайынов секілді әдебиеттің аса дарынды өкілдерімен қауышуыма мүмкіндік туды. Бұл да тағдырымның сыйы, Құдайдың бір қолдағаны шығар деп ойлаймын. Мен оларға бауыр басып кеттім. Олар мені ертіп жүреді. Кейде өздері іздеп тауып алады. Әңгіме айтуымды сұрайды", - деді батыр.
Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдер мен қарапайым жауынгерлердің ерлігін шынайы баяндайтын көптеген шығарманың авторы. 1955 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқярлық ерлігін шынайы суреттеген "Илько Витряк" кітабы жарық көрді. 1959 жылы "Ажал аузынан", 1960 жылы "Жау тылындағы бала" атты партизан жазбалары шықты. Жетпісінші жылдары "Днепрде", "Жау тылында" мол тиражбен екі рет басылып шықты.
1964 жылы Тарас Шевченконың 150 жылдық тойына қатысу үшін Украинаға барды. Осы сапарынан соң "Партизан соқпақтары" кітабы жарық көрді.
1978 жылы 60 жасқа толған мерейтойына орай "Народные мстители" повестер мен әңгімелер жинағы жарыққа шықты.
Көзінің тірісінде аңызға айналған батыр, партизан, жазушы, "Халық қаһарманы", "Отан" орденінің және А. Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қасым Қайсенов 2006 жылы 30 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр дерттен Алматыдағы өз үйінде қайтыс болды.
Ол тек жауынгер ғана емес, көрнекті қаламгер ретінде елдің есінде қалды.
Батырдың жары Асыл Қабышқызы 2020 жылдың 25 қаңтарында 99 жасында өмірден озды.
«ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА» ПОВЕСІ
Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағы әке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жамал жетектеп эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон қирайды. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.
3. Үзінді қай шығармадан алынған, шығармадағы кейіпкерді сипатта.
Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті — екі шелекпен өзеннен еңірете су тасиды. Жүз баланы асырайтын тайқазан толғанша тасиды. Одан ыдыс-аяқ жууға қосымша тағы тасиды. Кезекшіліктің ең ауыры осы. Интернаттың іргесін жалап ағатын өзеннен асханаға құбыр тартуға ол кезде шама келмеді ме, әлде құнт болмады ма, біз қайдан білейік, әйтеуір, ауыр-ауыр екі шелек буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жеткіншектердің екі иінінен зілдей басып, онсыз да тапал бойды төмен тартар еді.
Үзінді Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» атты әңгімесінен берілген. Басты кейіпкер – Әлтай. Әңгімеде «Әлтай нанға тоймаушы еді. Басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала болатын. Болбырақ, оқуға олақ, есіл-дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді. Сабақтан қала береді. Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады» деп сипатталады.
Билет №6.3 Жұпар
$$$ Кейс-тапсырма.
Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романы.
Ғали Ормановтың өмірі мен шығармашылығы.
Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі.
1. Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романы.
Шығанақ - Ғабиден Мұстафиннің дүние жүзіне әйгілі, қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болған роман. 1945 жылы жазылып, жарық көрді.
Роман шынайы өмірден алынған. «Шығанақ» романы тарыдан мол өнім алу жөнінен бірнеше дүркін дүниежүзілік рекорд жасаған әйгілі диқан Шығанақ Берсиев өмірінен алып жазылған. Романда өмірдің талай бел - белесін басынан кешірген шығарманың бас кейіпкері Олжабек бейнесі өзінің типтік сипатымен миллиондаған орта шаруаның жол айырықтағы әуре - сарсаңын шыншылдықпен әйгілейді. Табиғатында момын, қақ-соқпен ісі жоқ Олжабек азын - аулақ жиған - тергеніне қатер төнгенде шиыршық атып шыға келеді – кәкір - шүкірін ортаға өткізуге іші қимай, үй - ішімен колхоздан қашып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған Жерұйықты іздеп жөнеледі. Олжабектің көрген күні қараң: әйелі мен баласынан, қызғыштай қорыған «байлығынан айрылған, бандының талауына түскен, өлімші болып сабалаған Шығанақ ел ішіне қайта оралып, қызу еңбек еткен сүттей ұйыған абзал жандар ортасынан құтты қоныс, бақыт табады. Сөйтіп, жазушы сайы мен саясы мол өмірді, қаға берісі мен қалтарысы көп адам тағдырын бар болмысымен тұтастай ашады.
2. Ғали Ормановтың өмірі мен шығармашылығы.
Қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі-Ғали Орманов. Ғали Орманов 1907жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Ешкіөлмес» тауы етегінде дүниеге келген. Ол он жасында әке-шешесінен айрылып, жетім қалады да, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. Ғали бала кезінде жыршылардан өлең-жыр, қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады. Қисса дастандарды, айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала атанады.
1920 жылы Талдықорғандағы, кейін Алматыдағы Абай атындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім алады.
1923-28 жылдары Алматыдағы Қазақтың халық ағарту институтында оқиды. Институтта оқып жүргенде Ғали қазақ, орыс әдебиеттерінің үлгілерімен танысады. 1925 жылдан бастап оқушылардың қабырға газетіне, 1927-28 жылдары өлкелік газетте өлеңдер жазады. Осы жылдары «Тілші» газетінде «Ешкіөлмсс», «Қора», «Оқушыларға», «Диханбайға» сияқты өлеңдері басылады. Осы өлеңдерінде Ғали ақындық талантын біршама танытып үлгереді.
1929-30 жылдары Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеп жүрген кезінде оның өлеңдері «Еңбекші қазақ» газеті мен «Әйел теңдігі» журналында жиі жарияланып, көп ұзамай-ақ республикадағы белгілі ақындардың санатына кіреді.
1930 жылы май айында Түркістан-Сібір темір жолы салынып бітті. Бұл бүкіл Кеңес елі, соның ішінде қазақ елінің тарихындағы ірі табыс болатын. Осы ұлы мерекеге шашу ретінде Ғали ақын «Шеңбер» атты ұзақ өлеңін жазды.
Абай атындағы педагогика институтын бітірген соң, ол біраз жыл мұғалім болып істейді. Одан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында журналистік қызмет атқарады. 1939 жылдан 1945 жылға дейін ақын Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары «Майдан» деген альманахтың редакторы,кейін«Әдебиет және искусства» журналының жауапты редакторы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында Бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметін атқара жүріп, шығармашылық саласында өнімді еңбек етті.
1934 жылы Ғалидың екі кітабы «Шеңбер» деген атпен 1927-1933 жылдар арасында жазған өлеңдерінің жинағы, «Шәуілдір» поэмасы басылды.1935 жылы «Көтерме» деген атпен әңгімелер мен очерктерінің жинағы жарық көрді.1936 жылы «Абысын сыры» жинағы, Мопасаннан аударған қысқа әңгімелерінің жинағы басылып шықты.
1943-44 жылдары Ғали Орманов мәдениет пен өнер қызметкерлері тобында майданға барып қайтады.Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін 1941 жылы «Халық қаһарман», 1944 жылы «Емен» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы түрінде ұсынады.
Ғали шығармашылығынба ел өміріндегі ірілі-ұсақты оқиғаларға толы болатын.Ірі байларды конфискелеу, коллективтік шаруашылықта ұйымдастыру ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын өркендетуге ұмтылу ірі өндіріс орындарының іске қосылуы, алғашқы бесжылдықтың орындалуы сынды іргелі мәселелерді қоғам дамуы алға қойды. Әдебиет те бұл тақырыптардан бетін аулақ сала алмады. Ғали да осыларға қосылып, әр алуан жайларға көңіл аударды, сол негізде елінің кешегісі мен бүгінгісін, өзгерген, жаңарған өмірді заманадастарының тұрмыс-тіршілігін жырға қосты. Заман талабына сәйкес ол да кедейлерді алға ұстап, оның теңдік алуын құптады, қанаушыларды жиіркенішпен еске алды. «Есіркептің естегісі» өлеңінде кешегісін ойлай отырып, Есіркеп кедей әкесінің өмірін еске түсіреді. Тақыр кедей өзі кеткенде арты тып-типыл болып қалған. Бір төмпешік болған қабірінің өзін жел үріп, сел жуып кеткен.
Саудырап тұр сағанақ, Құс түткендей туырлық.
Жоқшылық жүр жағалап Түрі суық, бір сұмдық,- деп, әке артында қалған лирикалық кейіпкер жоқшылықтың, жетімдіктің тақсіретін тартып өседі. Ақынның «Қыр сабағы», «Боран күні» сияқты туындыларында да кедей адамның тіршілігіне аяушылық білдіру басым.
3. Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі.
Ақынның эпикалық бірнеше шығармасы бар. Соның ішінде ақынның ерлік пен елдікті , аңыз бен ақиқатты қатар өрген «Сұраншы батыр» дастаның айта кетсем. Ақын Жамбыл бұл дастанды сыя сауытсыз, қаламсыз, дәптер, кітап, қағазсыз домбырамен жазғаны жалпақ жұртқа белгілі. Ақынның өнерге, өнер төресі өлеңге деген құрметі осыдан-ақ көрінеді.Жырда батыр бейнесін Алатаумен салыстырады. «Мұз дулыға, қар сауыт» деп, Алатауды дәл бұлай суреттеуі тегін емес. Дулаттың нақ жау алдында үшке бөлінуі – көңілге қорқыныш ұялатады. Жырдың жалғасында еріксіз мықты, хас батырды күтесің. Көп күттірмей көз алдыңа елдің қамқоры, бес қаруын асынған , арыстан жүрек Сұраншы келеді. Жырда Сұраншы батырдың есімімен қатар Сыпатай батырдың, Қарасай батырдың бейнесі берілген. Жамбыл дастанда Сұраншы батырдың жанынан табылған Саурық, Сыпатай батырлардың де есімін ескерусіз қалдырмайды.
Сол күнде батыр туса елдің ырысы болған әрі несібе деп бағалаған. Жырдағы Сұраншы батыр жай батыр емес «арыстан жүрек» Сұраншы. Жырда батырдың әкесі Қашке деп келеді.Арғы атасы Қарасай батыр екені жырда анық айтылады. Бұл деректер тарихи шындыққа сәйкес .
«Сұраншы батыр» батырлар жырының бір үлгісі әрі тарихи дастан. «Сұраншы батыр» ежелгі батырлар жырының дәстүрінде туған дастан болғандықтан, сол жырлардың баяндау, суреттеу тәсілдері жырда анық көрінеді. Дастанды қолға алып оқысаңыз Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батыр бейнелерін жазбай танисыз. Сонымен қатар дастан әсірелеп айту жағынан соңғы дәуірдегі тарихи-реалистік поэмаларға да жақын.
Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын, жыр алыбы Жамбылдың бас ұстазы, пірі Сүйінбай ақын шығарған алғашқы «Сұраншы батыр» жыры көрші қырғыз жұртының жыршысы Рысбектің дерегі бойынша жазылып алынған. Сүйінбай ақынның Сұраншы батыр жайында жазған жырлары жетерлік. Көп өлеңнің ішінде Сүйінбайдың «Ту алып жауға шапсаң сен» атты өлеңінде Сұраншының анық бейнесі көрінеді. Сонымен қатар бұл өлеңдегі негізгі идея «Сұраншы батыр» дастанында өз жалғасын тапқан. «Сұраншы батыр» дастанының көп нұсқалы болуына бір дәлел ақынның маңында жүрген бірнеше азаматтар жырды жазып алған. Қазіргі уақытта көпшілік арасында және әдеби басылымдарда жарияланып жүргені жазушы әрі ақын Қалмақан Әбдіқадыровтың нұсқасы.Жырды ақынның аузынан 1937 жылы жазып алыпты. Ақынның бұл кезде жасы 91 –ге қараған. Ақыннан бұл дастанды ертерек жазып алғанда шығарманың көркемділігі мен көлемінде өзгеріс болатыны сөзсіз еді.
Билет №7 Гаухар
$$$ Кейс-тапсырма.
1.Мәлік Ғабдуллиннің майдандык жазбалары.
2. 1941-1960 жылдардағы тың игерушiлер жайлы очерктер мен
әңгімелер.
3.Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесіндегі Қанаттың образы.
Билет №8 Балауса
$$$ Кейс-тапсырма.
Ғали Ормановтың Ұлы Отан соғысына арналған жырлары.
Жамбыл Жабаевтың алғашқы кездегі өлең жырлары.
Үзінді қай шығармадан алынған, негізгі тақырыбын анықта.
— Елизавета Сергеевна, кластарды көрдіңіз бе, түгел қайтадан сырлаттым, — деді Күдері, демалыстан кеше ғана оралған қарт мұғалимаға өз жаңалығын мақтана хабарлап.
— Иә, иә, көрдім.
— Колхоз бастығына байбалам салып жүріп отын да түсірттіріп алдым. Тек пәтер үй демесеңіздер басқаға көңілім жай...
1)Ғали Ормановтың Ұлы Отан соғысына арналған жырлары.
Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы жылдардың соңғы жылдарында келген, қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі-Ғали Орманов.
Ғали Орманов 1907жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Ешкіөлмес» тауы етегінде дүниеге келген. Ол он жасында әке-шешесінен айрылып, жетім қалады да, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. Ғали бала кезінде жыршылардан өлең-жыр, қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады. «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Алпамыс» сияқты қисса дастандарды, «Біржан мен Сара», «Кемпірбай мен Шөже», «Бақтыбай мен Мәйке баланың» айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала атанады. Ұлы Отан соғысы жылдары «Майдан» деген альманахтың редакторы,кейін«Әдебиет және искусства» журналының жауапты редакторы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында Бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметін атқара жүріп, шығармашылық саласында өнімді еңбек етті.
1943-44 жылдары Ғали Орманов мәдениет пен өнер қызметкерлері тобында майданға барып қайтады.Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін 1941 жылы «Халық қаһарман», 1944 жылы «Емен» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы түрінде ұсынады. «Өмір дастаны» (1948), «Бөбек жүрегі» (1949) атты жинағымен қатар ақынның шұрайлы өлеңдері оның 1950,1957, 1976, 1982-84 жылдары шыққан «Таңдамалы шығармалар» жинақтарына енді.
Ғали Ормановтың 1941-1945-жылдардағы арманы,жауынгерлердің жанқиярлық көрінеді.Бұлар белгілі батырдың келбетін суреттеу,жеке адамның қимыл қозғалысы үстіндегі мақсатты ойын нақтылай сездіру арқылы беріледі. Солардың ішіндегі соғыс әрекетті,солдаттың әр тұстағы сезімді сырын сипаттаған Ер арманы өлеңін көпшілік шығармалары жалпы соғыс әмірін,ондағы майдандас дос,бауырлас туыстардың бастан кешкен сан қилы жай күйін сөз етеді. Соғыс басталған күннен жеңіске жеткенге дейінгі екі аралықтағы ел тілегі,ер ерлік істері батылдығын дәріптеу,жау әскерлерінің кескін шебіндегі іс ең алдымен ерекше атауымызға болады. Ғ.Ормановтың соғыстың бірінші жылы жазған Отан деген өлеңі нағыз патриоттық рухтағы тамаша өлең.Мұнда Ғали өз басының көңіл-күйін Отанның қуанышты күйінішті кезеңдермен тығыЗ байланысқан сезімде суреттейді.Ақ сүтін еркін емген ұлы анасымен бел шешіп,беріле сырласып,бірге мұңдаса біледі.Сол арқылы еліміздің өткен өмірін,асқан бел-белесін еріксіз еске түсіреді. Отансыз жан қайғылы,қасіретті жан,азат басың құл болса,тіршілікте жасағаныңмен не пайда,-деген философиялық үлкен ой тастайды.Осылайша әрбір адамның Ұлы Отанға деген ықылас-ынтасын айнытпай жырлап,кеңінен толғайды.
2) Жамбыл Жабаевтың алғашқы кездегі өлең жырлары.
Бір ғасырдың куәсі болған жыр дүлдүлі, айтыс шебері Жамбыл Жабаев 1846-1945 жылдары өмір сүрген.
Домбырамды қолға алам.
Өлең кірген түсіне,
Жөргегінде мен болам, – деп, жырлағандай Жамбыл бала кезінен-ақ өлең-жырға әуес болған. Жамбыл өзінің алғашқы «Шағым» деген өлеңін 13 жасында шығарған. Бұл өлеңінде де молдадан оқудан бас тартып, әкесінен ақындық жолға түсуге бата сұраған. Жамбылдың балаң өлеңдерімен танысқан Сүйінбай ақын: «Сенің өлеңдерің ақиқат пен әділдікті айтатын болсын, жырларың жекелеген адамдар емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын! » деп батасын берген. Сүйінбайдан бата алған Жамбыл ұстаз өсиетіне адал болып:
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай,- деп
Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін кие тұтып өткен. Жамбыл Жабаевтың өлеңдері – заман ағысын, қоғам тынысын көрсететін, өмір ағымын жырлайтын өміршең жырлар. Ақынның көп жырлаған тақырыбы – жарлы мен жалшының, кедей-кепшіктің азапты өмірі, аянышты күйі. Жамбыл өзінің «Мәңке туралы», «Қалиға», «Сәт сайланарда», «Шалтабайға» деген өлеңдерінде халық қамын ойламайтын билік басындағылардың әділетсіздігін, парақорлығын, екіжүзді аярлықтарын өткір сынай отырып, көпшіліктің алдында әшкерелеген. Жамбыл «Өстепкеде», «Кәкімге», «Кәдірбайдың төбеті», «Есенәлі мешкейге» өлеңдерінде адам мінезіндегі, қоғамдағы ұнамсыздықты, жағымсыз әрекеттерді ащы да уытты сатира тілімен мінеп-шенеген, әжуалап күлкі еткен. Жамбыл Жабаев «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Маусым жарлығына байланысты елдің ауыр халі мен халықтың наразылығын көрсетсе, «Ленинградтық өренім», «Алынбас қамал», «Москва», «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті» өлеңдерінде Ұлы Отан соғысының әділеттілігін жырлап, азаматтарды жауға қарсы күреске шақырған.
3) Үзінді қай шығармадан алынған, негізгі тақырыбын анықта.
— Елизавета Сергеевна, кластарды көрдіңіз бе, түгел қайтадан сырлаттым, — деді Күдері, демалыстан кеше ғана оралған қарт мұғалимаға өз жаңалығын мақтана хабарлап.
— Иә, иә, көрдім.
— Колхоз бастығына байбалам салып жүріп отын да түсірттіріп алдым. Тек пәтер үй демесеңіздер басқаға көңілім жай...
Алғашқы айлар — атам замандағы мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің мектеп өміріндегі рөлін сонымен қатар ауыл мен ауыл адамдары арасындағы қарым-қатынасты толық сипаттайтын Мұқан Иманжановтың повесті. «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы шыққан. Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі. «Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді. Жазушы Жақыпбекті балалардың жақсы көріп, үйір болуының себебін ашады. Ол бала табиғатына тән, әр нәрсені білсем деген құштарлық мінезін қолдап, оқушыларды колхоз шарушылығымен де етене жақындатып, көп мағлұмат береді. Немесе экскурсияға апару секілді қызықты жұмыстар жүргізеді. Жазушы баланы еңбекке баулып өсіруді тәрбиенің басты шарты деп қарайды. Мектеп білім беруді ғана мақсат етпей, ата-анамен ынтымақтасып, қайткенде нағыз азамат тәрбиелеп өсіреміз деген мақсатты алына қою керек. Осы ойын кейін бір жас талапкерге жолдаған хатында Мұқан: «Біз балаларды оқы деп қана үгіттей бермей, еңбек етте, өмірді біл, колхоз шаруашылығын сүй дегенді де құлақтарына сіңіріп, қажетті жерінде дәріптеп отырумыз керек», - дейді. Міне, «Алғашқы айлар» повесінде осы идеяны негізгі нысана етіп ұстайды жазушы. Уақыт тынысын әрдайым қадағалап, тамыршыдай тап басып отырған жазушы қоғамның даму процесін, болашағын сол кезеңнің биігінен қарап бағалайды.
Билет №9 Ажар
$$$ Кейс-тапсырма.
Ғали Ормановтың лирикалық геройларының ішіндегі ана бейнесі.
Мәлік Ғабдуллиннің майдандық жазбалары.
«Жау тылындағы бала» повесіндегі Примакшылар деген кімдер?
Мәлік Ғабдуллиннің майдандық жазбалары.
Мәлік Ғабдуллин – Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр.
ДОСЫМА ХАТ
Мен майданда жүріп елдегі және майдандағы таныс жолдастар мен достарыма хат жазып, хат алып тұрдым. Бірсыпыра хаттарымда, өзімше, мәнді - маңызды пікірлер де бар еді. Бірақ, олардың көпшілігінің көшірмесін өзіме сақтай алмадым. Ал, сақтаған хаттарымның көбі жойылып, жоғалып кетті. Сол секілді жолдастардың маған жазған тамаша-тамаша хаттары, алтыннан қымбат пікірлері болатын. Оларды да, майдан жайына байланысты, құнттап сақтай алмай, көпшілігінен айырылып қалдым. Дегенмен, олардың біразы өзімде жүр. Жолдастардың хатына жазған кейбір жауаптарымның көшірмесі өзімде болатын. Соларды төменде келтіріп отырмын. Бұл хаттар қан майданда, бір қолында қаруыңды ала отырып жазылған еді.
***
... Осы күнде, майдандағы жігіттермен сөйлескенде, мынадай бір кемшілігіміз көрініп жүр. Мәселен, жігіттердің көбі Абай, Махамбет, Шоқан және солар секілді халық сүйген кісілердің атын біледі. Бірақ, олардың кім болғанын, өскен, туған жерлерін айта алмайды. Тегінде «Қазақ халқының сүйікті адамдары» деген жалпы атпен сериялы бірнеше кітапшалар шығару керек секілді. Онда халыққа қызмет еткен, басқаға үлгі болған адамдардың ісі, өмірі айтылсын. Бұл кітапшаларды біз үгіт жұмысына толық пайдаланып, майданға енгелі тұрған жігіттерге: «осылардай іс істеңдер, халқыңа қызмет етуді өткендегі бабаларыңнан үйреніңдер, халқыңды солардай сүй, сонда сенің де атың мәңгі болады, ұмытылмайды» дер едік. 9/09.41 жыл. Майдан.
Олардың ерлік істерін, олардың бізге қосқан аманатын «қасықтай қаның қалғанша халқыңа қызмет ет» деген тапсырмаларын еске алармыз. Иә, оларды еске алумен іс бітпейді. Халқыңды сүйсең, сол бауырларыңдай еңбек ет, жігерлене істе, ынжық, алқы - салқы болып жүре берме. Бұлай етуді сол ерлердің аруағы кешірмес болар. Сен осы айтылған нәрселерді ойлайсың ба? Ойлану керек, достым. Кәрі қартаяды, жас өседі деген ғой. Егер, бүгін біз халық тілегіне сай іс істей алмасақ, онда болашақ жас ұрпақ, халқымыздың тарихы бізге не айтады? Осыны сен ойлайсың ба? Бүгін біз жақсы істесек те, жаман істесек те ертеңгі күннің адамдарына, олардың алдында жауаптымыз. «Ол кезде кімдер болды екен?» демей ме олар. Я, солай дейді. «Сол болған адамдардың істегендері қайсы?» - дейді ғой олар. Сөйтіп тарихты ақтарар, жақсы ісімізді мақтар, жанымызға лағнет айтар... ренжір. Осыны сен ойлайсың ба, достым? Дұрыс па, бұрыс па, оған төреші өзің бол. Бірақ мен жоғарыда айтылғандарды көп ойлаймын. Күнделікті жұмыстармен бола бермей, ертеңгі күнге де көз салған жөн-ақ, ау! Алдағы күнді ойламай, өзінің қара басының қамын көп ойлайтын адамдар да бар. Олардың болашақ ұрпаққа не деп жауап берерін кім білсін. «Мен қара басымның қауіпсіздігін, қарным тоқ, киімім көк болуын ойладым, күнделікті жоспар орындауды, мал қашырып төл алуды ғана ескеріп едім, сөйтіп жүргенде халықтың болашақтығы ісі есімнен шығып кетіпті» дей ме олар. Бұлай десе, оған кім рахмет айтар дейсің. - Мұның бәрін сен маған несіне айтасың! Мен басшы қызметте жүрген адам емеспін ғой деп ат – тоныңды ала қашуың да мүмкін. Сенің басшы қызметкер емес екенің де рас, оны білем. Бірақ сол кейбір басшы қызметкерден де халық алдында сенің абырой – атағың үлкен, зор деп түсінем. Басшы қызметкер бір төбе болса, сен екінші таусың, халық алдында сенің салмағың басым. - Осы айтылған сөздерге құлақ саларсың, оларды есіңе аларсың деп ойлаймын. 31.10.-1941 ж. Майдан.
***
Мен – қазақпын. Солай бола тұрып, кімде-кім соғыстың (немесе жұмыстың) қиыншылықтарына шыдай алмай байбаламға салынса, қорқақтық қылса, үрейленуге түссе, сөйтіп ол, осындай жаман мінезімен ұлтына, халық намысына, өзінің ар-ұятына, қоғамда алатын орнына, ата-бабасының аруағына тіл тигізсе, - ондай адамға рақымшылық жасамаған болар едім. Етке біткен арам мерез деп кесіп тастар едім. 14.11.1941 жыл. Майдан.
***
Майдан дегендегі бұрын өз көзіммен көрмей, соғыстың не екенін білмей жүрген кездерде соғыс жайында жазылған көптеген кітаптарды, әдебиеттік деп аталатын шығармаларды оқығаным бар еді. «Осының бәрін болмаса да, біраз фактілерін авторлар не көріп, не өте терең зерттеп жазатын шығар» деуші едім. Ол солай да болар. Мен сондай кітаптарды қызыға оқитын едім. Қазіргі Отан соғысын суреттеп жазамын деген адам болса, қолымнан келгенімше көмектесіп жәрдем беруге даярмын.
Осы мақсатпен мен майданға келген күннен бастап «күнделік дәптер» жасадым. Оған күн сайын көрген, білген уақиғаларды, жігіттер жайында, олардың істеген ерліктері туралы жазып жүрдім. Аз уақыттың ішінде көп нәрсе жинап едім. Сол дәптерлерді сары майдай сақтап жүруші едім. Амал не, оларымнан айырылып қалдым. Онан айрылу жайы былай болды. Біз Новосвинюхово деген деревняны шабуылдап алмақ болдық. Нәрсе-қараның бәрін шанаға қалдырдым, қолыма тек автомат, граната, оқ қана алдым. Таң ата ұрысқа еніп кеттік. Күндіз немістің бірнеше самолеті келіп біздерді бомбылады. Осы бомбаның бірі біздің ротаның шанасына түсіп барлық нәрсемізді жоқ етіп жіберді. Соның ішінде менің «күнделік дәптерлерім» де кетті. Сөйтіп, көп уақыттан бері жазып келген, жинаған материалдарымнан, «күнделік дәптерлерімнен» айырылып қалдым. Соған ішім удай ашып отыр. Неміс иттерден жаңағы дәптерлерім үшін де кек алмаса болмас. 5.02.-42 ж. Майдан.
***
... Сен соңғы бір хатыңда «Қазақ халқының тарихы» деген кітап жазылып жатыр деген едің. Бұл өте бір жақсы қуаныш болып отыр. Ертеде халық сүйген адамдарға дұрыс баға берілуіне зер салу керек... Апрель, 1942 ж. Майдан.
***
Менің өзіме разы болмай отырған бір жерім бар. Ол - домбыра тартуды білмеймін. Домбыра тарта білу мәдениеттің, өнердің бір түрі ғой. Мынадай шет жерде, майдан даласында, окопта, жер үйде (блиндажда) отырғаныңда домбыра саған серік емес пе? Домбыраға қосып ән салсаң, әрі тынығар едің, әрі көңіл көтерер едің. Қазақтың халық әндерін шалқыта, ретіне келтіре айтып ән салсаң, сонау алыстағы, ұлан-байтақ жеріңе, Қазақстаныңа, барып сайрандап қайтқандай болар едің деймін. Ия, досым, домбыра үйрену керек. Егер аман болсам, соғыс біткен соң, домбыра үйренермін - ау деп ойлаймын. 23.08.1942 ж. Майдан.
***
Неліктен екенін кім білсін, әйтеуір, соңғы кезде мен елді сағынып жүрмін. Елді ойлап көксеп-көксеп жібересің. Әйелің, балаң, әке-шешең, туған-туысың ел секілді ерекше әсер бермейді екен. Мүмкін мен қателесермін. Бірақ, бәрінен де қадірлісі елің көрінеді. «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп неге айтты дейсің. Мына неміс иттерді құртпай елге бару жоқ екенін білем. Елге барғың келсе, елді сағынсаң жауды тез құрту керек дейміз. Қазіргі міндет осы болып тұр. 14.11.1942 ж. Майдан.
***
Маған «Совет Одағының Батыры» деген атақты беруге байланысты таныстардан, жолдастардан, кейбір мекемелерден майдандағы жауынгер достардан көптеген хаттар, телеграммалар алдым. Бәрі де мені құттықтап жатыр. Хаттарды жазушылар әр түрлі адамдар. Олардың ішінде қолына қару алып жаумен соғысып жүрген жігіттер, ғылым адамдары, оқытушылар, комсомолдар мен пионерлер, кемпір-шалдар, қыз-келіншектер, колхозшы мен жұмысшылар, ақын-жазушылар т.б. бар. Бәріне де жауап беріп шын көңілден алғыс айтудамын. Батыр атағына ие болған мен емеспін. Ол – қазақ халқына берілген атақ. Неге десең, менің аты-жөнімді біліп жатқан адам аз, қазақ деген халық барлығын білетіндер көп. Майданда бір жауынгер ерлік жасай қалса, онысы көпке тарай бастаса, жұрттың ең алдымен сұрап білгісі келетіні: «сол адамның ұлты кім екен?» деген болады. Сондай-ақ, майданда жүрген қазақ жігіттері жаумен жақсылап соғысса, ол өз қара басының ғана емес, халқының атағын шығарады ғой. Мен де Батыр атағын аламын, ордендер алайын деген ой болған емес. Бар ойлағаным: мені еркек кіндік азамат деп халқым қолыма қару беріп майданға аттандырды, жақсылап соғыс, қорықпа, ата-бабаның аруағына жаман сөз келтірмей соғыс, мұны сенің ар-намысыңа тапсырамыз деген еді. Мен сол міндетті орындауға күш салдым. Бұл міндеттерді толық орындадым деп айтуға болмайды. Әлі де істелетін істер көп. Қасықтай қаның қалғанша халқың үшін қызмет етуден артық нәрсе дүниеде жоқ деп білемін. 7.03.1943 ж. Майдан.
***
Жуырда мен бір адамнан хат алдым. Ол кісі хатында былай дейді: «Мәлік – ау, осы сенде не арман бар екен? Арманың жоқ та шығар. Оқу оқып, білім алдың. Майданға барып ең, атағың шықты. Сені халқың мақтан етіп отыр. Жаңа туған жас балаларыңа көп адамдар сенің атыңды қойып жатыр. Сенің атыңмен колхоздар, мектептер аталуда. Мұндай дәрежеге жеткен адамның арманы болмасқа тиісті» депті. Осы сөзге сен не айтар едің, достым? Бұл жөнде менің өз пікірімді білгің келетін болар. Онда мен мынаны айтар едім. «Сенің арманың жоқ» деушілік қара бастың қамын көздегендіктен туған сөз. Ол: «Мен бәрін істеп болдым, енді мен ешнәрсе де істемеймін. Мен үшін басқалар істесін, олар мені киіндірсін, тамақтандырсын, мен шалқайып жатамын» деген сөз. Анадан туып, өмірге, жарық дүниеге келгеннен кейін, тәрбие алып, ес білгеннен соң, адамда арман дегеннен көп нәрсе болмайды. (Осы «арман» деген сөздің орысшасы қалай болатынын білмей отырмын. Ол: мечта, стремление, желание, чаяние, фантазия, надежда деген мағына бере ме, әлде қалай? Дұрысын сен айтарсың).
Майданға қатысып жүрген басқа жауынгерлер секілді, менің де арман ететінім: «соғысты жеңіспен аяқтап, елге аман-сау қайтсақ екен» деймін. Сонан кейін, қолдан келгенінше халыққа пайдалы қызмет істесем екен деп арман етем. Бұларға байланысты армандарым мыңнан асады, өте көп. Демек, менде арман жоқ емес, қайта көбейіп кетті деп айтуыма болады... 18.04.1943 ж. Майдан.
Жау тылындағы бала» повесіндегі Примакшылар деген кімдер?
Примак – партизан отрядының комондирі. Примак Серік пен Бориске тапсырма бермекші болады. Бірақ Анна кеіспей Бала деген – біздің болашағымыз дейді. Сол кезде примак айтады Бүгінгі ұрпақ – ел қамын жейтін азамат екенін білмейсіз бе, анна Ивановна дейді. Серік пен Борис естияр азамат өздері біледі дейді. Сонда Анна Серікті асырап алғанын, оның өз анасының өлімін көрген бала екенін айтады. Примакқа мен бұл тапсырмаға өз ұлым Бористі жіберемін дейді. Серіктің өмірін қатерге тіге алмаймын деп жауап береді.
Билет №10 Анель
$$$ Кейс-тапсырма.
1941-1960 жылдардағы Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі.
Жұмағали Сайннің партизан тақырыбындағы өлеңдері.
«Абай жолы» романындағы Құнанбайдың Абайға айтқан өсиеті.
1941-60 жылдардағы Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі
Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1997 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік-Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстүрлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған. 1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді.
Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол - «Дос - Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді.
Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов - қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.
Жұмағали Сайннің партизан тақырыбындағы өлеңдері.
Ақын майданға аттанған алғашқы қадамынан бастап өз алдына патриоттық асқақ міндет қояды. Отан қорғау жолында қандай қауіпке болса да баруға дайындығын білдіреді.
Жұмағалидың әскери творчествосының елеулі бір ерекшелігі – оның қазақ поэзиясына тың тақырып – партизандар өмірін жырлауды алып келуі. Әскерде ол партизандар қатарында соғысты, отрядтың саяси жетекшісі болды. Ақын өлеңдерінен біз партизан деген адамдардың ерекше сипатын, дербес қасиеттерін танимыз. Отанын, үйі мен жанұясын жау қолында қалдырып, өздері дұшпан тылында күрес жүргізіп жүрген жандардың ашулы, кекті, сұсты бейнелерін Жұмағали сомдап жасайды. «Қар құшып, мұз жайлай» жүрген адамдарға еш нәрсенің қорқынышты емес екені, қаңтардағы боран да, «теңселген қара орман» да оған бой тасалар орын болатынын айтады.
Жүрегінде тулаған, Қатын-бала кегі үшін Намысы бар, ары бар, Жүрген жандар түн қатып. Жауда қалған елі бар, Ауыр қолы бұлардың, Қайғысы бар, зары бар, Қарулары алмастан.
Қан жас аққан көзінен Қалтырайды фашистер
Ыза менен мұң батып, Маңайына бармастан [2,150]
«Жаралы партизан жырларының» шығу тарихы былай. 1942 жылы бір ұрыста Ақын көкірегінен оқ тиіп, қатты жараланады. Партизандар отрядтың саяси жетекшісі Жұмағали Саинды аман алып қалуға бар күштерін жұмсайды. Үш ай бойы өздерімен бірге сақтап, ең қиын ұрыстарда да алып шығып жүреді. Бірақ Жұмағалидың денсаулығы кеми береді, ендігі жерде отрядпен бірге жүрудің мүмкіндігі болмайды. Ақыры оны партизандар Донбастың ескі шахтері М.А.Масловтардың үйінде қалдырады. Жаралы партизанды іздеген фашистер Масловтың үйіне бірнеше рет тінту жүргізсе де, ер жүрек қыз оны тығып, жау қолына түсірмейді, ақыры адам ғып қатарға қосады. Осы жолы ауыр жаралы ақын күрес майданынан алыс қалып, оның үстіне ауру қинап, көп сезім күйлерін бастан кешіреді. Жұмағалидың «Жаралы партизан жырлары» атты өлеңдерінің циклі осындай күйдегі солдат сезімінің тебіренісін бейнелейді. «Жаралы партизан жырларының» кейіпкері–кескілескен ұрыста жаралы болып, достарынан бөлініп қалған партизан. Ол ауыр жарасына карамай, достарын іздейді, қайта сапқа тұратын мезгілді күтеді, күрес пен майданды сағынады.
«Абай жолы» романындағы Құнанбайдың Абайға айтқан өсиеті.
– Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда!
Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді. Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! – деді.
– Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам.
Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады... Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді.
Билет №11 Бибі
$$$ Кейс-тапсырма.
1. 1941-1960 жылдардағы тың игерушілер жайлы очерктер мен әңгімелер.
2.Жамбыл Жабаевтың Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары.
3. Үзінді қай шығармадан алынған, тарихи тұлғаның мәселесі.
—Баяғыда Абылайдың асына жиналған ел ерекше болды деуші еді. Мынаған сол таласпаса, бұл өңірде, қазақ баласы білген аста, бұдан үлкені болмаған-ақ шығар. Не деген көпшілік!
1. 1941-1960 жылдардағы тың игерушілер жайлы очерктер мен әңгімелер.
Қазақ сөз өнерінің тарихында тың игеру науқаны 1954 жылдан бастап әдебиет тақырыбына айналды. Қазақстандағы тың игерілгендігі хақында С.Мұқанов «Тыңдағы өмір» атты очерктер сериясын жазып, жариялады. Жазушы өзі бейнелеген тың оқиғаларын, сол кездегі қоғамдық өмір қиыншылықтарын, жетістіктерін өзінше ұғынып, түсініп барып, өмір шындығын қорытып нағыз идеялылық әсерлілігі мол, шындығы жетерлік, очерктер циклін өмірге әкелген. С.Мұқановтың тың туралы жазған очерктері өз алдына жинақ болып та шыққан. «Тыңда туған байлық» деп аталатын кітабының қазақ әдебиетіндегі тың игеру тақырыбына көп үлес қосқанын байқаймыз. «Тыңдағы өмір» 1954 жылы алғаш рет «Огонек» журналында жарияланған шығарма. Бұл очерктің төрт тарауға бөлінуі өмір оқиғаларын адамдар тағдырымен табиғи байланыста шыншылдықпен суреттеу ниетінен туған.
С.Мұқановтың «Туған жердің тыңында» атты очерктер циклы алты тараудан тұрады және сол жерлердің тарихынан бастап сол заматта болып жатқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өзгерістерді суреттегенде оқырманды толғандырып, өмірдегі күрделі мәселелерге өз тарапынан жауап іздеуге ден қойып отырады. Осы орайда академик Зәки Ахметов былай дейді: «Әдеби шығармада суреттелген жағдайлардан өзінен өзі ешбір күштеусіз еркін туатын қорытынды-түйіндер ғана нағыз қуатты көркемдік идея деп санауға лайық» . Жоғарыдағы шығармасында Сәбит Мұқанов қазақ даласында алғаш тың көтерілген күннен бастап, 1956 жылы мемлекетке бір миллиард пұт астық тапсырғанға дейінгі қиын-қыстау кезеңнің тынысын толық беріп шыққан. Очеркші өз очеркінде ой-түйін, тұжырымдарды дайын күйінде бермей, нақтылы көркемдік шешімдер, суреттемелер арқылы жеткізеді. Бұл очерктердегі публицистикалық элементтер автор баяндауынан, толғануынан анық сезіледі, сонымен бірге автор оқиғаларға өз кейіпкерлерімен бірге қатысып, көзі көрген көп нәрсені жіті байқап, оқушы алдына ашып салады және осы мәселелерге оқырманның назарын аудартып, ой тастап та отырады.
Автор сол уақыттағы тың игеру кезінде қолға алынған келелі мәселелерді жаза отырып, жан-жақтан келген әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірімен етене араласып, бар астарын бөлісе ішетіндіктерін жарасымды суреттеген. Очерк соңында жазушы: «Жақсы көретін Жаманшұбар мен Дос туралы да мен көп ойлайтын ем, сонда, әрине, ойлайтыным – 1954 жылдың екінші тоқсанына дейін құлазып бос жатқан жерлердің гүлденуі, яғни: ел орнауы, үйлер салынуы, жерінің пайдаға асып жеміс беруі...» ,- деп аяқтайды. Очеркші түсі мен өңінің бір-біріне сәйкес келуін жақсылыққа жорып, болашағы мол туған жерінің сол шақтағы жаңа өзгерістерін көп фактілер арқылы ашып көрсетеді.
Ә.Нұршайықов «Алыстағы ауданда» атты очеркінде алыс ауданның түкпіріндегі шопандар өмірін тілге тиек ете отырып, сол шопандардың бойынан әр алуан жақсы қасиеттерді тауып, соны барынша шыншылдықпен көрсетуге күш салады. Әр шопанның тұрмысы, үй іші, өмір сүру жағдайы, қазақы кең дастарханы, үй иелерінің қонақжайлылығы, елгезектігі назардан тыс қалмай, керісінше, солардың бәрі адамдардың ішкі жан-дүниесі, ой-арманымен астастырыла суреттеледі.
Очеркші еңбек адамдарының бейнесі арқылы шындық өмір суреттерін көрсете отырып, оны өз көзқарасы, өз тенденциясы, өз дүниетанымы тұрғысынан бағалайды. «Алыстағы ауданда» очеркінде автордың жақсы мен жаман парқын дұрыс танитынын, көзі де, көңілі де алғыр екенін байқау қиын емес.
Ә.Нұршайықовтың «Алыстағы ауданда» очеркінің композициясы сара, оқушыға айтары мол, өмір оқиғаларын іріктеп алуда біліктілік танытқан. Бұл очерктегі сюжеттің мағыналық мүмкіндігі шопандардың қарым-қатынасы, өмір кезеңдері, қиын-қыстау кездегі көріністер, оқиғалар байланысып, жалғасып жатады.
1955 жылы тың игеріп жатқан аудандарға барғаннан кейін М. Иманжанов қазақ жазушылары арасында бірінші болып, кеңес жастарының еңбектегі ерлігіне арналған «Тыңдағылар» деген атпен әңгімелер және очерктер жинағын жазып шығарды. Автор тың геройларының жарқын образың жасады, олардың ойы мен арманын, қаһармандық істерін тамаша бейнеледі.
2.Жамбыл Жабаевтың Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары.
Жамбыл Жабаев «Шығармалары» (1940), «Болат тонды батырлар» (1941), «Майдан жыры» (1942), «Отан әмірі» (1941), «Майдан жыры» (1942), «Алынбас қамал» (1943), «Қамал бұзған қаһарман» (1945) жеке кітап болып ұсынылды. 95 жастағы қарт жыраудың тарихи-саяси жағдайды жете байыптауға мүмкіндігі болмағандықтан, республика үкіметі тарапынан, әр түрлі ресми және шығармашылық ұйымдар тарапынан оның әдеби хатшыларына (Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Т.Жароков, Қ.Әбдіқадыров) ықпал жасалып, қарт ақынның сол тұстағы кеңес мемлекеті басшыларын, Сталинді мадақтау да тапсырылғаны, олардың кеңес елін бақытты болашаққа бастайтын тұлғалар ретінде түсіндіруге айрықша күш салынды.
Бұл орайда бір-екі мысал келтірумен шектелейік. Ұлы жырау Жамбылдың ұлы Алғадай майданда мерт болғанда, көз жасын төгіп, жылап айтқан жыры бүкіл қазақ даласының, қазақ халқының көз жасы, ауыр қайғысы болып, байтақ сахараға кең тарады:
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?
Көкірегін кернеген зар, ауыр қайғы осылайша фольклордағы жоқтау сарынын еске салып, фольклордың ұлттық рухтың алтын қоры ретіндегі қызметін көрсете отырып, халықтың көкірегінде басқыншы жауға деген ыза-кегін оятты, ашу отын тұтандырды. Сол себепті Жамбылдың:
Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме,
Шапты фашист дегенде,
Ашуменен аралас
Жыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап денемде, -деген тегеурінді толғанысы қиындықтан шираған, ашумен кектен шиыршық атқан жалпақ елдің жүрекжарды сөзі болатын. Бұл ретте, әрине, кеңес идеологиясының күллі мемлекеттік көлемде ғажап серпінмен үздіксіз, қисапсыз жұмыс істегенін, соның арқасында «Отаным – Совет Одағы» деген ұғымның қалыптаса бастауына, Ленин идеяларын кезең талабына үйлестіре пайдалануы да көп көмегін тигізгенін ескеру керек. Мерзімді баспасөз беттеріне, жинақтарға ақындардың осы рухта дабылдатып өрлейтін, майдангерлер ерлігін оятуға себі тиетін шығармалар бірінші кезекте іріктеліп алынды. Бұл кездегі поэзиядағы тақырыптық бірыңғайлықтың орын алуына осындай талап қоюшылықтың әсері тиді.
Мәселен, Жамбылдың «Майдан жыры» (1942) атты кітабына енген жырлар: «Ленин қаласындағы өрендерім» (кейін ақын қайта толғаған соң «Ленинградтық өрендерім» болып өзгерді), «Москваға», «Қаһарлы Москва қамалы», «Совет гвардецтеріне», т.б. болып келеді. Немесе Нұрпейіс Байғаниннің таңдамалы шығармаларында (1945) «Зор майданға шапшаң бар», «Сталиндік сұңқарлар», т.т. тәрізді туындылар бар. Бұл сипат сол кездегі халық ақындарына да, жазба поэзия өкілдеріне де тән.
Бір ғана Жамбылдың өзі соғыстың алғашқы төрт жылында үш мың жолдай жыр төкті. «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі фашистер айнала қоршаған Ленинград қаласында ірі-ірі әріптермен плакат ретінде жазылды. Бұл сөздерді оқыған жауынгерлер керемет рухтанып, арыстандай арпалысты, тұтқын боламыз ба деп қобалжыған ленинградтықтар Жамбыл сөзінен Отан дауысын, ата сөзін естіп, мыңдаған адам көздеріне жас алып, тебірене оқып, жігерленді. Поэзияның мұндай ғажайып белсенді рөл атқаруы тарихта сирек
3. Үзінді қай шығармадан алынған, тарихи тұлғаның мәселесі.
—Баяғыда Абылайдың асына жиналған ел ерекше болды деуші еді. Мынаған сол таласпаса, бұл өңірде, қазақ баласы білген аста, бұдан үлкені болмаған-ақ шығар. Не деген көпшілік!
Бұл М.Әуезовтің «Хан Кене» пьессасынан үзінді.
Кенесары Қасымұлының тұлғасы өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы оқиғасы – қазақ тарихи ғылымында ұзақ мерзімге полемика туғызған көлемді тақырып. Оған әртүрлі баға берілді: Кенесары өзінің жеке басының қамын ойлап, хан билігін орнықтырғысы келген тұлға деп есептелсе, басқа бір көзқарас бойынша ол ұлт тәуелсіздігін аңсаған ұлт батырына айналды. Міне, осындай әдеби дау, ғылыми пікір-талас шығарманы тарихи-функционалды қырынан зерделеуге негіз болды.
«Хан Кене» трагедиясы сахнаға шыққан кезінен бастап сын нысана-сына айналып, көптеген пікірталасқа негіз болды. Трагедияның басты кейіпкері, драматург тұжырымдамасы қатты сынға алынды.
Өткенмен өшпес иделогиялық күрес жағдайында, рухани тамырларын қажетсінбеген жаңа қоғам кезінде туынды өткенді мадақтау, оны аңсау мен қорғау талпынысы деп қабылданды. Тарихи тұлғаның көркем бейнесі, мінез қарама-қайшылығын сенімді суреттеу, дәуір рухын түсіне білу, жағдаятты кейіпкер көзімен көру – міне, осының бәрі Кенесарыны драматург пікірін негізгі және жалғыз білдіруші ретінде бағалауға мүмкіндік берді.
Трагедиядағы Кенесары бейнесінің тұжырымдамасы автордың кеңес идеологиясы шындығын, тарихи дереккөздерге негізделген шындықты, пенде және тұлға Кенесары Қасымұлының шындығын – көп қырлы шынайылықты – меңгеру талпынысына негізделген.
Әуезов трагедиясының тарихы көрсетіп отырғандай, кеңес әдебиеттануында пьесаны, негізінен, көркем құралдармен жаңартылған өткен тарихтың үзінді сәттері ретінде қабылдау басымырақ еді. Ханның көркем бейнесі Кенесары тұлғасына идеологиялық баға берудің көлеңкесінде қалғандай болды. Суреткер ұстанымын анықтау мынадай мәселені талқы-лауға тірелді: басты кейіпкер кім – халық мүддесін қорғаушы ма, әлде қара басын ойлаған мансапқор ру басшысы ма. Ал шынайы көркем туындының өзектілігін анықтайтын, оны уақыт ағымынан тыс ұстайтын мүмкіндіктеріне мүлдем көңіл бөлінбеді.
«Хан Кене» трагедиясының әлеуметтік-тарихи сюжеті әдебиеттануда аса көңіл бөлінбейтін рухани-психологиялық, философиялық түрткілерге толы. Кенесары тағдыры адам санасында бұғып жатқан көптеген ойды қоздатады: адам өмірі неден құралған, ұлт тағдыры, тұлға тағдыры немен, қалай анықталады, береке мен байлықтан бас тартқан Кене нені мұрат етті. Сондықтан да М.Әуезов Кенесарының қоршаған ортамен тартысын әлеуметтік-тарихи тұрғыдан дамыта көрсетеді.
Билет №12 Дильназ
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Сайын Мұратбековтің соғыс жылдарындағы ауыл өмірі туралы жазған шығармалары.
2. Қасым Аманжоловтың «Орал» өлеңінің мазмұны.
3. Ғабит Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесіндегі Сәкен бейнесі.
1. Сайын Мұратбековтің соғыс жылдарындағы ауыл өмірі туралы жазған шығармалары.
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ прозасында жаңа жол ашқан қаламгерлердің бірі Сайын Мұратбеков еді. Әдеби дамуда «алпысыншыжылдықтар» деп айрықша аталатын тұтас бір шоғыр өзгеге ұқсамайтын дара жазу машығын да бірден мойындатып, әдеби кеңістікке батыл енген.
Жазушының балалық шағына көз жүгірсек, Мұратбек ата оның үлкен атасы. Баласы қайтыс болғаннан кейін, бірі бес, екіншісі үш жастағы қос немересімен қалады. Бес жастағы немересі Сапарғалидан өмірге Сайын келеді. Кішкентай бала күні соғыспен дәлме-дәл келіп, әкесі майданға аттанып кетеді. Содан кішкентай шөбересін бауырына басып, Мұратбек атасы бағып қағады. Тегі де сол кісінің атына «Мұратбеков Сайын Мұратбекұлы» деп жазылған.
Алты жасқа келгенде, сонау «42-ші» жылы шешесі Рәзия қайтыс болады. Соғыс кезінде тылдағы еңбек күшінде қаншама әйел адамдар аянбай тер төкті. Қапалдың маңайында сол шақта басқа ұлт өкілдері көп қоныстанған еді. Солардан келген болуы керек, астық күзетіндегі Рәзия ананы ұрып-соғып, өлтіріп, өздері астықты жымқырып кеткен. Содан Сайын алты жасында жетім қалады. Ал, әкесі қанқұйлы соғыстан аман-есен оралып, балаларға жетімдікті сездірмеуге тырысып қайтадан Сақыпжамал деген кісіге үйленеді. Ол кісі екінші анасы болды. Осы алты жасынан кейінгі өмірінің біраз жері «Жабайы алмада» кеңінен суреттелген.
Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.
Қашан да құнды болып қала беретін озық туындыларымен маңызды әлем әдебиетінің алтын қорына қосылуға лайықты шығарманың бірі – Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» баяны. «Жабайы алма» повесінде (роман жанрының жүгі бар повесть – Қ.М.) ойын баласын есейте түсіп, үлкендердің еңсесін көтертпей соғыстың ауыр төрт жылы біртіндеп өтіп жатыр. Сол төрт жылдық уақыт аясындағы өмір көріністері сонда да шуақты.
Ниеті бұзық соғыс төрт жыл лаң салғанда жабайы алма ағашы мың жылдан бері өсіп, өнім беріп тұрған жердің атамзаманғы тұрғындарының ендігі ұрпақтары түп міндетіне адал қалпында өмір сүрді. Қанаттың әжесі әкесіз, анасыз тұлдыр жетім қалған немерелерінің нәпақасы – жалғыз сиыр жоғалғанда, бас аман болсын деген құдай тәубасынан жаңылмады. Кейінгілер өздеріне қарап бой түзеп өскен сонау бір алыс жылдардағы ауыл зиялысы Нұғыман – соншалықты таныс, жағымды тұлға. Аса бір ұқсатымды, берекелі, намысты, айтар жерде айта да алатын, араласар тұста араша да болатын арлы әйелдері жүрген соң да – ауыл ауыл болып тұрар еді. Адамзат қауымдастығындағы өзгеше ұжымдық категория – қазақ ауылының түп тамыры әріге тартқан, таңқаларлық өзгеше ізгілікті қалпымен құнарланған төлтума дара классикалық бейнесі Сайын Мұратбековтің «Жабайы алмасы» арқылы әлемдік әдеби кеңістікке шықты. Ол ауылды тынбай, тоқтамай жазды, алабөтен перзенттік махаббат құштарлығымен жырлаған. Жазушының көркемдік кеңістігі тым «шектеулі» болды. Өз туған ауылынан «аспады». Туған жерінің сурет тілі жетпейтін сұлулығы. Ол қамкөңіл, сәулелі жандары. Ол өміртабанды туындыларымен жер бетіне желіленіп түптамырланып тарап кеткен жабайы алма ағашының өнімді өсімталдығындай күнделікті күйбең, «ұсақ-түйек» тірліктің ар жағындағы адам баласының мәңгілік қайырлы миссиясы тоқтаусыз мазмұндалып келе жатқан сөз өнеріндегі өз бағытын ашты. Уақыт пен кеңістік ауқымында кісілік қалып туралы қапысыз ақтарылудың мектебін қалыптастырған қас шеберлер дәстүрін байытты. «Жабай алма» бүгінде де көп оқылады. Оны келер буындар да оқуға тиіс. «Жабайы алмада» жанымыз қалайтын жақын, туыс тұлғаларымен тұтас ауып, ендігі тарих көшінде көзден таса болып бара жатқан белгілі бір кезеңдегі қазақ ауылы қалды.
Сайын Мұратбеков қазақ әдебиетінде ауыл өмірін, замандас бейнесін мейілінше ізгі пейілдегі жаңа көркемдік бағытта жазуды бастауымен өзіндік шеберлік дәстүрін қалыптастырды. Қазақ ауылындағы топ болып толысатын жеткіншек балалар, ауыл тірлігінің бел ортасындағы судағы балықтай еркін, етене ел адамын іштартып, әрекет, әр қылығын құптап отырып, қызығып, құштарлықпен жазды. Қарбалас өмір қамындағы ауыл-үйдің арындамай, айғайламай, ойқастамай-ақ ой, тән, бой сұлулығымен жан тартқан өзгеше бітімді туысқан адамдар ортасы жарық жалғандағы қымбат, қимастарың екенін сезіндіру шапағатымен ырыздықтанған ықпалды, іңкәр шығармалар туды.
Сайын Мұратбековтің шопан өміріне ыңғай беріп, еңбек адамына мойын бұрып, іш тартуы – тақырып қуғандық емес. Ол тұнық тазалық шарпыған шуақты мазмұнымен өлшеусіз әсерлер туғызып отырып жазылған әңгіме – повестерінде адамды аялап қастерлеудің әлемдік классикадағы озық дәстүрлерін ұстанды. Қазақтың жер бетіндегі жұмақ мекені, ұлттық болмысы таңбаланған Ауылдың дәурені жүріп тұрған, бағы таймаған, қызулы, ырысты, берекелі шақтарына көркем сөзбен ескерткіш орнатты.
2. Қасым Аманжоловтың «Орал» өлеңінің мазмұны.
Қиыр Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда туған "Орал" атты өлеңінде ақын ел табиғатының әсерлі көріністерін адамның отаншылдық сезімімен терең байланыста көрсетеді. "Оралға" өлеңін:
Оралым, шықтың алдымнан,
Оралым, менің Оралым.
Қол созып қызыл вагоннан
Үстіңнен өтіп барамын,–деп бастап, онда өткізген жастық дәурен қызықты шағын ризалықпен еске түсіреді.
Оралым, сенің қойныңда,
Ойнақтап өткен жылдарым.
Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғамын.
Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс.
Кеудесі гүл болып, бұлбұл қонған бұла жастың бақыты қандай ыстық.
Сонау бір шетте, сонау үй,
Кетер ме, сірә, көңілден.
Алушы ед тартып мені ылғи,
Махаббат, жастық лебімен.
Терезе алды – жас терек,
Тұр екен кімдер сүйеніп? Ж
үр екен кімдер еркіндеп,
Жүрегін ұстап, үйге еніп?.. Біз де ақынмен бірге сол үй, сол терекке қызыға, тіпті күрсіне қарағандаймыз...
Қош болшы енді, Оралым,
Күле бер шалқып, сайранда
Айтпақшы, қайда бораның
Кетейін алып майданға,–деп, туған ел боранын қатерлі сапарға серік етіп ала кеткісі, сөйтіп, майданға бұрқыратып бірге кіргісі келеді. Ғажап емес пе?! Осындай өр мінезді, сезімтал, патриот ақынның жаумен бетпе-бет кездесуі де есте қаларлықтай. Қасымның майдан жырларының лирикалық кейіпкері – кеудесі кек пен ызаға толы, аса қажырлы жан. Оның "ажалдың дегеніне көнбей", "сескену, қорқу дегенді" білмей, соғыстың ауыртпалығын әр төзіммен көтерген қайсар бейнесі көп өлеңдердің мазмұнын құрайды.
3. Ғабит Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесіндегі Сәкен бейнесі.
Заңғар жазушы 60-70 жылдары қазақ повестерінің тамаша үлгілерін қалыптастыруда ерен еңбек етті. Оның «Кездеспей кеткен бір бейне» (1967), «Ұлпан» (1974) повестері қазақ әдебиетінің осы жанрдағы озық туындылары саналады. «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі - жазушының шығармашылық шеберлігі қалыптасқан кезде жазылған, жазушы талантының өлшемі бола алатындай туынды. Шығарма қара сөзбен жазылғанымен де, төгіліп тұрған көрікті тілі, сұлу суреттері поэма деген атауға лайық екенін танытады. Кейіпкері - Еркебұлан. Протатипі - жазушы, ақын, қоғам қайраткері, белгілі революционер, Кеңес өкіметін орнатушы қайраткерлердің бірі Сәкен Сейфуллин. Алайда Кеңес дәуірінің шындығын фон есебінде пайдаланғанмен, жазушы оны мадақтап жатпайды. Ол, негізінен, кейіпкердің рухани өміріне, характеріне көңіл бөледі. Ол адамды ардақтауға, оның азаттығы жолындағы күресі идеясына берік Еркебұланның біртұтас характерін сомдаған. Еркебұлан бойындағы сезім сұлулығы, арманның асқақтығы, оның жан дүниесінің мөлдірлігі мейлінше ұтымды суреттеледі. Ғабиттің повесін «поэма» деп атауы да оның сыршыл, лириктік сыпатынан туған болу керек. Шынында да, шығарма прозамен жазылған жырдай, ақындық албырт сезім мен жүрек сырын бейнелейді. Оның күрескерлігі мен ақындығы қос өрімдей үзілмей, бірін-бірі толықтырып отырады. Еркебұланның Ақлимаға кездесуі, көрген түстей жарқ етіп, қайта жолығыспауы – ақын аңсаған алыс арманның, өшпес махаббаттың, өмір сұлулығының символындай елестейді.
Қорытындылай келе, Ғабеңнің сырлы сезім мен тарихи тұлғаны әспеттеген аталмыш шығармасы шоқтығы биік туынды болып қала бермек. Оның сыры Қалихан Ысқақ айтқандай, “Мүсіреповтің шығармаларының өміршеңдігінің сыры - тарихта болған адамдар мен тариха оқиғаларды қамтуында”.
Билет №13 Құралай
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Соғыс жылдарындағы әдебиеттің үлкен жетістігі.
2. Қасым Аманжоловтың аудармалары.
3. Үзінді қай шығармадан алынған, басты идеясы.
— Оларды осы жеті түнде іздеп қайтпекші едің?
— Мен күндіз екі кітап алған едім... Сабақта отырып үйге бара да алмадым. Соның ақшасын жаңа апамнан сұрап алып келіп едім... Кешігіппін, кассаны жауып, ағай үйіне кетіпті... Енді қайтерімді білмеймін...
Соғыс жылдарындағы әдебиеттің үлкен жетістігі.
Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін қалыптастыруға қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ж.Хұсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова әдебиет саласында құлшына еңбек етті. Т.Жароков, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекхожин, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Омаров сынды ақын-жазушылар қолына қару алып, майданға аттанды. Бұлардың қатарына майдан газеттерінің беттерінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған жаңа ұрпақ өкілдері С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, Ж.Молдағалиев, С.Сейітов сияқты ақындар келіп қосылды. Халық поэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нұрлыбек Баймұратов, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, тағы басқалары өздерінің отаншылдық рухтағы жыр-толғауларын шығарды. Қазақ әдебиетінің осы секілді әр тобынан құрылған қалам иелері бір мақсатқа жұмылып, әдебиеттің алдына соғыс шындығы қойған міндетті атқаруға кірісті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ұшқырлық танытқан әдебиеттің шағын жанрларының да өз алдына қойған міндеттері бар еді. Олар тұтқиылдан шабуыл жасаған фашизмнің екіжүзділігін, соғыста көрсеткен зұлымдығын әшкерелеп, елді оларға қарсы бүкіл халықтық күреске шақыруға үн қосты. Отанға берілгендікті, халықтар бірлігі мен ынтымағын, майдандағы күрес пен тылдағы жанқиярлық еңбекті жырлады. Мазмұны жағынан үгіттік сипатта жазылған ондай туындылардың халықты дұшпанға өшпенділікке тәрбиелеуге маңызы зор болды. Сөйте жүріп қазақ өлеңі азаматтық лириканың жаңа үлгілеріне бет бұрды. Ол кеңес адамдарының бойындағы азаматтық сезімнің шыңдалуын, майдандағы ерлікті нақты материалдар негізінде жырлау саласында жаңа ізденістер жасады. Бұл тектес шығармалардың бәрінде, әрине, әдебиеттің көркемдік міндеті мен талабы сақтала берген жоқ. Қаламгердің көбі бұрын әбден зерттеп, жазып жүрген етене тақырыптарын тоқтатып, төтенше тақырыпқа ден қоюға мәжбүр болды. Алайда мұның өзі де үлкен сабақ, тарих сабағы еді. Әдебиет қоғам мен дәуір алға тартқан осы міндеттер мүддесінен шығуға ұмтылып, жаңа бағытта ізденістер жасады.
Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі, әсіресе, Мәскеуді қорғау кезінде 1941 жылдың күзінде Волоколамск тас жолы бойындағы ұрыста қазақстандық Панфиловшылар дивизиясының ерекше көзге түсуі қазақ әдебиетінің майдан тақырыбын жырлауына тың, мол мәліметтер берді. Қазақ ақындары Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдуллиннің, Төлеген Тоқтаровтың, Мартбек Мамраевтың, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, тағы басқа панфиловшы 28 батырдың ерліктерін нақты деректерге сүйене жырлауға тырысты. Мұның өзі соғыс тақырыбын жалпылама жазбай, жеке адамның іс-әрекеті, ой парасаты, жеке басының сезім күйі арқылы көрсетуге бетбұрыс болды. Майдан өмірінің шындығын терең бейнелеуі, солдаттың ішкі сезім күйіне еркін де батыл үңіле алуы жағынан соғыстың ауыртпалығын бастан кешкен майдангер ақындардың шығармалары ерекше бағалы.
Әдебиеттің шағын жанрларының қатарында дәстүрлі өлеңге қоса, публицистика ерекше көзге түсті. М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Әбішевтің мақала түріндегі толғаныстары, әңгімелері мен очерктері халықты ерлік күреске үндеуде, майдан жауынгерлерінің батырлық істері мен тыл еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігін жедел суреттеуде көрнекті қызмет атқарды. Майдангер жас жазушы Баубек Бұлқышевтің әскери публицистикасы («Заман, жастар, біздікі», «Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді», т.б.) жас жауынгердің жүрек тебіренісін бейнеледі. Туған елі мен жерін мейлінше беріле сүйген жас азаматтың отаншылдық сезімі де, дұшпанға деген кегі де, замандасына арнаған өмір туралы сыр толғаныстары да осы мақалаларда кең қойылды.
Соғыстың соңғы жылдары қазақ әдебиеті біртіндеп көлемді жанрларға қарай бет бұрды. Майдан батырларына арналған поэмалар туды. Олардың көбінде соғыс шындығы жеке адамның ерлігі туралы әңгімелерге негізделіп көрсетілді, үлкен жинақтаушылық сипатқа ие бола алмады. Солардың ішінен Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы ғана өзінің идеялық-көркемдік қуатымен үздік орынға ие болды. Қасым онда заман батырының бейнесін, оның өлмес рухын, отты тұлғасын тың суреттермен бейнеледі. Осы кезеңнің аяғын ала М.Әуезовтің «Абай» (төрт томдық эпопеяның бірінші кітабы), Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ батыры», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ.Слановтың «Жанартау» атты романдары жарық көрді. М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, С. Мұқановтың, Ә.Әбішевтің, Ә.Тәжібаевтың, Ш.Хұсайыновтың жаңа, көп актілі пьесалары театр сахналарына шықты. Оларда әскери өмірмен бірге, қазақ халқының өткен өміріне, жаңа қоғам құру жолындағы күресіне арналған шығармалар да болды. Соғыс кезінің ұранына сәйкес халықтық ерлікті фольклорлық сюжеттер арқылы танытуға ұмтылыс та байқалды.
Қасым Аманжоловтың аудармалары.
Қасым Аманжоловтың аудармалары — ақынның шығармашылығында елеулі орын алады.
Түпнұсқа көркемдігіне еркін бойлауымен, рухани терең сезінуімен ерекшеленетін Аманжолов аудармалары ақын ізденістерінің өрнектері іспеттес.
Аманжолов келесі әдеби шығармаларды қазақ тіліне аударды:
Пушкин — Қыскы кеш, Ақын, Чаадаевқа, Арыстанды тырнағынан таниды, Тұтқын, Ақынға, Аракчеев туралы, Еркіндік, Дастарқан жыры, Жазушы мен ақын, Полтава (поэма)
Лермонтов — Еврей сазы, Ақын ажалы, Тұтқын, Қанжар, Аттанып жылы шуақ, Теректің сыйлықтары, Отан, Тамара, Мейлі ақынды сөге берсін, Желкен, Күн, Маскарад (драма)
Байрон — Чайльд Гарольд, Чайльд Гарольдтің елімен қоштасуы, Романс, Альбомға
Некрасов — Сұрқия жыл, Ақынға, Таңертеңгі саяхат, Саша (поэма)
Белинский — Н.В.Гогольге хат
Шевченко — Жел қияққа сыбырлап, Тұрсам да Украинада, Жалғызбын мен, жалғызбын, Даламен жүріп, Туысқандық махаббат, Өтеді күндер
Маяковский — Лениншілдер, Марш, Муссолини, Мәжілісқорлар, Бөріктен без, Қоштасу, Бар дауыспен, Аламыз жаңа винтовка, Ұрыс ұрандар
Твардовский — Василий Теркин (поэма)
И. Шухов — Теміртау туралы әңгіме
Руставели өлеңдері
Мирсаид Миршакар — Алтын қыстақ (поэма)
Низами Гәнжауи — Ләйлі - Мәжнүн дастаны
Қосымша:
Қазақ өлеңінің өртке тиген дауылы – Қасым Аманжолов – қазақтың қайсар рухты ақыны ғана емес, ұлттық әдебиеттің дамуына жанашыр болған қаламгер де. Оның бұл еңбегі көркем тәржіма саласына қосқан үлесінен аңғарылады. Қасым аудармалары – қазақтың сөз өнерін әлем әдебиеті үлгілерімен сабақтастырған тың соқпақ.
Поэзияның құдіретін бойына дарыта отырып, өлеңімен тәкаппар дүниені өзіне қаратқан Қасым ақын ұлыларды көп оқыды, ұлылықтан сусындады. Мұнсыз өнерде даралану, өзгені табындыру мүмкін емес. Ақын өз шығармаларында Гәнжәуи мен Руставелиге, Абай мен Пушкинге, Лермонтов пен Горькийге, Шевченко мен Маяковскийге табынып, олардың поэзиясына құрметін білдіреді. Қасым батыс пен шығыстың әдебиетін меңгере жүріп, солардан үлгі алды, әлем әдебиетінің жауһарларын қазақ сөз өнеріне әкелуге талпынды, классикаға қазақтың үнін қосты, қазақ өлеңінің кереметін паш етті. Ақынның бар көркем аудармасы өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Ол Маяковскийді, Пушкинді, Лермонтовты, Некрасовты, Шевченконы, Твардовскийді, Байронды, Мирасаид Миршакарды, Низами Гәнжәуиді аударды. Қасымның жаһанды жалғаған көркем тәржімаларынан ақынның әдебиетші ретіндегі қызметі мен мақсатын түсінуге болады. Ақын әлемдік поэзияның кесек үлгілерін олардың қазақ сөз өнеріне тигізер пайдасын көздеп, әдейілеп аударған. Өзі «аударылған дүние сенің өз мүлкің болуы керек» деген сөз жазып қалдырған. Қасым Байрон ақынға дүниежүзілік даңқ әкелген әйгілі «Чайльд-Гарольдтың қажылығы» поэмасының үзінділерін қазақша жырлады. Ақын танымал шығарманың сегіз қиыр шартарапты кезіп жүріп, өзінің өмірлік дәйек-тұжырымдарына дәлел іздейтін кейіпкерінің әрекеттері мен пәлсапасын қазақы оқырманға жақындатқысы келді. Чайльд-Гарольд өзінің терең психологизмімен «байрондық кейіпкер» деген ұғымды өмірге әкелсе, Қасымның аудармасынан да болмысы бөлек қаһарманды танимыз және ол қазақтың өр ақынының өзіне ұқсас. Елімен қоштасқан кейіпкерін ақын
«Мен жалғызбын, толқындардың
Арасында кемем келеді» деген жолдармен дәл Қасымша суреттейді, сөйтіп, бізге Гарольдты не Байронды емес, Қасымды танытады. «Ышқына соққан дауылға, Құмартушы ем жасымда» дейтін Аманжолов қашан да әдебиеттегі талғамының жоғары екенін байқатқан. Ол, негізінен, дүниежүзі поэзиясындағы алыптардың алпауыт саналған туындыларын аударды. Пушкиннен бір топ өлең мен әйгілі «Полтаваны», Лермонтовтан «Маскарадты», Твардовскийден «Василий Теркинді», Гәнжәуиден «Ләйлі-Мәжнүнді» алды. «Ләйлі-Мәжнүннің» Қасымға дейін талай қазақша жырланып, тәржімаланғаны белгілі.
Бірақ ақын белгілі хикаяның мазмұнын тағы бір баяндауды мақсат етпейді, ол шығыстық жыр дәстүрінде өз мүмкіндіктерін көрсетуді, дастан жазуда түпнұсқа авторымен іштей сынасуды және ең бастысы – махаббат хикаясын өз заманына жақындатуды көздейді. Ақынның Ләйлісі мен Мәжнүні біз үшін ежелгі дәуірдің емес, өткен жылдардың ғашық жастары секілді. Лермонтовтан аударылған «Маскарад» – өлеңмен жазылған төрт перделі драма. Ол – Қасым тәржімаларының ішіндегі ең сүбелісі. Аудармашы мұнда өнерді синкретті ете білудің шебері ретінде көрінеді. Бұл шығармада қимыл-әрекет те, поэтика да, өзіндік ырғақ пен әуез де, проза да бар. Аманжолов Лермонтов туындысының табиғатын дәл беру үшін сегіз буынды жырды да, қара өлеңді де қолданады, шығармада динамикадағы кейіпкерлердің оқыс диалогтері, қысқа, толымсыз жауаптар, атаулы сөйлемдер, бәрі жарасымды көрініс табады, ешқайсысы ырғақтан ажырамайды. Екінші көріністің бірінші сахнасындағы Баронессаның сөзі:
«Не үшін өмір сүреміз бұл дүниеде?
Жалынып, жалбарынып әлдекімше,
Құл болып өту үшін жүрміз бе біз?
Жорж Санд ғибратында бар-ау негіз!» – деп, өлеңнің толымды буындары мен ұйқасы сақталып берілсе, шығарманың ендігі бір жерінде князь бен бетперде киген әйелдің сөйлесуі бұл қалыптан ауытқиды:
«Бетперде: Жақсы білем...
Мен сені!
Князь: Білсе білер бұл тегі».
Маяковский жырларынан қуат алып, онымен рухтас екенін жасырмайтын Қасым оның да көп шығармасын аударды. Атышулы «Прозаседавшиеся» «Мәжілісқорлар» болып тәржімаланды. Қасым Аманжолов көркем аудармаларының бір үлкен шоғыры – лирикалық поэзия. Қасым өлең сөзге өз өрнегін салып, өзгеден жеткен көркем ойды меншіктеп алады. Пушкиннің «Қысқы кешіндегі» көк дүлей боран суреттелетін
«То по кровле обветшалой
Вдруг соломой зашумит,
То, как путник запоздалый,
К нам в окошко застучит» деген жолдар
«Тозған лашық қамысындай
Суылдайды кей уақыт;
Түн қатқан бір жолаушыдай
Қағады әйнек бейуақыт» болып, көз алдымызға келеді. Сол сияқты Джордж Байроннан Лермонтовқа жеткен «Еврей сазының» «Я говорю тебе: я слез хочу, певец, Иль разорвется грудь от муки» деген сезімге толы поэтикалық айшығы Қасымның «Келеді бір жылағым, абзал жыршым, Тұрғанда көкірегім қарс айырылмай» деген қазақы лирикаға айналып кетті. Қасымның көркем аудармаларын шолып шыққан кезде, халық әніне айналған «Ах, Самара, городок!» өлеңіне тоқтала кеткенді жөн көрдік.
«Орамалым батар-батпас,
Қалқып қана ағады,
Сүйген жарым сүйер-сүймес,
Уақыт өтіп барады.
Қайырмасы: Ах, Самара, жас қала
Барамын сөнгелі,
Барамын сөнгелі
Жұбатшы сен мені».
Қазақ мәдениетінің ақ маңдайлысы Роза Бағланова нақышына келтіре орындаған бұл әннің Қасым аударған нұсқасы бүгінгі әншілердің репертуарына қосылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Сонымен, Аманжолов шығармашылығының бір үлкен саласы – көркем тәржіма. Ақын жаһан әдебиетінің көрнекті тұлғалары мен шоқтығы биік туындыларын ұлттың көркемсөз мұрасына жақындатуды және, керісінше, әлемдік әдебиет дәстүрлеріне қазақы реңк беруді нысана еткен. Оның бұл бағыттағы еңбегі жүйелі зерттеуді қажетсініп тұр.
Зинол-Ғабден БИСЕНҒАЛИ, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор:
– Қасымның көп аударған ақыны Маяковский болды. Маяковский сол жылдар әдебиетіндегі үлкен фигура еді. Одан аударған өлеңдері 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жарық көрді. Бұдан кейін оның орыс әдебиетіне жалтақтауы бірте-бірте жүйеге түсе бастайды. 1947-1948 жылдары Пушкиннің көп шығармасын аударады. Пушкинді аудару үстінде Қасым ұлы орыс ақынының дүниетанымындағы құпияларды меңгеру қажеттігін аңғарады. Ол Белинскийдің Пушкин туралы жазған атақты мақаласымен танысып, соны жүйелі түрде оқиды. Пушкин поэзиясының негізгі арналары жайлы терең оқып білуі кейін оны аударуға көп мүмкіндік берген. Қасымның өте жақсы аударған ақыны – Лермонтов. Бұл екеуінің шығармашылық тұлға ретінде мінездері ұқсас болатын. Орыстың еркіндікті аңсаған ерке көңілді ақынын аударуда Қасым талай шеберлікті меңгереді. Біз «Қасым керемет, Қасым керемет» деп көп айтамыз. Бірақ оның несімен керемет екенін ойланып айтуды ұмытып кетеміз. Қасым – көркем аударма саласына зор үлес қосқан адам. Ал әлі күнге дейін оның аудармаларын зерделейтін бірде-бір еңбек жазылған жоқ.
Үзінді қай шығармадан алынған, басты идеясы.
— Оларды осы жеті түнде іздеп қайтпекші едің?
— Мен күндіз екі кітап алған едім... Сабақта отырып үйге бара да алмадым. Соның ақшасын жаңа апамнан сұрап алып келіп едім... Кешігіппін, кассаны жауып, ағай үйіне кетіпті... Енді қайтерімді білмеймін...
Авторы: Мұқан Иманжанов
Шығарма атауы: “Коммунизм мүйісі”
Басты идеясы: Адалдыққа баулу
Қосымша:
Бір мектепте адалдыққа, саналылыққа сын болатындай тәжірибе жасалады. Оқушыларға қажетті алуан кітаптар мен оқу құралдары сатылатын бұрыш ашылып, бағалары жазылып қойылады, бірақ ол арада әдеттегідей сатушы немесе бақылаушы болмайды. Балалар өздерінің қалағандарын алып, тиісті ақшасын сол жердегі қорапшаға салып кетуге тиіс. Межелі уақыт өтіп, түскен ақшаны санаған кезде бір кітаптың ақшасы жетпей қалады. Бұл әрине, көпшіліктің реніші мен қобалжуын туғызады. Көп ұзамай әлгі оқушы белгілі болады, сөйтсе, ол өзі қызыққан кітапты арамдықпен емес, таусылып қалатын болғандықтан, амалсыздан алып кеткен екен. Ақшасын ертеңінде ала келіп, тиісті жерге өткізген әлгі оқушы ұстаздарынан шын көңілімен кешірім сұрайды. Қалай десек те, кезінде бұл әңгіменің тәрбиелік мәні өте зор болғанына ешкім дау айта қоймас.
Міне, осы жай Қойтас негізгі мектебінде де орын алып, ұстаздар мен ата-аналардың шынайы ризашылығын тудырып отыр. Мектеп аспазы Айтжамал Ұябаева асханаға қажетті баннерлерді сатып алу үшін, төмендегідей қызықты тәжірибеге тәуекел еткен екен.
-Бұл ойымды мектеп директоры Мұрат Қабдығалиевқа айтып, ол кісінің рұқсатын алдым, – деп пікір бөліседі Айтжамал Темірбекқызы. – Содан кейін көп етіп дәмді тоқаштар пісірдім. Оны дәліздегі үстелге қойып, жанына бағасы жазылған тақтайша мен артығын қайтарып алатындай етіп, ұсақ ақша салынған қорапты орналастырдым. Үзіліске шыққан бастауыш сыныптың оқушылары мәре-сәре болып, аналары берген ақшаларына тоқаш сатып алып жеп жатты. Оларды қадағалап, тексерген ешкім болған жоқ.
Соңынан әдейілеп санаған кезде, түскен ақшаның бір тиыны да кем болмапты. Мұның өзі естіген жанды риза етіп, сонымен бірге орынды мақтанышқа да себепкер болып отыр. Ұстаздар бастауыш сыныптағы кішкентай бүлдіршіндердің адалдығына тәнті болса, ата-аналар өздерінің саналы ұрпақ өсіріп отырғандарын сезініп, қуанышқа бөленуде.
-Аталған баннерлерге әдейілеп қаржы бөлінбегендіктен, қажетті ақшаны табу үшін осындай тәсілге баруға мәжбүр болдық, – дейді А.Ұябаева. – Дегенмен, бұл шараның оқушылардың, сонымен бірге ата-аналардың да шынайы қызығушылығын тудырып отырғаны рас. Балаларға жастайдан үміт артып, сенім білдіретін болсақ, олардың да оны ақтауға күш салып, тырысатындарына көзіміз жетіп отыр. Мұның өзі жас буынды адалдыққа баулудың айқын да көрнекі үлгісі емес пе?!
Заманды нарық билеп тұрған, «қайтсең де ақша тап!» деген ұранның жетегімен адамгершілік ұғым тәрк етіліп, саудагерлік пиғыл алға озып тұрған бүгінгі кезеңдегі қойтастықтардың бастамасы көпке үлгі боларлықтай. Соған орай жұрт жүрегіндегі «осы тәрбиеден тәлім алған жас буын келешекте де адал жолмен жүріп, саналы қадамдар жасайтын болады» деген сенімнің көңіл төріндегі шырақты одан әрі жарқыратып тұрғаны да ақиқат.
Билет №14 Алима
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Тайыр Жароковтың эпикалық шығармалары.
2. Баубек Бұлқышевтің өмірі мен шығармашылығы.
3. Үзінді қай шығармадан алынған, эпизодтғы киім қай заманды көрсетіп тұр.
—Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрынымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім...
1. Тайыр Жароковтың эпикалық шығармалары.
Тайыр Жароков кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің поэма жанарның өркендеуіне елеулі үлес қосқан эпик ақындардың қатарында болды. Ол жиырмаға жуық поэма жазды. Отызыншы жылдардағы «Күн тіл қатты», «Тасқын», «Нарын» сияқты поэмаларымен ол жұртшылық назарын аудара білді.
Ақынның алғашқы поэмалары ішінде ерекше көзге түскені– «Күн тіл қатты» (1934) атты поэмасы. Стратостатпен 22 мың метр биіктікке ұшып, сол жылдары дүниежүзілік бірінші рекорд жасаған ұшқыштар Федосенко, Васенко, Усыскиндердің батырлық ісі «Күн тіл қатты» поэмасының сюжеттік арқауы болды. Поэмада автор тарихи болған уақиғаны суреттей отырып, өз замандастарының ерлік бейнесін беруді мақсат еткен. «Күн тіл қаттымен» тақырыптас, үндес шығармалар сол тұста басқа халықтар әдебиеттерінде де жазылды. Татар ақьны Әхмәт Файзи осы тарихи оқиғаға арнап «Үш өмір»(1934) атты баллада жазған. Ерлікті жырлауда екі елдің екі ақыны идеялас, мазмұны үндес шығарма жаза отырып, көркемдік шешімге келгенде дараланып шығады. Әхмәт Файзи шығармасын негізінен лирикалық жоспарда жазса, Тайыр Жароков поэмасы кең көлемде эпикалық сипатта жазылған. Ортақ оқиғаны, ортақ кейіпкерлерді әр түрлі көркемдік үлгіде суреттесе де, екі ақын өз замандастарының ерлігі мәңгілік екенін айтуда бір арнадан табылды.
«Күн тіл қатты» поэмасында Тайыр Жароков ұшқыштардың тарихи ерліктерін жинақтай суреттеу арқылы өз замандастарының ерлік бейнесін көзге елестетеді. Ақын ұшқыштардың ерлік тұлғасын көрсетуде екі жолды таңдаған. Біріншіден, ақын кейіпкерлердің ерлік бітімін олардың іс-әрекетін баяндау, мінездеу арқылы көрсетеді. Поэмада көтеріңкі пафоспен берілген осы мінездемеден поэма кейіпкерлерінің ерекше бітімі, батырлық тұлғасы көрініп тұр.Ақынның шабытты жыр жолдарын оқып, шалқыған сезім тебіреністеріне ортақтаса отырып, «аспандағы жұлдыздан асқан, қарулы, жалынды қырандай» ұшқыштардың өр бітіміне кім-кім де сүйсінеді.
Екіншіден, ақын ұшқыштардың ерлік бейнесін олардың асқақ, өр, қайратты сөздері (күнмен диалог, монолог) арқылы айқындай түседі.
Желектей желпіп желіңді,
Желқомдай жырттым жеріңді.
Түбіттей түтіп бұлтыңды,
Таспадай тілдім толқынды,
Бағынбай кеннен не қалды?
Қарыңды қағып су қылдым,
Суыңды сілкіп бу қылдым,
Түніңнен таң атқыздым
Жеріме жұлдыз жаққыздым,
Электрден шам жанды!
Поэма кейіпкерлерінің сөздері оның бүкіл ерлік бітімін, өр тұлғасын, жеңімпаздығын айқын танытып тұр.Адам бейнесін танытуға қажет монологті(кейіпкер сөзін)орынды пайдалану ақынның тапқырлығын аша түседі.
«Күн тіл қатты» поэмасында ақын өмір шындығын негізге ала отырып әсірелеуге, романтикаға көбірек барады.Ұшқыштардың күнмен тіл-дескендегі өршіл, асқақ сөздері романтикаға толы.Ұшқыштардың ерлік істері мен қаһармандық сөздерін асау табиғаттың өзі де мойындап, «мен жеңілдім, сен жеңдің» деп ұшқыштарға бас иеді. Шын өмірде де, поэмада да батыр ұшқыштар ерліктің шыңына еркін шығып, сол батырлық жолында қаза табады. Ақын ерлік қазаны жасырмай, қайғылы қазаға қабырғасы қайыса отырып, ерлердің ісі өлмей, адамзат тарихында мәңгі жасайтынын оптимистік жігермен суреттейді. Ақын поэма соңын ұтымды аяқтаған.
Тайыр Жароков шығармашылығына арналған зерттеуінде Қ.Жұмалиев поэмадағы өмір шындығы әрі реалистік бояумен, әрі романтикалық пафоспен шынайы бейнеленгенін айта келіп, композициялық ерекшелігін де дәл тұжырымдады. «Оқиғасы, оны суреттеу әдісі де дамытуға градацияға (дамыту) құрылған. Осы әдісті автор поэманың ұзына бойына сақтайды. Бұл – ақынның таланттылығын сынайтын әдіс. Дамыту көбіне қызу қимылдың бір кезеңін суреттеуге қолданылады. Алдыңғыдан соңғы қимылдың асып түсуін көрсету үшін пайдаланылады»– деген топшылаулар поэманың композициялық ерекшелігін дұрыс ашуға негізделген.
2. Баубек Бұлқышевтің өмірі мен шығармашылығы.
Баубек Бұлқышевтің өмірі
Әдебиетте жарқ етіп көрініп, тез сөнген, жастай кеткен Баубек Бұлқышевтың шағын өмірі әрі аянышты, әрі қызықты. Оның өмірі нағыз кеңес жасының өмірін елестетеді. Ол Қарағанды облысының Ұлытау өңірінде, қазіргі «Амангелді» кеңшарында 1916 жылы туған. Балалық дәуірдің балғын бесігінен жаңа аттаған шағында Баубек әуелі шешесінен, артынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Алғашқыда ауыл мектебінен оқып сауатын ашады.Бұдан былайғы оқуына жақын туысы Сейтжан Смайлов деген мұғалім көп ықпал жасайды. Баубек жастайынан алғыр, өжет боп өсті. Сейтжан ағасының көмегімен 1932 жылы Қарсақбай заводындағы фабрика завод училищесіне келіп оқуға түседі. ФЗУ–ды бітіргеннен кейін Баубек 1933-1934 жылдары «Ұлытау» совхозында түрлі шағын қызметте болады. Осы уақыттан бастап ол көркем әдебиетті құмарта оқиды. 1935 жылы тамыздың орта кезінде Баубек оқу іздеп Алматыға келеді. Институтқа түсерлік тиісті білімі болмағандықтан техникумдардың бірін қалауға тура келеді. Өзімен бірге келген ересек жолдастарымен есеп экономика техникумының даярлық курсына түседі. Оның оқуға, өмірге деген құштарлығын мына өзі жазған хатарының біреуінен байқауға да болады «Менің он тоғыз жасымда бар ойым оқуда, қызмет жайында және несін жасырайын, атақ жайында болатын. Мен толып жатқан өнер жайын ойлаушы едім Алдымен ақын болғым келетін. Пушкин мен Лермонтовты, Гете мен Гейнені, Байрон мен Шиллерді оқығанда біржола сүңгіп кетуші едім. Бұл ақындар маған қатты ұнайтын да, күні түні басымды көтермей оқитынмын. Мен күйші де болғым келетін. Чайковский мен Глинканы, Бетховен мен Шопенді ерекше құмартып тыңдаушы ем. Мен өзімшіл екем, әрі ақын, әрі күйші болғым келетін.Жоқ, шынын айтсам, маған ол аз еді. Менен гөрі ересек жолдастарым мен бірге туған ағаларым институт бітіріп, біреуі инженер, біреуі тарихшы болып шыққанда, осы мамандықтар түгелімен менде де болса деуші едім. Өмір үшін, жас жігіт үшін, әрине бұ да аз...» Міне осындай ұшқыр қиял, асқақ арман, биік мұрат Баубек бойына дарыған қасиеттер еді.1940 жылы Баубек өзі тіленіп әскер қатарына алынды. Ол Балтық жағалауындағы елдерді азат етуге қатынасты. Осыдан соң Баубектің жауынгерлік өмірі басталды. Ә дегеннен жақсы солдат, батыр жауынгер болды. «Біз кәрлі кезеңнің, соғысты заманның жандарымыз. Біз соғыста туғанбыз, соғыста өлеміз де...Осының бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ!» деп жазды ол «Өмір мен өлім туралы» очеркінде. Ол шынында да өмірдің өзін творчество деп түсінді. Ол бірде Лермонтовтай офицер ақын болуды арман етсе, бірде Фурмановтай жауынгер жазушы болуды армандайды. «Жазғың келеді, жаза бергің келеді, әттең, шіркін, уақыт болса» деп әр хатында жазып жүрді. Ол шығармашылық арманын орындау үшін жан аямай соғысу керектігін, фашизмді жеңу керектігін өзіне де, өзгеге де ұран етті. Майданға аттанған Баубек қатардағы жауынгерден офицерлік дәрежеге дейін көтерілді.Ақтық рет,1944 жылы ақпан айының ішінде Украинаның Ново - Юльевка деген селосы маңында саперлік міндетін атқарып жүріп, опат болды.
Баубек Бұлқышевтің шығармашылығы
Әдебиетпен шындап айналысқан Баубек техникумның екінші курсында есеп қызметкері болу мамандығынан мүлде суып, оған селсоқ қарайтын болды. Уақытының бәрін әдебиетке арнап, соның қызығына түседі. Қызға арнап өлеңдер шығарады. «Балалық шақ» деген поэма, «Ауылдан Алматыға» деген ұзақ әңгіме жазады. Бірақ бұл екі әңгімесін де «нашар нәрселер» деп жыртып тастаған. Баубек бұл жылдары әлеуметтік тақырыптарға да өлеңдер жазып жүрді. Бұл жазғандарын «Лениншіл жас» газеті, «Қазақ әдебиеті» журналы сияқты баспасөз орындарына ұсынған.
1938 жылы техникумның екінші курсын бітіріп, жазғы каникулда елге бармастан қазақтың мемлекеттік баспасында іс атқарушы болып уақытша қызмет істейді. Осында жүріп «Айсұлу» поэмасын бітіреді.
Баубек соғыс жылдарында жауынгер публицист ретінде жарқ етіп көзге түсті. Орыс жазушылары И.Эренбург, Б.Горбатов, К.Федин, А.Фадеев, Н.Тихонов, К.Симоновтардың ізімен әскри публицистикаға бой ұрды. «Өмір мен өлім», «Мен өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат», «Заман біздікі», «Тыңда, Кавказ», «Жауыздық пен махаббат» деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттыққа үндеді.
«Жауыздық пен махаббатта» Баубек өзінің құрдасынан бөлініп кеткеннен кейін, оның туған селосына келеді. Оның ата анасымен, сүйген қызымен танысу үшін, солардың амандық саулықтарын білу үшін келеді. Құрдасының туған өлкесіне бет аларда оны ерекше қуаныш сезімі билейді. «Мен құрдасымның туған жеріндемін, оның туып өскен жері менен екі шақырымдай ғана жол болып тұр. Жүрек сонша алып ұшып қуанды. Өзім туған Арқада ән салып келе жатқаннан кем емеспін» деп жеткізеді Баубек бұл сапарын.
«Мен өмір сүргім келеді» дейтін мақаласында фашистердің бет пердесін әшкерелей отырып, Баубек өз кейіпкерлерінің оларға қарсы күрес үстінде туған кекті мінезін, қайсарлығын, табандылығын былай суреттейді: «Менің өмір сүргім келеді. Бірақ фашистік неміспен бірге өмір сүре алмаймын. Фашисі бар дүние тар мен үшін. Адам мен аң бір бөлмеде тұра алмайды. Бір жердің үстінде фашистік неміспен жасай алмаймын мен. Біз Шиллерді, Гетені сүйеміз, біз оларды қазір де жақсы көреміз. Біз қанқұмар емеспіз. Бірақ мен Германия жастарының арасында Вертер сияқты біреуін де таба алмадым. Оларда жүрек жоқ. Немістер тіпті солдат та емес. Суворов: «Солдат талаушы емес» депті. Мен мұны азырақ қана ауыстырып, «талаушы солдат емес» дер едім ».
«Шығыс ұлына хат» ел басына күн туғанда ер намысын жоғары ұстап ерлікке шақырған, халақ рухын биікке көтерген, қызуы мол публицисттикалық туынды. Жауынгердің Отанға деген зор сүйіспеншілігін, елдің нұрлы келешегін қорғаудағы ерен ерлігін автор тарихи философиялық тұрғыда былай тұжырымдайды: «Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Біз Шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек, орыс халқының батырлары Суворов, Кутузовтардан екінші үйрендік. Біз Исатай мен Махамбеттің, Абай мен Амангелдінің балаларымыз. Біздің қылышымыз фашистік немістің қанымен суарылуы керек. Серт осы болсын!».
«Заман біздікі» - ел – жер жайлы толғаныстарға толы. Перзеттік парыз бен қарыздың, шынайы шындықтарға суарылған сырлы сезімнің қуат – күші жоғары. Азаматтық пен бостандықтың өлшемі, татулық пен туысқандықтың таңбасы айқын. Бейбіт өмірге құштарлық пен балалық шаққа саяхат, жастық пен достық сырлары шындық жайттарды арқау етуімен де мәнді. Ең бастысы, әрине өмір мен өлі өлшемі, соғыс пен бейбітшіліктің бағасы – адам мұраты, арман – аңсары, еңбек тынысы негізінен кең өріс алады.Шығарма мұратынан: ел – жер, тарих пен тағдыр, жастық пен достық жырлары былай беріледі. «Біз жастар, тағдырымыз сенімен байланысты екенін білеміз. Туған жер. Біз сенің топырағыңда ғана бақытқа бөленбекпіз. Өмірдің биік шыңына қол созамыз, адам дүниесінің сан - саласына ой жүгіртеміз. Біз бақытты жастар едік. Сенің үстіңде қуанышқа кенеліп, той тойлаған күндер есте. Бүгін сенің үстіңде өстік, керек болса сенің үстіңде өлеміз де. Бірақ, жауға беріп қоймаймыз сені. Серт осы. Біз осыған ант етеміз, ізгі ана!..... Біздің заман таласта! Жастық шағымызды қырау шалғалы тұр! Бірақ, біз өз заманымызды ешкімге бере алмаймыз! Заман біздікі! Өз заманымыз үшін жан пида! О, жастар! О, құрбылар!
3. Үзінді қай шығармадан алынған, эпизодтағы киім қай заманды көрсетіп тұр.
—Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрынымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім...
Бұл үзінді Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повестінен алынған, соғыс жылдарына арналып жазылған повесть.
Аянның ертегі айтатындығы Сайынның өзіне аздап келеді. Бірақ, Аянның прототипі бар. Ол – ауылда тобығы тайғандықтан, аяғын қисаңдатып, сәл ішіне басатын Ұзақбай деген бала.
Кейіпкерлері:
Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
Садық - Аянның досы. Ауылда "бірінші атаман" атанған.
Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.
Қосым - Аянның досы. Өзінің "Тырнауық Қосым" деген атымен белгілі. Тырнауық дейтін себебі төбелескенде үнемі баж етіп бетті тырнайтын. Одан ауылдын көп баласы қорқатын еді. Оған тек Есікбай тік келе алатын.
Бапай - әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.
Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер
Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.
Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы
Аянның соғысқа кеткен ағасын сағынып,ағасының пальтосын иіскейді. «- Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба,- деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен, - Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатар алдында ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Біртүрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрынымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: «ағаңды анау Жусанды төбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде айдалада тапқанмын дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан қалған...Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді...», - дейді.
...Қаралы қағаздар да келіп жатты.
Жаз ортасы. Аңызақ жел ұйтқи соққан ыстық күннің бірінде біздің ауылға тағы бір қаралы қағаз келді. Бұл жолғы қаралы қағаз ешкімнің үйінен зарлы жоқтау айтатын дауыс шығарған жоқ. Бұл жолғы қаралы қағаз, көшеде ойнап жүрген балалардың ең соңында, белі бос штанының ауын бір қолымен көтере ұстап, сол аяғын көденеңінен сүйрете солтақтай жүгірген күйде: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деп жалына дауыстай жүгірген Аянға келген еді. Ол үнсіз қабылдады. Қаралы қағазды ұзақ отырып екі-үш рет ежіктеп оқыды да, төрт бүктеп ышқыр қалтасына тықты. Онан соң ойнап жүрген балалардың жанына кеп, әдетінше алыс-жұлысты сырттай қарап қызықтап тұрды. Тек балалар үйді-үйіне тараған кезде, ол ауылдың шетіндегі ат қораға барып кірді.
Сюжеті:
Бөлім. Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Оны алғаш рет ауыл балалары ойнап жүргенде байқайды. Балалар Аянмен тез достасып, Аян олардың арасындағы екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл, ақылды, әрі мейірімді бала болатын. Өзі ешкімге тиіспейтін, момын болғанымен, бір күні Есікбай есімді ауыл баласы оған тиісіп, олардың арасында төбелес орын алады. Ал соңында Аян Есікбайды жеңеді. Туындының басты кейіпкері мектепте де өзінің зеректілігін келген күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға күші келгенше көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.
Бөлім. Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, оның ауыл балаларына күнде кешкісін айтатын ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ Бапай әйелімен бірге оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін тыңдау үшін жиналатын. Аян күн сайын жаңа ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып беретін. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, ертегіні тыңдап отырған балалар өздерін ертегінің кейіпкері ретінде елестететін болған. Сонымен қатар, олар ержүрек жауынгерлер туралы ертегі тыңдап отырғанда соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.
Бөлім. Бірде ол тұйық мінезді, ал бірде оны мүлде танымай қаласың. Ол көп ойындарға қызығып, араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл - күйі осы кеште керемет еді. Онан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында тайғыш аяғының кесірінен Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.
Бөлім. Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Оның ертегілері үнемі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Ал повест соңында, оған көкесінің соғыстан енді оралмайтындығы жайында қаралы хат келіп, Аян балалар үйіне жіберіледі. Ол халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп ант беріп кетеді.
Билет №15 Жансая
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Баубек Бұлқышевтің шығармаларындағы ерлік пен жауынгер
арманын суреттейтін мақала-очерктер.
2. 1941-1960 жылдардағы Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына
қосқан үлесi.
3.Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайырғали Смағұловтың көркем бейнесі.
1.БАУБЕК БҰЛҚЫШЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕРЛІК ПЕН ЖАУЫНГЕР АРМАНЫН СУРЕТТЕЙТІН МАҚАЛА-ОЧЕРКТЕР.
Әдебиетпен шындап айналысқан баубек техникумның екінші курсында есеп қызметкері болу мамандығынан мүлде суып, оған селсоқ қарайтын болды. Уақытының бәрін әдебиетке арнап, соның қызығына түседі. Қызға арнап өлеңдер шығарады. «балалық шақ» деген поэма, «ауылдан алматыға» деген ұзақ әңгіме жазады. Бірақ бұл екі әңгімесін де «нашар нәрселер» деп жыртып тастаған. Баубек бұл жылдары әлеуметтік тақырыптарға да өлеңдер жазып жүрді. Бұл жазғандарын «лениншіл жас» газеті, «қазақ әдебиеті» журналы сияқты баспасөз орындарына ұсынған.
1938 жылы техникумның екінші курсын бітіріп, жазғы каникулда елге бармастан қазақтың мемлекеттік баспасында іс атқарушы болып уақытша қызмет істейді. Осында жүріп «айсұлу» поэмасын бітіреді. Сол кездегі баспаның директоры ә.сәрсенбаевтың ұсынуымен баубек қазақстан жазушылар ұйымының жанынан ашылған жас ақын жазушылардың екі айлық курсына алынады. Бұл курсқа алынған соң, ол техникумнан арыз беріп босанады. Курсты сол жылы аяқтап жазушылар ұйымының жолдамасымен «лениншіл жас» газетіне әдеби қызметкер болып орналасады. Мұнда біраз істеген соң «октябрь балалары» газетінің бөлім меңгерушісі болып жоғарылайды. Газеттің күнделікті тынысына еріп бірде мақала, очерк, рецензия жанрларымен айналысса, бірде әңгіме, новелла, өлең жазды. Алматыға келген күнінен бастап оның өмір жолы - жанталасқан оқу, іздену, үйрену жолы болды. Алматы оған шығармашылық қанат бітірді, «пай, пай, алматы ай!..- деп жазды ол, - поэзия қаласысың сен! Жүрегімді мың бұрап, ойлы, әсерлі, әсем қиялға бөлеген ғажап қаласың! Сен туралы, сенің батыр ұлдарың туралы жазбақпын. «алматылықтар»деп атаймын оны» –деп жазды баубек.
1940 жылы баубек өзі тіленіп әскер қатарына алынды. Ол балтық жағалауындағы елдерді азат етуге қатынасты. Осыдан соң баубектің жауынгерлік өмірі басталды. Ә дегеннен жақсы солдат, батыр жауынгер болды. «біз кәрлі кезеңнің, соғысты заманның жандарымыз. Біз соғыста туғанбыз, соғыста өлеміз де...осының бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ!» деп жазды ол «өмір мен өлім туралы» очеркінде.
Ол шынында да өмірдің өзін творчество деп түсінді. Ол бірде лермонтовтай офицер ақын болуды арман етсе, бірде фурмановтай жауынгер жазушы болуды армандайды. «жазғың келеді, жаза бергің келеді, әттең, шіркін, уақыт болса» деп әр хатында жазып жүрді. Ол шығармашылық арманын орындау үшін жан аямай соғысу керектігін, фашизмді жеңу керектігін өзіне де, өзгеге де ұран етті.
Ұлы отан соғысы жылдарында шығарылған газет, журналдардың қай қайсысы болсын дәуір келбетінің толыққанды тынысын, күн тәртібінде тұрған тарихи оқиғаларды мейлінше кең суреттеуді мақсат етті. Қоғамдық пікірдің жаршысы саналатын әрбір қаламгер қоғамдық - әлеуметтік маңызы бар, отандық мәні, халықтық нәрі бар келелі мәселелерді көтеруге құлшынды. Осы бір асқаралы міндеттерді шешуде жедел дамыған оқиғаларға сарт сұрт қатынасып, найзағай отындай жарқ етіп шыға келетін жауынгер жанры әскери публицистиканың маңызы айтарлықтай болды. Қысталаң кезеңдегі қоғамдық дамудың жеделдігі мен халық энтузиазмының өршіл рухының диалектикалық бірлікте жымдаса өріліп, шынайы шындық бізімен кестеленгендігінде. Баубек өз публицистикалық шығармаларын хат түрінде, елімен, жерімен, дос жарандарымен тілдесу, сырласу түрінде жазған.
Баубек соғыс жылдарында жауынгер публицист ретінде жарқ етіп көзге түсті. Орыс жазушылары и.эренбург, б.горбатов, к.федин, а.фадеев, н.тихонов, к.симоновтардың ізімен әскри публицистикаға бой ұрды. «өмір мен өлім», «мен өмір сүргім келеді», «шығыс ұлына хат», «заман біздікі», «тыңда, кавказ», «жауыздық пен махаббат» деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттыққа үндеді.
«жауыздық пен махаббат» шығармасында қан майданда өзімен бірге болған құрдасы жайында, оның үйін іздеп, туған селосына барғанын сөз етеді. Бұл құрдасы қан майданда табысқан, мақсаты бір жанашыр досы еді. Егіздің сыңарындай екі құрдастың бірі бұлбұлы сайраған курск жерінде, орыс отбасында дүниеге келген де, екіншісі сарыарқа самалы жанын тербеткен қазақ даласында туған. Одан әрі екеуінің өмірі бір арнаға түсіп, бірлесе ағады. Бұрын соңды бірін бірі етене жақын білмеген екі жас окоп үйдің ішінде тұңғыш рет танысады, ойлары орайлас, мақсаты мығым екі досқа айналады.
Бұл қысқа мерзімнің аясында өмірге келген достық болса, бірақ ғұмырға бергісіз шын жүрекпен жалғасқан аяулы адал достық еді. Окопта жатып екеуі де жараланады, жандарына батқан жараларын кезектесіп таңады. Осындай уақытты баубектің өзі: «...екеуміз бір бірімізді сүйемелдеп, кейінірек түсіп жатуға орнымыздан қозғалғанымызда көзіміз өзіміздің жаралы денеден төгілген қанымызға түсті. Жас адамның қаны қып қызыл бола ма, әлде бізге солай көрінді ме, өрттей қып– қызыл қан окоптың екі жақ жаны арқылы ағып келіп ұштасып, бір жерге құйылып жатыр екен. Әлі де тоқталып бітпеген жас дененің қаны тыйылмады. Кейде менің, кейде оның денесінен бинтке сыймай кезекпе кезек тамшылаған жас қан жаңағы жерде көз алдымызда қосылып ақты да тұрды».
«жауыздық пен махаббатта» баубек өзінің құрдасынан бөлініп кеткеннен кейін, оның туған селосына келеді. Оның ата анасымен, сүйген қызымен танысу үшін, солардың амандық саулықтарын білу үшін келеді. Құрдасының туған өлкесіне бет аларда оны ерекше қуаныш сезімі билейді. «мен құрдасымның туған жеріндемін, оның туып өскен жері менен екі шақырымдай ғана жол болып тұр. Жүрек сонша алып ұшып қуанды. Өзім туған арқада ән салып келе жатқаннан кем емеспін» деп жеткізеді баубек бұл сапарын.
Баубек публицистиканың нәрі мен дәні өзекті мәселелерді өткірлікпен көтеріп жүрек таразысының өлшемімен өрнектеуі сезім сығындысын, ой асылын ғана тап тұйнақтай шымыр қалпында оқырманға ұсынуы.
« мен өмір сүргім келеді» туындысы – жанрлық жағынан эпистолярлық сипат – сырлары мол туынды. Майдан даласындағы аз ғана тыныштықта алыс ауыл, жақын – жуық , дос – құрбылар ойға оралады. Балалық жастық кезең көзалдыңнан өтеді. Өмірге құштарлық, өнерге сүйіспеншілік сезімі бойды билейді. Жанна қызбен – сүйген сұлумен сырласады. Өмір мұраты, еңбек өнегесі, еркіндік тынысы өзіндік өзгешеліктерімен қиялды қанаттандырып, көңілге түрлі ой салады.
«мен өмір сүргім келеді» дейтін мақаласында фашистердің бет пердесін әшкерелей отырып, баубек өз кейіпкерлерінің оларға қарсы күрес үстінде туған кекті мінезін, қайсарлығын, табандылығын былай суреттейді: «менің өмір сүргім келеді. Бірақ фашистік неміспен бірге өмір сүре алмаймын. Фашисі бар дүние тар мен үшін. Адам мен аң бір бөлмеде тұра алмайды. Бір жердің үстінде фашистік неміспен жасай алмаймын мен. Біз шиллерді, гетені сүйеміз, біз оларды қазір де жақсы көреміз. Біз қанқұмар емеспіз. Бірақ мен германия жастарының арасында вертер сияқты біреуін де таба алмадым. Оларда жүрек жоқ. Немістер тіпті солдат та емес. Суворов: «солдат талаушы емес» депті. Мен мұны азырақ қана ауыстырып, «талаушы солдат емес» дер едім ».
Міне ел басына күн туғанда ер намысын жоғары ұстап, халқының рухын көтеріп, отты сөзін өмір өзегінен алған жалынды публицистің жауыздарға деген идеялық нысанасы, жүрекжарды үкімі осындай еді.
«өмір мен өлім туралы» атты туындысында автор кейіпкер зердесі мен өмір жайлы толғанысын білдіреді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын мәңгілік нұрға бөлер ақ сәуле, ой мұрасынан өшпес із қалдыруды арман етеді.
«шығыс ұлына хат» ел басына күн туғанда ер намысын жоғары ұстап ерлікке шақырған, халақ рухын биікке көтерген, қызуы мол публицисттикалық туынды. Жауынгердің отанға деген зор сүйіспеншілігін, елдің нұрлы келешегін қорғаудағы ерен ерлігін автор тарихи философиялық тұрғыда былай тұжырымдайды: «біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Біз шығыстың қобыланды, тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек, орыс халқының батырлары суворов, кутузовтардан екінші үйрендік. Біз исатай мен махамбеттің, абай мен амангелдінің балаларымыз. Біздің қылышымыз фашистік немістің қанымен суарылуы керек. Серт осы болсын!».
Өмірдің әрбір сәтін қатты бағалап, шексіз сүйген баубек кейіпкері адам бойындағы гуманистік сезімдерді дамыта отырып, ғажайып ерліктердің тууына жол ашады: «отан бізге қолымызға қару, бойымызға қуат беріп, өзінің сұлу шығысыңды, қонақжай халқыңды қорға деді. Ойлашы, шығыс ұлы, біз ел сенген ерміз, қалайша туған жерді қолдан береміз? Сен еркіндіктің туын көтерген азат елде өстің. Ортаң бүлінбесін, сүйген сұлуың күң болып зарламасын десең, өлтір жауды, өлтір фашисті! Шығыс ұлы, сенің ауыр минутта өлсем артымда балам бар, атым өшпейді деп мақтанғаның әлі есімде. Екі жастағы кішкене бөбегің саған өлімнің алдында әл, қуат болып еді. Ендеше, сол балаң келешекті болсын десең өлтір жауды, өлтір фашисті!»
«заман біздікі» - ел – жер жайлы толғаныстарға толы. Перзеттік парыз бен қарыздың, шынайы шындықтарға суарылған сырлы сезімнің қуат – күші жоғары. Азаматтық пен бостандықтың өлшемі, татулық пен туысқандықтың таңбасы айқын. Бейбіт өмірге құштарлық пен балалық шаққа саяхат, жастық пен достық сырлары шындық жайттарды арқау етуімен де мәнді. Ең бастысы, әрине өмір мен өлі өлшемі, соғыс пен бейбітшіліктің бағасы – адам мұраты, арман – аңсары, еңбек тынысы негізінен кең өріс алады.шығарма мұратынан: ел – жер, тарих пен тағдыр, жастық пен достық жырлары былай беріледі. «біз жастар, тағдырымыз сенімен байланысты екенін білеміз. Туған жер. Біз сенің топырағыңда ғана бақытқа бөленбекпіз. Өмірдің биік шыңына қол созамыз, адам дүниесінің сан - саласына ой жүгіртеміз. Біз бақытты жастар едік. Сенің үстіңде қуанышқа кенеліп, той тойлаған күндер есте. Бүгін сенің үстіңде өстік, керек болса сенің үстіңде өлеміз де.
Бірақ, жауға беріп қоймаймыз сені. Серт осы. Біз осыған ант етеміз, ізгі ана!..... Біздің заман таласта! Жастық шағымызды қырау шалғалы тұр! Бірақ, біз өз заманымызды ешкімге бере алмаймыз! Заман біздікі! Өз заманымыз үшін жан пида! О, жастар! О, құрбылар!
Бұл тұстардан айқын аңғарылатын жайттар: жастар өмірі мен жастық сырларына ең жоғарғы орын беріледі, ел – жердің қадір – қасиеті мен адам әлемінің мол мүмкіндіктері, еңбек тынысы бар сипат – сырларымен жан жадыратып, көңілді баурайды, дәуір дидары мен заман шындығы, кемел келешек хақындағы толғам – толғаныстар кеше – бүгін байланысын, перзенттік парыз – қарызды терең танытып, отан, атамекеннің қадір – қасиетін еселеп арттыра түседі.
Бастысы, әрине қаламгер заманға, уақытқа үн қату арқылы адамзаттық маңызы бар мәселе: бостандық пен бейбітшіліктің мәңгілігін сақтау, тұрақтылық пен туысқандықтың терең тамырлары жіті танылады».
Міне мұның бәрі майдан қаһармандарына мықты рух берген көркем публицистикалық сөздің кереметі еді.
Енді баубектің жарияланбаған жырларына келейік.
Баубек жазушылықты өлеңнен бастайды. Өлең жазудың соңына түсе бастаған алғашқы кездері 1936 – 1937 жылдар болды. Бұл кезде ол
Алматыдағы есеп – экономика техникумында оқушы еді. Жас баубек сабақпен айналыса жүріп, көркем әдебиет оқумен де қатты шұғылданады. Тіпті, кей күндері кітаптың қызығына беріліп, ертеңгі сабаққа ұйықтамай да барып жүреді.
Әдебиетке құлай берілген ол оқи жүріп, өзі де жазады. Бұл жазғандары көркемдік жағы кем, балалық – жастық әсерімен туған, еркін пісіп, жетілмеген нәрселер болды. Алайда, сол қарпуы жетпеген, жастық өлеңдерін өзінен ойлампаз, аңғарымпаз, алдына нақты мақсат қойған жасты көреміз. Мұны 1936 жылы жазылған «пушкиннен қиялымда ұялғаным» деген, бір кішкентай өлеңінен көруге болады. Өлеңнің қысқаша мазмұны мынадай: койка үстінде шалқамнан жатырмын. Сабаққа дайындалу деген ойда жоқ. Өзім нашар оқимын. Есі – дертім ойын – сауық. Тұсымда пушкиннің суреті ілулі тұр. Кенет есік қағып біреу кірді, ауылдағы досым екен, стахановшылар слетіне келіпті. Әңгімелесе отырып, ол менен пушкиннің суретін көрсетіп кім деп сұрады. Бос даурықпаны сүймейтін мен, әркімнен естігенімді айтып, білгіш адамша, судырата жөнелдім. Артынан, досым кеткен соң, құлағыма «әй, бала» деген дауыс шалынғанда қабырғаға қарасам, пушкиннің суреті екен сөйлеп тұрған.
Сен мені оқымай – білмей жаңа досыңа өтірік соқтың. Ал шынында, сенен ол жақсы біледі, өйткені, оқиды ол мені. Есіңде болсын, әр адамға еңбегін оқып барып, біліп барып , баға беру керек, - дегені ғой. Сөйтіп, пушкиннен қиялымда жаман ұялдым. Содан бастап шындап оқуға кірістім, – дейді.
Осы қысқа өлеңде жас талапкер жап – жақсы пікір айтады. Жас өспірімдерге ой тастайды. Лайықты қорытынды жасайды. Сөйтіп, аңғалдау ойына, өлеңнің көркемдік жағының жетіспей жатуына қарамастан, бас – аяғы жинақы, ойы аяқталған өлеңді аңғарамыз.
Сол жылы өзінің балалық өмірінен алып бір поэма жазады. Бірақ, бұл еңбегі қазір жоқ. «нашар нәрсе» деп жүруші еді, өзі кейін, тегінде, жыртып тастауы да мүмкін. Анығы бізге белгісіз.
Баубектің көбіне шұғылданғаны қыздарға арнап, лирикалық өлеңдер жазу болыпты. Бұл салада 1940 жылы армия қатарына кеткенше үзбей жазып жүрген дейді. Бұл өлеңдерінің көбі орыс, батыс еуропа классик ақындарына еліктеу түрінде келген.шат өмірдің жыршысы болу, өлеңде заманымызыдың кескін, бет алысын суреттеу, жастықты мадақтау – баубек марқұмның өзекті арманы болған. Шуу деп өлең жазумен айналыса бастағаннан күнбе – күнгі өмір, саясат мәселесіне арнап үзбей жазып отырған. Кейбір өлеңдерін «лениншіл жас» газетіне, «әдебиет майданы» журналына апарып көргені де бар екен. Бірақ басылмаған. Осы техникумды қоймасам болмас деймін. Бір редакцияға өлең апарсам, аяғындағы адресімді көріп, бетіме тесіле қарайды. Бухалтер мен ақындық бір жерег ауыл – үй –қонбайды ғой дегендей болады бұл қарасы! – дейген екен әзілдеп, әрі ренжіп.
Баубектің 1939 шы жылы жазылған тағы бір қысқа «кәдір түні» атты поэмасы бар. Бұл поэмада ислам дініндегі қасиетті рамазан айының киелі бір түні туралы айтылады. Бұл түні барша халықтың таңға дейін кірпік ілмей тәңірден тілек тілейтіні жайында ақын:
Сол түні көрмек ақпейіл
Тілеген адам шын адам.
Тілегін құдай береді.....
2.1941–1960 жылдардағы м. Әуезовтың драматургия саласына қосқан үлесі.
Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: л. Соболев («абай»), с. Мұқанов («ақан - зайра»), ғ. Мүсірепов («қынаптан қылыш»), ә. Тәжібаев («ақ қайың»), ә. Әбішев («намыс гвардиясы»), «октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - д. Фурманов, ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «мұны жазуға қ.байсейітов, бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «еңлік-кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстүрлердің бірі. Әуезовтің «еңлік - кебегі» 1922 жылы орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «октябрь үшін», «тартыс» пьесаларында әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.
1934 жылы сахнаға шыққан «хан кене»трагедиясы әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда хан кененің, наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы ғ.тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы әуезов тұңғыш рет абай жайлы мақала жазып, абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол абай тақырыбына осындай шақта келеді.
Автор абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - асқар тоқпанов. Абай рөлін қ.қуанышбаөв ойнады. Драма формасын әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол - «дос - бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді.
Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов - қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.
3. Ғ. Мүсіреплвтың «қазақ солдаты» романындағы қайырғали смағұловтың көркем бейнесі.
Ғ. Мүсіреповтің екінші дүние жүзілік соғысының куәгері, жауынгер қайырғали смағұловтың майдандағы өміріне арналған шығармасы “қазақ солдаты” романындағы қайроштың бейнесі қандай?
Біріншіден, қайрош, ол – қысылшаңда жол табатын, басқа ажал қаупі төнген қиын қыстау шақтарда еңсесін түсіп езілмейтін, сонымен қатар, қайғы мұңға болй алдырмайтын жігерлі жауынгер. Романда соғыс шындығының талай қиын өткелдері, жауынгерлер басынан өткен талай қатерлі сынақтар көрсетілген. Осы қысылтаяң кездерде қайрош үнемі сабырлы, байсалды қалыпта көрініп, қиындықтан шығудың жолын тауып отырады. Ер мінезділігімен, алғыр ойымен батыр тұлға әрдайым серіктерін сүйсіндіріп, оларға үлгі болып көрінеді. Мәселен, романда қырым жағасында соғыс сипатталған бір сәтті көз алдымызға келтіріп өтелік. Сол бір қилы заманда совет сарбаздарының оқ дәрілері де азайған, азық түліктері де таусылған, көп күн ұйқы көрмей қажып шаршаған кездері болатын. Осы қатаң шайқаста қайроштың көр серігі, жан жолдастары ерлікпен қаза табады. Толстов, гришин, қайрош үшеуі ғана тірі қалады. «егер жау берілмесе, оны құртар болар», міне, дұшпанмен қанды шайқас үстінде әр совет жауынгерінің көкейінде сайрап жатқан сөз осы еді. Дұшпанға қарсы ерлікпен күресу үшін жауынгердің бойында отанға деген зор махаббат болуымен қатар, оның оттай жүрегінде дұшпанға деген ызалы өшренділікте лапылдап жанып тұруы керек. Ғ.мүсірепов қайрош пен оның майдандастарының ерлігін суреттегенде, олардың бойындағы осы қасиеттерді толғана ашып отырады. Шығарманы оқығанда оқушыны өзіне баурап, оны ерлік сезімге бөлеп отыратын салалары да, міне осында еді.
Екіншіден, көркем шығарманың, оның кейіпкерлерінің толық ашылу қасиеті оқиғаларды таңдап алумен, шебер композициясымен, характерлердің шыншылдығымен ғана шектеле бермейді.сол себептенде, «қазақ солдаты» романында тілдік шеберліктің неше алуан жарқын, әрі сәтті мысалдарын кездестіруге болады. Мұнда мінез бен тұлғаны жарқ еткізіп аша түсетін диалогтарда, ішкі жан дүниесін танитын монологтар да, жанды бейнедей елестейтін табиғат суреттері де аз емес екеніне көзім жетті.
Қорыта келе, «қазақ солдаты» романы – ұлы отан соғысының қаһарлы күндерінің шындығын бейнелейтін туынды болып табылады, ал жазушының бақыты мен мәртебесі халықтың оған деген сүйіспеншілігі мен сенімінде, аталмыш шығармаларының жержүзілік даңқа ие болуында деп ойлаймын..
«жауынгерді айналдырып кұрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамыз жарқылдаған қылышқа»
Бұл қазақ солдаты – қайырғали смағұлов.
Билет №16 Жанбота
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Жұмағали Сайннің партизан такырыбындағы ѳлендері.
2. Баубек Бұлқышев пен Бауыржан Момышұлының арасындағы байланыс.
3. Жұмағали Сайынның «Дауыс» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасаңыз.
Беріктік қаула жүректе!
Тап жолынан таймайтын.
Жалында күш білекте,
Майданда барлық талмайтын.
Даусым дауыл, сөзім от,
Шыжылда жаулар қансырап
Капиталға ажал оқ.
Даусым тапқа шам-шырақ.
Құйыл жыр, теңіз - телегей!
Үде шабам,— шабысым!
Бар майданды жебелей,
Тілімнің уы шашылып,
Тап дұспаны улансын!
Майданға қару асынып,
Шығам, жаулар «туласын»
Сытырла, қалам, жорғала!
Орында ойдың қорғала,
Тұлпарым, сенсің жүйрігім,
Түсейін топқа тайсалмай,
Даңқсыз талап болса да,
Қарыштап жазам денемді,
Толмаса да, толса да.
Ағында, екпін, ағында,
Бұрқырат шаңын даланың,
Дауысым таптық жаңылма!
Қайнатам қару, қолда алмас,
Майданға кірдім тап үшін,
Сайра, жағым, тіл талмас,
Саңқылда, жас дабысым.
Жұмағали Сайннің партизан такырыбындағы ѳлендері.
Жұмағалидың әскери творчествосының елеулі бір ерекшелігі -оның қазақ поэзиясына тың тақырып - партизандар өмірін жырлауды алып келуі. Әскерде ол партизандар қатарында соғысты, отрядтың саяси жетекшісі болды. Ақын өлеңдерінен біз партизан деген адамдардың ерекше сипатын, дербес қасиеттерін танимыз. Отанын, үйі мен жанұясын жау қолында қалдырып, өздері дұшпан тылында күрес жүргізіп жүрген жандардың ашулы, кекті, сұсты бейнелерін Жұмағали сомдап жасайды. «Қар құшып, мұз жайлай» жүрген адамдарға еш нәрсенің қорқынышты емес екені, қаңтардағы боран да, «теңселген қара орман» да оған бой тасалар орын болатынын айтады.
Жүрегінде тулаған, Қатын-бала кегі үшін
Намысы бар, ары бар, Жүрген жандар түн қатып.
Жауда қалған елі бар, Ауыр қолы бұлардың,
Қайғысы бар, зары бар, Қарулары алмастан.
Қан жас аққан көзінен Қалтырайды фашистер
Ыза менен мұң батып, Маңайына бармастан.
(«Партизандар»)
«Жаралы партизан жырларының» шығу тарихы былай. 1942 жылы бір ұрыста Жұмағали көкірегінен оқ тиіп, қатты жараланады. Партизандар отрядтың саяси жетекшісі Жұмағалиды аман алып қалуға бар күшітерін жұмсайды. Үш ай бойы өздерімен бірге сақтап, ең қиын ұрыстарда да алып шығып жүреді. Бірақ Жұмағалидың денсаулығы кеми береді, ендігі жерде отрядпен бірге жүрудің мүмкіндігі болмайды. Ақыры оны партизандар Донбастың ескі шахтері М.А.Масловтардың үйінде қалдырады. Масловтың қызы Ефросинья жаралы партизанды өз қамқорлығына алып, әлсіз кездерінде аузына су тамызып асырайды. Жаралы партизанды іздеген фашистер Масловтың үйіне бірнеше рет тінту жүргізсе де, ер жүрек қыз оны тығып, жау қолына түсірмейді, ақыры адам ғып қатарға қосады. Осы жолы ауыр жаралы ақын күрес майданынан алыс қалып, оның үстіне ауру қинап, көп сезім күйлерін бастан кешіреді. Жұмағалидың «Жаралы партизан жырлары» атты өлеңдерінің циклі осындай күйдегі солдат сезімінің тебіренісін бейнелейді.
«Жаралы партизан жырларының» кейіпкері–кескілескен ұрыста жаралы болып, достарынан бөлініп қалған партизан. Ол ауыр жарасына карамай, достарын іздейді, қайта сапқа тұратын мезгілді күтеді, күрес пен майданды сағынады.
Соғыстан кейін де Жұмағали әскери тақырыпқа оралып, өзі басынан кешкен өмір шындығына бір қатар шығармалар арнады.«Есімде Айдар өзені» атты әдемі лирика мен «Алтай» атты поэма жазды.
«Есімде Айдар өзені»–қазақтың әскери поэзиясының үздік үлгілерінің бірі. Онда Айдар өзені бойындағы қатты ұрыс пен неше түрлі сезім арпалысын басынан кешірген солдаттың жан дүниесі түгел көрінеді. Совет жауынгерлерінің жеңімпаздық қуаты, жауға қарсы күресте жараланғандар мен қаза тапқандар бейнесі, халықтар достығының көрінісі, жеңіске сенім, өз Отанының тәуелсіздігін қорғаған солдаттың ыза намысы – бәрі де өлеңнің рухынан танылады. Бірақ ақын оның бәрін баяндап жатпайды.
Баубек Бұлқышев пен Бауыржан Момышұлының арасындағы байланыс.
Көпшілік елден ерек туған, өнерлі азаматтарға қаратып "сегіз қырлы, бір сырлы" деп айтып жатады. Біздің еліміздің тарихындағы әрбір ер-жігіті "сегіз қырлы, бір сырлы" десек қателескеніміз емес. Бейбіт күнде батыр болу бір бөлек, ал қаһарлы күндерде қаһарман болу тіпті бөлек. Осындай қаһарлы уақыттарда, майдан шебінде жүріп те, қару мен қаламды қатар ұстаған батыр азаматтарымыз - еліміздің тәуелсіз болуына ғана емес, әдебиетінің жандануына да үлес қосты.Солардың қатарында Бауыржан Момышұлы мен Баубек Бұлқышевты айта аламыз.
Бауыржан Момышұлы - Ұлы Отан соғысының қаһарманы, жазушы. Көрнекті жазушының орыс және қазақ тілдерінде жазып қалдырған «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан» сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды.Бауыржан Момышұлы - әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Ол өзінің аса үлкен, маңызды “Ақиқат пен аңыз” романында Бауыржанның тік мінезін әр қырынан көрсетеді. Бұл мінезі соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен дараланған. Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған геройдың характерін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін ашады.
Баубек Бұлқышев - Жазушылық таланты Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942 жылы 1 мамырда «Комсомольская правда» газетінде «О жизни и смерти» (Записки молодого казаха фронтовика) деген өршіл патриоттық публицистикалық мақаласы шықты. 1946 жылы Мәскеуде шыққан «Жизнь солдата» жинағына Б.Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енді.
Жалпы,Бауыржан Момышұлы да,Баубек Бұлқышев та соғыстың ащщы шындығын бейнелеп,шығармаға арқау еткен батырлар.Екеуі де соғысқа қатысқан,екеуі де соғыс тақырыбында көп шығармалар жазған.Сонымен қатар екеуі де хаттар,эссе мен естеліктер жазған.
Мысалы:
Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хаты» мен Бауыржан Момышұлының «Мұхтар Әуезовке жазған хаты».Яғни екі батырымыз да қалам тербеп,хат жазғандығын көре аламыз.
Соғыс тақырыбында туынды жазған қаламгерлеріміздің шығармаларының идеясы да бір-біріне ұқсап келеді ғой.Екі ақын да әдебиетімізден орын алған ақындар.
3. Жұмағали Сайынның «Дауыс» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасаңыз.
Беріктік қаула жүректе!
Тап жолынан таймайтын.
Жалында күш білекте,
Майданда барлық талмайтын.
Даусым дауыл, сөзім от,
Шыжылда жаулар қансырап
Капиталға ажал оқ.
Даусым тапқа шам-шырақ.
Құйыл жыр, теңіз - телегей!
Үде шабам,— шабысым!
Бар майданды жебелей,
Тілімнің уы шашылып,
Тап дұспаны улансын!
Майданға қару асынып,
Шығам, жаулар «туласын»
Сытырла, қалам, жорғала!
Орында ойдың қорғала,
Тұлпарым, сенсің жүйрігім,
Түсейін топқа тайсалмай,
Даңқсыз талап болса да,
Қарыштап жазам денемді,
Толмаса да, толса да.
Ағында, екпін, ағында,
Бұрқырат шаңын даланың,
Дауысым таптық жаңылма!
Қайнатам қару, қолда алмас,
Майданға кірдім тап үшін,
Сайра, жағым, тіл талмас,
Саңқылда, жас дабысым.
Сатылай кешенді талдау
Дауыс өлеңі
I. Авторы: Ж.Саин
II. Тақырыбы: Өлеңімен майданды шарлап, рухтандыру .
III. Жанр түрі – поэзия (өлең)
IV. Идеясы – майданға даусы арқылы кіргендігін яғни жалынды, отты даусымен жауды қансыратпақтығын көрсету, рух пен жігер беру.
V. Шумақ : жеті шумақты.
VI. Тармақ: жиырма тоғыз тармақты.
VII. Бунақ: екі бунақты.
VIII. Буын саны: сегіз буынды.
IX. Ұйқас: шалыс ұйқас (а-б-а-б).
X. Әдеби теориялық ұғымдар
Гипербола- жалында күш білекте, майданда барлық талмайтын, тілімнің уы шашылып,қайнатам қару т.б.
Метафора- даусым дауыл,даусым тапқа шам-шырақ,сөзім от,сытырла, қалам, жорғала.
Кейіптеу: жаулар "туласын" , құйыл жыр
Билет №17 Аида
$$$ Кейс-тапсырма
1. Ғали Ормановтың лирикасында диқаншылар тұрмысының берілуі.
2. Қалижан – Абай дәстүрін жалғастырушы.
3. «Оянған өлке» шығармасындағы Игіліктің образы.
1) Ғали Ормановтың лирикасында диқаншылар тұрмысының берілуі.
Қазақ поэзиясының қалыптасып дамуына, өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан ақындардың бірі Ғали Орманов. "Алынған арыс", "Үлбе", "Ырыс арнасы", "Мысқала" өлеңдерінде тың жерді игеріп, шөлейтке түзге су тартып, жерге еңбегіне ақын мынадай түйін жасайды:
Аңдасақ, жердің көркі екен,
Адамның ықылас, еңбегі
Ала алса соның еркі екен
Береке, дәулет жердегі.
Ол халық шаруашылығын қалпына келтіру мен өркендету дәуірінің тақырыптарына үн қосты. Шаруашылықтың әр саласындағы адам еңбегін бағалап мадақ еткен. Мысалы "Егін тасқын", "Ырыс өрісті" , "Астық аңызы" , "Қыр жомарт" , "Алтын арна", "Ырыс" атты шығармаларында қырманды мол астыққа толтырған диханшылардың еңбегін :
Адамның ауыр терін жерге тамған,
Астық тұр қауызына құйып алған.
Сықырлап сабақтары майысады,
Сықылды көтере алмай белі талған.- деген тақырып тармақтарында бейнелейді. Байлықты адамның терімен өлшеген.
Отызыншы жылдардағы халық өміріндегі өзгеріс, жаңалық Ғалидың «Жаңа қоныс», «Тұнық коллективі», «Шеңбер», «Жаңа жұмыс іргесі», «Шамалған шамы», «Темір ат», «Мысқалада», «Тоқушы», «Алынған арыс», «Үлбе», «Өріктің өрнегі» өлеңдерінде ашық танылады. 1927—28 жвлдары жазылған «Қора», «Дихамбай», «Мойын Серік» сияқты өлеңдерінде жаңарған өмірді, кедей шаруалардың жер бөлісіп, ұйымдасып, серіктесіп еңбек етуін суреттеуі.
2) Қалижан – Абай дәстүрін жалғастырушы.
Қалижан Бекхожиннің лирикалық шығармаларынан дәстүрлі поэзияның лебімен қатар, көркемдік жаңашылдықтың сипаты да мол сезіледі. Өйткені, ақын әдебиет табалдырығынан аттасымен-ақ бірден өз заманының, уақыттың ырғағына үн қосып, жаңарған өмірдің тынысымен тыныстады.
Қ.Бекхожин шығармашылығының үлкен бір саласы- табиғат туралы өлеңдері. Ақын табиғатты жырлағанда ұлттық поэзияның қалыптасқан дәстүрінен қара үзіп, шет кетпейді, қайта сол дәстүрге берік арқа сүйейді.Бірақ дәстүрді құр қайталаушы да емес. Сол көркемдік дәстүрге ол өз өрнегін,өз оюын қосуға ұмтылады.
Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазу дәстүрін қазақ поэзиясына Абай Құнанбаев жасап берген болатын. Қалижан–сол дәстүрді жалғастырушы ақындардың бірі. Бұл құр қайталау емес, жаңара, құлпыра, байыта түсу бағытындағы ізденістер. Ақын «Көктем», «Көктем толғанысы» өлеңдерінде жыл мезгілінің ең көрікті кезеңі -көктемді суреттеуде ұлы ұстаздың үлгілі дәстүрін жаңғыртуға ұмтылады. Оның «Дала жазы», «Жаз әуені», т.б. сияқты өлеңдерінде де табиғаттың небір әдемі көріністері бар. Бұларда да табиғат адам өмірімен тығыз бірлікте жырланып отырады. Адам характерін шынайы беруде де жаңашылдық танылады.
Жылдың өзге мезгілдері -күз, қыс туралы өлеңдерде де дәуір рухы, уақыт тынысы айқын сезіледі. Абайдың «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Қыс» сияқты атақты өлеңдерін Қ.Бекхожиннің «Күз», «Жыл келді» сияқты өлеңдерімен салыстырып көрсек, сол жоғарыда айтып отырған тұжырым айғақтана түседі. Табиғат суретін беруде кейде алшақтап, кейде жақындап отырғанмен, обьект ортақ болғандықтан, бірін-бірі қайталау қайткенде де ұшырап қалуы таңданарлық жайт емес Ал сол объектіні жырлау үстінде, өз заманының тынысын сездірудегі ақынның даралығы ап-айқын көрінеді.
3) "Оянған өлке" шығармасындағы Игіліктің образы.
Кеңестік дәуірде кең өріс жайған, көпжанрлы, биік профессионалды қазақ әдебиеті шеберлерінің алғы шебінде Ғабит Мүсірепов есімі аталады. Оның қаламынан көптеген қызықты әңгімелер, очерктер, новеллалар туды. «Оянған өлке» романы – жазушымыздың проза жанрындағы алғашқы күрделі еңбектерінің бірі.
Жазушы Игілік тұлғасын мүсіндеуге айрықша көңіл бөледі. Қыруар малы бар екі байдың тар жерге тығыла қонып жатқанын көрсетіп, шиеленістің үстінен түсіру шынында да тиімді тәсіл. Күш теңесіп, ерегіскен байлар мінездік ерекшелігімен көрінбеуге реті жоқ. Авторлық баяндаулардан Игіліктің мән-жайын білеміз. Оның екі баласы екі жерде болыс екені, Игіліктің он екі мың жылқысы бар екені айтылады. Бұдан кейін де жазушы кейіпкердің өмірін, мінезін ашарлықтай мәлімет, деректі әр жерде толықтырып, үстемелей баяндайды. Автордың айтуынан Игіліктің тағы бір сырын танимыз. Оны автор: «Игілік жұрт көзін сүріндіретін істерді істеп салатын да, өз басы оған мән бермейтіндей көрінгісі келетін»,-деп суреттейді. Сонымен қатар ол өзінің байлығы мен салтанатын жүрт мақтағанды ұнататын, бірақ сырттай белгі бермейтін адам. Жалпы алғанда, жазушының Игілікті өз тарапынан мінездеуі едәуір орын алады. Сондықтан да мұны суреткердің характер жасаудағы жүйелі тәсілі деп айтуға болады. Игілік тұлғасы өте қомақты, оның сөйлеуінен де өзіндік өрнек бар. Осының бәрі қосылып келгенде, жазушының қаһарманды даралап көрсету үшін көптеген сурет мүмкіншіліктерін пайдаланғанын аңғарамыз.
Игілік бейнесі.
Игiлiк - Жұман секілді шіріген надан бай емес, қазақ даласының байлығын жалмап жұтқалы келе жатқан капитализмнің сыңайын сезіп, заманы түлкі боп өзгерсе, тазы боп шалуға бейімделе бастаған айлакер күш иесі. Ол ақшаның құнын біліп, ақшамен баюдың амалдарын іздестіре бастайды. Игілік әлі нағыз капиталиске айнала қойған жоқ, бірақ оның жүрер бағыты, түпкі мақсаты бізге аян боп қалды. Оның көздегені қайтсе де баю;
бұл жолда ол неден болса да тартынбайды, «түйені түгімен жұтуға» әзір. Капитализмнің озбырлық, сұрқиялық, екі жүзділік мінезі Игіліктің бойына біртіндеп сіңіп жатыр.
Ол жылмита сөйлеп, майда тілімен жалап тұрып-ақ жемiн бiтеудей жұтып жібереді. Өйткені ол ашқарақ капитализмнің қазақ даласында жаңа қалыптаса бастаған жас қомағайы. Мұның уысында байлық та бар, күш те бар; қолынан қорқытып-үркіту де, алдап-арбау да ,қысқасы, не сұмдықтың бәрі де келеді.Бұл сондықтан да Жұманнан әлді. Жұман оны сыртынан сыбағаны болмаса, қарама-қарсы кеп, шарт-шұрт айқасып күш көрсете алмайды. Романда оны былай сипаттайды: «Игілік би паң да, тәккапар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға суық жүз көрсетеп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес. Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді... Бұйырғаны өтінгендей ғана, кесім айтқаны – бітім айтқандай ғана»; «Игілік жұрт көзін сүріндіретін істерді істеп салатын да, өз басы оған мән бермейтіндей көрінгісі келетін» . Игілік заманының екпіні оған дауылдата тиіп, Жұманды бүкіл малымен қоса қаңбақтай үйіріп, ұшырып апарып, жар басынан бір-ақ аударып тастайды. Жұманның заманы төңкеріліп қалады.
Билет №18 Ақерке
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Әлжаппар Әбішевтің майдандағы жауынгерлер мен тылдағы еңбекшілердің қажырлы еңбегін суреттеуге арналған шығармалары.
2. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі кейіпкерлер
3. «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыптың образы.
1. Әлжаппар Әбішевтің майдандағы жауынгерлер мен тылдағы еңбекшілердің қажырлы еңбегін суреттеуге арналған шығармалары.
Әбішев Әлжаппар (1907–2001) - 15 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Еңбек жолын Қарағандыда шахтер болудан бастаған. Сол кезден бастап алғашқы әңгімелерін жазған.«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Төлеген Тоқтаров» (1944), «Саржан» (1945), «Үлкен жолда» (1948), «Терең тамырлар» (1952) повестерінде, «Жас түлектер» (1945), «Сахара сәулеті» романында, «Намыс гвардиясы» (1942, М.Әуезовпен бірігіп жазған), «Отан үшін» (1949), «Қырағылық» (1941), «Мен өлмеймін» (1948), «Достық пен махаббат» (1947) пьесаларында қазақ халқының майдандағы, елдегі жанқиярлық қажырқайратын, олардың жеңіске деген сенімін шынайы көрсетеді.
Ұлы Отан соғысы кезінде Әлжаппар шығармалары Кеңес адамдарының Отан сүйгіштік сезімдерін, енбектегі және майдандағы ерлік істерін суреттеуге арналды. Майдан өмірінен ол «Саржан», «Төлеген Тоқтаров» «Кек деп ұшқан оқ» атты әңгіме-повестер хикаяттар жазды. Бұларда патриотизмінің жеңісі, жауынгерлердің ұрыстағы уақиғалары көрсетілді. Тылдағы еңбек адамдарының ерлігін бейнелейтін материалдарды Әлжаппар өзіне таныс Қарағанды шахтерлерінің ортасынан іздеді. Бұл тұрғыда оның «Қарағанды қарттың сыры», «Жер астындағы майдан», «Шахтерларға саяхат», т.б. әңгіме-очерктерінің едәуір маңызы бар.
Осы жолмен жазушы үлкен прозаға бет түзеді. 1939-1940 жылдары «Әдебиет және искусство» журналында оның «Достар» деген романының үзінділері жарияланған еді. Бірақ тұтас күйінде роман басылмады. Жазушының бұл саладағы алғашқы елеулі еңбегі – соғыстың аяқ кезін ала жарық көрген «Жас түлектер» (1945) романы.
Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, бұл романда Әлжаппар жаңа заман жағдайында өсіп, тәрбие алған жас ұрпақ өкілдерінің соғыстың алдындағы және соғыс кезіндегі өмірін суреттейді. Мәскеуде оқып жүрген жастар соғыс басталысымен бірі Донбасса, бірі Қарағандыға аттанады. Донбасса барғандары оны қорғау жолындағы ұрысқа қатынасса, Қарағандыға келгендер майдан қажетіне мол көмір өндіру, ол үшін көмір комбайнын ойлап шығару істеріне араласады. Жас ұрпақ аға буын өкілдерімен бірлесе отырып, еңбектегі қажырлышықтың үлгісін көрсетеді. Қарағандыға қатысты роман уақиғасын Тайман, Қазыбек сияқты қарт жұмысшылардың отбасылық қарым-қатынасына құра отырып, жазушы жұмысшы табы өкілдерінің әр буыны тағдырына назар аударады. Романда Қазыбек, Тайман, Мырқал, Абзал, Сәуле, Мирон, Нұрлан, Павел сияқты жап-жақсы образдар бар. Ұлы Отан соғысының ауыр сынынан алып өткен біздің халықтардың патриотизмі, достығы, махаббат, ерлік сипаттары романда осы кейіпкерлер арқылы кең көрініс табады. Кейін автор роман сюжетін драмаға көшіріп, «Достық пен махаббат», «Мен өлмеймін» атты пьесалар жазды.
2. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі кейіпкерлер
Көрнекті жазушы, гвардия полковнигі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесінде Баукеңнің есін біле бастағаннан мектепке барып, сабақ оқып бастағанға дейінгі өмірі, өскен ортасы, ауыл адамдары, сол кездегі қазақ халқының тұрмыс тіршілігі суреттеледі.
Батырдың мейірімді, дана әжесінің тәрбиесінде болғаны, ол кісінің сан түрлі ертегілер айтып беруі Абайды еске түсірді. Ерекше ыстық әже махаббатымен, үлкендердің батасымен өскен, білім алған баланың үлкен азамат болу заңды шығар.
Кітапты оқып отырып, сол кездегі қазақ ауылы, кең пейіл халық көз алдымнан көркем фильмдей өтіп жатты. Қазақы мінез, дәстүр, өнер, шынайы суреттеулер тәнті етеді. Сағындырады.
Автор балалық шағын, естеліктерін арқау етіп, бауырмалдықты, достықты, ерлікті, адал да аңқау, қарапайым ауыл адамдарын шебер суреттеген.
Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.
Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі, орысша хат таныған, ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.
Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы, Байтана руынан Әбдірахманның қызы,жалғыз ұлы Бауыржан үш жасқа келгенде қайтыс болған.
Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.
Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.
Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима – Бауыржан Момышұлының әпкелері.
Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.
Қожамқұл – ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.
Орманқұл – Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.
3. «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыптың образы.
Мұқан Иманжанов қазіргі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. Жазушы есімін танытқан туындыларының бірі - «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы жарыққа шықты.
«Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы шыққан. Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі.
«Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді. Жазушы Жақыпбекті балалардың жақсы көріп, үйір болуының себебін ашады. Ол бала табиғатына тән, әр нәрсені білсем деген құштарлық мінезін қолдап, оқушыларды колхоз шарушылығымен де етене жақындатып, көп мағлұмат береді. Немесе экскурсияға апару секілді қызықты жұмыстар жүргізеді.
Жазушы баланы еңбекке баулып өсіруді тәрбиенің басты шарты деп қарайды. Мектеп білім беруді ғана мақсат етпей, ата-анамен ынтымақтасып, қайткенде нағыз азамат тәрбиелеп өсіреміз деген мақсатты алына қою керек. Осы ойын кейін бір жас талапкерге жолдаған хатында Мұқан: «Біз балаларды оқы деп қана үгіттей бермей, еңбек етте, өмірді біл, колхоз шаруашылығын сүй дегенді де құлақтарына сіңіріп, қажетті жерінде дәріптеп отырумыз керек», - дейді. Міне, «Алғашқы айлар» повесінде осы идеяны негізгі нысана етіп ұстайды жазушы. Уақыт тынысын әрдайым қадағалап, тамыршыдай тап басып отырған жазушы қоғамның даму процесін, болашағын сол кезеңнің биігінен қарап бағалайды.
Билет №19 Жұпар
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы негізгі идея.
2. Соғыстан кейінгі қазақ поэзиясының дамуы.
3. Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңіне сатылай кешенді талдау жаса.
Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін
Болдым ғашық туған дала мен саған
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Өз советім - өзім туған босағам
1. Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы негізгі идея.
Қазақ солдаты — Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Алғашқыда 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде жарыққа шыққан, 1950 жылы қайта өңделіп, толықтырып жазылған.
«Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.
Кейіпкерлері:
* Қайрош Сарталиев — романның басты кейіпкері. Оның прототипі Қайырғали Смағұлов деген кісі болған. Ол 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.
* Шеген — дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.
* Бораш — өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.
* Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин — Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.
* Самед Абдоллаев — әзілқой жауынгер.
* Семен Зонин — алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.
2. Соғыстан кейінгі қазақ поэзиясының дамуы.
Елімізде жеке адамға табынушылықты сынаумен байланысты идеологиялық шектеушілік пен ой-пікірге салынған тұсаудан босау қазақ поэзиясының қанатын кең жазуына, өмір шындығын бейнелеуде ақындық ойды шалқыта еркін жырлауға жол ашты. Бұрын саясатқа құрылған науқандық өлеңдердің үгіттік сыпатына көбірек көңіл бөлінсе, енді жалпы адамның рухани тіршілігіне, оның қуанышы мен қайғысына, сүйіспеншілік сезімдері мен табиғатпен сырластығын жырлауға мүмкіндік туды. Осындай тұста әдебиетке келген жас ұрпақ тежеу көрмеген қалпымен еркін араласып, поэзияны, әсіресе, лириканы жаңа сапаға көтерді. Олардың ішінде Ғ.Қайырбеков, І.Мәмбетов, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Е.Ибрагим, Ш.Мұхамеджанов, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, С.Асанов, Ә.Абайділданов, т.б. бар еді. Бұлардың шығармашылығы шындықтың бетіне жалтақсыз қарап, ойын бүкпесіз ашық айтуымен, поэзиядағы әр алуан жазу өрнегін байытуымен, біріне-бірі ұқсамайтын стильдік өзгешеліктерімен ерекше көзге түсті. Олардың ақындық “мені” адамзат рухымен, оның байлығымен тұтасып, заманның Кеңес қоғамына тән сырын оңашаламай, әлемдік ой-пікірдің дәрежесіне көтеруге көмектесті. Ақындық пафостың жоғарылығы, өмірге бейнелі көзбен қарап, оны өлеңге айналдыру мәдениетін көтеруде де бұлар қазақ поэзиясына өз жаңалықтарымен келді.
Өмірдің өзіндей кең тынысты Ғафу Қайырбеков өлеңдері туған жердің ғажайып сыры мен оның адам тағдырына байланысын ашу да едәуір маңызды. Оның төгіліп тұратын, іркіліссіз бір ырғақпен келетін мөлдір жыры адамның еліне деген махаббатына толы келеді.
Туған жер туралы толғанысты оның тарихы, салт-дәстүрі, халықтың жақсы мінездері жайлы ойлармен ұштастыруда Қ.Мырзалиевтің ізденістері өте бағалы. «Ой арманы», «Дала дидары» кітаптары қазақ тағдыры жайлы ақынды тебіренткен ойлардың біздің бүгінгі өмір-тіршілігіміздің мән-мақсатын сезінуге бастайтынын көреміз. Ол шындыққа, құбылыстың сырына, дала тарихына ой көзімен қарауға үйретеді.
«Портреттер» поэмасында Әбділда өмір туралы, уақыт сыры туралы толғаныс жасаған. Уақыт өлшемі етіп ол Кеңестік 40 жылды алады да, осы мерзім ішіндегі бір отбасының тағдыры, ұрпақтың ауысуы арқылы уақыт қызметін философиялық тұрғыдан талдайды. Поэмада шытырман оқиға, ширыққан тартыс жоқ. Адамдар тағдыры, характері лирикалық кейіпкердің толғанысы, ойы арқылы ашылады. Ол әкесі, ағасы, қарындасы, өзі туралы әңгімелейді. Өмір тіршілік үшін таласта аға ұрпақ өліп, жас ұрпақ орнын басып жатады. Уақыт өткенді еске алып, тіршілік күйбеңін жастық мойнына артады. Әкеден балаға ауысып қалып жатқан шойын сағат – сол бір тозбайтын тіршіліктің өлмейтін уақыттың символы.
Поэманың идеялық түйіні біздің өткен уақытымыз – күрестің белгісі, әкелер мен ағалардың төгілген қанымен келген жеңіс екенін таныту. Сондықтан өмірді бағалау, қадірлеу - әр ұрпақтың міндеті. Портреттер – адамның, әр түрлі ұрпақтың уақыттың портреттері.
3. Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңіне сатылай кешенді талдау жаса.
Шықшы тауға, қарашы кең далаға (а) 11
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға (а) 11
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең (б) 11
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? (а) 11
Уа, дариға, алтын бесік туған жер (а) 11
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр (а) 11
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей (б) 14
Ақын болмай тасың болсам мен егер (а)11
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің (а) 11
Нендей күйге жүрегімді бөледің (а) 11
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем (б) 13
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім (а) 11
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім (а) 12
Қызығыңды көріп еркін келемін (а) 11
Сен де аямай бердің маған барыңды (б) 12
Мен де аямай барым саған беремін (а) 12
Болдым ғашық туған дала мен саған (а) 11
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған (а) 11
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың (б) 11
Өз советім - өзім туған босағам (а) 11
Өлең 5 шумақты, 4 жолды, 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасында жазылған.
Эпитет: жас бала, алтын бесік, ұлы жер, туған дала;
Теңеу: өзіңдей байтақ, мәз боласың ұқсайсың жас балаға;
Кейіптеу: қызығыңды көріп, арманым-сен аңсаған, болдым ғашық, өзім туған босағам.
Билет №20 Гаухар
$$$ Кейс-тапсырма.
1.Қалижан Бекхожиннің ІІ дүние жүзілік соғыс жылдарына арналған шығармалары.
2. Тайыр Жароковтың поэма жазудағы шеберлігі.
3. «Жау тылындағы бала» повесіндегі Серік пен Бористің ерлігі.
Билет №21 Балауса
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Бауыржан Момышұлының Панфилов туралы еңбегі.
2. Соғыс тақырыбын суреттеуде Тайыр Жароковтың ерекшелігі
3. «Жау тылындағы бала» повесінің идеясы.
1)Бауыржан Момышұлының Панфилов туралы еңбегі.
Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. «Қанмен жазылған кітап»: Генерал Панфилов. Панфилов туралы көп жазылып, көп айтылып жүр, бірақ әлі жеткізе айта алған жоқпыз, неврологиялық жаттанды пікірдің аясынан шыға алмай жүрміз, яғни ол жөнінде жазылған шығармаларда генералдың бейнесі жасалына қойған жоқ. Сондықтан да мен Иван Васильевич Панфиловтың бейнесінің А. Бектің повесінде кеңірек көрсетілуіне күш салуға мәжбүр болдым. Генерал Панфиловтың ерлігінің мәні неде еді және оның өзі командир ретінде, адам ретінде қандай жан болған? Бұл жөнінде әлі ешкім де ауыз толтырып айта алған жоқ. Мен сіздерге жазылып жатқан повестің рет тәртібін қысқаша баяндап өтпекпін. Үшінші повесть материалының 40-50 проценті генерал Панфиловтың бейнесін жасауға арналады, тағдыр жазса, онымен кейін таныса жатарсыздар. Бірінші повесте Иван Васильевич Панфилов ұрысты ұйымдастырушы тұлға ретінде көрсетіледі. Өздеріңізге мәлім, Иван Васильевичке соғыстың бас кезінде Алматы қаласында Қазақстанның ұлдарынан 316-атқыштар дивизиясын құру тапсырылған болатын. Оның құрамы басшы құрамды қоспағанда, арнайы әскери даярлықтан өткен кадрлардан емес, жұмысшы, колхозшы жігіттерден тұрады. Ал дивизия әртүрлі құрамнан жасақталады. Оның қатарына бухгалтерлер мен мұғалімдер, сауаты жоқ адамдар, ғылым кандидаты да шақырылды. Қатардағы құрамда жұмысшыдан бастап халық комиссарына дейін болды. Бұлар 36 ұлттың өкілдерінен құралды. Бейбіт уақытта жас жігіттер әдетте екі жылдық әскери қызметке шақырылып, өз міндетін өтейді. Осы уақыттың ішінде оларға қажетті әскери тәрбие беріліп, олардың бойына жауынгерлік қасиет егілетін. Жауынгерлерге нағыз солдатқа тән қасиетті тәрбиелеу үшін көп уақыт қажет болады. Ал бізге мұның бәріне небәрі екі-ақ ай уақыт беріліп, ұрысқа аттандырды. Тарихта бірде-бір генерал мұндай толық әскери даярлықтан өтпеген, жаңадан шақырылған әртүрлі кұраммен соғысқа қатысқан емес. 316-атқыштар дивизиясы сияқты жауынгерлік құраманы ұйымдастыру - бұл үлкен іс. Взводты ұйымдастырудың өзі оңай емес, ал мұндай жоғары тактикалық мақсаты бар жауынгерлік құраманы ұрыс жүргізуге даярлау, әзірлеу - кез келген адамның қолынан келе бермейтін шаруа. Сонымен, генерал Иван Васильевичтің ең алғашқы сіңірген еңбегі оның ұйымдастыра білушілік қабілетінен көрінді. Ол жөнінде қалам тартып жүрген жазушылар Панфиловтың осы алғашқы сіңірген еңбегін жазса екен деймін. Дивизия бұрын ойы-қыры беймәлім жерге келіп жетті. Түз тұрғындары бұрын ешқашан көрмеген ну орманның іші мен батпақты жерге табан тіреді. Мұны жергілікті жердің психологиясы, климаттық жағдайдың психологиясы және т.б. деп атауға болады. Алғашқы кездерде Иван Васильевич: Біз түз халқымыз, бізге орманның ішімен жүруді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар осындай жағдайда ұрыс жүргізе білуге дағдылануымыз керек, ал уақыт болса тапшы, асыға түсу қажет...- дейтін. Міне, қысқа уақыт ішінде, небәрі бір-ақ айда, ол педагог әрі командир ретінде өзінің жауынгерлік құрамын орманның ішімен жүруге де, сондай-ақ соғыса білуге де үйретті. Егер сіз әдебиеттен ағылшындардың отары жапон және басқа да шетел әскерлері жөнінде оқып, таныс болсаңыз, онда климаттық және басқа да жағдайларды игеруге, бейімделуге оларға екі-үш жыл уақыт берілетінін білесіз, ал бізге небәрі бір ай ғана уақыт бөлінді. Сондықтан да менің осыншалықты қысқа уақыт ішінде әскерлерге психологиялық және басқа да ықпал ететін маңызды табиғи факторларды игеру, жеңу бірде-бір генералдың қолынан келген емес деп айтуыма әбден негіз бар. Бұл Панфиловтың сіңірген екінші еңбегі болатын. Оның ұрыс кезіндегі жауынгерлік еңбегін кейінірек айтып беремін. Мен бір тарауды тастап кетемін.Генерал Иван Васильевич біртуар әскери ойшылдардың бірі болатын. Біртуар қолбасшы адам болу үшін өжет, батыл, тактика мен әскери стратегияда жаңашыл болу қажет. Ол әскери ойлауда артықшылыққа, басымдылыққа ие болды әрі өзінің дұшпанына қарағанда тактикалық жағынан әлдеқайда икемді болды. Өзі енгізген және бірсыпыра ауыр ұрыстарды жеңіспен аяқтауға көмектескен оның жаңашылдығы - бұл жұрт атап кеткендей Панфилов серіппесі болатын. Егер генерал Панфиловты сипаттауға талпыныс жасасақ, онда шамамен былай кескіндеген болар едік: ол парасатты генерал ақылгөй генерал, нақты есеп жүргізе білетін генерал, сабырлы генерал, табанды да қайсар генерал, мақсатты генерал болды. Иван Васильевич шынайы орыс еді, ол өз халқының өткен шағы мен қазіргісін, болашағын жақсы білетін. Сонымен қатар ол нағыз интернационалист еді, осындай қасиетінің арқасында ол әртүрлі ұлттардан тату әскери құрам ұйымдастыра алды. Парасатты генерал... ол шын мәнінде парасатты генерал, ақылгөй генерал, әйтеуір бір картотеканы есептейтін емес, нақты есептің генералы болды, ол қатал, әбден ойланып барып шешім жасайтын қатал генерал болды, ол табанды генерал, мақсатты генерал болды. Міне, генерал Панфиловтың басты қасиеттері - осылар. Егер де жазушылардың арасынан ол жөнінде бір нәрсе жазғысы келетін адам болса, онда Панфиловтың осы қасиеттерін ескерсін. Генерал Панфилов туралы өте көп әңгіме айтып беруге болар еді, алайда қазір мен отан қысқа ғана мінездеме беріп отырмын. Панфилов жаңашылдығы неде болды? Бұрын біздер белгілі дәрежеде линиялық тактиканы ұстанатынбыз, ал ол алғашқылардың бірі болып Москва түбіндегі ұрыстардың ерекшеліктерін көре білді. Бұл маневрлі қорғаныс жағдайында тас жолдар үшін, басты бағыттар үшін жүргізілген ұрыстар болатын. Ол артына қашуға жол іздеу үшін емес, шабуыл жасау үшін бұрылатын. Әдетте адамдар артына қашу үшін жалтақтап қарайды емес пе, ал Иван Васильевич артына шабуыл жасау үшін, алдыңғы жақта қандай қарекет жасалып жатқанын білу үшін қарайтын. Ол шегінуге еш уақытта кеш болмайды деп жиі қайталайтын, яғни бұнысымен ол қоршаудың қауіптілігін ескеретін. Алғашында біз қоршаудан қатты қорықтық, бүл жөнінде де кейінірек әңгімелеп беремін. Оның шешімінше, біздер сылбырлау, асыққан тәріздіміз. Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа деген мақал да бар той. Айырылып қалған шепті қайтадан алуға болады, бірақ айырылған адамдарды қайтара алмайсың. Осындай ой-пікірді, ұмытпасам, фельдмаршал Кутузов та айтқан, ол Москвадан айырылу - бұл Россиядан айырылу емес деген. Ол дұшпанның күшін жоя отырып, адам күшін - біздің солдаттарды сақтап қалуға тырысты. Панфилов алдыңғы қатарлы орыс әскери ойшылдары мұрагерлерінің бірі болды. Панфилов Панфилов ретінде тарихымызда қалады, оны кутузовшыларға, суворовшыларға жатқызу керек. Егер шепті үлкен шығын шығарып қорғау қажеттігі болмаса, онда Панфилов оны жауға беруден қорықпады, бір-ақ шепті бергенде де дұшпанды әбден титықтатып, шығынға ұшыратып барып беретін. Оның қағидасы - ұрыссыз шегінбе болатын. Бірде оның бізге келіп, менің баяндауымды тыңдап: Момышұлы, немістер мына село үшін ең кемі бір жарым полкын жер жастандыратын болсын,- дегені есімде. Панфилов тактикасының негізгі мақсаты - дұшпанның адам күшін жою. Ол шеп линиясын байыпсыз ұстап тұрмайтын. Иван Васильевич дұшпанның адам күшін жою тактикасын қолдану немістерді жеңіске жеткізе отырып, жеңіліске ұшыратуға алып келетінін, олардың жеңістерінің қойнауында олардың жеңілістерінің түп тамыры жатқанын түсінді.Бектің екінші повесінде шегіну ұрыс жүргізудің ең ауыр түрі болып табылатындығы айтылады. Өйткені ұрыстың түрлері өте көп, дұшпанды ойсырата шығынға ұшырата отырып шегіну де жеңіс болып табылады. Шегінгенде де, кейіннен жау шабуылға шыға алмайтындай етіп ептілікпен шегіну қажет, ал бізге дұшпанға қарсы соққы беретін күш болса болғаны.
2) Соғыс тақырыбын суреттеуде Тайыр Жароковтың ерекшелігі
Тайыр Жароков – шын мәніндегі патриот ақын. 1941–1945 жылдары ол өзінің қара басының жеке өмірімен де, жүрегінен жарып шыққан буырқанған отты, жігерлі өлеңдерімен де Отан сүйгіштігін көрсетті, перзенттік сезімін жырлады. Ел басына күн туып, соғыс өрті бұрқ ете қалған алғашқы мезгілде-ақ,ол майданға аттануға бірден тілек білдірді. Әскерге алынды да, кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен, Қазақстан республикалық әскери коммисариатының бұйрығымен майданнан елге оралып, Алматы облысы, Қаскелең аудандық әскери комиссары болып істеді.
Елге оралған Тайыр Жароков те Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов сияқты ақындармен бірге өзінің жауынгер жырларымен жауды талқандау ісіне көркемдік үлес қосты. Соғыс жылдарындағы ақын өлеңдерінің бәрі де халықты жауынгерлік рухта тәрбиелеуге бағытталды. Ақын өлеңдері бастан-аяқ кеңес халқының басқыншы фашистерді талқандап жеңетін биік сеніміне толы болды. Онда фашизмнің зұлымдық, опасыздық әрекеттері әшкерленді. Ақын өлеңдерінде жаумен майданда ерен ерлік көрсеткен жауынгер тұлғасын бейнелеудің тың құралдарын да таба білді. Отан соғысы жылдарында Отанымыздың ел қорғаған ұл - қыздары жайында “Совет сұңқарлары”, “Зоя туралы жыр” атты кітаптарын жариялады. Соғыстан кейінгі “Жеткіншек”, “Бақыт жырлары”, “Жапанды орман жаңғыртты”, “Костер басында”, “Қырда туған құрыш”, т.б. кітаптарында туған жерді көріктендіру, ел байлығын арттыру, халық игілігі үшін күрескен ерлердің бейбіт еңбегін жырлады. Өмір құбылыстарын көтеріңкі леппен, романтикаға бөлеп, екпінді жырлау, жаңалық атаулыны дер кезінде аңғарып, жырға арқау ету - Жароковқа тән қасиет. Мысалы: «Киемін сұр шинельді» өлеңіндегі Марат, «Ол туғанда» өлеңіндегі Таймас т.б. «Зоя туралы жыр» атты белгілі поэмасында фашистерге қырғидай тиген батыр қыз Зояның әдеби тұласын сомдады.
Ерекшеліктері:
көтеріңкі пафоспен берілген мінездеме
кейіпкерлерінің ерекше бітімі, батырлық тұлғасы
Кейіпкерлердің ерлік бейнесін олардың асқақ, өр, қайратты сөздері (күнмен диалог, монолог) арқылы айқындайды. Адам бейнесін танытуға қажет монологті(кейіпкер сөзін)орынды пайдалану ақынның тапқырлығын аша түседі.
Тайыр Жароков шығармашылығына арналған зерттеуінде Қ.Жұмалиев поэмадағы өмір шындығы әрі реалистік бояумен, әрі романтикалық пафоспен шынайы бейнеленгенін айта келіп, композициялық ерекшелігін де дәл тұжырымдады. «Оқиғасы, оны суреттеу әдісі де дамытуға градацияға (дамыту) құрылған. Осы әдісті автор поэманың ұзына бойына сақтайды. Бұл – ақынның таланттылығын сынайтын әдіс. Дамыту көбіне қызу қимылдың бір кезеңін суреттеуге қолданылады.
3) «Жау тылындағы бала» повесінің идеясы.
Жау тылындағы бала — Қасым Қайсеновтың 1961 жылы жазған повесі. Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағы әке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жамал жетектеп эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон қирайды. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.
Кейіпкерлер:
Серік – жас партизан, патриот,тапқыр,қырағы, 10 жаста, барлаушы. Өскенде атты әскер командирі немесе артиллерист болғысы келеді.
Анна Ивановна – Бористің анасы, партизан, комиссар Совченконың жұбайы.
Борис – партизан, жасы Серікпен шамалас.
Константин Иванович Спижевский – командир, жасы 24-25те, қара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт. Ақылды, ұстамды, сабырлы. Партизан соғысын әбден меңгерген адам. Туған ауылы Григорьевка селосы. Петреяслав, Канев аудандарындағы астыртын ұйымдарды, ірі партизан отрядының бір батальонын басқарады.
Иващенко – Анна Ивановнамен педагогикалық институтта бірге оқыған.
Жомарт – Серіктің әкесі.
Идеясы: Ұлтқа, дінге, ділге бөлінбей бірлікте болу. Аманатқа қия
Билет №22 Ажар
$$$ Кейс-тапсырма.
1. 1941-1945 жылдардағы қазақ прозасы.
2. 1941-1960 жылдардағы Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесi.
3. Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесіндегі Әжібек образы.
1.1941-1945 жылдардағы қазақ прозасы.
Қазақ романының жаңа бой көтеруі 1942 жылы М. Әуезовтің «Абай жолы» атты төрт томдық эпопеясының алғашқы кітабының жарық көруінен басталды. Бұл – әуелде «Абай» деген атпен жоспарланған екі томдық романның бірінші кітабы болатын. Роман Ұлы Отан соғысының от-жалыны өршіп тұрған шағында жарық көрді. Саясаткерлер соғыс тақырыбына арналған прозалық еңбекті күтіп отырған заманда, бұған керісінше, тарихи тақырыпқа жазылған роман партия басшылығын бәлендей қуанта қойған жоқ. Олар романның жоспарына, негізгі идеялық-көркемдік нысанасына ой жіберіп жатпай-ақ, ондағы ру таластарына, Құнанбай заманының өктем қылығына мән беруге тырысты. Алайда, шын әдебиет сүйетін қауым романды жылы қабылдады. Оған Ғ.Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» атты мақаласы (1943) куә. Жұрт романның жалғасын күтті.
1945 жылы Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ.Слановтың «Жанартау» атты романдары басылды. Қазақ халқы өмірінің жаңа кезеңдерінің шындығын тануға ұмтылыс жасаған бұл шығармалар көркемдік ізденістері жағынан да, өмірді тақырыптық қамтуы жағынан да әр қилы болатын.
Ғ.Мұстафин романы өмірде болған нақты адам мен оның еңбегі жайлы деректі материалдарға сүйеніп жазылған. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тұратын, Ұлы Отан соғысы кезіндс жанқиярлық еңбек етіп, тарының гектарынан 1232 пұт өнім алып. дүние жүзінде болмаған рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің есімі ол кезде әлемді шарлап кеткен еді. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының Президенті Т.Д.Лыссенко тарышы қартқа телеграмма жолдап: «Сіздің телеграммаңызды алғанда, нанар-нанбасымды білмей көп сенделдім. Ең білдім деген ғалымдар гектарынан 200 центнерден артық астық алу мүмкін емес дегенге бекінген еді. Бұл – жай айтылмаған. Өсімдіктер күн қуатын бойына қанша сіңіре алатындығын есептеп барып айтылған болатын. Сіз осы есептен асып түсіп, егін шығымының мөлшері адамның өз қолында екенін дәлелдеп бердіңіз», –деп жазған. Атақшы тарышы өмірінен неміс жазушысы Бертолд Брехт поэма жазған.
Әрине, роман Шығанақ өмірі мен оның еңбегін негізге алғанмен, Мұстафиннің Шығанағы – өмірдегі тарышының өзі емес, әдеби жиынтық бейнесі. Осы материалдар негізінде жазушы қазақ шаруалары өміріндегі ұжымдық бірлесудің өнімді, табысты жолын көрсетуді және адам мен табиғат арасындағы өмірлік тартысты жаңа жағдайда бейнелеуді көздеді. Өмір бойы табиғаттан алуға ұмтылған, бірақ жарымаған шаруа еңбегі жаңа дәуірде, ұжымдық шаруашылықтың өркендеуі жағдайында іске асқаны – романның басты тақырыбы. Бұған Ғабиден жаңа қоғамның өзекті мәселесі ретінде қарайды. Шығанақ бойына халықтың диқаншылық өнерінің ұзақ ғасырлар бойы тәжірибесін жинақтаған жазушы оның жаңа жағдайда қалай дамығанын суреттейді. Тарыдан мол өнім алу, жерге табынбай, оны дегеніне көндіру Шығанақтардың ұзақ арманы мен күресінің басты мақсаты еді. «Әкемнің әкесі егінді кетпенмен салған. Әкем Берсі ағаш соқамен салды. Өзім темір соқаға түйе шығырды қостым. Осының бәрі – тарыны көп алудың алға басқан амалы еді»,– дейді Шығанақ. Бірақ феодалдық-патриархалдық ортада өмір кешкен жалғыз-жарым шаруа еңбегі мен оның өнімсіз құрал-сайманы Шығанақтар арманының іске асуына мүмкіндік бермеді. Тек жаңа жағдайда, ұжымдық шаруашылық ортасында, жерді өңдеу мен баптаудың жаңа тәртібі іске асқан кезде ғана жаңа техниканың күшімен бұл арман жүзеге асты. Тарыдан мол өнім алынып, «алпысқа келгенше, алты шақырым жерге аты шықпаған» Шығанақ есімі әлемге танылды. Жазушы мұны қазақ шаруалары жаңа өмірінің жеңісі санайды.
Романның проблемалық сипатын ондағы басқа бейнелер де айғақтайды. Мысалға, Олжабек бейнесін алайық Бұл арқылы Ғабиден ұжымдық ортадағы шаруа еңбегінің көпке ортақ сипат алып, шаруалардың біртіндеп жекеменшікшіл сезімнен арылуға ұмтылысын танытуды көздейді. Ол Олжабек бойынан шаруаға тән ерекшелікті де, жеке меншіктік сезімнің басымдығын да көреді. Жаңа өкіметтің шаруаларды біріктіріп, жермен кәсіп етуге баулуын мақұл көргенмен, Олжабек жеке меншігіндегі аз ғана малын ортақтастырудан қашып, колхозға кірмейді. Колхозсыз жер іздеп сандалады. Шаруаларды ұжымдастыру науқаны кезіндегі осындай қылықтар әр жерде болған. Әр халықтың әдебиетінен орын алған.
Жазушы жаңа ортада өсіп келе жатқан жастардың бойынан да жаңаша мінез-құлық көреді. Ескінің еріксіз өскен жалтақтығы мен бейнет астында езілген бұйығылығы жоқ жаңа заман жастары Амантай мен Жанботаны өз дәуірінің типтік бейнелері ретінде алады. Олардың жастыққа жарасты мінездері, қоғамға пайдалы еңбегімен байланыстырылады. Еңбекте ерлермен тең түсіп, шыныққан Жанботаның сырт бейнесі шаруа адамына тән етіп сомдалғанымен, ол жаны сұлу жаңашыл қыз.
Романға негіз болған Шығанақтың Отан соғысы кезінде әлемдік рекорд жасауы және шығарманың сол тұста жазылуы – тылдағы еңбеккерлердің жанқиярлық еңбегінің соғыс, жеңіс мүддесіне арналуы әсерлі суреттелген. Шығанақ та өнімін Отан қоймасына жөнелтеді. Өз қаражатынан Қызыл Армияға көмек жіберіп, И.В.Сталиннен ризалық білдірген телеграмма алады. Оның төрт баласы Отан қорғау ісіне қатысады.
«Жас түлектер» мен «Жанартау» романдары да соғыс кезінің оқи-ғаларына негізделіп жазылған. Оның алғашқысында майданға үстеме көмір өндіру жөніндегі Қарағанды еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі суреттелсе, екіншісінде Ембі мұнайшыларының тылдағы жанқиярлық істері көрініс табады. Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, «Жас түлектер» жаңа заманда өсіп, тәрбие алған жас ұрпақ өкілдерінің азаматтық тұлғасы мен еңбегін суреттеуді көздейді. Мәскеуде тау-кен институтында оқып жүрген жастар соғыс басталысымен бірі– Донбасқа, бірі Қарағандыға аттанады. Донбасқа барғандары өндірісті қорғауға, оның құрал-жабдықтарын Қарағандыға көшіруге көмектессе, Қарағандыға келгендер майдан қажетіне мол көмір өндіру, ол үшін көмір комбайнын ойлап шығару істеріне араласады. Жас ұрпақ аға буын жұмысшылармен бірлесе отырып, еңбекте қажырлықтың үлгісін көрсетеді. Қарағандыда өтетін роман оқиғасын Тайман, Қазыбек сияқты қарт жұмысшылардың отбасылық қарым-қатынасына құра отырып, жазушы жұмысшы табы өкілдерінің дәстүрлі өнегесін алға тартады. Жас буын сол үлгіде тәрбиеленеді. Инженер Сәуле Донбастан келген Мирон қарттың көмір комбайнын жасауына көмектесіп, өндірісті ұйымдастыруда белсенділік танытса, жас жұмысшылар Сайран мен Шекердің қазақ аулынан келіп, жаңа кәсіпті игеруге ұмтылысы тәп-тәуір суреттелген. Нұрлан мен Павелдің Донбастағы алғашқы күндерін суреттеу арқылы жазушы жау басып алған өлкеде отаншыл жастардың дұшпанға қарсы күресін бейнелеуді ойлаған. Алайда, ол эпизодтар соғыс шындығын толық аша алмаған. Соны сезгендей романның кейінгі тараулары түгелдей тыл өміріне арналады да, Нұрлан мен Павелдің жау қолында ерлікпен қаза болғаны, оларға «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілгені роман соңында жария етіледі. Романда Ұлы Отан соғысының ауыр сынынан өткен еліміздің халықтарының тұтастығы, патриоттық істері көрініс табады. Кейбір оқиға жүйелерінің шашырандылығы мен жасанды тартыстардың ұшырасып қалатынын айтпағанда, роман өз дәуірінің елеулі туындысы қатарына кіреді. Кейін автор роман оқиғасын драмаға көшіріп, «Достық пен махаббат» атты пьеса жазды.
«Жанартау» соғыс кезіндегі Атырау мұнайшыларының өмірінен жазылған. Соғыстың ел басына түсірген салмағы, еліміздің мұнай көздері жау қолында қалып, Қазақстан мұнайын майдан қамы үшін мол өндіру күн тәртібіне қойылған кезде, тылдағы елдің қауырт еңбекке жұмылуы роман сюжетінің негізгі желісін құрайды. Онда суреттелетін кейіпкерлердің бәрі де іс басында, еңбек ортасында, әлеуметтік мүддені ұға, түсіне білген адамдар. Бәрін біріктіріп тұрған нәрсе – соғыс. Ерлер майданға кетіп, әйелдер солардың орнын басқан. Еңбек жасына толмаған жастар да кездеседі. Қажетті өндірісті қамтамасыз ету үшін арнайы әскерден қалдырылған мамандар да бар. Әркім өз орнында, шамасынша адал еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосып жатыр.
Негізінен, дәуір шындығын тәп-тәуір суреттеген романда тартыстың әлсіздігі көрінбей қалмайды. Басталған жұмыс еш кедергісіз оп-оңай іске асып жатады. Жазушы Қанат пен Айкүміс отбасының түсініспеуінен тартыс туғызбақ болады. Бірақ ол да өршімей, бір ширап, бір босап созылып барып, жарастылықпен аяқталады.
Роман жарық көрісімен қаһарлы сынға ұшырады. Сынның қатал да түгелдей қаралай жазылуы партияның сол бір тұста әдебиет пен өнерге ерекше қатаң талап қоя қарауының салқыны да сияқты. Ол кезде сыналмаған, мінелмеген дүние аз болатын. Кейін роман қайта өңдеуден өтті.
«Жанартау»– Ұлы Отан соғысы кезіндегі мұнайшылар еңбегін танудағы елеулі белес.
Соғыстан кейінгі дәуір қазақ романының жаңа бір тынысын танытқан, өрісін байытқан кезең болды. Бұл тұста «Абай» романының екінші кітабы (1947) жарық көрді. С.Мұқанов «Жұмбақ жалау» атты романын жөндеп, өңдеп, «Ботакөз» деген атпен қайта бастырды (1948), «Сырдария» деген жаңа роман (1948) жазды. Ғ.Мұстафин «Миллионер» (1948), Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» (1949) атты романдар бастырды. Қазақ тілінде кең тарап, оқырманын тапқан осы шығармалар тез арада орыс тіліне аударылып, сол арқылы шетелдерге шықты. Сөйтіп, соғыстан кейінгі дәуірде қазақ романының табысын әлемге әйгіледі. 1948 жылы желтоқсан айында Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы бағытын талқылаған КСРО Жазушыларының пленумы мұны айқын танытты.
Бүгін әлемге танылған «Абай жолы» роман-эпопеясының «Абай» деген атпен шыққан алғашқы екі кітабының өзі әуелде солай жоспарланған тұтас туынды болатын. Онда жазушы болашақ ұлы ақынның жастық кезі мен ақындығының оянып, жетілуін суреттеген. Жас Абай тәрбие алған ортаны, оның жүрегін тебірентіп, асыл сезімдерін оятқан дала табиғатын, халқының өнері мен әдебиетін, арманы мен жарқын үмітін, достығы мен тұңғыш махаббатын кең ашу арқылы жазушы бірінші кітап бойында оны ақындыққа дайындады. Осы ортада романтикаға бөленген жас Абайдың біртіндеп өмірдегі талас-тартысты сезінуі, Тоғжаннан айрылуы, Қодар мен Қамқа өлімі сияқты сұмдықты көруі, суынуы, толғануы да нанымды суреттеледі. Ал, екінші кітапта ол шығармашылық сезімге ауысады, білімін кеңейтеді, орыс әдебиетінің, достарының көмегімен ой-өрісін толықтырып, халық өміріндегі әдебиеттің зор маңызын ұғу дәрежесіне көтеріледі. Оның бұл кездегі өмірге, оның күрделі жағдайларына деген көзқарасы ақын өлеңдерінде кең көрінеді, жазушы оның шығармашылығына сүйене отырып, Абайды толғантқан қоғам дамуы, адамдардың ара қатынасы, адамгершілік, гуманистік мінез-қылықтар мәселелерін қозғайды. Сол арқылы қазақ қоғамының ақынмен тұстас кезеңінің барлық жағдайларын, халық өмірінің терең жасалған көркем суретін береді. Халықтың жақсы арман-тілегі Абай бейнесі арқылы жинақталып көрсетіледі. Академик Қ.Сәтбаевтың «Абай» романын «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп атауы да осыдан.
Романның үшінші, төртінші кітаптары «Абай жолы» деген атпен 1952, 1956 жылдары жарияланды. Осыған байланысты төрт томдық роман-эпопея тұтас күйінде – «Абай жолы» аталды.
«Абай» романының соңғы беттерін жазушы «Алда–өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз. Шынға келсе, жапа-жалғыз. Рас, оның бір қуаты, бір үміті бар екені рас. Қуаты – ақындық, үміті – халық» деген сөздермен аяқтаған еді.
Төрт томдық роман-эпопеяның композициялық құрылымы да, стилі де, жазушының тілі мен суреткерлік шеберлігі де келісімді тұтастықта көрінеді. Жазушының шындықты сезінуі мен суреттеуінде үлкен ойшылдық бар. Ол өмірге Абай көзімен қарап, Абайша сезінуден туған.
М.Әуезов романының жанрлық үлгісі әдебиет сынында және ғылымда «роман-эпопея» деп танылды. Ондағы жеке адам өмірінің қоғам, халық тарихымен сабақтастығы, сан қилы топтар мен таптардың қатар, са-лыстырыла суреттеліп, қарама-қайшылықта өмір сүруінің көріністері, ұрпақтардың бірі өтіп, бірі оның орнын басып жаңарып жатуы, жеке адам мен оның отбасылық тіршілігінің тарихи-әлеуметтік маңызға ие болуы, оның ой-пікірінде замандастарының тіршілігі мен арман-тілегінің терең толғам табуы – бәрі де эпопеялық кеңдікпен бейнеленеді. «Роман-эпопеяда кейіпкердің образы көптеген уақиғалар елегінен өтудің нәтижесінде сүргі көргендей болып майдаланып, тұжырымдалып қалмайды, – деп жазған еді белгілі әдебиет сыншысы және ғалым Темірғали Нұртазин, – қайта айқындалып, толыға, тұлғалана түседі, қатардағы романдарда бола бермейтін қасиет толымдылығына жетеді. Көлемі мол болғандықтан, роман-эпопеяда кейіпкерлердің рухани өмірі әлденеше кезеңдерде кеңінен суреттеледі. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы да, уақиға атаулының іштей бір-бірімен байланысы да кең бейне табады. Конкретті дәуірдің энциклопедиялық типтерінің ой-арманы мен әрекеттерінен сол заманның сан құбылмалы сыры аңғарылады. Роман-эпопеяда сан алуан адамдардың көзқарасы мейлінше кең суреттелгендіктен, бұл жанрда тарихи және философиялық романның қасиеттері түгел тоғысады.
Әуезов романы осы қасиеттерді бойына жинақтаған үздік туынды болды. Оны қазақтармен бірге орыс сыны да жоғары бағалады. Ол орыс және шетел тілдеріне көп аударылды. Оған 1959 жылы КСРО-дағы ең биік сыйлық – Лениндік сыйлық берілді.
С.Мұқановтың «Сырдариясы» мен Ғ.Мұстафиннің «Миллионері»
бүгінгі күн тақырыбын игеруге арналған шығармалар еді. Оларда соғыстан кейінгі өмірдегі еңбектің рөлі, еңбек адамдарының жаңа бейнелері жасалды. Дәуір сипаты мен өзгешеліктерін зерттей отырып, авторлар жаңа адам бойында өмірге, әлеуметтік іске тың көзқарастың тууын, сапалық өзгерістерді романдарына арқау ете білді. Бұл романдардың басты кейіпкерлері – жаңалықтың жетекшілері. Отанға, елге, халыққа деген сүйіспеншілік, аянбай еңбек ету – олардың бойындағы ерекше белгілер. Олар бұрынғыдай таптар арасындағы күресті шындауға қызмет етпейді, Отанды көркейтер, оның күш-қуатын арттырар іс-әрекеттерге күш жұмсайды. Осыған орай Мұқанов адам мен табиғат арасындағы тартысты негізге алып, табиғат қазынасын игілікке жаратуды бейнелесе, Мұстафин қазақ аулының болашағын Жомарт сияқты маман басшылардың көрегендігімен байланыстырады.
Бұлардан сәл кештеу жазылғанымен, Ғ.Слановтың «Шалқары» да (1954) тақырыптық жағынан осы романдарға жақындау. Ол әуелде «Кең өріс» (1949) атты повесть күйінде жарық көрген еді. Жазушы оны толықтырып, қайта өңдеп, романға айналдырды. Онда суреттеліп отырған өмір шындығы көріністері, жазушының ұстанған бағыты, адамдар тағдыры Ғ.Мұстафиннің «Миллионерімен» өзектес. Мұнда да соғыстан кейінгі ауылды көтеру, онда жаңа құрылыстар (Шалқарда жаңа типті село салу, Таскескенге жол тарту, т.б.) салу, халықтың тұрмысын жеңілдету жолдарын іздестіру шаралары сөз болады. Екі шығарманың басты кейіпкерлері барды қанағат тұтпай, өмір талабына лайық өршіл идеяларды алға тартады, еңбек етуден қуаныш табады, еңбек романтикасына елігеді. Бұл – әрине, екі шығарманың бірін-бірі қайталауы емес, бір тақырыпты жазған екі жазушының дүниеге көзқарастарының ұштасуы. Ғабиден сияқты, Сланов кейіпкерлері де барынша дараланып берілген.
Соғыстан кейінгі дәуірде кеше ғана өткен Ұлы Отан соғысының сабақтарын саралауға, ел басына күн туған кездегі азаматтардың ерлік іс-терін, мінез-құлқын, халық өмірін эпикалық үлгіде бейнелеуге арналған жаңа романдар легі туды. Оны Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бастады.
Бұл шығарма әуелде Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың майдандағы ерліктерін әңгімелеген «Қазақ батыры» (1945) деген шағын повесть күйінде жарық көрді. Кейін оны жазушы түгелдей қайта жазып, жаңа атпен жариялады. Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұнын және оның қайнар көзін ашуда бұл романның орны үлкен. Онда жаңа заман батырының туу, тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген. Қайрошты өсіріп жеткізген қоғамдық орта мен ондағы өзгерістер кейіпкер тағдырымен байланысып, жарасымды суреттеледі. Қайрош батырлығы ескі ұғымдағы көзсіз ерлік емес, қарапайым адамның Отан алдындағы борышын түсіну мен оны абыройлы орындау жолындағы сезімнен туады. Сонымен қатар жазушы Қайроштың өмір жолында кездескен күнделікті тіршіліктің келеңсіз жайларын улы кекесінмен түйреп, сынап отырады.
2.1941-1960 жылдардағы Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына
қосқан үлесi.
М.Әуезов бұл жылдары «Қара Қыпшақ Қобыланды деген тарихи драма азған Оның кейіпкерлері Қатысушы адамдар
Қобыланды – жас батыр, руы Қара Қыпшақ, 20 жаста.
Қ ұ р т қ а – қалыңдығы, жады кемпір КHкланның тұтқынында Hскен
Қыпшақ қызы.
Қарлығаш – қарындасы.
А н а л ы қ – шешесі.
Тоқтарбай – әкесі.
Қараман – құрдасы, Қият руынан.
Ш у а қ – Қыпшақтың жас батыры.
К H б і к т і – Қызылбастың хан батыры, Қыпшақ жауларының басы.
Қ а з а н – КHбіктінің батыр серігі әрі әмірші.
А л ш а ғ ы р – бұ да сондай батыр, әмірші.
К H к л а н – жады кемпір, КHбіктінің досы.
Қарлыға – КHбіктінің қызы.
Бірсімбай – КHбіктінің батыр баласы.
К ү н і к е й – Бірсімбайдың қалыңдығы, Алшағырдың қарындасы.
1-қ о л б а с ы
2-қ о л б а с ы } Қыпшақтың қолбасы батырлары.
3-қ о л б а с ы
Ж а с а у ы л д а р, қ ы з-к е л і н ш е к, қ ұ л д а р
Кейін М.Әуезовтың «Еңлік – Кебек» пьесасы өңделіп, жаңа нұсқасы шықты.
3.Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесіндегі Әжібек образы.
«Жабайы алма» повесінде Әжібек сотқар есерсоқ бала ретінде көрсетеді. Басында денесіне қотыр шығып оған ақша бергенде, ол сол ақшасына кәмпит алып қояды. Шығарманың бас кейіпкері Қанаттың үйіне қара қағаз келгенде ойнап жүрген Қанатқа ол үйіндде адам өліп жатыр, ал сен ойнап жүрсің деп айтып салады. Кейін соғыстан келген Ырысқанға қосылып бірақ құйтырқы әрекеттер жасаған. Ол өзінен біршама үлкен жастағы Зибашқа ғашық болып қалады. Одан кейін Зибашты ұмытып Мэри деген қызды ұнатып қалады. Сосын шығарманың соңына қарай ол қабырғаның астында қала жаздап бір өлімнен аман қалады.
Билет №23 Анель
$$$ Кейс-тапсырма.
1. 1941-1960 жылдардағы драматургия.
2. Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
3. «Жусан исі» әңгімесіндегі Аянның басқа балалардан ерекшелігі.
1941-1960 жылдардағы драматургия
Отызыншы жылдардағы қазақ драматургиясында жетекші орын алған халықтың эпостық шығармалары сюжетіне және тарихи оқиғалардың ізімен (оның ішінде тарихи адамдар да бар) жазылған пьесалар 40-50 жылдары да бұл жанрдың табыстарына негіз болды. Қазақ драматургиясының інжу-маржаны саналып, театр репертуарын құраған да осы тақырыптарға жазылған пьесалар еді. М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абайы» халқымыздың ұлы ақынының өмірі мен ол бастан кешкен құбылыстарды, әлеуметтік орта шындығын бейнелеуге үлгілік қызмет атқарса, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы» халық жадында сақталған аңыздық бейнелерді тірілтіп, нақты өмір суреттеріне айналдыруда, сол арқылы жастардың бас бостандығы үшін күресіп, қайғылы аяқталған романтикалық махаббатын көркемдік шеберлікпен бейнелеуде ұлттық драматургияны жаңа биікке көтерді.
1941 жылы жазылып, жарыққа шыққан Ғабит Мүсіреповтің жаңа пьесасы – «Ақан сері–Ақтоқты» да драматургтің сол бір қарқынмен, шабытпен дүниеге әкелген ерекше күрделі туындысы болды. Бұл да жоғарыда аталған шығармалар сияқты алғашқы күннен бүгінге шейін сахнадан түспей келеді. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде «Ақын трагедиясы» деген атпен Мәскеудің атақты академиялық кіші театрының сахнасынан көрсетілді.
Ғ.Мүсіреповтің драматургиясы, соның ішінде «Ақан сері – Ақтоқты» туралы көп жазылды. Драматургияны зерттеуші С.Ордалиевтің,
Н.Ғабдуллиннің, Ә.Тәжібаевтың, Е.Нұрғалиевтің театр сыншысы
Қ.Қуандықовтың зерттеулерінде трагедияның идеялық-көркемдік ерекшеліктері кеңінен талданған.Солардың ішінде ақын-драматург Ә.Тәжібаевтың Ақанды романтикалық белеске көтере талдауын әбден құптаған мақұл. Ол ақын туралы шабытпен сөйлейді, ғылыми зерттеу емес, поэтикалық трактат оқып отырғандай әсер қалдырады. Автордың Ғ.Мүсірепов шығармасын әлемдік классикадағы – Карл Гуцковтың «Уриель Акоста» атты трагедиясымен қатар қоюы да дәлелді көрінеді.
Пьесаның осы экспозициясында тірідей көрге көмілген Мәрзия тағдырынан оқиғаның қауырт басталып, тартыстың бірден шиеленісуі Ақанның қызу қанды әрекетінен көрініп тұр. Хазіреттің әділетсіздігі Ақанды мешіттен кетіп, ашық айқасқа шығуға мәжбүр етеді. Мәрзия тағдыры Ақтотының қайғылы трагедиясына ұласады. Оқиға ауқымы кеңейіп, тартыс желісі ұлғаюына байланысты екіге бөлініп, Ақан, Ақтоқты, Балта, Жылгелді, Сейіт, Мұрат тобы – Науан, Жалмұқан, Серделі тобымен айқасқа түседі.
Басты кейіпкерлердің бейнелері осы ешбір бәсеңдемейтін талас-тартыс, қызу айтыс-пікір, философиялық толғаныстардан кейін дараланып, көркемдік сипаты айқындала түседі.
Өмір соқпағының талай қиындықтарын басынан кешкен Ақан пьесаның Науан, Жалмұқанмен өтетін көріністерінде нағыз күрескер, әділет жолында ештемеден тайынбайтын, ақиқатты ашып айтатын батыл да алғыр жан болып бейнеленген. Мешітте жүрген кезінде Науанның талай зұлымдықтарын көріп-біліп жүрген Ақан жазықсыз Мәрзияның басынан кешкен қайғылы оқиғадан кейін қара түнек тірліктен ат құйрығын біржола шорт кеседі.
Ол дінге қарсы емес, Науан қазіреттің елдің сеніміне кіріп алып, дінді халыққа қол шоқпар етпек арам саясатына қарсы. Бұрын мешіт маңында дін жолын ұстамақ болған оны хазіреттің Мәрзияға жасаған қиянаты сол жолынан тайдырады. «Қарауылдай елге Науандай надан хазірет болыпты деп қайтам ба мешітке?» – дейді ол. Ә.Тәжібаев Ақанды М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» Сырыммен салыстыра келіп: «…Сырым туралы, серілік, еркіндік қимыл-қозғалысынан, ақындық өжеттік жағынан көбінесе Ақанды аңғарғандай боламыз… Сырымның сырты да, іші де аңызға айналған Ақанға түгел келеді» – деген еді. Сондықтан болуы керек, енді біз Ақанды көргенде Сырымды көргендей сезінеміз… «Оның үстіне ақын геройларға барлық жаратылыстарымен, барлық жүректерімен сүйе табысқан Қаракөз бен Ақтоқты да егіз сияқты. Құлап сүйетін, жылап сүйетін қазақ Ләйлілері…» – деген пікірі тауып айтылған. Шынында, бұлардың сал-серілерге тән ұқсастықтарымен бірге, өздеріне тән даралықтары да айқын.
Осы тұста Ақан мен Ақтоқтының кіршіксіз махаббат, бас бостандығы мен ән-өлең еркіндігін аңсаған асыл жандар характерлері алғашқы кездесу, той сахналарында барынша айқын көрініс береді. Тойға келген Ақан әрекеті нағыз серінің болмысынан туған, оған елтіген Ақтоқты да бар тірлікті ұмытып, өзін мүлде еркін ұстайды. Құшақтасып амандасу бірін-бірі сағынған ғашықтардың төңірегіндегі қауіп-қатерді ұмыттырып, махаббат құдіретінің іштей тулаған сезімі еріксіз сыртқа тебеді. Ақтоқтының Ақанменқоштасатын сәті ішкі драматизмге толы. Оның іштен тасып шыққан өрт-жалынды ашу-ызасын тежеп, Ақанды қызғыштай қорғауы, соның амандығына өзін құрбан етуге дайын қайсарлығы мен батылдығы ұлы махаббатың құдіретінен туған. Ел тыныштығы мен азамат амандығын ойлаған Ақтоқтының, некеқияр көрінісіндегі ішкі көңіл-күйі арпалысы, Ақанның домбырасы қирап, Жалмұқанның талақ ететін сахналардағы өр мінезді қимыл-әрекеттері лаулаған ғашықтық сезіммен шарпысып, анық сұлу да нәзік бейнесін аса биік көркемдік деңгейге көтерген.
Науан, Жалмұқандардың әмірімен ағашқа таңылып, қиналып жатса да, Ақтоқтының алған бетінен қайтпайтын, еркіндік жолындағы күресі жалғаса береді, ол жұртты ән мен күйді, ақындықты, Ақанды қорғауға шақырады. Ең соңында маңайына келген дұшпандарының бет пердесін сыпырып, олардың қара ниет зұлымдықтарын бетіне басып әшкерелейді. Мұндай зорлық-зомбылықтан, пасық ортадан адал өлімді артық санайды, өзіне қанжар салады. Бұл – Ақтоқтының жеңісі, кісілік жеңісі. Қоршаудан сытылып, Балталар тобына қосылған Ақан да алдағы үлкен айқасқа бел байлаған – күрескер. Шығарманың, осындай оптимистік рухпен аяқталуы – трагедия жанрына тән шарықтау шегінің, заңды түйіні.
Трагедияда оқиғасының осылай өрістеуінеаса мықты жасалған Науан, Жалмұқан бейнелерінің әсері мол. Науан – дін мен мешітті өзінің жеке басының қамына жарата білетін, сол арқылы қанды қылмыстарының ізін бүркемелеген, әккі де қатал, ойы терең, тілге жүйрік, шешен, ел арасындағы дау-шардың, әбден ысылған мол тәжірибенің адамы.
Бұлардан басқа мұндағы Ақтоқтының әкесі Қоңқай – ұлттық
драматургиядағы кішкентай адам бейнесін жасаудың үлгісі. Ал Мылқау –
трагедия оқиғасын қоюлата түсуге, әрекеттің алмасуына орнымен табылған әрі қызық сипаттама тапқан кейіпкер. Кейбір зерттеулерде мұны халық өкілі дәрежесіне көтеру орын алады. Бұл–дәлелсіз. Мылқаудың әрекетінде әлеуметтік сипат жоқ. Бұл–ұлтымыздың ұлы актері Қалыбек Қуанышбаевтың қайталанбас тамаша ойынын көргеннен кейін туған пікір болуы да ықтимал.
Жинақтай келгенде, «Ақан сері – Ақтоқты» дін мен мешіт маңайында қарақан басының қамынан аса алмағандарды әшкерелеумен бірге, бүгінгі жаңа заманның көрермендерін де эстетикалық ләззатқа бөлеп, мөлдір махаббаттың құдіретін, ән мен күй, ақындық шабыт пеп өнер әлемін өсиеттеген көркем дүние екені даусыз.
Тақырыбы мен көтерген мәселелері жағынан осы алуандас пьесалар осы дәуір драматургиясында көп кездеседі. Бірақ кезінде азды-көпті репертуар қажеттілігін өтегені болмаса, көбісі көркемдік мазмұнының әлсіздігінен театр сахнасында тұрақтай алмады. Солардың бір парасы атақты әнші Майра Уәлиқызының өміріне байланысты. Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың 1948 жылы жазылып, сахнаға қойылған «Шаншарлар» пьесасындағы Сайра есімді шағын кейіпкер, сол Майра өмірінен алынған. Сонан кейін қазақ театрында 1952 жылы қойылған Қ.Байсейітов пен Д.Уәлиевтің «Майра» пьесасында Майра бейнесі екінші рет көрінді. Мұның барлығы да әйгілі әншінің бейнесіне барудағы алғашқы қадам, тұңғыш толғаныс қана. Әйгілі әншінің жинақты да көркем бейнесі Әбділда Тәжібаевтың, 1956 жьілы жазылған «Майра» пьесасында жазылып, драматургияның іргелі жетістіктерінің қатарына қосылды. Кейін (1969) автор пьесаға қайта оралғанда, кейбір көріністеріне өзгерістер енгізді, сол кезеңінің талабына сай оның әлеуметтік мазмұнын тереңдете түсті. Автор Майра қатысатын әрі соның аузымен айтылатын өткір диалогтер мен монологтердің денін ақ өлеңмен жазып, оның әкімшілік-өнерпаздық келбетін айқынырақ ашуға баса көңіл аударған. Сөйтіп, берісі бас бостандығы, әрісі өнер еркіндігі үшін күрескен Майра тағдырын пьесаға драмалық өзек еткен. Және тартыс тек Майраның тағдырына құрылып, сонымен ғана шектеліп қалмай, сол уақыттағы халықтың, еркіндік аңсаған күресімен астасып жатыр. Ақындық шабытпен жазылған пьесада Майра қалың қауымның арасында, әнін сүйген ел-жұртымен тығыз байланыста алынған. Сонан әнші Майра халықтың сүйіктісі, еркесі болып есте қалады.
Ән мен еркіндікті аңсаған Майраның өзінің намысы мен махаббатын, адамгершілік қасиетін қорғай алатын қажыр-қайратын айтуда, жазушы табысы татымды. Ол Майраны күрделі оқиғаларға араластырып, күрескерлік дәрежеге көтереді. Даланың көкжал бөрісі, қатал да әккі Тайманмен бұрын шәкірттес болып, кейін ислам дінін уағыздаушы, саудаға арын сатқан мырза Дүрбітпен, жанын шүберекке түйіп, өлімге басын байлаған жалдамалы қарақшы Балтамен өтетін сахналарда Майра әрекеті ішкі драматизмге толы. Ол әнімен де, жүйелі сөзімен де, табанды мінезімен де өзін қорғай алатын бейне болып қалыптасады.
Пьесаның, оқиғасы азамат соғысы. Ақтар мен қызылдардың арпалысып жатқан тұсында өтеді. Екінші актіде Ертіс өзенінің арғы бетіне бағыт алған кеменің үстіндегі уақиғадан өріс алады. Майраға ғашық болып, айтқанына көнбесе, күштеуден тайынбайтын арам пиғылды Дүрбіт, оның шашбауын көтеріп, табанын жалауға дайын адвокат Ақаев және басқалар, бұлардың жауыздық әрекетін алыстан сезіп, тойтарыс берудің амалын қарастырып, байламды мезгілді күткен кеме капитаны Мұрат, көмекшісі Александров арасындағы сырт көзге айқын шалына бермейтін іштей тартыс – ел тағдыры үшін күреске ұласады.
Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.
Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Жамбыл енді ақындық суырып-салмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин.
1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.
1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Айтыстар
Жамбыл мен Айкүміс
Жамбыл мен Құлманбет
Жамбыл мен Шашубай
Жамбыл мен Досмағанбет
Дастандар
Өтеген батыр
Сұраншы батыр
Көрұғлы
Бақ, дәулет, ақыл
Өлеңдер
Атаның әлдиі
Балаларға
Балама хат
Бесік жыры
Ленинградтық өренім
Шәкірт балаларға
«Жусан исі» әңгімесіндегі Аянның басқа балалардан ерекшелігі.
Қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.
Билет №24 Бибі
$$$ Кейс-тапсырма.
1. 1941-1960 жылдардағы қазақ поэмалары.
2. Мәлік Ғабдуллиннің майдандық жазбалары.
3. Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі үзіндіден көркемдегіш құралдарды табыңыз.
Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
Адамзат сапарының мейманымыз,
Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы ,
Көруші ең құбылысты қай – қайдағы.
Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,
Қап – қара түнек болып маңайдағы.
1941-1960 жылдардағы қазақ поэмалары.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері бұл тұстағы поэма жанрында да заманалық ерлік пафос туғызды. Қазақтың эпикалық поэзиясындағы шын мәніндегі жауынгерлік дәстүр осы жылдарда айқын көрінді. Бұл жылдары қазақ поэмасы ежелден келе жатқан халықтың жауынгерлік дәстүрін, отаншылдық сезімін, үлкен патриоттық рухын бойына сіңіре отырып, құлашын кең жайды. Бұған Қ.Аманжоловтың, Т.Жароковтың, Қ.Бекхожиннің, Ә.Сәрсенбаевтың, С.Бегалиннің, М.Хакімжанованың поэмалары дәлел.
Жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы поэмаларға қарағанда, бұл кездегі қазақ поэмаларының сипатында елеулі өзгерістер болды. Әсіресе ол шығармаларда уақыт тынысы, оның халықтық сипаты, ерлік сарыны айрықша көрініс тауып отырды. Барлық поэманың да идеялық-мазмұндық арқауы – халықтың шапқыншы жаумен шайқастағы ерлігін мадақтап, әлемге паш ету болды.
Бұл тұстағы поэмаларда партизандардың ерлік өмірі де айқын көрініс тапқан. Т.Жароковтың «Зоя туралы жыр», Ә.Сәрсенбаевтың «Намыс ұлы» сияқты поэмаларында партизандардың басқыншы жауға қарсы күрестегі қаһармандық тұлғалары тәп-тәуір бейнеленген.
«Зоя туралы жырда» батыр қыздың жас та, қысқа өмірінің шындығы келісті жырланған. Ақын Зояның мектеп бітіруін, өзі тіленіп майданға аттануын, партизандармен бірге Петрищево селосындағы неміс басқыншыларынан аянбай кек алуын шынайы суреттеді.
Зоя өмірі – бүкіл кеңестік әдебиеттің назарын аударған соғыс жылдарындағы жоталы тақырыптың бірі еді. Зоя жайында белгілі орыс ақыны Маргарита Алигер 1942 жылы поэма жазды. Бүкіл кеңестік поэзияның зор табысы болған бұл шығармаға кезінде Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақ ақыны Т.Жароковтың поэмасы көпшілік жағдайда М.Алигер дастанымен үндес екенін байқау қиын емес. Патриоттық сарын, ерлікті дәріптеу – екі поэманың да идеялық арқауы.
Ә.Сәрсенбаевтың«Намыс ұлы» (1943) поэмасы да Украинадағы парти-зандар ерлігіне арналған. Поэмада неміс басқыншыларының бейбіт халыққа жасаған бүлігі, айуандық әрекеттері уытты өлең жолдарымен беріледі. Поэмада Темір мен Миколаның неміс фашистерінен шеккен жәбір-жапасы нақты да нанымды бейнеленген. Өз аналарының жау қолынан жазықсыз қаза тауып, өз селосының, өздерін мәпелеп өсірген алтын ұя – мектебінің жаудың ойранына ұшырауын көрген Темір мен Микола ыза мен кектің туын ұстап жаумен күреске белді бекем буады. Күрең сақал бастаған партизандардың, оның ішінде Темір мен Миколаның жауды талқандап, оған өлтіре соққы берудегі аршынды әрекеттері поэмада шынайы бейнеленген. Жаудың қоймасын талқандап өртеу, яки дұшпанның қару тиеген поезын қирату, т.б. партизандардың жойқын іс-қимылдары олардың патриоттық, жауынгерлік тұлғасын айқындайды.
Соғыс жылдарындағы қазақ поэмаларының ішінде идеялық-көркемдік деңгейінің жоғарылығымен дараланып көзге түскен шығарма – Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943) атты атақты поэмасы. Бұл – тарихи дерекке сүйеніп жазылған шығарма. Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсетіп, майдан үстінде қаза болған қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиев (1915-1942) – Қ.Аманжолов поэмасының бас кейіпкері.
Қ.Аманжолов батыр ақынның майдандағы өмірінің шағын эпизоды арқылы сол бір сұрапыл кезеңнің бейнесін жасай отырып, бас кейіпкердің өжеттігін, қаһармандығын, азаматтығын айқын ашады. Ол кейіпкердің жауынгер ақынның өмір тарихын бажайлап тізіп жатпай-ақ, оның өмірінің бір-ақ сәтін – қаһармандықтың асқар шыңына шыққан кезін ғана суреттей отырып, оның батырлық бітімін жарқын түрде мүсіндеген.
Мәлік Ғабдуллиннің майдандық жазбалары.
Мәлік батыр хақында «Дабыл», «Отанды қорғауда», «Суворовшы», «Майдан правдасы», «Отан үшін», «Сталиндік жауынгер», «Отан намысы үшін», «Жеңіс туы», «Жауға қарсы аттан!», «Сталин туы», «Совет жауынгері», «Отан үшін ұрысқа» секілді майдандық газеттерде танымдық һәм тағылымдық мәні зор материалдар берілді. *** Оның соғыс уақытында әскери жазбалары жаралы һәм саналы көңілден, көнтерлі һәм сабырлы қалыптан, айнымайтын нар мінез ден, ғарасат оты жанған тозақ өмірден туған еді.
Мәлік Ғабдуллин «Қазақ мақалының күші» эссесінде («Социалистік Қазақстан» газеті, 1943 жыл, 27 ақпан) Бауыржан Момышұлының бірсыпыра төлтума ғибратты сөздеріне назар аударып, дәптеріне сақтап, олардың туу тарихын, нақты себептерін шебер баяндайды.
«Жауынгер майданда жеткен табысына қуанады, кейде қолайсыз жағдайға түсіп қалғанына қынжылатын кездері де болады. Осындай қынжылысты сейілту үшін, жауынгерлерді жігерлендіріп, қиыншылықты жеңуге аттандыру үшін берілетін айбынды бұйрықтың әсерімен бірге, халықтың қара тасты қақ жаратын өткір поэзиясының, данышпандық ма-қал-мәтелдерінің әсері, ықпалы өте күшті болды. Мұны қазіргі соғыс жағдайы әбден анықтады» – деп әділ көрсетеді Мәлік батыр.
Қолбасшы командир Бауыржанның теңіздей толқыған, көкірегінде күмістей жарқыраған сөздері жатыр.Бұлардың тек-төркіні–соғыс жағдайын терең бақылағандықтан, оқиғаларды нәзік таразылап,дұрыс қорытындылар шығарғандықтан, ақыл мен ойдың тізгінін тең ұстағандықтан,тәрбие мен тәжірибенің сырларын мінсіз меңгергендіктен.
Мәселен: 1.Намысты нанға сатпа. 2.Қырағының көзі де батыр, өзі де
батыр. 3.Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек. 4.Тізе бүгіп, тірі
жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық. 5.Ана үшін аянба – ант ұрады,бала үшін
аянба – бетің күйеді,Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба –жігіттігіңе сын. 6. Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.8. «Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр ». Біз қас жауды қарумен де, халықтың қаһарлы сөзімен де қиратудамыз. Халық сөзі, оның данышпандық мақалдары, бізге зеңбірек, танк, винтовка, автомат қандай қызмет етсе, олар да сондай қызмет етуде деп аяқтайды «Қазақ мақалының күші» эссесін Кеңес одағының Батыры, гвардия майоры Мәлік Ғабдуллин.
Баукең сөздерін жедел хатқа түсірген М.Ғабдуллиннің ұқыптылығын, кісілігін, екі ірі тарихи тұлғаның арасындағы шығармашылық байланысты атамауға болмайды.
«Егер жазушы, не ақын болсам, көк күмбезді қағаз етіп, көкала дарияны сия етіп «Батыр Бауыржан» деген хикая да жазған болар ем» – деген Ер Мәліктің лала лебізінде телегей сыр бар-ау! (1942 жылдың 15 қыркүйек күні жазылған хатынан).
3. Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі үзіндіден көркемдегіш құралдарды табыңыз.
Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
Адамзат сапарының мейманымыз,
Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы ,
Көруші ең құбылысты қай – қайдағы.
Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,
Қап – қара түнек болып маңайдағы.
Эпитет : қап-қара түнек
Кейіптеу : "сен де бір күн сөнермісің, қап-қара түнек болып"
Метонимия : адамзат сапары
Метафора : екі көз-екі жұлдыз маңдайдағы
Қосымша (жалпы толық өлең бойынша)
Өлеңді сатылай кешенді талдау
1.Тақырыбы: Өз өмірі жайында айта отырып, болашаққа сенім арту, туған жерді, елді қадірлеу.
2.Жанры : Поэзия,өлең
Идеясы: Туған елін, жерін ардақтаған ұлтжанды азаматтарды ұмытпау
Шумағы: 25 шумақ
Тармағы: 100 тармақ
Буыны: 11 – 12 буынды
Ұйқасы: а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы
Метафора: Жүрегімнің досы,кең мекен,қысқа өмір,балшық өлең,алтын от.
Кейіптеу: Өлеңнің отын жағып асырармын,бір атаның ғасырымын,аспандағы асылымын.
Кейіпкерлері: Лирикалық кейіпкер ақынның өзі. Ақын бейнесін талдау
Ақ көңіл, досқа адал, ақын, жауынгер, сазгер, кеңпейіл, мырза, көпшіл
Билет №25 Дильназ
$$$ Кейс-тапсырма.
1. Ұлы Отан Соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті
2. Жұмағали Сайннің партизан тақырыбындағы өлеңдері
3.Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз» шығармасындағы басты идея.
1. Ұлы Отан Соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті
XX ғасырдың 41-56 жылдары қазақ халқының қоғамдық өмірінде өткен ең үлкен тарихи кезеңді қамтиды. Ол – Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңдері.
Кеңес Одағының құрамында болған, Қазақстан халқы да 1941-1945 жылдардағы фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы соғысқа белсене қатысты. Бұл соғыс жалпы одақ және оның бодандығындағы халықтар үшін де ауыр кезең болды. Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын да осы кезеңдегі ауыртпашылықтар белгіледі.
Жауынгерлік тақырыбы қазақ әдебиетіне бұрыннан да жат емес еді. Қаһармандық эпос пен әр қилы жаулаушылық кезінде туған халықтық лириканың үлгілері де болған. Отызыншы жылдарда Отан қорғау тақырыбының кең қойылуы да қазақ әдебиетінде жаңа ізденістерге жол ашқан. Еуропада фашизмнің бас көтеруі, оның жаулаушылық әрекеттері кеңес елін сақтыққа үйретті. Шекараны берік күзету, ондағы сақшылардың ерлігі бүкіл кеңес әдебиетінде көтерілген. Қазақ әдебиетінде де шекара тақырыбына біраз шығармалар жазылды. Бірақ таныс емес өмірдің қыры мен сырын жетік білмеу қазақ қаламгерлерін онша биік табысқа көтере алған жоқ-ты. Алайда мынандай төтен соғысты қазақ халқы басынан кешірмеген-ді. Сондықтан жаңа дүниежүзілік соғыс жағдайында әдебиетті дамыту оған жаңа мазмұн, жаңа сапа беру бағытында жүруі керек болды.
Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін қалыптастыруға қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ж.Хұсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова әдебиет саласында құлшына еңбек етті. Т.Жароков, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекхожин, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Омаров сынды ақын-жазушылар қолына қару алып, майданға аттанды. Бұлардың қатарына майдан газеттерінің беттерінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған жаңа ұрпақ өкілдері С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, Ж.Молдағалиев, С.Сейітов сияқты ақындар келіп қосылды. Халық поэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нұрлыбек Баймұратов, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, тағы басқалары өздерінің отаншылдық рухтағы жыр-толғауларын шығарды. Қазақ әдебиетінің осы секілді әр тобынан құрылған қалам иелері бір мақсатқа жұмылып, әдебиеттің алдына соғыс шындығы қойған міндетті атқаруға кірісті.
Соғыс мерзімі бес жылға жуық уақытты қамтиды. Оның сұрапыл, алапат күйде өткені болмаса, тарих үшін бұл ұзақ мерзім емес. Оның сыры мен шындығын зерттеп, жаңа көркем туындылар жасау тұрғысында да ол мерзім жеткіліксіз. Сондықтан да соғыстың бес жылы ішінде қазақ әдебиеті іргелі үлкен шығармалар туғыза алған жоқ. Онда соғыстың алғашқы әсерінен туған ұшқыр өлең, публицистика, очерк сияқты шағын жанрлар өрістеді. Соғыс пен оның адам басына түсірген қасіреті жайлы ойлану, оны ерлікпен көтерген адамның жігер-қайратын бейнелеуге ұмтылыс кейін, соғыс шындығын ой елегінен өткізгеннен соң ғана жүзеге асты. 1950-1960 жылдары бұл тақырыпқа үлкен романдар мен поэмалар, жаңа лирикалық туындылар жазылды.
2. Жұмағали Сайннің партизан тақырыбындағы өлеңдері
Жұмағалидың әскери творчествосының елеулі бір ерекшелігі -оның қазақ поэзиясына тың тақырып - партизандар өмірін жырлауды алып келуі. Әскерде ол партизандар қатарында соғысты, отрядтың саяси жетекшісі болды. Ақын өлеңдерінен біз партизан деген адамдардың ерекше сипатын, дербес қасиеттерін танимыз. Отанын, үйі мен жанұясын жау қолында қалдырып, өздері дұшпан тылында күрес жүргізіп жүрген жандардың ашулы, кекті, сұсты бейнелерін Жұмағали сомдап жасайды. «Қар құшып, мұз жайлай» жүрген адамдарға еш нәрсенің қорқынышты емес екені, қаңтардағы боран да, «теңселген қара орман» да оған бой тасалар орын болатынын айтады.
Жүрегінде тулаған, Қатын-бала кегі үшін
Намысы бар, ары бар, Жүрген жандар түн қатып.
Жауда қалған елі бар, Ауыр қолы бұлардың,
Қайғысы бар, зары бар, Қарулары алмастан.
Қан жас аққан көзінен Қалтырайды фашистер
Ыза менен мұң батып, Маңайына бармастан.
(«Партизандар»)
«Жаралы партизан жырларының» шығу тарихы былай. 1942 жылы бір ұрыста Жұмағали көкірегінен оқ тиіп, қатты жараланады. Партизандар отрядтың саяси жетекшісі Жұмағалиды аман алып қалуға бар күшітерін жұмсайды. Үш ай бойы өздерімен бірге сақтап, ең қиын ұрыстарда да алып шығып жүреді. Бірақ Жұмағалидың денсаулығы кеми береді, ендігі жерде отрядпен бірге жүрудің мүмкіндігі болмайды. Ақыры оны партизандар Донбастың ескі шахтері М.А.Масловтардың үйінде қалдырады. Масловтың қызы Ефросинья жаралы партизанды өз қамқорлығына алып, әлсіз кездерінде аузына су тамызып асырайды. Жаралы партизанды іздеген фашистер Масловтың үйіне бірнеше рет тінту жүргізсе де, ер жүрек қыз оны тығып, жау қолына түсірмейді, ақыры адам ғып қатарға қосады. Осы жолы ауыр жаралы ақын күрес майданынан алыс қалып, оның үстіне ауру қинап, көп сезім күйлерін бастан кешіреді. Жұмағалидың «Жаралы партизан жырлары» атты өлеңдерінің циклі осындай күйдегі солдат сезімінің тебіренісін бейнелейді.
«Жаралы партизан жырларының» кейіпкері–кескілескен ұрыста жаралы болып, достарынан бөлініп қалған партизан. Ол ауыр жарасына карамай, достарын іздейді, қайта сапқа тұратын мезгілді күтеді, күрес пен майданды сағынады.
Соғыстан кейін де Жұмағали әскери тақырыпқа оралып, өзі басынан кешкен өмір шындығына бір қатар шығармалар арнады.«Есімде Айдар өзені» атты әдемі лирика мен «Алтай» атты поэма жазды.
3.Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз» шығармасындағы басты идея.
"Дариға, сол қыз" өлеңі өмір шындығын, лирикалық кейіпкердің тебіренісін бейнелеу ерекшелігімен де, түр жағымен де айрықша жаңалық ретінде сүйіндіреді. Әр тармағы он буыннан тұратын өлең Қасымға дейінгі және кейінгі қазақ поэзиясында онша қолданыла қойған жоқ. "Дариға, сол қызда" майдан арпалысы, тарихи шындық, жеке адамның басындағы трагедия және соның бәрінен аман алып шыққан өмірге деген құштарлық оптимистік рухта өрнектелген. Кейіпкердің жан дүниесіндегі бұлқыныстар белгілі тарихи кезеңдегі жеке адам мен қоғам өміріндегі әлеуметтік драматизмді бейнелейтін образдылыққа айналған. Көркемдік-философиялық жинақтаушылық мәнге ие жыр жолдары ақынның тағы бір биікке көтерілгенін танытты. "Көрсетпей жүзін, естіртпей сөзін, қаһарын төгіп тұр долы соғыс", "сапырды дауыл, тебіренді теңіз, тулады толқын, шайқалды шың-құз" деген жолдардан замана трагедиясын, "арманым бар ма өлсем бір көріп, қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?" дегеннен лирикалық қаһарманның өмірге деген құштарлығын, махаббат құдіретін, "дедім де тұрдым, жүгіре бердім, қолымда найза, шағылып айға" дегеннен әрі қайсар рухын сезінеміз.
Сұрапыл соғыста, қып-қызыл өрттің ішінде жүрсе де, теңіз тебреніп, дауыл туласа да, жаралы болып, өмірмен қоштасар жерге жетсе де «Дариға, сол қызды» ұмытпайды, есінен шығармай жоқтайды.
«Келемін қайтып,
Өлеңімді айтып.
Қайда екен, қайда
Дариға, сол қыз?!— деп мәңгі жас, сөнбейтін арманға айналған махаббат
күйін шертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |