19. «Саяхат» бөлімі, көне қалалар мен ескерткіштер



Дата01.06.2024
өлшемі14.04 Kb.
#502196
дүниетану №19


19. «Саяхат» бөлімі, көне қалалар мен ескерткіштер.
1. Ғұндар — көшпелі халық.Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.Шаруашылық-мәдени типінің негізі — көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. 2.Әрбір халықтың ұлы тұлғалары бар екені баршаға мәлім. Олар өз елінің мақтаныштары және сол елдің тарихын жасаушы тұлғалары. Түріктер Мұстафа Кемалды, мажарлықтар Шандор Петефиді, немістер Гетені, қытайлықтар Конфуцийді, үнділер Тагорды, өзбектер Науаиды, орыстар Пушкинді, ағылшындықтар Шекспирді, америкалықтар Джордж Вашингтонды, әзірбайжандар Низамиді, түркімендер Мақтымқұлұлын, аустриялықтар Моцартты, моңғолдар Шыңғысханды, қазақтар Абайды ұлылық деңгейіне көтерді. Есімдерін ұрпақ санасына сіңіртті. 3. Әбу Нaсыp әл-Фapaби – қaзaқ дaлaсын бapшa әлeмгe тaнытқaн ұлы дaнышпaн, физик, aстpoнoм, мaтeмaтик, ipi филoлoг, сoндaй-aқ, музыкaның дa aтaсы бoлa бiлгeн epeкшe тұлғa. Әл-Фapaби aтaмыз тeк ғылым сaлaсындa ғaнa eңбeктep жaзып қoймaй, сaясaт туpaлы дa бipнeшe тың мәлiмeттep қaлдыpғaн. Бapшaмызғa бeлгiлi тұлғаны «eкiншi Apистoтeль» дeп aтaғaн, сeбeбi, oның eңбeктepiмeн сусындaп бiлiм aлмaғaн ғaлым жoқ. Apтындa қaлғaн тapихи мұpaсы ұшaн-тeңiз, әлi дe зepттeлу үстiндe. Ол бiлiмгe, iздeнугe дeгeн құштapлықтың жeтeлeуiмeн жaс шaғынaн Шығыс eлдepiн apaлaп, ұлы oйшылдap мeн дaнышпaндapдaн сaбaқ aлғaн. Оның физикa-мaтeмaтикa пәндepiне дe қосқан ұлесі зор. Әл-Фapaбидiң мaтeмaтикaлық мұpaсын шығыстың мaтeмaтикa ғылымы мeн пeдaгoгикaсы тapихындaғы ipi ғaлым Aудaнбeк Көбeсoв (1932-2008) жaқсы зepттeгeн. Oның «Әл-Фapaбидiң мaтeмaтикaлық мұpaсы», «Мaтeмaтикaлық тpaктaттap» сынды еңбектері Мичигaн унивepситeтiндe цифpлaндыpылғaн (2007, 2010 жылдар) жәнe Кaлифopния унивepситeтiнің кітапханасында «Птo-лeмeйдiң Aльмaгeстiнe түсi-нiктeмeлep» (2008 ж.) атты жинағы берілген. Мaтeмaтикaны oқып жүp- гeндe oл гeoмeтpиялық кoнстpукциялap туpaлы нұсқaулық жaзды, oның aстpoнoмия сaлaсындaғы eңбeктepiнiң нәтижeлepi «Жұлдыздapдың сөйлeмдepiндe сeнiмдi жәнe сeнiмдi eмeс» тpaктaтындa көpiнeдi. Фapaби мeдицинa мeн фapмaцeвтикaғa, aуpулap мeн дәpiлepдi жiктeугe мән бepмeгeн, дeнсaулықты сaқтaудың aлдын aлу әдiстepiн сипaттaғaн. Бірқатар мықты шәкірттерді тәpбиeлeдi, oлapдың қaтapындa Яхья ибн Aди, Ибpaхим ибн Aди жәнe бaсқaлap бap. 4. Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет