13 жаста Жетекшісі: Балғожа Айна Асқарбекқызы «Арман алға жетелейді» тақырыбында эссе жұмысы



Дата30.03.2023
өлшемі15.52 Kb.
#471432
эссе Еркеназ


Балалар мен оқушыларға арналған «Шығармашыл бала» республикалық сырттай байқауы
Темір аудандық оқушылар үйінің «Тарихи риторика» үйірмесінің оқушысы Құрмантай Еркеназ Аралбекқызы
(13 жаста)
Жетекшісі: Балғожа Айна Асқарбекқызы
«Арман алға жетелейді» тақырыбында эссе жұмысы

Адам баласы өмірге армандау үшін келеді десем қателеспеймін. «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға» деп Мұхтар Шаханов атамыз айтқан. Адам баласында арман деген көп қой, әр адам әртүрлі армандайды. Кей адамдар жәй ғана әрекетсіз армандап, армандар орындалмайды дейді. Бұл қате пікір. Армандар орындалады, ол үшін адамға ең бірінші сенім керек. Одан кейін алдына нақты мақсат қоя білу керек. Мен армандарым орындалу үшін алдыма үлкен мақсат қойдым және оған жету үшін қазірден бастап қадам жасап келемін.


Біреу айтты бұл арманың бекер деп,
Біреу айтты қиялдама жетер деп
Көп ойланбай мен өзіме серт бердім
Арманыма өз күшіммен жетем деп.
Арман таусылмайды. Бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші арманыңның орындалуы үшін талпынамыз, үшінші, төртінші солай жалғасып кете береді. Өйткені, бұл өмір. Ал өмір арман-қиялсыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш-жігер жұмсалады. Арманыңның орындалуы түзу ниеттілікті, төзімділікті, білімді, ақылды қажет етеді.
Армандамайтын қатты қиялға берілмейтін адам жоқ шығар. Адамға армандау керек себебі арман біздің алдымызға мақсат қою арқылы жарқын болашаққа жетелейді. Арман – адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Менің арманым бар, бірақ бұл арманға жетуім үшін көп әрекет жасауым қажет. Білім алумен, оқып үйренумен қатар ізденіс, талпыныс, жігерлік және де өз жақындарыңның қолдауы қажет деп есептеймін. Егер адамның арманы болмаса, ол адам ешқашан алға жылжи алмас еді. Армандау арқылы көптеген жетістікке жетуге болады. Адамға Алланың берген ең үлкен ерекше қасиеті – армандай білу. Ал нені қалай армандайсың, ол әр адамның өз өрісіне, өзіне деген сенімділігіне байланысты.
Әр адам секілді менің де өз арманым бар. Менің ең үлкен арманымның бірі – фильмге түсу және де мен өз арманыма жету үшін алдыма мақсат қойып, мақсатыма ұмтылып келемін. Яғни ащы да болсын шындықты таңдап, өзім қалауым бойынша атақты актриса болып, елге танымал болғым келеді. Ой жеткен жерге қол да жетер. Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын. Қай арманыма қолым жетіп, қай арманым мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. Бірақ бір білерім арманымның орындалу, орындалмауы – өз қолымда.
.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет