«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы,
сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметі) осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес көрсетілген мемлекеттік уәкілетті органдары (бұдан әрі – Уәкілетті органдар), немесе балама негізінде «Павлодар облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының қалалар мен аудандар бөлімдері (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасы және 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйек-тегі «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» № 845 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» № 121 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен уәкілетті органдардың автомобиль жолдары сала-сындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 1315 қаулысы (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе қағаз тасығышта облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланым-дағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарна-маны орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт) беру немесе қағаз тасы-ғышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Уәкілетті органдардың және орталықтардың орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.
7. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органдардың белгіленген жұмыс кес-тесіне сәйкес, түскі үзілісі бар, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемесі Стан-дарттың 16-тармағында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлғадан (бұдан әрі - Алушы) өтініш алынған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көр-сетудің нәтижесін алушыға беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдік іс-әрекеті:
1) уәкілетті органның қызметкері өтінішті тіркейді және уәкілетті органның басшысына қарастыруға құжаттарды тапсырады;
2) уәкілетті органның басшысы ұсынылған құжаттармен өтінішті қарастырады және уәкілетті органның тиісті бөлімінің бастығына тапсырады;
3) уәкілетті органның тиісті бөлімінің бастығы өтініш пен ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәй-кестігін қарастырады және уәкілетті органның бөлімшесінің тиісті бөлімінің маманына тапсырады;
4) уәкілетті органның тиісті бөлімінің маманы рұқсатты немесе пас-портты беру үшін қажетті құжаттар, немесе рұқсатты немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және уәкілетті органның басшысына тапсырады;
5) уәкілетті органның басшысы рұқсатқа немесе паспортқа, немесе рұқсатты немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның қызметкеріне тапсырады;
6) уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға рұқсатты немесе паспортты, немесе рұқсатты немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
әрекеттердің (өзара әрекеттердің) сипаттамасы
12. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
13 Уәкілетті органдарға немесе орталыққа құжаттарды тапсырғаннан кейін алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының немесе орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.
Уәкілетті органдарда өтініш жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркеледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай құрылымдық-қызметтік бірліктер (бұдан әрі – Бірліктер) қатысады:
1) уәкілетті органның қызметкері;
2) уәкілетті органның басшысы;
3) уәкілетті органның тиісті бөлімінің бастығы;
4) уәкілетті органның тиісті бөлімінің маманы;
15. Әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсетумен әрбір бірліктің әрекетінің бірізділігін мәтіндік кестелік сипаттау осы регламенттің 1-қосым-шасында көрсетілген.
16. Бірліктердің әрекеттер бірізділігі сызбасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Уәкілетті органның басшысы алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуде қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе мерзімдердің орындалмауына жауапты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |