№ 164 орта мектеп
Тақырыбы:
Мақсаты: 1. Асты қадірлеуге үйрету.
2.Нанның дастарқанға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру.
3.Еңбек адамдарын сыйлай білуге, әр адам нанды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:нантуралы нақыл сөздер, стенд, нанның түрлері, наннан жасалатын тағамдар.
1-жүргізуші: Құрметтіұстаздар, оқушылар, ата-аналар. 3-сынып оқушыларының «Ас адамның арқауы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат беріңіздер.
-
Оқушы: Қырман басы – береке,
Көп жүрген жер-мереке.
2.Жеріңе жақсылық қылғаның,
Тасыды дей бер қырманым.
3.Егінексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға.
-
Оқушы: 1.Дастарқанында наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
2.Қамбасында дәні жоқтың,
Дастарқанында наны жоқ.
3. Тістем нанның қадірін
Тарыққанда білерсің.
3-оқушы: 1.Қоқыс көркі –там,
Дастарқан көркі – там.
Нан – тамақтың атасы,
Ынтымақ- көптің батасы.
3.Жақсылап жыртып жеріңді,
Кезінде ексең егінді,
Аларсың мол өнімді.
2-жүргізуші: Асболған жерде бата беріледі.
Амандық берсін басыңа,
Қадыр келсін қасыңа.
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қолыңа.
Әумин!
4-оқушы: Біркезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие ттып нанды ұстап,
«Нан ұрсын»деп қарғанар.
Нан –ардақты адал ас,
Кәрі –ас оны аттамас.
5-оқушы: Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарқаннан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә наға тар.
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
6-оқушы: даланың арынан,
Даланың таңынан.
Даланың жанынан өседі,
Нан-жеңіс ол кешегі.
7-оқушы: менің елімнің Елтаңбасында масақтың суреті бейнеленген. Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді.
Бізоны мақтанышпен айта аламыз.
Нанға үлкен жүрекпен қараңдар,
Нанды өмір деп санаңдар.
Нан болмаса
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
1-жүргізуші: Қазіргікезде нан өнімдерін шығарудажаңаша технологияны пайдалануда. Нан өнімінің алуан пішінді түрлері пісіріледі.
8-оқушы: Нансыз тыныштық та болмайды,
Көкіректі мұң,
Жерді шаң торлайды.
Екі ел бірін – бірі жалмайды.
Елімнің құдіретін асырып тұрған, менің де, сенің де, оның да мерейін үстем ғып тұрған –ол нан!
2-жүргізуші: Ардақты нан! Ана мінез асыл нан,
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан.
Бір күніңді мың есе артық деп едім
Бар дүниенің інжу, гауһар тасынан.
Достарыңызбен бөлісу: |