Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің Ережелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247 қаулысы
(2005 жылы 30 қыркүйекте берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін.
2. «Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыр- күйектегі N 1361 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
26 тамыздағы N 1247
қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері (2005 жылы 30 қыркүйекте берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 590-бабына және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабының 2-тармағына («Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа) сәйкес, ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Заң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебiне жатқызу үшiн қылмыстық істi жүргiзетiн органның, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органның (лауазымды адамның) қаулысы және өндiрiсiнде осы iс бар соттың ( бұдан әрi - тиiстi орган) азаматтық iстер жөнiндегі ұйғарымы негіз болып табылады.
Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
2. Анықтау органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы қаулысы адвокат тапсырманы орындағаннан кейiн, ал тапсырманы орындау бiр айдан асып кетсе - ай сайын шығарылады.
3. Республикалық бюджет қаражатының есебiнен қылмыстық iс бойынша адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы сот қаулысы үкiм қабылдаумен не iстi қосымша тергеуге жiберу немесе iстi тоқтату туралы процессуалдық шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.
Сот талқылауы бiр айдан асып кетсе, сот қаулысы ай сайын шығарылады.
Сот қаулысы адвокаттың өтiнiшi бойынша үкiм жарияланғаннан кейiн де шығарылуы мүмкiн.
4. Азаматтық iс бойынша адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.
Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда тиiстi органның атауы (анықтаушының, тергеушiнiң, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамның тегi, аты-жөнi); iстiң нөмiрi; тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты-жөні; заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегi, аты-жөнi; адвокаттың алдын ала тергеуге, анықтауға және сот отырысына қатысуға iс жүзiнде жұмсаған сағаттардың күндер бойынша жазылған саны; сот анықтауына (iстiң материалдарымен танысу, тергеу изоляторындағы айыпталушыға жолығу) дайындалу, оған ескерту жасалған жағдайда сот отырысының хаттамасын зерделеу; ол мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi көрсетіледі.
Заң көмегiн көрсету iссапарға шығумен байланысты болған жағдайда, қаулыда немесе ұйғарымда iссапарда болған кезең мен күндердiң саны көрсетiледi.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
30.09.2005 ж. N 978 ҚР Үкіметі қаулысымен 5-тармақ өзгертілді.
«5. Республикалық бюджет қаражаты есебінен алдын ала тергеуде және анықтауда, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуде адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда (бұдан әрі - қаулы) мыналар көрсетіледі:
қаулыны шығарған анықтаушының, тергеушінің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті лауазымды адамның (бұдан әрі - тиісті орган) лауазымы, тегі, аты-жөні;
істің нөмірі, атауы, оның қаралған орны, күні және уақыты;
заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты;
тапсырманы орындаған адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның өкілеттігін куәландыратын ордердің нөмірі және берілген күні;
күні мен сағатпен бөлінген уақыты жөне төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокат көрсеткен заң көмегінің түрлері;
күні, уақыты жөне төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың тергеу немесе іс жүргізу әрекетінің басталуын күтуге жұмсаған өтеуге жататын шығыстардың түрлері мен сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың заң көмегін көрсету үшін жол жүруімен байланысты іссапарға жұмсаған күндерінің саны;
төлеуге жататын жалпы сома;
адвокат мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелері.
Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың:
- алдын ала тергеу және анықтау барысында іс жүргізу және тергеу әрекеттеріне, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысуға;
- қамауда ұсталатын сезіктімен, айыпталушымен не әкімшілік ұстауға тартыл-ған адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге;
- қылмыстық іс не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен танысуға;
- тиісті органның іс-әрекетіне шағым жасауға жұмсаған сағаттарымен есептеледі.
Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың тиісті органның жазбаша немесе өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жасаған хабарламасында көрсетілген уақытта келген сәтінен бастап, егер адвокат осы уақытта басқа істерге қатыспаса, іс жүргізу немесе тергеу әрекеті аяқталғанға дейін есептеледі және хаттамада тіркеледі.
Сезікті немесе айыпталушы не әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 72-бабының не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабының тәртібімен тағайындалған адвокаттан бас тартқан кезде, адвокаттың іс материалдарымен танысуға, кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге, сондай-ақ, бас тартуды іс жүргізу тәртібімен ресімдеуіне жұмсаған уақыты, сондай-ақ, басқа жерге жол жүрген жағдайда іссапар және басқа да шығыстары төленуге жатады.
Адвокат басқа жерге жол жүріп заң көмегін көрсеткен жағдайда, егер адвокат бұл күні басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, тергеу немесе іс жүргізу әрекетінің ұзақтығына қарамастан, ақы төлеу толық жұмыс күніне жүргізіледі.
Адвокаттың қамауда ұсталатын сезіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге жұмсаған уақыты тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша айқындалады.
Алдын ала тергеу немесе анықтау барысында қылмыстық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен танысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты істің күрделілігін ескере отырып, тиісті орган белгілейді. Бұл ретте қылмыстық іс материалдарының бір томын зерделеуге кеткен сағаттың ең аз мөлшері - үш сағаттан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша бір сағаттан кем болмауы тиіс.
Тиісті органның іс-әрекеттеріне шағым жасау үшін қажетті уақытты істің күрделілігін ескере отырып, адвокат белгілейді және ол екі сағаттан кем болмайды.»
6. Адвокаттың iс бойынша өндiрiске қатысқан бiр сағат iшiндегi заң көмегiне ақы төлеудiң ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнiң 1/21 есебiнен белгiленедi.
Бұл ретте бiр сағаттық төлем мөлшерi белгiленген тәртiппен айқындалған адвокаттың соңғы екi айдағы орташа сағаттық жалақысынан төмен бола алмайды.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
30.09.2005 ж. N 978 ҚР Үкіметі қаулысымен 6-тармақ өзгертілді.
« 6.Адвокаттың тергеуде және анықтауда қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысқан бір сағат ішіндегі көрсеткен заң көмегіне, соның ішінде іс материалдарымен танысқаны, іс бойынша шағым жасағаны үшін ақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 1/21 есебінен белгіленеді.
Адвокаттың қамауда ұсталатын сезіктімен не айыпталушымен, не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген ақының 75 пайызы мөлшерінде төленеді.
Егер адвокат белгіленген уақытта келсе және басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, адвокаттың тергеу немесе іс жүргізу әрекетінің басталуын күтуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерінде төленеді.
Адвокаттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабында белгіленген мерзім аяқталатын, кейінгі қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбір сағатына осы тармақтың бірінші абзацында белгіленгеннен бір жарым еседен кем емес мөлшерде ақы төленеді.
Адвокаттың Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабында белгіленген мерзім аяқталатын демалыс және мереке күндері сезік-тіден немесе айыпталушыдан жауап алуға қатысқан әрбір сағатына осы тармақтың бірінші абзацында белгіленгеннен екі еседен кем емес мөлшерде ақы төленеді.»
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген төлемнен бiр жарым мөлшерден кем түспейтiн төлем жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын демалыс және мереке күндерi сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленгеннен кемiнде екi есе жоғары мөлшерде төлем жүргiзiледі.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
30.09.2005 ж. N 978 ҚР Үкіметі қаулысымен 7-тармақ өзгертілді.
«7. Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу туралы және сотта қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда (бұдан әрі - қаулы немесе ұйғарым) мыналар көрсетіледі:
- тиісті соттың атауы, қаулыны немесе ұйғарымды шығарған судьяның лауазымы, тегі, аты-жөні;
- істің нөмірі, атауы, оның қаралған орны, күні және уақыты;
- заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты;
- тапсырманы орындаған адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның өкілеттігін куәландыратын ордердің нөмірі және берілген күні;
- күні мен сағатпен бөлінген уақыты және төлеуге жататын сомасы;
- күні, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың сот отырысының басталуын күтуге жұмсаған сағаттарының саны;
- күні, уақыты және төлеуге жататын сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың басты сот талқылауы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасын күтуге жұмсаған сағаттарының саны;
- өтеуге жататын шығыстардың түрлері мен сомасы көрсетіле отырып, адвокаттың заң көмегін көрсету үшін жол жүруімен байланысты іссапарға жұмсаған күндерінің саны;
- төлеуге жататын жалпы сома;
- адвокат мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелері.
Ақы төлеуге жататын уақыт адвокаттың:
- қылмыстық немесе азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, сот отырыстарының хаттамаларымен танысуға;
- қамауда ұсталатын сотталушымен немесе сотталған адаммен не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге;
- қылмыстық және азаматтық істер бойынша бірінші апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттарға не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысуға;
- қылмыстық не азаматтық іс бойынша аппеляциялық немесе қадағалау
шағымдарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға
шағымдар, сот отырыстарының хаттамаларына ескертулер жасауға жұмсаған сағаттарымен есептеледі.
Егер адвокат қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуге немесе анықтауға қатыспаса, сотқа дейінгі дайындық барысында осы істің материалдарымен не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің немесе азаматтық істің материалдарымен, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты істің күрделілігін ескере отырып судья белгілейді. Бұл ретте қылмыстық іс материалдарының бір томын - зерделеуге кеткен уақыттың ең аз мөлшері үш сағаттан, азаматтық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс - бір сағаттан, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау екі сағаттан кем болмайды.
Адвокаттың қамауда ұсталатын сотталушымен не сотталған адаммен, не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге жұмсаған уақыты тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының немесе ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарының анықтамалары бойынша белгіленеді.
Сотқа қатысқаны үшін ақы төлеуге жататын уақыт соттың жазбаша немесе өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жасаған хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келген сәтінен бастап, егер адвокат осы уақытта бас-қа істерге қатыспаса, төрағалық етуші сот отырысының жабылуы туралы хабарлағанға дейін есептеледі және сот отырысы хаттамасында тіркеледі.
Сотталушы немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 72-бабының не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабының тәртібімен тағайындалған адвокаттан бас тартқан кезде, адвокаттың іс материалдарымен танысуға, кездесу кезінде заң көмегін көрсетуге, осындай бас тартуды іс жүргізу тәртібімен ресімдеуіне жұмсаған уақыты, сондай-ақ, басқа жерге жол жүрген жағдайда іссапар және басқа да шығыстары төленуге жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 321-бабының 1-бөлігінде белгіленген тәртіппен іс бойынша басты сот талқылауын басқа уақытқа не басқа күнге кейінге қалдырған жағдайда, егер адвокат бұл уақытта басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, адвокаттың басты сот талқылауының жалғасын күтуге жұмсаған барлық, бірақ бір күннен аспайтын жұмыс уақыты төленуге жатады.
Адвокат басқа жерге жол жүріп заң көмегін көрсеткен жағдайда, егер бұл күні басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, іс бойынша сот талқылауының ұзақтығына қарамастан, ақы төлеу толық жұмыс күніне жүргізіледі.
Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша апелляциялық немесе қадағалау шағымын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жасағаны үшін ақы төлеуге жататын уақытты істің күрделілігін ескере отырып адвокат белгілейді және ол уақыт екі сағаттан кем болмайды. Қылмыстық істің күрделілігін айқындаған кезде қылмыстық істің соттылығы, яғни қылмыстық істердің облыстық және оларға теңестірілген соттардың (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған соттар - Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты) бірінші сатысы бойынша қаралуы, іс материалдарының көлемі және таңылған қылмыстардың ауырлығы, айыпталушылардың саны есепке алынады.»
30.09.2005 ж. N 978 ҚР Үкіметі қаулысымен 7-1-тармағына толықтырулар енгізілді.
«7-1. Адвокаттың сотта іс бойынша іс жүргізуге қатысқан бір сағат ішіндегі көрсеткен заң көмегіне, соның ішінде, егер ол осы іс бойынша алдын ала тергеуге не анықтауға қатыспаса, сотқа дейінгі дайындық барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс не азаматтық іс материалдарымен, сот отырысының хаттамасымен танысқаны, қылмыстық не азаматтық іс бойынша апелляциялық немесе қадағалау шағымын немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шағым, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулер жасағаны үшін ақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 1/21 есебінен белгіленеді.
Авдокаттың қамауда ұсталатын сотталушымен не сотталған адаммен, не әкімшілік ұстауға тартылған адаммен кездесуге жұмсаған уақыты осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген ақының 75 пайызы мөлшерінде төленеді.
Егер адвокат белгіленген уақытта келсе және басқа істер бойынша іс жүргізуге қатыспаса, оның іс бойынша сот талқылауының басталуын күтуге жұмсаған уақытына, сондай-ақ, егер адвокат осы уақытта басқа адамдарға заң көмегін көрсетпесе, басты сот талқылауын кейінге қалдыру уақытына осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген ақының 50 пайызы мөлшерінде ақы төленеді.»
8. Төлем жөнiндегi есептi адвокаттың нақты iс бойынша жұмсаған жұмыс сағаттарының санына ақы төлеу туралы қаулының немесе ұйғарымның және адвокаттың соңғы екi айдағы орташа айлық жалақысы туралы анықтаманың негiзiнде тиiстi органның бухгалтериясы жүргiзедi.
Адвокаттың орташа жалақысы туралы мәлiметтiң растығы үшiн, осы мәлiметтердi берген адвокаттар алқасының лауазымды адамдары жауаптылықта болады.
Адвокат алдын ала тергеуге қатыспаған жағдайда, соттағы қылмыстық iстiң немесе азаматтық iстiң материалдарымен танысу, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысу үшiн қажеттi (не iс жүзiнде жұмсалған) сағаттардың санын қылмыстық iстiң көлемi мен күрделiлiгiне қарай судья белгiлейдi.
Тиiстi органдардың қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес адвокаттың басқа жерге баруына байланысты iссапар шығыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн көзделген нормалар мен тәртiп бойынша төленуге жатады.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
30.09.2005 ж. №978 ҚР Үкіметі қаулысымен 8-тармақ өзгертілді.
«8. Соттың не тиісті органның қаулысына және ұйғарымына сәйкес адвокаттың басқа жерге жол жүруіне байланысты іссапар шығыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін көзделген нормалар бойынша және тәртіппен төленуге жатады.»
9. Қаулының немесе ұйғарымның бiр данасы қылмыстық немесе азаматтық iс материалдарына қосылады, екiншi данасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-не дейiн республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы әкімшісінің аумақтық органының (бұдан әрi - аумақтық орган) бухгалтериясына, ал үшiншiсi - адвокаттар алқасына назарға алу үшiн жiберiледi.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
30.09.2005 ж. N 978 ҚР Үкіметі қаулысымен 9-тармақ өзгертілді.
«9. Қаулының немесе ұйғарымның бір данасы қылмыстық немесе азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы адвокаттар алқасына ұсыну үшін іс бойынша қатысқан адвокатқа беріледі.
Адвокаттардың қаулының немесе ұйғарымның екінші данасын ұсынуы бойынша адвокаттар алқасы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыруға жататын сағаттар саны мен қаражат сомасы туралы өтінім (бұдан әрі - өтінім) жасайды және оны тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) - есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне дейінгі мерзімде, ал желтоқсан үшін есепті айдың 15-күнінен кешіктірмей жібереді. Өтінімге міндетті түрде адвокаттардың алдын ала тергеуге, анықтауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге, сотқа қатысқан күні мен уақытын есепке алу тізілімі және қаулылар мен ұйғарымдардың көшірмелері қоса беріледі.»
10. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы тиiстi органның қаулылары немесе ұйғарымдары түскен кезде, тиiстi аумақтық органның бухгалтериясы қажеттi есептер және iссапар жөнiндегi құжаттарға тексерулер жүргiзген соң, есептi ай үшiн адвокаттарға төлеуге жататын қаражаттың сомасы туралы өтiнiм жасайды және есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оны жоғары тұрған органға жiбередi.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
30.09.2005 ж. N 978 ҚР Үкіметі қаулысымен 10-тармақ өзгертілді.
«10. Өтінімдер түскеннен кейін аумақтық орган адвокаттарға төленуге жататын қаражаттың сомасы туралы ақпаратты тиісті республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне - есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан үшін есепті айдың 20-күнінен кешіктірмей жібереді.
Аумақтық органға ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кейін келіп түскен қаулылар немесе ұйғарымдар келесі жылдың қаржыландыруы есебінен төлеуге жатады.»
30.09.2005 ж. N 978 ҚР Үкіметі қаулысымен 11 және 12-тармақтар алынып тасталды.
11.Қаржы министрлiгi республикалық бюджет шығыстарының бекiтiлген тiзiмдемесi шегiнде қазынашылық рұқсаттардың 1-нысаны бойынша өз рұқсатымен аумақтық органға бюджеттiк қаражатты жұмсау лимитiн 2-нысан бойынша жеткiзетiн тиiстi бағдарламалардың әкiмшiлерiне ай сайын сомаларды бөлудi жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
12. Аумақтық орган жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға арналған қаражат түскен күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде соманы адвокаттар алқасымен жасалған және аумақтық қазынашылық органда тiркелген шартқа сәйкес, аумақтық адвокаттар алқасының есеп айырысу шотына аударады.
Соманың артық төленгенi байқалған жағдайда, соңғысы тиiстi органға қайтарылуға жатады.
Ағымдағы қаржы жылында адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу кезiнде осы жылы түскен, артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы тиістi ерекшелiктер бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру үшiн есепке алынады.
Ағымдағы жылда түскен, өткен қаржы жылдарында осындай төлеу кезiнде артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеуге жатады.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 қаулысымен.
Достарыңызбен бөлісу: |