№18 мектебініѕ шаєын ауданы бойынша оќушылар тізімі



бет1/6
Дата28.09.2023
өлшемі104 Kb.
#478999
  1   2   3   4   5   6
2 сыныпқа арналған диктанттар жинағы




Кітапхана
Мектеп кітапханасында қызықты кітаптар көп. Оқушылар кітапханадан кітап оқиды. Мен суретті кітаптарды оқимын. Кітапты таза ұстау керек. Оны жыртуға болмайды. Алған кітабымды мезгілінде өткіземін. Жамал апай-кітапханашы. Ол кітапты көп оқитын балаларды жақсы көреді.
Мектеп кітапханасында________________кітаптар көп. Оқушылар кітапханадан ____________ оқиды. Мен суретті кітаптарды ______________. Кітапты _____________ ұстау керек. _____________ жыртуға болмайды. Алған кітабымды ______________________е өткіземін. Жамал _________________________________. Ол _________________________ көп оқитын балаларды жақсы көреді.
Көмек
Салтанат пен Әлия қияр жинауға көмектесті. Түстен кейін аспанда бұлт қоюлана түсті. Жаңбыр құйып кетті. Олар жиюлы қиярды бір жерге тасыды. Үстін жапты. Сөйтіп қиярды бүлінуден сақтап қалды. Қияр – пайдалы көкеніс.

Салтанат пен _____________ қияр жинауға көмектесті. Түстен кейін ________________ бұлт қоюлана түсті. Жаңбыр құйып ______________. Олар _______________ қиярды бір жерге тасыды. Үстін жапты. Сөйтіп қиярды __________________ сақтап қалды. Қияр – пайдалы көкеніс.


Кекілік
Кекілік – тауық тұқымдасына жататын құс. Оның түсі көкшіл сұр болып келеді. Екі бүйірінде көлденеңінен тартылған қара қоңыр жолақтары болады. Аяғы мен тұмсығы қызғылтым. Осы реңі оны тас арасынан жөнді байқатпайды. Олар барлық уақытта топтасып жүреді.

Кекілік – тауық _________________ жататын құс. Оның түсі көкшіл сұр болып келеді. Екі бүйірінде ______________ тартылған қара қоңыр жолақтары болады. Аяғы мен _______________ қызғылтым. Осы _____________оны тас арасынан жөнді байқатпайды. Олар барлық уақытта топтасып __________________.




Біздің мұғалім
Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ. Бұл – ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ұйықтауға жаттым.
Таңертең ерте ояндым. Ауылда тек мектептің терезесінде ғана от жанып тұр.

Қысқы ___________. Үйлердің оттары сөнген. Тек __________________ шамы сөнген жоқ. Бұл – ұйықтамай отырған _______________ мұғалім. _________________ терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ________________________ жаттым.


Таңертең __________________ ояндым. Ауылда тек мектептің терезесінде
ғана от _____________ тұр.


Тұмау

Тұмау – жұқпалы аурулардың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып табылады. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.


Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру, мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек.

Тұмау – ________________ аурулардың бірі. Оның __________________________________ вирустар болып табылады. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа ___________________________ арқылы таралады.


Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, __________________________, түшкіру, мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда ___________________________ қаралу керек.


Диқан

Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам – диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Диқанның еңбегі өте бағалы.


Нан _________________ алынады. Астықты өсіретін _______________ – диқан. Ол жыл бойы тыным _______________________. Көктемде _______________жыртады. _________________ дән себеді. Дәннен егін ____________________. Диқан жаз бойы _______________ баптайды. Күзде піскен егінді ____________________ орады. Масақ толы дән ___________________________ тасылады. Диқанның _________________-өте бағалы.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет