Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттiктерiнiң материалдарымен алмасу туралы келiсiмдi бекiту туралы



Дата19.06.2016
өлшемі56.42 Kb.
#148017
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттiктерiнiң материалдарымен алмасу туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 шiлдедегi N 793 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. 2003 жылғы 18 қыркүйектегi Ялта қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттiктерiнiң материалдарымен алмасу туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Аударма 

  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттiктерiнiң материалдарымен
алмасу туралы
Келiсiм

Ресми куәландырылған мәтiн

      Тәуелсiз мемлекеттер достастығының қатысушылары - мемлекеттер үкiметтерi атынан, бұдан әрi - Тараптар,


      Тәуелсiз мемлекеттер достастығын дамыту мен нығайту жөнiндегi қызметтi бұқаралық ақпарат құралдарында мүмкiндiгiнше кеңiнен жариялау қажет деп есептеп,
      Тәуелсiз мемлекеттер достастығының қатысушылары - мемлекеттердiң халықтары арасындағы сенiмнiң, өзара түсiнiстiктiң және ынтымақтастықтың өсуiне белсендi түрде жәрдемдесудi қалап,
      әлемдiк қоғамдастықта Тәуелсiз мемлекеттер достастығының қатысушылары - мемлекеттердiң әлеуметтiк-саяси, экономикалық және мәдени өмiрi туралы шынайы әрi толық түсiнiк қалыптастыруға жәрдемдесуге ұмтылып,
      ақпаратты алмасу мен таратудың тұрақты әрi жедел арналарын қалыптастыруда Талаптардың ұлттық ақпараттық aгенттiктерiнiң қосқан үлесiн тани отырып,
      төмендегi жайлы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде аталған терминдердiң мынадай мәндерi бар:


      ақпараттық агенттiк - Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес ұйымдастырылған және жұмыс iстейтiн, ақпараттық материалды жинау және таратумен үнемi айналысатын ұйым;
      ұлттық ақпараттық агенттiк - Тараптың орталық мемлекеттiк ақпараттық агенттiгi;
      ұлттық ақпараттық агенттiктердiң материалдары - ақпараттық агенттiктер беретiн ақпараттық өнiм;
      ақпараттық өнiм - тұтынушылардың ақпараттық қажеттiктерiн қамтамасыз етуге арналған ұлттық ақпараттық агенттiктер қызметiнiң материалданған нәтижесi;
      ақпараттық қызмет көрсетулер - ұлттық ақпараттық агенттiктердiң өздерiнiң тұтынушыларына ұсынатын қызмет көрсетулерi;
      мемлекетаралық ақпараттық алмасу - Тараптардың ақпараттық өнiмдi беруi және алуы, сондай-ақ өзара ақпараттық қызмет көрсетулерi.

2-бап

      Тараптар ұлттық ақпараттық агенттiктер материалдарының ағынын ұлғайтуға, олардың кәсiби байланыстарын нығайтуға, олардың арасында  тиiмдi әрi еркiн материал алмасуды қалыптастыру үшiн қолайлы жағдай жасауға, олар өндiретiн ақпараттық өнiмдi iске асыруға жәрдемдесетiн болады.


      Tapaптap ұлттық ақпараттық агенттiктерге мемлекетаралық ақпараттық алмасу үшiн пайдаланылатын ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердiң оңтайлы модельдерiн әзiрлеуге және пайдалануға көмектеседi.

3-бап

      Тараптар ұлттық ақпараттық агенттiктердiң материалдарымен алмасу кезiнде мынадай негiзгi принциптердi басшылық етедi:


      Тараптар аумағында тұратын халықтар арасында жан-жақты байланысты нығайтуға көмектесетiн және өзара түсiнiстiктi iздеуге жәрдемдесетiн материалдардың шынайылығы мен бағалардың сындарлылығы;
      Достастықтың егемен мемлекеттерi өмiрiндегi оқиғаларды, құбылыстар мен процестердi бағалауда бiржақтылықты болдырмау;
      ТМД қатысушылары - мемлекеттер халықтарының ұлттық немесе конфессиялық сезiмдерiн қозғайтын жарияланымдардан, ақпараттық хабарламалар мен өзге де материалдардан бас тарту;
      Тараптардың ұлттық заңнамасы талаптарына қайшы келетiн немесе олардың қауiпсiздiгiне зиян келтiруi мүмкiн iс-әрекеттердi арандатушылықты болдырмау;
      оқиғаларды шынайы түрде әрi жан-жақты жариялау, әркiмге фактiлердiң шынайылығына көз жеткiзуге және оқиғаларды объективтi бағалауға мүмкiндiк беретiн алуан түрлi ақпаратқа қол жеткiзудi ұсыну;
      әр Тараптың мүдделерiмен қатар, Тараптардың ортақ мүдделерiн толығымен құрметтеу, барлық әлеуметтiк топтар мен қабаттар арасында ымыраға қол жеткiзуге бағытталғандық
      тең құқықтылық және адамзаттың ортақ мұрасының элементтерi - мәдениеттердiң көптүрлiлiгiн құрметтеу;
      адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарының құрамдас бөлiгi ретiнде танылатын ақпарат бостандығы мен пiкiр бiлдiрудi жүзеге асыру;
      адам құқықтарын дамыту, барлық адамдар мен барлық ұлттар құқықтарының теңдiгi, экономикалық және әлеуметтiк прогресс мақсатында өзара құрмет көрсету және өзара түсiнiстiк.

4-бап

      Тараптар төтенше жағдайларды ескермегенде, олардың жойылуына дейiн, осы Келiсiм шеңберiнде мемлекетаралық ақпараттық алмасуды шектейтiн шараларды қабылдаудан қалыс қалатын болады.



5-бап

      Ұлттық ақпараттық агенттiктердiң әлеуетiн белсендi түрде пайдалану, ақпараттық алмасудың деңгейi мен тиiмдiлiгiн арттыру, ақпараттар ағынында теңгерiмдi қамтамасыз ету мақсатында Tapaптap осы Келiсiмнiң баптарының орындалуына жауаптылықты Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының мемлекеттiк ақпараттық агенттiктерiнiң жұмыс iстеп тұрған Басшылар кеңесiне жүктейдi.



6-бап

      Ақпаратты барынша еркiн әрi кеңiнен таратуды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар жүйелi түрде консультациялар өткiзетiн және осы Келiсiмдi iске асыру үшiн өзара келiсiлген iс-шаралар қабылдайтын болады.



7-бап

      Осы Келiсiмдi қолдану және түсiндiрумен байланысты даулар мүдделi Тараптардың консультациялары және келiссөздер арқылы шешiледi.



8-бап

      Осы Келiсiм оған қол қойған Тараптардың ол күшiне ену үшiн қажет мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындау туралы үшiншi хабарламаны депозитарийге өткiзген күнiнен бастап күшiне енедi.


      Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн осы Келiсiм тиiстi хабарламаны депозитарийге өткiзген күннен бастап күшiне енедi.

9-бап

      Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 8-бабымен көзделген тәртiпте күшiне енедi.



10-бап

      Осы Келiсiм оның баптарын бөлiсетiн және осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi өз мойнына алуға дайын Tәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттерге қосылу үшiн ашық. Қосылатын мемлекет үшiн Келiсiм қосылу туралы құжаттарды депозитарийге өткiзген күннен бастап күшiне енедi.



11-бап

      Осы Келiсiм күшiне eнген күннен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады.


      Бұл мерзiм өткеннен кейiн Тараптар басқа шешiм қабылдамаған жағдайда Келiсiм әрқашан автоматты түрде бес жылдық мерзiмге ұзартылады.

12-бап

      Әрбiр Тарап шығуға дейiн кем дегенде 6 ай бұрын ол туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiберiп, Келiсiмнiң қолданылуы кезiнде туындаған қаржылық және өзге де мiндеттемелердi реттегеннен кейiн осы Келiсiмнен шыға алады.

      2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында бiр түпнұсқа данасында орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

       Азербайжан Республикасының         Молдова Республикасының


      Үкiметi үшiн                       Yкiметi үшiн

      Армения Республикасының            Ресей Федерациясының


      Yкiметi үшiн                       Үкiметi үшiн

      Беларусь Республикасының           Тәжiкстан Республикасының


      Үкiметi үшiн                       Yкiметi үшiн

      Грузия                             Түркiменстан


      Yкiметi үшiн                       Yкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының


      Yкiметi үшiн                       Yкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының             Украина


      Yкiметi үшiн                       Yкiметi үшiн

      Осымен қоса берiлiп отырған мәтiннiң 2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының үкiмет басшылары кеңесiнде қабылданған, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары - мемлекеттердiң ұлттық ақпараттық агенттiктерiнiң материалдарымен алмасу туралы келiсiмнiң түпнұсқалық көшiрмесi болып табылатындығын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келiсiмнiң түпнұсқалық данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталуда.



       ТМД Атқарушы комитетiнiң
      Төрағасы-
      Атқарушы хатшының
      бiрiншi орынбасары

      

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет