Инклюзивті білім беруде STEM технологиясы
Жүніспекова Риза Жүніспекқызы
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қаласы
7M01501 Информатика мамандығы
Ғылыми жетекші: Сыздыкпаева Айгуль Рамазановна
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің доценті, Өскемен қаласы
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді дамыту Қазақстан Республикасында білім беру саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жас ерекшелігіне, жынысына, қимылқозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік жағдайына қарамастан, сапалы білім алу, даму мүмкіндігін алу. Барлық балаларға мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Оқушылардың тең құқықтарын анықтайды, ұжымның іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр.Егер бұрын қыздар еңбек сабағында алжапқыш тігіп, ал ұл балалар ағашпен немесе металлмен жұмыс істесе, онда қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа – мұның бәрі енді дүниежүзінің қазіргі оқушыларын қызықтырады. Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Білу мен істеу ғана емес, сонымен қатар зерттеу және ойлап шығару маңызды. Ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады. STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі.
Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық,мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білімберуге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді,олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортадабейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар меноралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтікбейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз кедергілерді жоюмен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізугебағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге теңқолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. STEM-тәсілі арқасында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар болып жатқан құбылыстардың логикасын, олардың өзара байланысын түсіне алады, әлемді жүйелі түрде зерттеп, сонымен бірге өздерінің зеректігін дамытады, инженерлік ойлау стилі, қиын жағдайлардан шыға білу, командада жұмыс істеу дағдысы қалыптасады және менеджменттің негіздерін меңгереді, өз кезегінде олар оқушының дамуын жаңа деңгейін қамтамасыз етеді. STEM-білім беру оқуды және мансапты қосатын көпір болып табылады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек. Ерте жастан бастап ойын түрінде өте күрделі ойлау, шығармашылық және практикалық қызметке қосылатын оқушылар үшін, әрі қарай әмбебап роботтарды құрудың қиын процестерін игерудің табысты болашағы айқын. Робототехника кешенінде қолданылатын инновациялық әдістердің арқасында оны бірегей деп атауға болады. Бұл кешенде оқушыларға LEGO көмегімен бағдарламалау және робототехника негіздерін үйрену ұсынылады. 4 (инклюзивті) сыныпта LEGO конструкторынан керемет роботтар құрастырады, себебі осы сыныпта ақпараттық-коммуникациялық технология пәнінде бір бөлім осы робототехникаға арналған. Осы аталып отырған сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар болғандықтан, 52 бұл оқушылар барлық модельдерді кез келген LEGO конструкторларымен үйлесімді, осыған байланысты әрбір бала стандартты құрастыру негізінде өзінің жеке моделін қызығушылықпен жасайды. Әдістемелік кешеннің қадамдық нұсқаулығының арқасында, түсінікті схемалар мен иллюстрацияларды пайдалана отырып, балаларға блоктардың көмегімен роботтардың мінез-құлқын жеңілден күрделіге бағдарламалау ұсынылады. Роботтардың техникалық мүмкіндіктері тек жазықтықта қозғалумен шектелмейді. Басқада қозғалыстарды орындай отырып, модельдер де би билеп, заттың жақындауына жауап бере алады немесе қатты дыбыстар, ән айту, музыка жазу және т.б. Осындай іс-әрекеттердің арқасында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар сынып оқушыларымен диалогқа түсіп, өз ойларымен бөліседі. Осындай сабақтардан соң, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған арнайы робототехника курстары ұйымдастырылса деген ой келді. Яғни мынадай курстардың арқасында оқушылардың қабілеттерін басқа тұсынан көруге болатын еді. Робототехника сабақтары оқушылардың жан-жақты дамуына және жаңа буын стандарттарында белгіленген маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту және оқытудың жүйелі-әрекеттік тәсілін жүзеге асыру мақсатында лицей педагогтары өз жұмысында робототехниканы оқытудың келесі тәсілдерін қолданады: Үлгі бойынша құрастыру. Бұл роботты (немесе конструкцияны) құрастыру тәсілдерін көрсету. Алдымен робот қарастырылады, негізгі бөліктер бөлінеді. Содан кейін оқушылармен бірге конструктордың қажетті бөлшектері көлемі, пішіні, түсі бойынша іріктеледі және содан кейін ғана барлық бөлшектер бірге жиналады. Барлық іс-әрекеттер мұғалімнің түсіндірмелері мен түсініктерімен сүйемелденеді. Модель бойынша құрастыру. Модельде оны құрайтын көптеген элементтер жасырын. Оқушы роботты қандай (конструкция). Модель бойынша құрастыру кезінде аналитикалық және бейнелі ойлау белсендіріледі. Берілген шарттар бойынша құрастыру. Оқушыға жұмыс тәсілдерін көрсетпестен орындауы тиіс жағдайлар кешені ұсынылады. Яғни, құрастыру тәсілдерін педагог бермейді, тек роботты практикалық қолдану туралы айтады. Бала дайын бұйымдардың үлгілерін талдауды, оларға маңызды белгілерді анықтауды, оларды негізгі белгілердің ұқсастығы бойынша топтастыруды, негізгі белгілердің пішіні мен өлшемі бойынша айырмашылықтары конструкцияның мақсатына (берілген жағдайларына) байланысты екенін түсінуді үйренеді. Бұл жағдайда мектепке дейінгі баланың шығармашылық қабілеті дамиды. Қарапайым сызбалар мен көрнекі сызбалар бойынша құрастыру. Схеманы құрастырудың бастапқы кезеңінде қарапайым және суреттерде егжей-тегжейлі жазылған болуы тиіс. Схеманың көмегімен оқушыларда тек қана құрастыру ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттердің дұрыс реттілігін таңдау да қалыптасады. Кейіннен бала схема бойынша ғана емес, керісінше, көрнекілік конструкциясы бойынша (ұсынылған Робот) схеманы тарта алады. Яғни, оқушылар болашақ құрылыстың кезеңдерін өз бетінше анықтауды және оны талдауды үйренеді. Робот жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамиды, өз ойларыннақты және дұрыс жеткізуге дағдыланады, бағдарлама жасап үйренеді, топпен немесежұппен жұмыс жасауға бейімделе отырып, зерттеушілік қабілеттері артады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Робототехника в школе в современных условиях. М.2022г.
2. Новые подходы в работе с детьми с особыми образовательными потребностями,
2018г. Пресс: М., 2019г. 53
Достарыңызбен бөлісу: |